Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен бекітілген |
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасындағы банк операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттері арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. Қағидалармен реттелмеген бөлігінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер мен төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:
1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен) – бірінші санатты;
2) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз) – екінші санатты лицензияға ие болады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингілік бағаларынан өзге сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын таниды.
6. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізген кезде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
7. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер үлестес тұлғалардың есебін жүргізеді.
8. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымы электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.
Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар ұғынылады:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;
Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастығының (International Securities Services Association) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.9. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.
12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.
13. Екінші санатты брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы олар Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 55-бабына және осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындалады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешек сомалары, оның ішінде, кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан адамдар туралы мәліметтерді қоса алғанда, "репо" операцияларын ашу шегінде пайда болған сома туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Клиенттер, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғалар үшін оның бас офисі мен филиалдарының үй-жайларындағы оңай қолжетімді болатын орындарында осы брокерге және (немесе) дилерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері орналастырылады.
Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында осы брокердің және (немесе) дилердің оның клиенттері, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғалар алдында ақпаратты жария ету жөніндегі қосымша міндеттері белгіленеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті адамның алғашқы талап етуі бойынша клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті адамның талабын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде танысып шығу үшін брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарын және банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер тәуекелдерінің жабылуын сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің Қағидалардың 49-тармағында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді олардың жасауы кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында (бұдан әрі – № 214 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы оның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) қол қойған брокердің және (немесе) дилердің жазбаша растауын ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Брокер және (немесе) дилер клиентке, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғаларға Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынудан бас тартпайды. Брокер және (немесе) дилер көшірмелерді бергені үшін оларды әзірлеуге кететін шығыстардың шегінен аспайтын мөлшерде ақы алады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Брокер және (немесе) дилер клиентті осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы хабардар етеді.
Осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы клиентке хабардар ету жазбаша түрде ресімделуі, брокердің және (немесе) дилердің шығыс құжаттама журналдарында тіркелуі және поштамен және (немесе) қолма-қол, және (немесе) электрондық поштамен, және (немесе) факсимильдік, және (немесе) телекстік, және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе өзге мүмкіндігі бар байланыс түрлерімен осындай хабарламаны жіберу негіздемесі туындаған күні жіберілуі керек.
Егер клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын мәміленің талаптары Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 56-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін болса, клиентке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жібере отырып, брокер және (немесе) дилер бір мезгілде уәкілетті органға осы хабарламаның көшірмесін жібереді.
Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Брокердің және (немесе) дилердің жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Брокер және (немесе) дилер бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзгеше жағдаймен қаржы құралдарымен мәмілелердің параметрлері (бағалар, ауқымдар және басқа да болуы мүмкін параметрлер) туралы шынайы емес немесе қателікке ұрындыратын мәліметтерді жариялай алмайды және тарата алмайды.
22. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге жағдаймен өз қызметі туралы хабарландыру жариялаған кезде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні мен нөмірін көрсетеді.
3-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт. Клиенттік тапсырыс
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі - брокерлік шарт) жазбаша нысанда жасалуы тиіс.
23-1. Клиентпен брокерлік шарт брокер және (немесе) дилер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.
Ескерту. 3-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Брокерлік шартта бір мезгілде бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің қызмет көрсету туралы талаптары мен тәртібі болуы мүмкін.
24-1. Тараптардың келісуі бойынша брокерлік шартта Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 3-1-тармағына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің электрондық қызметтерді көрсету тәртібі қамтылады.
Ескерту. 3-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.25. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. Клиент брокерлік шарт жасау кезінде брокерге және (немесе) дилерге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін:
жарғының көшірмесі (бар болса);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар, мына (мыналар) туралы мәліметтерді қамтитын нотариалды куәландырылған құжат:
номиналды ұстаушының атауы;
құжатқа қол қою құқығы берілетін номиналды ұстаушының клиенті - заңды тұлғаның атауы;
номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
осы құжаттағы қол қою үлгілері номиналды ұстау жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары үшін:
жарғының көшірмесі (бар болса);
бейрезидент мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;
брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;
брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26-1. Брокер және (немесе) дилер жеке тұлға клиентпен брокерлік шартты жасасқан кезде осындай клиент ұсынған мәліметтердің негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.
Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.27. Брокерлік шарт брокерлік шартта белгіленген мерзім ішінде клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасалады.
Брокерлік шартта қосымша талаптар ретінде брокерге және (немесе) дилерге клиенттік тапсырыстарды ұсыну тәсілдерін көрсету, брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауды растау тәртібі және брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды орындау жөніндегі есептерді клиентке ұсыну тәртібі, сондай-ақ Қағидалардың 19, 29, 32, 42 және 43-тармақтарында көзделген жағдайларда клиентке хабарламалар жіберу тәртібі мен мерзімдері қамтылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Брокерлік шартта брокердің және (немесе) дилердің осы брокерлік шартқа сәйкес жасаған және шектеулер мен айрықша талаптар белгіленген бағалы қағаздармен мәмілесі туралы осындай мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабар беру міндеті көзделеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. Брокерлiк шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентіне:
1) кейінгі күнтізбелік 12 (он екi) ай iшiнде уәкiлеттi орган мұндай брокер және (немесе) дилерге қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, санкциялар туралы. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, кейінгі күнтізбелік 12 (он екі) айға мұндай брокерге және (немесе) дилерге әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтер беріледі;
2) мұндай брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 49-тармағындағы талаптарға сәйкес келмегені туралы хабарлайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Қағидалардың 29-тармағында көзделген хабарлар жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай хабарламаны жіберуге негіз туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күндері ішінде өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер клиентке мынадай қызметтер:
1) инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін клиентке қажетті ақпарат береді;
2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы клиентке ұсынымдар береді;
3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді.
32. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты жасау және орындау кезінде клиентке мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабарлайды.
Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығы туындауына әкеп соқтыратын болса, брокер және (немесе) дилер клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды ұсынбайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда брокер және (немесе) дилер клиентке осындай бұзушылықтар салдарынан оған келтірілген шығынды және брокерлік шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.
33. Мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттің өз мүдделерінің басымдығына қарай жасайды.
34. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленбеген жағдайларды қоспағанда, өзінің клиенті туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәліметтің конфиденциалдылығын сақтайды.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.35. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді жекелеген клиенттік тапсырыстардың немесе клиенттің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) аталған клиент есебінен және мүдделерінде мәмілелерді жасау құқығына сенімхат берген жағдайда инвестициялық комитет шешімдерінің негізінде жасайды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.35-1. Клиенттің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) аталған клиент есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға сенімхат беруі брокерлік шартта тікелей көзделеді. Аталған сенімхат нотариалды куәландырылады, ал оның деректемелері брокерлік шартта көрсетіледі.
Ескерту. 3-тарау 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Клиенттік тапсырыста мынадай деректемелер болады:
1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрін көрсету;
2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні мен нөмірі, мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;
3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуға тиіс эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралдарына берілген қаржы құралының коды немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (айналыс мерзімі өткен және оларды өтеу бойынша міндеттемелерді эмитент орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына қатысты – талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);
4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы, сондай-ақ тиісінше мәміле жасау үшін қажетті мәліметтер;
5) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:
лимиттік тапсырыс - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);
нарықтық тапсырыс - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);
буферлік тапсырыс - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);
брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстар;
6) егер клиент басқа мерзімді көрсетпесе, ағымдағы сауда сессиясының соңына дейінгі клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;
7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және нақты уақыты;
8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
9) брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәмілені жасау туралы ұсынымдарының болуы туралы мәліметтер;
10) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген деректемелер.
Егер клиент брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырысты брокердің және (немесе) дилердің электронды қызмет көрсетуі шегінде қамтамасыз етсе, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында белгіленген деректемелер көрсетілмейді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулыларымен.37. Клиенттің брокерге және (немесе) дилерге беруге тиісті клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыс даналарының саны брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды.
Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған адамның өкілеттігін тексереді, оның ішінде клиенттік тапсырыстардағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңбалардың қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға олардың сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Брокер және (немесе) дилер клиентінің өз қолымен қойған қолтаңбасын механикалық немесе өзгеше көшіру көмегімен қолтаңбаны факсимильді көшіру құралдары, сондай-ақ телефон байланысы арқылы брокерге және (немесе) дилерге берілетін клиенттік тапсырыстарды брокер және (немесе) дилер баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырыстар тізіліміне енгізеді. Көрсетілген тізілім клиенттік тапсырыстарды баламалы байланыс түрлері арқылы беру құқығы берілген брокердің және (немесе) дилердің әрбір клиенттері бөлігінде толтырылады. Тізілім бір айға тең кезеңге жүргізіледі және ол брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты алған күнін, тапсырыс негізінде жасалуға тиісті мәміле түрін, клиенттік тапсырыс клиентке берілген арқылы байланыс түрін қамтиды. Клиент баламалы байланыс түрлері арқылы клиенттік тапсырыстар берген есепті айдан кейін брокер және (немесе) дилер клиентте немесе оның уәкілетті өкілінде көрсетілген тізілімге қол қояды.
Клиенттің немесе оның өкілінің тізілімге қол қоюы клиент немесе оның өкілі баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырысты берудің дұрыстығын растайды.
Клиенттік тапсырысты электрондық құжат нысанында немесе өзге электрондық цифрлық нысанында жасауға және беруге жол беріледі (номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің клиенті электрондық қызметті алуға өтініш жасаған жағдайда).
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.38. Клиенттік тапсырысты Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстар тізілімін кейіннен толтыру мен жүргізумен телефон байланысы құралдарымен беруге жол берiледi. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкiлеттi өкiлiмен сөйлесу жазбасын жазу (бұдан әрі - телефон жазбасы) жүзеге асырылады.
Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәлiметтердi қамтиды.
Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентiнiң iс-әрекеттерi клиенттік тапсырыстың телефон жазбасының түпнұсқасына сәйкес келмесе брокерлік шартпен анықталады.
Брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында анықталады және онда клиентті мынадай ақпарат бойынша сәйкестендіру де қамтылады:
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке шот нөмірі;
заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке шот нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның клиенттік тапсырысты беретін өкілінің лауазымы.
Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың тізімін белгілейді және ішкі құжаттарға сәйкес оларды есепке алуын жүргізеді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Егер брокерлік шартта жекелеген клиенттердің клиенттік тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырыстар оларды қабылдауына қарай хронологиялық тәртіппен орындалады.
40. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:
1) клиенттік тапсырыс мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;
2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;
3) егер клиенттік тапсырысқа брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңба үлгісі қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырысқа қол қою құқығына ие заңды тұлғалар өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде;
4) телефон байланысының құралдары арқылы клиенттік тапсырыс берген кезде осы Қағидаларға, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалған талаптарға және тәртіпке сәйкес клиентті сәйкестендіруге мүмкін болмаған жағдайда;
5) брокерлік шартында және брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдамайды.
Қағидалардың осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай жасалуға болжанған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2000 (екі мың еселік) мөлшерін айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 20 000 (жиырма мың еселік) айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.40-1. Қағидалардың 40-тармағында белгіленген клиенттік тапсырысты орындамаған себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте және талаптарда брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе өзге де ықтимал байланыс түрлерімен клиентке хабарламаны жібереді (еркін нысанда).
Ескерту. 3-тарау 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Брокерлік шартта оның қолданылуын тоқтатудың негіздері, сондай-ақ брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған жағдайда тараптардың әрекет ету тәртібі көзделеді.
Егер брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған сәтке брокер және (немесе) дилердің шоттарында және кассасында тиісті клиентке тиесілі қаржы құралдары мен ақша (бірінші санатты брокер-дилердің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған болса, олар осы клиентке брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. Брокерлік шартта клиенттің қаржы құралдары мен ақшасын қайтарудың бұдан да қысқа мерзімі белгіленеді.
42. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкiлеттi органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл жөнінде:
1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиiстi хабарландыруларды клиенттерге қол жетімді орындарда (осы брокердің және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында, сондай-ақ интернет-ресурсында (бар болса) орналастыру арқылы;
2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
43. Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:
1) лицензиясынан айыру себебінен брокерлік қызметті көрсету жөніндегі шартты бұзғаны туралы өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу арқылы;
2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде клиенттің бұйрығы негізінде орталық депозитарийге немесе жасасқан шарт бар болса жаңа брокерге және (немесе) дилерге өткізеді және тиісті хабарландыруды клиенттерге қолжетімді орындарда (осы брокердің және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастырады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Банк болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер шетел валютасымен жасайтын мәмілелерді қоспағанда, қаржы құралдарымен мәмілелер жасау
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
44. Брокер және (немесе) дилер өз есебінен және өз мүддесі үшін (дилер ретінде), сол сияқты өз клиентінің есебінен және оның мүддесі үшін (брокер ретінде) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы.
45. Банк болып табылмайтын немесе Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын онымен үлестес емес банктерде және (немесе) орталық депозитарийде және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, сол сияқты ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;
3) шет мемлекеттердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген рейтингі бар орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигацияларды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайларын қоспағанда, банк болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалады.
Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
48. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
49. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерінің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің № 214 қаулымен белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде брокерге және (немесе) дилерге есеп айырысу кезеңі 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мәмілелер жасауға рұқсат етіледі, бұл кезде мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерін орындауымен мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу жөніндегі қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық қарсы агенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" принципі бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Есеп айырысулары клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметтері қолданыла отырып мәміле жасалғаннан кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздармен мәмілені жасау (жасауға өтінім беру) талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәміле бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің ішкі құжаттарында белгіленеді.
Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттеріне қатысты бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздармен мәмілелерді жасау (жасауға өтінім беру) бойынша қосымша талаптар анықталады.
Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокердің және (немесе) дилердің тәуекелдерінің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің № 214 қаулысымен белгіленген талаптарына сәйкес келмеген кезде, осы брокер және (немесе) дилер есеп айырысу кезеңі 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша клиенттері мен қарсы серіктестер алдында міндеттемелерді орындау бойынша іс-әрекеттер жасайды.
Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың осы тармақтың бірінші бөлімшесіне сәйкес келмеу фактісі басталған кезде нарығында брокер және (немесе) дилер сәйкес келмеу анықталған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы факт туралы хабарлама (еркін нысанда) жібереді.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.49-1. Тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштердің мәндері № 214 қаулысының талаптарына сәйкес келетін брокер және (немесе) дилер есеп айырысу кезеңі 3 (үш) жұмыс күніне дейін ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен мәмілелерді:
1) "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша;
2) клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметтері қолданыла отырып, қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген өзге де қағидаттар мен әдістер бойынша жасайды.
Ескерту. 3-тарау 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.49-2. Тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштердің мәндері № 214 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін брокер және (немесе) дилер есеп айырысуы мәміле жасалғаннан кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелерді жасамайды.
Осы тармақтың талаптары көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланылатын ақша брокердің және (немесе) дилердің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі банк шотына осы бағалы қағаздарды сатып алу үшін қажет толық көлемде енгізілген талаппен бастапқы нарықта және (немесе) жазылу әдісімен бағалы қағаздарды сатып алу мәмілелерін жасау жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 3-тарау 49-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.50. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
51. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
52. Брокер және (немесе) дилер шарттарымен мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды.
53. Брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары, сондай-ақ мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелерін көздейтін өзге де операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен брокерлік шартының шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ("репо" операциясының және өзге де операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53-1. Құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдары брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды.
Ескерту. Қағида 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің барынша төмен құны жасалған маржиналдық мәмілелер бар болғанда, маржаның шектеулі деңгейін ескерусіз, осы клиенттің тапсырмасы бойынша брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесінде "тікелей" тәсілмен жасаған барлық "репо" операцияларының сомасынан отыз пайыздан кем еместі тұрақты құрайды.
Ереженің осы тармағында клиент активтері ретінде мыналар танылады:
ақша;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар.
55. Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған клиентiнiң тиісті шотында бағалы қағаздардың қажетті саны немесе ақша болмаған кезде брокер және (немесе) дилер есеп айырысулары "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауымен мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмiленi жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).
Осы тармақ Қағидалардың 49 және 49-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).56. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi мынадай талаптарды сақтаған кезде жасайды:
1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу мәмiлелерi Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетін халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмiленi жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнiнен аспайтын бағалар бойынша жасалады;
2) акцияларды (депозитарлық тілхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерiнде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетiн халықаралық (шетелдiк) қор биржаларында мәмiленi жасау күнiне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төменгi мәнiнен кем емес бағалар бойынша жасалады;
3) principal protecte dnotes қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға (сатуға) бағасын белгiлеудiң талдамасы бар не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда, почта, электрондық немесе факсимильдiк байланыс арқылы алынған кемiнде үш түрлi қарсы әрiптестерден үш баға белгiлеу бар. Егер, қарсы әріптес осы бағалы қағазға баға белгілемеген жағдайда, қарсы әрiптестiң бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң болмауы немесе баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәмiленi жасау туралы есепке енгiзiледi;
4) осы қаржы құралдарымен мәмiлелер жөнiндегi есептеулер "төлемге қарсы жеткiзiлiм" принципi бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бір тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.
Қағидалардың мақсаттары үшін қарсы әріптес деп қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға түсiнiледi.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.57. Брокер ретінде іс-әрекет жасай отырып, брокер және (немесе) дилер осы мәмілені жасау сәтіне тиісті сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркелген осыған ұқсас қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды.
58. Қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға деп:
1) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатқан кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатып алудың ең жоғарғы (ең жақсы) бағасынан төмен баға;
2) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатып алған кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатудың ең төменгі (ең жақсы) бағасынан жоғары баға түсініледі.
59. Брокер ретінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде, брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырманы аса жақсы орындау үшін мүмкіндігінше барлық күшін салады.
60. Брокерлік шартта көзделген жағдайларда не осы клиенттің мүдделерін қорғау мақсатында брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсырады. Брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәміле жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаржы құралдарымен мәміле туралы мәліметтер осы мәмілені жасау тапсырылған брокер және (немесе) дилердің атауы көрсетілген брокер және (немесе) дилердің ішкі есепке алу журналында көрсетіледі.
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.61. Брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқарғанда, брокердің және (немесе) дилердің меншік қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі шешімдерді инвестициялық комитет қабылдайды.
62. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) қосылу үшін апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бiрiншi жұмыс күнi Астана қаласының уақытымен 14-00-ден кешiктiрмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.63. Қажет болған жағдайда тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген брокер және (немесе) дилер орталық депозитарийге жаңартылған ақпаратты және тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің қажеттігінің себебін көрсете отырып жазбаша түсіндірме ұсынады.
4-1-тарау. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің шетел валютасымен мәмілелер жасауы
Ескерту. Қағида 4-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
63-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде) брокерлік шарт шеңберінде қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін (қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес валюталық своп операцияларына жататын мәмілелерді қоспағанда) тек қана жеке тұлға - клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша жасайды.
63-2. Егер брокерлік шартта көзделген болса, брокер және (немесе) дилер жеке тұлға - клиентке қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
63-3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шарт шеңберінде жеке тұлға - клиенттерге тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алу және сақтау үшін брокердің және (немесе) дилердің үлестес тұлғалары болып табылмайтын банктерде және (немесе) орталық бағалы қағаздар депозитарийінде және (немесе) қор биржасында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында банк шоттарын ашады.
63-4. Қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелері бойынша брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелерін орындау бұрын жасалған мәмілелер бойынша оның талаптарымен қамтамасыз етілетін жағдайда қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін жасауы қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына толығымен алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын алдын ала жеткізу талаптарымен ғана жүзеге асырылады.
63-5. Бір жеке тұлға - клиентке келетін әрбір сауда күніне лимит (бұдан әрі – лимит) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәміле жасау күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы бойынша есептелген теңгемен бір жүз мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Брокер және (немесе) дилер әрбір жеке тұлға - клиентке қатысты брокерлік шарт шеңберінде қоса алғанда 2 (екі) жұмыс күніне дейін есеп айырысу кезеңі бар қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу бойынша жасалған мәмілелердің және осы мәмілелерді жасау күнінде есеп айырысу кезеңі бар қолма-қол емес шетел валютасын сату бойынша жасалған мәмілелердің көлемі арасындағы айырманы білдіретін қолма-қол емес шетел валютасын сатып алуға лимит белгілейді, сондай-ақ сауда күні ішінде осы лимиттің сақталуына бақылау жасайды.
63-6. Клирингтік ұйымның және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметін қолдана отырып қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) орталық қарсы агенттің iшкi құжаттарында белгіленеді.
Брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау тәртібіне (жасауға өтінім беруге) қойылатын қосымша талаптар айқындалады.
4-2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің банктік операцияларды жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағида 4-2-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
63-7. Брокер және (немесе) дилер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы болған кезде банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында банктік қарыз операциялары;
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.
63-8. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер білікті инвесторлар болып табылған жеке тұлға - клиенттерге уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде Қағидалардың 63-9-тармағында көзделген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сатып алу мақсатына ғана төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында қарыз береді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қарыздар білікті инвестор болып табылатын әрбір жеке тұлға - клиентке қатысты он миллион теңгеден аспайтын сомаға беріледі.
63-9. Қағидалардың 63-8-тармағына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің қарыз қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары ретінде мынадай қаржы құралдары танылады:
1) басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
2) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
3) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzА-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
4) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасы ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары.
63-10. Инвестициялық портфельді басқару қызметін және (немесе) қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыратын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер қызметтің аталған түрін Қағидалардың 63-7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген банк операцияларының түрлерімен қоса атқармайды.
Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 63-7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген банк операцияларының түрлерін инвестициялық портфельді басқару қызметімен және (немесе) қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметпен қоса атқармайды.
63-11. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 63-7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырған кезде брокер және (немесе) дилер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысында белгіленген жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтайды.
63-12. Брокерлік брокердің және (немесе) дилердің 63-7-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру талаптарын бір уақытта қамтиды.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
64. Бiрiншi санатты брокерге және (немесе) дилерге тиесiлi қаржы құралдары мен ақша оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсатта бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер өзіне және өзінің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзінің клиенттеріне тиесілі ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған банк шоттарын өз бетінше ашуға құқылы.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.65. Бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны брокердің және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін аталған брокердің және (немесе) дилердің көрсетілген клиенттерге ашқан банк шоттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде аударуға құқылы.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.66. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:
1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);
2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);
3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;
4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;
5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;
6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;
7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;
8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;
9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;
10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;
11) клиенттердің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттер есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар.
Осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфелді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.68. Клиент бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, оның ішінде байланыстың баламалы түрлерімен жеке шот ашу және жүргізу мақсатында, сондай-ақ осы есеп деректерін өзгерту үшін ұсынған құжаттарды, брокер және (немесе) дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 36-бабының 9-тармағына сәйкес сақтауға тиіс.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.69. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәміле жасап, жасалған мәмілені орындау туралы, сондай-ақ халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағалардың барынша жоғары және барынша төмен мәнін және мәмілені жасау күні мен уақытына осы бағалы қағаздарға нарықтық баға белгілеу параметрлерін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеуді растайтын құжат ретінде Bloomberg не Reuters ақпараттық талдау жүйелері талдамаларының көшірмелері не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда пошта, электрондық және факсимальдік байланыс арқылы алынған контрәріптестердің ұсыныстары танылады. Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеуді растайтын құжатқа мәмілені жасаған қызметкер және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы қол қояды.
Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6-тарау. Маржиналдық мәмілелерді жүзеге асыру ерекшеліктері
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
70. Егер бұл брокерлік шартпен көзделген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасайды, брокер және (немесе) дилер олар бойынша есеп айырысуларды брокердің және (немесе) дилердің қайтарымдылық және төлем жасалу талаптарында клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жасайды (бұдан әрі - маржиналдық мәмілелер).
Бұл ретте брокерлік шартта көрсетілген ақшаны немесе бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемелерді орындау талаптары мен тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ маржиналдық мәмілелерді жасау талаптары болады.
Маржиналдық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болады:
брокердің және (немесе) дилердің клиентке ақшаны немесе бағалы қағаздарды беру мерзімі;
брокердің және (немесе) дилердің клиентке маржиналдық мәмілені жасау үшін беретін ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны;
клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны.
71. Клиент маржиналдық мәмілені жасауға клиенттік тапсырысқа қол қойған кезінде брокерге және (немесе) дилерге брокердің және (немесе) дилердің уәкілетті тұлғасының атына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында жүзеге асырылатын мәмілелерді жасаған кезде қажетті құжаттарға қол қоюға берілген сенімхатты береді.
72. Маржиналдық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырысты брокер және (немесе) дилер мынадай талаптарда орындауға қабылдайды:
1) ең аз талап етілетін маржа деңгейін сақтау;
2) клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 74-тармағында көзделген талаптармен осы маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін сатып алатын бағалы қағаздарды беруі;
клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін алынатын ақшаны беруі.
73. Брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасаған кезде:
1) ақшаны аудару және (немесе) брокерге және (немесе) дилерге тиесілі бағалы қағаздарды жеткізу арқылы клиенттің тапсырмаларын орындайды;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда, клиенттің маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын ақшасына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы бағалы қағаздарды жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын санда бағалы қағаздарды сатып алады;
3) Қағидаларда көзделген жағдайларда, маржиналдық мәмілелерді жасау салдарынан туындаған брокер және (немесе) дилер алдындағы клиенттің міндеттемелері бойынша клиентпен есеп айырысуларды жүргізу үшін жеткілікті болатын көлемде клиенттің жеке шотында ескерілетін бағалы қағаздарды сатады.
74. Клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында маржиналдық мәмілелерді жасау, брокердің және (немесе) дилердің клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын бағалы қағаздарды сатуы, сондай-ақ клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жүзеге асырылады.
75. Брокер және дилер маржиналдық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:
1) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұлттық шқаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;
2) қор биржасы индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар;
3) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік бағалы қағаздар қабылданады.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.76. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер жекелеген клиентке қатысты маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
УрМ - маржа деңгейі;
ДСК Р - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокердегі және (немесе) дилердегі клиенттің шотындағы ақша сомасы;
СЦБ Р - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилер клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын клиенттің бағалы қағаздарының ағымдағы нарықтық құны;
ЗК Б - брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған не олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жүргізілетін клиенттің мүддесі үшін жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегі.
Маржа деңгейі есеп айырысуды жасау сәтіне дейін жасалған барлық мәмілелерді, оның ішінде олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жүзеге асырылатын мәмілелерді ескере отырып есептеледі.
77. Егер маржаның аса жоғары шектеулі деңгейі клиентпен жасалған брокерлік шартта көзделмеген жағдайда маржаның шектеулі деңгейі 50 % құрайды. Брокер және (немесе) дилер нәтижесінде маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен азаятын мәмілені жасамайды. Егер маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен болса, брокер және (немесе) дилер маржа деңгейінің азаюына әкеп соқтыратын мәмілені жасамайды.
78. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
79. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
80. Егер маржаның деңгейі 35 (отыз бес) пайызға дейін төмендесе және клиент осы деңгейді маржаның шектейтін деңгейіне дейін арттыру үшін жеткілікті мөлшерде ақшаны немесе бағалы қағаздарды енгізбесе, брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу үшін жеткілікті болатын көлемде қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырады.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.81. Брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе клиенттің қамтамасыз етуді құрайтын ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды клиент не брокерлік шартта айқындалған брокердің және (немесе) дилердің уәкілетті тұлғалары қол қойған клиенттік тапсырыстың негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен82. Клиенттің берешегі болған кезеңде брокер және (немесе) дилер клиентке клиенттік тапсырыстарды және оған тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуға және клиенттің осы іс-қимылдары оның брокер және (немесе) дилер алдындағы барлық берешегін өтеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасын пайдалануға арналған бұйрықтарды орындаудан бас тартады.
83. Брокер және (немесе) дилер әрбір клиентке қатысты жасайтын маржиналдық мәмілелердің бөлек есебін жүргізеді, оған қоса:
брокердің және (немесе) дилердің маржиналдық мәмілелерді жасау салдарынан туындайтын әрбір клиенттің міндеттемелер көлемін есепке алуды (әрбір клиенттің бөлігінде маржиналдық мәмілелер бойынша есепке алу журналы);
брокер және (немесе) дилер берген ақшаны және/немесе бағалы қағаздарды қайтару туралы клиентке жіберілген талаптарды есепке алуды (клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналы);
клиент брокер және (немесе) дилер алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берген бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәмілелерді есепке алуды жүзеге асырады.
84. Маржиналдық мәмілелерді есепке алу журналында мыналар болады:
клиенттің тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
заңды тұлғаның - клиенттің атауы;
жеке шоттың нөмірі;
маржиналдық мәмілені жүргізу күні және уақыты;
маржиналдық мәмілені жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегінің сомасы;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етудің мөлшері және құрамы.
85. Клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналында мыналар болады:
заңды тұлғаның - клиенттің атауы;
клиенттің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, клиенттің жеке шотының нөмірі;
жеке шоттың нөмірі;
талаптың жіберілген күні және уақыты;
талапты жіберу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі.
7-тарау. Брокерлердің және (немесе) дилерлердің андеррайтингтік қызметі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
86. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер андеррайтер (дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында) бола алады.
Егер эмиссиялық консорциум көмегімен жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ шет мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында да жүргізетін болса осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары эмиссиялық консорциум қатысушылары болады.
87. Брокерлер және (немесе) дилерлер - эмиссиялық консорциум қатысушылары арасында жасалатын бірлескен қызмет туралы шартта (бұдан әрі – андеррайтерлер арасындағы шарт) мынадай нормаларды қамтиды:
1) эмиссиялық консорциум қатысушыларының функциялары;
2) эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы құқықты, міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;
3) бірлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі.
Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.88. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қарым-қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледі, ол эмиссиялық консорциуммен жасалған жағдайда оған соңғының қатысушылары атынан эмиссиялық консорциумның басқарушысы қол қояды.
Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шарт андеррайтерлер арасында шарт жасалғанға дейін де, сондай-ақ одан кейін де жасалады. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шартта ол кімнің басқарушысы болатын эмиссиялық консорциумды құруға андеррайтердің құқығы көзделеді.
89. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шартта эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсiлдерінiң бiрi белгiленедi:
1) "қатаң міндеттемелер" тәсiлi, бұл кезде андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.
Андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) қызметтерін "қатаң міндеттемелер" тәсiлiмен бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.
Көрсетілген қызметтердің түрін көрсету тәртiбiн реттейтін брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында осы функцияларды мiндеттi түрде бекіту қосымша талап болып табылады;
2) "ең жақсы күш салу" тәсiлi, бұл кезде андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну жолымен оларды орналастыру бойынша өзі үшін барынша күш салуға мiндеттенедi;
3) бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсiлi.
90. "Қатаң міндеттемелер" тәсілін қолданғанда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады, олар андеррайтердің (эмиссиялық консорцумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке жазылады.
"Ең жақсы күш салу" тәсілін қолданғанда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың өзге тәсілі қолданылғанда, осы бағалы қағаздар андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке жазылады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бойынша барлық мүмкіндігін салуға міндеттенетін шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың өзге тәсілі қолданылғанда, осы бағалы қағаздарды орналастыру жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздарды өзге тәсілмен орналастыру осы тармақтың талаптары ескеріле отырып, бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарттың талаптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
91. Бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар эмитентіне "қатаң міндеттемелер" тәсілін пайдалану көзделетін шарттарды қоспағанда, бірнеше андеррайтермен (эмиссиялық консорциумдармен) шарттар жасасуға рұқсат етіледі.
92. Егер бұл бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шарттың және андеррайтерлер арасындағы шарттың талаптарына қайшы келмейтін болса, андеррайтер (эмиссиялық консорциумның басқарушысы) эмиссиялық консорциумның мүшелері болып табылмайтын (егер бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды эмиссиялық консорциум жүзеге асырса) орналастырылатын шығарылымның бағалы қағаздарын сатуға басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді (осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары) тартады.
8-тарау. Ішкі бақылау
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
93. Брокер және (немесе) дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі бақылауды жүзеге асыру нормалары осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Ішкі бақылауды жүзеге асыруға ішкі бақылаудың объектісі болып табылатын, іс-әрекеттерді тікелей орындайтын брокердің және (немесе) дилердің қызметкерлері жіберілмейді.
94. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банк шоттарындағы қаржы құралдары мен ақша санын өзiндік есепке алу деректерін бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, клирингтік және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодианның және банктердің осы брокерге және (немесе) дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақша саны туралы деректермен салыстырып тексереді.
Осы тармақтың бiрiншi бөлігінде көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру нәтижелері салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қоятын салыстырып тексеру актiсiмен ресiмделедi.
Брокер және (немесе) дилер күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне әрбір клиенттің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шоттағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәлiметтердi ұсынады.
95. Брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талап етуі бойынша талап етуді (сұрау салуды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде клиентке танысу үшін өзінің ақшаны, қаржы құралдарын және осы клиенттің өзге де активтерін есепке алу жүйесінің деректерін кастодианның және (немесе) орталық депозитарийдің деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру актісінен үзінді көшірмені ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 272 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5137 тіркелген) 1-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 130 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 168 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5392 тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы № 58 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 тіркелген).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5790 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 9 қазанда № 154 (1577) жарияланған).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысына қосымшаның 9-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамызда № 14, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6375 тіркелген).
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) қосымшаның 2-тармағы.
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7509 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған).
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7991 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 12, 27 желтоқсанда № 834-839, 852-856 (27910, 27927) жарияланған).
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 1 маусымда № 139 (28078) жарияланған) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.