ЗҚАИ-ның ескертпесі!
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 43) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 99 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
___________________________
20___ жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
___________________________
20___ жылғы "___" __________
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі айқындалады.
Қағидаларда мынадай:
валюталық операцияларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату;
банктік шот бойынша қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты операцияларды жүргізу тәртібі қамтылады.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) көрсетілген мағынасында қолданылады.
Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар да пайдаланылады:
1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәні – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 10-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оны мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуын растау жөніндегі талаптар қолданылатын Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының мөлшері;
4) тіркеу куәлігі – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартты тіркеу кезінде берілген және күші жойылмаған, белгіленген үлгідегі құжат;
5) Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа берілген және күші жойылмаған, белгіленген үлгідегі құжат;
7) ішкі корпоративтік ақша аударымы – заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын ақша аударымы.
2-тарау. Валюталық операцияларды жүзеге асыру және жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаны және (немесе) мәліметтерді ұсыну тәртібі
1-параграф. Валюталық операцияларды жүзеге асыру және жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаны және (немесе) мәліметтерді ұсыну
3. Валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банк, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы резидент немесе бейрезидент Қағидаларға сәйкес ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер болған жағдайда валюталық операция жүргізеді.
Қағидалардың мақсаты үшін егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының валютасы Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларынан басқа валюта болса, төлем және (немесе) ақша аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысымен және бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары) есептік нөмір берілуі тиіс экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру ерекшеліктері көзделеді.
4. Резиденттің міндеттемелерін орындау мақсатында бейрезиденттің шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотынан резиденттің валюталық операциясы бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы:
1) резиденттің бейрезиденттен алған қаржылай қарызын үшінші тұлғалардың шоттарына аударған;
2) өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар бейрезидент резидентке бағалы қағаздар нарығында қаржылық қызметтер көрсеткен;
3) бейрезидент резидентке тапсырма шарты бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
5. Есептік нөмір берілуі тиіс валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған кезде резидент төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелерін және есептік нөмірін көрсетеді. Келіп түсетін соманы сәйкестендіру үшін резидент бейрезидентті өз пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Есептік нөмір берілуі тиіс валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде уәкілетті банк (оның филиалы) төлем құжатында валюталық шарт деректемелерінің және оның есептік нөмірінің болуын тексереді.
Егер капитал қозғалысының операцияларын немесе оларға теңестірілген операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын және (немесе) орындалатын немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотты пайдалана отырып төлемдер және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын, есептік нөмір берілген не тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шартқа (бұдан әрі – капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт) "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының (бұдан әрі – Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары) 14 және 21-тармақтарына сәйкес жаңа есептік нөмір берілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, онда төлемді және (немесе) ақша аударымын қолданыстағы есептік нөмірді (тіркеу куәлігінің немесе хабарлама туралы куәліктің нөмірін) пайдалана отырып жүзеге асыруға болады. Бұл ретте уәкілетті банк (оның филиалы) резидентке жаңа есептік нөмірді беру қажеттілігі туралы еркін нысанда хабарлайды.
Егер валюталық шарт бойынша резиденттің пайдасына келіп түскен төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжатында осындай шарттың деректемелері және (немесе) оның есептік нөмірі дұрыс көрсетілмесе немесе болмаса, онда уәкілетті банк ақшаны есепке жатқызуды валюталық шарттың деректемелерін және (немесе) оның есептік нөмірін резиденттің жазбаша растауының негізінде жүргізеді.
Валюталық шарт бойынша келіп түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер төлем құжатында болмаған жағдайда, уәкілетті банк (оның филиалы) келіп түскен соманы сәйкестендіру қажеттілігі туралы резидентке алдын ала жазбаша хабарлай отырып, оны жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке жатқызады. Резидент валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, уәкілетті банкке (оның филиалына) келіп түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабарлайды.
6. Егер келіп түскен ақша күнтізбелік бір жүз сексен күннің ішінде валюталық шарттың деректемелері немесе оның есептік нөмірі бойынша сәйкестендірілмеген не резидент Қағидаларда көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзге әрекеттерді орындамаса, уәкілетті банк (оның филиалы) мұндай нұсқауды жөнелтушіге орындамай қайтарады.
7. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға уәкілетті банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады.
8. Валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банк, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыcы валюталық бақылау агенттерінің клиенттері жол берген, күнтізбелік ай ішінде өздеріне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы келесі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірмей, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы бұзушылық бойынша карточкаға сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.
Уәкілетті банк резиденттердің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындауына байланысты бұзушылықтар туралы Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен хабарлайды.
9. Уәкілетті банк Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті Ұлттық Банктің орталық аппаратына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейінгі мерзімде, ай сайын ұсынады.
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есепте валюталық операциялар, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген:
1) сомасы баламасында елу мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар және осындай операцияның сомасына қарамастан, клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар (уәкілетті банктерді қоспағанда, заңды тұлғалар үшін);
2) сомасы баламасында он мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар және клиенттің тапсырмасы бойынша сомасы баламасында бір мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар (жеке тұлғалар үшін);
3) сомасы баламасында елу мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар және осындай операцияның сомасына қарамастан, шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар (уәкілетті банктер үшін) қамтылады.
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есепте жүргізу валютасы АҚШ долларынан өзгешеленетін валюталық операция бойынша ақпаратты көрсету мақсаты үшін осындай валюталық операция сомасының баламасы оның жүргізілген күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.
10. Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты уәкілетті банктер берілетін деректердің жасырындылығын және бірдей болуын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып, қағаз жеткізгіште не электрондық тәсілмен ұсынады.
11. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Ұлттық Банкке "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларынан шетел валютасында қайта сақтандыру қызметтеріне байланысты валюталық операциялар бойынша, оның ішінде "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37567 болып тіркелген) 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есепті ұсынады.
2-параграф. Валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде талап етілетін құжаттар
12. Валюталық операцияны жүзеге асырған кезде резидент немесе бейрезидент валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банкке, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда ЖСН-мен жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақшаның екінші абзацының қолданысы 12.07.2026 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакциясы қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Уәкілетті банк, валюталық бақылау агенттері болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке тұлға – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін);
3) Ұлттық Банктің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның банктік және өзге операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы (бар болса);
4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не олардың негізінде орындалуы қажетті құжаттардың көшірмелері;
5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмір берілуі тиіс валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін есептік нөмір берілген валюталық шарт үшін);
6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі есептік тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.
Валюталық шартты ұсыну мынадай жағдайларда:
егер валюталық операция бойынша ақша аударымы Қазақстан Республикасының шегінде резидент-жеке тұлғалар арасында немесе бейрезидент-жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылса және өтеусіз болып табылса;
егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары уәкілетті банктің жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі немесе бейрезидент-заңды тұлға болып табылатын клиенті болып табылса (есептік нөмір берілуге тиіс валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қоспағанда);
егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және резидент-заңды тұлға (төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және (немесе) бенефициары) осындай төлемнің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір берілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны жасаса немесе растаса (есептік нөмір берілуге тиіс валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қоспағанда);
егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы өзінің банктік шотына (өзінің банктік шотынан) жүзеге асырса талап етілмейді.
Резидент-үшінші тұлғаның шотына (шотынан) резиденттің және (немесе) бейрезиденттің міндеттемелерін орындау есебіне уәкілетті банк арқылы жүргізілетін валюталық операция бойынша төлемге және (немесе) ақша аударымына осындай төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде жүзеге асырылатын валюталық шарттан туындамаса, резидент-үшінші тұлға мен төлем және (немесе) ақша аударымы оның орнына қабылданатын (жөнелтілетін) тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын валюталық шарт ұсынылған жағдайда жол беріледі. Егер кез келген валюталық шартқа есептік нөмір берілуге тиіс болса, онда есептік нөмір беру туралы белгісі бар валюталық шарттың көшірмесі немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесі (Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуға тиіс болған валюталық шарттар бойынша) ұсынылады.
Егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-жеке тұлға жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырса, онда валюталық шарт ретінде ақша жөнелтуші міндеттемелерін орындау есебіне төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.
13. Резиденттің немесе бейрезиденттің валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын уәкілетті банк шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізуі Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алдын ал сұратусыз жүзеге асырылады.
Егер осындай операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізілсе, онда резидент немесе бейрезидент уәкілетті банктің сұратуы бойынша Қағидалардың 16 және 17-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
Егер төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-заңды тұлға немесе шетелдік қаржылық емес ұйымның резидент-филиалы (өкілі) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізсе, онда ол резидент осындай төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке валюталық шартты немесе оның көшірмесін ұсынады.
3-параграф. Валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде талап етілетін мәліметтер
14. Валюталық шартты ұсыну талап етілетін валюталық операцияны жүзеге асыру кезінде және клиент болып табылатын жеке тұлғада (ақша жөнелтушісінде немесе ақша бенефициарында) оны ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті банк, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы осындай валюталық операцияны жеке тұлға жасаған немесе растаған мынадай:
1) уәкілетті банкке, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына осындай валюталық операция туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және (немесе) Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;
2) осы валюталық операция есептік нөмір (резиденттер үшін) берілуге тиіс валюталық шартты орындауға байланысты емес екенін растайтын;
3) осы валюталық операция террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландырумен және терроризмге немесе экстремизмге өзге де қолдау көрсетумен байланысты емес екенін растайтын жазбалары туралы мәліметтер болған кезде жүргізеді.
15. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін, айқын экономикалық мәні жоқ валюталық операциялар валюталық операцияның тарабы болып табылатын резиденттің уәкілетті банкке осы валюталық операция туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруге рұқсат беруі туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.
Осы рұқсат еркін нысанда ресімделеді. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін, айқын экономикалық мәні жоқ валюталық операциялар валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шарт шеңберіндегі валюталық операциялар бойынша барлық валюталық операцияларға қатысты бір рұқсат беруге рұқсат етіледі.
16. Резидент Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға және (немесе) мәлімет ұсынуға тиіс валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде валюталық операция туралы мәліметтерді Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде:
1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елін;
2) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісін;
3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның кодын;
4) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және (немесе) ақша алушы туралы мәліметтерді;
5) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елін;
6) валюталық шарттың деректемелерін және валюталық шарттың есептік нөмірін (ол болған кезде) көрсете отырып ұсынады.
Валюталық операцияның кодын және осы тармақта көрсетілген өзге мәліметтерді көрсету мақсатында уәкілетті банктің сұратуы бойынша резидент-заңды тұлға құрылтай құжаттарын ұсынады.
17. Бейрезидент Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға және (немесе) мәлімет ұсынуға тиіс валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банкке валюталық операция бойынша мәліметтерді Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша ақша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елін;
2) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның кодын;
3) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісін көрсете отырып ұсынады.
18. Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген валюталық операция бойынша мәліметтерді уәкілетті банкке клиент ұсынады немесе уәкілетті банк клиент ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өзі дербес көрсетеді.
Валюталық бақылау агенті ретінде уәкілетті банк клиент ұсынған мәліметтердің және ұсынылған валюталық шарттың негізінде валюталық операцияның кодын көрсетудің дұрыстығын тексереді және қажет болған кезде клиент көрсеткен деректерді түзетеді.
4-параграф. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға, айқын экономикалық мәні жоқ валюталық операцияларға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары және оларды жүргізу тәртібі
19. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға мынадай операциялар жатады:
1) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;
2) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақша қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз;
3) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап жеті жүз жиырма күннен асатыны көзделсе, экспорт бойынша операциялар;
4) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) аванстық төлемді немесе толық көлемде алдын ала төлем сомасын қоса алғанда (бейрезидент импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда), бейрезиденттің тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша немесе ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап жеті жүз жиырма күннен асатыны көзделсе, импорт бойынша операциялар;
5) резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына бейрезидент-кәсіби қатысушыға баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;
6) резиденттің шетелдегі өз шотына баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;
7) резиденттің бейрезиденттің пайдасына баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға жүзеге асыратын өтеусіз ақша аударымы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген валюталық операциялар сауда немесе исламдық қаржыландыру жөніндегі мәмілелер шеңберінде туындайтын қаржылай қарыздарды, сондай-ақ бейрезиденттер Қазақстан Республикасындағы өз филиалдарымен (өкілдіктерімен) жүзеге асыратын операцияларды және шетелдік ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы филиалдарының (өкілдіктерінің) арасындағы операцияларды қамтымайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін резиденттің үлестес тұлғасына:
1) резидент-заңды тұлғаның акционерлік қоғамының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы (қатысушылар дауыстарының он және одан көп пайызы) тиесілі тұлға;
2) осы резидентке акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы (қатысушылар дауыстарының он және одан көп пайызы) тиесілі тұлға;
3) осы резидентпен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы тұлға жатады.
Осы тармақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асыратын ішкі корпоративтік ақша аударымдарына қолданылмайды.
20. Жүргізілуі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға:
1) бір тұлғаның бір күнтізбелік айдағы бір бейрезидентпенпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарттар бойынша жалпы сомасы шекті мәннен асатын төлемдері және (немесе) ақша аударымдары, одан асатын мұндай валюталық шарттарға есептік нөмір берілуге тиіс;
2) егер ұлттық валютадағы ақшаның шығу көзі бейрезиденттің резидентке тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден), өзге де қаржы активтерін ұлттық валютаға сатудан, Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютада дивидендтер алудан, мемлекеттік кірістер органдарының бұрын бейрезидент төлеген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және ұлттық валютаның өзге де экономикалық негізделген шығу көздерін қайтарудан түскен ақшаны алуына байланысты болмаса, бейрезиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ішінде сатып алу операциялары жатады.
21. Айқын экономикалық мәні жоқ валюталық операцияға, егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) қаржылай қарыз нысанын пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке ақша беруін көздейтін қаржылай қарыз жатады.
22. Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарында көрсетілген валюталық операцияларды жүргізу кезінде уәкілетті банктің клиенті уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына ұсынуға рұқсат береді.
Валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент немесе бейрезидент болып табылатын уәкілетті банктің клиенті уәкілетті банктің талабы бойынша уәкілетті банкке "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚ/ЖҚЖҚТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес операцияға мониторинг жүргізу және оны зерделеу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.
23. Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарында көрсетілген валюталық операцияларды жүргізу кезінде уәкілетті банк КЖТҚ/ЖҚЖҚТҚҚ туралы заңның 11-бабына сәйкес әзірленіп, қабылданған ішкі бақылау қағидаларында көзделген клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасына сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және оны зерделейді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі
24. Резиденттер және бейрезиденттер Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінім (өтінімдер) негізінде жүзеге асырады.
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың (резиденттер және бейрезиденттер) филиалдары (өкілдіктері) аударым ішкі корпоративтік болып табылатындығын растайтын құжаттың негізінде ішкі корпоративтік ақша аударымын бұдан әрі жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды жүзеге асырады.
Осы тараудың талаптары уәкілетті банктердің резиденттері және бейрезиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуына немесе сатуына қолданылмайды.
25. Резидент-заңды тұлғалар Қағидалардың 24-тармағына сәйкес қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінімді (өтінімдерді) ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсатын көрсетеді.
Бейрезидент-заңды тұлғалар Қағидалардың 24-тармағына сәйкес ұлттық валютамен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінімді (өтінімдерді) ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді.
26. Резидент-заңды тұлғалар шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен аспайтын сомаға сатып алады.
Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын резидент-заңды тұлғаның меншікті шоттарына, оның ішінде оның оқшауланған бөлімшелерінің шоттарына есепке жатқызу және (немесе) аудару, сондай-ақ шетел валютасындағы өтеусіз ақша аударымдары жатады.
27. Резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банкте бір жұмыс күні ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын сомаға міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге (өтінімдерге) қоса:
1) орындалуы үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесі және төлемге шот не өзге құжатты (егер валюталық шарттың талаптары бойынша шоттан не өзге төлем құжатынан үзінді көшірме міндетті болып табылса);
2) Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге (өтінімдерге) уәкілетті банкке оны сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сатуға нұсқау береді.
Бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні сомасы жеке алғанда баламасы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен аспайтын, бірақ қосу нәтижесінде баламасы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын бірнеше өтінім бойынша ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары орындалуы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген соманың шекті мәнін арттыруға әкеп соғатын өтінімдерге қолданылады.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Егер валюталық шартқа есептік нөмір берілуге тиіс болса, онда есептік нөмір беру туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.
28. Резидент-заңды тұлға осы резидент-заңды тұлға өзінің акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін төлеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде уәкілетті банкке Қағидалардың 27-тармағында көзделген нұсқауды ұсыну талап етілмейді.
Резидент-заңды тұлға Қағидалардың 27-тармағына сәйкес уәкілетті банктен (банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы жоқ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысынан басқа) валюталық шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын және міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу өтініміне (өтінімдеріне) мынадай құжаттарды:
1) тиісті шетел валютасында жеке банктік шот ашу өтінішін;
2) сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы жеке банктік шотқа есепке жатқызу нұсқауын;
3) сатып алынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде оны мәлімделген мақсатқа пайдаланбаған жағдайда осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын;
4) міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, валюталық шарттың талаптарына сәйкес міндетті болып табылатын өзге құжаттарды) қоса береді.
Уәкілетті банк (банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы жоқ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысынан басқа) резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын жеке банктік шотқа есепке жазады және оны резидент-заңды тұлғаның мәлімделген мақсатқа ғана пайдалануын қамтамасыз етеді.
Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 27- тармағына сәйкес уәкілетті банк болып табылатын және банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы жоқ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысынан валюталық шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын және міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу өтініміне (өтінімдеріне) мынадай құжаттарды:
1) тиісті шетел валютасында бөлек жеке шот (қосалқы шот) ашу өтінішін;
2) сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы бөлек жеке шотқа (қосалқы шотқа) есепке жатқызу нұсқауын;
3) сатып алынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде оны мәлімделген мақсатқа пайдаланбаған жағдайда осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын;
4) міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, валюталық шарттың талаптарына сәйкес міндетті болып табылатын өзге құжаттарды) қоса береді.
Уәкілетті банк болып табылатын және банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы жоқ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бөлек жеке шотқа (қосалқы шотқа) есепке жазады және оны резидент-заңды тұлғаның мәлімделген мақсатқа ғана пайдалануын қамтамасыз етеді.
29. Резидент-заңды тұлғаның қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен астам сомаға ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға бір уәкілетті банкте бір жұмыс күні өтінімді (өтінімдерді) орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде (өтінімдерде) көрсетілген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және шотпен не қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге төлем құжатымен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Қағидаларға сәйкес бұрын жүзеге асырылған ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу туралы қолда бар мәліметтермен салыстырып тексереді.
Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент-заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу ақпараты негізінде есептеледі.
30. Резидент-заңды тұлға қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған бұрын ресімделген өтінімге Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес ресімделген қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі.
Резидент-заңды тұлға валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Қағидалардың 27-тармағына және 28-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бұрын сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өзінің шотына аударған кезде уәкілетті банк клиенттің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделетін ақша аударымына өтінішінде басқа уәкілетті банктің одан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыруы үшін сатып алу күнін міндетті түрде көрсетумен Қағидалардың 27-тармағына және 28-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты көрсетуін қамтамасыз етеді.
Резидент-заңды тұлға Қағидалардың 27-тармағына және 28-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындау мақсатында уәкілетті банк болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында ашылған меншікті жеке шотына (қосалқы шотқа) аударған кезде уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның келісімі негізінде осы аударыммен бір мезгілде уәкілетті банк болып табылатын бағалы қағаздар нарығының осындай кәсіби қатысушысына Қағидалардың 27-тармағына және 28-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес уәкілетті банк болып табылатын бағалы қағаздар нарығының осындай кәсіби қатысушысы одан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыруы үшін сатып алу күнін міндетті түрде көрсете отырып, қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бұрын сатып алғаны туралы ақпаратты жібереді.
Валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындау мақсатында оны басқа уәкілетті банкке аударған жағдайда, басқа уәкілетті банк сатып алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған кезде кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы валютаны ұлттық валютаға сатады.
31. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның Қағидалардың 25, 26, 27, және 28-тармақтарына сәйкес ресімделген ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін, сондай-ақ егер:
резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың және шоттың не төлемге арналған өзге құжаттың сомасынан асып кетсе;
бір резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір жұмыс күніндегі ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәні баламасынан асып кетсе, орындауға қабылдамайды.
4-тарау. Қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты банктік шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі
32. Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан (өздерінің банктік шоттарына) қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алады (салады).
33. Заңды тұлғаларға және шетелдік ұйымдардың филиалдарына (өкілдіктеріне) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін уәкілетті банктегі өздерінің банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алуына рұқсат етіледі.
34. Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығысты, оның ішінде өкілдік шығысын төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін өзінің банктік шотынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдердің мақсатын растайтын және алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасына нұсқауды қамтитын құжаттарды ұсынады. Осындай құжаттар ретінде бұйрықты, өкімді, шешімді, іссапар шығысының сметасын ұсынуға жол беріледі.
Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығысты, оның ішінде өкілдік шығысты корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін қолма-қол шетел валютасы алынған жағдайда көрсетілген құжаттар осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке ұсынылады.
35. Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығысты, оның ішінде өкілдік шығысты төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттарына алынған қолма-қол шетел валютасы көрсетілген мақсатқа (толық немесе ішінара) пайдаланылмаса, пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасы қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) уәкілетті банктегі банктік шотына міндетті түрде есепке жатқызылады.
Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына есепке жатқызған кезде кассалық кіріс ордерінде өзінің қолма-қол шетел валютасын алу негізін көрсетеді.
36. Уәкілетті банк Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көзделген жағдайларда қолма-қол шетел валютасын есепке жатқызуды қоспағанда, қолма-қол шетел валютасын заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) банктік шотына есепке жатқызу фактісі туралы хабарлайды.
37. Қағидалардың 33, 34 және 35-тармақтары дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қолданылмайды.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: № _______ бұзушылық бойынша карточка
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: KN1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: ________ жылғы ________ ай үшін
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде, ай сайын
БСН:_______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Атауы ___________________ Мекенжайы _________________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Бұзушылық бойынша карточка" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанына қосымша |
Бұзушылық бойынша карточка (индексі – KN1, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2-тарау. Нысанды толтыру
2. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.
3. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса); заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы; ұйымдық-құқықтық нысаны (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
4. Коды 16-жолда "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші" ҚР ҰЖ 11 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
5. Коды 21, 22 және 23-жолдар құжаттарды немесе ақпаратты беру мерзімі бұзылған жағдайларда толтырылмайды.
6. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізілген валюталық операция күн көрсетіледі.
7. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.
8. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының "Валюталарды және қорларды ұсынуға арналған кодтар" 07 ISO 4217 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.
9. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.
10. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.
11. Коды 34, 35 және 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Валюталық операция туралы мәліметтер
Уәкілетті банктің коды _____________
Төлем құжатының нөмірі _____________
Күні __________________
Ақпарат түрі | Ақпарат | |
Валюталық операция коды | ||
Төлем (ақша аударымы) белгісі ("1" – ішкі корпоративтік ақша аударымы; "0" – өзге төлем (ақша аударымы) | ||
Төлем құжатында көрсетілген төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат | ||
Жөнелтушінің резиденттік елінің коды | ||
Бенефициардың резиденттік елінің коды | ||
Валюталық шарт туралы ақпарат: | ||
Шарттың нөмірі (атауы, бар болса) | ||
Шарттың күні | ||
Шарттың есептік нөмірі (бар болса) | ||
Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса) | ||
Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | ||
Резиденттік белгісі | ||
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ||
ЖСН немесе БСН (бар болса) | ||
Экономика секторының коды | ||
Резиденттік елінің коды | ||
Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | ||
Резиденттік белгісі | ||
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы | ||
ЖСН немесе БСН (бар болса) | ||
Экономика секторының коды | ||
Резиденттік елінің коды |
Ескертпе: нысан "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру
3. Резидент-клиенттер және бейрезидент-клиенттер 01, 02, 11 және 12-жолдарды толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44 және 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.
4. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.
5. 11, 12, 35 және 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес резиденттік елінің екі таңбалы коды көрсетіледі.
Заңды тұлғаның, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркелу елі – резиденттік елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұратын елі (азаматтығы немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).
6. 31, 34, 41 және 44-жолдар "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады, ол Экономика секторларының ұлттық жіктеуішімен (ЭСЖ) келісіледі.
| "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге қосымша Кесте |
Валюталық операциялардың кодтары
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ПР-9
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: ____ жылғы _______ ай
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін, ай сайын
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Валюталық шарттың күні | Валюталық шарттың есептік нөмірі | |
1.2 | 1.3 | |
кестенің жалғасы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) | Ел коды | Резиденттік белгісі | Экономика секторының коды | |
2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | |
кестенің жалғасы
БСН, ЖСН | Ел коды | Резиденттік белгісі | Экономика секторының коды | |
3.2 | 3.3 | 3.4 | 3.5 | |
кестенің жалғасы
Валюталық операция референсі | Валюталық операция коды | Төлем белгілеу коды (ТБК) | Валюта бірлігіндегі сома | Төлем валютасының коды | Төлем белгісі | Ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісі | Ақша шығаруға, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға байланысты операция түрі | |
4.2 | 4.3 | 4.4 | 4.5 | 4.6 | 4.7 | 4.8 | 4.9 | |
кестенің жалғасы
5. Валюталық операция бойынша контрагенттің ұйымы (банк) туралы ақпарат | |||
Атауы | Ел коды | Трансшекаралық төлем белгісі | |
5.2 | 5.3 | 5.4 | |
кестенің жалғасы
БСН, ЖСН | Ел коды | Резиденттік белгісі | Экономика секторының коды | |
6.2 | 6.3 | 6.4 | 6.5 | |
кестенің жалғасы
БСН, ЖСН | Ел коды | Резиденттік белгісі | Экономика секторының коды | |
7.2 | 7.3 | 7.4 | 7.5 | |
кестенің жалғасы
Атауы ________________ Мекенжайы __________________________
Телефоны _______________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ____________________________ ______________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_______________________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Жүргізілген валюталық валюталық операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Жүргізілген валюталық валюталық операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп (индексі – ПР-9, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті банк ай сайын ұсынады және онда олар жүргізген валюталық операциялар туралы, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары жөніндегі ақпарат қамтылады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысанға есепті кезеңдегі "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) айқындалатын шекті мәнге тең немесе одан асатын сомадағы валюталық операциялар жөнінде ақпарат енгізіледі.
5. Нысанда валюталық операциялар:
клиенттердің тапсырмалары бойынша (оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотына ақша есептеу (клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотынан ақшаны есептен шығару) күні;
уәкілетті банктің өз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша – уәкілетті банктің корреспонденттік шотына ақша есептеу (уәкілетті банктің корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару) күні;
басқа валюталық операциялар бойынша – операциялар жасау күні көрсетіледі.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банк резиденттен немесе бейрезиденттен осындай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты алуына қарай түзетеді.
6. Нысанның 1, 6 және 7-бөліктері валюталық шарт негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады.
7. Нысанның 1-бөлігінде валюталық шарттың деректемелері көрсетіледі. 1.3-баған валюталық шартқа есептік нөмір берілген кезде толтырылады.
8. Нысанның 2 және 3-бөліктерінде төлем құжатына сәйкес ақша жөнелтуші мен бенефициар туралы ақпарат көрсетіледі.
2.3 және 3.3-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес ақша жөнелтушінің, бенефициардың тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) екі әріптік коды көрсетіледі. Уәкілетті банкте ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың тіркелген елі немесе тұрақты тұратын елі туралы анық мәліметтер болмаған кезде көрсетілген бағандар төлем құжатының деректері негізге алына отырып толтырылады.
2.4, 2.5, 3.4 және 3.5-бағандар "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады, ол Экономика секторларының ұлттық жіктеуішімен (ЭСЖ) келісіледі.
Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотына (шоттан) қолма-қол ақша салған (алған) жағдайларды қоспағанда, банктік шотқа (шоттан) қолма-қол ақша салынған (алынған) кезде Нысанның 2 және 3-бөліктерінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады. Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотына қолма-қол ақша салған кезде Нысанның 2-бөлігінде ақша салатын тұлға туралы, Нысанның 3-бөлігінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады.
Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотынан қолма-қол ақшаны алған кезде Нысанның 2-бөлігінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады, Нысанның 3-бөлігінде ақша алатын тұлға туралы ақпарат толтырылады.
Уәкілетті банктің шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатуы кезінде Нысанның 2-бөлігінде уәкілетті банк туралы, Нысанның 3-бөлігінде сатып алушы туралы ақпарат көрсетіледі.
Уәкілетті банктің шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатып алуы кезінде Нысанның 2-бөлігінде сатушы туралы ақпарат, Нысанның 3-бөлігінде уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бөлігінде валюталық операция туралы ақпарат көрсетіледі.
4.1-бағанда валюталық операция күні есепті кезеңге сәйкес келуі тиіс.
4.2-бағанда валюталық операцияның мынадай төрт бөліктен тұратын референсі көрсетіледі:
1) бірінші бөлікте "Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21593 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – № 128 нұсқаулық) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін уәкілетті банктің үш таңбалы коды көрсетіледі;
2) екінші бөлікте № 128 нұсқаулыққа сәйкес уәкілетті банк филиалының үш цифрдан тұратын коды көрсетіледі;
3) үшінші бөлікте есепте валюталық операцияның реттік нөмірі көрсетіледі;
4) төртінші бөлікте есепті күн "ККААЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін референстің бірінші және екінші бөліктеріне арналған кодтар "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелері ретінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға "Қазақстан қор биржасы" АҚ берген кодтарға сәйкес қойылады.
Әрбiр валюталық операцияның референсі бiрегей болуы тиiс.
4.3-баған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4.4-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
4.5-бағанда сома валюта бірлігімен көрсетіледі және математикалық дөңгелектеу арқылы бүтін мәнге дейін дөңгелектенеді.
4.6-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валютаның үш таңбалы әріптік коды көрсетіледі.
4.7-бағанда "01" – жөнелтілген төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын алуы немесе шетел валютасын сатуы бойынша операциялар, чектер, вексельдер, басқа төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін, "02" – кіріс төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын есептеуі немесе шетел валютасын сатып алуы бойынша операциялар, чектер, вексельдер, басқа төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін көрсетіледі.
4.8-бағанда егер төлем және (немесе) ақша аударымы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелері немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жүзеге асырылса "1" белгісі, қалған жағдайларда "0" белгісі көрсетіледі.
4.9-баған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес мынадай түрде толтырылады:
"1.1" – егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;
"1.2" – егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақшаны қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз;
"1.3" – егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап жеті жүз жиырма күннен асатыны көзделсе, экспорт бойынша операциялар;
"1.4" – егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) аванстық төлемді немесе толық көлемде алдын ала төлем сомасын қоса алғанда (бейрезидент импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда), бейрезиденттің тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша немесе ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап жеті жүз жиырма күннен асатыны көзделсе, импорт бойынша операциялар;
"1.5" – резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына бейрезидент-кәсіби қатысушыға баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;
"1.6" – резиденттің шетелдегі өз шотына баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;
"1.7" – резиденттің бейрезиденттің пайдасына баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға жүзеге асыратын өтеусіз ақша аударымы;
"2.1" – бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша осындай валюталық шарттарға есептік нөмір берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомаға бір тұлғаның күнтізбелік бір ай ішіндегі төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;
"2.2" – егер ұлттық валютадағы ақшаның шығу көзі бейрезиденттің резидентке тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден), өзге де қаржы активтерін ұлттық валютаға сатудан, Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютада дивидендтер алудан, мемлекеттік кірістер органдарының бұрын бейрезидент төлеген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және ұлттық валютаның өзге де экономикалық негізделген шығу көздерін қайтарудан түскен ақшаны алуына байланысты болмаса, бейрезиденттің баламасында елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ішінде сатып алу операциялары;
"3.1" – егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) қаржылай қарыз нысанын пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке ақша беруі көзделетін қаржылай қарыз;
"0" – қалған жағдайларда.
10. Нысанның 5-бөлігінде алынған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін валюталық операциялар бойынша контрагент ұйымы (банкі) – ақша жөнелтуші ұйым (банкі), жөнелтілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін бенефициар ұйымы (банкі) туралы ақпарат көрсетіледі. Банкішілік валюталық операциялар бойынша есеп беретін уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі. Олардың негізінде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілетін құжаттарда ақша жөнелтуші ұйым (банк) туралы ақпарат болмаған кезде Нысанның 5-бөлігі толтырылмайды.
5.3-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес ақша жөнелтушінің ұйымы (банкі) немесе бенефициары елінің екі әріптік коды көрсетіледі. Банкішілік валюталық операциялар үшін "KZ" коды көрсетіледі.
5.4-бағанда "1" мынадай жағдайларда:
1) егер төлем және (немесе) ақша аударымы жасалған ел (төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген бастапқы ақша жөнелтушінің банктік шоты ашылған ел) Қазақстан Республикасынан өзгеше болса;
2) егер төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген ел (ақша есептелген түпкілікті бенефициардың банктік шоты ашылған ел) Қазақстан Республикасынан өзгеше болса көрсетіледі.
Өзге жағдайларда "2" көрсетіледі.
11. Нысанның 6 және 7-бөліктерінде валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші немесе ақша алушы туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші (алушы) төлем құжаты бойынша ақша жөнелтушімен (бенефициармен) сәйкес келетін болса, онда Нысанның 6 (7)-бөлігінде Нысанның 2 (3)-бөлігіне ұқсас ақпарат толтырылады.
6.3 және 7.3-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің немесе алушының тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) екі әріптік коды көрсетіледі. Уәкілетті банкте ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың тіркелген елі немесе тұрақты тұратын елі туралы анық мәліметтер болмаған кезде көрсетілген бағандар төлем құжатының деректері негізге алына отырып толтырылады.
6.4, 6.5, 7.4 және 7.5-бағандар Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады, ол Экономика секторларының ұлттық жіктеуішімен (ЭСЖ) келісіледі.
12. Нысанның 8-бөлігінде Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бөліктеріне енгізілмеген қосымша ақпарат: валюталық заңнама бойынша инвестициялау объектісі, бағалы қағаздар эмитенті, жылжымайтын мүлік объектісінің елі туралы ақпарат, ерекше төлем талаптары, жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шотына ақша есептеу күні көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бөлігінде нақтылайтын ақпараттың болмауы бұзушылық болып табылмайды. Нысанға белгіленген шекті мәннен аз сомадағы валюталық операцияларды енгізу бұзушылық болып табылмайды.
14. Есепті кезең үшін ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
15. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасына) (қоса алғанда) дейін енгізіледі.
16. Нысанға клиенттердің тапсырмасы бойынша мынадай валюталық операциялар:
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың валюталық операциялары;
2) айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу (сату);
3) клиенттің өз шоттары бойынша бір уәкілетті банктің ішіндегі аударымдары (ішкі корпоративтік аударымдарды қоса алғанда);
4) бейрезиденттің уәкілетті банктегі өз шотынан (өз шотына) қолма-қол теңгені алуы (есепке жатқызуы);
5) есеп беретін уәкілетті банктен кредит алуға байланысты операциялар (пайыздар мен комиссияларды беру, өтеу, төлеу);
6) заңды тұлғаның жалақы жобасы бойынша жалақы төлеуі (резиденттер мен бейрезиденттердің клиенттері үшін);
7) басқа банктер клиенттерінің тапсырмасы бойынша "Лоро" шоттары бойынша операциялар;
8) жеке тұлғалардың төлем карталарын пайдалана отырып, баламасы елу мың АҚШ долларынан аз сомаға жасаған операциялары;
9) банктік шот ашпай және пайдаланбай жасалатын операциялар;
10) есеп беретін уәкілетті банк клиенттерінің депозиттері (есеп беретін уәкілетті банкте шот ашу, жабу және шотқа сыйақы төлеу);
11) уәкілетті банктер болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар болып табылатын уәкілетті банктер клиенттерінің шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алуы және (немесе) сатуы енгізілмейді.
17. Нысанға уәкілетті банктің мынадай меншікті валюталық операциялары:
1) ішкі корпоративтік аударымдарды қоса алғанда, уәкілетті банктің меншікті шоттары бойынша төлемдер мен аударымдар;
2) есеп беретін уәкілетті банктің кредиттер беруіне/алуына байланысты операциялар (пайыздар мен комиссияларды беру, өтеу, алу);
3) шетел валютасымен биржадан тыс мәмілелер (уәкілетті банктер болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын мәмілелерден басқа);
4) есеп беретін уәкілетті банктің овернайттарын қоса алғанда, банкаралық кредиттермен және депозиттермен байланысты операциялар;
5) туынды қаржы құралдарымен және борыштық бағалы қағаздармен операциялар (борыштық бағалы қағаздар эмитенттерінің операцияларынан басқа);
6) төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері шеңберіндегі есеп айырысу бойынша неттинг;
7) кастодиандық қызмет көрсету шеңберіндегі операциялар;
8) транзиттік шоттар бойынша операциялар;
9) қолма-қол шетел валютасымен операциялар (әкелу, әкету, есепке жатқызу немесе шоттардан алу);
10) уәкілетті банктер болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, оның ішінде клиенттердің тапсырыстарын орындау үшін жасаған төлемдері және (немесе) ақша аударымдары енгізілмейді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің тізбесі
1."Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).
2."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 34-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10777 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13580 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16537 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).