Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5392 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 65 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4173 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 131 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4296 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4689 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген), "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5233 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 130 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5319 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-2. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
      Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
      4-3. Ұйымдастырушылық-құқықтық акционерлік қоғамы нысанда құрылған б рокер және (немесе) дилер аффилирленген тұлғалардың есебін жүргізеді.
      Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған б рокер және (немесе) дилер мына тұлғаларды есепке алады:
      1) қатысушыларды;
      2) қатысушы не б рокер және (немесе) дилердің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрғандарды, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды;
      3) б рокер және (немесе) дилердің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
      4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
      5) б рокер және (немесе) дилердің қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды;
      6) б рокер және (немесе) дилердің қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
      7) оларға қатысты б рокер және (немесе) дилер ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
      8) б рокер және (немесе) дилермен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды;
      9) б рокер және (немесе) дилермен шартпен байланысты тұлғаларды, шартқа сәйкес олар б рокер және (немесе) дилер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар.
      4-4. Б рокер және (немесе) дилер осы Ереженің 4-3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды б рокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте есепке алуды жүргізеді. ";
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      " 15-1. Б рокерлер және (немесе) дилерлер есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын қаржылық есептілікті мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтта мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
      Б рокер және (немесе) дилердің қаржылық есептілігін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес тиражымен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары қолданылады.
      Қаржылық есептілікті брокер және (немесе) дилердің Интернет желісіндегі веб-сайтта жариялағанда, осы ақпаратты орналастырудың күні мен уақыты көрсетіледі. Брокер және (немесе) дилердің қаржылық есептілігі б рокер және (немесе) дилердің веб-сайтындағы мұрағатта сақталады. ";
      мынадай мазмұндағы 38-1, 38-2, 38-3, 38-4 және 38-5 тармақтармен толықтырылсын:
      "38-1. Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған б рокер және (немесе) дилердің бақылау кеңесі б рокер және (немесе) дилердің меншікті ақша есебінен мәмілені жасасу туралы шешімді осы Ереженің 4-3-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен келіседі.
      38-2. Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда жүйесінде б рокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын "репо" операциялары б рокер және (немесе) дилердің меншікті ақша есебінен не комиссия шарты болып табылатын брокерлік қамтамасыз ету шартының аясындағы клиенттің бұйрығына сәйкес жасалады.
      38-3. Брокер және (немесе) дилер қ ор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге "репо" операциясының бастапқы мерзімін ұзартуды ескеріп, жасалады.
      38-4. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің барынша төмен құны жасалған маржиналдық мәмілелер бар болғанда, маржаның шектеулі деңгейін ескерусіз, осы клиенттің тапсырмасы бойынша брокер және (немесе) дилер қ ор биржасының сауда-саттық жүйесінде "тікелей" тәсілмен жасаған барлық "репо" операцияларының сомасынан отыз пайыздан кем еместі тұрақты құрайды.
      38-5. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздардың қажетті саны брокер және (немесе) дилердің немесе тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің шотында болмағанда, мәмілені жасаспайды. ";
      46-тармақ "құжаттар" деген сөзден кейін "бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу," деген сөздермен толықтырылсын;
      70-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексерудің нәтижелері салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                   Е. Бахмутова