Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулыс

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 190 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5790 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 47-бабының 2-тармағының в) тармақшасына, 61-2, 61-3-баптарына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін.

      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 5
тамыздағы N 177 қаулысымен
бекітілді

Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк) консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін айқындайды, сондай-ақ консервациялау режиміндегі банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны (бұдан әрі - банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операция) жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Консервациялау режимiн белгiлеу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) банкке қатысты қолданатын санкциясы болып табылады және банкті басқару немесе банкті уақытша басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті (бұдан әрі - банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы)) шектелген (бір жылға дейін) мерзімге тағайындауды ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) міндеттері өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін банктің қабілеттілігін сақтау немесе қалпына келтіру, жұмыстағы кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен банктің ішкі құжаттарының жөнсіздіктерін жою, сондай-ақ банктің қаржылық ахуалын сауықтыру, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың банк ұсынған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және банктегі тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйесін жақсарту мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2-тарау. Банкті консервациялау режимін белгілеу

      4. Банк Банктер туралы Заңның 62-бабының 2-тармағымен көзделген негіздемелердің кез келгені бойынша уәкілетті органның шешімімен консервацияға ұшырауы мүмкін.

      5. Консервациялау кезеңінде банкті басқару Банктер туралы Заңның 65-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті органның банкті консервациялау режимін белгілеу туралы шешімі (оның тиісінше куәландырылған көшірмелері түрінде) банктің басшылығына шешім шығарған күні, мұндай тапсыру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, қолхат арқылы тапсырылады. Оны тапсыру үшін банктің тиісті лауазымды тұлғалары уәкілетті органға шақырылады.

      Жоғарыда аталған шешімді банктің басшылығына шешімді шығарған күні қолхат арқылы тапсыру мүмкін болмаса, осы шешімді банктің басшыларына тікелей сол банкте уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғалары тапсырады.

      Сонымен қатар, банктің басшылығы банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) басшысына банк мүлкін барлық мөрлерді, мөртабандарды, клише мен пломбирлерді, ұйымды тіркеумен байланысты құжаттарды, банкке берілген лицензиялардың түпқұжаттарын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық жеткізушілерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, банк меншік иесі болып табылатын құжаттандырылған нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын, сондай-ақ Банктер туралы Заңның 56-бабында көзделген банктің құжаттарын қосып, қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.

      7. Уәкілетті органның банкті консервациялау жүргізу туралы шешімін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің қаражаты есебінен жариялайды.

      8. Банкке берілген қызметті шектеу тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) банк филиалдарының оның атынан мәмілелерді дербес жасау құқықтарын тоқтата тұру;

      2) бұрын жасалған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің иелігінен мүлікті алу туралы өзге мәмілелердің, заемдарды беру туралы шарттардың және кредит тәуекелі бар қаржыландырудың басқа түрлерінің орындалуын тоқтата тұру;

      3) банк міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерді орындауды толық немесе ішінара тоқтата тұру.

      9. Банкті консервациялау банктің өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      10. Консервациялау іс-әрекеті басталуымен және консервациялау мерзімінде банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) Банктер туралы Заңның 65-бабының 2-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

      11. Банкті консервациялау мерзімі ішінде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметіне бақылауды уәкілетті орган Банктер туралы Заңның 66-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      12. Банкті консервациялау кезеңіндегі негізгі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-консервациялау жоспары) мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:

      1) баланстан тыс есептелген банктің барлық активтерін және мүлігін, оның ішінде кепілдік мүлігін түгендеуді және олар жөнінде құқық белгілейтін құжаттарды, баланстық және баланстан тыс шоттардағы нақты қалдықтарды анықтауды жүргізу;

      2) басқарудың оңтайлы құрылымын және банк қызметкерлерінің санын анықтау;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, уәкілетті органға және корреспондент банктерге банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) мүшелерінің қойылған қолдарының үлгілері мен банктің мөр бедері бар жаңа құжатты беру;

      4) банктің қызметіне байланысты, оның ішінде ерекше қатынастарымен банкпен байланысты тұлғалармен бұрын жасаған шарттарының мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу жөніндегі шараларды қабылдау;

      5) жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы (басқа бағалы қағаздарды шығару туралы) шешімді қабылдау арқылы банкті капиталдандыру жөніндегі шараларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды орналастыруды және/немесе бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышты тартуды жүзеге асыру;

      6) мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі, банктік заем шартының және банк үшін құнды болып табылмайтын басқа активтер талаптарының құқықтарын басқаға беру жөніндегі жұмысты жүргізу, қаржыландырудың кез келген түрін жүзеге асыруды тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;

      7) шығыс операцияларын жүргізуге бақылау белгілеу, қолданыстағы тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банк операциялары бойынша комиссиялық алымдарды, еңбекақы төлеу шығыстарын, жалпы шаруашылық шығыстары мен амортизациялық аударымдар нормаларын қайта қарау жолымен банктің кірістілігін ұлғайту;

      8) банктегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру.

      Қажет болғанда консервациялау жоспары банктің активтері мен міндеттемелерін беру бойынша операцияны іске асыруды көздейді.

      13. Банкті капиталдандыру жөніндегі шаралардың аясында банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) қажет болғанда инвесторлармен банк шығарған акцияларды, сондай-ақ осы банктің акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасайды.

      Банктің акциялары Банктер туралы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының талаптарын есепке ала отырып сатылып алынады.

      Банктің иелігінен мүлікті алу жөніндегі мәмілелер уәкілетті органмен келісілу бойынша жүргізіледі.

      14. Уақытша әкiмшiлiк орган болып табылады, оны консервациялау режимiндегi банктiң атынан iс-қимыл жасайтын басшы басқарады.

      Уақытша әкiмшiлiктiң шешiмдерi дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, оның басшысының дауысы шешушi болып табылады.

      15. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы:

      1) банктi басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң заңды тұлға басшысына берген құқықтарына ие және мiндеттердi орындайды;

      2) банктiң (соның iшiнде оның филиалдарының) қызметкерлерiн басшылық қызметтерге тағайындайды және оларды шеттетеді, жұмысқа алады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмыстан босатады;

      3) консервациялау мiндеттерiн орындауға қажеттi шеңберде банктiң мүлкiне иелiк ету жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктiң шешiмiн орындайды;

      4) банкті консервациялаудың бекiтiлген жоспарын нақтылау жөнiнде ұсыныс енгiзеді және оның орындалуын ұйымдастырады;

      5) қажет болса, аудиторлық ұйымдарды не уәкілетті органның тиiстi бөлiмшелерiн тарта отырып, уақытша әкiмшiлiктiң күшiмен банк қызметiн кешендi немесе арнайы (іріктеп) тексерудi және қаржылық есептілікті банктiң iс жүзiндегi жағдайымен салыстыруды ұйымдастырады.

      16. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша басқарушысы) уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде консервациялау жоспарына сәйкес қажеттi iс-шаралар жүргізеді және атқарылған жұмыс туралы уәкілетті органға есеп тапсырады.

      17. Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) оның қызметкерлері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері не Банктер туралы Заңның 20-бабының 2-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге тұлғалар арасынан тағайындайды.

      18. Банктің уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша басқарушысының) басшысының және мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу шарттары уәкілетті орган мен банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушысының) арасында жасалынатын жеке шартпен белгiленедi.

      19. Еңбекақысын, көлiк және басқа да шығыстарды қоса алғанда, банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) қамтамасыз етуге шығыстар тиiстi банктiң басқару шығыстарына жатады және соның есебiнен жүзеге асырылады.

      20. Уәкілетті орган кез келген сәтте банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) мүшелерiн ауыстыруға құқылы.

3-тарау. Банкті консервациялау кезеңінде
мүлікті басқару рәсімі

      1. Консервациялау режимiндегi банктiң балансқа енгiзiлген немесе енгiзiлмеген барлық мүлкi түгенделуге тиiс. Балансқа енгiзiлмеген мүлiк түгендеу тізімдемесінде көрсетiлуге және соңынан балансқа енгiзiлуге тиiс.

      22. Консервациялау режимiндегi банктiң мүлкін сатуды банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып, жариялылық, ашықтық және қол жетімділік принциптерін сақтай отырып анықталатын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сатылатын мүлікке осы өңірдегі мүліктің ұқсас түрлеріне нарықтық бағалардан кем емес бағалар белгілеу;

      2) мүлікті мүмкіндігінше жоғары бағамен сату;

      3) мүлікті сатудан болған шығындарды барынша азайту.

      23. Мүлікті сатқан кезде банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) хабарландыруды кем дегенде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің қаражаты есебінен жариялайды. Хабарландыруда сатылатын мүлiктiң тiзбесi, сондай-ақ банктің уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша басқарушысының) өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрған орны, ұсыныстар тапсыруға болатын телефон және факс нөмiрлерi, сондай-ақ қай күнге дейiн осы ұсыныстар қабылданатыны болуға тиiс. Егер мүлiктi сатуды тиiсiнше өткiзуге қажет болып жатса, көрсетiлген күн әлдеқайда кештеу мерзiмге ауыстырылуы мүмкiн.

      Банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешiм қабылдайды және жеңген сатып алушыға жазбаша түрде хабар береді.

4-тарау. Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртібі

      24. Банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операция банктің уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша басқарушысының) уәкілетті органмен келісімі бойынша жүргізіледі.

      Банктің міндеттемелері дегеніміз банкаралық депозиттерді, банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының депозиттерін қоспағанда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің міндеттемелері.

      25. Банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу бойынша дайындық іс-шараларын жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган консервациялау режимін белгілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны бір жұмыс күні ішінде жүргізу үшін:

      1) банктің депозиторларының тізімін жасауды жүзеге асырады;

      2) банктің берілетін активтерінің баланстық құнын алдын ала бағалауды жүзеге асырады;

      3) осы Ереженің 29-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хатты қарау және оған жауап беру мерзімімен банктің активтері мен міндеттемелерін беру бойынша операцияны жүргізуге қатысу туралы "Өте құпия" грифімен ұсыныс-хат жолдайды.

      Сонымен қатар, хатта берілетін депозиттердің шамамен көлемі көрсетіледі.

      Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыру талаптарының бірі берілетін активтердің жеке және заңды тұлғалардың берілетін депозиттеріне ара қатынасы жүз елу пайыздан аспауы болып табылады, бұл туралы банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) ұсыныс хатта хабарлайды.

      Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері оларды берген күні депозит бойынша негізгі борыш сомасында беріледі.

      26. Егер, берілетін активтер жеке және заңды тұлғалардың берілетін депозиттерінен аспаған жағдайда, берілетін депозиттердің тізіміне қосу мынадай басымдық тәртібімен жүзеге асырылады:

      бірінші кезекте жеке тұлғалардың депозиттері қосылады;

      екінші кезекте заңды тұлғалардың депозиттері қосылады.

      27. Берілетін активтердің көлемінен берілетін депозиттердің көлемі асып кеткен жағдайда, заңды тұлғалардың берілетін депозиттерінің тізіміне қосу мынадай басымдық тәртібімен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте жинақтаушы зейнетақы қорларының депозиттері қосылады;

      2) екінші кезекте заңды тұлғалардың депозиттері енгізіледі, дауыс беруші акцияларының жүз пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі (сенімгерлік басқаруға берілген) немесе олардың негізгі қызметі негізінен республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады;

      3) үшінші кезекте ұлттық басқарушы холдингтердің депозиттері қосылады;

      4) төртінші кезекте өзге заңды тұлғалардың депозиттері қосылады.

      Уәкілетті органның консервациялау режимін белгілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) екінші деңгейдегі банктер ұсынған операцияны жүргізуге қатысу туралы өтінімді қарайды.

      28. Уәкілетті органның консервациялау режимін белгілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы):

      1) осы Ереженің 30-тармағының талаптарына сәйкес сатып алушы банкті (банктерді) таңдауды жүзеге асырады;

      2) сатып алушы банкпен (банктермен) алдын ала шартқа қол қояды;

      3) сатып алушы банкпен (банктермен) бірлесіп баспасөз конференциясын өткізеді;

      4) уәкілетті органға ресми веб-сайтында орналастыру үшін баспасөз релизін ұсынады.

      29. Сатып алушы банкті (банктерді) таңдауды банктің уақытша әкiмшiлiгі (уақытша басқарушысы) берілетін активтер мен міндеттемелердің мөлшерін негізге алып, мынадай талаптарды ескеріп жүзеге асырады, атап айтқанда сатып алушы банк (банктер):

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (-лары) болып табылады;

      2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарды ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік заем операцияларын, кассалық операцияларды жүргізуге уәкілетті орган берген лицензиясы бар;

      3) Банктер туралы Заңның 61-3-бабының 7-тармағының талаптары мен алдағы операцияны жүзеге асыруды ескере отырып, соңғы есептік күнге пруденциалдық нормативтерді орындайды;

      4) банк клиенттеріне қызмет көрсететін филиалдар кемінде он облыс орталықтарында бар;

      5) уәкілетті орган қолданған санкциялары жоқ.

      30. Бір өтінім болған кезде жеңімпаз болып өтініш беруші банк болып танылады.

      Екі және одан көп өтінім болған кезде банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) депозиттер мен активтер бойынша қабылданатын міндеттемелер арасындағы ең төменгі пайыздық ара қатынасты ұсынған өтініш беруші банкті жеңімпаз деп таниды.

      Депозиттер мен активтер бойынша қабылданатын міндеттемелер арасындағы ең төменгі пайыздық ара қатынасты бірдей ұсынған екі және одан көп өтініш беруші банк болған жағдайда, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) соңғы есептік күнге активтердің мейлінше жоғары мөлшері бар өтініш беруші банкті таңдайды.

      Егер, таңдалған өтініш беруші банк депозиттердің бөлігін ғана қабылдау мүмкіндігі туралы хабарлаған жағдайда, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) кему тәртібімен соңғы есептік күнге активтер мөлшерінің шамасын негізге ала отырып, таңдалған өтініш беруші банктен кейінгі өтініш беруші басқа банктер арасында қосымша таңдауды жүзеге асырады.

      Банктің жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін активтері мен міндеттемелері екі және одан көп таңдалған өтініш беруші банктер болған жағдайда, олардың арасында пайыздық ара қатынаста жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінің таңдалған өтініш беруші банктер қабылдауды болжайтын көлемін негізге ала отырып, бөлінеді. Сонымен қатар, әрбір таңдалған өтініш беруші банк үшін банктің берілетін активтерінің тізбесі шамасы банктің өтімді және өтімді емес активтерінің санынан жеке есептеп шығарылатын, көрсетілген пайыздық ара қатынасты ескере отырып, қалыптасады.

      Банк активтерінің бөлігін таңдалған өтініш беруші банкке (банктерге) банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) оларды сатудан түскен қолма-қол ақша түрінде беруі мүмкін.

      Қажет болғанда берілетін банк активтеріне тәуелсіз бағалау жүргізіледі.

      Тәуелсіз бағалаушыны таңдауды банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) сатып алушы банктің (банктердің) өкілімен (-дерімен) бірлесіп, екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бағалаушының қызметіне ақы төлеу банктің және сатып алушы банктің (банктердің) қаражаты есебінен тең мөлшерде жүргізіледі.

      30-1. Активтер мен міндеттемелерді беру бойынша операциялар жүргізу кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері қосылады:

      1) жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар және қамтамасыз ету;

      2) акциялар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;

      3) өзге де бағалы қағаздар;

      4) ақша;

      5) жылжымалы және жылжымайтын мүлік құқығы;

      6) лицензиялық құқықтар;

      7) өзге де жылжымалы мүлік;

      8) жылжымайтын мүлік;

      9) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;

      10) банк шотының шарттары, қазынашылық операциялар, РЕПО операциялары бойынша, валютаны және тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату жөніндегі банкаралық мәмілелер бойынша, туынды қаржы құралдары бойынша, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер;

      11) өткізу актісінде аударылатын өзге міндеттемелер мен активтер.

      Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Консервациялау режимін белгілеу туралы уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) банктің активтерін және (немесе) міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін беру туралы хабарландыруды жариялайды.

      Хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Операцияны жүргізу туралы хабарландыруды жариялауға байланысты шығыстар банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Екінші деңгейдегі банктерден операцияны өткізуге қатысу үшін өтінімдер болмаған кезде, уақытша әкімшілік уәкілетті органға банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтылық банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу үшін өтініш жасайды.

      Уәкілетті орган тұрақтылық банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтылық банкіне беру жөніндегі операцияны Банктер туралы Заңның 61-3-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес жүргізуді тапсырады.

      34. Банктің активтері мен міндеттемелерін беру өткізу актісімен қоса, банктің уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша басқарушысының) сатып алушы банкпен (банктермен) жасалған шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Өткізу актісін ресімдеу кезінде операцияны жүзеге асырған күні онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі;

      қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;

      жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы көрсетілген депозиттер тізбесі;

      клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары).

      Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Сатып алушы банкке берілген депозиттер бойынша депозиторларға тиісінше қызмет көрсету мақсатында консервациялау мерзімінен аспайтын өтпелі кезең белгіленеді, оның ішінде депозиторлардың банк шоттарын жүргізу Банктер туралы заңның 61-2-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін бергеннен кейін үш ай өткен соң банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) клиенттердің кіріс төлемдері мен аударымдарын қабылдамайды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Жүзеге асырылған операция туралы ақпаратты банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде банктің қаражаты есебінен жариялайды.

      37. Операция жүргізілгеннен кейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) уәкілетті органға сатып алушы банкпен (банктермен) шарттың және өткізу актісінің көшірмесін береді. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) уәкілетті органға кезең үшін операцияны жүргізу бойынша есепті ай сайын ұсынады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      38. Банкті консервациялауды тоқтату Банктер туралы Заңның 67-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      39. Консервациялау режимiнде болған кезеңiнде банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есептілікті тапсырады.

      40. Уәкілетті органның консервациялау жүргізу туралы шешiмiн бұздыру туралы банк акционерлерi он күн мерзiм iшiнде сот тәртiбiмен шағым бере алады. Аталған шешiмге шағым беру банктi консервациялауды тоқтата алмайды.

      41. Банкке келтiрiлген зиян үшiн банктің уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша басқарушының) басшысы мен мүшелерi қолданыстағы заңнамамен белгiленген жауапкершілікті көтереді. Сонымен қатар, банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) басшысы мен мүшелеріне қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін зиян үшін жауапкершілікті жүктеуге жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы N 177
қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару Ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 439 тіркелген);

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 қаулысының 1-тармағының в) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген);

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 340 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 714 тіркелген);

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 439 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3129 тіркелген);

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4047 тіркелген);

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 207 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5412 тіркелген).