Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 84 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21248 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Тізбенің 6-тармағының осы қаулы қолданысқа енгізілетін күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілетін он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 84 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-2. Басқарушы компания эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан құнын жоғалтқан кезде осы активтердің құнсыздануымен (арзандауымен) байланысты ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізеді және құнсызданудың қажетті мөлшерін қалыптастырады немесе құнын кері түзетуді жүзеге асырады.

      Инвестициялық қордың активтерін құрайтын барлық қаржы құралы құнсыздануына тестілеуге жатады.

      Қаржы құралдарының құнсыздануы және құнын төмендету құнсыздандыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Инвестициялық қордың құны шетел валютасымен көрсетiлген активтерi мен міндеттемелерін бағалау инвестициялық қор активтерiнiң құнын айқындау күні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 бірлескен қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында көзделген тәртіппен валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша бағамы бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары және жабық инвестициялық қордың пайлары бойынша дивидендтер төлеу жөніндегі міндеттемелерді басқарушы компания және кастодиан:

      акционерлiк инвестициялық қор дивидендтер төлеу туралы ақпаратты (шешімді) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялаған;

      жабық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылардың осы жабық инвестициялық қордың қағидаларында көзделген талаптармен және тәртіппен дивидендтер алуға құқықтары туындаған күннен бастап таниды.";

      2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті мөлшері осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 360 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор биржасының мүшелері мына көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес келетін:

      1) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін қор биржаларының мүшелері болып табылатын;

      2) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға резидент елдің уәкілетті органының сәйкес лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғалар бола алатындығы белгіленсін. Қор биржасындағы сауда-саттыққа көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардың қол жеткізуі брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың өзара танылуын көздейтін брокерлік және (немесе) дилерлік қызметке қадағалау жасау саласындағы уәкілетті органдар арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімдер болған кезде ғана мүмкін болады.

      3) Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының консультациялары, ынтымақтастығы және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойылған клирингтік қызметті жүзеге асыруға резиденттік елінің уәкілетті органының тиісті лицензиялары бар шетелдік заңды тұлғалар бола алатыны белгіленсін.".

      3. "Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345(27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;

      2) клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;

      3) клирингтік жүйе – клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешені;

      4) операциялық тәуекел – қолайсыз немесе жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары мен жүйелер немесе сыртқы оқиғалардың нәтижесінде туындауы мүмкін шығын ықтималдығы, оның ішінде:

      ақпараттық технологиялар саласындағы қолайсыз стратегиялар, саясаттар және (немесе) стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану кезіндегі кемшіліктер нәтижесінде туындаған тәуекел;

      қолайсыз ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға байланысты тәуекел;

      бизнес-процестерді қолайсыз құруға не ішкі құжаттар мен қағидаларды сақтауды әлсіз бақылауға байланысты тәуекел;

      клирингтік ұйымның қызметкерлерін тиісінше басқармауға және (немесе) біліксіз қызметкерлерге байланысты тәуекел;

      клирингтік ұйымның ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекел;

      клирингтік ұйымның қызметіне сыртқы әсер етудің көзделмеген немесе бақылауға келмейтін факторларының нәтижесінде туындаған тәуекел.

      5) стресс-тестинг – клиринг ұйымының қызметіне ықпал ететін клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістемелері;

      6) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатында көзделген тәртіппен тәуекелдердің негізгі түрлері (кредиттік, жүйелік, операциялық, нарықтық) бойынша тоқсанына бір реттен кем емес стресс-тестинг жүргізеді.

      6. Тәуекелдердің негізгі түрлері (кредиттік, жүйелік, операциялық, нарықтық) бойынша стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және стресс-тестинг сценарийінің сипаты, іріктелген стресс-тестинг сценарийінің негіздемесі және стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдар қамтылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Клиринг ұйымында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы клиринг ұйымы қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын, клиринг жүйесінің жұмыс істеуін көздейді.

      Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметіне тән тәуекелдерді бақылауды, мониторингтеуді және азайтуды қамтамасыз етеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Клиринг ұйымының резервтік, кепілдік беру қорларын және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:

      1) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларының және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарының, өзге де қамтамасыз етуінің мөлшерлерін айқындау және бағалау әдістемесі;

      2) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін, клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымының кепілдік беру қорына жарналарды төлеу, клиринг ұйымының резервтік қорын қалыптастыру тәртібі мен шарттары;

      3) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларынан төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;

      4) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорлары активтерін:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;

      "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корпоративтік облигацияларға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің квазимемлекеттік борыштық бағалы қағаздарына инвестициялау тәртібі мен шарттары;

      5) маржалық жарналарды төлеу үшін және (немесе) өзге де қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы және (немесе) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банктік шоттағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В+" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "АА" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздарға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);

      "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;

      СВОП операцияларына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге инвестициялау тәртібі мен шарттары.

      Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құралдар тізбесі клирингтік қатысушылардың бірінің міндеттемелерді орындамауы фактісін реттеу мақсатында клирингтік ұйым қаржы құралдарын сатып алған жағдайларға қолданылмайды.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі техникалық іркілістер, сондай-ақ клиринг процесінің бұзылуына әкеп соққан жағдайлар туралы ақпаратты олар басталған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.

      40. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі туындаған тәуекелдер жағдайларының саны және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшері туралы директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өздерін және сол сияқты олардың басталуы салдарларын азайту бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады.".

      4. "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарда:

      3-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін автоматтандырылған есептеуді;".

      5. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда Заң газеті газетінде № 183 (2384) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы, осы тапсырысты орындау үшін клиенттің брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банк және (немесе) жеке шотында ақшаның және (немесе) бағалы қағаздың жеткілікті саны болмаған кезде клиенттік тапсырыстарды орындаған жағдайда Қағидалардың 11-тармағы 3) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарында, 15-тармағының 9) және 10) тармақшаларында, 28-тармақтың екінші бөлігінің бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында, 29 және 30-тармақтарында, 68-тармақтың 2), 8), 9) тармақшаларында, 73, 74, 76, 77, 78, 79 және 80-тармақтарында белгіленген талаптарды орындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына:

      1) брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;

      2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі;

      3) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының корпоративтік стратегиясы;

      4) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының есеп саясаты;

      5) Басқарушы клиенттерінің активтерін инвестициялау саясаты;

      6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясаты;

      7) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару саясаты;

      8) қарсы серіктестер мен клиенттерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері;

      9) клиенттердің қаржылық жағдайын және ранжирлеуді бағалау тәртібі;

      10) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеудің тәртібі мен талаптары;

      11) маржалық мәмілелерді жасау тәртібі (егер брокер және (немесе) дилер, Басқарушы маржалық мәмілелер жасау бойынша қызмет көрсету туралы шешім қабылдаған жағдайда);

      12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

      13) қаржылық қызметтерді көрсету үшін сыйақы есептеу және есепке алу қағидалары;

      14) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;

      15) іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясаты;

      16) есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;

      17) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;

      18) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) белгілеген өзге де құжаттар кіреді.

      Осы тармақтың 8), 9), 10), 11) тармақшалары брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушыға қолданылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының төлем қабілетсіздігі тәуекелдерін шектеу тәртібі мен талаптары мыналарды қамтиды:

      1) төлемге қабілетсіздік тәуекелдерін шектеу мақсатында көзделген, мыналар қамтылатын, бірақ олармен шектелмейтін лимиттердің, шектеулер мен тыйым салулардың тізбесі:

      мәмілелер көлемі бойынша бір клиентке шаққандағы лимиттер;

      жеке және (немесе) банк шоттарында бағалы қағаздарды және (немесе) клиенттердің ақшасын толық немесе ішінара алдын-ала депонирлеу;

      2) клиенттерге қатысты осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шектеулерді қолданудың тәртібі мен талаптары.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Маржалық мәмілелерді жасау тәртібін брокер және (немесе) дилер немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушы әзірлейді және мыналарды айқындайды:

      1) клиенттің маржалық мәмілелер жасауға арналған тапсырмаларын орындау тәртібін және талаптарын;

      2) клиенттердің әрбір санатына, маржалық мәмілелердің нысанасы болып табылатын қаржы құралдарының түрлеріне және маржалық мәміле жасалатын нарықтарға қатысты маржаның шектеу деңгейін есептеу тәртібін және мәнін;

      3) маржалық мәмілелерді жасау кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару тәртібін;

      4) маржалық мәміле бойынша қамтамасыз ету құны шектеулі және (немесе) ең төменгі рұқсат етілген деңгейден төмендеген жағдайда брокердің іс-қимылы.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияла жазылсын:

      "Егер бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі, олар бойынша есеп айырысу брокердің және дилердің, Басқарушының шетел валютасымен жүзеге асырылатын мәмілелерді жасауы және (немесе) шетел валютасындағы әкімшілік шығыстарды төлеуі және (немесе) міндеттемелерін өтеуі үшін шетел валютасы сатып алынған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ұсыным қаржы құралдарымен бір және сол сияқты бірнеше мәміле жасауға қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін әзірленеді және шетел валютасын сатып алу жөніндегі мәмілелерге қатысты талап етілмейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қаржы құралдарымен жасалатын бір және бірнеше мәмілелерге қатысты инвестициялық шешім қабылданады.

      Егер бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі, олар бойынша есеп айырысу брокердің және дилердің, Басқарушының шетел валютасымен жүзеге асырылатын мәмілелерді жасауы және (немесе) әкімшілік шығыстарды төлеуі және (немесе) міндеттемелерін өтеуі үшін шетел валютасы сатып алынған жағдайда, шетел валютасын сатып алу жөніндегі мәмілелерге қатысты инвестициялық шешім қабылдау талап етілмейді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының бөлімшесі брокердің және (немесе) дилердің немесе Брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізеді, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалайды және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:

      1) тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажет ақпаратты жинау барысын ұйымдастырады;

      2) клиенттердің төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына мониторинг және талдау жасау процесін ұйымдастырады;

      3) әдіснаманы әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;

      4) тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді;

      5) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және оған бастамашылық етеді;

      6) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

      7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдер келтіретін ішкі және сыртқы факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қаржылық көрсеткіштеріне тигізген әсерінің дәрежесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалайды;

      8) осы тараудың талаптарына сәйкес бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін есептеуді жүзеге асырады;

      9) төлем қабілетсіздігінің тәуекелдерін шектеу бойынша критерийлер мен ұсыныстар әзірлейді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі келесі операцияларды жүзеге асыруға қарай сауда күнінің ішінде бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін есептеуді жүзеге асырады:

      1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) клиенттік тапсырысты орындау;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне клиенттің атынан бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінім беру;

      3) клиенттің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруға бұйрық қабылдау;

      4) клиенттің банктік шотына ақша аудару;

      5) бағалы қағаздарды номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) бұйрық қабылдау;

      6) тікелей және кері репо операцияларын ашу;

      7) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің аумағында, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде шығарған облигацияларды сатуға клиенттік тапсырысты орындау операцияларын жүзеге асыру шамасына қарай бір клиентке тәуекелдерді және тәуекелдерді жабу коэффициентінің мәндерін есептеуді жүзеге асырады.";

      75-тармақ алып тасталсын;

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Бір клиентке шаққандағы тәуекелдің мөлшері осы клиенттің брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотындағы ақша сомасын шегере отырып, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, үшінші тараптың алдындағы брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының ақша және (немесе) бағалы қағаздарды жеткізу бойынша шартты және ықтимал міндеттемелер сомасы ретінде есептеледі.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты бөлімшелерден:

      қалыптасып отырған геосаяси жағдайларға, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдауды - жарты жылдықта кем дегенде бір рет;

      эмитенттердің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын талдау, эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау қабілетіне әсер ететін ақпараттың пайда болуы туралы есептер, сондай-ақ осы эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдер- кемінде бір тоқсанда бір рет;

      портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельді талдау, шығынды позицияларды және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды талдауды – кемінде бір тоқсанда бір рет;

      инвестициялық басқаруға қабылдану болжанып отырған активтер мөлшерінің, сондай-ақ оларды орындау мерзімдері бойынша басқаруға қабылданған инвестициялық портфель (портфельдер) міндеттемелері құрылымының болжамы (ақшаның және (немесе) инвестициялық басқаруға берілген активтердің сомасы туралы ақпарат қамтылатын клиенттердің, оның ішінде инвестициялық қор пайшыларының, акционерлерінің құрылымын талдау негізінде) қамтылатын талдауды - кемінде бір тоқсанда бір рет;

      міндеттемелерді белгіленген мерзімдер ішінде өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағынын (өтімділікті) басқару жөніндегі ақпаратты - күн сайынғы негізде;

      қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді белгілеу (қайта қарау) бойынша ұсынымдар мен қорытындыларды:

      бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау көлемі бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді және осы тәуекелдердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәніне инвестициялық комитет бекіткен қаржы құралдарымен операцияларды жасауға арналған лимиттер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лимиттер шегінде ықпалын көрсете отырып, осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді - тоқсанына кем дегенде бір рет;

      "stop – loss" және "take – profit" лимиттерін – кемінде бір тоқсанда бір рет;

      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше жүргізетін талдау негізінде гэп-позиция лимиттерін - тоқсанына кем дегенде бір рет;

      клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің өтімділігін жоғалту тәуекелі бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық, қор тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны - ай сайынғы негізде;

      брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша, Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері бойынша, инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша стресс-тестинг нәтижелері - кемінде жарты жылда бір рет;

      бэк-тестинг нәтижелері – кемінде жарты жылда бір рет;

      қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті - қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуна қарай;

      инвестициялық шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты - апта сайынғы негізде алады.";

      5-қосымшаға сәйкес Бір клиентке шаққандағы ең жоғарғы тәуекелдің талдамасы (клиенттер бойынша) Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымы электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар ұғынылады:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      орталық депозитарий мәртебесі бар ұйым, осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сәйкес келетін шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде, бірінші басшыны қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғасының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет және брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет мәселелеріне бір мезгілде жетекшілік етуіне жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Брокер және (немесе) дилер өз қызметкерлерінің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түрімен байланысты лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде олардың клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) контрагенттермен және телефон байланысы құралдарын, электрондық поштаны, бейнеконференцбайланысты немесе нақты уақыт режимінде мәтіндік (дыбыстық) хабарламалармен алмасу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді, брокердің және (немесе) дилердің атына тіркелген абоненттік нөмірлерін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын және (немесе) домендік мекенжайларын пайдалана отырып, сондай-ақ Bloomberg, Reuters ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі – корпоративтік байланыс) пайдалана отырып қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген байланыс құралдарын брокер және (немесе) дилер қызметкерлерінің клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) қызметкерлердің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түріне байланысты өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде туындайтын және (немесе) қолдау көрсетілетін контрагенттермен пайдалануға жол берілмейді.

      Брокер және (немесе) дилер корпоративтік байланыс құралдары арқылы алынатын және берілетін ақпараттың жазылуын, сақталуын, конфиденциалдылығын және өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниет білдірген тұлғаның бастапқы талап етуі бойынша клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниет білдірген тұлғаның талап етуін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде танысу үшін брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарын ұсынады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Брокер және (немесе) дилер, сондай-ақ оның қызметкерлері қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлері туралы, оның ішінде бағалар, көлемдер және контрагенттер туралы расталмаған, шынайы емес немесе қателікке ұрындыратын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламайды және кез келген тәсілмен таратпайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – брокерлік шарт) жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

      Брокерлік шарт клиентті үлгі брокерлік шарттың талаптарына қосу жолымен жасалуы мүмкін.

      Үлгі брокерлік шарттың талаптарына қосылу тәртібі брокердің ішкі құжаттарында айқындалады.

      Клиентті үлгі брокерлік шарт талаптарына:

      1) заңды немесе жеке тұлға болып табылатын клиент үшін – электрондық цифрлық қолтаңбаны;

      2) жеке тұлға болып табылатын клиент үшін – биометриялық немесе серпінді сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып электрондық түрде қосуға рұқсат етіледі.

      Үлгі брокерлік шартты және оған барлық өзгерістер және (немесе) толықтыруларды брокердің және (немесе) дилердің басқару органы бекітуге тиіс және оның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Брокер және (немесе) дилер өзінің барлық клиенттерін үлгі брокерлік шартқа болжамды өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 23-2, 23-3 және 23-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "23-2. Үлгі брокерлік шарт талаптарына электрондық түрде қосылған кезде клиентпен қашықтықтан орнатылатын іскерлік қатынастар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар ескеріле отырып белгіленеді.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты электрондық түрде жасасқан және клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатқан кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжатында айқындалады.

      23-3. Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Жеке тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Брокердің және (немесе) дилердің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-қимылы олардың арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады, онда мынадай талаптар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қызметті ұсыну және алу тәртібі мен мерзімдері;

      2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері;

      3) алынатын комиссияның мөлшері, оны алу тәртібі;

      4) тараптардың жауапкершілігі, оның ішінде конфиденциалдылық режимін сақтау, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны сақтау және клиенттердің дербес деректерін қорғау бөлігінде;

      5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      6) алынған сәйкестендіру нәтижелерін және (немесе) мәліметтерді сақтау тәртібі;

      7) шағымдану тәртібі және даулы жағдайларды шешу тәсілдері.

      23-4. Қағидалардың 23-3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, сәйкестендіру құралы арқылы алынған, оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және қажет болған кезде үшінші тұлғаларға ұсынуға клиенттің келісімі негізінде брокер және (немесе) дилер клиентте бар брокердің және (немесе) дилердің құрылғыларын және (немесе) құрылғыларын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансын өткізеді. Бейнеконференция сеансының мазмұнды бөлігін (бақылау сұрақтарының тізбесі), сондай-ақ клиенттерді қашықтан сәйкестендіру кезінде брокерлер және (немесе) дилерлер көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін брокерлер және (немесе) дилерлер дербес белгілейді.

      Брокер және (немесе) дилер СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін және бейнеконференция сеансынан алынған клиенттің бейне суретін береді.

      СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесін анықтайды. Клиенттердің өтініштерінің бейнежазбалары брокерде және (немесе) дилерде сақталады.

      Фотобейнелердің биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесінің нәтижелері және СДАО қолжетімді көздерден алған клиенттің сәйкестендіру деректері брокерге және (немесе) дилерге беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Клиент брокерлік шарт жасау кезінде брокерге және (немесе) дилерге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар, мына (мыналар) туралы мәліметтерді қамтитын нотариалды куәландырылған құжат:

      номиналды ұстаушының атауы;

      құжатқа қол қою құқығы берілетін номиналды ұстаушының клиенті - заңды тұлғаның атауы;

      номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      осы құжаттағы қол қою үлгілері номиналды ұстау жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      бейрезидент мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.

      Брокер және (немесе) дилер клиентпен электрондық түрде брокерлік шартты жасау кезінде осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат деректерін және оның жеке сәйкестендіру нөмірін ұсынуға болады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Брокерлiк шарттың барлық қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентін қатарынан соңғы күнтізбелік 12 (он екi) ай iшiнде осы брокер және (немесе) дилерге уәкiлеттi орган қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, санкциялар туралы хабардар етеді. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап қатарынан соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде осы брокерге және (немесе) дилерге әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтер ұсынылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Брокер және (немесе) дилер, брокер ретінде іс-әрекет жасай отырып, клиенттің мүддесін өз мүддесінен, өз қызметкерлерінің, акционерлерінің және үлестес тұлғалардың мүдделерінен басым қояды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Клиенттік тапсырысты кейіннен брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес клиенттік тапсырыстардың тізілімін толтыру және жүргізуімен телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы беруіне рұқсат етіледі. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы қабылдаған кезде аудиотехника немесе арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, клиентпен не клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы беруге уәкiлеттi оның өкiлiмен сөйлесудің жазбасы (бұдан әрі - телефон немесе бейнежазба) жүзеге асырылады.

      Клиенттік тапсырыстың телефон немесе бейнежазбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы;

      2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрі;

      3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуға тиіс қаржы құралы түрі (эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралының коды және (немесе) ISIN);

      4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны және (немесе) көлемі, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы;

      5) осы Қағидаларда және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстың түрі, оның ішінде лимиттік, нарықтық, буферлік клиенттік тапсырыс;

      6) клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;

      7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және уақыты (сағат пен минут форматында);

      8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) мәмілені тиісті түрде жасауға қажетті, брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген мәліметтер (бар болса).

      Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінде көзделген клиенттік тапсырыстар тізілімінің деректері телефон немесе бейнежазба деректеріне сәйкес келмеген кезде брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентінің іс-қимылы брокерлік шартта айқындалады.

      Брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдарымен қабылдаған кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалады және онда клиентті мынадай ақпарат бойынша сәйкестендіру де қамтылады:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және код сөзі (егер код сөзін пайдалану мүмкіндігі осы жеке тұлғамен жасалған брокерлік шартта көзделген жағдайда);

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса), заңды тұлғаның клиенттік тапсырысты беретін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы.

      Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін айқындайды және ішкі құжаттарға сәйкес олардың есебін жүргізеді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:

      1) клиенттік тапсырыс мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;

      2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;

      3) егер клиенттік тапсырысқа брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңба үлгісі қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырысқа қол қою құқығына ие заңды тұлғалар өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде;

      4) телефон байланысының құралдары арқылы клиенттік тапсырыс берген кезде осы Қағидаларға, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалған талаптарға және тәртіпке сәйкес клиентті сәйкестендіруге мүмкін болмаған жағдайда;

      5) брокерлік шартында және брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдамайды.

      Қағидалардың осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай жасалуға болжанған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2000 (екі мың еселік) мөлшерін айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 20 000 (жиырма мың еселік) айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.

      Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген клиенттік тапсырысты қабылдаудан бас тартуы үшін негіз электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда, оның ішінде SWIFT, Bloomberg, Reuters жүйелерін пайдалана отырып, берілген клиенттік тапсырыстарға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 45-2-тармақпен толықтырылсын:

      "45-2. Банк болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер клиенттердің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған банк шоттарына есептеу үшін клиенттерден қолма-қол ақша қабылдамайды.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Брокерге және (немесе) дилерге 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі есеп айырысу кезеңімен мәмілелер жасасуға рұқсат етіледі, бұл ретте мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерін орындаған жағдайында мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткізу бойынша міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу бойынша қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық контрагенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша орталық депозитарий немесе шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.";

      49-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-1. Брокер және (немесе) дилер 3 (үш) жұмыс күніне дейін есеп айырысу кезеңімен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен мәмілелерді:

      1) "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша;

      2) клиринг ұйымының және (немесе) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін қолданумен, қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген қағидаттар мен әдістер бойынша жасайды.";

      49-2-тармақ алып тасталсын;

      53 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. "Репо" операциялары, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің меншік ақшасының есебінен не брокерлік шарт шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәміленің нысаны болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не сату міндеттемесін көздейтін "репо" операциялары болып табылмайтын операциялар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге (көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалады.";

      54, 55 и 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің ең төменгі құны жасалған маржалық мәмілелер болған кезде маржаның шектеулі деңгейін ескермей, тұрақты түрде қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер осы клиенттің тапсырмасы бойынша "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" ашудың барлық операциялары сомасынан отыз пайыздан кем емес мөлшерді құрайды.

      Қағидалардың осы тармағында клиенттің активтері ретінде мыналар танылады:

      ақша;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      "Standard & Poor 's" агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В –" - тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар.

      Осы тармақтың талаптары орталық контрагенттің қызметтерін қолдана отырып, қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" операцияларына қолданылмайды.

      55. Брокер және (немесе) дилер ол бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындаған жағдайында мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған кезде жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақтың бірінші бөлігі осы клиентке тәуекелді сипаттайтын көрсеткіштің мәні № 214 қаулының талаптарына сәйкес келген кезде орталық контрагенттің қызметтерін пайдалана отырып жасалатын және (немесе) клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде жасалатын мәмілелерге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздармен жасаған мәмілелерге қолданылмайды.

      Егер мәміле нысаны болып табылатын бағалы қағаздар немесе ақша брокердің және (немесе) дилердің немесе есеп айырысулар жүргізу сәтіне дейін бұрын жасалған мәміленің негізінде оның клиентінің шотына есепке жазылатын болса, мәміле жасасу сәтіне брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған жағдайда ол бойынша есеп айырысу мәміле жасаған күннен кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәміле жасауға рұқсат етіледі.

      56. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi осы қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткiзу" қағидаты бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы, мәміленің бір тарабының қаржы құралдарын жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу бойынша қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық контрагенттің қызметтерін пайдаланусыз мүмкін болмауы талаптарымен жасайды.";

      57, 58-тармақтар алып тасталсын;

      63-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы болған кезде (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде) Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының мақсатында валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк болып танылады.

      Валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк ретінде танылатын брокер және (немесе) дилер қолма-қол емес нысанда шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша мәмілелерін (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес валюталық своп операцияларына жататын мәмілелерді қоспағанда) жасайды:

      1) меншікті активтер есебінен;

      2) активтер есебінен және өз клиенттерінің тапсырмасы бойынша;

      3) басқаруындағы активтердің есебінен (брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен қоса атқарған кезде).";

      63-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-7. Брокер және (немесе) дилер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      2) жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау;

      4) төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында банктік қарыз операциялары;

      5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары.

      Брокер және (немесе) дилер банк заңнамасына, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамаға және валюталық заңнамаға сәйкес осы тармақта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.";

      63-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-8. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер білікті инвесторлар болып табылған жеке тұлға - клиенттерге уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде Қағидалардың 63-9-тармағында көзделген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сатып алу мақсатына ғана төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында қарыз береді.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қарыздар білікті инвестор болып табылатын әрбір жеке тұлға - клиентке қатысты он миллион теңгеден аспайтын сомаға беріледі.

      Осы тармақтың талаптары Қағидалардың 6-тарауында көзделген маржалық мәмілелер жасаған кезде қолданылмайды.";

      63-10-тармақ алып тасталсын;

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:

      1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

      2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

      3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

      4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

      5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

      6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

      7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;

      8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

      9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

      10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

      11) клиенттердің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттер есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар;

      12) валюталық шарттар.

      Осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

      Осы тармақта аталған журналдарды электрондық құжат нысанында жүргізуге рұқсат беріледі.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәміле жасап, жасалған мәмілені орындау туралы, сондай-ақ халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағалардың барынша жоғары және барынша төмен мәнін және мәмілені жасау күні мен уақытына осы бағалы қағаздарға нарықтық баға белгілеу параметрлерін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінен алынған ақпарат не мұндай баға белгілеулер болмаған жағдайда, қарсы әріптестердің пошта, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған ұсыныстары қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеуді растайтын құжат ретінде танылады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Егер бұл брокерлік шартта және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжатында көзделген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды немесе қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелерін жасайды, брокер және (немесе) дилер олар бойынша есеп айырысуларды брокердің және (немесе) дилердің қайтарымдылық және төлемділік талаптарымен клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды (бұдан әрі - маржалық мәмілелер) пайдалана отырып жасайды.

      Бұл ретте брокерлік шарт көрсетілген ақшаны, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемелерді орындау талаптары мен тәртібін, тараптардың жауапкершілігін, сондай-ақ маржалық мәмілелерді жасау талаптарын қамтиды.

      Маржалық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болады:

      брокердің және (немесе) дилердің клиентке ақша, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды беру мерзімі;

      брокердің және (немесе) дилердің маржалық мәмілені жасау үшін клиентке беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны;

      клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны не клиент осы қамтамасыз ету ретінде брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстаудың есепке алу жүйесінде ашылған клиенттердің жеке шоттарында және (немесе) брокер және (немесе) дилер клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін арналған банктік шоттарда ескерілетін клиенттің активтерін беретініне нұсқау;

      клиент Қағидалардың 80-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша немесе шетел валютасы немесе бағалы қағаздар есебінен қаржы құралдарын нарықтық бағасы бойынша және осы міндеттемелерді орындау үшін қажет санында сатып алуға (сатуға) нұсқау.";

      71-тармақ алып тасталсын;

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Клиенттің маржалық мәміле бойынша міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:

      1) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұлттық шқаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) шетел валютасында номиналданған және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары;

      3) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, шетел валютасында номиналданған және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      6) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары;

      7) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің ұлттық валютадағы ақшасы және шетел валютасы;

      8) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      9) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce немесе Fіtch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акциялар қабылданады.";

      75-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-1. Егер Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің бағалы қағаздары маржалық мәміле жасау мәні болып табылатын болса, бұл бағалы қағаздар мынадай есептік көрсеткіштердің (индекстердің) біреуінің құрамына кіреді:

      AІX (Astana Іnternatіonal Exchange);

      САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex);

      DAX (Deutscher Aktіenіndex);

      DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex);

      FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex);

      HSІ (Hang Seng Іndex);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex);

      MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex);

      MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex);

      NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex );

      RTSІ (Russіan Trade System Іndex);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex);

      TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex);

      Брокерге және (немесе) дилерге "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 Бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көрсетілген елдердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздармен мәміле жасау үшін клиентке ақшалай қаражат беруге рұқсат етілмейді.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер клиенттің барлық маржалық мәмілелері үшін маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      МД – брокер және (немесе) дилер маржалық мәмілені жасау үшін клиентке ақша, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды берген кезде есептелетін маржа деңгейі;

      АСк – клиент маржалық мәмілені жасау үшін қамтамасыз ету ретінде ұсынатын ақша, шетел валютасының сомасы және (немесе) бағалы қағаздар құны;

      БҚҚк – маржалық мәмілені жасау нәтижесінде алынған не сатылған клиенттің бағалы қағаздарының немесе шетел валютасының ағымдағы нарықтық құны.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған және халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтары үшін оның клиенттеріне қатысты маржаның шектеулі деңгейін есептеу тәртібі мен мәнін, маржалық мәмілелерді жасау кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару тәртібін қоса алғанда, осындай мәмілелер жасау тәртібін қамтитын ішкі құжат, маржалық мәмілелерді жүзеге асыруға бағдарламалық-техникалық жабдыққа талаптар, сондай-ақ Қағидаларда белгіленген маржалық мәмілелерді жасауға талаптар болмаған жағдайда маржалық мәмілелерді жасамайды.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе клиенттің қамтамасыз етуді құрайтын ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды Қағидалардың 70-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін маржалық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырыс негізінде жүзеге асырады.".

      7. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашуды жеке шотты ашуға арналған бұйрықтың, адамның жеке басын куәландыратын құжаттың және номиналды ұстау туралы шарттың негізінде жүзеге асырады.

      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы (номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда) куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысанда жеке шот ашуға бұйрық беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және оның жеке сәйкестендіру нөмірі қоса беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашуды мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

      1) жеке шотты ашуға арналған бұйрық;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;

      3) номиналды ұстау туралы шарт;

      4) Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға үшін:

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің мыналар туралы мәліметтер қамтылатын нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері бар құжат:

      номиналды ұстаушының атауы;

      құжатқа қол қоюға құқық беретін, номиналды ұстаушының клиенті -заңды тұлғаның атауы;

      номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      осы құжаттағы қол қою үлгілері номиналды ұстау жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығына нұсқау;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлға үшін:

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің қол қою үлгілері бар құжат;

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін растайтын заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаттары немесе шешімдері.

      Номиналды ұстау жүйесінде заңды тұлғаға екі және одан да көп жеке шот ашылған жағдайда, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында атап көрсетілген құжаттар бірінші жеке шот ашылған кезде ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Номиналды ұстаушы орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жылына кемінде бір рет номиналды ұстаушының есепке алу жүйесіндегі клиенттер туралы деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі осындай клиенттер туралы деректермен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытындылары бойынша номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде клиент туралы деректердің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мұндай клиент туралы деректермен айырмашылықтар анықталған жағдайда номиналды ұстаушы оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиент туралы деректерді жаңарту және өзінің есепке алу жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін айқындайды, одан кейін мұндай клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте, мерзімде және тәсілмен орталық депозитарийден алынған ақпараттың негізінде оның деректерін жаңартқан жағдайда хабарлама жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында бас тартуды мынадай:

      1) бұйрықтардағы қолтаңбалардың нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмеген;

      2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаған;

      3) бұйрықтар деректемелерінің Қағидаларда белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың (қосалқы шоттың) деректемелеріне сәйкес келмеген;

      4) бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқығы) және (немесе) клиенттердің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшаның қажетті саны болмаған;

      5) мәміле мазмұны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмеген;

      6) клиент мәмілені тіркеу үшін белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті орган ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берген келісімді растайтын құжатты ұсынбаған;

      7) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздардың айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімі болған;

      8) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланған;

      9) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына) ауыртпалық салынған;

      10) бұйрық қабылданған сәтте және (немесе) осы бұйрықтың қолданылу кезеңінде клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткен;

      11) номиналды ұстаушының ішкі құжатында көзделген жағдайларда рәсімдейді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлғаның ол жөніндегі мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      Номиналды ұстаушы клиенттерінің бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған ақшасын номиналды ұстаушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотынан оның орталық депозитарийде ашылған корреспонденттік шотына аударған жағдайда, бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған бағалы қағаздар ұстаушыларының банктік деректемелерін өзгерту бөлігінде ұстаушы туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операция осы номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің талаптары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиент туралы деректерді СДАО немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро ұсынатын ақпараттағы мұндай клиенттер туралы деректермен салыстырып тексеру аясында жүргізілетін орталық депозитарийдің клиенттер туралы деректерді жаңартуы жағдайларына қолданылмайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;

      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

      5) бағалы қағаздардың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);

      6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны;

      7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер (операциялар) түріне берілген нұсқау;

      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

      9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) бағасы немесе мәміле сомасы туралы мәліметтер;

      10) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген мәліметтер осы бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын көздемейтін (эмитенттің бір эмиссиялық бағалы қағаз бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығы), сондай-ақ бағалы қағаздарды сыйға тарту және мұраға алумен байланысты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бағалы қағаздар ұстаушыларының бағалы қағаздарды есептен шығару және есепке жазу (эмитенттің бір эмиссиялық бағалы қағаз бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) операцияларын жүргізу туралы бұйрықтарында көрсетілмейді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу жөніндегі бұйрыққа мәмілеге қатысушы адам немесе оның өкілі немесе Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайда номиналды ұстаушы қол қояды.

      Инвестициялық пай қорының ақпараттық операцияларын қоспағанда, басқарушы компанияның пайлармен операцияны жүргізу жөніндегі бұйрығына оның өкілі қол қояды, сондай-ақ инвестициялық пай қоры активтерінің есебін қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не ақпараттық операцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында пайлармен операциялар жүргізу жөніндегі инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның бұйрығын өзінің растайтынын номиналды ұстаушыға жіберу арқылы кастодиан растайды.

      Кастодианның басқарушы компанияның бұйрығын растаудың нысаны мен мазмұны номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.

      Номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда электрондық құжат нысанындағы немесе клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысандағы, сондай-ақ SWIFT, Bloomberg, Reuters жүйелерін пайдалану арқылы бұйрықтарды беруге рұқсат етіледі. Бұйрықтарды берудің тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.";

      44-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-3. "Репо" операциялары орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында айқындалған тәртіппен тіркеледі.";

      44-4, 44-5 және 44-6-тармақтар алып тасталсын;

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотын жабу бойынша операцияны номиналды ұстаушы:

      1) клиенттің жеке шотты жабуға бұйрығының негізінде;

      2) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке активтер қайтарылған кезде жүргізеді.

      Егер осы шешім осы ұстаушымен жасалған номиналды ұстау туралы шарттың талаптарына қайшы келмесе, номиналды ұстаушының атқарушы органының шешімі негізінде соңғы он екі ай ішінде осы жеке шотта бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) болмаған кезде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотын жабуға жол беріледі.

      Заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция оларға қатысты банкроттық және тарату рәсімі аяқталған және мұндай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      Номиналды ұстаушы қайтыс болған деп танылған не қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғаның жеке шотын мұндай жеке шотта бағалы қағаздар болмаған жағдайда қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жабады.

      Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты жабылған кезде клиентке осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысан бойынша тиісі хабарлама жолданады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары) немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

      Номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушының өкімі (бұйрығы) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысанда жасалып, беріледі.".

      8. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12998 тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Күдікті мәміле туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде жасалады және уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18169 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысымен бекітілген Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларында айқындалған мерзімде, сондай-ақ оның сандық құрамы жіберіледі.".

      9. "Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12999 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор биржасы тоқсанына кемінде бір рет тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының саясатында көзделген тәртіпте тәуекелдердің негізгі түрлері (қор биржасының қаржы құралдарына инвестицияланған активтері бойынша баға тәуекелі, пайыз тәуекелі, операциялық тәуекел, валюта тәуекелі) бойынша стресс-тестинг жүргізеді.

      Сауда саттықты ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг қор биржасының сауда-саттық жүйесін қосылатын пайдаланушылар саны, ақпараттар ағынын өткізу қабілеттілігі, өтінімдер беру және мәмілелер жасау жылдамдығы, негізгі және (немесе) қосалқы серверлерде сауда-саттық жүйесі компоненттерінің істен шығуы кіретін сауда-саттық жүйесі элементтерінің стресстік жағдайларға модельдеуге тестілеу арқылы жүргізіледі.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7.1 Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында айқындалған тәртіппен ресімделеді, және стресс-тест сценарийінің сипатын, таңдалған стресс-тест сценарийінің негіздемесін және стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды қамтиды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы қор биржасы қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде операциялар жүргізу практикасының болу, сауда жүйесінің жұмыс істеу жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.

      Қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметіне тән тәуекелдерді бақылауды, мониторингін және оларды барынша азайтуды қамтамасыз етеді.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қор биржасының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен сауда-саттық процесінің бұзылуына әкелген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы ақпаратты олар басталған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      41. Тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының бөлімшесі тоқсан сайын директорлар кеңесі мен басқармаға тәуекелдердің туындауы оқиғаларының саны және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде келтірілген залалдардың мөлшері туралы мәліметтер кіретін есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өзін, сондай-ақ олардың туындауынан болатын салдарларды азайту бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады.".

      10. "Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13310 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық операция – номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі операция, мыналар бойынша:

      клиенттің жеке шотынан үзінді-көшірме беру;

      жүргізілген операциялар туралы есеп беру;

      клиенттің сұратуы бойынша басқа есептер дайындау және беру;

      2) аутентификация – брокер белгілеген қауіпсіздік рәсімін пайдалану жолымен клиенттің жеке басын, электрондық құжат жасаудың түпнұсқалылығын және дұрыстығын растау;

      3) биометриялық сәйкестендіру – "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, клиенттің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде электрондық көрсетілетін қызметтерді алуға құқықтарын бір мәнді растау мақсатында оның жеке басын анықтау рәсімі;

      4) брокердің сауда платформасы – қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) халықаралық бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен операциялар туралы, қор биржасының сауда жүйесінде шетел валютасымен операциялар (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қатысты), клиенттің бағалы қағаздарының портфелі және өзге де қаржы құралдары туралы ақпарат, өзге де ақпарат алуды, сондай-ақ клиентке электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, брокердің бағдарламалық және техникалық құралдарының жиынтығы;

      5) брокердің ішкі қағидалары – брокердің электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері белгіленетін, брокердің электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптары, қауіпсіздік рәсімдерінің сипаттамасы, ұйымдастыру шаралары және брокердің электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар қамтылатын брокердің қағидалары;

      6) бір реттік (біржолғы) код – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдар арқылы жасалатын және клиентке брокердің электрондық көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну кезінде біржолғы пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей жүйелілігі;

      7) жеке кабинет – ол арқылы клиент брокерге электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тапсырма жіберетін, электрондық көрсетілетін қызметтерді алатын брокердің сауда платформасындағы интерактивті сервис;

      8) жеке шот бойынша операция – номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі операция, мыналар бойынша:

      жеке тұлғаға жеке шот ашу;

      клиент туралы мәліметтерді (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) өзгерту;

      клиенттің шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке алу);

      клиенттің жеке шоттарынан (шоттарына) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есептен шығару (есепке алу);

      бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығына) ауыртпалық салу және ауыртпалықты алу;

      сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды жою;

      9) клиент – брокермен электрондық көрсетілетін қызметтердің талаптары мен тәртібін қамтитын брокерлік қызмет ұсыну туралы шартты жасаған жеке немесе заңды тұлға;

      10) клиентті динамикалық сәйкестендіру – бір реттік (бір жолғы) немесе көп реттік кодты пайдалану арқылы оның электрондық көрсетілетін қызметтерді алу құқығын бірыңғай растау мақсатында клиенттің жеке басын растауды белгілейтін рәсім;

      11) клиенттің тапсырмасы - электрондық құжат нысанында немесе өзге электрондық цифрлық нысанда жасалған, клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы куәландырылған клиенттің брокерге электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға нұсқаулығы;

      12) көп реттік код – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдар арқылы жасалатын және клиентке брокердің электрондық көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну кезінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде көп реттік пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей жүйелілігі;

      13) қауіпсіздік рәсімі – клиенттің электрондық көрсетілетін қызметтерді алу құқығын белгілеу және клиенттің берілетін және алынатын тапсырмаларының мазмұнындағы қателерді және (немесе) өзгерістерді анықтау мақсатында клиенттің тапсырмаларын жасау, беру және алу кезінде клиентті сәйкестендіруге арналған ұйымдастыру шараларының және бағдарламалық-техникалық ақпарат қорғау құралдарының кешені;

      14) қор биржасының сауда жүйесі – осы қор биржасының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен оларды пайдалана отырып мәмілелер жасалатын, қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және өзге қажетті активтер мен рәсімдердің кешені;

      15) сауда операциясы - брокер клиенттің тапсырмасына сәйкес мыналар бойынша жүзеге асыратын операция:

      қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) халықаралық бағалы қағаздар нарығында брокердің сауда платформасы арқылы жүзеге асырылатын қаржы құралдарын сатып алу немесе сату;

      қаржы құралын сатушы мен сатып алушы арасында "төлемге қарай жеткізу" қағидаты бойынша есеп айырысуды көздейтін ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралын сатып алу немесе сату;

      қор биржасының сауда жүйесінде брокердің сауда платформасы арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату;

      клиенттің шотынан (шотына) ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке алу);

      16) сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) – клиенттерді сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша брокерлермен және (немесе) дилерлермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығы;

      17) электрондық көрсетілетін қызметтер – брокер сауда операцияларын, жеке шот бойынша операцияларды және (немесе) ақпараттық операцияларды жүзеге асыру бойынша клиентке брокердің сауда платформасы арқылы ұсынатын қызметтер, сондай-ақ брокер Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және брокердің ішкі қағидаларына сәйкес ұсынатын өзге де қызметтер.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Брокер электрондық көрсетілетін қызметтерді клиентке ұсынған кезде сауда операцияларын, жеке шот бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, клиенттің тапсырмасы негізінде және (немесе) клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жеке тұлға болып табылатын клиентті қашықтан сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде СДАО және (немесе) мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Клиентті биометриялық сәйкестендіру құралы ретінде мобильдік құрылғылар (смартфондар) функцияларын немесе клиенттің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін салыстыруға мүмкіндік беретін қосымшаларды пайдалану физиологиялық және биологиялық ерекшеліктер деректерін СДАО-мен және (немесе) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен салыстыруды жүргізбей клиенттің жеке басын растау болып табылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Брокердің сауда платформасы:

      1) сауда операцияларын, жеке шот бойынша операцияларды және (немесе) ақпараттық операцияларды жүзеге асыруды;

      2) сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде мазмұны Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларымен, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібімен (бұдан әрі - № 9 Қағидалар) белгіленген деректемелерден тұратын клиенттік тапсырмаларды қалыптастыруды;

      3) клиенттік тапсырмалардың орындалуы туралы есептерді қалыптастыру;

      4) мазмұны Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен (бұдан әрі – № 210 қағидалар) бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында ақпаратты қамтитын клиенттің бұйрықтарын қалыптастыру;

      5) № 210 қағидалардың 49-бабымен белгіленген мәліметтерден тұратын клиенттің жеке шотынан үзінді-көшірмені қалыптастыруды;

      6) жүргізілген операциялар туралы есептер және клиенттің сұратуы бойынша басқа есептерді қалыптастыруды;

      7) Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда клиенттің тапсырмасын орындаудан бас тартуды қалыптастыруды;

      8) өзгертілетін деректердің сақталуы және клиентті іздеу, оның ішінде бұрынғы деректер бойынша; барлық сауда операциялары, брокер клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы өзгерген кезде бүкіл кезең үшін жеке шот бойынша операциялар және (немесе) ақпараттық операциялар бойынша ақпараттың сақталуын;

      9) ақпаратты жеке сұрату бойынша және кез келген критерийлер бойынша сұратуды сақтаумен іздеу, сондай-ақ кез келген параметрлер бойынша ақпаратты іріктеу және алдыңғы күн үшін ақпаратты қарау мүмкіндігін;

      10) барлық операция бойынша ақпаратты өңдеу және қысқартусыз күндер бойынша сақтауды көздейді.

      Брокердің ішкі қағидаларымен және (немесе) шартпен брокер сауда платформасы арқылы ұсынатын қосымша электрондық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай қызметтерді беру талаптары және тәртібі белгіленуі тиіс.".

      11. "Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13314 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға және орталық контрагенттің тәуекелдер мониторингі, бақылау және басқару талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орталық контрагент Талаптардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдердің түрлері бойынша орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында көзделген тәртіппен тоқсанына кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді.

      7. Талаптардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер бойынша стресс-тестинг нәтижелері орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және стресс-тест сценарийінің сипатын, таңдалған стресс-тест сценарийінің негіздемесін және стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды қамтиды.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Орталық контрагентте тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы орталық контрагент қызметінің корпоративтік басқару талаптарына сәйкес келуін, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын көздейді.

      Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметіне тән тәуекелдерді бақылауды, мониторингтеуді, сондай-ақ барынша азайтуды қамтамасыз етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Резервтік, кепілдік беру қорларын, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:

      1) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларының, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарының және өзге де қамтамасыз етуінің мөлшерлерін айқындау және бағалау әдістемесі;

      2) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін, клирингтік қатысушылардың орталық контрагенттің кепілдік беру қорына жарналарды төлеу, орталық контрагенттің резервтік қорын қалыптастыру тәртібі мен шарттары;

      3) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларынан төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;

      4) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларының активтерін:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;

      "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корпоративтік облигацияларға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің квазимемлекеттік борыштық бағалы қағаздарына инвестициялау тәртібі мен шарттары;

      5) маржалық жарналарды төлеу үшін және (немесе) өзге де қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "BB-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздарына (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);

      "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;

      СВОП операцияларына;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі депозиттерге;

      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге инвестициялау тәртібі мен шарттары.

      Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құралдардың тізбесі орталық контрагент клирингтік қатысушылардың береуінің міндеттемелерді орындамау фактісін реттеу мақсатында қаржы құралдарын сатып алған жағдайда қолданылмайды.";

      39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі орталық контрагенттің оның клиенттері алдындағы міндеттемелерді орындаудың бұзылуын туғызған техникалық іркілістер және жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға аталған бұзушылықтар туындаған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      40. Орталық контрагенттің директорлар кеңесі осы Талаптардың 39-тармағында көрсетілген жағдайлар туралы ақпаратты уәкілетті органға аталған бұзушылықтар туындаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей беруді қамтамасыз етеді.

      41. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі туындаған тәуекелдер жағдайының саны және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде шеккен зиянның мөлшері туралы директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өзін, сол сияқты олар туғызған салдарларды азайту бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылады.".

      12. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы №54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) осы бағалы қағаздар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізіледі, не егер депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар болып табылса, базалық активі болып табылатын осы депозитарлық қолхаттар немесе акциялар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне алдын ала енгізіледі;

      2) осы бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпаратты ашу заңды тұлға ретінде осы қор биржаларының тіркелген елінің заңнамасына және осы қор биржаларының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, осы депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;

      3) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар, оның ішінде депозитарлық қолхаттар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.

      Осы тармақшаның талабы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздарына қолданылмайды.

      39. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу (айналысқа жіберу) және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы Талаптардың 38-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамай қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) егер бұл бағалы қағаздар айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар болып табылса;

      2) егер бұл бағалы қағаздар "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында "Аралас" алаңында айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары болып табылса.

      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі қор биржасының iшкi құжаттарында белгіленеді;

      3) "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында "Аралас" алаңында айналысқа жіберілетін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын қоса алғанда, егер бұл бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылса;

      4) егер бұл бағалы қағаздар Талаптардың 8-тармағының 4) тармақшасына, 14-тармағының 3) тармақшасына және 36-тармағының 6) тармақшасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін қандай да бір секторларға айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар болып табылса;

      5) егер бұл бағалы қағаздардың эмитенті қор биржасы болып табылса;

      6) егер бұл бағалы қағаздардың эмитенті кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылса.

      7) егер Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды орындау мақсатында қор биржасының ресми тізіміне енгізуге қор биржасының келісімі талап етілсе.".

      13. "Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 қаулысына (Тізілімде 16229 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Депозиттік сертификаттар бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды эмитент банк не орталық депозитарий қағидаларының жиынтығында көзделген тәртіппен орталық депозитарий жүзеге асырады.".

      14. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген, 2018 жылғы 06 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге, эмитенттерге және номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашылады.

      Жеке шотты ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізеді.

      Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Жеке немесе заңда тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Орталық депозитарийдің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-қимыл ету Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында көзделген талаптармен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Орталық депозитарий тоқсанына кемінде бір рет орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған өз клиенттері туралы деректерді СДАО-ның немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалана отырып орталық депозитарий осындай клиенттер туралы алып отыратын ақпаратпен салыстырып тексеруді орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытыныдысы бойынша тіркелген тұлға туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған кезде деректерді өзектендіру және тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған жеке шоттар бойынша тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін орталық депозитарий ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен айқындайды, содан кейін осы тұлғаға СДАО-ның немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалана отырып, алынған ақпарат негізінде оның деректері жаңартылған жағдайда хабарламаны орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіппен, мерзімде және тәсілмен жібереді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жеке шотта қамтылған тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын орталық депозитарий осы өзгерістерді растайтын құжаттар және (немесе) тіркелген тұлғадан, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясынан алынған ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Жеке шотта қамтылған пайларды ұстаушы болып табылатын тіркелген тұлға туралы мәліметтерді (жеке тұлға тегінің, атының, әкесі атының (ол бар болса) және (немесе) заңды тұлға атауының өзгергені туралы мәліметтерді қоспағанда) өзгерту операциясы, егер ол инвестициялық пай қорының қағидаларында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен көзделсе, осы өзгерістерді растайтын, басқарушы компания орталық депозитарийге берген тіркелген тұлғаның құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың талаптары Қағидалардың 4-1-тармағында көзделген тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтер өзгерген жағдайларға қолданылмайды.".

      15. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметін пайдалануға жол беріледі.

      Жеке тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалануға жол беріледі.

      Орталық депозитарийдің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-әрекет жасауы олардың арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады, шартта мына талаптар қамтылған, алайда олармен шектелмейді:

      1) қызметті ұсыну және алу тәртібі мен мерзімі;

      2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері;

      3) алынатын комиссияның мөлшері, оны алу тәртібі;

      4) тараптардың жауапкершілігі, оның ішінде конфиденциалдылық режимін сақтау, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны сақтау және клиенттердің дербес деректерін қорғау бөлігіндегі жауапкершілігі;

      5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      6) алынған сәйкестендіру нәтижелерін және (немесе) мәліметтерді сақтау тәртібі;

      7) талаптарды қою тәртібі және даулы жағдайларды шешу тәсілдері.

      14-2. Қағидалардың 14-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, сәйкестендіру құралы арқылы расталған, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және ұсынуға алынған клиенттің келісімі негізінде орталық депозитарий клиентте бар орталық депозитарийдің құрылғыларын және (немесе) құрылғыларын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансын өткізеді. Бейнеконференция сеансының мазмұнды бөлігін (бақылау сұрақтарының тізбесі), сондай-ақ клиенттерді қашықтан сәйкестендіру кезінде орталық депозитарий көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін орталық депозитарий дербес белгілейді.

      Орталық депозитарий СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін және бейнеконференябайланысы сеансынан алынған клиенттің бейне суретін береді.

      СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесін анықтайды.

      Клиенттердің өтініштерінің бейнежазбалары (бейнеконференябайланысы сеансының жазбалары) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде клиенттің дербес шоты (қосалқы шоттары) жабылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде орталық депозитарийде сақталады.

      Фотобейнелердің биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесінің нәтижелері және СДАО қолжетімді көздерден алған клиенттің сәйкестендіру деректері орталық депозитарийге беріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында мынадай қосалқы шоттар:

      1) депоненттің атына ашылатын және депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депоненттің атына ашылатын сатып алынған меншікті бағалы қағаздарды есепке алу үшін және депонент қайталама бағалы қағаздар нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      3) депоненттің атына ашылатын жарияланған бағалы қағаздарын есепке алу үшін және осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      4) депонент клиентінің атына ашылатын және депоненттің белгілі бір клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты.

      Қағидалардың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның жеке шотында ашылатын ұстаушының қосалқы шоты осы заңды тұлғаның клиентіне клиенттің аты көрсетіле отырып не ондайсыз (осы шоттың заңды тұлғаның клиентіне тиесілілігі туралы белгімен) оның өтініші негізінде ашылады;

      5) номиналды ұстаушының атына ашылатын және номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты.

      Номиналды ұстаушының қосалқы шоты:

      шетелдік депозитарийге немесе шетелдік кастодианға олардың клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған олардың жеке шотында;

      номиналды ұстаушы – депоненттің клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидентіне;

      номиналды ұстаушы – кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентіне басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының листингіндегі қаржы құралдарын есепке алу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға ашылады;

      6) эмитенттің атына ашылатын және эмитент қайталама бағалы қағаздар нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шоты;

      7) эмитенттің атына ашылатын және осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шоты ашылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2 -тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Орталық депозитарий тоқсанына кемінде бір рет орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өзінің клиенттері туралы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған деректерді осындай клиенттер туралы орталық депозитарий СДАО-ның немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалана отырып алатын ақпаратпен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша клиент туралы деректерде айырмашылық анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы деректерді жаңарту және өзінің есепке алу жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін айқындайды, одан кейін осындай клиентке оның деректері СДАО-ның немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалана отырып алынған ақпараттың негізінде жаңартылған жағдайда орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және тәсілмен хабарлайды.

      20-2. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен жылына кемінде бір рет клиенттер туралы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған деректерді осындай клиенттер туралы, номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде қамтылған деректермен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиент туралы деректердің айырмашылық анықталған кезде номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі осындай клиент туралы деректермен айырмашылық анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы деректерді жаңарту және өзінің есепке алу жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін айқындайды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша орталық депозитарий номиналды ұстаушыға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиент туралы деректердің жаңартылғаны не номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі осындай деректерді жаңарту қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны орталық депозитарий оның қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және тәсілмен жібереді.";

      40-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің маңызды деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда ірі акционер қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларын төлеуге арналған ақша талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шотқа аударылады.

      Қоғамда немесе бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде акционердің маңызды деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шотқа жүзеге асырылады.

      Қоғамда немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің маңызды деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда қоғамның артықшылық акциялары бойынша дивидендтер төлеу дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шотқа жүзеге асырылады.";

      40-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-3. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер өзекті деректемелері жоқ қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеу үшін осы тұлға бірмезгілде орталық депозитарийге қоғамның акцияларын сатып алу бұйрығын береді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа қажетті ақша сомасын аударады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұйрыққа акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған ірі акционерге сату бағасын растайтын құжат қоса беріледі.

      Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес акциялары ірі акционерге сатылған акционер болып табылатын тұлғаның талап етуі бойынша орталық депозитарий осындай талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттың көшірмесін ұсынады. Орталық депозитарий оның қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда құжаттың көшірмесін бергені үшін ақы алады, ол оны дайындауға жұмсалған шығыстардан аспауға тиіс.".

      16. "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18169 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сараптама комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай қатыса отырып, сырттай немесе аралас түрде өткізіледі.

      Сараптама комитетінің отырысын өткізуге арналған кворум оның мүшелерінің кемінде үштен екісін құрайды. Сараптама комитетінің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама комитеті төрағасының дауысы шешуші болып табылады

      Сараптама комитетінің шешімдері отырысқа қатысқан сараптама комитеті мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

      Сырттай дауыс беру арқылы шешім белгіленген мерзімде алынған бюллетеньдерде кворум болған жағдайда, егер сараптама комитеті мүшелерінің жай көпшілік дауысымен шешім қабылданса, қабылданды деп танылады

      Сырттай дауыс беру отырысқа қатысқан сараптама комитеті мүшелерінің дауыс беруімен (аралас дауыс беру) бірге қолданылуы мүмкін. Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын кворумды анықтау кезінде сараптама комитетінің отырысын өткізгенге дейін ұсынылған сырттай дауыс берген сарапшылар комитеті мүшелерінің бюллетеньдері ескеріледі.

      Сараптама комитетінің шешімдері сараптама комитетінің төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамамен және сараптама комитетінің отырысын өткізгеннен кейін бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде және дауыс беруге қатысқан сараптамалық комитетінің барлық мүшелері қол қойған сараптамалық қорытындымен ресімделеді.

      Қаралатын күдікті мәмілелердің тараптары қалауы бойынша аталған мәмiлелердi жасау мән-жайларын түсiндiру мақсатында сараптама комитетінің отырысына қатысуға тілек білдіру бойынша қатыса алады. Қаралатын күдікті мәмілелердің тараптары сараптама комитетінің отырысына қатысуға ниет білдірген кезде сараптама комитетінің отырысы күндізгі немесе аралас нысанда өткізіледі. Сараптама комитетінің отырысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда, қаралатын күдікті мәмілелердің тараптары сараптама комитетіне осы мәмілелерді жасау мән-жайлары туралы жазбаша түсініктеме бере алады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Инвестициялық қор
активтерiнiң, инвестициялық
қордың таза активтерiнiң құнын,
инвестициялық пай қоры
пайының есептiк құнын және
акционерлiк инвестициялық қор
акциясын сатып алу бағасын
айқындау қағидаларына,
талаптарына және әдістемесіне
2-қосымша

Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті мөлшері

Балдар сомасы

Бағалы қағаздардың жіктеу санаты

Құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті барынша төмен мөлшері

1

Стандартты

0 %

2-4

1-санаттағы күмәнді

10 %

5-7

2-санаттағы күмәнді

15 %

8-10

3-санаттағы күмәнді

25 % (35 %)

10-12

Қанағаттанарлықсыз

50 % (70 %)

10-нан жоғары

Үмітсіз

90 %

      Кесте бойынша түсініктемелер

      Бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын төмендету үшін осы өлшемшарттарды пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады.

      1-ге дейінгі (қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.

      Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизиялар қалыптастырылады.

      Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.

      Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі:

      облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар;

      акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.

      Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі:

      облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;

      акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.

      Сомасы 12-ден артық болған кезде бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90 (тоқсан) пайыз провизиялар қалыптастырылады. Бұл ретте, егер эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, онда осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.

      Эмитент банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік
қызметті, инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша

      нысан

      Бір клиентке ең жоғарғы тәуекелдің талдамасы

      (клиенттер бөлігінде)

      _____________________________________________________

      (брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және

      (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының атауы)

р/с №

Клиенттің атауы

Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шоттың нөмірі

Клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесі

Клиенттер берген өтінімдер көлемінің сомасы, теңгемен

Есептелмеген мәмілелер көлемі

Брокердің және (немеске) дилердің (кастодианның) немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының банктік шотындағы ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаны есептемегенде, теңгемен

Сатып алуға

Сатуға

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Кестенің жалғасы

Клиенттің номиналды ұстау есебінің жүйесіндегі жеке шоттардағы (қосалқы шоттардағы) бағалы қағаздарының көлемі, жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарын есептемегенде, теңгемен

Тәуекел мөлшері, теңгемен

Меншікті капитал мөлшері, теңгемен

Тәуекелдер мөлшерінің меншікті капитал мөлшеріне қатысты

9

10

11

12









      Ескерту:

      2-бағанда клиенттің, онымен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасаған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының толық атауы көрсетіледі. Мыналар:

      1) заңды тұлға болып табылатын клиент үшін заңды тұлғаның атауы;

      2) жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

      3-бағанда клиенттің орталық депозитарийдің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шотының 10 мәнді нөмірі көрсетіледі.

      4-бағанда клиент сенімділігінің (төлемге қабілеттілігінің) дәрежесін сипаттайтын санат көрсетіледі.

      5 және 6-бағанда бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға клиент берген қолданыстағы өтінімдер көлемі көрсетіледі.

      7-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында бағалы қағаздармен жасалған, бірақ есептелмеген мәмілелер көлемі көрсетіледі.

      8-бағанда олардың атынан 5-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдер берілген не 7-бағанда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу жөнідегі мәмілелер жасалған брокердің және (немесе) дилердің немесе брокер және (немесе) дилер болып табылатын Басқарушының және (немесе) кастодианның клиенттерінің ақша көлемі, жасалған маржалық мәмілелерді қамтамасыз ету болып табылатын ақша есепке алынбай көрсетіледі.

      9-бағанда 6-бағанда көрсетілген өтінімнің мәні болып табылатын бағалы қағаздардың не 7-бағанда көрсетілген, брокердің және (немесе) дилердің және (немесе) кастодианның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды сату бойынша мәмілелердің саны жасалған маржалық мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздары есепке алынбай көрсетіледі.

      10-бағанда 8-бағандарда көрсетілген мәндер шегеріле (шегеру 5, 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) (шегеру 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасынан аспайтын мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алуға не бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға өтінімдер берген жағдайда ғана жүргізіледі) отырып, 5, 6 және 7-бағандарда көрсетілген мәндер сомасы ретінде есептелетін тәуекелдің мөлшері көрсетіледі.