Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3868

Жаңартылған

      Қаржы ұйымдарының есеп беруiн ұсыну тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және оның қолданылуы 2005 жылғы 1 қазаннан бастап - екiншi деңгейдегi банктер үшiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар және сақтандыру брокерлер үшiн, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап - жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 290 қаулысымен .
      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
агенттiгi Басқармасының    
2005 жылғы 27 тамыздағы    
N 310 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қаражатының бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, 2000 жылғы 17-20 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 (186) басылымдарында жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1302 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен , нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3221 тiркелген Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен , нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3408 тiркелген Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулары бар):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және банктер iшкi активтердi орташа айлық мөлшерiн, қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн және осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiн ай сайын есептейдi. Осы есептеулер банктер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынатын баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептiң және банктер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынатын қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) негiзiнде жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған, 4-тармақта көрсетiлген қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептеулер мен қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Банктер қосымша мәлiметтердi уәкiлеттi органға күн сайын қағаз жазбада есептi күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады, ай сайын - есептi айдың соңғы күнiнен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей; он және одан астам филиалдары бар банктер - күн сайын есептi күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ай сайын - есептi айдың соңғы күнiнен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей.

      4-3. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдаланумен ұсынылады.

      4-4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      5-тармақ алынып тасталсын;

      осы Тiзбенiң 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз ).

      3. <*>
      Ескерту: 3-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

      4. <*>
      Ескерту: 4-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

      5. Ескерту: 5-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

      6. <*>
      Ескерту: 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. <*>
      Ескерту: 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 120 Қаулысымен.

       8. <*>
      Ескерту: 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 121 Қаулысымен.  

      9. <*>
      Ескерту: 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 122 Қаулысымен.

      10. Агенттiк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 326 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3313 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 1 (13)) жарияланған):

      атауындағы және бұдан әрi мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      атауында және 1-тармақта "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мәтiн бойынша "брокер-дилер", "брокердi-дилердi", "Брокер-дилер", "брокерге-дилерге" деген сөздер "брокер және дилер", "брокердi және дилердi", "Брокер және дилер", "брокерге және дилерге" деген сөздермен тиiсiнше ауыстырылсын;

      4-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және дилердiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      7, 8, 9, 10, 11, 13-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Брокер және дилер ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында брокердi және дилердi хабардар етедi. Брокер және дилер уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ереженiң 1-қосымшасында:
      жоғары оң жақ бұрыштағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      жоғары оң жақ бұрыштағы көрсетiлген Ереженiң 2-қосымшасындағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      жоғары оң жақ бұрыштағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер салымға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылу керек";

      жоғары оң жақ бұрыштағы көрсетiлген Ереженiң 4-қосымшасындағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327 қаулысына "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3343 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 2 (14) жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      4-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Тоқсан сайын құрастырылатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және (немесе) дилердiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      7, 8, 9, 10, 11, 13-тармақтар алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Тiркеушi ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушiнi хабардар етедi. Тiркеушi уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер салымға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылу керек".

      12. Агенттiк Басқармасының "Инвестициялық портфельдi басқарушының есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3314 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 1 (13) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқарушының есеп беру ережесiнде:
      3-тармақтағы "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушысында сақталады. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      3-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      3-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушысының бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      6, 7, 8, 9, 10, 12-тармақтар алынып тасталсын:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Инвестициялық портфельдi басқарушы ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында инвестициялық портфельдi басқарушысын хабардар етедi. Инвестициялық портфельдi басқарушысы уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      13. <*>
      Ескерту: 13-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 128 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Агенттiк Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3329 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 1 (13) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiнде:
      2-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және ол Ұйымда сақталады. Ұйым уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      2-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      2-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Ұйымның бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      5, 6, 7, 8, 9, 11-тармақтар алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Ұйым ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында Ұйымға хабардар етедi. Ұйым уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдаушысында пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп____" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 5-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп____" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      15. Агенттiк Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3346 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 2 (14) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесiнде:
      3-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Қорда сақталады. Қор уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      3-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      3-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Қордың бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      6, 7, 8, 9, 10, 12-тармақтар алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қор ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында Қорға хабардар етедi. Қор уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдаушысында пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 7-қосымшада:
      "Есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң жағдайы бойынша өз активтерiнiң есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 9-қосымшада:
      "Есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң жағдайы бойынша өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      16. <*>
      Ескерту: 16-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен.

      18. <*>
      Ескерту: 18-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               1-қосымша

                                       "Банктер қаражатының бiр
                                        бөлiгiн iшкi активтерге
                                      орналастыру тәртiбi туралы
                                         нұсқаулыққа 3-қосымша

              _______________________________________
                         банктiң толық атауы

                 200__ _жылғы "____"__________
      қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру
      коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер

Белгiнiң
нөмiрi

Көрсеткiш атауы

Сомасы

1

2

3

8801

Қолма қол теңге


8802

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар және ностро шоттар


8803

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерге берiлген заемдар


8804

Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарына берiлген заемдар


8805

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғаларға берiлген заемдар


8806

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғаларға берiлген заемдар


8807

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң борыштық бағалы қағаздары


8808

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының борыштық бағалы қағаздары


8809

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғаларының борыштық бағалы қағаздары


8810

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң дебиторлық берешегi


8811

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң дебиторлық берешегi


8812

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының дебиторлық берешегi


8813

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың дебиторлық берешегi


8814

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге жеке тұлғалардың дебиторлық берешегi


8815

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң капиталындағы инвестиция және оларға берiлген реттелген борыш


8816

Капиталдағы инвестиция және Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың реттелген борышы


8817

Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын тазартылған қымбат металдар сомасы


8818

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы мүлік


8819

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік


8820

Қазақстан Республикасындағы материалдық емес активтер


8821

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң салымдары және лоро шоттары


8822

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының салымдары


8823

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың салымдары


8824

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардың салымдары


8825

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерден алынған заемдар


8826

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардан алынған заемдар


8827

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерден бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8828

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардан бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8829

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардан бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8830

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегі банктердің алдындағы кредиттік берешек


8831

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының алдындағы кредиттiк берешек


8832

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың алдындағы кредиттiк берешек


8833

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардың алдындағы кредиттiк берешек


8834

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң борыштық бағалы қағаздар


        Банктiң басшысы ____________________
      Бас бухгалтер   ____________________

      Күні                          Мөрі"

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.