Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 (186) басылымдарында 2000 жылғы 17-30 шiлдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3221 тiркелген, Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулыққа:
2-қосымшада:
200__ жылғы "__" ________ iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiнде:
жолдар, 3.2., 3.3., 3.4., 3.5., реттiк нөмiрлер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолданысқа енедi және оның қолданылуы 2004 жылғы 1 желтоқсаннан бастап басталған қарым-қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға