Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қаз

Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4479 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 117 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 313  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 14, 136-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тергеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Криминалдық полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі