Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3868

Жаңартылған

      Қаржы ұйымдарының есеп беруiн ұсыну тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және оның қолданылуы 2005 жылғы 1 қазаннан бастап - екiншi деңгейдегi банктер үшiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар және сақтандыру брокерлер үшiн, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап - жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы  N 290 қаулысымен .
      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
агенттiгi Басқармасының     
2005 жылғы 27 тамыздағы     
N 310 қаулысына қосымша     

  Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қаражатының бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, 2000 жылғы 17-20 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 (186) басылымдарында жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1302 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377  қаулысымен , нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3221 тiркелген Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302  қаулысымен , нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3408 тiркелген Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395  қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулары бар):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және банктер iшкi активтердi орташа айлық мөлшерiн, қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн және осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiн ай сайын есептейдi. Осы есептеулер банктер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынатын баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептiң және банктер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынатын қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) негiзiнде жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған, 4-тармақта көрсетiлген қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептеулер мен қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Банктер қосымша мәлiметтердi уәкiлеттi органға күн сайын қағаз жазбада есептi күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады, ай сайын - есептi айдың соңғы күнiнен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей; он және одан астам филиалдары бар банктер - күн сайын есептi күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ай сайын - есептi айдың соңғы күнiнен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей.

      4-3. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдаланумен ұсынылады.

      4-4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      5-тармақ алынып тасталсын;

      осы Тiзбенiң  1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. <*>
       Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      3. <*>
       Ескерту: 3-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

      4. <*>
       Ескерту: 4-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

        5. Ескерту: 5-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 222 қаулысымен.

      6. Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 112 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң бағалы қағаздар портфелiнiң құрылымы және екiншi деңгейдегi банктердiң басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептердi ұсыну нысандарымен мерзiмдерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 53  бiрлескен қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2856 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 6 (6) жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3482 тiркелген, Агенттiк Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы  қаулысымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулары бар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Есептер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы есептерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша банктер сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептердi қағаз жазбада ұсынады.

      3-2. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.".

      7. Агенттiк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi белгiлеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 264  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3196 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" N 12 (12) журналында жарияланған):

      атауында "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта ", және оның орындалғандығы туралы есептi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 264 қаулысына 1 қосымша";

      Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтi есептеу және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну туралы ережеде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтi есептеу ережесi";

      мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "брокердi-дилердi", "брокерге-дилерге", брокермен-дилермен" деген сөздер тиiсiнше "брокер және дилер", "брокердi және дилердi", "брокерге және дилерге", брокермен және дилермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кiрiспенiң бiрiншi абзацындағы "және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну", ", пруденциалды нормативтi орындау туралы есептердi ұсыну тәртiбiн" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Брокер және дилер осы Ереже қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдайы бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалды нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады.
      Брокер және дилер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей пруденциалды нормативтi қағаз жазбада ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Уәкiлеттi орган пруденциалды нормативтi брокер және дилер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге де есеп берудiң негiзiнде тоқсан сайын есептейдi.";

      2-тараудың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Пруденциалдық нормативтердi есептеуге арналған қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi";

      5-тармақта "Пруденциалдық нормативтiң орындалғандығы туралы есеп пен пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (әрi қарай - есеп)" деген сөздер "Электрондық тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6, 7, 8-тармақтар алынып тасталсын;
      9-тармақта "Есептегi" деген сөз "Қосымша мәлiметтердегi деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта "Есептi құрастыратын" деген сөздер "Қосымша мәлiметтердi толтырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Қағаз жазбадағы қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.

      10-2. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      10-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адам қамтамасыз етедi.";

      12-тармақтағы "және Есепте шынайы емес мәлiметтердi ұсыну," деген сөздер "және қосымша мәлiметтердегi шынайы емес ақпаратты ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      жоғарғы оң бұрыштағы ", және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алып тасталынсын;
      "20__ жылғы "___" _________ жағдайы бойынша пруденциалдық нормативтiң орындалғаны туралы есеп" кесте атауындағы "орындалғаны туралы есеп" деген сөздер "есептеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "20__ жылғы "___" _________ жағдайы бойынша Пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер" кестесiндегi "Көрсеткiштiң атауы" деген бағандағы 8014 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа бағалы қағаздар";

      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшадағы:
      жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 264 қаулысының 2-қосымшасына".

      8. Агенттiк Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi белгiлеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу, олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 265  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3189 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 11 (11) жарияланған):

      атауындағы ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы ", және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтi есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну ережесiнде:
      жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 265 қаулысымен бекiтiлдi";

      атауындағы ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      сөздiң кiрiспесiнде ", және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну", ", пруденциалды нормативтi орындау туралы есептердi ұсыну тәртiбiн" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тiркеушi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалдық нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады.
      Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей пруденциалдық нормативтiң есебiн қағаз жазбада ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Уәкiлеттi орган пруденциалдық нормативтi тiркеушi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге де есеп берудiң негiзiнде тоқсан сайын есептейдi.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Пруденциалдық нормативтердi есептеуге арналған қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi";

      5-тармақта "пруденциалдық нормативтiң орындалғандығы туралы есеп пен пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (әрi қарай - есеп)" деген сөздер "электрондық тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6, 7, 8-тармақтар алынып тасталсын;

      9-тармақта "Есептегi" деген сөз "Қосымша мәлiметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта "Есептi құрастыратын" деген сөз "Қосымша мәлiметтермен толтырылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Қағаз жазбадағы қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам және бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей пруденциалдық нормативтiң есебiн қағаз жазбада ұсынады.

      10-2. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      10-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      12-тармақтағы "есепте шынайы емес мәлiметтердi ұсыну" деген сөздер "және қосымша мәлiметтердегi шынайы емес ақпаратты ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      оң жақтағы жоғары бұрыштағы ", және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;
      "20___ жылғы "___" _________ жағдайы бойынша пруденциалдық нормативтiң орындалғаны туралы есеп" кестенiң атауындағы "орындалғандығы туралы есеп" деген сөздер "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "20___ жылғы "___" _________  жағдайы бойынша Пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер" кестедегi "Көрсеткiштiң атауы" бағанындағы 8014 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа бағалы қағаздар".

      9. Агенттiк Басқармасының "Инвестициялық портфельдi басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi белгiлеу, инвестициялық портфельдi басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 266  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3194 тiркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында 2004 жылғы N 11 (11) санында жарияланған):

      атауындағы және 2-тармақта ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтi есептеу және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну туралы ережесiнде:

      оң жақтағы бұрыштағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 266 қаулысымен бекiтiлдi";

      атауындағы ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;

      бiрiншi кiрiспедегi абзацтағы ", және олардың орындалғандығы туралы есептердi ұсыну", ", пруденциалдық нормативтiң орындалғандығы туралы есептердi ұсыну тәртiбiн" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Инвестициялық портфельдi басқарушы осы Ереженiң қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдайы бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалдық нормативтi есептеуге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушыда сақталады.
      Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей пруденциалдық нормативтердi есептеудi қағаз жазбада ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Уәкiлеттi орган пруденциалдық нормативтi инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге де есеп берудiң негiзiнде тоқсан сайын есептейдi.";

      2-тараудың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Пруденциалдық нормативтердi есептеуге арналған қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi";

      6-тармақта "пруденциалдық нормативтiң орындалғандығы туралы есеп пен пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (әрi қарай - есеп)" деген сөздер "электрондық тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7, 8, 9-тармақтар алынып тасталсын;

      10-тармақта "Есептегi" деген сөз "Қосымша мәлiметтердегi" деген сөздермен ауыстырылсын";

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Қағаз жазбадағы қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушыда сақталады. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.

      10-2. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      10-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      11-тармақта "Есептi құрастыратын" деген сөздер "Қосымша мәлiметтердi толтырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтағы "және Есепте шынайы емес мәлiметтердi ұсыну", деген сөздер "және Қосымша мәлiметтердегi шынайы емес ақпаратты ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      жоғарғы оң бұрыштағы "және оның орындалғандығы туралы есептердi ұсыну" деген сөздер алынып тасталсын;
      "20__ жылғы "___"_______ жағдайы бойынша пруденциалдық нормативтiң орындалғаны туралы есеп" кестенiң атауында "орындалғандығы туралы есеп" деген сөздер "есептеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "20__ жылғы "___"_______ жағдайы бойынша Пруденциалдық нормативтi есептеуге арналған қосымша мәлiметтер" кестедегi "Көрсеткiштiң атауы" бағанындағы 8014 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа бағалы қағаздар".

      10. Агенттiк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 326  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3313 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 1 (13)) жарияланған):

      атауындағы және бұдан әрi мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      атауында және 1-тармақта "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мәтiн бойынша "брокер-дилер", "брокердi-дилердi", "Брокер-дилер", "брокерге-дилерге" деген сөздер "брокер және дилер", "брокердi және дилердi", "Брокер және дилер", "брокерге және дилерге" деген сөздермен тиiсiнше ауыстырылсын;

      4-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және дилердiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      7, 8, 9, 10, 11, 13-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Брокер және дилер ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында брокердi және дилердi хабардар етедi. Брокер және дилер уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ереженiң 1-қосымшасында:
      жоғары оң жақ бұрыштағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      жоғары оң жақ бұрыштағы көрсетiлген Ереженiң 2-қосымшасындағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      жоғары оң жақ бұрыштағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер салымға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылу керек";

      жоғары оң жақ бұрыштағы көрсетiлген Ереженiң 4-қосымшасындағы "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327  қаулысына "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3343 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 2 (14) жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      4-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Тоқсан сайын құрастырылатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және (немесе) дилердiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      7, 8, 9, 10, 11, 13-тармақтар алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Тiркеушi ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушiнi хабардар етедi. Тiркеушi уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер салымға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылу керек".

      12. Агенттiк Басқармасының "Инвестициялық портфельдi басқарушының есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3314 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 1 (13) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқарушының есеп беру ережесiнде:
      3-тармақтағы "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушысында сақталады. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      3-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      3-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушысының бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      6, 7, 8, 9, 10, 12-тармақтар алынып тасталсын:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Инвестициялық портфельдi басқарушы ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында инвестициялық портфельдi басқарушысын хабардар етедi. Инвестициялық портфельдi басқарушысы уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      13. Агенттiк Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерiнiң есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3348 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 2 (14) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерiнiң есеп беру ережесiнде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Осы Ережеге 4, 5-тармақтарына сәйкес жасалатын есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында және сақтандыру брокерiнде қағаз тасымалдаушысында сақталады. Сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокерi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз тасымалдаушысында ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      6-2. Электрондық тасымалдаушысында ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдаушысындағы деректермен сәйкестiгiн сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      9, 10, 12, 13, 14, 16, 18-тармақтар алынып тасталсын;

      11-тармақта "және қағаз тасымалдаушыларында" деген сөздер "тасымалдаушысында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокерi ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында сақтандыру ұйымына немесе сақтандыру брокерiне хабардар етедi. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокерi уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдаушысында пысықталған есептi ұсынады.".

      14. Агенттiк Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3329 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 1 (13) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiнде:
      2-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және ол Ұйымда сақталады. Ұйым уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      2-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      2-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Ұйымның бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      5, 6, 7, 8, 9, 11-тармақтар алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Ұйым ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында Ұйымға хабардар етедi. Ұйым уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдаушысында пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп____" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 5-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп____" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      15. Агенттiк Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3346 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 2 (14) журналында жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесiнде:
      3-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Қорда сақталады. Қор уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      3-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      3-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Қордың бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      6, 7, 8, 9, 10, 12-тармақтар алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қор ұсынған есепте толық емес немесе күмәндi ақпараттар анықталған кезде уәкiлеттi орган ол жайында Қорға хабардар етедi. Қор уәкiлеттi органның хабарландыруын алған күннен бастап бiр жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып электрондық тасымалдаушысында пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 7-қосымшада:
      "Есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң жағдайы бойынша өз активтерiнiң есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 9-қосымшада:
      "Есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң жағдайы бойынша өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* егер, салымға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек".

      16. Агенттiк Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы күн сайынғы және ай сайынғы есеп беру мерзiмiн белгiлеу жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 388  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3413 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 2 (14) журналында жарияланған):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Күн сайынғы және ай сайынғы есеп электрондық тасымалдаушыда берiледi.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Қағаз жазбадағы күн сайынғы және ай сайынғы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей күн сайынғы және ай сайынғы есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есептер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Қордың бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.".

      17. <*>
       Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N  132 қаулысымен.

      18. Агенттiк Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 162  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3722 тiркелген):
      2-тармақта "электрондық байланыс арқылы және банктiң мөрiмен куәландырылған, банктiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған қағаз тасымалдаушысында" деген сөздер "электрондық тасымалдаушысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ай сайын жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Банктерде қағаз тасымалдаушысында сақталады. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз тасымалдаушысында ұсынады.

      2-2. Электрондық тасымалдаушысындағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.

      2-3. Электрондық тасымалдаушысында ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Банктiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.".

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               1-қосымша

                                       "Банктер қаражатының бiр
                                        бөлiгiн iшкi активтерге
                                      орналастыру тәртiбi туралы
                                         нұсқаулыққа 3-қосымша

              _______________________________________
                         банктiң толық атауы

                 200__ _жылғы "____"__________
      қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру
      коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер

Белгiнiң
нөмiрi

Көрсеткiш атауы

Сомасы

1

2

3

8801

Қолма қол теңге


8802

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар және ностро шоттар


8803

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерге берiлген заемдар


8804

Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарына берiлген заемдар


8805

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғаларға берiлген заемдар


8806

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғаларға берiлген заемдар


8807

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң борыштық бағалы қағаздары


8808

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының борыштық бағалы қағаздары


8809

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғаларының борыштық бағалы қағаздары


8810

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң дебиторлық берешегi


8811

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң дебиторлық берешегi


8812

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының дебиторлық берешегi


8813

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың дебиторлық берешегi


8814

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге жеке тұлғалардың дебиторлық берешегi


8815

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң капиталындағы инвестиция және оларға берiлген реттелген борыш


8816

Капиталдағы инвестиция және Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың реттелген борышы


8817

Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын тазартылған қымбат металдар сомасы


8818

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы мүлік


8819

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік


8820

Қазақстан Республикасындағы материалдық емес активтер


8821

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктердiң салымдары және лоро шоттары


8822

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының салымдары


8823

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың салымдары


8824

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардың салымдары


8825

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерден алынған заемдар


8826

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардан алынған заемдар


8827

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегi банктерден бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8828

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардан бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8829

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардан бағалы қағаздар түрiнде ресiмделген шығарылған борыштық мiндеттемелер


8830

Қазақстан Республикасының резиденттер - екiншi деңгейдегі банктердің алдындағы кредиттік берешек


8831

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдарының алдындағы кредиттiк берешек


8832

Қазақстан Республикасының резиденттер - өзге заңды тұлғалардың алдындағы кредиттiк берешек


8833

Қазақстан Республикасының резиденттер - жеке тұлғалардың алдындағы кредиттiк берешек


8834

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң борыштық бағалы қағаздар


         Банктiң басшысы ____________________
      Бас бухгалтер   ____________________

      Күні                          Мөрі"

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.