Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 150 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік саяси және әкімшілік
қызметшілер лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2016 № 272; 05.10.2016 № 349; 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады); 31.10.2016 № 366; 04.11.2016 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 14.03.2017 № 446; 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 471; 01.06.2017 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681; 04.08.2018 № 723 Жарлықтарымен.

1. Мемлекеттік саяси лауазымдар

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, оның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері

      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері

      Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

      Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары

      Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері

      Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, оның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, директорының орынбасарлары

      "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары

      Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары

2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар
"А" корпусы 1-санат

      Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

      Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

2-санат

      Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары

3-санат

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары

4-санат

      Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері

"Б" корпусы

      А санаттарының тобы

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      А-1 санаты

      Сектор меңгерушісі

      А-2 санаты

      Инспектор

      А-3 санаты

      Консультант

      А-4 санаты

      Сарапшы

      А-5 санаты

      Референт

      В санаттарының тобы

      Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы

      В-1 санаты

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты), Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасарлары

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директоры

      В-2 санаты

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы

      Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары

      В-3 санаты

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының бас инспекторы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы

      В-4 санаты

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі

      Сектор меңгерушісі

      Бас консультант

      Әдеп жөніндегі уәкіл4

      В-5 санаты

      Бас сарапшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі

      В-6 санаты

      Сарапшы

      С санаттарының тобы

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

      С-1 санаты

      Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары

      Департамент директоры1

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

      Сенімді уәкіл

      Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары

      Бас консул

      Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі

      _________________

      1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарын, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты қоспағанда.

      Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, лауазымды енгізуге жол беріледі.

      С-2 санаты

      Департамент директорының орынбасары

      Шетелдегі мекеменің кеңесшісі

      С-3 санаты

      Басқарма басшысы

      Басқарма басшысының орынбасары2

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы

      Шетелдегі мекеменің бірінші хатшысы

      Консул – консулдықтың басшысы

      Әдеп жөніндегі уәкіл4

      _________________

      2Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, енгізіледі.

      С-4 санаты

      Бас сарапшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің екінші хатшысы

      Бас консулдықтың консулы

      С-5 санаты

      Сарапшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің үшінші хатшысы

      Бас консулдықтың вице-консулы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің атташесі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің референті

      Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері

      С-О-1 санаты

      Басшы

      С-О-2 санаты

      Басшының орынбасары

      Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

      С-О-3 санаты

      Басқарма басшысы3

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосының аумақтық органы басқармасының басшысы

      Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы

      _________________

      3Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық, облыстық бөлімшелерінің кем дегенде 100 бірлік штат саны кезінде енгізіледі (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде).

      С-O-4 санаты

      Бөлім басшысы

      Сот орындаушысы

      С-О-5 санаты

      Бас маман

      Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

      С-О-6 санаты

      Жетекші маман

      Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

      Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаладағы аудандардағы және облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелері

      С-R-1 санаты

      Аудандық аумақтық басқарманың басшысы

      Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі

      С-R-2 санаты

      Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары

      С-R-3 санаты

      Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы

      С-R-4 санаты

      Бас маман

      Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

      С-R-5 санаты

      Жетекші маман

      Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

      D санаттарының тобы

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)

      D-1 санаты

      Мәслихат аппаратының басшысы

      Тексеру комиссиясының төрағасы

      D-2 санаты

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы

      Әкім аппараты басшысының орынбасары

      Мәслихат аппараты басшысының орынбасары

      Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі

      Тексеру комиссиясының мүшесі

      D-3 санаты

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің көмекшісі, кеңесшісі

      Бас инспектор

      Баспасөз хатшысы

      Әдеп жөніндегі уәкіл4

      D-4 санаты

      Бас маман

      D-5 санаты

      Жетекші маман

      4 Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары

      D-O-1 санаты

      Басшы

      D-O-2 санаты

      Басшы орынбасары

      D-O-3 санаты

      Бөлім басшысы

      D-O-4 санаты

      Бас маман

      D-O-5 санаты

      Жетекші маман

      D-O-6 санаты

      Маман

      Е санаттарының тобы

      Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттары, аудандар мәслихаттарының аппараттары

      Е-1 санаты

      Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

      Е-2 санаты

      Аппарат басшысы

      Е-3 санаты

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы

      Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы

      Е-4 санаты

      Бас маман

      Е-5 санаты

      Жетекші маман

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері

      Е-R-1 санаты

      Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері

      Бөлім басшысы

      Е-R-2 санаты

      Бөлім басшысының орынбасары

      Е-R-3 санаты

      Сектор меңгерушісі

      Е-R-4 санаты

      Бас маман

      Е-R-5 санаты

      Жетекші маман

      Аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер, селолық округтер әкімдерінің аппараттары

      E-G-1 санаты

      Әкімнің орынбасары

      E-G-2 санаты

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы

      Әкімнің көмекшісі, кеңесшісі

      E-G-3 санаты

      Бас маман

      E-G-4 санаты

      Жетекші маман


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 150 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші
жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 320-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығының 8-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 368-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 869 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 40 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы.