Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған жалпы әскери жарғылар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысы;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы;
      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Бас прокуратура бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын басшылыққа алсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.07 N 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы N 4156 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы 5 шілдедегі
N 364 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ

      Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
      Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
      Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.
      Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.
      Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамамен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес шақыру бойынша немесе ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткереді.
      Қарулы Күштерде "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1-қосымшада көрсетілген әскери атақтар айқындалған.

      2. Әскери қызметшілердің мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңдарда белгіленген шектеулермен әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қызмет ерекшеліктерімен негізделген олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін қамтиды.

      3. Заңнамаға сәйкес әскери қызметшілердің құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің мазмұны мен көлемі олардың әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындауда болуына немесе болмауына байланысты болады.
      Әскери қызметші, сондай-ақ запаста болатын азамат әскери жиындардан өту уақытында:
      лауазымдық міндеттерін атқарған;
      жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттерді атқарған;
      бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысқан;
      кемелердегі оқу-жаттығуларға немесе жорықтарға қатысқан;
      күн тәртібімен (регламентпен) белгіленген немесе басқа да уақыт ішінде, егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, әскери бөлім аумағында болған;
      қызметтік іссапарда болған;
      қызметте болған, қызмет орнына барған және кері қайтқан;
      емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
      демалыста болған, демалысты өткізу орнына барған және кері қайтқан;
      әскери жиындардан өткен;
      тұтқында, кепілдікте немесе еркінен айрылу жағдайында болған;
      жеке адамның өмірін, денсаулығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаған;
      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
      сот жеке адам, қоғам мен мемлекет мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттерді жасаған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін атқаруда деп саналады.
      Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері оны өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
      Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындау кезінде мемлекеттік қызмет өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Бұл ретте мемлекет әскери қызметшілердің өзінің бар күшін, білімі мен тәжірибесін олар жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайтынына, өз Отаны - Қазақстан Республикасына мүлтіксіз және адал қызмет ететініне сенеді.

      4. Әскерлер қызметі - бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен (бұдан әрі - жалпыәскери жарғылар), әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт және соғыс уақытында қызмет атқаруын ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери тәртіпті, тәртіп пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.
      Бұл кешен:
      әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, парктерде, оқу орталықтары мен лагерьлерде, кемелерде, мекемелерде күнделікті қызметтік іс-қимылды айқындайтын ішкі тәртіпті ұстауды, әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайларын, тұрмысы мен оқуын, қару мен оқ-дәрілерді сақтау мен берудің дұрыстығын қамтамасыз ететін ішкі қызметті;
      әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандары мен оқ-дәрілерін, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын күзету, бөлімшелердегі істердің жай-күйіне және әскери тәртіпті, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін бұзудың алдын алу мен жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді орындау үшін тағайындалған тәуліктік наряд қызметін;
      мақсаты гарнизон жеке құрамының жоғары әскери тәртібін ұстауды, әскерлердің күнделікті қызметі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды және гарнизондық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету болатын гарнизондық қызметті қамтиды.

      5. Әскери бөлімде ішкі қызметке басшылық жасауды әскери бөлім командирі, ал бөлімшеде бөлімше командирі жүзеге асырады. Командирлерінің жалпы тікелей бастығы жоқ бірнеше бөлімшені бір үй-жайға орналастырған кезде әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) бұйрығымен ішкі қызметке басшылық жасау осы бөлімшелердің біреуінің командиріне жүктеледі. Әскери бөлімде ішкі қызметтің тікелей ұйымдастырушысы бөлімнің штаб бастығы, ал бөлімше орналасқан жерде бөлімше командирі (штаб бастығы) болып табылады.
      Әскери бөлімдер командирлері деп бригадалар, полктер, авиациялық базалар, 1, 2 және 3-дәрежелі кемелер, шекара жасақтары, жеке батальондар, дивизиондар, эскадрильялар, жеке роталар командирлері, Қарулы Күштердің ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мекемелердің, әскери оқу орындарының (мемлекеттік мекемелердің) бастықтары түсіндіріледі.
      Бөлімше командирі деп бөлімше - батальон буынындағы командирлер және оларға теңестірілгендер түсіндіріледі.
      Бағынысты әскерлердегі ішкі қызметтің жай-күйі үшін жауапкершілік барлық тікелей бастықтарға жүктеледі. Олар ішкі қызмет талаптарын орындауды ұйымдастыруда және қамтамасыз етуде бағынысты әскери бөлімдер мен бөлімшелерге көмек көрсетуге және оның жай-күйін жүйелі түрде тексеруге міндетті.

1-тарау. Әскери қызметшілер және олардың арасындағы
өзара қарым-қатынастар

1. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі

Әскери қызметшілердің құқықтары

      6. Әскери қызметшілердің құқықтары мен әскери қызмет ерекшеліктерін ескере отырып оларды іске асыру тәртібі заңнамамен айқындалады.

      7. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне, әскери қызметке, басқа да әскери қызметшілер мен өзге де азаматтардың құқықтарына зиян келтірмеуі тиіс.

      8. Мемлекет әскери қызметшілердің құқықтарының, бостандықтарының іске асырылуына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуына кепілдік береді, олардың лайықты өмір сүру деңгейін жасау, қызметі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
      Әскери қызметшілердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау командирлерге (бастықтарға), әскери басқару органдарына, мемлекеттік басқару органдарына, соттар мен құқық қорғау органдарына жүктеледі.
      Әскери ант қабылдағанға дейін әскери қызметші жауынгерлік міндеттерді орындауға (жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуға, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік және қарауылдық қызмет атқаруға) тартылмайды; әскери қызметшіге қару-жарақ пен әскери және басқа техника бекітіліп берілмейді, оған тәртіптік жаза қолданылмайды.
      Әскери қызметшілердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін атқармауға кінәлі командирлер (бастықтар) бұл үшін заңнамамен белгіленген жауаптылықта болады.

      9. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, өзінің қызметтік жағдайына қарамастан:
      өмір сүруге. Ешкімнің де оның өмірін өз бетінше қиюға құқығы жоқ. Командирлер (бастықтар) бағыныстылардың әскери қызметінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті;
      өз құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде командирлердің (бастықтардың) оның құқықтарына, бостандықтарына қысым жасайтын, ар-намысы мен жеке басының қадір-қасиетін кемсітетін заңсыз іс-әрекеттері жағдайларында сотпен қорғауға. Ол білікті заң көмегін алуға құқылы;
      шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан тең құқықтарға. Көрсетілген себептер бойынша кемсітуге тыйым салынады және ол заңмен қудаланады;
      әскери қызмет жағдайларымен және сипатымен регламенттелетін жеке басының бостандығына;
      жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмауына. Ол заңдармен және осы Жарғымен қорғалған. Әскери қызметшіге қатысты зорлық, азаптау, қатал немесе адамдық ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін әрекет жасаған немесе жаза қолданған адамдар заңнамамен белгіленген жауаптылықта болады;
      мемлекеттің қорғауында болуға және жеке өміріне, жеке басы мен отбасының құпиясына, жеке салымдары мен жинақтарының құпиясына, хат жазысуына, телефонмен сөйлесулеріне, пошта, телеграф және өзге де хабарларына қол сұғылмауына;
      өзінің ұлтын және дінге қатыстылығын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге;
      лауазымдық міндеттерін атқару шеңберінен тыс қарым-қатынас, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық тілін таңдауға;
      сөз бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін білдіруге, бұл ретте мемлекеттік құпияларды жария етпей ақпаратты еркін алуға және таратуға қол жеткізуге;
      саяси партиялар мен кәсіби одақтарды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыруға және оларда болуға;
      қызметтен тыс уақытта заңға сәйкес ұйымдастырылатын, саяси мақсаттарды көздемейтін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге қатысуға. Қызмет уақытында жиналыстарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысу осы Жарғымен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
      еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға. Бұл құқық әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін ұстау, әскери қызметшінің қызмет орнына уақтылы келуін, әскери қызметші тұрған қызмет түрін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, заңнамамен және осы Жарғымен айқындалған тәртіпте іске асырылады;
      оның мемлекет алдындағы міндеттерін шектемеуі тиіс ар-ождан бостандығына. Әскери қызметші діни рәсімдерге қатысуды жеке адам ретінде қызметтен бос уақытында жүзеге асырады;
      әскери қызмет өткеруі арқылы еңбек етуге;
      қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін және әскери қызметке мүдделілігін ынталандыратын сыйақы алуға;
      демалуға, оған (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттарынан (оқушыларынан) басқа) заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына апта сайын бір тәуліктен кем емес, бірақ айына алты тәуліктен кем емес демалысқа кепілдік беріледі.
      Әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттарынан (оқушыларынан) басқа) апта сайынғы қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту және оған аптаның басқа күндері міндетті демалыс беру бұйрықпен ресімделеді. Әскери қызметшілерге заңнамаға сәйкес демалыс беріледі. Жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалысын өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін қажетті уақытты есептемегенде, берілген жылы алпыс тәуліктен аспауы тиіс;
       заңнамамен белгіленген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен қызметтік тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз етілуге;
      заңды сатып алынған мүлкіне, соның ішінде мұрагерлік құқығы бойынша меншік иесі болуға;
      әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы (контузия алуы), мертігуі, сырқаттануы жағдайына міндетті мемлекеттік сақтандырылуға;
      әскери-медициналық мекемелерде тегін медициналық қамтамасыз етілуге, сондай-ақ санаторлық-курорттық емделуге;
      әскери оқу орындарында оқуға. Әскери қызметшілер (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен және әскери оқу орындарының курсанттарынан (оқушыларынан) басқа) әскери бөлімдер командирлерінің ұсынуы бойынша әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының және одан жоғары басшылық құрамның келісімімен заңнамаға сәйкес сессия және қорытынды емтихандар тапсыру үшін демалыс берумен, азаматтық жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарында кешкі немесе сырттай оқу нысанында оқи алады. Оқуға кандидаттардың санын айқындау кезінде жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріледі;
      мемлекет істерін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдарға сайлауға және сайлануға, мемлекеттік және әскери басқару органдарына өтініш жасауға, республикалық референдумға қатысуға;
      қызметі бойынша ауысуға, атқаратын лауазымының санатына, кәсіби біліктілігіне және моральдық-іскерлік қасиеттеріне сәйкес кезекті әскери атақтарын уақтылы алуына кепілдік беріледі. Лауазымында жоғарылау қызметтік іс-қимылының және кәсіби даярлығының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;
      заңнамамен көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
      Әскери қызметшілердің жеке құқықтарын іске асыру әскери қызмет ерекшеліктерімен және сипатымен шектеледі. Әскери қызметшіге:
      қандай да саяси партияны қолдап сөз сөйлеуге;
      ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және қатысуға;
      командирлердің (бастықтардың) қызмет бойынша және қызмет мүддесінде берілген бұйрықтарын (өкімдерін) талқылауға және сынауға;
      дінге қандай да болсын көзқарасты насихаттауға және діни ұйымдар құруға;
      педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген кәсіпкерлік не басқа да ақы төленетін қызмет түрлерімен, соның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысуға, сондай-ақ қызмет жағдайын пайдаланумен жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетулерге және бұл үшін заңсыз сыйақы алуға тыйым салынады.

      10. Әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
      Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртібі заңмен және заңнама актілерімен белгіленеді.
      Әскери қызметшілер ең ақырғы шара ретінде жеке өзі немесе бөлімше құрамында мынадай жағдайларда:
      күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің үй-жайлары мен ғимараттарына топтасқан немесе жеке қарулы шабуылды тойтару үшін;
      қаруға және әскери техникаға күшпен ие болу әрекетінің жолын кесу үшін;
      әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау үшін;
      қылмыс жасаған не ауыр және аса ауыр қылмыс жасау үстінде қолға түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан адамды, егер өзге де тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын тоқтату, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, ұстау үшін;
      жануарлардың шабуылынан қорғану үшін қару қолдануға құқығы бар.
      Қарауыл құрамына кіретін әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысымен (бұдан әрі - Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) айқындалған жағдайларда және тәртіппен қару қолдануға құқығы бар.

      11. Қару қолданудан бұрын оны қолдану ниеті туралы ескерту жасалуы тиіс. Қару ескертусіз кенеттен қарулы, соның ішінде жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасалған кезде, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шыққан кезде қолданылуы мүмкін.
      Әскери қызметшілердің қаруды дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.
      Әскери қызметші қаруды қолдану және пайдалану кезінде айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге міндетті.
      Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар әскери қызметшінің (әскери қызметшілердің), азаматтық адамдардың өміріне қатер төндіретін қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не топтасып шабуыл жасаған, егер ондай шабуылды өзге де тәсілдермен және құралдармен тойтару мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
      Қару қолданудың немесе пайдаланудың әрбір жағдайы туралы әскери қызметші командирге (бастыққа) баяндайды.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

      12. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі:
      Қазақстан Республикасының Конституциясынзаңдарын және жалпыәскери жарғыларының талаптарын қатаң сақтауға; 
      әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге;
      өз Отанының патриоты болуға, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға;
      адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде дұрыс бастама танытуға;
      командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;
      әскери кәсіби білімді ұдайы меңгеруге, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
      оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құралдарды сақтауға;
      жауынгерлік жолдастықты бағалауға, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауына жол бермеуге;
      әскери әдептілік, мінез-құлық, әскери сәлемдесу, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға, әрдайым және барлық жерде өзін қадір-қасиетпен және абыроймен ұстауға;
      қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға міндетті.

      13. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атақты лайықты ұстауға, Қарулы Күштердің, өз әскери бөлімінің абыройы мен жауынгерлік даңқын және өзінің әскери атағын құрметтеуі тиіс.

      14. Әскери қызметші мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтар достығын қастерлеуге міндетті.
      Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынасында олардың ұлттық сезімдеріне, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген құрметі көрінуі тиіс.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады. Қарулы Күштерде қазақ тілімен тең түрде орыс тілі қолданылады.
      Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір әскери қызметшінің борышы.
      Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, барлық әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.

      15. Әскери қызметшілер бір-бірінің құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, командирлер (бастықтар) мен үлкендерге тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті.
      Қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас ережелері бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу оған берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде жарғылық тәртіпті орнатуға шаралар қолдануға және сонымен бірге өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы тиіс.
      Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына әсер ететін барлық жағдайлар мен оған жасалған ескертулер туралы ол өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

      16. Әскери қызметші салауатты өмір салтын жүргізуі, өз денсаулығын сақтауы және нығайтуы, әскери қызмет қауіпсіздігінің талаптарын, сырқаттанудың, улану мен жарақат алудың алдын алу шараларын сақтауы, дене дайындығы мен жаттығуды күнделікті арттыруы, ағзасын шынықтыруды жүзеге асыруы тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады. Шылым шегуге тек осы мақсат үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

      17. Әскери қызметші қызмет және жеке мәселелері бойынша өзінің тікелей бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі бастыққа өтініш жасауы тиіс, ал ерекше жағдайларда ол үлкен бастыққа өтініш жасай алады.
      Ұсыныс, арыз немесе шағым түрінде тікелей өтініш жасаған кезде әскери қызметші Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысының (бұдан әрі - Тәртіптік жарғы) ережелерін басшылыққа алады.

      18. Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрланғанын немесе бүлінгенін, ақшалай қаражатты заңсыз жұмсауды, әскерлерді жабдықтауда асыра пайдалануды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе мемлекетке зиян келтіретін басқа да фактілерді байқаған кезде бұл туралы тікелей немесе үлкен бастыққа баяндауға, сондай-ақ құқық қорғау орындарына хабарлауға міндетті.
      Әскери қызметші мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдары мен соттарға лауазымды адамдардың мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне өтініш жасай алады.

      19. Әскери қызметші халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде әскери іс-қимылдар жүргізудің, жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жаралылармен, сырқаттармен, қарсыластың қарулы күштері құрамынан кеме апатына ұшыраған адамдармен және азаматтық тұрғындармен, сондай-ақ әскери тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық ережелерін білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті.

      20. Әскери қызметші жауынгерлік іс-қимылдар барысында, тіпті өзінің әскери бөлімінен (бөлімшесінен) қол үзіп, толық қоршауда қалғанда да тұтқынға түсуден қаша отырып, қарсыласқа батыл қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста өзінің жауынгерлік борышын аяғына дейін орындауға міндетті.
      Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдерін тауысып немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда қала отырып, қарсыластың тұтқынына түсетін болса, ол өзін және басқаларды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарастыруы және пайдалануы тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметшінің жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтуға құқығы бар. Ол жауынгер абыройын ұстауға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа да әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден тоқтатуға, қарсыластың әскери қызметшіні Қазақстан Республикасына зиян келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.
      Тұтқынға алынған, бейтарап елдерде еркінен айырылған әскери қызметшілердің әскери қызметші мәртебесі сақталады. Әскери қолбасшылық және оған уәкілетті басқа да мемлекеттік басқару органдары аталған әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және олардың Отанына қайтып оралуы жөнінде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.

Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері

      21. Әрбір әскери қызметшінің лауазымдық міндеттері бар, ол атқаратын лауазымына сәйкес оған тапсырылған қызметтер мен міндеттердің іс жүзінде орындалу көлемі мен шектерін айқындайды. Лауазымдық міндеттер тек қызмет мүддесінде қолданылады.
      Осы міндеттер жалпыәскери жарғылармен, тиісті басшылықтармен, ережелермен, нұсқаулықтармен немесе тура бастықтардың жазбаша бұйрықтарымен айқындалады.

      22. Жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік және гарнизондық нарядтарда болған кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін тартылатын әскери қызметшілер арнайы міндеттерді орындайды. Бұл міндеттер және оларды орындау тәртібі заңнамамен, жалпыәскери жарғыларымен белгіленеді.
      Арнайы міндеттерді орындау үшін әскери қызметшілерге заңнамалық актілермен және жалпыәскери жарғыларымен айқындалатын қосымша құқықтар берілуі мүмкін.

Әскери қызмет қауіпсіздігі

      23. Әскери қызмет қауіпсіздігі әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген әскери қызметшінің қорғалу жай-күйі болып табылады.

      24. Командирлер (бастықтар) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

      25. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына:
      әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нормаларды әзірлеу және қабылдау;
      қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай жүйесін белгілеу;
      әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, бұйрықтар талаптарын сақтауды бақылау жатады.

      26. Әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы негізгі принциптер:
      қызметтік іс-қимыл нәтижелеріне қатысты әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығының артықшылығы;
      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;
      әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және анықтығы болып табылады.

      27. Әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі талаптар барлық әскери қызметшілердің, олардың әскери қызмет өткеру кезеңінде орындауы үшін міндетті.

      28. Әскери қызметші:
      әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар, бұйрықтар талаптарын, сондай-ақ командирдің (бастықтың) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптарын сақтауға;
      адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей бастығына дереу хабарлауға;
      нормативтік актілермен көзделген жағдайларда міндетті кезеңдік медициналық қараулардан және куәландырудан өтуге;
      арнайы киімді, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын арналуы бойынша пайдалануға міндетті.

      29. Командирдің:
      өз өкілеттіліктері шегінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер шығаруға;
      әскери қызметшілерден қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етуге;
      әскери қызметшілерді қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін көтермелеуге;
      әскери қызмет қауіпсіздігі талаптарын бұзған әскери қызметшілерге шаралар қолдануға құқығы бар.

      30. Командир:
      әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге;
      қойылған міндеттерді орындау кезеңінде мүмкін болатын зиянды факторлар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әскери қызметшілерді ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес әскери қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде оқытуды және даярлауды жүргізуге;
      бағынысты әскери қызметшілерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға және арнайы киімді, аяқ киімді және зиянды (қауіпті) өндіріс факторларынан жеке (ұжымдық) қорғау құралдарын, оларды киюдің белгіленген мерзімінде арналуы бойынша пайдалануды, жөндеуді бақылауды жүзеге асыруға;
      қойылған міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге жауапты әскери қызметшілермен және мамандармен әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқамаларды, сабақтарды, оның ішінде көрнекі сабақтарды және білімін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әскери қызметшілерді міндетті кезеңдік медициналық қараулар мен медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етуге;
      әскери қызметшілерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, белгіленген нормаларға сәйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық аптечкалармен, сүтпен, емдеу-алдын алу тағаммен қамтамасыз етуге;
      жоғары тұрған әскери басқару органына әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
      қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
      қайғылы оқиғаларға қызметтік тексеру тағайындауға және жүргізуге;
      тергеу басталғанға дейін қайғылы оқиғаның орнын, жағдайды, егер бұл басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, апаттық жағдай тудыруға әкеп соқтырмаса, ол оқиға болған сәтте қандай болды, сол күйде сақтау жөнінде шаралар, ал оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды тіркеу жөнінде шаралар (схемалар жасауға, бұл ретте фото және бейне түсірілімдерді пайдалануға) қабылдауға;
      жоғары тұрған әскери басқару органына қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі топтық (екі және одан да көп адам) қайғылы оқиға, ауыр қайғылы оқиға не өлімге әкеп соқтырған қайғылы оқиға және қатты улану оқиғалары туралы дереу баяндауға міндетті.

Әскери қызметшілердің жауапкершілігі

      31. Әскери қызметшілер әскери атағы мен лауазымына қарамастан заң алдында тең және өзінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген жауаптылықта болады.

      32. Әскери қызметшілер әскери тәртіп бұзумен байланысты теріс қылықтары үшін Тәртіптік жарғымен белгіленген негізде және тәртіппен тәртіптік жауаптылықта болады.

      33. Әскери қызметшілер қылмысы және өзге де құқық бұзушылықтары үшін заңнамаға сәйкес қылмыстық, әкімшілік немесе материалдық жауаптылықта болады.

      34. Теріс қылық жасаумен байланысты тәртіптік жазаға тартылған әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықтың басқа түрлерінен босатылмайды.
      Материалдық зиян келтірумен байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери қызметші жауаптылықтың өзге де түрлеріне тартылуына немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдануға қарамастан зиянды өтейді.
      Жауаптылыққа тарту кезінде әскери қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қысым жасауға жол берілмейді.

2. Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас

Дара басшылық. Командирлер (бастықтар) мен бағыныстылар.
Үлкендер және кішілер

      35. Дара басшылық Қарулы Күштер құрылымының, оларға басшылық жасаудың және әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі принципі болып табылады. Ол командирге (бастыққа) бағыныстыларға қатысты айқындалған құқықтар беруден және оған әскери бөлімнің, бөлімшенің және әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қызметінің барлық жақтары үшін мемлекет алдында дербес жауапкершіліктің жүктелуінен тұрады.
      Дара басшылық командирдің (бастықтың) жағдайды жан-жақты бағалауынан шыға отырып, жеке-дара шешім қабылдау, заңнаманың, жалпыәскери жарғылардың талаптарына қатаң сәйкестікте тиісті бұйрықтар беру мен олардың орындалуын қамтамасыз ету құқығынан көрінеді.
      Бұйрықты талқылауға жол берілмейді, ал бұйрыққа бағынбау немесе басқадай орындамау әскери қылмыс болып табылады.

      36. Өзінің қызметтік жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметшілер басқаларға қатысты бастықтар немесе бағыныстылар болуы мүмкін.
      Бастықтың бағыныстыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынысты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуы тиіс. Бағыныстының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-қимылы үшін бастық жауапты болады.
      Бағынысты бастықтың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға міндетті.

      37. Өзінің қызметтік жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы), азаматтық персонал қатарынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағынысындағыларға басшылық жасауды жүзеге асыратын әскери қызметшілер бастықтар болып табылады.
      Командир қызметі бойынша оған бағынысты әскери қызметшілерге бастық болып табылады.

      38. Қызметі бойынша әскери қызметшілер уақытша болса да бағынатын бастықтар тура бастықтар болып табылады.
      Бағыныстыға жақын тура бастық тікелей бастық болып табылады.

      39. Қызметі бойынша бағыныстылық тәртібімен байланысты емес
мынадай әскери қызметшілер өзінің әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
      армия генералдары - барлық әскери қызметшілер үшін;
      генерал-полковниктер, адмиралдар - барлық аға және кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;
      генерал-лейтенанттар, вице-адмиралдар, генерал-майорлар, контр-адмиралдар, полковниктер, 1-дәрежелі капитандар - барлық кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;
      офицерлер - сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;
      сержанттар (старшиналар) - олармен бір әскери бөлімдегі сарбаздар мен матростар үшін.

      40. Өзінің қызметтік жағдайы және әскери атағы бойынша (38, 39-тармақтар) басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныстылары болып табылмайтын әскери қызметшілер үлкендер немесе кішілер болуы мүмкін.
      Үлкендік әскери қызметшілердің атағымен айқындалады. Әскери атағы бойынша үлкендер кішілер әскери тәртіпті, қоғамдық тәртіпті, мінез-құлық, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін және әскери сәлемдесуді орындауды бұзған жағдайда олардан осы бұзуларды жоюды талап етуі тиіс. Атағы бойынша кішілер үлкендердің осы талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.

      41. Бір-біріне бағынысты емес әскери қызметшілер міндеттерін бірлесіп орындаған кезде командир (бастық) олардың қызметтік өзара қарым-қатынастарын айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша үлкені, ал тең лауазымдарда әскери атағы бойынша үлкені бастық болып табылады.

Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және
бақылау тәртібі.
Әскери қызметшілердің бастамасы

      42. Бұйрық - бұл командирдің (бастықтың) қызмет бойынша қандай да бір іс-қимылды орындау немесе тоқтату туралы талабы.
      Бұйрық әскери қызметшілердің біреуіне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе байланыстың техникалық құралдары арқылы берілуі мүмкін.
      Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің дара басшылық құқықтарында шығарылатын әскери басқарудың негізгі қызметтік басқару құжаты (құқықтық актісі) болып табылады. Жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлім командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.
      Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

      43. Өкім - бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.
      Бұйырым - жеке мәселелер бойынша бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.
      Өкім мен бұйырымды әскери бөлім командирі атынан бөлімнің штаб бастығы немесе гарнизон бастығы атынан гарнизонның штаб бастығы ауызша жеткізеді, сондай-ақ жазбаша құжаттарда болуы мүмкін.

      44. Командир (бастық) бұйрық берер алдында жағдайды жан-жақты бағалауға және оны орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Командир берілген бұйрыққа және оның салдарларына, бұйрықтың заңнамаға сәйкес келуіне, сондай-ақ билікті асыра пайдаланғаны және берілген бұйрықтағы билікті немесе қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін жауаптылықта болады. Бұйрық қысқа және түсінікті жазылуы, екіұдай түсінуге жол бермеуі және бағыныстының күдігін тудырмауы тиіс.

      45. Бұйрықтар бағыныстылық тәртібімен беріледі. Ерекше қажет болғанда үлкен бастық оның тікелей бастығын жанай, бағыныстыға бұйрық бере алады. Бұндай жағдайда ол бағыныстының тікелей бастығына бұл туралы хабарлайды, ал бағынысты өзінің тікелей бастығына баяндайды.

      46. Командирдің (бастықтың) бұйрығы мүлтіксіз, тура және мерзімінде орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып "Құп болады" деп жауап береді, одан кейін оны орындайды.
      Қажет кезде командир (бастық) өзінің берген бұйрығын дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін оны қысқаша қайталауды талап ете, ал бұйрықты алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауды сұрап өтініш жасай алады.
      Алынған бұйрықтың орындалуы туралы әскери қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

      47. Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші қызмет жағдайы бойынша басқа үлкен бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасаса, ол бұл туралы екінші бұйрық берген бастыққа баяндайды және ол қолдаған жағдайда соңғысын орындайды.
      Жаңа бұйрық беруші бірінші бұйрықты берген бастыққа бұл туралы хабарлауға міндетті.
      Командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарына шағымдану оларды орындауды тоқтатпайды. Бағынысты алынған бұйрыққа оны орындағаннан және бұйрық берген адамға баяндағаннан кейін шағымдануға құқылы. Бағынысты командирдің (бастықтың) көрінеу заңсыз берілген бұйрығын, егер ол заңнамаға анық қайшы келсе, орындамауы тиіс. Алынған бұйрықты орындау мүмкін болмаған жағдайда бағынысты бұл туралы себептерін көрсете отырып, командирге (бастыққа) баяндауға міндетті.

      48. Әскери қызметші оған қойылған міндеттерді табысты орындау мақсатында дұрыс бастама танытуға міндетті. Ол, әсіресе жағдай әскери қызметшінің алынған міндетті орындау мүддесінде тез іс-қимыл жасауын талап еткенде қажет.

Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің
мінез-құлқы туралы

      49. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі ретінде қызмет етуі, өзінің қадір-қасиетін қорғауы және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс.
      Олардың мінез-құлқына қарап тек олар туралы ғана емес, тұтас Қарулы Күштердің абыройы туралы пікір туындайтынын олар есте сақтауы тиіс.
      Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде қалыптасады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне»"Сіз" деп тіл қатуы тиіс.
      Офицерлер бір-біріне әскери атағы мен тегі немесе атағына "Мырза (ханым)" деген сөзді қоса отырып тіл қатады.
      Мысалы:»"Полковник Сыдықов",»"Капитан ханым".
      Бастықтар мен үлкендер бағыныстылар мен кішілерге қызметі бойынша тіл қатуда, оларды әскери атағы мен тегі немесе тек атағы бойынша атайды.
      Мысалы:»"Қатардағы жауынгер Омаров",»"Қатардағы жауынгер", "Сержант Қалиева",»"Сержант".
      Бағыныстылар мен кішілер қызметі бойынша бастықтар мен үлкендерге тіл қатуда оларды әскери атағы бойынша»мырза, ханым» деген сөздерді қоса отырып атайды. Мысалы:»"Бірінші сыныпты сержант мырза".
      Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттар (старшиналар) құрамының курсанттарына (оқушыларына), сондай-ақ әскери оқу бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарына тіл қату кезінде "Курсант" деп немесе»"Курсант" сөзіне тегін қосып атай отырып»"Сіз" деп сөйлеседі. Мысалы:»"Курсант Қалиев".
      Оларға бастық немесе үлкен тіл қатқан кезде әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптық қалыпты қабылдайды және өзін таныстырады: өзінің лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысу кезінде үлкен қолын бірінші береді. Егер үлкен қолғапсыз болса, кіші қол алысар алдында оң қолының қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді.
      Ұлан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне тіл қатқан кезде әскери атағының алдына "ұлан" сөзі қосылады.
      Мысалы:»"Ұлан полковнигі мырза".
      Саптан тыс әскери қызметшілер бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады.
      Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекілік және әдепсіз сөйлесу әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиеті ұғымымен сыйыспайды.

      50. Саптан тыс, бұйрықтар берген немесе алған кезде әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдауға міндетті, ал бас киімі бар кезде бұйрық беруші оған қолын апарады.
      Әскери қызметші баяндауда немесе баянат қабылдауда баяндау аяқталысымен қолын бас киімінен түсіреді. Егер баяндаудың алдында "Тік тұр" командасы берілсе, онда баяндаушы бастықтың "Еркін тұр" командасы бойынша оны қайталайды және қолын бас киімінен түсіреді.

      51. Командир (бастық) немесе үлкен болғанда басқа әскери қызметшіге тіл қатқан кезде одан рұқсат сұрауы қажет.
      Мысалы»"Полковник мырза. Майор Ахматуллинмен сөйлесуге рұқсат етіңіз".

      52. Қоғамдық орындарда және көлікте бос орын болмаған кезде әскери қызметші өз орнын әскери атағы бойынша үлкенге беруге міндетті.
      Егер кездескен кезде бастықтың (үлкеннің) еркін өтіп кетуі мүмкін болмаса, бағынысты (кіші) жол беруге және сәлемдесіп, оны өткізіп жіберуге міндетті.
      Әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға қатысты әдептілік сақтауы, егде адамдарға, әйелдерге және балаларға ерекше көңіл бөлуі, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға ықпал етуі, сондай-ақ оларға қайғылы оқиғаларда, өртте және табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда көмек көрсетуі тиіс.

      53. Әскери қызметшілерге қолын киімінің қалтасында ұстауға, бастық (үлкен) болған кезде оның рұқсатынсыз отыруға тыйым салынады.

      54. Әскери киім нысаны - әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) мен жабдық.
      Қарулы Күштердің әскери киім нысаны мен айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін Қорғаныс министрі, ал әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары белгілейді. Әскери киім киіп жүру құқығына барлық әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер мен запастағы немесе отставкадағы және оны киіп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған азаматтар ие болады.
      Қарулы Күштердің әскери қызметшілері үшін киім нысандарының мынадай түрлері белгіленеді: салтанатты, күнделікті, далалық, жұмыстық. Бұл нысандардың әрқайсысы жазғы және қысқы болып бөлінеді.
      Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу гарнизон бастығының бұйрығымен белгіленеді.
      Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтен басқа) әскери бөлім орналасқан жерден тыс, демалуда немесе демалыста, сондай-ақ арнайы қызметтік міндеттерін орындау кезінде әскери киім нысанын кимеуге рұқсат етіледі.

      55. Әскери әдептілік, мінез-құлық ережелері мен әскери сәлемдесуді орындау, сондай-ақ запастағы немесе отставкадағы азаматтар үшін олардың әскери киім нысанын киіп жүруі кезінде міндетті. Олар оны киіп жүрудің белгіленген ережелерін сақтауы тиіс.

Әскери сәлемдесу

      56. Әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің ұйымшылдығының үлгісі, өзара сыйластығының куәсі және жалпы мәдениетінің көрінісі болып табылады.
      Барлық әскери қызметшілер кездескен (озып өткен) кезде Қарулы Күштердің саптық жарғысымен (бұдан әрі - Саптық жарғы) белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті.
      Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

      57. Әскери қызметшілер одан басқа:
      Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;
      әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, сондай-ақ әскери кемеге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына; U963068 
      әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті.

      58. Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда
бойынша:
      Қазақстан Республикасының Президентіне;
      барлық тікелей бастықтарға, армия генералдарына, генерал-полковниктерге, адмиралдар, сондай-ақ әскери бөлімде (бөлімшеде) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарға;
      Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;
      әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, ал әскери кемеде Әскери-теңіз жалауына, ол көтерілген және түсірілген кезде;
      әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа;
      кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі.

      59. Саптан тыс болған кезде сабақтар уақытында және сабақтан бос уақытында әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері
бастықтарға»"Тік тұр" немесе»"Тұр. Тік тұр" командалары бойынша
сәлемдеседі.
      Саптан тыс сабақтарда, сондай-ақ тек офицерлер ғана қатысып отырған кеңес уақытында командирлерге (бастықтарға) әскери сәлемдесу үшін "Офицер мырзалар" деген команда беріледі.
      "Тік тұр",»"Тұр. Тік тұр" немесе "Офицер мырзалар" командасын қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені немесе келген командирді (бастықты) бірінші көрген әскери қызметші береді.
      Осы команда бойынша барлық қатысушылар орындарынан тұрады, келген командир (бастық) жаққа бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
      Қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені келушіге жақындап, оған баяндайды. Мысалы:»"Полковник мырза. Бөлімнің офицерлер құрамы кеңеске жиналды. Бөлім штабының бастығы майор Артықов".
      Келген командир (бастық) баянатты қабылдап,»"Еркін тұр" немесе»"Офицер мырзалар" командасын береді, ал баяндаушы осы команданы қайталайды, бұдан соң барлық қатысушылар»"еркін тұр" күйін қабылдайды.

      60. "Тік тұр" немесе "Тұр. Тік тұр" командасын беру және командирге (бастыққа) баяндау ол әскери бөлімге немесе бөлімшеге осы күні алғаш келгенде жүзеге асырылады. Кеме командиріне "Тік тұр" командасы оның кемеге әрбір келуі (кемеден түсуі) кезінде беріледі.
      Аға командир (бастық) болған кезде кішіге әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және баяндау жүзеге асырылмайды.
      Сыныптық сабақтар өткізу кезінде "Тік тұр", "Тұр. Тік тұр" немесе "Офицер мырзалар" командасы әрбір сабақ алдында және ол аяқталған кезде беріледі.
      "Тік тұр", "Тұр. Тік тұр" немесе "Офицер мырзалар" командасы командирге (бастыққа) баяндау алдында, егер бұл ретте басқа да әскери қызметшілер қатысып отырған жағдайда беріледі, ал олар болмаған кезде командирге (бастыққа) тек баяндалады.

      61. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (бұдан әрі - Мемлекеттік Әнұран) орындалған кезде сапта тұрған әскери қызметшілер командасыз саптық қалыпты қабылдайды, ал взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолдарын бас киіміне апарады.
      Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер Мемлекеттік Әнұран орындалған кезде саптық қалыпты қабылдайды, оң қолының алақанын кеудесінің сол жағына (осы рәсімді орындауға кедергі келтіруі мүмкін қарумен және жабдықпен тұрған жағдайларды қоспағанда) қояды.

      62. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге әскери сәлемдесуді орындау үшін:
      әскери бөлімді немесе бөлімшені жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, маршта, сондай-ақ тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларда;
      басқару пункттерінде, байланыс тораптарында және жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет атқару орындарында;
      оқ ату (жіберу) уақытында атыс шебі мен атыс (бастапқы) бекінісінде;
      ұшуларды жүргізу уақытында әуеайлақтарда;
      құрылыс, шаруашылық жұмыстарын немесе оқу-жаттығу мақсатындағы жұмыстарды орындау уақытында, сондай-ақ шеберханаларда, парктерде, ангарларда, зертханаларда;
      спорттық жарыстар мен ойындар барысында;
      тамақ ішу кезінде, "Ұйқыға" белгісінен кейін және "Тұрыңдар" белгісіне дейін;
      моншаларда және сырқаттарға арналған үй-жайларда команда берілмейді.
      Санамаланған жағдайларда бастық немесе үлкен келген бастыққа тек баяндайды.
      Мысалы:»"Майор мырза, төртінші танк ротасы оқу-жаттығу оқ атуларының екінші жаттығуын орындауда. Рота командирі капитан Жотабаев".
      Қаралы топқа қатысушы бөлімшелер әскери сәлемдесуді орындамайды.

      63. Әскери бөлімде өткізілетін салтанатты жиналыстарда, конференцияларда, сондай-ақ спектакльдерде, концерттер мен кинода әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және командирге (бастыққа) баяндалмайды.
      Жеке құрамның жалпы жиналыстарында әскери сәлемдесу үшін "Тік тұр" немесе "Тұр. Тік тұр" командасы беріледі және командирге (бастыққа) баяндалады.
      Мысалы:»"Подполковник мырза. Батальонның жеке құрамы жалпы жиналысқа келді. Батальон штабының бастығы майор Манабаев".

      64. Бастықтың немесе үлкеннің "Сәлеметсіздер ме, жауынгерлер (офицер мырзалар)" деген сәлемдесуіне сапта немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер "Сәлеметсіз бе" деп жауап береді; егер бастық немесе үлкен "Сау болыңдар, жауынгерлер (офицер мырзалар)" деп қоштасса, онда әскери қызметшілер: "Сау болыңыз" деп жауап береді. Жауаптың соңына "мырза (ханым)" сөзі және әскер тегі немесе қызметі көрсетілмей, әскери атағы қосылады.
      Мысалы: "Сәлеметсіз бе, кіші сержант мырза", "Сау болыңыз, бас старшина мырза", "Сау болыңыз, лейтенант мырза".

      65. Егер командир (бастық) қызмет тәртібімен әскери қызметшіні құттықтаса немесе оған алғыс айтса, онда әскери қызметші командирге (бастыққа): "Қазақстан Республикасына қызмет етемін" деп жауап береді.
      Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, ол созылыңқы түрде үш дүркін "Урамен" жауап береді, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, әскери бөлім (бөлімше) "Қазақстан Республикасына қызмет етеміз" деп жауап береді.

Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау
(тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі

      66. Әскери бөлімге келген аға командирге (бастыққа) тек бөлімнің командирі ғана таныстырылады. Басқа адамдар аға командир (бастық) өздеріне тікелей тіл қатқан кезде ғана әскери лауазымын, әскери атағы мен тегін айта отырып, өзін таныстырады.

      67. Әскери қызметшілер өздерінің тікелей бастықтарына:
әскери лауазымға тағайындалған кезде;
      әскери лауазымды тапсырған кезде;
      әскери атақ берген кезде;
      орденмен немесе медальмен наградтаған кезде;
      іссапарға, емделуге немесе демалысқа кеткенде және қайтып келгенде таныстырылады.
      Өзін тікелей бастығына таныстыра отырып, әскери қызметшілер өзінің әскери лауазымын, әскери атағын, тегін және таныстыру себебін айтады.
      Мысалы: "Майор мырза. Бірінші мотоатқыштар ротасының командирі капитан Тайыров. Маған капитан әскери атағы берілу жағдайына байланысты өзімді таныстырамын".

      68. Бөлімге жаңадан тағайындалған (бөлім, батальондар, роталар) офицерлері, сержанттары бөлім командиріне және оның орынбасарларына, ал батальонға немесе ротаға тағайындау алған кезде батальон командиріне, рота командиріне және олардың орынбасарларына өзін таныстырады.
      Бөлім командирі жаңадан келген офицерлерді бөлімнің офицерлер құрамына офицерлердің жақында өтетін кеңесінде немесе бөлім сапқа тұрғызылғанда, ал бөлім мен батальон сержантын бөлім сапқа тұрғызылғанда таныстырады.
      Әскери бөлімді инспекциялау (тексеру) кезінде оның командирі инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалып келген адамға, егер ол бөлім командирімен тең әскери атақта тұрса немесе атағы бойынша одан жоғары болса өзін таныстырады; егер инспекциялаушы (тексеруші) атағы бойынша бөлім командирінен кіші болса, онда ол бөлім командиріне өзін таныстырады.
      Инспекциялау (тексеру) басталар алдында әскери бөлімнің командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) инспекцияланатын (тексерілетін) бөлімшелердің командирлерін таныстырады.

      69. Инспекциялаушы (тексеруші) бөлімшелерге келген кезде осы
бөлімшелердің командирлері оны қарсы алады және оған баяндайды.
      Егер инспекциялаушы (тексеруші) бөлімшеге әскери бөлім командирімен бірге келсе, онда бөлімше командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) егер соңғы әскери бөлімнің командирімен әскери атағы тең болған немесе атағы бойынша одан жоғары болған жағдайда баяндайды.
      Егер инспекциялау (тексеру) уақытында аға командир (бастық) келсе, онда оған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі баяндайды, ал инспекциялаушы (тексеруші) өзін таныстырады.

      70. Әскери бөлімге (кемеге) Қазақстан Республикасының Президенті және тікелей бастықтар келген кезде әскери бөлім (кеме) командирі осы адамдарды қарсы алады, баяндайды және әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.
      Қорғаныс министрлігі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), басқа да әскерлер мен әскери құралымдар орталық басқару органдарының бастықтарын, сондай-ақ әскери бөлімге шақырылған құрметті келушілерді әскери бөлім (кеме) командирі қарсы алады, өзін таныстырады және оларға әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.
      Құрметті келушілердің әскери бөлімде (кемеде) болғаны туралы естелік үшін оларға тиісті жазба қалдыруға Құрметті келушілер кітабы ұсынылады (2-қосымша).

      71. Әскери қызметшілер аға командирлердің (бастықтардың) жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындау үшін әскери бөлімге (бөлімшеге) келген кезде әскери бөлім (бөлімше) командирі өзін тек әскери атағы бойынша үлкенге таныстырады. Қалған жағдайларда келушілер әскери бөлім (бөлімше) командиріне өзін таныстырады және өзінің келу мақсаты туралы баяндайды.
      Инспекциялаушылардың (тексерушілердің) немесе аға командирлердің (бастықтардың) жекелеген қызметтік міндеттерін орындаушы әскери қызметшілердің барлық нұсқаулары әскери бөлім командирі арқылы беріледі. Аталған адамдар әскери бөлімнің (бөлімшенің) командиріне инспекциялау (тексеру) немесе оларға жүктелген қызметтік міндеттердің орындалу нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
      Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілеріне сұрақ қою кезінде инспекциялаушылар (тексерушілер) осы Жарғының талаптарын басшылыққа алады (3-қосымша).

3. Әскери бөлім командирлерінің (бастықтарының)
және негізгі лауазымды адамдарының міндеттері

Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері

      72. Әскери бөлім (бөлімше) командирі дара басшы болып табылады және оған бағынысты әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі үшін мемлекет алдында дербес жауапты болады. Ол:
      жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі мен әскери қызмет қауіпсіздігі;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдары мен басқа да материалдық құралдардың жай-күйі, пайдаланылуы мен сақталуы;
      әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі;
      шарттық және талап-арыз жұмысы;
      әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы;
      мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
      жарғылық ішкі тәртіп;
      жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлері үшін жауап береді.
      Командир бөлімдегі (бөлімшедегі) істердің нақты жай-күйін жан-жақты білуі, оның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыруға барлық шараларды қабылдауы тиіс.

      73. Командир (бастық) мемлекет саясатын өмірде нық және жүйелі іс жүзіне асыруға:
      бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға;
      жеке кәсіби даярлығын және әскери бөлімді (бөлімшені) басқару әдістерін жетілдіруді, қызметтік міндеттерін орындауда бағыныстылар үшін үлгі болуға, осы үшін өзінің қызмет уақытын тиімді пайдалануға, өзінің іске деген қарым-қатынасымен және өзінің мінез-құлқымен әскери ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
      далалық машықтануды арттыруға, бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің әр түрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі сабақтар мен іс-қимыл жаттығуларын жүргізуге;
      жеке құрамның өз міндеттерін білуіне және орындауына қол жеткізуге;
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстау және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және олардың орындалуына қол жеткізуге;
      жоспарларға қажетті өзгерістер мен нақтылауларды уақтылы енгізуге;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдардың тізімдік және қолда бар құрамы туралы, болуы мен жай-күйі туралы ұдайы нақты мәліметтері болуға, олармен толық қамтамасыз етілуге қол жеткізуге;
      мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға;
      қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;
      кадрлармен жұмысты шебер жүргізуге міндетті.

      74. Командир (бастық) бағыныстылардың жауынгерлік даярлығына тікелей басшылық жасауға:
      жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді жоспарлауға және уақтылы қоюға;
      бағынысты командирлердің кәсіби білімін, әдістемелік шеберлігін және педагогикалық мәдениетін ұдайы жетілдіруге;
      жеке құрамды жауынгерлік оқу-жаттығумен толық қамтуға қол жеткізе отырып, оқу-жаттығулар мен сабақтарды өзі өткізуге;
      сыныптық мамандарды даярлауды ұйымдастыруға және бақылауға;
      жауынгерлік даярлық барысында бағыныстыларға бақылауды ұйымдастыруға және қажетті көмек көрсетуге;
      жауынгерлік оқу-жаттығуға жарысты, бағыныстыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін барлық жаңаны, озықты енгізуге;
      жауынгерлікке барынша жақындатылған оқыту жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
      оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге міндетті.

      75. Командир (бастық) бағыныстыларды ұдайы тәрбиелеуге:
      олардың бойында Қазақстан Республикасын қорғауға моральдық және психологиялық әзірлігін, Қарулы Күштерге тиістілігі үшін мақтанышын және жауапкершілігін қалыптастыруға және ұстауға;
      әскери қызметшілердің бойында әскери борышын орындау үшін қажетті қасиетті, әскери анттың қасиеттілігі мен бұлжымастығы түсінігін, ержүректілікті, ұстамдылықты, тапқырлықты, қырағылықты, жауынгерлік жолдастық пен өзара қол ұшын беруді, заңдарға деген құрметті дамытуға, осы мақсаттарда тәрбиелілігінің, қызметіне адал қараудың жеке үлгісін, сондай-ақ әскери жоралғыларды (4-9-қосымшалар) белсенді пайдалануға;
      қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге;
      әскери ұжымды топтастыру және әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайту туралы қамқорлық көрсетуге, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, қызмет мерзіміне, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларына қарамастан олардың ұлттық сезімін, дәстүрлері мен ғұрыптарын ескеруге және құрметтеуге, көрсетілген белгілер бойынша кемсіту әрекеттеріне жауынгерлік әзірлікке зиян тигізуші ретінде төзбеушілік танытуға;
      бағыныстыларға кішіпейілділік пен ілтипаттылық танытуға, өзара қарым-қатынастарда әдепсіздік пен дөрекілікке жол бермеуге, олардың жеке басының қадір-қасиетін құрметтеумен жоғары талап қоюшылықты және принципшілдікті үйлестіруге;
      әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрмыстық мәселелерін шешу мен құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;
      шығармашылығын, мәдени өсуін дамыту және демалу, денсаулығы мен дене бітімінің өсуін нығайту үшін жағдайлар жасауға, қажет кезде үлкен бастықтардың алдында бағыныстыларды қолдауға міндетті.

      76. Командир (бастық) жеке құрамның мықты әскери тәртібін және жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін ұдайы ұстауға міндетті.
      Командир (бастық) өзіне берілген құқықтар шегінде дербес әрекет етуі; өзі үлгі көрсетуі және бағыныстылардан сергектік пен төзімділікті, мінсіз мінез-құлықты талап етуі, заңнаманы, әскери антты, жалпыәскери жарғыларды, өзінің қызметтік міндеттері мен бұйрықтарды нақты орындауы; бағыныстыларды танытқан дұрыс бастамасы, ынта-жігері, ерлігі және қызметте ерекшеленгені үшін көтермелеуі, әділетті болуы және әскери тәртіпті бұзушыларды қатаң жазалауы тиіс.

      77. Командир (бастық) жеке құрамның қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдауға, жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта, қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, қызмет жануарларымен жұмыс кезінде, марш жасау, оқу-жаттығуларды, жауынгерлік оқ атуларды (жіберулерді) жүргізу, ұшулар, кемелер жорықтары, арнайы сабақтар немесе жұмыстар кезінде, қарауылдық және ішкі (кезекшілік және вахталық) қызметтерді атқару кезінде қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белгілеуге, осы қауіпсіздік талаптарын бағыныстыларға уақтылы жеткізуге және олардың орындалуын талап етуге міндетті.
      Сабақтар, жұмыстар немесе қызметтік іс-әрекеттердің басқа да іс-шараларын бастар алдында командир бұл үшін қауіпсіздік шараларының жасалғандығына және қамтамасыз етілгендігіне, бағыныстылардың оларға жеткізілген қауіпсіздік шараларының талаптарын меңгергендігіне және оларды орындауда жеткілікті практикалық машықтанғанына өзі көз жеткізуге міндетті. Командирдің (бастықтың) жеке құрамның қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі қабылдаған шаралары жауынгерлік міндеттерді орындауды бұзуға әкеп соқтырмауы тиіс.

      78. Командир (бастық) бағынысты бөлімде (бөлімшеде) жарғылық ішкі тәртіпті қамтамасыз етуге:
      штабтың және бағынысты командирлердің (бастықтардың) қызметін барлық әскери қызметшілердің жалпыәскери жарғылардың талаптарын зерделеуін және орындауын ұйымдастыруға бағыттауға;
      әскери қалашықтағы бөлімшелердің және үй-жайлардағы әскери қызметшілердің дұрыс орналасуын ұйымдастыруға;
      әскери бөлімнің күнделікті қызметінде уақыттың мақсатты бөлінуін көздеуге;
      жеке құрамды тәуліктік нарядта қызмет атқаруға жан-жақты даярлауды жүргізуге;
      ішкі қызметті атқаруға бақылауды ұйымдастыруға;
      қарауылдарды тексеруге жеке өзі қатысуға;
      тәуліктік наряд қызметінің жай-күйін жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
      әскери қызметшілерге келу, мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шығу тәртібі мен өткізу режимін белгілеуге және сақтауды талап етуге;
      паркте, полигонда және бөлімше уақытша болатын басқа да орындарда жарғылық ішкі тәртіпті ұйымдастыруға және сақтауға міндетті.

      79. Командир (бастық) қару-жарақты, әскери, басқа техниканы және басқа да материалдық құралдарды ақаусыз және сақтаулы жай-күйде ұстауға, техникалық, материалдық, медициналық, қаржылық, әлеуметтік-құқықтық және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;
      әскери бөлімге (бөлімшеге) келіп түскен қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қабылдауды және іске қосуды ұйымдастыруға, жеке құрамның оларды қабылдауға және пайдалануға әзірлігін жеке өзі тексеруге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды жоспарлауға, олардың техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, бұзылулардың, оқиғалардың апаттар мен авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне гарнизондардан тыс рейстерге шығар алдында жеке өзі нұсқама беруге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы есепке алуды және сақталуын ұйымдастыруға, материалдық құралдарды алуды, сақтауды және есепке алуды, оларды жеткізуді және бағыныстыларға беруді уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға;
      әскери мүліктің жоғалуын, жетіспеуін, бүлінуін және ұрлануын болдырмауға, кінәлі адамдарды жауапқа тартуға;
       жеке құрамға тиісті ақшалай және басқа да жабдықталым түрлерін толық жеткізуді қамтамасыз етуге;
      материалдық және ақшалай қаражатты үнемді және мақсатты жұмсауды, қаржылық тәртіпті (барлық бөлімдер (кемелер), мекемелер мен лауазымды адамдар үшін міндетті қаржылық қызметті жүзеге асыру тәртібін) сақтауға;
      штаттық тәртіпті (әскери бөлімнің (кеменің), мекеменің жеке құрамын орналастыру, штат бойынша лауазымға тағайындау және лауазымдық міндеттерін орындау тәртібін) сақтауға;
      әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды қабылдауға, жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіруге;
      бағыныстыларға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту туралы ұдайы қамқорлық көрсетуге (Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің, олардың отбасы мүшелерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің әскери тауарлардың түр-түріне, азық-түлікке, киім-кешек, киім мен аяқ киім тігуге (жөндеуге), тұрмыстық қызмет көрсетулер ұсынуға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар), бұл ретте әлеуметтік әділдік пен жариялылық принциптерін сақтауға;
      әскери шаруашылықты ұйымдастыруға және оған штаб, өзінің орынбасарлары, әскер тектері мен қызметтер бастықтары арқылы жеке өзі басшылық жасауға;
      әскери бөлімнің (бөлімшенің) іс-қимылы ауданында қоршаған ортаны қорғау, бекітіліп берілген жер телімдерін мақсатты және ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      80. Командир (бастық) жеке өзінің кәсіби даярлығын және әскери бөлімді (бөлімшені) басқару әдістерін жетілдіруге:
      өзінің әскери, педагогикалық және құқықтық білімін арттыруға;
      өзінің қызметтік іс-әрекетіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, жалпыәскери жарғылардың ережелерін білуге, оларға сәйкес әрекет етуге және бағыныстылардан оларды сақтауды талап етуге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оларды жауынгерлік қолдану, пайдалану, жөндеу және эвакуациялау тәртібін білуге;
      өзінде және бағыныстыларда мақсаткерлікті, жеке жауаптылықты, іскерлікті, алдын ала болжау және сақтық сезімін қалыптастыруға, өз жұмысының нәтижелеріне сын көзбен қарауға;
      жеке құраммен үздіксіз байланыс орнатуға, жұмыста бағыныстылардың ұсынысын ескеруге, олардың арасында жұмысты және міндеттерін шеберлікпен бөлуге, бұйрықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      берілген құқықтар шегінде дербес, мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпорындардың, ұйымдардың ұжымдарымен, соғыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери бөлімнің (бөлімшенің) дәстүрлерін ұстай және еселей әрекет етуге. Осы мақсатта оларға ардагерлерді, халықты, оның ішінде жастарды, қоғам өкілдерін және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін шақырумен жиналыстар, кездесулер, әскери жоралғылар, спорттық, мәдени-көпшілік және басқа да іс-шаралар өткізуге;
      дара басшылықты барынша нығайтуға, офицерлер мен сержанттар құрамдарына арқа сүйеуге, олармен бірлесіп жеке құрамның барлық күш-жігерін қойылған міндеттерді орындауға бағыттауға;
      жеке құрам мен бағынысты бөлімшелер арасында жарыстар ұйымдастыруға, әскери қызметшілерді әскери бөлім (бөлімше) шешетін міндеттерді орындауға жұмылдыру мақсатында оларға басшылық жасауға;
      бағыныстылармен жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі, ішкі тәртіпті ұстауды жүйелі қорытындылауға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға;
      әскери қызметшілердің жалпы жиналыстарында өмір сүру және тұрмыс мәселелерін жиі қарауға, оларда жасалған ұсыныстарды әскери бөлімнің (бөлімшенің) тиісті міндеттерін шешу кезінде ескеруге міндетті.

      81. Командир (бастық) кадрлармен шеберлікпен жұмыс істеуге:
      жеке құрамды олармен жеке қарым-қатынас жасау жолымен және мінездеме беретін құжаттар бойынша жан-жақты зерделеуге;
      бағыныстылардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, оларды тәрбиелеумен күнделікті айналысуға;
      бұған өз орынбасарларын, әскер тектері мен қызметтер бастықтарын тарта отырып, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді іріктеуді, орналастыруды және аттестаттауды жүзеге асыруға;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге басшылық жасауға;
      әскери қызметшілердің көзделген ауыстыруының жариялылығын қамтамасыз етуге, кадр резерві мен тәжірибелі және жас кадрларды үйлестіру жолымен басшылық жасауды сабақтастыру үшін жағдайлар жасауға;
      өзінің бағыныстыларымен жеке өзі әңгімелесулер жүргізуге;
      бағыныстыларды жетістіктері мен танытқан дұрыс бастамасы, ынта-жігері мен қызметте ерекшеленгені үшін көтермелеуге міндетті.
      Одан басқа, әскери бөлім командирі кемінде айына бір рет күн тәртібімен белгіленген уақытта әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жеке мәселелері бойынша, ерекше жағдайларда және басқа да уақытта азаматтарды, ал бөлімше командирі өз бағыныстыларын жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік қызметтен, тәуліктік нарядтағы міндеттерін орындаудан және сабақтардан бос уақытында қабылдауы тиіс.

      82. Командир (бастық) өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстарға басшылық жасауға:
      міндеттерді айқындауға, ғылыми, өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстар жоспарының орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға, олардың материалдық-техникалық жағынан орындалуын қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің шығармашылығын әскери бөлімнің (бөлімшенің) алдында тұрған міндеттерді шешуге бағыттауға;
      ғылыми, өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстарда жеке өзі қатысуға;
      озық тәжірибені зерделеуге, жинақтауға және таратуға;
      конференциялар, кеңестер, байқаулар, көрмелер мен спорттық жарыстар, ойындар өткізуді ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
      үздік шығармашылық және спорттық нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілерді көтермелеуге міндетті.

      83. Командир (бастық) азаматтық персоналдың еңбек әрекетімен байланысты мәселелерді шешу кезінде еңбек туралы заңнаманы және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға, азаматтық персоналдың жұмысын ұйымдастыруға, еңбек өнімділігінің өсуі, еңбек және өндіріс тәртібін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау ережелерін сақтау, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін жағдайлар жасауға міндетті.

      84. Командир (бастық) уақытша кеткен жағдайда өзінің міндеттерін орындау үшін орынбасарларының біреуін немесе басқа да лауазымды адамдарды тағайындайды, бұл туралы аға командирге (бастыққа) баяндайды және әскери бөлім бойынша бұйрықта жариялайды.

Лауазымға кірісу тәртібі

      85. Әскери бөлімнің жаңадан тағайындалған командирі аға командирдің (бастықтың) нұсқамасы немесе бұйрығы негізінде қолбасшылыққа кіріседі. Қолбасшылыққа кірісу туралы әскери бөлім командирі бұйрықта жариялайды және аға командирге (бастыққа) баяндайды.
      Әскери бөлімнің (бөлімшенің) жаңадан тағайындалған командирін әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамына аға командир (бастық) таныстырады.

      86. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) рота командирі (4-дәрежелі кемеден) және одан жоғары жаңадан тағайындалған командирлері лауазымды қабылдау кезінде кейіннен оларды шешу үшін, олардың ұсыныстарын, шағымдарын, арыздарын анықтау мақсатында әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілеріне сұрақ қояды.

      87. Командирлер (бастықтар) қызметі бойынша ауысқан, бір ай уақыттан артық мерзімге уақытша кеткен кезде істер мен лауазымды акт жасаумен тапсыруға және қабылдауға міндетті: бригада командирінің істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру мерзімі он бес күнге дейін, полк және жеке батальон (1 және 2-дәрежелі кемелер) он күнге дейін, бригада (полк) командирінің қару-жарақ және тыл жөніндегі орынбасарлары жиырма күннен артық емес, батальондар мен роталар (3 және 4-дәрежелі кеме) командирлері бес күннен артық емес, взвод командирі үш күннен артық емес, әскерлер тектері мен қызметтер бастықтары он бес күннен артық емес белгіленеді. Арсенал, база командирінің (бастығының), сондай-ақ басқа да лауазымды адамдардың істер мен лауазымды қабылдау, тапсыру мерзімін аға командир (бастық), бірақ бір ай мерзімнен артық емес айқындайды.
      Істер мен лауазымды қабылдауды (тапсыруды) аяқтау деп аға командирдің (бастықтың) тиісті актіні бекітуі саналады. Актіні белгіленген тәртіппен уақтылы бекітпегені үшін аға командир (бастық) жауапты болады.

      88. Әскери бөлім командирі істер мен лауазымды қабылдауды, тапсыруды жеке өзі аға командирдің (бастықтың) өкілінің қатысуымен жүргізеді.
      Одан басқа, істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру үшін аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен комиссия тағайындалады, ол әскери бөлімнің жалпы жай-күйін, Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқ-дәрілердің болуы мен жай-күйін және оларды есепке алуды жеке, сондай-ақ әскери бөлімнің әскери және қаржылық шаруашылығын жеке тексереді және акт жасайды.
      Істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру туралы актіде: әскери бөлімнің тізімдік және бар құрамы; жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі, құпия құжаттардың болуы көрсетіледі.
      Қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді және басқа да материалдық құралдарды қабылдау және тапсыру туралы актіде: штат бойынша тиісті, құжаттар бойынша есептегі саны, нақты болуы, сапалық және техникалық жай-күйі, ұстау және сақтау жағдайы көрсетіледі. P061125 
      Әскери және қаржылық шаруашылықты қабылдау және тапсыру туралы актіде: пәтер-тұрмыстық жағдайы, ғимараттардың, құрылыстардың, мүкәммал мен жабдықтың болуы мен жай-күйі; жанар, жағар май материалдарының, азық-түліктің, киім-кешек, техникалық мүлік пен ағымдағы жабдықталымдағы және жұмсалмайтын қордағы материалдық құралдардың, сондай-ақ ақшалай қаражаттың болуы, жай-күйі, жұмсау заңдылығы, есепке алу және сақтау тәртібі көрсетіледі.
      Актілерге қабылдайтын және тапсыратын командирлер, комиссия мүшелері қол қояды және аға командирге (бастыққа) бекітуге ұсынады.

      89. Бөлімше командирі істер мен лауазымдарды қабылдауды (тапсыруды) әскери бөлім бойынша бұйрық негізінде жеке өзі жүргізеді.
      Бөлімше командирінің істер мен лауазымды қабылдауы үшін бөлімде комиссия тағайындалады.
      Істер мен лауазымды қабылдағаны (тапсырғаны) туралы бөлімше командирі әскери бөлім командиріне команда бойынша жазбаша баяндайды.
      Лауазымды қабылдаушы баянатпен бірге бөлімшені қабылдағаны туралы акт ұсынады, онда: бөлімшенің тізімдік және бар саны; жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының жай-күйі; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі; қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жай-күйі; әскери қызметшілердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларының жай-күйі көрсетіледі.
      Актіні комиссия мүшелері, лауазымды тапсырушы және қабылдаушы жасайды және қол қояды, белгіленген мерзімінен кешіктірмей бөлім командирі бекітеді.

Лауазымды адамдардың, сарбаздар мен матростардың міндеттері

Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі

      90. Бригада командирі (полк, шекара жасағының, авиациялық базаның және оларға теңестірілгендердің, бұдан әрі - бригада (кеме) бейбіт және соғыс уақытында:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, жеке құрамның әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызмет қауіпсіздігі;
      Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқ-дәрілердің, жанар және жағар май материалдарының және басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуы; бригаданың (кеменің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы;
      жарғылық ішкі тәртіп және әскерлер қызметінің жай-күйі;
      әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуы; барлық жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз ету түрлері;
      шарттық және талап-арыз жұмысы;
      әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау үшін жауап береді.
      Бригада (кеме) командирі бригаданың (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      91. Бригада (кеме) командирі:
      бригаданың (кеменің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететіндей жай-күйде ұстауға;
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларын әзірлеуге және олардың орындалуын бақылауға басшылық жасауға; бригаданың (кеменің) мақсатын білуге және оны кез келген жағдайда шебер басқаруға;
      бөлімдермен (бөлімшелермен) оқу-жаттығулар өткізуге, бригада штабының даярлығын жүргізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлерімен, олардың орынбасарларымен, әскер тектері мен бригада қызметтерінің бастықтарымен (кемеде - жауынгерлік бөлімдер командирлерімен, көмекшілерімен, орынбасарларымен және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ бригада (кеме) бөлімдерімен (бөлімшелерімен) сабақтар өткізуге;
      күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті сақтауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестесін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға;
      бөлімнің, рота және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдыларын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      бригададағы (кемедегі) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен істердің нақты жай-күйін білуге, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін болатын арналарды анықтау және жабу жөніндегі ұдайы жұмысты ұйымдастыруға;
      жаңадан келген буынды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға;
      кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға;
      бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға ұсыну үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге;
      әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды қабылдауға, бір аптаға азық-түліктерді тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тамақ берудің сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды жүзеге асыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге;
      белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақты, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөніндегі шараларды қабылдауға, олардың болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін жиі тексеруге; кемінде жылына екі рет барлық қару-жарақты, әскери және басқа техниканы тексеруді жүргізуге, тексеру нәтижелерін бригада бойынша бұйрықта жариялауға (кеме командирі екі айда кемінде бір рет кемені тексеруді, кемінде айына бір рет - оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын тексеруді, күн сайын кемені аралап шығуды жүргізуге);
      құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда аға командирге (бастыққа) баяндауға, құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру жүргізуге;
      адамдардың қаза табуы мен мертігуіне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзылу жағдайларын тексеруге жеке өзі қатысуға;
      бағыныстыларға қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен және оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, ал қажет жағдайларда белгілеуді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға (кеме командирі, одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға);
      аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, бригаданың (кеменің) жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасы мен басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдаушы факторлары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      бригаданың (кеменің) қажеттіліктерін, қаржылық, шарттық, талап-арыз жұмыстарын, шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға;
      бригаданың қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер телімдерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (кемеде - тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өртке қарсы қорғаныстың жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына кемінде екі рет әскери объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жер телімдерін тексеруді жүргізуге, тексерудің нәтижелерін актілерде көрсетуге және бригада (кеме) бойынша бұйрықта жариялауға;
      бригада (кеме) орналасқан жердің күзетін ұйымдастыруға;
      қарауылдық және ішкі (кемеде - кезекшілік және вахталық) қызметтерді бақылауды жүзеге асыруға, оларды атқаруды жеке өзі тексеруге және ұйымдастыруға;
      машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне гарнизоннан тыс рейстерге кетер алдында нұсқама беруге;
      жеке өзі лауазымды адамдарды және комиссияларды тартумен қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сомалар мен құндылықтардың болуына жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге; мемлекетке келтірілген материалдық зиянды анықтаған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға;
      әскери ұжымдарда жариялылық, әлеуметтік әділдік, әскери қызметшілер арасында өзара сенім орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, селқостық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға;
      офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл сайынғы демалысының графигін және ай сайын қызмет нарядтарының кестесін бекітуге және оларды орындауды бақылауды жүзеге асыруға;
      жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің жай-күйін талдауға, сондай-ақ кемінде айына бір рет тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын қорытындылауға және оларды жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдарды және инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды осы Жарғымен айқындалған тәртіппен қарсы алуға, баяндауға және бригада орналасқан жер бойынша (кемені қарап шыққан кезде) ілесіп жүруге;
      темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келіп жеткен материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға;
      бригаданың (кеменің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу кезінде және күнделікті қызметінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде шараларды қабылдауға;
      кемінде айына бір рет әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға;
      жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен шақыру бойынша офицерлердің істер мен лауазымды уақтылы қабылдауын (тапсыруын) бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      92. Бригада (кеме) командирі әрбір оқу кезеңі басталар алдында жалпыәскери жарғылардың оған регламенттеу құқығы берілген ережелерін орындау тәртібін айқындаумен жазбаша бұйрық береді (10-қосымша).
      Одан басқа, бригада (кеме) командирі саптық бөлім бойынша белгіленген мерзімде, сондай-ақ қажеттілігіне қарай жауынгерлік даярлық бойынша, жеке тыл, техникалық бөлім және басқа да мәселелер бойынша жазбаша бұйрықтар шығарады.
      Тыл, техникалық бөлім бойынша бұйрықтарға бригада (кеме) командирі, тиісінше оның тыл жөніндегі орынбасары немесе қару-жарақ жөніндегі орынбасары қол қояды.
      Саптық бөлім, жауынгерлік даярлық және басқа да мәселелер бойынша бұйрықтарға командир және бригада штабының (кеменің) бастығы қол қояды.

Бригада командирінің орынбасары

      93. Бригада командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және сапалы өткізу; оқу материалдық-техникалық базасын жасау, жабдықтау, оны ұдайы жетілдіру және ақаусыз жай-күйде ұстау; сыныптық мамандарды даярлау; спорттық, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстар; ішкі тәртіп пен жеке құрамның әскери тәртібін ұстау үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне бағынады, оның бірінші орынбасары және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.
      Бригада командирі болмағанда, ол оның міндеттерін орындайды.
      Штатында бригада командирі орынбасарының лауазымы көзделмеген бригадаларда оның міндеттерін штаб бастығы орындайды.

      94. Бригада командирінің орынбасары жауынгерлік даярлықтың тікелей ұйымдастырушысы болып табылады. Ол:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысуға;
      бригаданың жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге;
      офицерлер және сержанттар құрамымен сабақтар, сондай-ақ бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) оқу-жаттығу және бақылау сабақтарын өткізуге;
      бөлімнің, рота және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицерінің, сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      дене дайындығы мен спорт жұмыстарына басшылық жасауға;
      бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне анықталған кемшіліктерді жоюда, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде көмек көрсетуге;
      сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі өткізуге;
      озық тәжірибені зерделеу, жинақтау және жауынгерлік оқуға енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасауға;
      сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерін орындауды тексеруге, бригада жеке құрамының қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу жөніндегі комиссия жұмысына басшылық жасауға;
      оқу материалдық-техникалық базасының объектілерін жабдықтау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға, осы мақсаттар үшін қажет етілетін ақшалай қаражат есебін әзірлеуге, бригада бөлімшелерін жауынгерлік даярлық үшін арналған материалдық құралдармен, оқу және көрнекілік құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді, оларды есепке алуды және ұстауды бақылауға, оқу материалдық-техникалық базасының объектілерінде экономикалық жұмыстар жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, әскери оқу орындарына түсу, жоғары лауазымдарға ұсыну және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      әдістемелік жұмыстарға, сондай-ақ бригададағы өнертапқыштық және рационализаторлық жөніндегі комиссияға басшылық жасауға;
      әскери (кеме) шаруашылығының жай-күйін білуге;
      кемінде аптасына бір рет тәуліктік нарядтың даярлығын және олардың қызмет атқаруын, сондай-ақ бригадада және оның бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) ішкі жарғылық тәртіпті сақтауды жеке өзі тексеруге;
      полигондар мен атыс алаңдарын жарылмаған оқ-дәрілерден тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға міндетті.

Бригада штабының бастығы

      95. Бригада штабының бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; бөлімдерді (бөлімшелерді) басқаруды ұйымдастыру және ұстау; жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жоспарлау; бригаданы басқаруды қамтамасыз ететін штаб пен бөлімдердің (бөлімшелердің) даярлығы; штабтың және оған тікелей бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің) жеке құрамының әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі, оларды қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен қамтамасыз ету; бригаданың жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілерін, аспаптарын, жанар, жағар май материалдарын және басқа да материалдық құралдарын жабдықтау мен есепке алудың жай-күйі; бригаданың жауынгерлік міндеттерін табысты орындауы; бригададағы әскерлер қызметін ұйымдастыру; бригаданың лауазымды адамдары мен бөлімдерінің (бөлімшелерінің) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және бақылау; метрологиялық қамтамасыз ету; заңнаманың, берілген және алынған бұйрықтардың орындалуын бақылау үшін жауап береді.
      Бригада штабының бастығы әскери шаруашылықтың жай-күйін білуі және оны жүргізу мәселелері жөніндегі командирдің бұйрықтарының орындалуын бақылауы тиіс.
      Бригада штабының бастығы бригада командиріне бағынады, оның бірінші орынбасары және барлық жеке құрам үшін тікелей бастық болып табылады.
      Бригада командирінің шешімдерін өмірде іске асыруда штаб бастығы қажет жағдайларда бригада командиріне бағынысты адамдарға оның атынан бұйрықтар (өкімдер, бұйырымдар) беруге құқығы бар. Берілген барлық анағұрлым маңызды бұйрықтар (өкімдер, бұйырымдар) туралы штаб бастығы бригада командиріне баяндайды.

      96. Бригада штабының бастығы:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі құжаттарын әзірлеуге және оларға жіберілген лауазымды адамдардың жұмысына басшылық жасауға, олардың орындалуын бақылауға;
      штаб жұмысын ұйымдастыруға және оған күнделікті басшылық жасауға, бригада командирлері орынбасарларының, әскер тектері мен қызметтер бастықтарының жұмысын ұйымдастыруға және келісуге;
      бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) нақты жағдайы мен жай-күйін ұдайы білуге, оларға қойылған міндеттердің орындалу барысын бақылауға;
      бригада командирінің нұсқауы бойынша жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуді ұйымдастыруға және оның орындалуын бақылауға;
      бригада командиріне тікелей бағынысты лауазымды адамдар мен штаб офицерлерінің бөлімшелер мен қызметтердің жай-күйін тексеру жоспарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл сайынғы демалыстар мен қызметке ай сайынғы нарядтар графигін әзірлеуге және олардың орындалуын бақылауға;
      бригададағы байланысты ұйымдастыруға, байланыс құралдарының жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін тексеруге;
      бригада командирінің және аға командирлердің (бастықтардың) барлық бұйрықтарын (өкімдерін, бұйырымдарын) бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтерге уақтылы және дұрыс жеткізуді, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыруға; ең маңызды бұйрықтарды (өкімдерді, бұйырымдарды) жеке өзі беруге және олардың орындалуын тексеруге;
      бригада штабы офицерлерімен сабақтар өткізуге, батальондар штабтарының және штабқа тікелей бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің) даярлығына басшылық жасауға;
      штабтың және оған тікелей бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің) әрбір офицерінің, сержанттарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге, бригадаға келетін толықтыруды бөлімдер (бөлімшелер) бойынша бөлуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуде, орналастыруда және аттестаттауда, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандықтары бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуде қатысуға;
      жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, қылмыстардың, оқиғалар мен тәртіптік теріс қылықтардың есебін жүргізуге;
      бригаданың Жауынгерлік Туының, ордендерінің, вымпелдары мен оларға құжаттардың дұрыс сақталуы мен ұсталуын ұйымдастыруға;
      бригададағы қарауылдық және ішкі қызметтердің даярлығы мен атқарылуын ұйымдастыруға және кемінде аптасына бір рет жеке өзі тексеруге;
      жеке құрамның болуын, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың болуы мен жай-күйін ұдайы тексеруге, бригадада оларды есепке алуды жүргізуге басшылық жасауға;
      жедел кезекшіге, бригада бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне,  қарауыл бастығына, кезекші бөлімшенің командиріне, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге және штаб бойынша кезекшіге нарядқа түсер алдында, сондай-ақ гарнизон шегінде рейстерге кетер алдында машиналар жетекшілеріне, іссапарға кететін бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне, командалар бастықтарына, нұсқама беруге және осы бөлімдердің (бөлімшелердің), командалардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуін тексеруге;
      жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен шақыру бойынша офицерлердің істер мен лауазымды қабылдауын, тапсыруын бақылауға;
      бригаданың тарихи формулярын (тарихи анықтамасын) жүргізуге;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың барлық қолда бары мен жай-күйін, оған тікелей бағынысты бөлімдерде (бөлімшелерде) олардың сақталу тәртібін ұйымдастыруға және кемінде жылына екі рет тексеру жүргізуге;
      материалдық құралдардың есепке алынуын, қозғалысын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тексеру актісін жасаумен олардың болуы мен жай-күйіне кенеттен тексерулер ұйымдастыруға;
      іс-шараларды әзірлеуге және бригада жеке құрамының әскерлерді жасырын басқару жөніндегі талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға, басқарудың автоматтандырылған құралдарын енгізуге;
      мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды жеке өзі басқаруға және шешілетін міндеттер мен жағдай шарттарын ескере отырып, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды жабу жөнінде шаралар қабылдауға;
      бригаданы жаппай қырып-жоятын қарудың зақымдаушы факторлары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;
      комиссиялардың жұмысын және қызметтер бойынша қару-жарақты, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдарды жыл сайынғы түгендеуді жүргізуді бақылауға;
      бригаданы метрологиялық қамтамасыз ету іс-шараларын уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға;
      әскери қызметшілермен сабақтарда және жұмыста қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі сабақтардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға міндетті.

Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және
әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

      97. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық жұмыстың ұйымдастырылуы мен жай-күйі; жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігі; бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстауда, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы міндеттерін шешуде, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді шешуде тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне бағынады және бригаданың барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      98. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
      бригаданың (кеменің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларын жоспарлауға және орындалуын қамтамасыз етуге қатысуға;
      тәрбие және әлеуметтік-құқықтық құрылымдардың жұмысын ұйымдастыруға және басшылық жасауға;
      тәрбие құрылымдары офицерлерін іріктеуді және оқытуды жүзеге асыруға, оларды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
      оны бригаданың (кеменің) ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауға, жауынгерлік міндеттерін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы міндеттерін табысты орындауға, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін, құқықтық негіздегі дара басшылықты нығайтуға бағыттай отырып, тәрбие жұмысын жоспарлауға және жеке өзі жүргізуге;
      ұлттық, психологиялық, діни ерекшеліктерін және әскери қызметшілердің білім деңгейін ескере отырып, жеке құрамның оқу-жаттығу және жауынгерлік міндеттерін орындауды моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, олардың бойында жоғары жауынгерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға;
      әскери қызметшілердің бойында қару-жарақты, әскери және басқа техниканы игеруге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау үшін, әскери және мемлекеттік мүлікті сақтау үшін жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге;
      бригададағы (кемедегі) жарысты ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, бастама мен белсенділікті дамытуға;
      бригаданың жеке құрамын Қазақстан халқына және Президентіне адалдық, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышы мен әскери антқа адалдығы, жалпыәскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      әскери дәстүрлерді, жауынгерлік достық пен жолдастықты ұстау және дамыту жөнінде шаралар қабылдауға;
      мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды әлемде және Қазақстан Республикасында болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттандыруды жүргізуге, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси жағдайды және олардан туындайтын жеке құрамның міндеттерін түсіндіруге;
      оқу және әдістемелік әдебиетпен, оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге; мемлекеттік-құқықтық даярлық топтары басшыларының теориялық және әдістемелік даярлығын, азаматтық персоналды экономикалық оқытуды жүзеге асыруға, оларға өз міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасауға;
      бригада орналасқан өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды білуге, жастарды және жеке құрамды патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, әскери қызметтің беделі мен әскери қызметші мамандығының абыройын арттыру, азаматтарды әскери қызметке даярлау және оны халық арасында насихаттау мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, заңнамаға сәйкес әрекет ететін қоғамдық және ардагерлер ұйымдарымен байланыс орнатуға және ұдайы ұстауға;
      әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;
      офицерлермен және сержанттармен тәрбие жұмысын жеке жүргізуге, рота және одан жоғары әрбір офицердің, сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиетін білуге, әскери қызметшілерді іріктеуде, орналастыруда және аттестаттауда, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну үшін, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуде қатысуға;
      офицерлерді, сержанттарды тәрбие жұмысын жүргізу практикасына оқытуға, оларға жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге;
      жауынгерлік міндетті орындайтын, ішкі нарядтарда қызмет атқаратын бөлімшелердің жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға қатысуға. Кемінде аптасына бір рет қарауылдық және ішкі қызметтерді даярлауды және атқаруды жеке өзі тексеруге;
      бос уақытты мәдени өткізу орталықтары мен кітапханалардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени және рухани дамуы үшін жағдайлар жасауға;
      әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналға қатысты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, негізді ұсыныстар мен өтініштерді уақтылы шешуге, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қабылдауға;
      жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы қамқорлық көрсетуге;
      өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға;
      техникалық тәрбиелеу құралдарын және мәдени-ағарту мүлкімен уақтылы қамтамасыз ету, ақпараттық-тәрбие жұмыстары, психологиялық жеңілдеу және көрнекілік үгіт бөлмелерін безендіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға;
      жоғары тұрған штабтар мен жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуға;
      бригада командиріне және жоғары тұрған әскери басқару органына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, жүргізілген тәрбие және бос уақытты мәдени өткізу іс-шаралары, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

Бригада командирінің қару-жарақ (инженерлік-авиациялық
қызмет) жөніндегі орынбасары - техникалық қамтамасыз ету
бөлімінің бастығы

      99. Бригада командирінің қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет) жөніндегі орынбасары - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бейбіт және соғыс уақытында: тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; бағыныстағы қызметтер бойынша қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жай-күйі мен жабдықталуы және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігі, дұрыс пайдалану, көшіру және жөндеу; қарудың, оқ-дәрілердің, әскери-техникалық мүліктің сақталуы; техникалық бекіністердегі құрылыстардың, бағынысты қызметтер бойынша қоймалардың, парктердің (ұшақтар, тікұшақтар тұрағының) жай-күйі, олардағы ішкі қызметті ұйымдастыру және жай-күйі; қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, аспаптармен, оқ-дәрілермен, әскери-техникалық мүлікпен жабдықтау (авиациялық бөлімдерден басқа); бағынысты қызметтер бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі; жеке құрамның техникалық даярлығы, сондай-ақ бригаданың техникалық мамандықтар мамандарын даярлау үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      100. Бригада командирінің қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет) жөніндегі орынбасары - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      оған бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына және қызметіне басшылық жасауға;
      бригаданы техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға; жетіспейтін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, қосалқы бөлшектерді, парк жабдықтарын, аспаптарды, қызмет көрсету құралдарын, басқа да әскери-техникалық мүлік пен ақшалай қаражатты уақтылы талап етуге; оларды алуды, сақтауды, бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді және оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдардың жоғалуын, жетіспеуін, бүлінуін және ұрлануын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
      оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      олардың ақаусыздығын ұдайы қамтамасыз ете отырып, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды, көшіруді және жөндеуді ұйымдастыруға; бөлімдерде (бөлімшелерде) регламенттеу жұмыстарын жүргізу және қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге техникалық қызмет көрсету жоспарларын сапалы орындауды, сондай-ақ оларды жөндеуге уақтылы жіберуді бақылауға;
      жеке құрамның қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану, көшіру және жөндеу ережелерін білуін жүйелі тексеруге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу; мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      кемінде жылына екі рет барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың техникалық жай-күйін тексеруге және жылына екі рет оқ ату қаруын тексеруді, бұл ретте тексеру нәтижелерін актілерде және бригада бойынша бұйрықтарда көрсетуге;
      өз мамандығы бойынша бригадада наразылық шағымдану жұмысына басшылық жасауға;
      белгіленген есепке алу мен есептілікті уақтылы жүргізуді, жоғары тұрған штабтар мен жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану және жөндеуге шығару жоспарларына енгізу үшін қызметтер бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге; олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға;
      бөлімдерде (бөлімшелерде) жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды (агрессивті ортаны бөлу, қозғалтқыштарды және үйкелетін бөлшектерді суыту, отынның беткі жағының қатуын және онда мұз кристалдарының пайда болуын алдын алу үшін әскери техниканың гидравликалық таратуларында, гидрокүшейткіштерінде, амортизаторларында қолданылатын үстемелерді қоса отырып мұнай және синтетикалық негізде өндірілетін сұйықтарды) дұрыс қолдануды және үнемді жұмсауды қадағалауды жүзеге асыруға; паспорттардың тиісті бөлімдеріне алдын ала жаза отырып, бөлімдерде (бөлімшелерде) жанар, жағар май материалдарын және арнайы сұйықтарды пайдалануға рұқсат беруге;
      ай сайын бригада командиріне оқ-дәрілер мен моторесурстар шығысының лимитін пайдалану нәтижелері туралы баяндауға;
      бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдарды тексеруді және түгендеуді белгіленген мерзімде жүргізуді ұйымдастыруға;
      бригаданың жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді зерделеу, техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ техникалық мамандықтардың сыныптық мамандарын даярлау жөнінде сабақтар өткізуге;
      механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлауды бақылауға;
      өртке қарсы іс-шараларды және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      бағынысты қызметтер бойынша техникалық бекіністердегі арнайы құрылыстарды, парктер элементтерін, қоймаларды жабдықтау, оларды табиғатты қорғау құрылыстарымен және техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру, өртке қарсы іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      парктердегі ішкі қызметті атқаруды ұйымдастыруға және бақылауға, бақылау-техникалық пункті бастығының жұмысына басшылық жасауға;
      нарядқа түсер алдында парк бойынша кезекшіге, рейске шығар алдында жүргізушілерге (механик-жүргізушілерге) нұсқаулар беруге;
      оқу-жаттығу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ техникалық даярлық бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру және сақтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      бригаданың жөндеу бөлімшелерінің жұмысын жоспарлауға, жөндеу ротасына бір айға өндірістік жоспар-тапсырманы жеке өзі жасауға;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілер мен аспаптарды дайындау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге;
      қару-жарақ, әскери және басқа техника, аспаптар апаттарының, аварияларының, бұзылуының, ақауының және зақымдануының себептерін талдауға, олардың алдын алу және жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға;
      бригада қару-жарағының, әскери және басқа техникасының құрылысын және пайдалану ережелерін, олардың бар болуы мен техникалық жай-күйін білуге;
      өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және уақтылы игеруге қатысуға міндетті.
      Штат бойынша командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары көзделмеген бригадада оның міндеттерін техникалық қызметтердің біреуінің бастығы орындайды. Ол бригада командиріне бағынады және оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

      101. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жабдықтау; бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз ету; материалдық, техникалық құралдардың, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлерін және суды жеткізу; бағынысты қоймалардың жай-күйі; жеке құрамға сауда-тұрмыстық қызмет көрсету, қамтамасыз ету; казармалық-тұрғын үй қорын ұстау; бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; өртке қарсы қорғау; қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау, тыл объектілерінде ішкі қызметті ұйымдастыру және жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      102. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      командирдің орынбасарларының, әскерлер тектері мен бригада қызметтері бастықтарының қатысуымен жылдық шаруашылық жоспарын, экономикалық жұмыс жоспарын, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарын, басқа да жұмыс жоспарларын; автомобиль техникасын пайдалану және жөндеуге шығару жоспарларына енгізу үшін тыл техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және осы жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      бригаданың бағынысты қызметтер бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға;
      оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну үшін және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      офицерлермен, сержанттармен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және әскери шаруашылықты жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;
      бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдармен уақтылы қамтамасыз етуді, жабдықталым органдарынан мүліктің, материалдық құралдардың қажетті санын талап етуді ұйымдастыруға және өтінімдерге сәйкес оларды алуды, сақтауды және бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді қамтамасыз етуге;
      меншік түріне қарамастан, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы бригадаға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және бақылауға, конкурстық өтінімдер мен шарттарға сәйкес қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлардың тиісті түрінің болуын бақылауды жүзеге асыруға;
      бригада асханаларында жеке құрамның сапалы тамақтануын, әрбір әскери қызметшіге және қызмет жануарларына жабдықталым мен материалдық құралдардың тиісті нормаларын жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта және оқу-жаттығуларда болған әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға және бақылауға;
      тамақ дайындау үшін азық-түліктерді тарату мәзірін жасауға басшылық жасауға және оны бригада командиріне бекітуге ұсынуға, кемінде айына бір рет аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге;
      картопты, көкөністерді, отынды дайындауды уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға және оларды қоймаларға салуды ұйымдастыруға, сақталуын қамтамасыз етуге, жеткізілетін азық-түліктердің сапасын бақылауды жүзеге асыруға;
      кемінде жылына екі рет бригада қоймаларындағы және бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) барлық материалдық құралдардың болуын және жай-күйін тексеру актілерін ресімдеумен тексеруге; бағынысты қызметтер бойынша барлық мүліктер мен техниканы жыл сайын түгендеуді жүргізуді ұйымдастыруға;
      комиссияның бағынысты қызметтерді тексеру жөніндегі жұмысын уақтылы ұйымдастыруға және бақылауға, жұмыс басталар алдында олардың мүшелерімен нұсқау беру сабақтарын өткізуге;
      жанар, жағар май материалдарының және арнайы сұйықтардың сапасына, дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға және олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ай сайын олардың шығыс лимиттерін пайдаланудың нәтижелерін бригада командиріне баяндауға;
      бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердегі қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, уақтылы қызмет көрсетуді, жөндеу мен эвакуациялауды қамтамасыз етуге;
      нарядқа түсер алдында асханалар, қойма аймағы бойынша кезекшілер нарядына жеке өзі нұсқама беруге немесе осы үшін тиісті лауазымды адамдарды тағайындауға;
      кемінде аптасына бір рет тәуліктік нарядтың даярлығы мен олардың қызмет атқаруын, сондай-ақ бағынысты бөлімдердегі (бөлімшелердегі) жарғылық ішкі тәртіптің сақталуын жеке өзі тексеруге;
      бөлімдерге (бөлімшелерге) материалдық құралдардың барлық түрлерінің жеткізілуін, сумен жабдықталуын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыруға;
      автомобиль көлігінің жеткізу жұмысын жоспарлауға және оны пайдаланудың дұрыстығы мен тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға;
      темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен әкелінген материалдық құралдардың уақытылы түсірілуі мен әкетілуін қамтамасыз етуге;
      бригада тылының оқу материалдық-техникалық базасын, бағынысты қоймаларды, асханаларды жабдықтау және жетілдіру және оларды техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      бригада командиріне бөлімдер (бөлімшелер) арасында казармалық-тұрғын үй қорын бөлу туралы ұсыныстарды ұсынуға;
      барлық тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттарды, су құбыры-кәріз, жылу желілері мен құрылыстарын, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді; казармалық-тұрғын үй қорын қысқа алдын ала дайындауды ұйымдастыруға; пәтерлерді орналастыруға бөлінген аумақты, кіреберіс автомобиль жолдарын, сондай-ақ бригададағы өртке қарсы қорғауды тәртіпте ұстауды ұйымдастыруға;
      объектілерді өрт және күзет дабылдамасы құралдарымен жарақтандыруға; кемінде үш айда бір рет бригаданың өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге және оқу-жаттығу өрт жаттығуларын өткізуге;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындалуын тексеруге, бригаданың барлық жеке құрамының қоршаған ортаның экологиясын қорғау және сақтау ережелерін сақтауын бақылауға;
      жеке құрамның сыртқы пішіні туралы ұдайы қамқорлық көрсетуге, киім-кешекті уақтылы беруді, оны шақтап тігу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын киіп жүру ережесін сақтауды талап етуге;
      бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға;
      бір жылға арналған күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізуге бекітілген титулға сәйкес және заңнамаға сәйкес меншік түріне қарамастан, кәсіпорындармен орындалатын жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілу сапасын бақылауды жүзеге асыруға;
      бригада асханаларын жабдықтау, ағымдағы жөндеу, көріктендіру (меншік түріне қарамастан), бағынысты қызметтер бойынша қоймалар мен басқа да объектілерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
      бағынысты қызметтер бойынша жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге;
      белгіленген есеп пен есептілікті уақтылы жүргізуді, жоғарғы тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға;
      бригада инфрақұрылымына қызмет көрсетумен айналысатын азаматтық персоналдың жұмысын бақылауға міндетті.

      103. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары әскери шаруашылықтың негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Оның шаруашылық қызметті жоспарлаудың, материалдық құралдар жеткізудің, сауда-тұрмыстық қызмет көрсетудің, пәтер-пайдаланумен қамтамасыз етудің (әскерлерді (күштерді) орналастырудың қалыпты жағдайларын жасау және оларды пәтер мүлкінің барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын және өткізілетін іс-шаралар) және өртке қарсы қорғаудың жалпы мәселелері бойынша нұсқауы барлық әскерлер тектері, қызмет бастықтары және бөлімдер (бөлімшелер) командирлері (бригада командирінің өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі орынбасарлары) үшін міндетті.

Бригаданың артиллерия бастығы

      104. Бригаданың артиллерия бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бригадалық артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі; бригада жеке құрамының өз мамандығы бойынша даярлығы; штаттық және бригадаға берілген артиллериялық бөлімдерді (бөлімшелерді) жауынгерлік қолдану; оған тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жабдықтау, олардың жай-күйі, өзіне тікелей бағынысты бөлімдерде (бөлімшелерде) олардың дұрыс пайдаланылуы мен жөнделуі; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол бригада командирге бағынады және бригадалық артиллериялық бөлімдер (бөлімшелер) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      105. Бригаданың артиллерия бастығы:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      артиллерияны жауынгерлік қолдануды жоспарлауға және оны шебер басқаруға;
      бригадалық артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына, сондай-ақ батальондық артиллериялық бөлімшелерді өз мамандығы бойынша даярлауға басшылық жасауға;
      офицерлер мен сержанттарды артиллерияны жауынгерлік қолдану бойынша даярлауды жүргізуге, артиллериялық бөлімдермен (бөлімшелермен) өз мамандығы бойынша оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізуге;
      бригаданың артиллериялық бөлімдерімен (бөлімшелерімен) ай сайын бақылау сабақтарын өткізуге;
      артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) зеңбірек (есептоп, бөлімше) командирі және одан жоғары әрбір офицері мен сержантының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
      бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сыныптық мамандардың есебін, өсу болашағын жүргізуге, сыныптық біліктілігін арттыруға (растауға) сынақтар жүргізуде жеке өзі қатысуға;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      бригаданың барлық артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жай-күйін, жауынгерлік және оқ ату мүмкіндіктерін білуге; олардың жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) қару-жарағының, әскери және басқа техникасының қолда барын, жай-күйін білуге және жабдықтауға шаралар қабылдауға;
      олардың ұдайы ақаусыздығын қамтамасыз ете отырып, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыруға; қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарын жасауға, сондай-ақ бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
      бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар жүргізу және қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, аспаптармен және оқ-дәрілермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге және олардың орындалуына қол жеткізуге;
      өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жабдықтауға басшылық жасауға;
      бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтау және қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      кемінде жылына екі рет бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің техникалық жай-күйін, жабдықталуы мен есепке алынуын және оларды сақтау тәртібін тексеруге;
      формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      артиллериялық бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге;
      жоғарғы тұрған штабтарға белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуды ұйымдастыруға міндетті.

Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы

      106. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы бейбіт және соғыс уақытында: әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бригадалық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлау; штаттық және бригадаға берілген әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерін (бөлімшелерін) жауынгерлік қолдану; оған тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жабдықтау, олардың жай-күйі мен дұрыс пайдалану және жөндеу; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне бағынады және бригадалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдері (бөлімшелері) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      107. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы:
      бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға;
      әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жауынгерлік қолдануды жоспарлауға және оларды шебер басқаруға;
      бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің), сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныстың батальондық бөлімшелерінің өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына басшылық жасауға;
      офицерлер мен сержанттарды әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері бойынша даярлауды жүргізуге, сондай-ақ бригаданың әуе шабуылына қарсы бөлімдерімен (бөлімшелерімен) оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге;
      ай сайын бригаданың әуе шабуылына қарсы бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге;
      әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) зеңбірек (есептоп, бөлімше) командирі және одан жоғары әрбір офицері мен сержантының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағы, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
      бригаданың әуе шабуылына қарсы бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сыныптық мамандардың есебін жүргізуге, сыныптық біліктілігін арттыруға (растауға) сынақтар жүргізуде жеке өзі қатысуға;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жай-күйін, жауынгерлік және оқ ату мүмкіндіктерін білуге; олардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, жауынгерлік даярлығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жай-күйін білуге және жабдықтауға шаралар қабылдауға;
      олардың ақаусыздығын ұдайы қамтамасыз ете отырып, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды, эвакуациялауды және жөндеуді ұйымдастыруға; қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын жасауға, сондай-ақ бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
      бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар жүргізу және қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, аспаптармен, зымырандармен және оқ-дәрілермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге және олардың орындалуын талап етуге;
      өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жабдықтауға басшылық жасауға;
      бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қару-жарақты, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтау және қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға;
      жылына кемінде екі рет әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандар мен оқ-дәрілердің есепке алынуын, болуын, жабдықталуын, техникалық жай-күйін және оларды сақтау тәртібін тексеруге;
      формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге;
      жоғары тұрған штабтарға белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуға міндетті.

Бригаданың барлау бастығы

      108. Бригаданың барлау бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бағынысты бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, қару-жарағы, әскери және басқа техникасының техникалық жай-күйі мен жауынгерлік қолдануға әзірлігі; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлау, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бригада командирін қарсылас және жергілікті жер туралы деректермен қамтамасыз ету; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол бригада штабының бастығына бағынады және бригаданың барлау бөлімшесі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      109. Бригаданың барлау бастығы:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қарсылас, жергілікті жер туралы мәліметтерді жинауды, талдауды және қорытындылауды жүзеге асыруға және оларды бригада командиріне уақтылы баяндауға;
      кемінде үш айда бір рет бөлімшедегі және қоймалардағы барлау қару-жарағының, әскери және басқа техникасының, сондай-ақ өз мамандығы бойынша әскери-техникалық мүліктің болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге;
      оған бағынысты бөлімшенің жауынгерлік даярлығына, сондай-ақ бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлауға басшылық жасауға;
      жоғары тұрған қолбасшылық бұйрықтарының талаптарын бағынысты барлау бөлімшелеріне уақтылы жеткізуге және олардың орындалуын бақылауға;
      бригада офицерлерімен және сержанттарымен, сондай-ақ барлау бөлімімен (бөлімшесімен) сабақтар және өз мамандығы бойынша бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге;
      тікелей бағынысты бөлімшенің әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
      бригаданың барлау бөліміндегі (бөлімшесіндегі) қару-жарақтың, әскери және басқа техникасының болуы мен техникалық жай-күйін білуге және оларды пайдалану мен қызмет көрсетудің дұрыстығын жүйелі бақылауға; кемінде үш айда бір рет бөлімдердегі (бөлімшелердегі) және қоймалардағы барлау қару-жарағының, әскери және басқа техникасының, сондай-ақ өз мамандығы бойынша әскери-техникалық мүліктің жай-күйі мен жабдықталуын, оларды сақтау және есепке алудың дұрыстығын тексеруге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      барлау даярлығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      бригада командиріне бағынысты бөлімшені қолдануға шешім қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеуге міндетті.

Бригаданың қызмет бастығы

      110. Бригаданың қызмет бастығы бейбіт және соғыс уақытында: қызметтің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; бағынысты бөлімшелердің жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, әскери тәрбиесі мен тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; жауынгерлік (техникалық, тылдық) қамтамасыз етудің тиісті түрі; жеке құрамды өз мамандығы бойынша даярлау; бригаданы өз қызметі бойынша қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс пайдалану мен тәртіпте және ақаусыз ұстау; бригаданың қару-жарағының, әскери және басқа техникасының есебі, болуы, техникалық жай-күйі және өз қызметі бойынша жауынгерлік қолдануға әзірлігі; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі; бағынысты бөлімшелердің қызмет объектілерінде қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау және олардың өртке қарсы және санитарлық жай-күйі үшін жауап береді.

      111. Бригаданың қызмет бастығы:
      жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге, олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      қызметтердің іс-қимылына, оған бағынысты бөлімшелер мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына, сондай-ақ қоймалар жұмысына басшылық жасауға; оларда жарғылық ішкі тәртіпті сақтауға;
      кемінде айына бір рет өз мамандығы бойынша сабақтарды жеке өзі өткізуге, тиісті сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, қосалқы бөлшектерге, парктік жабдықтарға, аспаптарға, қызмет көрсету құралдарына, басқа да әскери-техникалық мүлікке және ақшалай қаражатқа өтінімдерді уақтылы тапсыруға, жетіспейтіндерін талап етуге; жауынгерлік даярлық жоспарына, табельдерге және нормаларға сәйкес алуды, сақтауды, бөлуді, бөлімге (бөлімшеге) беруді, сондай-ақ оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдардың жоғалтуларын, жетіспеушіліктерін, бүлінулері мен ұрлануларын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға; жұмсалмайтын қорды уақтылы жаңартуға;
      қызметтің жасақталуын, тікелей бағынысты бөлімшелер мен қызметтер әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жеке жұмыстарды жүргізуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      өз қызметі бойынша қару-жарақтың, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдардың болуын, жай-күйін, құрылымын және пайдалану (қолдану), жөндеу мен эвакуациялау ережелерін білуге;
      бөлімшелердегі және қоймадағы өз қызметі бойынша қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың ақаусыз жай-күйін қадағалауға, оларды дұрыс пайдалануды (қолдануды) ұйымдастыруға және бұл ретте қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге; қызметтің қару-жарағына, әскери және басқа техникасына жағар және жанар май материалдарын үнемді жұмсауға және дұрыс пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға;
      өз қызметі бойынша қару-жарақты, әскери және басқа техниканы (мүлікті) жөндеуді ұйымдастыруға, оны жүргізу сапасы мен мерзімдерін бақылауға, бригадада жөндеуге келмейтін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы (мүлікті) жөндеуге уақтылы тапсыруға;
      өз қызметі бойынша бригадаға келіп түсетін және бригададан жіберілетін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы тексеруді жүргізуге, оларды қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және бөлімшелерге беруді және басқа бөлімдерге беруді ұйымдастыруға;
      өз мамандығы бойынша бригададағы жарнамалау жұмысын ұйымдастыруға және басшылық жасауға;
      формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      жұмсалмайтын қордағы қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды сақтаудан алуды және пайдалануды тек Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтары бойынша жүзеге асыруға;
      бригаданың бағынысты қоймалары мен бөлімшелеріндегі қару-жарақты, әскери және басқа техниканы бақылауды жүзеге асыру және жабдықтау мен сенімді күзетін, өртке қарсы қорғанысы мен найзағайдан қорғауды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауға;
      өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жабдықтауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар жүргізу және қару-жарақпен әскери және басқа техникамен, аспаптармен жұмыс істеу, зымырандармен, оқ-дәрілермен, улы техникалық сұйықтармен, уытты және жарылғыш заттармен, жару құралдарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, сондай-ақ олардың орындалуын қатаң талап етуге;
      өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және уақтылы игеруге қатысуға;
      есепке алу, техникалық құжаттамаларының негізінде қару-жарақ, әскери және басқа техника үлгілерінде, жабдықтар желілері мен бөлшектерінде, аспаптар мен өзге де бұйымдарда бар құнды металдар мен асыл тастарды түгендеу тізімдемесін жасауға, өз қызметі бойынша оларды есепке алуды және есептілікті жүргізуге;
      есепке алу мен есептілікті жүргізуге, белгіленген мерзімде бригада бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және қоймасымен, сондай-ақ жабдықталым органымен есеп мәліметтерін салыстыруды жүргізуге;
      өз қызметі бойынша қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, басқа да материалдық құралдармен оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, олардың себептерін анықтауға және осы оқиғаларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуге; бағынысты бөлімшелер мен қызметте өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға, оларда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға басшылық жасауға;
      бағынысты бөлімшелер мен қызметтің қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, жабдықтары мен мүлкін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуге;
      рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстарға қатысуға, оларды бағынысты қызмет пен бөлімшелерде ұйымдастыруға;
      бригада командирі бекіткен кестеге сәйкес тәуліктік нарядтың жауынгерлік кезекшілігі мен қызмет атқаруын тексеруге;
      жоғары тұрған штаб пен жабдықталым органдарына қызметі бойынша есеп берулер мен жеткізілімдерді уақтылы ұсынуға;
      жоғары тұрған қолбасшылықтың барлық бұйрықтарын бағынысты бөлімшелер мен қызметтерге уақтылы және дұрыс жеткізуді ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға;
      комиссияның бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдарды тексеру және түгендеу жөніндегі жұмысын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, жұмыс басталар алдында олардың мүшелерімен нұсқама сабақтар өткізуге;
      бригаданың жылдық шаруашылық жоспарын, экономикалық жұмыс, материалдық, техникалық құралдарды зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарларын, сондай-ақ қару-жарақты, әскери, басқа техниканы пайдалану мен жөндеуге шығару және басқа да жұмыстар жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге, осы жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, шақыру бойынша офицерлер мен қызметкерлердің істер мен лауазымды қабылдауын (тапсыруын) бақылауға; мемлекетке келтірілген материалдық зиянды анықтаған кезде кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға;
      салыстырып тексеру аппаратураларын, аспаптарды, ыдыстарды, жоғары қысымдағы қазандарды және жүк көтеру құралдарын уақтылы тексеруді, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы толық өңдеуді, техникалық құжаттамаларға өзгерістер енгізуді ұйымдастыруға, оларды пайдалану ережелерін сақтауды бақылауға міндетті.

      112. Бригаданың қызмет бастығы, бригаданың барлау бастығы, байланыс бастығы және дене дайындығы мен спорт бастығы өз мамандығы бойынша:
      бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне жеке құрамды жауынгерлік даярлау жөнінде және өз мамандығы бойынша қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) және қызмет көрсету жөнінде нұсқаулар мен ұсынымдар беруге;
      қару-жарақтың, әскери және басқа да материалдық құралдардың болуы мен жай-күйіне кенеттен тексерулер жүргізуге;
      оқиғаларға немесе олардың істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін кемшіліктерді анықтаған кезде, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындамаған кезде қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды тоқтатуға құқығы бар.
      Қызмет бастығы, бөлімнің барлау бастығы мен байланыс бастығы барлық анықталған кемшіліктер және оларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы дереу өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

      113. Бригаданың барлық қызметтерінің бастықтары, бригаданың байланыс бастығы және дене дайындығы мен спорт бастығы 110-112-тармақтардың ережелерін басшылыққа алады.

Бригаданың инженерлік қызмет бастығы

      114. Бригаданың инженерлік қызмет бастығы бригада командиріне бағынады және бригаданың инженерлік-саперлік бөлімшелері жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, бригаданың жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдаушы факторлары мен табиғи және техногендік сипаттағы зардаптардан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
      кемінде үш айда бір рет бригада бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) және қоймадағы инженерлік қару-жарақ құралдарының болуы мен техникалық жай-күйіне тексеру жүргізуге; жыл сайын оларды түгендеуді жүргізуге;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығымен бірлесіп полигондар мен атыс алаңдарын жарылмаған және ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерден тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, оларды жару мен жоюды жүзеге асыруға міндетті.

Бригаданың радиациялық, химиялық және биологиялық
қорғау қызметінің бастығы

      115. Бригаданың радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы бригада командиріне бағынады және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      радиациялық, химиялық және биологиялық барлау және бақылау жүргізу үшін арналған химиялық нұсқаушылар мен бөлімшелерді (бөлімшелерді, есептоптарды) даярлауды ұйымдастыруға;
      бригаданың жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, басқа да материалдық құралдарын ядролық, химиялық және биологиялық қарудан, сондай-ақ радиациялық, химиялық қауіпті объектілердің апаттары мен қираулары салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, олардың өз қызметі бойынша орындалуын ұйымдастыруға, орналасу және жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жер қабатындағы метеорологиялық жағдайды білуге;
      кемінде үш айда бір рет бригада бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) және қоймадағы барлық қару-жарақтың, әскери техника мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарының болуы мен техникалық жай-күйіне тексеру жүргізуге;
      бригада орналасқан аймақтағы радиациялық, химиялық жағдайды ұдайы білуге және ол өзгерген кезде шаралар қабылдауға міндетті.

Бригаданың медицина қызметінің бастығы

      116. Бригаданың медицина қызметінің бастығы бригада командиріне бағынады және медицина қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.
      Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      жаппай қырып-жою қаруынан қорғау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ бригада орналасқан ауданда орналасқан ықтимал қауіпті объектілерде апаттар болған жағдайдағы іс-шараларды әзірлеуге;
      медициналық қызметке жүктелген емдеу-алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізуге;
      жоспарлы медициналық бақылау жүргізуге және жеке құрамның оқу-жауынгерлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлардың жай-күйін жақсарту, өмір сүру ортасы, әскери еңбегі мен тұрмысы жағдайларын сақтау, орналасудың, тамақтанудың, сумен жабдықтаудың, монша-кір жуу қызметін көрсетудің іс-жүзіндегі жағдайларын гигиеналық бағалау кезінде санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау жөнінде жазбаша нұсқамаларды зерделеуге және беруге;
      жеке құрамды медициналық тексеруді ұйымдастыруға, амбулаториялық қабылдауға қатысуға, медициналық пункттегі және емдеу мекемелеріне жіберілген сырқаттарды қарауға;
      бригаданың медициналық пунктіне және басқа да емдеу мекемелеріне орналастырылған сырқаттардың жай-күйін білуге және олардың емделуін бақылауға, сондай-ақ оларға жиі барып тұруға;
      жеке құрамды жауынгерлік жағдайда, оқу-жаттығуларда, сабақтарда, сондай-ақ спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;
      жеке құрамның дене дайындығына медициналық бақылауды жүзеге асыруға және дене дайындығы мен спорт бастығымен бірлесіп жеке құрамның денсаулығын нығайту және дене бітімін дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;
      жеке құрамның әскери-медициналық даярлығын ұйымдастыруға;
      бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарымен өзара іс-қимыл жасауда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері арасында гигиеналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыруға;
      тамақтану режимін әзірлеуге және азық-түліктерді тарату мәзірін жасауға қатысуға;
      жеке құрамды тамақтандырудың сапасына және судың дұрыс сапалылығына жүйелі медициналық бақылауды жүзеге асыруға; бөлімге әкелінетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттардың болуын тексеруге;
      созылмалы аурулары бар адамдарға ұдайы медициналық бақылауды, олардың денсаулығын нығайту жөніндегі нұсқамаларды жүргізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне хабарлауға және олардың орындалуын бақылауға;
      бригада командиріне емдәмдік және қосымша тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне медициналық қорытындылар ұсынуға;
      бригада бөлімдері (бөлімшелері) командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен, психологымен бірлесіп, алкогольге, уыттылыққа, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға бейімдерді анықтауға, оларды емдеу жөнінде шаралар қабылдауға;
      бригада, асханалар, тұрғын үй-жайлар мен шаруашылық қызметтер үй-жайлары орналасқан ауданның санитарлық жай-күйін бақылауға;
      жеке құрамның моншада жуынуына, іш киімі мен төсек-орнын уақтылы ауыстыруына бақылауды жүзеге асыруға;
      жеке құрамның сырқаттануын талдауға, сырқаттануының алдын алу және санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсыныстармен талдау деректерін бригада командиріне және үлкен медицина бастығына ай сайын баяндауға;
      дәрі-дәрмектерді улы және есірткі заттарынан, психотроптық заттар мен прекурсорлардан жеке есепке алуды және сақтауды ұйымдастыруға, медициналық мүлік пен техниканы арналуы бойынша емес пайдалануға жол бермеуге;
      бригаданың әскери қызметшілерін диспансерлеуді ұйымдастыруға және оны өткізуге жеке өзі қатысуға, әскери қызметшілерге сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату туралы анықтамалар беруге (11-қосымша);
      объектілерді салуға және күрделі жөндеуге алдын алу санитарлық қадағалауды жүргізуге қатысуға;
      бағынысты медициналық қызметкердің біліктілігін ұдайы арттыруға;
      медициналық қызмет түрлеріне лицензиялар мен басқа да рұқсаттар алуды ұйымдастыруға;
      Қазақстан Республикасы дәрігері антының талаптары мен дәрігерлік құпияны мүлтіксіз сақтауға;
      індеттік және санитарлық-гигиеналық жағдайларда көрінуі мүмкін жіті уланулар, инфекциялық және басқа да аурулар туралы және жарақаттану салдарынан әскери қызметшілерді госпитальға жатқызудың әрбір жағдайы туралы бригада командиріне баянатпен баяндауға міндетті.

Бригаданың қаржы қызметінің бастығы

      117. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы бригада командиріне бағынады және қаржы қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша бейбіт және соғыс уақытында: бригаданы қаржылық қамтамасыз ету, қаржы шаруашылығының жай-күйі; шарттық міндеттемелерді орындау; ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есеп пен есептілікті дұрыс ұйымдастыру мен нақтылығы және бригаданың ақшалай қаражатын мақсатты, тиімді, үнемді жұмсау үшін жауап береді және:
      бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарын, бригаданың жылдық шаруашылық жоспарымен және басқа да жоспарларымен көзделген іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, командирге алдағы оқу кезеңіне арналған ақшалай қаражат шығыстары сметасын бекітуге ұсынуға;
      қаржы шаруашылығын ұйымдастыруға және жүргізуге, ақшалай қаражатты жоспарлауды, талап етуді, қаржы есебі мен  есептілігінің нақтылығын қамтамасыз етуге;
      бригаданың әскери қызметшілеріне ақшалай жабдықталымды және азаматтық персоналға еңбекақыны аудара отырып, жеке құрамды онымен есеп айырысу және есеп айырысу-төлем ведомостары бойынша уақтылы қанағаттандыруға, қажет кезде оларға аударылымдар мен төлемдер туралы мәлімет беруге;
      бригаданың барлық қызметтері бойынша ақша құжаттарының, сеніп тапсырылған ақшалай қаражат пен құндылықтардың сақталуын, қатаң есептілік бланкілерін сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етуге;
      ақшалай қаражатты мақсатты, тиімді, үнемді жұмсауға, материалдық және ақшалай қаражаттың жоғалуымен, жетіспеуімен, ұрлануымен, заңсыз жұмсалуымен мемлекетке келтірілген зиянды өтеудің уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға; қаржылық және штаттық-тарифтік тәртіпті сақтауға;
      есеп беретін адамдарды тексеруге;
      есепке алу деректерімен қолма-қол ақша сомасы және құндылықтарды салыстырып тексеру қорытындылары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық біліктілігі ерекшеліктерінің құрылымына сәйкес қазынашылықтағы шоттарды төлеу туралы бригада командиріне күн сайын баяндауға;
      бригаданың экономикалық және қаржы-шаруашылық қызметін талдауға, командирге ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын, мақсатты және үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету, ұрлауды анықтау және болдырмау жөнінде ұсыныстар беруге;
      кемінде аптасына бір рет бригада командиріне қаржы шаруашылығының жай-күйі және анықталған бұзушылықтар туралы баяндауға;
      ақшалай қаражатпен қамтамасыз етуге қатысты бригаданың уәкілетті лауазымды адамдары жасасатын шарттар мен келісімдердің жобаларын жеке өзі қарауға және оларға қол қоюға, шарттық міндеттемелер бойынша келіп түскен материалдық құндылықтарды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді қабылдауға қатысуға;
      бригада сатып алған (алған) материалдық құндылықтарды кіріске алудың уақтылығы мен толықтығын, ал қажет жағдайларда осы құндылықтардың қоймаларда нақты болуын тексеруге және тексеру нәтижелері туралы командирге баяндауға;
      қаржы мәселелері бойынша бригаданың комиссия мүшелерімен нұсқамалар өткізуге;
      тауар-материалдық құндылықтардың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың қозғалысын, сондай-ақ бригаданың материалдық есепке алу кітаптары бойынша оларды есептен шығарудың дұрыстығын бақылауға міндетті.

Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы

      118. Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы бригада командирінің орынбасарына бағынады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол дене дайындығы мен спортты ұйымдастыру үшін жауап береді және:
      бөлімдердегі (бөлімшелердегі) дене дайындығы мен спорттық іс-шараларды және бригада жеке құрамының дене бітімінің дамуын жиі бақылауға;
      кемінде айына бір рет бригаданың жеке құрамымен дене дайындығы бойынша бақылау сабақтарын өткізуге;
      бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне таңертеңгі дене жаттығуын, дене дайындығы мен спорт бойынша сабақтарды ұйымдастыруда және өткізу әдістемесінде көмек көрсетуге;
      бөлімдердің (бөлімшелердің) штаттан тыс спорттық ұйымдастырушыларын даярлауды жүзеге асыруға, олардың жұмысын бағыттауға және бақылауға;
      спорттық жұмыс жоспарын әзірлеуге, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, бригаданың спорт командаларына кандидаттарды іріктеуге және оларды жаттықтыруға басшылық жасауға;
      бригаданың медицина қызметі бастығымен бірлесіп, жеке құрамның дене бітімінің дамуы мен денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі, дене дайындығы мен спорт бойынша сабақтарда жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды өткізуге қатысуға;
      бригададағы спорттық құрылыстарды салуға басшылық жасауға, жабдықталуын білуге және бөлімшелерді спорттық мүлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға, оларды дұрыс қолдануды, сақталуын және уақтылы жөндеуді бақылауға;
      әскери қызметшілерге спорттық атақтар, разрядтар, төреші санаттарын беру және оларды спорттық кеуде белгілерімен наградтау үшін құжаттамаларды ресімдеуге;
      бригадада дене дайындығы мен спорт нәтижелерінің есебін жүргізуге міндетті.

Бригаданың байланыс бастығы

      119. Бригаданың байланыс бастығы штаб бастығына бағынады және бригаданың байланыс бөлімшесі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол байланысты уақтылы ұйымдастыру, қамтамасыз ету, оның қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың орындалуы үшін жауап береді және:
      бригададағы үздіксіз байланысты ұйымдастыруды және ұстауды қамтамасыз етуге;
      байланыс жөніндегі құжаттарды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, бригада жеке құрамының оны орындауын бақылауға;
      байланыс бөлімшесі жеке құрамының әскерлерді жасырын басқару жөніндегі талаптарды орындауын бақылауға;
      пошта жеткізілімдерінің бригададан жөнелтілуін және бригада мен бөлімдерге (бөлімшелерге) жеткізілуін ұйымдастыруға;
      кемінде үш айда бір рет бригада бөлімшелеріндегі және қоймасындағы байланыс құралдарының, автоматтандырылған басқару және хабарлау жүйелерінің болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге;
      бригададағы апта сайынғы радиожаттығуларды, байланыс құралдарымен жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы

      120. Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы бригада штабының бастығына бағынады және бақылау-салыстырып тексеру пункті (өлшеу техникасы пункті) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      бригаданың басқа да қызметтері бастықтарымен бірлесіп метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, анағұрлым күрделі және жауапты өлшеулерді жүргізуге тікелей басшылық жасауға және кемшіліктерді уақтылы жоюды бақылауға;
      бригада комиссиясының қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қабылдау және пайдалануға енгізу жөніндегі жұмысына қатысуға;
      кемінде үш айда бір рет өлшеу құралдарының жай-күйін, қолдану және сақтау дұрыстығын, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға метрологиялық қызмет көрсетуді жүргізудің көлемі мен толықтығын тексеруге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдауға, өлшеу құралдарының дұрыс көрсетпеуінен қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың жұмыс істемеу немесе тиімділігінің төмендеуі себептерінің алдын алу жөніндегі алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға және команда бойынша олардың құрылымдық және пайдалану кемшіліктерін жою жөнінде ұсыныстар беруге;
      тексеруге жататын құралдардың есебін жүргізуге;
      бригаданы өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға;
      бригаданың бақылау-салыстырып тексеру пунктіне (өлшеу техникасы пунктіне) әдістемелік басшылықты және бөлімшенің метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі штаттан тыс метрологтарының жұмысына бақылауды жүзеге асыруға;
      жылдық және айлық жұмыс жоспарларын, өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және өлшеу құралдарын реттеуді қамтамасыз ету жоспарын, бригадада қолданылатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге және реттеуге ұсыну кестесін әзірлеуге және штаб бастығына бекітуге ұсынуға және олардың орындалуын бақылауға;
      бөлімдердегі (бөлімшелердегі) метрологиялық қамтамасыз етуді тексеру және жай-күйін талдаудың нәтижелері негізінде бригада командирі бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге міндетті.

Бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ
қызметінің бастығы

      121. Бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына бағынады және зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол қарудың, зымырандар мен оқ-дәрілердің сақталуын ұйымдастыру үшін жауап береді және:
      бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарағын, зымырандары мен оқ-дәрілерін жөндеу, регламенттік-техникалық қызмет көрсету және тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, орындаушыларды материалдармен, арнайы аспаппен және жабдықпен қамтамасыз етуге;
      өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысына басшылық жасауға;
      бір айға арналған зымырандық-артиллериялық қару-жарақты жөндеу жоспарын әзірлеуге;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймаларының бастықтарын іріктеуді, олардың уақтылы тексеру және рұқсат етуді ресімдеу үшін құжаттарды ұсынуын бақылауды жүзеге асыруға;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақты, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге, белгіленген мерзімдерде бөлімдерде (бөлімшелерде) акт жасаумен оларды атуға дайындауды тексеруге, қажет болған кезде командирлерге көмек көрсетуге, оқ атуларда зымырандар мен ок-дәрілер шығысының және жұмыс істемей қалу, қалыпты жұмыс істемеу жағдайларының есебін жүргізуге;
      жауынгерлік қоректендіру пункттерінің бастықтармен сабақтар өткізуге, оқ атудан кейін бөлімдерден (бөлімшелерден) атылған гильзаларды, ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерді қабылдауды ұйымдастыруға, инженерлік қызмет бастығымен бірлесіп, жарылмаған және ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерді жаруды ұйымдастыруға;
      бригаданың бөлімдерінде (бөлімшелерінде) табельдік емес қару-жарақты, зымырандарды, оқ-дәрілер мен әскери-техникалық мүлікті ұстауға жол бермеуге;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақтың, зымырандар мен оқ-дәрілердің апаттары мен бұзылуларының себептерін анықтауға, олардың алдын алу жөнінде шарлар қабылдауға;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймаларындағы зымырандық-артиллериялық қару-жарақтың, зымырандар мен оқ-дәрілердің дұрыс сақталуын ұйымдастыруға, бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) олардың болуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, кемінде үш айда бір рет олардың техникалық жай-күйін тексеруге және қаруды тексеруді жүргізуге, бұл ретте ағымдағы жинақталымдағы қару үшін нөмірлік тексеру жүргізуге, тексеру нәтижелерін актімен ресімдеуге;
      ай сайын қызметтің есеп деректерін бригада бөлімшелерінің деректерімен салыстыруға;
      ай сайын бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына бригаданың барлық зымырандық-артиллериялық қару-жарағын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жоспарларының орындалуы және зымырандардың, оқ-дәрілердің шығыс лимиті туралы баяндауға;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймалары бойынша кезекшіге жеке өзі нұсқама беруге;
      зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймаларының жұмысына басшылық жасауға, оларды ашу, жабу және тексеріп қарау кезінде жеке өзі қатысуға;
      күн сайын бригада командиріне бекітуге зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймаларындағы жұмыстарды орындауға наряд ұсынуға;
      бөлімдерде (бөлімшелерде) қару сақтауға арналған бағынысты қоймалар мен бөлмелердің қосалқы кілттерінің болуын және дұрыс сақталуын, сондай-ақ өрт және күзет дабылдамасы құралдарының ақаусыздығын тексеруге міндетті.

Бригаданың броньды танк қызметінің бастығы

      122. Бригаданың броньды танк қызметінің бастығы бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына бағынады және бригаданың броньды танк қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      броньды танк қару-жарағы мен техникасын жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру және белгіленген мерзімдерде оны парктерден шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
      броньды танк қару-жарағы мен техникасын пайдалануды жоспарлауға және кемінде үш айда бір рет оның болуы мен техникалық жай-күйін (оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарын - ай сайын) тексеруге;
      парк элементтері мен жабдығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысына басшылық жасауға, бір айға арналған броньды танк қару-жарағы мен техникасын жөндеу жоспарын әзірлеуге;
      моторесурстарды дұрыс және үнемді жұмсау және броньды танк қару-жарағы мен техникасының қызмет мерзімін ұзарту жөнінде шаралар қабылдауға;
      механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) өз мамандығы бойынша техникалық даярлауды ұйымдастыруға;
      механик-жүргізушілердің (жүргізушілердің) өз мамандығы бойынша даярлығын бақылауға міндетті.

Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы

      123. Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына бағынады және автомобиль қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол:
      автомобиль техникасын жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру және белгіленген мерзімдерде оларды парктерден шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
      автомобиль техникасын пайдалануды жоспарлауға, оны күнделікті пайдалануға нарядтар әзірлеуге, машиналардың рейстерге ақаусыз жай-күйде уақтылы шығуына және олардың паркке қайтып оралуына бақылауды жүзеге асыруға, жүргізушілерге рейске шығар алдында нұсқама беруге; кемінде үш айда бір рет автомобиль техникасының болуы мен техникалық жай-күйін (көлік пайдалану тобының машиналарын - ай сайын) тексеруге; P080203 
      парк жабдығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
      өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысына басшылық жасауға, бір айға арналған автомобиль техникасын жөндеу жоспарын әзірлеуге;
      моторесурстарды дұрыс және үнемді жұмсау және автомобиль техникасының қызмет мерзімдерін ұзарту жөнінде шаралар қабылдауға;
      жүргізушілерді (механик-жүргізушілерді) өз мамандығы бойынша техникалық даярлауды ұйымдастыруға;
      жүргізушілердің (механик-жүргізушілердің) өз мамандығы бойынша даярлығын бақылауға міндетті.

Бригаданың жанар және жағар май материалдары
қызметінің бастығы

      124. Жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады және жанар, жағар май материалдары қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды мақсатты және үнемді жұмсау, олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау үшін жауап береді және:
      белгіленген жанармай шығысы лимитінен шыға отырып, оларды тиісті қызметтердің бастықтары мен бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне жеткізумен жанармайды бөлу жоспарын, сондай-ақ жауынгерлік, жұмылдыру даярлығы және шаруашылық қызметі жоспарларымен көзделген іс-шараларды ескере отырып, жанармай шығысы лимитін пайдаланудың тоқсандық жоспарларын әзірлеуге;
      бұл ретте жеке құрамның қауіпсіздігінің токсикологиялық нормаларын, аумақтың экологиялық қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ете отырып, май құю пункттерінің жұмысын ұйымдастыруға;
      жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтардың шығысын бақылауға, бөлімшелерде оларды үнемді жұмсау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оларды артық жұмсаудың себебін анықтауға және оны жоюға шаралар қолдануға;
      кемінде екі айда бір рет қалдықтарды алу актісін жасаумен бригаданың бөлімдері (бөлімшелері) мен қоймасындағы жанармайдың, арнайы сұйықтардың болуы мен сапасын, сондай-ақ қызметтің техникалық құралдарының болуы мен жай-күйін тексеруге;
      техникалық қызмет көрсетудің нөмірлік түрлерін жүргізу (маусымдық қызмет көрсету) сапасын, техникалық құжаттама талаптарына (майлау схемаларына) сәйкес қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың негізгі түрлерінің жүйелеріне, тораптарына, агрегаттарына жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды құюдың (толық құюдың) толықтығын және дұрыстығын тексеруге;
      пайдаланылған майларды жинауды және тапсыруды ұйымдастыруға міндетті.

Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы

      125. Азық-түлік қызметінің бастығы бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады және азық-түлік қызметі жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол жеке құрам мен қызметтік жануарларды дұрыс сапалы және уақтылы тамақтануын ұйымдастыру, қызмет объектілерінің санитарлық жай-күйі үшін жауап береді және:
      асханалардың, азық-түлік қоймалары мен ас үй жанындағы шаруашылықтардың жұмысына басшылық жасауға, сондай-ақ далалық жағдайларда тамақ дайындау және тасымалдау үшін арналған техникалық құралдардың, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарының, асхана-ас үй ыдысының және қызметтің басқа да мүлкінің ақаусыз жай-күйіне және дұрыс пайдалануына бақылауды жүзеге асыруға; бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары болмағанда асханалар және қойма аймағы бойынша кезекшілерге нұсқамалар өткізуге; 
      қызметтің азық-түлігі мен мүлкі қорларын алуды және сақтауды уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, қоймадағы азық-түлікті уақтылы жаңалау және азық-түлік мүлкін бригаданың бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беру үшін бақылауды жүзеге асыруға;
      дұрыс сапалы тамақтануды қамтамасыз етуге және әрбір әскери қызметші мен қызметтік жануарға тиісті жабдықталым нормаларын толық жеткізуге, сондай-ақ жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы әскери қызметшілердің тамақтануын бақылауды жүзеге асыруға;
      оқу-жаттығуларда, оқу орталықтарында және лагерьлерде әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың және қызметтік жануарлардың тамақтануын, сондай-ақ бригаданың медицина қызметінің бастығымен бірлесіп, жеке құрамның емдәмдік, қосымша тамақтануын және дайын тағамды профилактикалық витаминдеуді ұйымдастыруға;
      айына кемінде бір рет аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге;
      бригаданың медицина қызметінің бастығымен, асханалар бастықтарымен және нұсқаушы-аспаздармен бірлесіп, апталық азық-түліктерді тарату мәзірін жасауға;
      кемінде екі айда бір рет бригаданың бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі), қоймаларындағы және басқа да қызмет объектілеріндегі азық-түліктің, техника мен қызмет мүлкінің болуын және сапалық жай-күйін тексеруге;
      қызметтің техникалық құралдарын уақтылы жөндеуді және қызметтің салмақ өлшеу құралдарын таңбалауды жүзеге асыруға;
      картоп пен көкөністерді маусымдық дайындауды және оларды қоймаларға салуды, сондай-ақ бригаданың қажеттілігі үшін шөп пен сабан дайындауды жүргізуге;
      азық-түлікті сақтау және өңдеу, тағамды дайындау және ішу кезінде, азық-түлік қоймасын, асхана үй-жайларын және асханалық-ас үй ыдысын, сондай-ақ технологиялық, тоңазытқыш, механикалық емес жабдықтарды ұстауды және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге;
      тағам қалдықтарын жинау және кәдеге жарату үшін құрылыстар салу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, бригада асханаларындағы қалдықтарды уақтылы жинау және оларды әкету жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы

      126. Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады және киім-кешек қызметі жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол: жабдықтау нормалары бойынша бригаданы киім-кешекпен және санитарлық-шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету, монша-кір жуу қызметін көрсету және бригаданың жеке құрамына киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішу үшін жауап береді және:
      киім-кешек қоймасы мен шеберхананың жұмысына басшылық жасауға, мүліктің ағымдағы жөндеуін ұйымдастыруға және оны сапалы және уақтылы орындауды бақылауға;
      киім-кешек және санитарлық-шаруашылық мүлікті және алуды, сақтауды және бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді, сондай-ақ табельдік бос уақытты мәдени өткізу, спорттық мүлік пен мүккәмалды сақтауды және бөлімге (бөлімшеге) беруді уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, оларды бөлімге (бөлімшеге) беру кезінде киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішуді ұйымдастыруға;
      әскери қызметшілердің барлық санаттарына киім-кешекті уақтылы беруді (тігуді) қамтамасыз етуге, сондай-ақ киім-кешек заттарын тігу сапасын бақылауға;
      бригаданың киім-кешек мүлкін таңбалауды уақтылы ұйымдастыруға;
      кемінде екі айда бір рет есептік деректерге сәйкес бригаданың бөлімшелеріндегі киім-кешек пен шаруашылық мүлкінің болуы мен жай-күйін, сондай-ақ тексеру актісін жасаумен оны сақтау жағдайын тексеруге;
      қысқы маусым аяқталысымен қысқы киім-кешек заттары мен спорттық мүлікті бригада қоймасына тапсыруды бақылауға, оларға химиялық тазалауды, жөндеуді және бояуды жүргізуге;
      жылына кемінде бір рет киім-кешек мүлкін іріктеуді жүргізуге;
      бөлімше старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру, киім-кешек мүлкін сақтау, жөндеу және оны есепке алуды жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;
      жаңа буынды қабылдау жөніндегі іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға, медицина қызметінің бастығымен бірлесіп оны санитарлық өңдеуді ұйымдастыруға;
      таңғы қарауларды жүргізуге кезең-кезеңімен қатысуға;
      әскери қызметшілердің киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етілуін тексеруге;
      бригаданың қару-жарағына, әскери және басқа техникасына қызмет көрсету үшін бөлімшені ескі заттармен қамтамасыз етуге;
      белгіленген санда жұмыс киімі мен ауыстыру қорының жинақталуын жүзеге асыруға;
      бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін шаш қию және киім-кешек пен аяқ киімді жөндеуді жүргізуге арналған қажетті мүкәммалмен және аспаптармен қамтамасыз етуге;
      бөлімдердің (бөлімшелердің) жеке құрамының апта сайын моншада жуынуын ұйымдастыруға, жуынатын күндері оны жуыну құралдарымен, сүртінетін орамалдармен, ауыстыратын іш киіммен және төсек-орынмен, орамалдармен, ұйықтармен және шұлғаулармен қамтамасыз етуге, монша бойынша кезекшіге нұсқама беруге;
      іш киімді, төсек-орынды, орамалдарды, киім-кешек пен шұлғауларды уақтылы жууды ұйымдастыруға, жеке құрамға монша-кір жуу қызметін көрсету және кір жуу сапасын бақылауға;
      техникалық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын және киім-кешек қызметі объектілерінде санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бригаданың бос уақытты мәдени өткізу орталығының
(клубының) бастығы

      127. Бригаданың бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клубының) бастығы: бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхананы ұстау және жұмысын ұйымдастыру; техникалық тәрбиелеу құралдарын, мәдени-ағарту мүлкі мен кітап қорын дұрыс пайдалану мен сақтау; бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхана үй-жайының, жабдығының сақталуы; олардағы пайдалану ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін жауап береді.
      Ол бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына бағынады.

      128. Бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клуб) бастығы:
      бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхананың мәдени-ағарту жұмысын бригаданың жауынгерлік даярлық міндеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
      бөлімдерде бос уақытты мәдени өткізу жұмыстарын өткізуге қатысуға, техникалық тәрбиелеу құралдары мен бос уақытты мәдени өткізу мүлкін тиімді қолдануды және пайдалануды қамтамасыз етуге;
      бос уақытты мәдени өткізу жұмыстары іс-шараларының жоспарын және өткізудің жоспар-сценарийін әзірлеуге;
      әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің көркемөнер шығармашылығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың бойында жоғары эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға;
      кітапхананың жұмысына басшылық жасауға, кітап қорын дұрыс толықтыруды және пайдалануды қадағалауға;
      газеттер мен журналдарға жазылуды жүзеге асыруға;
      бригада аумағындағы, сондай-ақ бөлімшелердегі оған бекітіліп берілген оқу материалдық-техникалық базасы объектілерін, көрнекі үгіт-насихатпен ресімдеуге қатысуға;
      кемінде тоқсанына бір рет бөлімшелерге бөлінген техникалық тәрбиелеу құралдары мен бос уақытты мәдени өткізу мүлкінің жай-күйін тексеруге, олардың сапалы сақталуын, пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етуге;
      бос уақытты мәдени өткізу орталығында (клубта) мүлікті техникалық пайдалану ережелерін және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
      бригаданың бөлімшелері мен бос уақытты мәдени өткізу орталығын (клубын) техникалық тәрбиелеу құралдарымен және мәдени-ағарту мүлкімен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
      бригаданың қаржы органының бастығымен бірлесіп, шығыстар тізбесіне сәйкес бос уақытты мәдени өткізу орталығының сметасын жасауға;
      бригаданың бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клубының) техникалық тәрбиелеу құралдары мен мәдени-ағарту мүлкі бойынша есебін мен есептілігін жүргізуге міндетті. P080192 

Бригада сержанты

      129. Бригада сержанты бейбіт және соғыс уақытында: бригада сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; олармен жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыру және өткізу сапасы; олардың кәсіби даярлық деңгейі үшін жауап береді.
      Ол бригада командиріне, ал бригаданың сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша әскерлер түрі, тегі (өңірлік қолбасшылық) сержантына бағынады және бригаданың барлық сержанттары мен қатардағы жауынгерлер құрамының тікелей бастығы болып табылады.
      Жеке батальондар сержанттары бригада сержантына сәйкес міндеттерін орындайды.

      130. Бригада сержанты:
      жауынгерлік даярлық жөніндегі басшылық құжаттарды білуге, бағыныстылардан олардың орындалуын талап етуге, жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге қатысуға және бригада сержанттарының кәсіби даярлығы есебін жүргізуге;
      ай сайын бригада сержанттарының қызметтік іс-әрекетінің қорытындысын шығаруға;
      роталар мен батальондар (жеке бөлімшелер) сержанттарымен көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге;
      взвод және одан жоғары әрбір сержанттың тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;
      бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) сержанттарына жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізуде көмек көрсетуге және олардың өткізілуін бақылауға;
      жаңадан келген сержанттарды қабылдау, бөлу және барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, олардың қалыптасуына көмек көрсетуге;
      бригаданың материалдық бөлімін, негізгі қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге; бригаданың оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарына техникалық қызмет көрсетуді кезең-кезеңімен бақылауға;
      бригаданың оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;
      бригаданың сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, бригада командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ бригада сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;
      бригада сарбаздары мен сержанттарының сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға;
      бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) таңертеңгі дене жаттығуына, таңертеңгі тексерулер мен кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға және өткізілуін бақылауға;
      бригада командирінің нұсқауы бойынша кемінде аптасына бір рет бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сарбаздар мен сержанттардың жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет атқаруын тексеруге;
      бригададағы спорт жұмысын өткізуге қатысуға;
      бригада сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға міндетті.

Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі

      131. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызмет қауіпсіздігі; Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдары мен басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуы; батальонның (кеменің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; ішкі жарғылық тәртіп пен әскерлер қызметінің жай-күйі; батальонның (кеменің) әскери объектілерінің, ғимараттары мен құрылыстарының жай-күйі мен сақталуы; жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлері; шарттық және талап-арыз жұмысы; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау үшін жауап береді.
      Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі батальонның (кеменің) барлық жеке құрамына тікелей бастық болып табылады.

      132. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі:
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға;
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларын әзірлеуге басшылық жасауға және олардың орындалуын бақылауға; батальонның (кеменің) тағайындалуын білуге және кез келген жағдайда оны шебер басқаруға;
      штабпен, бөлімшелер командирлерімен, олардың орынбасарларымен және батальон қызметтерінің бастықтарымен (кемеде көмекшілермен, олардың орынбасарларымен, жауынгерлік бөлімдер командирлерімен, және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ батальон (кеме) бөлімшелерімен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге;
      күн тәртібі мен қызмет уақыты регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті ұстауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестесін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға;
      взвод және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық машықтарын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;
      мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен батальондағы (кемедегі) істердің нақты жай-күйін білуге, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды анықтау және жабу жөніндегі тұрақты жұмысты ұйымдастыруға;
      жаңадан келген толықтыруды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға;
      кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға; батальонды сарбаздар, сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге; әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға ұсыну үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге;
      әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды қабылдауға, бір аптаға азық-түліктерді тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тамақ берудің сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды ұйымдастыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге;
      белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақты, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, олардың болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін жиі тексеруге; жылына кемінде үш рет барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың байқауын өткізуге, байқау нәтижелерін батальон бойынша бұйрықта жариялауға (кеме командиріне кемінде екі айда бір рет кеме байқауын, кемінде айына бір рет оның қару-жарағының, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарының байқауын, күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге);
      құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда аға командирге (бастыққа) баяндауға, құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру тағайындауға;
      адамдардың қаза табуымен және мертігуімен байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзылу жағдайларын тергеуге жеке өзі қатысуға;
      бағыныстыларға қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен және оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезіндегі, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, ал қажет жағдайларда оның орындалуына бақылауды белгілеуге және жүзеге асыруға (кеме командирі, одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға);
      аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, батальонның жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдаушы факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      батальонның қажеттіліктерін қаржылық, шарттық, талап-арыз жұмыстарымен, шаруашылық қызметпен қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға;
      батальонның қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер телімдерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (кемеде - тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өрттен қорғанудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына кемінде үш рет әскери объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жер телімдерін қарауды жүргізуге, қарау нәтижелерін актілерде көрсетуге және батальон (кеме) бойынша бұйрықта жариялауға;
      батальон (кеме) орналасқан жердің күзетін ұйымдастыруға; қарауылдық және ішкі (кемеде - кезекшілік және вахталық) қызметтерді бақылауды жүзеге асыруға, оларды атқаруды жеке өзі тексеруге және тексеруді ұйымдастыруға, сондай-ақ гарнизон шегінен тыс рейстерге шығар алдында машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне нұсқаулар беруге;
      жеке өзі және лауазымды адамдарды, батальон комиссияларын тартумен қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сомалар мен құндылықтардың болуына жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге; мемлекетке келтірілген материалдық зиянды анықтаған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға;
      әскери ұжымдарда жариялылықты, әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімді орнатуға; бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға;
      жыл сайын офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің демалыстар кестесін, ай сайын қызметке нарядтар кестесін бекітуге және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің жай-күйін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын талдауға, кемінде айына бір рет қорытындыларын шығаруға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға;
      Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдар мен инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды осы Жарғымен айқындалған тәртіппен қарсы алуға, баяндауға және батальон орналасқан жер бойынша (кемені қарап шыққан кезде) ілесіп жүруге;
      темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келіп жеткен материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға;
      батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу кезінде және бөлімнің күнделікті қызметінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдауға;
      жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен шақыру бойынша офицерлердің істер мен лауазымды уақтылы қабылдауын, тапсыруын бақылауды жүзеге асыруға;
      осы Жарғының 92-тармағының талаптарына сәйкес батальон (кеме) бойынша бұйрықтар беруге міндетті.

      133. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінің орынбасарлары, сондай-ақ қызметтер бастықтары өзінің практикалық жұмысында бригаданың (кеменің) тиісті лауазымды адамдары үшін көрсетілгендерге сәйкес міндеттерді басшылыққа алады.

      134. Мемлекеттік мекеме болып табылмайтын жеке батальонның (2-дәрежелі кеменің) командирі және басқа да лауазымды адамдары бригада (кеме) штатында бар батальонның (3-дәрежелі кеменің) тиісті лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттеріне сәйкес құқықтар мен міндеттерді басшылыққа алады.

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі

      135. Батальон (дивизион, эскадрилья, жеке рота, жеке батарея, 4-дәрежелі кемелер дивизионы) бұдан әрі - батальон, командирі бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі (кеменің жауынгерлік әзірлігі) және олардың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; батальондағы (кемедегі) ішкі тәртіпті ұстау; батальондағы (кемедегі) қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдарының және басқа да материалдық құралдардың сақталуы мен жай-күйі үшін жауап береді.
      Батальон (кеме) командирі бригада (кемелер дивизионы) командиріне бағынады және батальонның (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      136. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі:
      батальонның (кеменің) жеке құрамының жауынгерлік даярлығына және әскери тәрбиесіне басшылық жасауға, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде батальонды (кемені) шебер басқаруға;
      батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге және орындалуына басшылық жасауға;
      батальон (кеме) штабымен және офицерлерімен сабақтар, батальон (кеме) бөлімшелермен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге;
      батальонның (кеменің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық машықтарын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;
      әскери ұжымдарда әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімді орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайларын қалыптастыруға;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;
      лауазымдарға тағайындау, жоғары лауазымдарға ұсыну кезінде әскери қызметшілерді іріктеудің дұрыстығын тексеруге;
      жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, батальон (кеме) орналасқан жерді күзетуді ұйымдастыруға және батальон (кеме) жеке құрамының қарауылдық және ішкі (кемеде - кезекшілік және вахталық) қызметтерді атқаруын тексеруге;
      ай сайын жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп, ішкі және қарауылдық қызметтердің жай-күйінің қорытындысын шығаруға;
      батальон (кеме) бөлімшелерінде бар қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді және басқа да материалдық құралдарды білуге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді, басқа да материалдық құралдарды дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, жөндеуді, сақтауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және кемінде екі айда бір рет олардың болуын, жай-күйі мен есепке алынуын жеке өзі тексеруге (кеме командиріне кемінде екі айда бір рет кемені қарауды, кемінде айына бір рет оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын, күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге), тексеру нәтижелерін тексеру кітабында көрсетуге және олардың нәтижелері туралы бригада командиріне жазбаша баяндауға;
      әскери және басқа техникалардың аварияларының, апаттарының, бұзылуларының алдын алу (кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету) жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, зымырандармен, оқ-дәрілермен, қызмет жануарларымен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      батальон үшін бөлінген барлық ғимараттар мен үй-жайларды ұстауға және дұрыс пайдалануға, батальонға бекітіліп берілген аумақ учаскесін, объектілерді, соның ішінде парк аумағының учаскесін, парк үй-жайларын (кемеде - тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы бақылауды жүзеге асыруға) тазалықта ұстауды, батальондағы (кемедегі) өртке қарсы іс-шараларды өткізуді бақылауды жүзеге асыруға;
      батальонның (кеменің) шаруашылығына басшылық жасауға;
      батальон (кеме) бөлімшелерінде есепке алуды, есептілікті ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Батальон командирінің орынбасары

      137. Батальон командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру және сабақтарды сапалы өткізу; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; оқу материалдық-техникалық базасын ақаусыз жай-күйде ұстау, оны жетілдіру және оқыту кезінде дұрыс пайдалану; батальонда сыныптық мамандарды даярлау; спорттық жұмыс үшін жауап береді.
      Ол батальон командиріне бағынады және батальонның барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Батальон командирі болмаған кезде ол оның міндеттерін атқарады.
      Штатында батальон командирі орынбасарының лауазымы көзделмеген батальондарда оның міндеттерін штаб бастығы орындайды.

      138. Батальон командирінің орынбасары:
      батальонның жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге және орындалуын ұйымдастыруға;
      офицерлермен және сержанттармен жауынгерлік және кәсіби даярлық бойынша көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, бақылау сабақтарын, сондай-ақ батальон бөлімшелерімен тактикалық және атыс даярлығы бойынша сабақтарды, бақылау сабақтары мен оқу-жаттығуларды кезең-кезеңмен өткізуге;
      сабақтарды, оқ атуларды, оқу-жаттығуларды жүргізу, қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды пайдалану, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен және улы техникалық сұйықтармен жұмыс кезінде, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындауда қауіпсіздік талаптарын ұйымдастыруға және орындалуына қол жеткізуге;
      батальондағы дене дайындығына басшылық жасауға мен спорттық іс-шараларды өткізуге;
      батальон бөлімшелерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және барысын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдауға және бөлімше командирлеріне сабақтар ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсетуге;
      батальонның әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға қатысуға;
      батальонда сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге;
      батальонның оқу материалдық-техникалық базасын ақаусыз жай-күйде ұстауға және жетілдіру жөнінде шаралар қолдануға және оны оқытуда дұрыс пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға;
      батальон бөлімшелерінде қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді, жарақтар мен мүлікті ұстауды және сақтауды бақылауға, кемінде айына бір рет олардың болуын, жабдықталуын және жай-күйін, ал оқу-жаттығу және оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану топтарының барлық машиналарына - апта сайын ішінара тексеру жүргізуге;
      батальонның бөлімшелерінде ішкі тәртіптің, әскери тәртіптің сақталуын тексеруге, тәуліктік нарядтың даярлығын және қызмет атқаруын бақылауға;
      батальондағы өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысқа басшылық жасауға міндетті.

Батальон штабының бастығы

      139. Батальон штабының бастығы бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен батальонның жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; батальон бөлімшелерін басқаруды ұйымдастыру және ұстау; жауынгерлік даярлықты жоспарлау және есепке алу; оған тікелей бағынысты жеке құрамның даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; батальонның жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілері мен басқа да материалдық құралдарын есепке алудың жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол батальон командиріне бағынады, оның орынбасары және батальонның барлық жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады.
      Батальон командирінің шешімдерін өмірде іске асыру кезінде штаб бастығы қажет болған жағдайларда батальон командиріне бағыныстыларға оның атынан өкімдер беруге құқығы бар. Штаб бастығы берілген барлық неғұрлым маңызды өкімдер туралы батальон командиріне баяндайды.

      140. Батальон штабының бастығы:
      бригада жоспарының және батальон командирі нұсқауларының негізінде батальонның жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуді және оның орындалуын бақылауды ұйымдастыруға;
      жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі құжаттарын әзірлеуге, оларда көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауға;
      жауынгерлік даярлықтың, сондай-ақ қылмыстардың, оқиғалар мен тәртіптік теріс қылықтардың есебін жүргізуге;
      батальонның жеке құрамымен сабақтар өткізуге, оған тікелей бағынысты бөлімшелердің даярлығына басшылық жасауға;
      батальон штабының әрбір офицері мен сержанттарының, сондай-ақ оған тікелей бағынысты бөлімшелердің жеке құрамының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуде, орналастыруда және аттестаттауда; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу; мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      батальонды келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау және келген толықтыруды бөлімшелер бойынша бөлу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      батальон бөлімшелерінің нақты жағдайы мен жай-күйін, сондай-ақ оларға қойылған міндеттерді орындау барысын ұдайы білуге;
      батальон командирінің және үлкен бастықтардың барлық бұйрықтарын уақтылы және дұрыс жеткізуді қамтамасыз етуге, олардың орындалуын тексеруге;
      батальондағы байланысты уақтылы ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, байланыс құралдарының жай-күйі мен жауынгерлік қолдануға әзірлігін тексеруге, жасырын басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      батальондағы ішкі қызметтің атқарылуын ұйымдастыруға, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік қызметке, тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдардың даярлығын, олардың қызмет атқаруын тексеруге;
      батальон бөлімшелеріндегі жеке құрамның болуын, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қызмет уақытының, оларды апталық қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық әскери қызмет міндеттерін атқаруға тарту уақытының есебін жүргізуге, сондай-ақ оларға қосымша демалыс күндерін (демалыс уақытын) беруге;
      кемінде айына бір рет бөлімшелерде қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдарының, жабдықтардың, жалпыәскери жарғылардың, нұсқаулықтардың, оқу құралдарының, әдебиеттің және басқа да мүліктің жай-күйін және есепке алынуын, ал апта сайын жеке құрамның есепке алынуын тексеруге;
      әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі сабақтардың сапасын және сабақтарда, жұмыстарда және тәуліктік нарядта, жауынгерлік кезекшілікте және жауынгерлік қызметте қызмет атқару кезінде оларды сақтауды бақылауға;
      бригада штабына жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіптің жай-күйі туралы және офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді белгіленген апталық қызмет уақытының ұзақтығынан артық әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту уақыты туралы, сондай-ақ басқа да қажетті жеткізілімдерді әзірлеуге және уақтылы жіберуге міндетті.

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және
әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

      141. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: батальондағы (кемедегі) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру және жай-күйі, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және батальондағы (кемедегі) әскери тәртіпті нығайту жөнінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі; жауынгерлік даярлық міндеттерін шешуде, батальонның ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауда және жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.
      Ол батальон (кеме) командиріне бағынады және батальонның (3-дәрежелі кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      142. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
      батальонның жауынгерлік даярлығы жоспарын әзірлеуге және орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын орындауға қатысуға;
      оны батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық міндеттерін табысты шешуіне, жауынгерлік әзірлігін ұдайы ұстауға, жауынгерлік міндеттерді орындауға, дара басшылықты құқықтық негізде нығайтуға бағыттай отырып, тәрбие жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге;
      жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі (кемеде - кезекшілік және вахталық) қызметтер міндеттерін орындау жөніндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге;
      бөлімшелердің белсенділерін іріктеуді, орналастыруды, тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға, ақпараттық-тәрбие жұмыстары, қабырға баспасөзі редакциясы алқасы бөлмелерінің жұмысын бақылауға;
      әскери қызметшілердің бойында жоғары қырағылық, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтау ұғымын, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы игеруге және ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті сақтауға жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге;
      батальон (кеме) бөлімшелерінде жарысты ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға, олардың бойындағы бастама мен белсенділікті дамытуға;
      батальонның (кеменің) жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адалдық, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышына және әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      әскери ұжымдарды топтастыру, әскери дәстүрлерді, достық пен жауынгерлік жолдастықты ұстау және дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге;
      әскери қызметшілерге мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси жағдайды түсіндіруге және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесін қорғауға ұдайы әзірлікке тәрбиелеуге;
      жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарлары бойынша әскери қызметшілермен сабақтар өткізуді ұйымдастыруға және өткізуге;
      офицерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеуге және қалыптастыруға, батальонның (кеменің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери, адамгершілік тәрбие және педагогикалық машықтары жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      бөлімше офицерлері мен сержанттарын оқытуға және бағыныстылармен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құрамның арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызмет қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне қатысты әлеуметтік әділдік принциптерін сақтауды қамтамасыз етуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, олардың ұсыныстары мен өтініштерін шешу жөнінде шаралар қабылдауға;
      батальонның жеке құрамының денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы қамқорлық көрсетуге;
      жеке құрамның бос уақытын мәдени өткізуін ұйымдастыруға, батальонды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;
      техникалық тәрбиелеу құралдарын және тәрбие жұмысының мүлкін дұрыс пайдалануды, сақтауды ұйымдастыруға;
      батальон (кеме) командиріне және бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, батальондағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы күн сайын баяндауға міндетті.

Батальон командирінің қару-жарақ жөніндегі (техникалық
бөлім) орынбасары

      143. Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: бағынысты бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; қару-жарақпен, әскери, басқа техникамен, басқа да материалдық құралдармен жабдықталуы, техникалық жай-күйі және жауынгерлік қолдануға әзірлігі; оларды дұрыс пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, эвакуациялау және жөндеу; батальонның жеке құрамын техникалық даярлау, өз мамандығы бойынша механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлау; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі үшін жауап береді. Ол батальон командиріне бағынады және батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      144. Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары:
      батальонның жауынгерлік даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және өз мамандығы бойынша олардың орындалуын ұйымдастыруға;
      батальонның қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілерінің, басқа да материалдық құралдарының құрылымын, пайдалану тәртібі мен ережелерін, эвакуациялауды, сақтауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, олардың болуын, техникалық жай-күйі мен тұрған орнын білуге;
      батальонды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға;
      батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; батальонның офицерлерімен, сержанттарымен және механик-жүргізушілерімен (жүргізушілерімен) техникалық даярлау, жүргізу бойынша сабақтар өткізуге, техникалық мамандықтардың жеке құрамын даярлау және олардың сыныптық біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
      оған тікелей бағынысты бөлімшелер әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге; олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      кемінде айына бір рет батальонның қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілерінің және басқа да материалдық құралдарының болуын, сақталуы мен техникалық жай-күйін (көлік және оқу-жаттығу-жауынгерлік пайдалану тобының машиналарын - апта сайын) тексеруге және жылына кемінде екі рет бөлімшелердегі қаруды нөмірлік тексеруді жүргізуге;
      емделуге, қызметтік іссапарларға және демалысқа кететін батальонның әскери қызметшілерінің қаруы мен оқ-дәрілерін бригаданың зымырандық-артиллериялық қоймасына уақтылы тапсыруын бақылауға;
      жөндеуге тапсыру және басқа да бөлімшелерге беру үшін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы дайындауды ұйымдастыруға;
      қару мен оқ-дәрілердің есебін жүргізуге, айына бір рет бригаданың бөлімшелерімен және зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметімен салыстырып тексеруді жүргізуге;
      оған бағынысты бөлімшенің даярлығы мен қызметіне басшылық жасауға;
      батальонның қару-жарағын, әскери, басқа техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілерін және басқа да материалдық құралдарын, сондай-ақ оқу-жаттығу құралдарын дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға; техникалық даярлық бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      батальонға бекітіліп берілген парк үй-жайлары аумағы мен учаскелерін көркейту және жабдықтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, сондай-ақ оларда ішкі тәртіпті ұстауды қамтамасыз етуге;
      қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді далалық жағдайларда (сабақтарда, оқу-жаттығуларда) қолдануға және пайдалануға дайындауды бақылауға, өткізгіштігін арттыру және эвакуациялау үшін оларды жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға; оқ атуларды жүргізгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге;
      оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды бақылауға; бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына (зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығына) зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың апаттарының, аварияларының, бұзылуларының, оқиғаларының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, олардың себептерін талдауға, олар туралы және қабылданған шаралар туралы батальон командиріне дереу баяндауға;
      қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды пайдалану, қызмет көрсету, эвакуациялау және жөндеу, оқ-дәрілермен және улы техникалық сұйықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды орындауды, сондай-ақ парктегі және машиналардағы өртке қарсы іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге;
      бөлімшелердегі жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға;
      машиналар жұмысының есебін (моторесурстар шығысын) жүргізуді бақылауға және апта сайын батальонның қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалануды талдауды жүргізуге;
      формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс жүргізуді бақылауға;
      белгіленген есеп пен есептілікті жүргізуге міндетті.

Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары

      145. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; батальонды тыл қызметтері бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз ету; батальонға бекітіліп берілген казармалық-тұрғын үй қорын ұстау; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол батальон командиріне бағынады, батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      146. Бригада командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары:
      батальонның жауынгерлік даярлық жоспарының тиісті бөлімін әзірлеуге және оның өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
      бағынысты бөлімшенің қызметіне және жауынгерлік даярлығына басшылық жасауға;
      оған тікелей бағынысты бөлімшелердің әрбір әскери қызметшісінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;
      әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу; курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
      батальон тылының жеке құрамымен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және роталар командирлерімен және старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;
      батальон бөлімшелерін материалдық құралдармен, ал жеке құрамды дұрыс сапалы тамақпен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруға; тиісті жабдықталым нормалары мен материалдық құралдардың әрбір әскери қызметшіге және қызмет жануарларына жеткізілуін, сондай-ақ жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы және оқу-жаттығулардағы әскери қызметшілердің тамақтануын бақылауға;
      батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтері техникасының болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, қызмет көрсетуді, эвакуациялау мен жөндеуді қамтамасыз етуге;
      кемінде айына бір рет бөлімшелердегі тыл техникасының, материалдық құралдар қорларының болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге, батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтерінің барлық техникасы мен мүлкін түгендеуге қатысуға;
      жанар, жағар май материалдарын және арнайы, улы, техникалық сұйықтарды дұрыс пайдалануға, үнемді жұмсауға және олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      батальон бөлімшелеріне материалдық құралдардың барлық түрлерін, суды жеткізуді, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды, сондай-ақ жеткізетін автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастыруға;
      барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарды, коммуникациялық желілерді, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастыруға, кемінде айына бір рет оларды қарауды жүргізуге; батальонға бекітіліп берілген аумақты тәртіпте ұстауды бақылауды жүзеге асыруға; өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының және қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге;
      батальон жеке құрамының сыртқы пішіні туралы ұдайы қамқорлық көрсетуге, киім-кешекті уақтылы алуды, оны дұрыс пайдалануды, шақтап пішу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауды талап етуге;
      батальон бөлімшелерінің жеке құрамына монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға;
      батальон бөлімшелерінде экономикалық жұмыс жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
      жөндеу және шаруашылық жұмыстарын жүргізу, тыл техникасына қызмет көрсету мен пайдалану, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
      батальон бөлімшелерінде тыл қызметтері бойынша белгіленген есеп пен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Батальон сержанты

      147. Батальон сержанты бейбіт және соғыс уақытында: батальон сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; батальон сержанттарын жауынгерлік даярлау жөніндегі сабақтарды өткізу сапасы; батальон сержанттары құрамының кәсіби даярлық деңгейі; батальон сержанттары мен сарбаздарының дене дайындығы; батальон сержанттары мен сарбаздарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.
      Ол батальон командиріне, ал батальон сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша бригада сержантына бағынады және батальонның сарбаздары мен сержанттарының тікелей бастығы болып табылады.

      148. Батальон сержанты:
      батальонның жауынгерлік даярлығын жоспарлауға қатысуға және сержанттардың кәсіби даярлығының есебін жүргізуге;
      батальон сержанттарымен көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге;
      батальонның әрбір сержантының тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;
      батальонның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге; кемінде айына екі рет роталардағы оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарына техникалық қызмет көрсетуді бақылауға;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы оқу-жаттығулар мен сабақтарға дайындауға қатысуға;
      батальон сержанттарына жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетуге және оларды өткізуді бақылауға;
      жаңадан келген сержанттарды қабылдау, бөлу және барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, олардың қалыптасуына көмек көрсетуге;
      батальонның оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; роталардағы жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;
      батальонның сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, батальон командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ батальон сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;
      батальон сарбаздары мен сержанттарынан сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын орындауды талап етуге;
      ай сайын батальонның сержанттар құрамының жауынгерлік даярлық, қызметтік іс-әрекеттері, әскери тәртібі бойынша қорытынды шығаруға, олардың нәтижелері туралы батальон командиріне және бригада сержантына баяндауға;
      батальондағы спорт жұмысын ұйымдастыруға қатысуға;
      роталардағы таңертеңгі дене жаттығуына, таңертеңгі тексерулер мен кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға және өткізілуін бақылауға;
      батальон бөлімшелерінің сарбаздары мен сержанттарының жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруге даярлығын бақылауды жүзеге асыруға және кемінде аптасына бір рет батальон командирінің нұсқауы бойынша бөлімшелер бойынша сержанттар мен сарбаздардың жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруін тексеруге;
      батальон сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптылық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға міндетті.

Рота (4-дәрежелі кеме) командирі

      149. Рота (батарея, авиациялық буын, жеке взвод) бұдан әрі - рота, командирі бейбіт және соғыс уақытында: ротаның (кеменің) жауынгерлік әзірлігі; жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; ротадағы (кемедегі) жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; рота (кеме) қару-жарағын, әскери, басқа техникасын және басқа да мүлкінің сақталуы мен жай-күйі; роталық (кемелік) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; ротадағы (кемедегі) шаруашылықты жүргізу үшін жауап береді.
      Рота (4-дәрежелі кеме) командирі батальон (кемелер дивизионы) командиріне бағынады және ротаның (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      150. Рота (4-дәрежелі кеме) командирі:
      ротада (кемеде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға, бір аптаға сабақтар кестесін жеке өзі жасауға, рота (кеме) офицерлерімен және сержанттарымен (старшиналарымен), сондай-ақ рота (кеме) бөлімшелерімен сабақтар өткізуге;
      ротаның (кеменің) әрбір әскери қызметшісінің әскери атағын, тегін, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымы мен мамандығын, отбасы жағдайын, іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
      ротаның (кеменің) материалдық бөлігін, қару-жарағы, әскери және басқа техникасын пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, жөндеу ережелерін білуге; кемінде аптасына бір рет олардың бар болуын, жай-күйі мен есепке алынуын жеке өзі тексеруге (кеме командирі кемінде айына екі рет кеме байқауын, оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын тексеруді және күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге), қарау (тексеру) нәтижелерін қару-жарақты, әскери, басқа техника мен оқ-дәрілерді тексеру кітабына енгізуге (12-қосымша);
      жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ротаны (кемені) шебер басқаруға;
      ротаның (кеменің) сарбаздарының (матростарының), сержанттары (старшиналары) мен офицерлерінің білімі мен практикалық дағдыларын тексеруге;
      жеке құрамды дұрыс орналастыруды ұйымдастыруға, ротада (кемеде) ішкі жарғылық тәртіпті ұстауға, әскери тәртіпті сақтауға;
      рота үшін бөлінген барлық үй-жайларды ұстауға бақылауды жүзеге асыруға, ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін тазалықта ұстауды (кемеде - тұрғын және қызметтік үй-жайларды қарауға, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға), ротада (кемеде) өртке қарсы іс-шараларды жүргізуді бақылауды жүзеге асыруға;
      ротадан (кемеден) тағайындалатын тәуліктік (кемелік) наряд жеке құрамының даярлығын ұйымдастыруға және олардың қызмет атқаруын тексеруге;
      қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмелерді ашу кезінде жеке өзі қатысуға, күн сайын күзет дабылдамасы құралдарының ақаусыздығын тексеруді бақылауға;
      ротада (кемеде) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға;
      ротаның (кеменің) жеке құрамының есебін жүргізуге, әрқашанда оның штат, тізім, шығыс бойынша санын және түрін, ротаға тіркелген қару-жарақтың, әскери, басқа техниканың, оқ-дәрілердің, жанармай және басқа да материалдық құралдарының болуы мен жай-күйін нақты білуге;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;
      сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) кезекті әскери атақтар беруге ұсынуға, лайықтыларды бос қызмет лауазымдарына орналастыру үшін ұсынуға;
      команда бойынша оған бағыныстылардан келіп түскен өтініштер мен ұсынымдарды, егер осы мәселелерді шешу аға командирлерге (бастықтарға) байланысты болған жағдайларда ұсынуға;
      ротаның (кеменің) әскери қызметшілерін тиісті жабдықталыммен уақтылы қамтамасыз етуге, өз бағыныстыларының тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге, олардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауға;
      оған бағынысты әскери қызметшілердің сыртқы пішініне және жинақылығына, олардың әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін орындауына, жабдықтарды, киім-кешек пен аяқ киімді шақтап пішуге бақылауды жүзеге асыруға;
      жеке құрамның сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар және қару-жарақпен, әскери, басқа техникамен жұмыс жүргізу, қызмет жануарларымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауын қамтамасыз етуге;
      ротаның қару-жарағын, әскери, басқа техникасын, казармалық қорын, мүкәммалын, киім-кешек, техникалық мүлкін және басқа да материалдық құралдарын уақтылы алуды, дұрыс пайдалануды, сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға;
      әрбір оқу-жаттығуға немесе сабақтарға шығар алдында ротаның (кеменің) қару-жарағының, әскери және басқа да материалдық құралдарының даярлығын, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтардан қайтқан кезде олардың болуын тексеруге;
      оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды ұйымдастыруға; батальон командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;
      ротаның қару-жарағының, әскери және басқа техникасының апаттарының, авариялары мен бұзылуларының, оқиғаларының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға (кеме командирі одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге);
      айына бір рет рота (кеме) жеке құрамының, қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, оқ-дәрілерінің, жанармай және басқа да материалдық құралдарының есепке алу деректерін бригаданың есепке алу деректерімен салыстырып тексеруге;
      роталық (кемелік) шаруашылыққа басшылық жасауға;
      машиналар жұмысының есебін (моторесурстар шығысын) жүргізуді және формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс жүргізуді бақылауға;
      апта сайын жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің қорытындысын шығаруға;
      белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуге міндетті.

Рота командирінің орынбасары

      151. Рота командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: ротаның жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру және сабақтарды сапалы өткізу; оқу материалдық-техникалық базасының объектілерін, оқу аспаптары мен жабдықтарын ақаусыз ұстау; ротадағы спорт жұмысы; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; сыныптық мамандарды даярлау үшін жауап береді.
      Ол рота командиріне бағынады және ротаның барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Рота командирі болмаған кезде ол оның міндеттерін орындайды.

      152. Рота командирінің орынбасары:
      бір аптаға сабақтар кестесін жасауға қатысуға және ротаның жауынгерлік даярлық есебін жүргізуге;
      ротаның жеке құрамын жан-жақты білуге, бағыныстыларды құқықтық және әскери тәрбиелеу жөніндегі жеке жұмыстарды ұдайы жүргізуге, рота сержанттарымен және взводтарымен сабақтар өткізуге;
      взводтар командирлеріне жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсетуге және анықталған кемшіліктерді жоюға;
      ротаның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, жөндеу ережелерін білуге және кемінде аптасына бір рет олардың болуы мен жауынгерлік қолдануға әзірлігін тексеруге;
      ротада спорттық жұмыстарды өткізуге, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарды ұйымдастыруға;
      ротада әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, тәуліктік нарядты даярлауға қатысуға және олардың қызмет атқаруын тексеруге;
      ротаға бекітіліп берілген аумақты тазалықта ұстауды, ротада жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      ротада ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға;
      қару-жарақты, әскери, басқа техника мен басқа да материалдық құралдары оқу-жаттығуларға және сабақтарға дайындауға қатысуға, апаттардың, авариялар мен бұзылулардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға;
      ротаның жеке құрамынан әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауды талап етуге;
      ротада бар немесе оған бекітіліп берілген оқу құралдарын, аспаптарды, жабдықтар мен оқу материалдық-техникалық базасын дұрыс пайдалануды және сақтауды ұйымдастыруға;
      ротада сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге міндетті.

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар
жөніндегі орынбасары

      153. Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: ротадағы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және әскери тәртібін нығайту жөніндегі іс-шаралардың жай-күйі мен тиімділігі; ротаның жауынгерлік даярлық міндеттерін шешуде, ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауда және жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.
      Ол рота командиріне бағынады және ротаның барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      154. Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
      оны жауынгерлік даярлық міндеттерін табысты орындауға, ұдайы жауынгерлік әзірлікті ұстауға, жауынгерлік міндеттерді орындауға, құқықтық негізде дара басшылықты нығайтуға бағыттай отырып, рота жеке құрамымен тәрбие жұмысын жоспарлауға және жүргізуге;
      жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі (кемеде кезекшілік және вахталық) қызметтерді орындау жөніндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге;
      әскери қызметшілердің бойында қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, әскери мүлікті игеруге және ұдайы әзірлікте ұстауға жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге;
      ротадағы жауынгерлік жарысты ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысуға, озық тәжірибені насихаттауға және таратуға, рота жеке құрамының бастамасы мен белсенділігін дамытуға;
      ротаның жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адалдық, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышына және әскери антқа адалдық, жалпыәскери жарғылардың және бұйрықтардың талаптарын мүлтіксіз орындау, командирлерге (бастықтарға) саналы түрде бағыну және оларға құрметпен қарау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      рота офицерлері мен сержанттарына бағыныстыларды тәрбиелеуде күн сайын көмек көрсетуге, әскери ұжымды топтастыру жөнінде шаралар қабылдауға;
      жеке құрамды достық пен жауынгерлік жолдастық, жауынгерлік дәстүрлер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауға ұдайы әзірлік рухында тәрбиелеуге;
      жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге;
      мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының жетекшілері мен олардың көмекшілерін теориялық және әдістемелік даярлауды жүзеге асыруға, оларды даярлау және сабақтар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға;
      әскери тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери қызмет қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
      ротаның әрбір әскери қызметшісінің іскерлік, моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін білуге, жеке құраммен құқықтық, әскери, адамгершілік тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізуге;
      жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы қамқорлық көрсетуге, мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, әскери қызметшілердің шағымдары мен арыздарын шешу жөнінде шаралар қабылдауға, олардың туыстарымен және жақындарымен байланыста болуға;
      жеке құраммен бос уақытты мәдени өткізу және спорттық жұмыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, роталық көркемөнерпаздарға басшылық жасауға;
      рота белсенділерінің, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесінің жұмысын, техникалық тәрбиелеу құралдары мен тәрбие жұмыстарының мүлкін дұрыс пайдалануды және сақтауды ұйымдастыруға;
      жеке құрамды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;
      рота командиріне және батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, жүргізілген тәрбиелік іс-шаралар, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

Рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары
(техникалық бөлім, аға техник, рота технигі)

      155. Рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (техникалық бөлім, аға техник, рота технигі) бейбіт және соғыс уақытында: қару-жарақтың, әскери, басқа техниканың техникалық ақаусыздығы, оларды дұрыс пайдалану, уақтылы техникалық қызмет көрсету, сақтау, эвакуациялау және жөндеу, ротаның жеке құрамын өз мамандығы бойынша техникалық даярлау үшін жауап береді.
      Ол рота командиріне бағынады және ротаның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Ротаның аға технигі (технигі) рота сержанты мен старшинасынан басқа, рота сержанттары мен сарбаздары үшін тікелей бастық болып табылады.

      156. Рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (техникалық бөлім, аға технигі, рота технигі):
      бір аптаға сабақтар кестесін жасауға қатысуға;
      ротаның қару-жарағын, әскери және басқа техникасын техникалық дұрыс пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, сақтауды, эвакуациялауды және жөндеуді ұйымдастыруға, оларды тәртіпте және ақаусыз ұстау жөніндегі шараларды қабылдауға;
      ротаның жауынгерлік және басқа да машиналарының механик-жүргізушілерінің (жүргізушілерінің) әскери атағын, тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымы мен мамандығын, отбасы жағдайын іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      рота қару-жарағының, әскери және басқа техникасының құрылымын, пайдалану тәртібі мен ережелерін, техникалық қызмет көрсетуді, сақтауды, эвакуациялауды және жөндеуді, олардың болуы мен техникалық жай-күйін білуге; қару-жараққа, әскери және басқа техникаға экипаждар (жүргізушілер) күштерімен жүргізілетін техникалық қызмет көрсетуге және олардың жөндеуіне жеке өзі басшылық жасауға;
      ротаның жеке құрамымен техникалық даярлау, машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері жөнінде сабақтар өткізуге; техникалық мамандықтардың сыныптық мамандарын даярлауды жүргізуге;
      жанар, жағар май материалдарын, қосалқы бөлшектерді және басқа техникалық мүлікті үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға;
      парктен шығарылатын машиналардың жай-күйін тексеруге және бұл туралы жол қағазына белгі жасай отырып, пайдалануға тек техникалық ақаусыз машиналарды жіберуге;
      ротаның қару-жарағының, әскери және басқа техникасының апаттарының, аварияларының, бұзылуларының, оқиғаларының және бұзылуының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға, олардың себептері және қабылданған шаралар туралы рота командиріне дереу баяндауға;
      машиналарды ротаның әрбір оқу-жаттығуларға немесе сабаққа шығуына әзірлеуге және қайтып келгеннен кейін олардың жай-күйін тексеруге;
      оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды бақылауға; рота командиріне зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;
      сабақтарды, жұмыстарды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды, эвакуациялауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру кезінде жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге және олардың орындалуына қол жеткізуге;
      рота паркінде және машиналарында өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға;
      кемінде аптасына бір рет рота қару-жарағының, әскери және басқа техникасының техникалық жай-күйін тексеруге, қаруды нөмірлік тексеруді жүргізуге;
      қажетті техникалық мүлікке өтінімдерді уақтылы ұсынуға, оны дұрыс пайдалануды, сақтауды ұйымдастыруға;
      ротаның қару-жарағының, әскери және басқа техникасының есебін жүргізуге, айына бір рет бригаданың техникалық қызметтерімен салыстырып тексеруді жүргізуге;
      формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс толтыруды жүргізуге;
      машиналар жұмысының (моторесурстар шығысының) белгіленген есебін және техникалық мүлік бойынша есептілікті жүргізуге міндетті.

Взвод командирі (топ, есептоп бастығы)

      157. Взвод командирі (топ, есептоп бастығы) бейбіт және соғыс уақытында: взводтың (топтың, есептоптың) жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі; взводтың (топтың, есептоптың) қару-жарағы, әскери, басқа техникасы мен басқа да мүлкінің сақталуы мен техникалық жай-күйі, взводтың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; взводтағы (топтағы, есептоптағы) жарғылық ішкі тәртіпті ұстау үшін жауап береді.
      Ол рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағынады және взводтың (топтың, есептоптың) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      158. Взвод командирі (топ, есептоп бастығы) бағыныстыларды жеке өзі оқытады және тәрбиелейді. Ол:
      взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамымен сабақ өткізуге және бөлімшелер командирлерінің сарбаздарды (матростарды) дұрыс оқытуына, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде взводты (топты, есептопты) шебер басқаруына бақылауды жүзеге асыруға;
      жеке құрамның дене жаттығуын ұдайы жетілдіруге, олармен дене дайындығы жөніндегі сабақтарды жеке өзі жүргізуге;
      взводтың (топтың, есептоптың) жауынгерлік даярлығының, құқық бұзушылықтары мен тәртіптік теріс қылықтарының есебін жүргізуге;
      әрбір әскери қызметшінің тегін, аты-жөнін, туған жылын, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық және әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
      взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының атаулы тізімін жүргізуге;
      материалдық бөлімді, взводта (топта, есептопта) бар қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану ережелерін, эвакуациялауды, жөндеуді білуге және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігін жеке өзі тексеруге;
      бағыныстылардың тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;
      взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауын талап етуге және оның сыртқы пішініне, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін орындауына, жабдықтарды, киім-кешектерді, аяқ киімді дұрыс шақтап пішуге және жеке гигиенаны сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
      рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағыныстылардың мұқтаждықтары туралы, сондай-ақ оларды көтермелеулер мен салынған жазалары туралы баяндауға;
      кемінде аптасына бір рет взводтағы (топтағы, есептоптағы) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жабдықтарды, киім-кешек пен басқа да мүлікті дұрыс пайдалануға, қызмет көрсетуге, сақтауға, эвакуациялауға және жөндеуге бақылауды жүзеге асыруға және кемінде аптасына бір рет оларды қарауды және болуын тексеруді жеке өзі жүргізуге;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді әрбір оқу-жаттығуға немесе сабаққа шығаруға (алып шығуға) дайындауды, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтан қайтып келгеннен кейін олардың болуы мен жай-күйін тексеруге, оқ атулар жүргізілгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге;
      оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруға; рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;
      сабақтарда, оқ атуларда, оқу-жаттығуларда және қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жұмыстар, зымырандармен, оқ-дәрілермен, арнайы улы техникалық сұйықтармен, уыттық және жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс толтыруды жүргізуге;
      машиналар жұмысының белгіленген есебін және взводтың (топтың, есептоптың) техникалық мүлкі бойынша есептілікті жүргізуге міндетті.

Рота сержанты

      159. Рота сержанты бейбіт және соғыс уақытында рота сарбаздары мен сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; рота сержанттарына жауынгерлік даярлау жөніндегі сабақтарды сапалы өткізу; ротаның (команданың) сержанттар құрамының кәсіби даярлық деңгейі; ротадағы сыныптық мамандарды даярлау; оқу материалдық-техникалық базасын, оқу аспаптары мен жабдықтарын ұстау және жетілдіру; сарбаздар мен сержанттарды жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте қызмет атқаруға даярлау; рота сержанттары мен сарбаздарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.
      Ол рота командиріне, ал рота сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша батальон сержантына бағынады және рота старшинасы мен аға технигінен (технигінен) басқа, ротаның барлық сержанттары мен қатардағы жауынгерлер құрамының тікелей бастығы болып табылады.
      Рота офицерлері болмағанда рота сержанты рота командирінің міндеттерін орындайды.

      160. Рота сержанты:
      ротадағы сабақтар кестесін жасауға қатысуға;
      ротаның жауынгерлік даярлығының есебін жүргізуге;
      ротаның сержанттар құрамымен нұсқаулық-әдістемелік, практикалық сабақтар және ротаның сарбаздарымен және сержанттарымен жауынгерлік даярлық жөнінде сабақтар өткізуге; сарбаздарды жеке даярлауды ұйымдастыруға;
      взводтар сержанттарына жауынгерлік даярлық жөнінде сабақтар ұйымдастыруда көмек көрсетуге және олардың өткізілуін бақылауға;
      әрбір бағыныстының тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін; ротаның сержанттар құрамының кәсіби шеберлігі деңгейін білуге;
      ротаның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге, апта сайын взводтарда оларға техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуін, сондай-ақ сақтау тәртібі мен жағдайларын бақылауға;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқу материалдық-техникалық базасының оқу-жаттығулар мен сабақтарға әзірлігін, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтардан қайтып келгеннен кейін олардың болуы мен жиынтығын тексеруге;
      оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының қару-жарағының, әскери және басқа техникасының жай-күйін бақылауға;
      ротаның оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге;
      алынатын жауынгерлік жарғылардың, тәлімдемелердің, оқу әдебиеттері мен құралдарының сақталуы мен есепке алынуын, сондай-ақ оларды уақытша пайдалануға беруді ұйымдастыруға және взводтарда олардың сақталуын бақылауға;
      рота сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, рота командиріне әскери тәртіптің бұзылуы туралы, сондай-ақ рота сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;
      рота сарбаздары мен сержанттарының сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын талап етуге;
      апта сайын ротаның сержанттар құрамымен қызметтік іс-әрекеттері, әскери тәртібі бойынша қорытынды жасауға, нәтижелері туралы рота командирі мен батальон сержантына баяндауға;
      таңертеңгі дене жаттығуын жүргізуге басшылық жасауға, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруді жүргізуге кезең-кезеңмен қатысуға;
      рота сержанттары мен сарбаздарының жауынгерлік кезекшілікте және жауынгерлік қызметте қызмет атқаруға даярлығын ұйымдастыруға және бақылауға;
      ротада спорттық жұмысты жүргізуге;
      ротаның сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі жұмысқа қатысуға міндетті.

Рота старшинасы

      161. Рота старшинасы бейбіт және соғыс уақытында: сарбаздардың, сержанттардың ротадағы әскери тәртіп пен ішкі жарғылық тәртіпті ұстауы, сарбаздар мен сержанттардың рота бойынша тәуліктік нарядта қызмет атқару ережелерін сақтауы; рота қаруының, оқ-дәрілері мен басқа да мүлкінің, сондай-ақ әскери қызметшілердің қоймадағы жеке заттарының сақталуы; рота сарбаздары мен сержанттарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.
      Ол рота командиріне бағынады, рота орналасқан жердегі ішкі тәртіптің тікелей ұйымдастырушысы және рота сержанты мен ротаның аға технигінен (технигінен) басқа, рота сержанттары мен сарбаздарының тікелей бастығы болып табылады.

      162. Рота старшинасы:
      ротаның әрбір сарбазы мен сержантының тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, жеке қасиеттерін, отбасы жағдайын білуге және оларға қамқорлық көрсетуге;
      рота сарбаздары мен сержанттарының сыртқы пішінін бақылауды жүзеге асыруға, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішуді жүргізуге;
      ротаға келіп түсетін қаруды, жабдықты, мүлікті және басқа да материалдық құралдарды уақтылы алуға және қарап тексеруге, олардың болуын, дұрыс пайдаланылуын, сақталуын, қызмет көрсетілуін бақылауды жүзеге асыруға, олардың есебін жүргізуге және жөндеуге уақтылы жіберуге; ай сайын ротаның мүлкін есепке алу кітабын бригада қызметтерінің есепке алу кітаптарымен салыстырып тексеруге және белгіленген есеп беру құжаттарын ұсынуға;
      ротаның жеке құрамының киім-кешек мүлкін жөндеуі үшін материалдардың болуына қам жасауға;
      ротадан тәуліктік нарядқа тағайындалатын сарбаздар мен сержанттардың даярлығын жүзеге асыруға, оны таралым алдында қарап тексеруге және таралымға уақтылы жіберуге, рота бойынша кезекшінің және тәуліктік кезекшінің міндеттерін нақты орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      ротадан тағайындалатын командаларды әзірлеуге және жіберуге, оларды азық-түлік, киім-кешек және басқа да мүлікпен қамтамасыз етуге;
      рота жеке құрамының моншада жуынуын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, ротаны моншаға жеке өзі апаруға және оны медициналық қарауға ұсынуға;
      әскери қызметшілердің тамақтануы туралы қамқорлық көрсетуге, рота бойынша кезекші арқылы асхана бойынша кезекшіге жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, нарядтағы немесе қызметтік істер бойынша жоқ адамдарға тамақ қалдыру туралы өтінім беруге; тамақты қызмет атқару және сабақтар өткізу орнына жеткізуді ұйымдастыруға;
      ротаны асханаға апаруға;
      пештерді дұрыс жағуды, өрт сөндіру құралдарының ұсталуын және рота сарбаздары мен сержанттарының рота орналасқан жерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауын ұйымдастыруға және бақылауға;
      ротаның әскери қызметшілерін азық-түлікпен, киім-кешекпен және басқа да мүлікпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер туралы рота командиріне дереу баяндауға, оларды жоюға шешім қабылдауға;
      рота әскери қызметшілерінің қоймадағы жеке заттарының сақталуын ұйымдастыруға және есебін жүргізуге;
      ротаның жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарға оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды алуын және беруді ұйымдастыруға;
      әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шыққан кезде мерзімді әскери қызмет өткерудегі сарбаздар мен сержанттарға (13-қосымша) сейілдеме қағаздарын беруге және олардың киім нысанын кигендігін және өздерін қоғамдық орындарда ұстау ережелерін білетіндігін тексеруге;
      рота сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіптің, күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің) сақталуын талап етуге, рота командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ рота сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;
      взводтар арасында қызметке және жұмысқа нарядтарды бөлуге, сержанттарға нарядтар кезектілігін жеке өзі жүргізуге және взводтардағы нарядтарды жүргізудің дұрыстығын тексеруге;
      рота командирінің рұқсатымен қарауылдарға қаруды, оқ-дәрілерді және сарбаздарға, сержанттар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, ал бөлімше кезекшісіне әскери бөлім бойынша кезекшінің бұйрығымен пистолеттерді беруге, тапсырғаннан кейін оларды жеке өзі қабылдауға және қарап тексеруге;
      таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруді жүргізуге басшылық жасауға;
      рота бойынша кезекші арқылы әскери бөлім бойынша кезекшіге жеке құрамның шығысы; іссапарға кеткендер; сабақтардағы қарулар, оқ-дәрілер туралы; кешкі тексеруде болмағандар, ал өз еркімен кетіп қалғандар болса, олардың әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты туралы мәліметтер беруге;
      ротаның барлық үй-жайларының, сондай-ақ ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін таза және тәртіпте ұстауды ұйымдастыруға және оларды жалпы жинауға басшылық жасауға міндетті.

Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары)

      163. Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары) бейбіт және соғыс уақытында: сержанттар мен сарбаздарды оқыту, әскери тәрбиесі мен тәртібі; взводтағы жарғылық ішкі тәртіп; бағыныстылардың дұрыс қызмет атқаруы; взводтың әрбір сержанты мен сарбазының сыртқы пішіні үшін жауап береді.
      Ол взвод командиріне бағынады. Взвод командирі болмаған кезде оның міндеттерін орындайды және взвод сарбаздары мен сержанттарының тікелей бастығы болып табылады.

      164. Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары):
      взвод сарбаздары мен сержанттарын оқытуға, тәрбиелеуге, олармен сабақ өткізуге; сарбаздарды жеке даярлауды жүргізуге;
      бөлімше командирлерінің сарбаздарды дұрыс оқытуын бақылауға;
      взводтағы жауынгерлік даярлықтың есебін жүргізуге;
      взводтың сержанттарымен және сарбаздарымен спорттық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әрбір бағыныстының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;
      бағыныстыларға қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын жете түсінуге, олардың барлығына тиісті жабдықталым нормаларының жеткізілуіне қол жеткізуге;
      бөлімше командирлері мен взвод сарбаздарының әскери тәртіпті сақтауын және қызмет атқаруын бақылауды жүзеге асыруға;
      үй-жайдың тазалығы туралы қам жасауға, бөлімшелер арасында оны жинаудың кезектілігін белгілеуге; взводтағы жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      взводта бар материалдық бөлімді, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану ережелерін білуге; оларды ақаусыз жай-күйде ұстауға, олардың болуы мен дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;
      әрбір сабаққа (оқу-жаттығуға) шығар алдында сержанттар мен сарбаздардың болуы, олардың сыртқы пішінін, жабдықтарының шақтап пішілуін тексеруге, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді қарауды жүргізуге;
      сабақтар (оқу-жаттығулар) барысында жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақтауын, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқу материалдық-техникалық базасының сақталуын және дұрыс пайдалануын, оқ-дәрілер мен басқа да шығыс құралдарын дұрыс пайдалануы бақылауды жүзеге асыруға;
      сабақтар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жиынтығын, сондай-ақ оқ ату қаруының, оқ-дәрілердің, оқу-жаттығу аспаптарының, оқу-жаттығу және елестету құралдарының болуын жеке өзі тексеруге. Бұл ретте қару (қару-жарақ) ұңғыларының каналдарында патрондардың (оқ-дәрілердің) болуына (жоқтығына) ерекше назар аударуға және оларды алуға (атуға) шаралар қабылдауға; қару мен шанецтік аспапты тазалауды, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ сабақ өткізетін орындарды жинауды ұйымдастыруға;
      апта сайын взводтың сержанттар құрамымен қызметтік іс-әрекеттер, әскери тәртіп пен ішкі тәртіп бойынша қорытынды жасауға, взвод командиріне және рота сержантына уақтылы баяндауға;
      взводтың жеке құрамын таңертеңгі тексеруді кезең-кезеңмен жүргізуге;
      бағыныстылардан төсек-орын керек-жарақтарын, киім-кешегі мен аяқ киімін жинаулы және ұқыпты күйде ұстауын талап етуге, взвод сержанттары мен сарбаздарының киім-кешек мүлкін ағымдағы жөндеуді уақтылы жүргізуіне бақылауды жүзеге асыруға;
      взвод командиріне бағыныстылардың барлық өтініштері, көтермелеулер, теріс қылықтары мен салынған тәртіптік жазалары туралы баяндауға;
      бағыныстыларға қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;
      сарбаздарды қызметке және жұмысқа нарядтарға тағайындауға, взводтың нарядтар парақтарын, взводтың жеке құрамының, қару-жарағының, әскери, басқа техникасы мен басқа да материалдық құралдарының есебін жүргізуге;
      бағыныстылардың қайда және немен айналысып жатқанын ұдайы білуге;
      взвод командирінің орнына қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.

Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі

      165. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі бейбіт және соғыс уақытында: бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі; бағыныстылардың оқуы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі, саптық жинақылығы мен сыртқы пішіні; қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жарақтарды, киім-кешекті, аяқ киімді дұрыс пайдалану мен сақтау және оларды тәртіпте және ақаусыз жай-күйде ұстау; бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) жауынгерлік міндеттерін табысты орындауы үшін жауап береді.
      Ол взвод командиріне, взвод сержантына (взвод командирінің орынбасарына) бағынады және бөлімше (экипаж, есептоп) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      166. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі:
      бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарын оқытуға және тәрбиелеуге, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде оларды шебер басқаруға;
      әрбір бағыныстының тегін, атын, туған жылын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;
      бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) материалдық бөлімін, қару-жарағын (әскери және басқа техникасын), басқа да мүлкін пайдалану ережелерін білуге, олардың болуын қадағалауды жүзеге асыруға, күн сайын қарауға, тәртіпте және ақаусыз жай-күйде ұстауға;
      бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарын қызметін құрметтеуге, өз қару-жарағына, әскери және басқа техникаға ұқыпты қарауға дағдыландыруға;
      бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарының саптық жинақылығы мен дене төзімділігін қалыптастыруға;
      бағыныстыларға қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;
      взвод сержантына (взвод командирінің орынбасарына) барлық сырқаттанғандар, бағыныстылардың ұсыныстары, арыздары мен өтініштері туралы, олардың теріс қылықтары мен олардың алдын алу жөнінде қолданылған шаралар туралы, оларды көтермелеулер мен салынған жазалар туралы, қаруды, жарақты және басқа да мүлікті жоғалту немесе ақаулық жағдайлары туралы баяндауға;
      бөлімшедегі күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің), тазалық пен ішкі тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, бағыныстылардың әскери тәртіпті сақтауын талап етуге;
      рота командирінің шешімі бойынша ротада ұйқыдан тұрғызуға, таңертеңгі тексеруге, кешкі тексеруге кезең-кезеңмен қатысуға;
      бағыныстылардан киім-кешегі мен аяқ киімін таза, ұқыпты күйде ұстауын, жабдықтарды шақтап пішуді, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны, әскери киім нысанын кию ережелерін сақтауын талап етуге;
      күн сайын аяқ киімнің, киім-кешектің тазалығын, шұлғауларын, ұйықтарын кептіруін, жарақтардың металл бөліктерін тазалауын, сондай-ақ аяқ киім мен киім-кешекті уақтылы жөндеуді бақылауды жүзеге асыруға;
      оқ атулар, оқу-жаттығулар мен сабақтар аяқталғаннан кейін бөлімшенің барлық жеке құрамының оқ-дәрілер мен гильзаларды тапсыруын, бағыныстыларда жауынгерлік және бос патрондардың, гранаталардың, тұтандырғыштар мен жарылғыш заттардың қалмауын тексеруге;
      бағыныстылардың қай жерде жүргенін және немен айналысатындығын ұдайы білуге міндетті.

Сарбаз (матрос)

      167. Сарбаз (матрос) бейбіт және соғыс уақытында оған жүктелген міндеттер мен оған қойылған тапсырмалардың нақты және уақтылы орындалуы, өз қаруының, оған сеніп тапсырылған әскери, басқа техниканың ақаусыз жай-күйі және оған берілген жабдық пен мүліктің сақталуы үшін жауап береді.
      Ол бөлімше (экипаж, есептоп) командиріне бағынады.

      168. Сарбаз (матрос):
      өзінің Қарулы Күштер жауынгері конституциялық міндетін жете түсінуге, әскери қызмет міндеттерін үлгілі орындауға;
      әскери істі сапалы түрде оқып-үйренуге, оған командирлер (бастықтар) оқытатынның бәрін ұқыпты және нақты меңгеруге; өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға; жалпы әскери жарғылардың талаптарын нақты білуге және адал ниетпен орындауға;
      командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мүлтіксіз, нақты және мерзімінде орындауға:
      батыл және тәртіпті болуға; өзін абыроймен және қадір-қасиетпен ұстауға, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, лайықсыз теріс қылықтарға жол бермеуге және жолдастарын олардан тоқтатуға;
      мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға;
      командирлер (бастықтарға) мен үлкендерге құрмет көрсетуге, басқа әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу ережелерін сақтауға:
      қаруды (қару-жарақты, әскери және басқа техниканы) білуге және ол әрқашанда ақаусыз, тазаланған, ұрысқа әзір болуға;
      бригада командирін қоса, өзінің тікелей бастықтарының лауазымын, әскери атағы мен тегін білуге;
      мемлекет мүлкін сақтауға, киім мен аяқ киімді ұқыпты киюге, оларды уақтылы және ұқыпты жөндеуге, күн сайын оларды тазалауға және көрсетілген жерде сақтауға;
      өзін күн сайын шынықтыруға, өзінің дене дайындығын жетілдіруге, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға;
      қаруды ұстаған, қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс істеген кезінде және басқа да жағдайларда қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға;
      бригаданың орналасу шегінен тыс шығу қажет болған кезде бұған бөлімше командирінен рұқсат сұрауға, ал келгеннен кейін оған келгендігі туралы баяндауға;
      әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға міндетті.
      Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудегі сарбаз (матрос) одан басқа, взвод командирінің (взвод сержантының) шешімі бойынша ротадағы таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруде жиі болуға міндетті.

      169. Сарбазға қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен үлгілі әскери тәртібі үшін ефрейтор әскери атағы, ал матросқа аға матрос атағы берілуі мүмкін.
      Ефрейтор (аға матрос) бөлімше командиріне сарбаздарды (матростарды) оқыту мен тәрбиелеуде көмектесуге және әскери міндет қызметтерін орындаудың үлгісі болуға міндетті.

2-тарау. Ішкі тәртіп

Жалпы ережелер

      170. Ішкі тәртіп - бұл заңдармен, жалпы әскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған әскери қызметшілерді әскери бөлімде (бөлімшеде) орналастыру, күнделікті қызметі мен тұрмысы және тәуліктік нарядтың қызмет атқару ережелерін қатаң сақтау.
      Ішкі тәртіпке:
      барлық әскери қызметшілердің заңдармен, әскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған міндеттерін терең түсінуімен, ұғына және нақты орындауымен;
      әскерлер қызметін анық ұйымдастырумен және тәуліктік нарядтың қызметін үлгілі атқарумен;
      күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін нақты орындаумен;
      мақсатқа бағытталған тәрбие жұмысымен, командирлердің (бастықтардың) жоғары талап қоюшылығын бағыныстылар мен олардың денсаулығын сақтау туралы ұдайы қамқорлық көрсетуімен үйлестірумен;
      жауынгерлік даярлықты анық ұйымдастырумен;
      қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) ережелерін орындаумен; әскери қызметшілер орналасқан жерлерде әскери жарғылардың талаптарына жауап беретін олардың күнделікті қызметі, өмірі мен тұрмысы үшін жағдайлар жасаумен;
      әскери бөлім орналасқан ауданда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаумен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қабылдаумен қол жеткізіледі.

1. Әскери қызметшілерді орналастыру

Жалпы ережелер

      171. Әскери бөлімдер әскери қалашықтарда орналастырылады.
      Әскери қалашық деп бір жер телімінде орналасқан және әскери бөлімдерді пәтерлерге орналастыру үшін, сондай-ақ Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін, азаматтық персоналын орналастыру үшін айқындалған, арнайы мақсатта салынған ғимараттар мен құрылыстардың кешені түсіндіріледі.
      Әскери қалашықтар жабық, оқшауланған және ашық болып бөлінеді.
      Жабық әскери қалашықтарға өткізу жүйесі белгіленген әскери қалашықтар жатады.
      Елді мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтар оқшауланған болып табылады.
      Оқшауланған және жабық әскери қалашықтарға жатпайтын әскери қалашықтар ашық деп аталады.
      Қарулы Күштердің жабық және оқшауланған әскери қалашықтарының тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Әскери қалашықтардың барлық жылжымайтын мүлкі:
      тұрғын үй қорынан (казармалар, тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер);
      қызметтік қордан (штабтар ғимараттары, асханалар, бос уақытты мәдени өткізу орталықтары, клубтар, парк үй-жайлары, сақтау орындары және басқалар);
      коммуналдық құрылыстардан (су және кәріздік сору станциялары, электр станциялары, трансформаторлық шағын станциялар, қазандық қондырғылары, сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылу-газбен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың ішкі және сыртқы желілері және басқалар);
      жер телімдерінен құралады.
      Қарулы Күштерде бейбіт және соғыс уақытында пайдаланылатын қызметтік-тұрғын үй қоры, коммуналдық ғимараттар мен жер телімдері мемлекеттік меншік болып табылады. Олар міндетті есепке алынуға, дұрыс пайдалануға және ұқыпты ұсталуға тиіс.

      172. Қарулы Күштерді орналастыру және тұрақты іс-қимылы үшін берілген жер телімдері олардың иелігінде және пайдалануында болады.

      173. Қарулы Күштерге қорғаныс мұқтажы үшін ғимараттар, құрылыстар, объектілер мен басқа да мүлік беріледі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды кері қайтарып алу жүргізілуі мүмкін.

      174. Бөлімнің барлық үй-жайлары мен аумағын бөлімшелер арасында әскери бөлім командирі бөледі.

      175. Кемелердегі матростар мен старшиналардан басқа, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері казармаларда орналастырылады.

      176. Әрбір ротаны орналастыру үшін мынадай үй-жайлар көзделуі тиіс:
      жеке құрам үшін ұйықтайтын үй-жай;
      ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі;
      психологиялық жеңілдеу бөлмесі;
      рота кеңсесі;
      қару сақтауға арналған бөлме;
      қару тазалауға арналған бөлме (орын);
      спорт сабақтарына арналған бөлме (орын);
      тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;
      рота мүлкі мен әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойма;
      киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме;
      жуынатын бөлме;
      аяқ киім тазалауға арналған бөлме (орын);
      душ;
      дәретхана.
      Әрбір батальон орналасқан жерде батальон командиріне, оның орынбасарларына, батальон штабына, офицерлер мен сержанттардың сабақтарға дайындалуына (әдістемелік даярлығына), кеңестер өткізуге және офицерлер мен сержанттар демалуына арналған бөлмелер бөлінеді.
      Әскери бөлімде сабақ өткізу үшін қажетті сыныптар жабдықталады. Әрбір бөлімде жауынгерлік даңқ (тарих) бөлмесі жабдықталады және әскери бөлімнің (кеменің) құрмет кітабы мен құрметті келушілер кітабы жүргізіледі.

      177. Әскери қызметшілер (мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелері тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге) орналастырылады, ал тұрғын үй-жаймен (пәтермен) қамтамасыз етілгенге дейін оларға міндетті түрде уақытша тұру үшін қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлер, қызметтік тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын үй-жайлар беріледі. Отбасылы әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден тыс орналасады.
      Бұл ретте әскери бөлім орналасқан жерде тұратын әскери қызметші әйелдер үшін жеке жатақханалар (ұйықтайтын үй-жайлар), сабақтарға дайындалуға, кеңестер өткізуге және демалуға арналған бөлмелер, душ және дәретханалар, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету мен жуынуға арналған бөлмелер жабдықталады.
      Рота сержантының (рота старшинасының) лауазымын атқаратын келісімшарт бойынша әскери қызметшілер (отбасылы емес немесе отбасы бар) әскери бөлім орналасқан жерге жақын жерде орналастырылады.

      178. Әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттары казармаларда мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін белгіленген тәртіппен орналастырылады. Кейінгі курстардың курсанттары жатақханаларға орналаса алады, отбасы барларға отбасылық жатақхана беріледі. Әскери оқу орнының бастығы отбасылық жатақханалар жоқ кезде үшінші және кейінгі курстардың отбасылы курсанттарына әскери оқу орны орналасқан жерден тыс тұруға рұқсат ете алады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудегі курсанттардың және әскери оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтен өткен адамдардың бірінші оқу жылынан бастап казармадан тыс тұруға құқығы бар.
      Әскери оқу орындарының офицерлер қатарынан тыңдаушылары қызметтік тұрғын жайлармен қамтамасыз етіледі.

      179. Кімге болса да, казармалар мен жатақханалардың ұйықтайтын үй-жайларын қоспағанда, әскери бөлімдердің ғимараттары мен құрылыстарында тұруға тыйым салынады.

      180. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін ұйықтайтын үй-жайларға орналастыру бір адамға кем дегенде он екі текше метр ауа көлемі есебінен жүргізіледі.
      Ұйықтайтын үй-жайлардағы кереуеттер ротаның штаттық-лауазымдық тізіміне сәйкес жүйелілікпен орналастырылады және олардың әрқайсысының жанында немесе бірге қосылған екеуінің жанында кереует жанына қойылатын тумбочкаларға, табуреттерге (орындықтарға) орын қалатындай, ал кереуеттер қатарының арасында жеке құрамды сапқа тұрғызуға қажетті бос орын қалатындай етіп орналастырылады; кереуеттер түзулігін сақтаумен сыртқы қабырғалардан елу сантиметрдей алыс орналастырылуы керек. Кереуеттер бірдей (стандартты) болуы тиіс.
      Ұйықтайтын үй-жайлардағы кереуеттер бір немесе екі қабатты болып орналастырылуы мүмкін.
      Әскери қызметші әйелдер кереуеттері бір ярусты болып орналастырылған үй-жайларда орналастырылады.

      181. Олар жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаздар (матростар) ретінде рота (кеме) тізіміне мәңгі енгізілген әскери қызметшілер үшін ұйықтайтын үй-жайда көрнекті жерде ұдайы үлгілі жағдайда ұсталатын кереует қойылады. Кереуеттің тұсына батырдың рамкадағы портреті және оның ерлігінің сипаттамасы ілінеді.

      182. Кереует жанындағы тумбочкада жуынатын және ұстара аспаптары, қол орамалдары, жаға астарлары, киім мен аяқ киім тазалауға арналған керек-жарақтары, жеке пайдаланатын басқа да ұсақ-түйек заттары, сондай-ақ кітаптары, жалпы әскери жарғылар, фотоальбомдары, дәптерлері мен басқа да жазу құралдары сақталады.
      Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің фотоаппараттарды, аудио, бейне, радиоэлектронды техниканы, ұялы телефондарын сақтау және пайдалану тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнама талаптарымен айқындалады.

      183. Казармада орналасқан әскери қызметшінің төсек-орны көрпеден, екі жаймадан, тысы бар жастықтан, матрацтан, матрац астына төселетін көрпеден тұрады. Төсектер бірдей жиналуы және күні бойы тәртіпте ұсталуы тиіс. Төсекке киім-кешекпен (демалу кезінде рота бойынша кезекшіден басқа) және аяқ киіммен жатуға тыйым салынады. Одан басқа әрбір әскери қызметші кереует жанына төселетін кілемшемен, бір жұп тапочкалармен, сондай-ақ бет пен аяқ сүртетін орамалдармен жабдықталады.

      184. Зат қаптарына салынған пальто (шинель), астары жылы далалық күртеше мен шалбар, бас киімдер казарма үй-жайларында орналастырылған арнайы шкафтарда, ал газтұмшалардан басқа жеке қорғаныс құралдары стеллаждарда; салтанатты киім-кешек, спорт киімі мен жұмыс киімі ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойманың шкафтарында сақталады. Арнайы киім ұйықтайтын үй-жайлардан тыс шкафтарда сақталады. Тиісті жағдайлар болған кезде әскери қызметшілердің киім-кешегі, спорт киімі мен жеке заттары жеке шкафтарда (ұяшықтарда) сақталуы мүмкін.       Киім-кешектің барлық түрлерін сақтауға арналған орындар әскери қызметшілерге бекітіліп беріледі және оларда әскери қызметшінің әскери атағы, тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырмалармен белгіленеді. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің барлық киім-кешек мүлкі заттарында олардың әскери билетінің нөмірімен тиісті таңба қойылады.
      Киім-кешек пен белдік белбеулер ұйқыға жатар алдында ұқыпты және бірдей етіліп табуретке (орындыққа) қойылады, аяқ киім кереуеттің аяғына қойылады. Киім, іш киім және аяқ киім қажет кезінде киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлмелерде кептіріледі.

      185. Қару мен оқ-дәрілер, соның ішінде оқу-жаттығу, бөлімшелерде тәуліктік наряд адамдары ұдайы күзететін, терезелерінде темір торлары бар жеке бөлмеде сақталады. Бөлменің есігі жарық және электр дыбысты дабылдамамен жабдықталуы тиіс. Дабылдаманың құрылымы сақтау орындарын ашу, сондай-ақ сымның зақымдалуы кезінде оның іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Бөлмеде тәулік бойы толық жарық болуы керек. Қару сақтауға арналған бөлменің бөлім бойынша кезекшіге шығатын белгі беру құрылғысы болуы тиіс. Дабылдама апаттық қоректендірілген болуы қажет.
      Техникалық дабылдама құралдарының жай-күйі үшін бөлімше командирі жауапты болады. Оны орнату және ақаусыз жай-күйде ұстау үшін бөлім бойынша бұйрықпен мамандар қатарынан пайдалану тобы тағайындалады.
      Қару сақтауға арналған бөлме есігінің қарайтын көзшесі болуы және үй-жайдың ішіне қарай ашылуы (бір жаққа қарай жылжуы) тиіс. Темір торлы есік немесе жылжымалы темір торлы қабырға орнатуға рұқсат етіледі.
      Оқшашарлар (оқшашарларға қосалқы ұңғылар), автоматтар, карабиндер, винтовкалар мен қол граната атқыштары, сондай-ақ сүңгі-пышақтар пирамидаларда, ал пистолеттер мен оқ-дәрілер құлыпқа жабылатын темір шкафтарда немесе жәшіктерде сақталады. Пирамидаларда шағын саперлік күректер, газтұмшалар, ал болат дулығалар пирамидалардың үстінде сақталады. Қару сақтауға арналған бөлмеде, сондай-ақ штаттық қарумен оптикалық көздеу және бақылау аспаптары сақталады және орналастырылады.
      Оқу-жаттығу қаруы мен оқу-жаттығу оқ-дәрілері жауынгерліктен бөлек сақталуы тиіс. Жеке пирамида болмаған кезде оқу-жаттығу қаруын жауынгерлікпен бірге сақтауға рұқсат етіледі, бұл ретте оны сақтау орны "Оқу-жаттығу қаруы" деген жазумен белгіленеді және қоршаумен бөлінеді. Оқу-жаттығу пистолеттері бөлімше әскери қызметшілерінің жауынгерлік пистолеттерімен бірге сақталады. Оқу-жаттығу патрондары қару сақтауға арналған бөлмеде құлыпқа жабылатын және мөрленген жеке жәшікте сақталады.
      Спорттық қару жауынгерлікпен бірге сақталады. Оны сақтау орны "Спорттық қару" деген жазумен белгіленеді. Спорттық қаруға патрондар жауынгерлік патрондармен бірге сақталады. Оқу-жаттығу, спорттық қаруды, оқу-жаттығу және спорттық патрондарды беру жауынгерлікті бергендей жүргізіледі. Оқ-дәрілерді оларды ұстау үшін жабдықталмаған шкафтар мен жәшіктерде сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

      186. Қаруы бар пирамидалар, пистолеттер мен оқ-дәрілер бар шкафтар мен жәшіктер, сондай-ақ бөлімшенің қару сақтауға арналған бөлмелері сенімді тиектермен жабдықталуы, құлыпқа жабылуы және нөмірлі мөрлермен: пирамидалар - рота (бөлімше) бойынша кезекшінің мөрімен, ал қару сақтауға арналған бөлме - рота (бөлімше) бойынша кезекшінің және әскери бөлім бойынша кезекшінің (бригада бөлімшелері орталықтандырылмай орналастырылған жағдайда - бөлімше командирінің мөрімен); пистолеттер, жауынгерлік және оқу-жаттығу оқ-дәрілері бар шкафтар мен жәшіктер - бөлімше командирінің (рота старшинасының) мөрімен мөрленуі тиіс.
      Қару сақтауға арналған бөлмелер мен пирамидалардың кілттері күндізгі уақытта рота бойынша кезекшіде болуы, ал тексеруді жүргізгеннен кейін бөлім бойынша кезекшіге мөрленген пеналда сақтауға тапсырылуы тиіс. Пистолеттер, оқ-дәрілер мен оқу-жаттығу оқ-дәрілері бар шкафтардың, жәшіктердің кілттері бөлімше командирінде (рота старшинасында), ал ол қызметтен кеткен кезде мөрленген пеналда бөлім бойынша кезекшіге тапсырылады. Басқа адамдарға кілттерді беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
      Қосалқы кілттер рота (бөлімше) командирінде мөрленген пеналда, құлыпқа жабылатын сейфте сақталады.
      Қару сақтауға арналған бөлмеде материалдық құралдардың тізімдемесі ілінеді, оған осы бөлмеде бар пирамидалардың, шкафтардың, жәшіктердің, стенділердің, плакаттар мен басқа да мүліктердің саны енгізіледі. Тізімдемеде жәшіктердің, шкафтардың мүкәммалдық нөмірі мен олардың қандай мөрмен мөрленгені көрсетіледі.
      Әрбір пирамидаға (шкафқа, жәшікке) жауапты адамның бөлімшесі, әскери атағы, тегі мен аты-жөні, пирамиданың (шкафтың, жәшіктің) нөмірі және ол мөрленетін мөрдің нөмірі көрсетілген жапсырма бекітіледі.
      Пирамидада (шкафта, жәшікте) онда сақталатын қару мен мүліктің түрін және санын көрсетумен тізімдеме ілінеді. Пирамиданың (шкафтың) әрбір ұясының қасына қарудың түрі мен нөмірі және газтұмшаның нөмірі, сондай-ақ олар бекітіліп берілген адамдардың әскери атағы, тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырма жапсырылуы (бекітілуі) тиіс.
      Қару сақтауға арналған бөлмеде, пирамидаларда, шкафтарда, жәшіктерде бар барлық тізімдемелерге рота (бөлімше) командирі қол қояды.
      Бір әскери бөлімнің бірнеше бөлімшесінің қаруы мен оқ-дәрілері бір бөлмеде сақталған жағдайда бөлім командирінің бұйрығымен қару мен оқ-дәрілерді орналастыру, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету тәртібі үшін жауапты тағайындалады, ол бөлме мүлкінің тізімдемесіне де қол қояды.
      Қару мен оқ-дәрілер сақтауға арналған бөлмелерді ашу тек бөлімше командирінің, әскери бөлім бойынша кезекшінің және бөлімше бойынша кезекшінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдардың біреуі болмаған жағдайда ашу әскери бөлім командирінің жеке рұқсатымен жүргізіледі.
      Бөлімді (бөлімшені) жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде рота (бөлімше) бойынша кезекші қару сақтауға арналған бөлмені, қару мен оқ-дәрілерді беруді өз бетімен жүргізеді.
      Қару сақтауға арналған бөлмеде басқа да мүлікті сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

      187. Батальон (әскери бөлім басқармасы мен қызметтері) офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің (жеке табельдік қаруға құқығы бар) жеке қаруы, оларға патрондар және радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштер роталардың біреуіндегі (әскери бөлім штабындағы) құлыпқа жабылатын темір шкафта сақталады. Бұл ретте патрондар оның сақталуына жауап беретін адам мөрлеген құлыпқа жабылатын темір жәшікте болуы тиіс. Тәуліктік нарядта қызмет атқару үшін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілетін патрондар жәшіктен тыс шкафта сақталуы тиіс. Шкафты рота (бөлімше) командирі немесе рота старшинасы (әскери бөлім бойынша кезекші) мөрлейді. Әскери бөлім бойынша кезекшіде бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жеке қаруы, патрондары мен радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштері бар шкафтың одан басқа, қарауыл бастығына жабық түрде шығарылған электр дыбыстық дабылдамасы болуы тиіс.
      Батальон офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жеке қаруы бар шкафтың және патрондары бар жәшіктердің кілттері бөлімше командирінде (рота старшинасында), ол қызметтен кеткен кезде бөлім бойынша кезекшіде мөрленген пеналда сақталады, ал әскери бөлім басқармасы мен қызметтерінің әскери қызметшілерінікі әскери бөлім бойынша кезекшіде сақталады. Пистолеттер мен оларға патрондарды беру және қабылдау тәртібін әскери бөлім командирі белгілейді.

      188. Бөлімшенің қарауылдары мен кезекшісі үшін патрондар құлыпқа жабылатын және мөрленген, кілттері мен мөрі рота (бөлімше) командирінде (рота старшинасында) сақталатын темір жәшіктерде болуы тиіс. Әрбір жәшіктегі оқ-дәрілердің қолда барының тізімдемесі болуы тиіс. Патрондары бар жәшіктер қаруы бар пирамидаларға жақын жерде орналастырылады.
      Қарауылдары бірнеше бөлімшелерден тағайындалатын әскери бөлімдерде қарауылдар үшін патрондарды әскери бөлім бойынша кезекшінің бөлмесінде сақтауға рұқсат етіледі.
      Штаттан тыс қарумен қызмет атқаратын бөлімшелер оқ-дәрілерді қарумен бір уақытта әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) шешімі бойынша басқа бөлімшеден алады.

      189. Спорт сабақтарына арналған бөлме (орын) спорттық тренажерлармен, гимнастикалық жабдықтармен жабдықталады, кір тастарымен, гантельдермен және басқа да спорттық мүкәммалмен, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жөніндегі плакаттармен қамтамасыз етіледі.

      190. Ротада он бес-жиырма адамға бір шүмек (душ себезгісі) есебінен душ бөлмесі жабдықталады, бір шүмекке бес-жеті адамнан қол жуғыштар және кемінде екі ағынды сулы аяқ ванналары орнатылады, сондай-ақ әскери қызметшілердің киім-кешегін жууға арналған орын жабдықталады.
      Шеберханалар, парктер, наубайханалар, нан зауыттары, асханалар мен қазандықтар жанында, одан басқа жылы душ жабдықталуы тиіс, ал қол жуғыштар жанында сабын мен орамал болуы тиіс.
      Жылытылатын үй-жайларда су құбыры болмаған кезде су құятын қол жуғыштар орнатылады, оларда су тәулік бойы болуы тиіс. Қол жуғыштарға таза су құяр алдында қалған суы төгіледі, қол жуғыштар тазартылады, кір су шығарылады және осыған арнайы бөлінген орынға төгіледі.
      Киім-кешек пен аяқ киімді тазалау үшін жеке арнайы жабдықталған үй-жайлар немесе орындар бөлінеді. Ұйықтайтын үй-жайда аяқ киім тазалауға тыйым салынады.
      Шылым шегуге арнайы бөлінген және өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық жағынан жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.

      191. Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі киім-кешек үтіктеуге арналған үстелдермен, әскери қызметшілердің әскери киім нысанын киіп жүру ережелері және киім-кешек мүлкімен жабдықтау, киім мен аяқ киімді жөндеу нормалары бар плакаттармен, айналармен жабдықталады және орындықтармен (табуреттермен), үтіктердің қажетті санымен, сондай-ақ шаш қиюға, киім-кешек пен аяқ киімнің ағымдағы жөндеуін жүргізуге арналған аспаппен, мүкәммалмен, фурнитурамен және басқа да жөндеу материалдарымен жабдықталады.
      Жеке құрамның киім-кешегін шақтап тігу, киімі мен аяқ киімін жөндеу үшін әскери бөлім жанында арнайы шеберхана (тігін бөлмесі) жабдықталады.

      192. Әскери бөлімге толықтыруға келген жеке құрам ол әскери ант қабылдағанға және бөлімшелерге бөлгенге дейін жеке үй-жайда орналастырылады. Бұл кезеңде оны тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі, егулер жасалады, белгіленген нормалар бойынша киім-кешек, аяқ киім беру, оларды шақтап пішу мен таңбалау жүргізіледі; толықтырудың жеке құрамымен мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін алынған жауынгерлік даярлығын жетілдіру жөнінде сабақтар өткізіледі, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделеу, мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы ұйымдастырылады.

      193. Әскери бөлім бойынша бұйрықпен толықтыруға келген жеке құрамнан жеке бөлімше құрылады, бөлімше командирі, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары тағайындалады, командирлер мен нұсқаушылар ретінде офицерлердің, сержанттардың (старшиналардың) қажетті саны бөлінеді.

      194. Келген толықтыруды әскери бөлімнің бөлімшелері бойынша бөлу олар жауынгерлік даярлығын жетілдіру жөніндегі бағдарламалардан өткеннен, әскери ант қабылдағаннан, әрбір әскери қызметшінің іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделегеннен кейін және оның денсаулық жағдайы, шақырылған (тұрғылықты) жері, сондай-ақ мамандығы мен мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін алған әскери-есептік мамандығы ескеріле отырып, әскери бөлім командирі бұйрығының негізінде жүргізіледі.
      Келген толықтырудың жеке заттары (киімі, аяқ киімі мен басқа да заттары) тәртіпке келтіріледі, буылады және әскери бөлім оларды жіберіліммен әскери қызметшілер көрсеткен мекен жайларға жібереді.

      195. Бөлім орналасқан жерден тыс тұратын ротаның барлық әскери қызметшілерінің мекенжайлары, телефондары мен әрқайсысын шақыру тәсілі көрсетілген атаулы тізімдері болуы тиіс. Бұл тізімдер рота кеңсесінде және рота бойынша кезекшіде болады. Бөлім басқармасының әскери қызметшілеріне осындай тізімдер бөлім бойынша (штаб бойынша) кезекшіде болуы тиіс.

Үй-жайларды ұстау

      196. Әскери бөлімнің барлық ғимараттары мен үй-жайлары, сондай-ақ аумағы әрдайым тазалықта және тәртіпте ұсталуы тиіс. Әрбір командир (бастық) ғимараттар мен үй-жайларды дұрыс пайдалану, жиһаздың, мүкәммал мен жабдықтың сақталуы үшін жауап береді.
      Ғимараттардың барлық үй-жайлары мен қас беті белгіленген түске боялуы тиіс.

      197. Барлық бөлмелер нөмірленген болуы тиіс (14-қосымша). Әрбір бөлменің кіретін есігінің сыртқы жағына (есіктің оң жағында немесе сол жағында) оның нөмірі (арналуы) көрсетілген тақтайша ілінеді, ал әрбір бөлменің ішкі жағына онда бар мүліктің (жиһаздың, мүкәммалдың және жабдықтың) тізімдемесі ілінеді (15-қосымша).
      Үй-жайдағы жиһаз, мүкәммал мен барлық жабдықтар бүйір (арт) жағынан нөмірленеді және рота кеңсесінде сақталатын есепке алу кітабына енгізіледі.

      198. Жиһаз, мүкәммал және барлық жабдықтар үй-жайдың заты болып табылады және әскери бөлім командирінің рұқсатынсыз бір бөлімшеден екіншісіне көшірілмейді.

      199. Казармада көрінетін жерде арнайы стенділерде күн тәртібі, сабақ кестесі, нарядтар парақтары, жеке құрамның орналасу схемасы (16-қосымша), ұйықтайтын үй-жайдағы температура режимді бақылау графигі (17-қосымша), мүліктің тізімдемесі мен қажетті нұсқаулықтар ілінеді.

      200. Бөлмелерде (үй-жайларда) ілінетін портреттер мен картиналар рамкада болуы тиіс. Барлық үй-жайларда гүлдердің болуына, ал терезелерге ұқыпты бір түсті перделер, шымылдықтар, жалюздер ілуге рұқсат етіледі.
      Қала көшелеріне шығатын төменгі қабаттардың терезелеріндегі шынылар қажетті биіктікте күңгірт (күңгірттенуі) болуы немесе ақ бояумен сырлануы тиіс.
      Қажет кезінде казармаға кіретін есіктер қарайтын көзшемен, сенімді ішкі тиекпен (ілгекпен) және бөлімше бойынша тәуліктік кезекшіге шығарылған дыбыстық дабылдамамен жабдықталуы мүмкін. Бұл жағдайда төменгі қабаттардың терезелеріне ішкі бекітпелері бар торлар орнатылады.

      201. Су құбыры бар барлық үй-жайлар су ішуге арналған шағын субұрқақтармен жабдықталады, ал су құбырлары жоқ үй-жайларға ішетін суы бар құлыпқа жабылған шағын бөшкелер орнатылады, олар да шағын субұрқақтармен жабдықталуы мүмкін. Шағын бөшкелер күн сайын рота бойынша кезекшінің бақылауымен шайылады және ішетін таза сумен толтырылады, аптасына бір рет оларды залалсыздандыру жүргізіледі. Шағын бөшкелердің кілттері рота бойынша кезекшіде сақталады.

      202. Барлық үй-жайлар қоқыс салуға арналған урналардың қажетті санымен қамтамасыз етіледі, ал шылым шегуге арналып бөлінген орындарға суы бар (залалсыздандыратын сұйықтықпен) урналар орнатылады.
      Үй-жайлардың сыртқы есіктерінің алдында аяқ киімді кірден тазалау үшін құрылғылар және қоқысқа арналған урналар болуы тиіс.

      203. Үй-жайларды күн сайын жинауды рота бойынша кезекшінің тікелей басшылық жасауымен кезекті жинаушылар жүргізеді. Кезекті жинаушылар сабақтан босатылмайды.
      Кезекті жинаушылар: кереуеттер мен кереует жанындағы тумбочкалардың астындағы қоқысты сыпырып шығаруға, кереуеттер қатарының арасындағы өтпелерді сыпыруға, қажет болған кезде едендерді сулы шүберекпен сүртуге, қоқысты белгіленген орынға шығаруға, терезелердің, есіктердің, шкафтардың, жәшіктер мен басқа да заттардың шаңын сүртуге, кештен бастап қолжуғыштарды сумен толтыруға, урналарды тазалауға, ал шылым шегуге арналған орындарда, одан басқа оларға су (залалсыздандыратын сұйықтық) құюға міндетті.
      Сабақ уақытында үй-жайларда тазалық ұстау тәуліктік кезекшілерге жүктеледі.

      204. Күнделікті жинаудан басқа, аптасына бір рет рота старшинасының басшылығымен барлық үй-жайларды жалпы жинау жүргізіледі. Жалпы жинау кезінде барлық төсек-орын заттары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) үй-жайдан (казармалардан) шығарылады, мұқият қағылады және желдетіледі. Еденді мастикамен сүртер алдында олар кірден тазартылады және сулы шүберекпен сүртіледі. Егер еден мастикамен сүртілмесе, онда ол кемінде аптасына бір рет жуылады. Еденді су төгіп жууға тыйым салынады.

      205. Асханалардағы, наубайханалардағы және нан зауыттарындағы барлық жабдық пен мүкәммал таңбаланады, таза күйде және тәртіпте ұсталады; тамақ ішкеннен кейін ыдыс тазалануы, жуылуы, ыстық сумен булануы және кептірілуі тиіс. Ыдыс стеллаждарда немесе арнайы шкафтарда сақталады.

      206. Қыста ғимараттар шатырларының терезелері жабылуы, ал жазда ашылуы, бірақ арнайы тормен қорғалуы тиіс.
      Шатырлар, жертөлелер жабылады және мөрленеді, олардың кілттері осы үй-жайларды ұстауға жауаптылық жүктелген бөлімшенің кезекшісінде сақталады. Үй-жайлардың шатырлары мен жертөлелерінде қандай да бір мүлікті сақтауға тыйым салынады.

      207. Дәретханалар унитазы (бөшкесі) бар кабиналармен және он-он екі адамға бір зәрағармен жабдықталады. Дәретханада әрбір кабинада урналар мен дәретхана қағазы болуы тиіс. Дәретханалар таза күйде ұсталуы, күн сайын залалсыздандырылуы, жақсы желдетілуі және жарық болуы тиіс. Оларды жинауға арналған мүкәммал осыған арнайы бөлінген орында (шкафта) ұсталады. Дәретханаларды ұстауды бақылау бөлімшелердің старшиналарына, санитарлық нұсқаушыларға және роталар бойынша кезекшіге жүктеледі.
      Сыртқы дәретханалар су өтпейтін қазылған шұңқырларға, тұрғын үй-жайлардан, асханалар мен наубайханалардан (нан зауыттарынан) сексен метр арақашықтықта орнатылады. Сыртқы дәретханаларға жолдар қараңғы уақытта жарықтандырылады. Қажет болған кезде (түнде) жылдың суық уақытында арнайы бөлінген үй-жайларда зәрағарлар жабдықталады.
      Дәретханалардың қазылған шұңқырлары уақтылы тазаланады және залалсыздандырылады.

      208. Аудандық пайдалану бөлімдері мен өрт сөндіру органдарының рұқсатынсыз үй-жайларды қайта жобалауға, бар және тұрғызылған жаңа құрылыстарды көшіруге және бөлшектеуге, ішкі электр желілерін салуға, сондай-ақ уақытша және жаңа пештерді, жылытудың автономдық жүйелерін салуға тыйым салынады.
      Энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау және орталықтандырылған жылыту жабдықтары мен желілерін жөндеуді аудандық пайдалану бөлімдерінің күштері немесе арнайы даярлығы және оны орындауға рұқсаты бар адамдар жүргізеді.
      Казармалық үй-жайда саппен жүруге тыйым салынады.

      209. Әскери бөлім орналасқан аудан, әскери қалашық аумағы және оған іргелес көшелер учаскелері көгалдандырылуы және тазалық пен тәртіпте ұсталуы, ал қараңғы уақытта жарық берілуі тиіс. Әскери қалашық аумағы қоршалады.
      Әскери бөлім орналасқан аудан жинау үшін бөлімшелер арасында учаскелерге бөлінеді. Қоқыс күн сайын қақпағы жабылатын контейнерлерге жиналады және шығарылады. Контейнерлер табаны қатты алаңда орналастырылады. Кемінде аптасына бір рет контейнерлер тазаланады және залалсыздандырылады.
      Әскери қалашық (әскери бөлімді) аумағын жинау тәуліктік наряд күштерімен және түскі тамақтан кейінгі уақытта осы мақсат үшін арнайы бөлінген командалармен жүргізіледі. Парктік-шаруашылық күні әскери бөлім орналасқан ауданды жинау үшін командалар немесе бөлімшелер бөлінеді.

Үй-жайларды жылыту

      210. Жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады. Пешпен жылыту кезінде үй-жайларды жылыту, отынды қабылдау және беру тәртібі мен уақытын әскери бөлім командирі немесе гарнизон бастығы белгілейді.
      Барлық қазандықтар, орталық және автономды жылыту жүйелері, пештер мен мұржалар, сондай-ақ үш айға қатты және сұйық отын қоры жылыту кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын акт жасаумен гарнизон бастығының (бөлім командирінің) комиссиясымен тексерілуі, ал ақаулы жүйелері жөнделуі тиіс. Жылыту жүйелерін тексеру бақылау от жағуын жүргізумен жүзеге асырылуы тиіс. Мұржаларды тазалау белгіленген мерзімде жүргізіледі.
      Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін гарнизон бастығының (бөлім командирінің) комиссиясы аудандық пайдалану бөлімімен бірлесіп акт жасаумен орталық және автономды жылыту жүйелерін түгендеуді жүргізеді. Түгендеу актісі негізінде жаңа жылыту маусымына дайындау жоспары және аудандық пайдалану бөлімдері мен жоғары тұрған штабтарға өтінімдер жасалады.

      211. Қыста тұрғын үй-жайларда ауа температурасы +18 о С, ал медициналық мекемелерде +20 о С төмен емес, ал қалған үй-жайларда  белгіленген нормаларға сәйкес ұсталады. Термометрлер үй-жайлардың ішкі қабырғаларға, пештер мен жылыту аспаптарынан алыс, еденнен бір жарым метр биіктікте ілінеді.

      212. Пештерді жағу жиырма сағаттан кешіктірілмей аяқталады. Оқу және қызметтік үй-жайларда пештерді жағу таңертең жүргізіледі және сабақ (жұмыс) басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталуы тиіс. Үй-жайларда осы жарғының 211-тармағында белгіленген нормалардан төмен температура кезінде пештерді жағу әскери бөлім командирінің рұқсатымен жалғастырылуы мүмкін.

      213. Жылыту кезеңі уақытында пештерді жағу үшін әскери бөлім бойынша бұйрықпен сарбаздар (матростар) қатарынан от жағушылар тағайындалады, олар алдын ала пештерді жағу ережелеріне оқытылуы және өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстырылуы тиіс. От жағушылар сабақтардан босатылмайды. Жылыту кезеңінде олар барлық нарядтардан босатылады.
      Бөлімшелерде пештерді жағуды қадағалау рота старшинасына және рота бойынша кезекшіге жүктеледі, ал әскери бөлім штабында әскери бөлім штабы бойынша кезекшіге жүктеледі.
      Тәуліктік наряд адамдарына нұсқама беру кезінде олардың тұрғын және қызметтік үй-жайларда пештерді жағу ережелерін сақтауын бақылау қажеттілігіне ерекше назар аударылады.

      214. Ақаулы пештерді пайдалануға, оларды жағу үшін жанармай сұйықтарын қолдануға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, отынды пеште немесе пештің жанында кептіруге және оларды тұрғын үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ үй-жайларда, дәліздер мен баспалдақтарда ағаш жаруға және аралауға тыйым салынады.

      215. Жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін барлық пештер мен мұржалар тазалануы және рота старшинасы пәтер-пайдалану қызметінің (бөлімнің пәтер-пайдаланумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлауды және бақылауды, бөлім мұқтажы үшін бөлінген жер телімдерін бөлуді және пайдалануға беруді, әскери қызметшілерді, жұмысшылар мен қызметкерлерді тұрғын алаңымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган) бастығымен бірлесіп қарауы тиіс, одан кейін пештердің есіктері пломбыланады немесе мөрленеді.

Үй-жайларды желдету

      216. Казармаларда үй-жайларды желдетуді рота бойынша кезекшінің қадағалауымен тәуліктік кезекші: ұйықтайтын үй-жайларды ұйықтар алдында және ұйқыдан тұрғаннан кейін, ал сыныптарды сабақ алдында және олардың арасындағы үзілістерде жүргізеді.

      217. Жеке құрам үй-жайлардан тысқары болғанда терезе желдеткіштері (фрамуттері) суық уақытта, ал жазғы уақытта терезелер ашылады. Егер жеке құрам үй-жайдан шықпаса, желдеткіштер (фрамуттер) немесе терезелер тек үй-жайдың бір жағынан, ал суық уақытта үй-жайларды желдетуге қажетті кезеңде ашылады. Ашық желдеткіштер мен терезе рамалары міндетті түрде ілгектерге (бекітпелерге) бекітіледі.
      Жазғы уақытта ұйықтайтын үй-жайлардың, оқу сыныптарының, асханалардың, медициналық пункттердің, дәретханалардың терезелері жәндіктерден қорғану үшін торлармен жабдықталады.
      Бар желдету қондырғылары ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиіс. Ағынды-сору желдеткіші әскери бөлім командирі белгілеген уақытта іске қосылады.

Үй-жайларға жарық беру

      218. Жарық беру тәртібін әскери бөлім командирі айқындайды. Жарық беру толық және кезекшілік (ашық емес қара көк түс) болып бөлінеді.
      Ұйықтайтын үй-жайларда ұйықтаған уақытта кезекші жарық қалдырылады. Керосинмен жарық беру кезінде кезекші шамдар толық жарықпен жағылады. Казармаларға кіреберістерде, қару сақтауға арналған бөлмелерде, дәліздерде, баспалдақтар мен дәретханаларда қараңғы түсісімен және таң атқанға дейін толық жарық ұсталады. Жарық беру режимін қадағалау кезекшілер мен тәуліктік кезекшілерге жүктеледі.

      219. Түнгі уақытта әскери бөлім орналасқан ауданның электр жарығы сөндірілмейді.
      Апат немесе басқа себептер бойынша электр жарығын уақытша сөндірген жағдайда рота және басқа да бөлімшелер бойынша кезекшілерде жарық берудің резервтік (автономдық) көздері (қосалқы шамдар, қол шамдар) болуы тиіс, оларды сақтау орындарын әскери бөлім командирі айқындайды.

Елді мекендерде орналастыру

      220. Әскери бөлімдер, бөлімшелер жекелеген жағдайларда мемлекеттік басқару органдарымен келісім бойынша елді мекендердің әкімшілік ғимараттарында, ал ғимараттар болмаған кезде тұруға жарамды үй-жайларда уақытша орналасуы мүмкін.

      221. Әскери бөлімдерді (бөлімшелерді) уақытша орналастыруға арналатын елді мекендер әскери бөлім командирінің бұйрығы бойынша санитарлық-індеттік және экологиялық жағынан алдын ала тексеріледі. Санитарлық-індеттік және экологиялық жағынан қолайсыз елді мекендерде орналастыруға тыйым салынады.

      222. Үй-жайларға, қалқалар мен алаңдарға орналасу алдында бөлімше командирі оларды қарап шығады, одан кейін жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы орналастырады.
      Бөлімшелер мүмкіндігінше шоғырланып орналасады.
      Офицерлер, сондай-ақ әскери қызметші әйелдер бір-бірінен бөлек, өз бөлімшелері орналасқан жердің маңындағы жеке үй-жайларда орналасады.
      Қару-жарақ, әскери және басқа техника бөлімшелер бойынша, құрылыстардан тыс, жабық (бүркемеленген) алаңдарда орналастырылады.

      223. Әрбір рота үшін оның орналасу шекарасы көрсетіледі, оның шегінде сабақ өткізу үшін оған үй-жайлар және жергілікті жер телімдері бөлінеді, сондай-ақ жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде бөлімшелердің жиын пункті (орны) тағайындалады.

      224. Қоймаларды орналастыру үшін өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жеке үй-жайлар бөлінеді.
      Ас үйлер, наубайханалар мен моншалар, егер олар үшін жеке үй-жайлар бөлінбесе, өртке қатысты қауіпсіз арақашықтықта орналастырылады.

      225. Бөлімдерді (бөлімшелерді) елді мекенде уақытша орналастырған кезде бөлім (бөлімше) орналасқан жер шекарасының шегінде дәретханалар жабдықталады.

      226. Ішуге және тамақ дайындауға арналған су тек медицина қызметі тексерген және көрсеткен сумен жабдықтау пункттерінен (көздерінен) алынады; олардың ластануының алдын алу шаралары қабылданады, қажет болған кезде оларды тәулік бойы күзету ұйымдастырылады.

      227. Әрбір үй-жайда үлкені тағайындалады, ол ішкі тәртіп пен үй-жайда тұрған мүліктің сақталуы, үй-жайға іргелес аумақтың тазалығы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы үшін жауап береді.
      Әскери қызметшілерге үй-жайлар иесінің мүлкін олардың рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

      228. Елді мекенде уақытша орналасқан кезде қару мен оқ-дәрілер құрғақ, есіктерден, пештерден, жылыту аспаптарынан алыс орында сақталады және тәуліктік наряд ұдайы күзетеді, киім-кешек пен жабдық осы үшін арналған орындарда орналастырылады. Жеке заттар мен іш киім зат қапшықтарында сақталады.

      229. Ішкі тәртіп пен мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге босату мәселелерінде казармалық орналасу үшін белгіленген ережелер сақталуы тиіс.

Өртке қарсы қорғаныс

      230. Әскери қызметшілер өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге, орындауға ( 18-қосымша ) және өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істей білуге міндетті.
      Өрт шыққан жағдайда әрбір әскери қызметші өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстарының әскери командасын (штаттық өрт сөндіру есептобын) немесе штаттан тыс өрт сөндіру командасын (өрт сөндіру нарядын) шақыруға және барлық қолда бар құралдармен өрт сөндіруге, сондай-ақ адамдарды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлік пен басқа да материалдық құралдарды құтқаруға дереу шаралар қолдануға міндетті.

      231. Әскери бөлімде өртке қарсы қорғаныс жоспары әзірленеді, оны командир бекітеді және барлық жеке құрамға жеткізеді. Әскери бөлімде өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын жоспардан көшірме, өрт сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың есебі, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлік пен басқа да материалдық құралдарды эвакуациялау тәртібі әскери бөлім бойынша кезекшіде болуы тиіс.

      232. Әскери бөлімде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға және жай-күйіне әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары жауап береді. Ол:
      жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын зерделеуін және оны өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылға үйретуді ұйымдастыруға;
      барлық объектілерде судың нормативтік қорларының, найзағайдан қорғау құрылғылары мен өрт сөндіру құралдарының болуын қамтамасыз етуге;
      кемінде үш айда бір рет әскери бөлімнің өртке қарсы қорғанысының ұйымдастырылуы мен жай-күйін тексеруге және оқу-жаттығу өрт сөндіру жаттығуларын жүргізуге;
      өрт қауіпсіздігі талаптарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;
      жақын маңдағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруға міндетті.

      233. Әскери бөлім командирі немесе оқу полигонының (оқу орталығының) бастығы әскери бөлімге, полигонға бекітіліп берілген аумақтарда, сондай-ақ сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының басқа да іс-шараларын өткізу кезінде барлық орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына жауап береді.

      234. Бөлімше командирлері, қызметтер, шеберханалар, цехтар, бос уақытты мәдени өткізу орталықтарының, зертханалардың және басқа да объектілердің бастықтары оларға бағынысты бөлімшелерде, қызметтерде, объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және өрт сөндіру құралдарының ақаусыз жай-күйде ұсталуы үшін жауап береді.

      235. Әскери бөлімде тікелей өртке қарсы қорғанысқа өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы басшылық жасайды, ал ол штатпен көзделмеген жерлерде оның міндеттері офицерлердің біреуіне немесе сержанттарға қоса атқару бойынша жүктеледі.

      236. Штаттық өрт сөндіру командасы жоқ әскери бөлімде бес-он бес адам санында штаттан тыс өрт сөндіру командасы құрылады.
      Штаттан тыс өрт сөндіру командасының құрамына әскери қызметшілер, әдетте, бір бөлімшеден тағайындалады.
      Командадан өрт сөндіру наряды бөлінеді, ол әскери бөлім командирі бекіткен постылар табеліне сәйкес өрт постыларында тәулік бойы немесе белгілі бір уақыт аралығында кезекшілік атқарады.
      Өрт сөндіру командасының жеке құрамы басқа нарядтарды атқарудан босатылады.

      237. Өрт сөндіру командасының бастығы өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы болып табылады және бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Ол өрт сөндіру командасының, өрт сөндіру құралдарының ұдайы әзірлігіне және әскери бөлімнің барлық жеке құрамын өрт қауіпсіздігінің талаптарына оқытуға жауап береді.

      238. Өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы:
      әскери бөлім объектілерінің өрт қаупі ерекшеліктерін білуге, өртке қарсы қорғаныс жоспарын және өрт қауіпсіздігі талаптарын әзірлеуге қатысуға;
      әскери бөлім бөлімшелерінің офицерлерімен, сержанттарымен және старшиналарымен өртке қарсы даярлық, өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша сабақтарды жеке өзі өткізуге, жеке құраммен өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ өрт сөндіру командасының арнайы даярлығын жүргізуге, өрт сөндіру нарядына түсетін жеке құрамға нұсқама беруге және білімін тексеруге;
      барлық объектілердің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізуге және жеке құрамның өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарын орындауына және өрт сөндіру нарядының қызмет атқаруына күн сайын бақылауды жүзеге асыруға; 
      барлық өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылдамасын, өрт сөндіруді сумен жабдықтау көздерінің болуына, уақтылы талап етуге, ақаусыздығы мен дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға және оларды іс-қимылға ұдайы әзірлікте ұстау жөнінде шаралар қабылдауға, өрт сөндіру құралдарын тексеруді және куәландыруды ұйымдастыруға;
      өрт сөндіру құралдарының болуы мен техникалық жай-күйінің есебін жүргізуге, сондай-ақ олардың формулярлары (паспорттары) мен техникалық құжаттамаларын уақтылы жүргізуге;
      өртке қатысты ақаулы және қауіпті қондырғыларды, жылыту, жарық беру аспаптарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салуға;
      әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына олар анықталған кезде объектілердің өртке қарсы жай-күйіндегі кемшіліктер туралы уақтылы, ал тұтанудың, өрттің барлық жағдайлары туралы және қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға;
      өрт сөндіруге басшылық жасауға;
      белгіленген есеп берулерді жоғары тұрған штабқа және жабдықталым органына уақтылы ұсынуға міндетті.

Қоршаған ортаны қорғау

      239. Әскери қызметші табиғатты сақтауға және өзінің күнделікті қызметі барысында оның байлықтарын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімде (бөлімшеде) болатын негізгі ластау көздерін білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау жөніндегі ережелермен және нұсқаулықтармен көзделген іс-шараларды қатаң орындауы тиіс.
      Өзінің іс-қимылы немесе әрекетсіздігі нәтижесінде қоршаған ортаны ластауға жол беретін әскери қызметшілер заңнамаға   сәйкес жауаптылықта болады.

      240. Әскери бөлімде қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмау үшін тұрақты әрекеттегі комиссия тағайындалады және барлық жеке құрамға жеткізілетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      241. Әскери бөлім командирі қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруға және жай-күйіне жауап береді. Ол:
      әскери бөлім орналасқан ауданда жеке құрамның қоршаған ортаны қорғау ережелерін зерделеуін және орындауын ұйымдастыруға;
      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Әскери бөлімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың тікелей орындалуына бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары басшылық жасайды.

      242. Әскери бөлім командирі және полигон бастығы полигонда оқу-жаттығулар мен жауынгерлік даярлықтың басқа да іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмау жөніндегі қажетті шаралардың жүзеге асырылуына жауап береді.

2. Уақытты бөлу және күнделікті тәртіп

Жалпы ережелер

      243. Әскери бөлімде уақытты бөлу оның ұдайы жауынгерлік әзірлігі қамтамасыз етілетіндей және жеке құрамның ұйымдасқан жауынгерлік оқу-жаттығуын жүргізу, жарғылық тәртіпті, әскери қызметшілердің әскери тәртіп пен тәрбиесін ұстау, олардың мәдени деңгейін, жан-жақты тұрмыстық қызмет көрсетуді арттыру, уақтылы демалуы мен тамақ ішуі үшін жағдайлар жасалатындай етіп жүзеге асырылады.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы заңнамамен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауы тиіс, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілері қызмет уақытының ұзақтығы әскери бөлімнің күн тәртібімен айқындалады.
      Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің, әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайын кемінде бір тәулік, бірақ айына кемінде алты тәулік демалыс беріледі.
      Жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, тәуліктік нарядтағы қызмет, кемелердің оқу-жаттығулары, жорықтары, жауынгерлік әзірлік және жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтар апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусіз жүргізіледі.
      Әскери бөлімнің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігімен тікелей байланысты жедел іс-шаралар оның командирінің (үлкен бастықтың) жазбаша бұйрығы бойынша тәуліктің кез келген уақытында аға командирге (бастыққа) дереу баяндаумен орындалады.
      Апта сайынғы қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық, демалыс және мереке күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тартылған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге бөлім (бөлімше) командирінің шешімімен, әскери қызметшілердің қызметі мүдделері мен тілектерін ескере отырып, аптаның басқа күндері демалыс беріледі. Демалыс ұзақтығы демалыс және мереке күндері қызметте өткізілген уақыттан немесе қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық болмауы тиіс.
      Әскери қызметшілерді белгіленген уақыттан артық, демалыс және мереке күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту, сондай-ақ оларға аптаның басқа күндері демалыс беру бөлім бойынша бұйрықпен ресімделеді.

Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті

      244. Әскери бөлімде бір тәулік, ал кейбір жағдайлар бойынша апта ішінде уақыт бөлу күн тәртібімен және қызмет уақытының регламентімен жүзеге асырылады.
      Әскери бөлімнің күн тәртібі әскери бөлім бөлімшелері мен штабы жеке құрамының күнделікті қызметінің, оқу-жаттығуы мен тұрмысының негізгі іс-шараларын орындау уақыты бойынша айқындалады.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламенті күн тәртібіне қосымша осы әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерінен туындайтын негізгі іс-шараларды орындау мерзімі мен ұзақтығын белгілейді.
      Күн тәртібі мен қызмет уақытының регламенті әскери бөлім командирінің немесе жоғары тұрған штабтың бұйрығымен әскери бөлімнің алдында тұрған міндеттерді, жыл мезгілі мен жергілікті жердің климаттық жағдайларын ескере отырып белгіленеді.
      Олар оқу-жаттығу кезеңіне әзірленеді және әскери бөлім командирімен немесе жоғары тұрған штабпен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, тәуліктік нарядта, қарауылда қызмет атқару және оларды орындау ерекшелігін ескере отырып, басқа да іс-шаралар уақытына нақтыланады.
      Жауынгерлік оқ атулар, далалық шығулар, кемелердің оқу-жаттығуларын, маневрлерін, жорықтарын өткізу кезеңіне күн тәртібі жауынгерлік жағдайға сәйкес жасалады.
      Әскери бөлімнің күн тәртібі тәуліктік нарядтың құжаттамасында, ал офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламенті - әскери бөлімнің штабында және кеңселерде, бөлімше орналасқан жерлерде, жатақханаларда болады.

      245. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің күн тәртібінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыру, таңертеңгі дене жаттығуын өткізу, таңертеңгі және кешкі жуыну, таңертеңгі тексеру, алты сағаттық оқу сабақтары, оларға өз бетінше даярлану, арнайы (жұмыс) киімін ауыстыру, аяқ киімді тазалау және тамақ ішу алдында қол жуу, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы күту, тәрбие, бос уақытты мәдени өткізу және спорттық-көпшілік жұмыстары, жеке құрамды ақпараттандыру, жаттықтыру, радио тыңдау және телебағдарламаларды көру, медициналық пункттерде сырқаттарды қабылдау, әскери қызметшілердің жеке қажеттіліктері (екі сағаттан кем емес), кешкі серуендеулер, тексерулер және ұйықтау үшін сегіз сағат уақыт көзделуі тиіс.
      Тамақтану арасындағы уақыт аралығы жеті сағаттан аспауы тиіс.
      Түскі астан кейін кемінде отыз минут уақыт ішінде сабақтар немесе жұмыс жүргізілмеуі тиіс.

      246. Офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламенті олардың қызметке келу және одан кету уақытын, тамақтануға арналған үзіліс (түскі ас), дербес даярлану (аптасына төрт сағаттан артық емес), күн сайын сабақ өткізуге даярлануға және дене дайындығына (аптасына жалпы үш сағаттан кем емес ұзақтықпен) уақыт көзделуі тиіс.
      Қызмет уақытының регламентін айқындау кезінде әскери қызметшілердің күн тәртібіне сәйкес лауазымдық міндеттерін, сондай-ақ әскери бөлімді (бөлімшені) ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға бағытталған іс-шараларды орындау қажеттілігі ескеріледі.
      Жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқару және тәуліктік нарядта қызмет атқару кезінде қызмет уақытының регламенті жалпы әскери жарғылармен және тиісті нұсқаулықтармен айқындалады.
      Тәуліктік наряд құрамына кірмейтін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери бөлімдегі және бөлімшедегі тәулік бойы кезекшілігіне, сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауын қоспағанда, әр түрлі жауапты адамдардың оларды тағайындауына тыйым салынады.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді казармалық жағдайға көшіру тек жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлерін енгізу жағдайларында немесе әскери бөлімнің жауынгерлік оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттерін орындау кезінде жүзеге асырылады.

      247. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет уақыты регламентімен айқындалған кезеңде өзінің әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындайды.

      248. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстау мақсатында әскери бөлімде барлық жеке құрамды тартумен кемінде айына екі рет парктік күндері өткізіледі. Оны өткізу үшін толық жұмыс күні бөлінеді. Жеке құрамды парк күнінің іс-шараларын орындаумен байланысты емес жұмыстарды жүргізуге тартуға тыйым салынады.
      Әскери бөлім штабы бөлім командирлерінің орынбасарларымен және әскер тектері және қызметтер бастықтарымен бірлесіп алдын ала парк күнінің жоспарын әзірлейді, онда: мақсаты, негізгі міндеттер, сондай-ақ лауазымды адамдардың қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың барлық түрлерінің, техникалық аумақтың (күзетілетін объектілердің), парк элементтерінің, жауынгерлік даярлықтың оқу-жаттығу (техникалық) құралдарының, қоймалардың жай-күйін қарап тексеру және ұстау жөніндегі іс-шаралар, экипаждардың, есептоптардың, жүргізушілер мен мамандардың оларға қызмет көрсету және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспарлы жұмыстарын орындауы көрсетіледі. Бекітілген жоспарлардың көшірмелері бөлім, басқарма және бөлім бөлімшесі командирлерінің орынбасарларына жеткізіледі. Парктік күнді өткізу жоспары бөлім және парк бойынша кезекшіде болады.
      Парк күнін өткізу күні бөлімнің жеке құрамының таралымы паркте немесе оның маңында жүргізіледі. Жұмыстарға басшылық жасауды бөлім командирінің жеке өзі жүргізеді.
      Бөлім командирінің орынбасарлары, басқарма офицерлері бағынысты бөлімшелер мен қоймаларда іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
      Одан басқа, әскери бөлімде апта сайын оқу-жаттығу, оқу-жаттығу-жауынгерлік, оқу-жаттығу саптық, көлік пайдалану топтарының қару-жарағына, әскери және басқа техникасына қызмет көрсету, парктерді, қоймаларды, оқу материалдық-техникалық базасының объектілерін жабдықтау және көріктендіру, әскери қалашықтарды тәртіпке келтіру, басқа да жұмыстарды жүргізу мақсатында парктік-шаруашылық күні өткізіледі. Осы күні барлық үй-жайларды жалпы жинау, сондай-ақ жеке құрамның моншада жуынуы жүргізіледі.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер парктік-шаруашылық күні іс-шараларына оларға айына кемінде алты демалыс күнін беруді ескерумен тартылады.
      Парктік-шаруашылық күндері әскери бөлім штабының бөлім командирінің қару-жарақ және тыл жөніндегі орынбасарларымен бірлесіп әзірленген және бөлім командирі бекіткен жоспарлары бойынша да осылайша жүргізіледі. Жоспарлардың көшірмелері бөлімшелерге жеткізіледі.
      Парктік-шаруашылық күндері бірінші кезекте қару-жараққа, әскери және басқа техникаға қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа басшылық жасау үшін кезектілік тәртібімен офицерлердің қажетті саны тағайындалады. Оларға апта ішінде демалу үшін уақыт беріледі.

      249. Демалыс және мереке күндері тәуліктік наряд пен жауынгерлік кезекшілікте және жауынгерлік қызметте болатын адамдардан басқа, барлық жеке құрам үшін демалыс күндері болып табылады. Бұл күндері, сондай-ақ сабақтан бос уақытта жеке құраммен бос уақытты мәдени өткізу, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
      Кинофильмдер мен демалыс күндері қарсаңында өткізілетін басқа да қоғамдық іс-шараларды әдеттегіден бір сағатқа кеш аяқтауға, демалыс күндері ұйқыдан тұрғызу әдеттегі бөлім командирі белгілеген сағаттан кеш тұрғызуға рұқсат етіледі.

Ұйқыдан тұрғызу, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру

      250. Сержанттар (старшиналар) құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін рота (бөлімше) командирі бекіткен кестеге сәйкес ұйқыдан тұрғызғанға дейін он бес минут бұрын рота (бөлімше) сержанты немесе взводтар сержанттарының (взводтар командирлерінің орынбасарларының) біреуі рота (бөлімше) орналасқан жерге келеді және казармада орналасқан жеке құрамның таңертеңгі ұйқыдан тұруын бақылайды. Взводтарда бақылауды бөлімшелер командирлері кезекпен жүзеге асыра алады.
      Бөлімшелерді мерзімді әскери қызметтің сержанттарымен (старшиналарымен) жасақтау, сондай-ақ бөлімшелерді оқу орталықтарында, полигондарда және лагерьлерде орналастырған кезде "Ұйқыдан тұр" белгісіне дейін он минут бұрын рота (бөлімшелер) бойынша кезекші взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) мен рота, батальон сержантын (рота старшинасын) ұйқыдан тұрғызуды жүргізеді.
      Белгіленген уақытта "Ұйқыдан тұр" белгісі бойынша ротаны (бөлімшені) жалпы ұйқыдан тұрғызу жүргізіледі.

      251. Ұйқыдан тұрғаннан кейін жеке құрамға дәретханаға баруға уақыт беріледі, таңертеңгі дене жаттығуы, үй-жайлар мен аумақты жинау, төсек-орындарын реттеу жүргізіледі, әскери қызметшілердің жеке гигиенаны орындауы және таңертеңгі тексеру ұйымдастырылады.

      252. Таңертеңгі тексеру үшін рота (бөлімшелер) бойынша кезекшінің:»"Рота (батальон), таңертеңгі тексеру үшін - сапқа тұр" командасы бойынша әскери қызметшілер көрсетілген орынға сапқа тұрады, іссапарға келгендер сол қапталға тұрады. Рота (бөлімшелер) бойынша кезекші ротаны (бөлімшені) сапқа тұрғызып, рота старшинасына ротаның (бөлімшенің) қарауға әзірлігі туралы баяндайды және оның нұсқауы бойынша таңертеңгі тексеру жүргізіледі.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бөлім (бөлімше) командирінің шешімі бойынша таңертеңгі тексеруге кезең-кезеңмен қатысады.

      253. Таңертеңгі тексерулерде әскери қызметшілердің болуы мен сыртқы пішіні, олардың жеке гигиенаны сақтауы тексеріледі.
      Таңертеңгі тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою ұйымдастырылады. Взводтарда таңертеңгі тексерулерді жүргізген сержанттар рота старшинасына тексеру нәтижелері туралы баяндайды.
      Рота (бөлімшелер) бойынша кезекші медициналық көмекті қажет ететіндерді сырқаттарды жазу кітабына жазады, оны рота старшинасына ұсынады ( 19-қосымша ) және ол қол қойғаннан кейін оны бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді. Белгіленген уақытта рота (бөлімшелер) бойынша кезекші көрсетілген әскери қызметшілерді ротаның санитарлық нұсқаушысының (фельдшерінің) командасымен бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді. Санитарлық нұсқаушы (фельдшер) ол жерде медициналық қарау аяқталғанға (медициналық көмек көрсетілгенге) және сырқаттарды емдеу туралы шешім қабылданғанға дейін болады.
      Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің аяқтарының, ұйықтарының, шұлғауларының және іш киімдерінің жай-күйі кезең-кезеңімен, әдетте ұйықтар алдында тексеріледі.

      254. Кешке, тексеру алдында, күн тәртібімен көзделген уақытта рота старшинасының басшылығымен кешкі серуендеу жүргізіледі. Кешкі серуендеу уақытында жеке құрам бөлімшелер құрамында саптық әндерді орындайды. Серуендеуден кейін рота (бөлімшелер) бойынша кезекшінің: "Рота (батальон) кешкі тексеруге - сапқа тұр" командасы бойынша әскери қызметшілер тексеру үшін сапқа тұрады. Рота (бөлімшелер) бойынша кезекші ротаны (бөлімшені) сапқа тұрғызып, рота старшинасына ротаның (бөлімшенің) кешкі тексеруге сапқа тұрғызылғандығы туралы баяндайды.
      Рота старшинасы»"Тік тұр" командасын беріп, тексеруге кіріседі. Ол тексеру басталар алдында олардың жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаз ретінде ротаның (бөлімшенің) тізіміне мәңгіге енгізілген әскери қызметшілердің әскери атағын, тегін атайды. Көрсетілген әскери қызметшілердің тегін атаған кезде бірінші взводтың оң қапталдағысы:»"Мынадай (әскери атағы мен тегі) әскери міндетін орындау кезінде Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыста ерлікпен қаза тапты" немесе»"Ротаның құрметті сарбазы (әскери атағы мен тегі) запаста (отставкада)" деп баяндайды.
      Осыдан кейін рота старшинасы ротаның (бөлімшенің) жеке құрамын атаулы тізім бойынша тексереді. Өз тегін естіген әрбір әскери қызметші:»"Мен" деп жауап береді. Жоқтар үшін бөлімше командирі жауап береді.
      Мысалы:»"Қарауылда",»"Демалыста".
      Тексеру аяқталғаннан кейін рота старшинасы»"Еркін тұр" командасын береді, барлық әскери қызметшілерге белгілі болуы тиіс бұйрықтарды, келесі күнге наряд құрамын жариялайды және жауынгерлік әзірлік бойынша және өрт жағдайына жауынгерлік есеп жүргізеді (нақтылайды). Взводтарда кешкі тексерулерді жүргізген сержанттар келесі күнге кезекті жинаушыларды тағайындайды. Содан соң жеке құрамға жеке гигиена үшін уақыт беріледі. Белгіленген уақытта рота (бөлімше) бойынша кезекші»"Ұйқыға жат" командасын береді және кезекші жарық жағылады. Әскери қызметшілер ұйықтауға жатады.
      Ұйықтау үшін күн тәртібімен белгіленген уақытты, әскери қызметшілерді түнгі сабақтар мен жаттығуларға, оқу-жаттығуларға, марштарға, кемелер жорығымен жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің басқа да іс-шараларына тартқан жағдайлардан басқа, қысқартуға тыйым салынады.

      255. Ротада (бөлімшеде) таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру уақытында рота (бөлімше) командирі немесе ротаның (бөлімшенің) бір офицері болған кезде рота старшинасы оған қарау (тексеру) нәтижелері туралы баяндайды.
      Таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруден кейін роталар (бөлімшелер) бойынша кезекшілер бөлім бойынша кезекшіге баяндаумен келеді және жеке құрамның болуы туралы және жоқ болғандар туралы мәліметтерді, ал өз еркімен кетіп қалғандар болса, олардың тегін ұсынады.

      256. Әскери бөлім штабының жоспары бойынша жалпы батальондық немесе бригадалық (полктік) кешкі тексерулер кезең-кезеңмен жүргізіледі. Кешкі тексеру өткізу үшін бөлім командирі белгілеген орын жарық болуы және батальонның (бригаданың, полктің) барлық бөлімшелеріне уақтылы жеткізілуі тиіс.
      Жалпы батальондық (бригадалық, полктік) тексерулерде батальонның (бригаданың, полктің) барлық жеке құрамы қатысуы тиіс.
      Барлық жеке құрамды атаулы тізім бойынша тексеруді роталар (бөлімшелер) командирлері жүргізеді және нәтижелері туралы батальон командиріне баяндайды.
      Жалпы бригадалық (полктік) тексерулерде батальондар мен жеке бөлімшелер командирлері тексеру нәтижелері туралы бригада (полк) командиріне баяндайды. Бригаданың (полктің) штаб бастығы немесе оның нұсқауы бойынша штаб бастығының саптық бөлім және кадрлар жөніндегі аға көмекшісі әскери бөлім басқармасының (штабының) жеке құрамын тексереді және олардың нәтижелері туралы бригада (полк) командиріне баяндайды.
      Жалпы батальондық (бригадалық, полктік) тексеру аяқталғаннан кейін батальон (бригада, полк) командирі»"Тік тұр" командасын береді және оркестрге "Арайды" ойнауды бұйырады. Жалпы бригадалық (полктік) кешкі тексерулерді жүргізу кезінде»"Арайды" ойнап біткеннен кейін оркестр ойнайды, ал әскери қызметшілер өз бетінше саптық қалыпты қабылдайды және Мемлекеттік Әнұранды орындайды. Одан кейін бөлімшелер оркестрдің салтанатты маршымен әскери бөлім командирінің жанынан әскери сәлемдесуді орындаумен өтеді және өздерінің орындарына тарайды. Батальонда (бригадада, полкте) оркестр болмаған кезде техникалық дыбыс жазбасын ойнату құралдары пайдаланылады.»"Арайды" ойнау басталысымен взвод және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолын бас киіміне апарады және оны оркестр ойнауды аяқтағаннан кейін батальон (бригада, полк) командирі беретін»"Еркін тұр" командасы бойынша түсіреді.
      Жалпы батальондық, бригадалық (полктік) кешкі тексерулер нәтижелері туралы командир (бастық) техникалық байланыс құралдары арқылы тікелей командирге (бастыққа) дереу баяндайды.

Оқу-жаттығу сабақтары

      257. Жауынгерлік даярлық бейбіт уақытта әскери қызметшілердің күнделікті қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Қазіргі заманғы ұрыста әскери қызметшілердің іс-қимыл тәсілдерін меңгеру мақсатындағы сабақтар мен оқу-жаттығулар жеңіл және қарапайым өткізілмеуі тиіс.
      Оқу сабақтары мен оқу-жаттығуларда бөлімнің барлық жеке құрамы қатысуы тиіс. Сабақтан жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы адамдар, сырқаттанғандар, сондай-ақ демалыс және мереке күндері белгіленген қызмет уақытынан артық әскери қызмет міндеттерін орындауға тартылғаны үшін демалыс берілген әскери қызметшілер босатылады.
      Денсаулығы бойынша сабақтан босатылған, медициналық мекемелерде емдеуде емес әскери қызметшілер сыныптардағы сабақтарға тартылуы мүмкін.
      Жеке құрамның сабақтан қол үзуіне кінәлі командирлер (бастықтар) тәртіптік жаза тартады.

      258. Сабақтар күн тәртібімен белгіленген сағатта белгі (команда) бойынша басталады және аяқталады.
      Сабақтарды дайындау мен өткізудің тікелей ұйымдастырушылары бөлім (бөлімше) командирлері, сондай-ақ сабақтар жетекшілері болып тағайындалған офицерлер мен сержанттар болып табылады.
      Сабақтарға (оқу-жаттығуларға) шығар алдында бөлімшелер командирлері мен взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) жеке құрамның болуы мен оның сыртқы пішінін, жабдықтарды шақтап тігудің дұрыстығын тексереді, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді қарауды жүргізеді.
      Сабақтарды бастау үшін белгіленген уақытта бөлімшелер командирлері (сержанттар) жеке құрамды сабақ жетекшісіне тапсырады.
      Сабақтар (оқу-жаттығулар) барысында бөлімшелер командирлері мен сержанттары жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын сақтауына, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқу материалдық-техникалық базасының сақталуына және дұрыс пайдаланылуына, құпия және басқа да қызметтік құжаттардың болуына, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды дұрыс жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      Сабақтар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін бөлімшелер командирлері (сержанттары) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуын, жабдықталуын, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің, оқу-жаттығу аспаптарының, оқу-жаттығу және елестету құралдарының болуын жеке өзі тексеруі тиіс. Бұл ретте қарудың (қару-жарақтың) ұңғылары каналдарындағы патрондардың (оқ-дәрілердің) болуына (жоқтығына) ерекше назар аударылады және оларды алып тастауға (атуға) шаралар қолданылады.
      Қару мен оқжатарларға арналған сөмкелерді, сондай-ақ жабдық пен басқа да мүлікті бөлімше командирлері тексереді. Жұмсалмаған оқ-дәрілер мен гильзалар белгіленген тәртіппен тапсырылады. Құпия құжаттың болуын бөлім командирі және әрбір офицер жеке өзі тексереді. Тексеру нәтижелері команда бойынша баяндалады.
      Сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін қару мен шанецтік аспапты тазалау, қару-жарақты, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ сабақтарды өткізу орнын жинау жүргізіледі.

Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас

      259. Әскери бөлім командирі азық-түліктерді алу, қазанға салу және тамақ дайындау процесін бақылауды ұйымдастырады. Бұл үшін бөлім командирінің орынбасарлары, әскер тектері мен қызметтер бастықтары қатарынан лауазымды адамдар тағайындалады. Тексеру үшін тағайындалған офицер бөлім бойынша кезекшімен, дәрігермен (фельдшермен) бірлесіп, асханаға азық-түліктерді қазандарға салу уақытына келеді және асхана бойынша кезекшінің, бас аспаздың қатысуымен азық-түліктердің тарату мәзіріне сәйкестігін және оларды тамақ дайындау кезінде толық пайдалануды тексереді. Тексерулер нәтижелері азық-түліктерді салудың толықтығын бақылау кітабына енгізіледі және бөлім командиріне (бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына) баяндалады.
      Күн тәртібімен белгіленген уақытқа тамақ, сусындарды дайындау және үстел жасау аяқталуы тиіс.
      Бөлім бойынша кезекші асханаға келгенге дейін дәрігер (фельдшер) асхана үй-жайының, асхана-ас үй ыдысының және мүлкінің санитарлық-гигиеналық жай-күйін тексереді.
      Тамақ тарату басталғанға дейін дәрігер (фельдшер) бөлім бойынша кезекшімен бірлесіп, дайындалған тамақтың тарату мәзіріне сәйкестігін, оның сапасын тексеруі, жабдықталымдарды бақылаулық өлшеуді жүргізуі тиіс. Дәрігердің (фельдшердің) қорытындысынан кейін бөлім командирі немесе оның нұсқауы бойынша бөлім командирі орынбасарларының біреуі тамақтың дәмін көреді.
      Тексеру нәтижелері дайындалған тамақтың сапасын бақылауды есепке алу кітабына жазылады.
      Белгіленген уақытта бөлім бойынша кезекші тамақты беруге рұқсат береді. Жеке құрам тамақ ішер алдында дайындалған тағамдардың температурасы санитарлық нормалар мен ережелердің сапасына сәйкес болуы тиіс.

      260. Әскери қызметшілер асханаға белгіленген уақытта, таза (тазартылған) киімде және аяқ киімде, саппен рота старшинасының командасымен келуі тиіс.
      Асханада тамақ ішу уақытында белгіленген тәртіп сақталуы тиіс. Әскери қызметшілерге бас киімде, пальтода (шинельде), астары жылы күртешеде және арнайы (жұмыс) киім нысанында тамақ ішуге тыйым салынады.

      261. Жауынгерлік қызметтегі, жауынгерлік кезекшіліктегі және тәуліктік нарядтағы адамдар қазандық жабдықталымға қойылады және бөлім командирі олар үшін белгілеген уақытта тамақ ішеді.
      Бөлімнің медициналық пунктіндегі сырқаттарға тамақ госпитальдік жабдықталым нормалары бойынша әзірленеді және жеке жеткізіледі.
      Әзір тамақты тасымалдау қажет кезде ол арнайы бөлінген қақпағы тығыз жабылатын таңбаланған ыдыста, дәрігер (фельдшер) мөрлеген термостарда жеткізілуі тиіс. Термостардағы ыстық тамақтарды сақтау мерзімі (оларды тасымалдау уақытын қоса) үш сағаттан аспауы тиіс.

Демалыстар және әскери бөлімнің орналасқан жерінен сейілдемеге босату

      262. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери бөлім командирі бекіткен кестеге сәйкес "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңмен және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерімен" көзделген демалыстар беріледі.
      Демалысқа кетер алдында әскери қызметшіге әскери бөлімнің командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған белгіленген үлгідегі демалыс билеті беріледі.
      Демалыстағы әскери қызметші қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде), ал ол жоқ жерлерде жергілікті мемлекеттік басқару органдарында әскери есепке тұруға (есептен шығуға) міндетті (20-қосымша).
      Демалыстарда болу кезеңінде әскери қызметшілердің ақшалай қаражаты және заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де төлемдері сақталады.

      263. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнің орналасқан жерінен сейілдемеге босатылған кезде әскери бөлімнің орналасқан жерінде және гарнизон шегінде еркін жүріп-тұруға құқылы. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің олар аумағында әскери қызмет өткеріп жатқан гарнизон шегінен шығуы әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) рұқсатымен жүзеге асырылады. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің гарнизон шегінен шығуына (демалысқа, емделуге және іссапарға кету жағдайларын қоспағанда) тыйым салынады.

      264. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісі, егер оған "кезекті сейілдемеге босатудан айыру" тәртіптік жазасы салынбаса, әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шығуға құқығы бар.
      Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің сейілдемеге босатуы әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігі, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет және тәуліктік нарядтың жауынгерлік қызмет өткеру сапасы төмендемейтіндей есеппен реттелуі тиіс.
      Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлім орналасқан аумақтан рота (жеке бөлімше) командирі бөлім командирі белгілеген күндері мен уақытта және олар белгілеген тәртіппен сейілдемеге босатылады. Бөлімшеден бір уақытта әскери қызметшілердің отыз пайызынан артық емес сейілдемеге босатылуы мүмкін.
      Сейілдемеге босатуға демалыс алдындағы, демалыс, мереке алдындағы және мереке күндері кешкі тексерулерге дейін рұқсат етіледі. Әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден әскери ант қабылдағаннан кейін сейілдемеге босатылады.
      Бөлім командирінің рұқсатымен әскери қызметшіге аптаның басқа күндері оқу сабақтарынан кейін кешкі тексеруге дейін сейілдеме берілуі мүмкін.
      Сейілдемеге босату кезектілік тәртібімен жүргізіледі, сейілдемеге босату кезектілігін взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) белгілейді.

      265. Әскери қызметшілер сейілдемеге босатуға рұқсат алу үшін өзінің тікелей бастығына өтініш жасайды.
      Взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) взводтар командирлері қол қойған сейілдемеге босатылатын әскери қызметшілердің тізімдерін рота (бөлімше) командиріне баяндау үшін рота старшинасына ұсынады.

      266. Белгіленген уақытта рота (бөлімше) бойынша кезекші сейілдемеге босатылатындарды сапқа тұрғызады және рота старшинасына баяндайды.
      Рота старшинасы сейілдемеге босатылатындарды қарап шығады, олардың сыртқы пішінін, олардың әскери сәлемдесу, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін білуін тексереді. Рота (бөлімше) бойынша кезекші сейілдемеге босатылатындарды сейілдемеге босату кітабына жазады (21-қосымша), сейілдемеге босатылатындардың тізімін жасайды және оларды бөлім бойынша кезекшіге тапсырады.
      Әскери бөлім аумағынан сейілдемеге босатылатын мерзімді қызметтің әскери қызметшілердің өзімен бірге әскери билеті және сейілдеме қағазы болуы тиіс.
      Сейілдеме қағазы тек сейілдемеге босатылатын әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан гарнизон шекарасында ғана жарамды.

      267. Сейілдемеден қайтып келгеннен кейін әскери қызметші бөлім бойынша кезекшіге келеді және келгені туралы баяндайды. Бөлім бойынша кезекші сейілдеме қағаздарында және сейілдемеге босатылғандар тізімдеріне келген уақыты туралы белгі қояды. Содан соң рота (бөлімше) орналасқан жерге барады, сейілдеме қағаздарын тапсырады және рота (бөлімше) бойынша кезекшіге баяндайды.
      Мысалы: "Сержант мырза. Қатардағы жауынгер Оңбаев сейілдемеден келді. Сейілдеме уақытында ескерту болған жоқ (немесе патрульден ұқыпсыз сыртқы пішінім үшін ескерту алдым)".
      Рота (бөлімше) бойынша кезекші сейілдемеге босатылатындар кітабына сейілдемеден қайтып келгендердің келген уақытын белгілейді және сейілдеме қағаздарын рота старшинасына ол қызметке келісімен тапсырады.

      268. Әскери оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарын оқу орны орналасқан жерден сейілдемеге босату мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін белгіленген тәртіппен, әскери-оқу орнының бастығы белгілеген күндері және сағатта жүзеге асырылады.
      Бөлімшеден бір уақытта курсанттардың кемінде елу пайызы сейілдемеге босатылуы мүмкін.
      Әскери оқу орындарының үшінші және келесі курстарының курсанттарын сейілдемеге босату оқу сабақтарынан және өз бетінше жүргізілетін жұмыстардың міндетті сағаттарынан кейін кешкі тексеруге дейін, ал отбасылы курсанттарды келесі күнгі сағат сегізге дейін әскери тәртібі мен үлгерімін ескере отырып, оқу орнының бастығы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      269. Жергілікті жердің елді мекендерінен алыста орналасқан әскери бөлімде (жеке бөлімшеде) және басқа да жағдайларда орналасқан жерден көрсетілген тәртіппен сейілдемеге босату орынсыз болса, әскери бөлім (жеке батальон) командирінің шешімі бойынша демалатын күндері мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің бос уақытын өткізуді ұйымдастыру үшін жақын жатқан ірі елді мекен пункттеріне (қалаларға) топтық шығулар жүргізіледі.

Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру

      270. Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру әскери бөлім командирінің немесе аға командирдің (бастықтың) бұйрығының (өкімінің) негізінде жүргізіледі. Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру өз командирлерінің немесе команда бастығының (жетекшісінің) басшылығымен штаттық бөлімше немесе құрама команда құрамында жүзеге асырылады. Әр түрлі бөлімшелердің әскери қызметшілерін іссапарға жіберген кезде олардан команда құрылады және сержанттар (старшиналар) мен офицерлерден команда басшысы тағайындалады. Бөлімше командиріне (команда бастығына) әскери бөлімде іссапар куәлігі және әскери бөлім командирі (штаб бастығы) қол қойған және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қарудың түрі мен нөмірін, берілген оқ-дәрілердің санын, азық-түлік аттестаттарын көрсетумен бөлімшенің (команданың) жеке құрамының тізімі, іш киім және төсек-орын (жеті тәулікке бір жиынтық есебінен), жеке гигиена заттары және басқа әскери мүлік беріледі. Бөлімше командиріне (команда бастығына) одан басқа, жол жүру мен жолда тамақтану тәртібі, бөлімше (команда) қанша уақытқа, қайда және кімнің қарамағына жіберіледі, қауіпсіздік талаптары, қаруды сақтау және қолдану ережелері көрсетіледі, сондай-ақ бөлімшенің (команданың) міндеттерді орындауымен байланысты басқа да нұсқаулар беріледі.

      271. Қызметтік іссапарға бару үшін бөлімшені (команданы) даярлауға ол бөлінген бөлімше командирі басшылық жасайды.
      Белгіленген уақытта бөлімше (команда) тағайындалған бөлімше командирінің (команда бастығының) басшылығымен әскери бөлім бойынша кезекшіге келеді. Әскери бөлім бойынша кезекші бөлімшенің (команданың) құрамын және қамтамасыз етілуін тексереді және оның әзірлігі туралы әскери бөлім командиріне немесе штаб бастығына баяндайды.
      Әскери бөлім командирі немесе штаб бастығы бөлімшені (команданы) қарап шығады, оның әзірлігін тексереді, бөлімше командиріне (команда бастығына), ал қажет болған кезде барлық жеке құрамға нұсқау береді, қажет жағдайларда көлік құралдарын бөле отырып, бөлімшені (команданы) уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді.

      272. Бөлімше командирі (команда бастығы) жеке құрамның әскери тәртібі мен тәртіпті ұстауы, міндетін уақтылы орындауы үшін, сондай-ақ бөлімшенің (команданың) қарамағына бөлінген қарудың, оқ-дәрілер мен басқа да әскери мүліктің сақталуы үшін жауап береді.
      Белгіленген орынға келісімен бөлімше командирі (команда бастығы) қарамағына бөлімше (команда) жіберілген адамға, ал келісімен әскери бөлім командиріне (штаб бастығына) баяндайды.

      273. Машиналарда жүрген кезде бөлімшелер командирлері (командалар бастықтары) лек жетекшісінің (машина жетекшісінің) міндеттерін орындайды.
      Жеке құрамды жабдықталмаған, ал қысқы уақытта ашық машиналарда тасымалдауға тыйым салынады.
      Темір жол, су және әуе көлігімен жол жүру кезінде бөлімшелердің (командалардың) жеке құрамы осы көлік түрлерін пайдаланушылар үшін белгіленген ережелерді сақтауы тиіс.

      274. Гарнизон шегінде экскурсияға, театрға, киноға және басқа да қоғамдық мекемелерге жіберілген мерзімді қызметтің әскери қызметшілері офицерлер немесе сержанттар (старшиналар) қатарынан рота (бөлімше) командирі тағайындаған үлкеннің басшылығымен команда құрамында жүреді.
      Команданың жетекшісі жеке құрамды сапқа тұрғызады және бөлімше командирі қол қойған команданың тізіміне сәйкес болуын тексереді, қарап шығуды жүргізеді және команданың әзірлігі туралы бөлімше командиріне баяндайды. Рұқсат алысымен ол команданы белгіленген орнына алып келеді.
      Гарнизон шегінде қызметтік міндеттерін орындау үшін әскери қызметшілер офицерлер мен сержанттар (старшиналар) қатарынан әскери бөлім штабының бастығы тағайындаған үлкеннің басшылығымен команда құрамында жүреді.
      Бұл жағдайда команданың жетекшісі жеке құрамды сапқа тұрғызады және әскери бөлім штабының бастығы қол қойған команданың тізіміне сәйкес болуын тексереді, қарап шығады және команданың әзірлігі туралы штаб бастығына немесе оның орнындағы адамға баяндайды. Рұқсат алысымен ол команданы белгіленген орнына алып келеді.

      275. Бөлімшеден екі және одан артық әскери қызметші кеткен кезде олардың қатарынан үлкені тағайындалады. Саны үш және одан артық адам командалар белгіленген орынға саппен үлкеннің басшылығымен (демалуға арналған қоғамдық мекемелерге барудан басқа) барады.
      Жаяу тәртіппен саппен келе жатқан командалардың түнгі уақытта лектің басында және соңында белгі беретін қол шамдары, ал күндізгі уақытта - белгі беретін жалаушалары болуы тиіс.

Әскери қызметшілерге келу

      276. Әскери қызметшілерге келуге рота командирі бөлім командирі белгілеген уақытта, әскери бөлімде осы үшін арнайы бөлінген келушілер бөлмесінде (орнында) рұқсат етеді.

      277. Әскери бөлім бойынша бұйрықпен әскери қызметшілерге келу уақытында келушілер бөлмесі бойынша кезекші тағайындалады. Оның міндеттері әскери бөлім командирі бекіткен нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
      Әскери қызметшілерге келуге ниет білдірген адамдар келушілер бөлмесіне әскери бөлім бойынша кезекшінің, ал әскери оқу орындарында бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің рұқсатымен жіберіледі.

      278. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және басқа да адамдар әскери бөлім жеке құрамының өмірімен және тұрмысымен танысу үшін әскери бөлім командирінің рұқсатымен казармаға, асханаға, бөлімнің жауынгерлік даңқ (тарихы) бөлмесіне және басқа да үй-жайларға кіре алады.
      Оларға ілесіп жүру және қажетті түсініктемелер беру үшін осы үшін даярланған әскери қызметшілер тағайындалады.

      279. Спирттік ішімдіктері, есірткі заттары бар немесе алкогольдік (есірткілік) мас күйдегі келушілер әскери қызметшілерге баруға жіберілмейді. Бөтен адамдарға әскери бөлімнің казармаларында және басқа да үй-жайларында түнеуге рұқсат етілмейді.

3. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне
келтіру

      280. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының басшылары осы құқықты берген командирлер (бастықтар) жүргізеді.

      281. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру оны белгіленген мерзімде жауынгерлік міндеттерді орындауға даярлау мақсатында жүргізіледі. Міндеттерді орындауға әзірлік мерзімі жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгі алынған сәттен бастап саналады. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде әскери бөлімнің жеке құрамы оған тиесілі қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық құралдармен тұрақты орналасу пунктінен белгіленген (көрсетілген) аудандарға шығарылады.

      282. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру тәртібі әскери бөлім командирінің тікелей басшылық жасауымен штаб әзірлейтін және аға командир (бастық) бекітетін жоспармен айқындалады. Онда:
      жеке құрам мен бөлімшелерді хабарландыру тәртібі;
      әскери бөлім бойынша кезекшінің (жедел кезекшінің) және тәуліктік нарядтың басқа да адамдарының іс-әрекеттері;
      кезекші күштер мен құралдардың іс-қимылы;
      әскери бөлімнің жиын ауданы, бөлімшелердің жиын пункттері және оларға жеке құрамды шығару, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды әкелу (әкету) тәртібі;
      әскери бөлімді шоғырландыру аудандары және олардағы бөлімшелердің орналасу орындары, сондай-ақ әскери бөлімнің бастапқы шебі (пункті), бағыттары мен қозғалу тәртібі;
      әскери бөлімді жан-жақты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара;
      басқаруды және байланысты ұйымдастыру;
      әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын алып шығу (әкету) тәртібі;
      қаруды, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды беру тәртібі;
      жиын және шоғырландыру аудандарына шығу кезінде коменданттық қызметті ұйымдастыру;
      бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге құқығы бар лауазымды адамдар;
      басқа да қажетті іс-шаралар көзделуі тиіс.

      283. Барлық әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде өздерінің іс-қимыл тәртібін, оларға қатысты бөлігінде бөлімшенің, әскери бөлімнің іс-қимыл тәртібін қатаң білуі тиіс.
      Істер мен лауазымды қабылдау кезінде әскери бөлімнің барлық лауазымды адамдары жергілікті жерде міндеттерді нақтылаумен жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі іс-қимыл тәртібін оларға қатысты бөлігінде зерделеуге міндетті.
      Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды орындау барысында жеке құрам белгіленген мерзімде барлық бүркемелеу түрлерін, қауіпсіздік талаптары мен қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану ережелерін сақтай отырып, тез және ұйымдасқан түрде әрекет етуге міндетті.

      284. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік әзірлігін тексеру бөлімнің (бөлімшенің) тағайындалуына сәйкес белгіленген мерзімде міндеттерін орындау қабілеттерін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      Тексерулерді Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлім командирі немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар кенеттен және белгіленген шектеулермен жүзеге асырады.
      Тексерулерді жүргізудің кезеңділігі мен мерзімдерін Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштердің бірінші басшылары айқындайды. Осы мақсаттарда тиісті лауазымды адамдар жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру жоспарын әзірлейді.
      Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру барысында әскери бөлім командирінің, штабының, бөлімшелер (қызметтер) командирлерінің (бастықтарының), жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға даярлық деңгейі, бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі бөлімнің басқару органдарының іс-шараларды орындауды қамтамасыз ете білуі, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар қорларының жай-күйі тексеріледі.

4. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту

Жалпы ережелер

      285. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене бітімін дамыту - оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды да ажырамас бөлігі. Командирдің (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлімнің (бөлімшенің) ұдайы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

      286. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға:
      командирлердің (бастықтардың) қызметі мен тұрмыс жағдайларын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуімен;
      оларды жүйелі шынықтырумен, дене дайындығымен және спортпен жиі шұғылдануымен;
      санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асырумен қол жеткізіледі.

Әскери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын
сауықтыру

      287. Әскери қызметшілердің күнделікті қызметі жалпыәскери жарғылардың және басқа да басшылық құжаттардың олардың қызметі мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын міндеттердің ерекшелігі, әскери бөлім орналасқан аудандағы климаттық жағдай, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық-тұрғын үй қорының жай-күйі ескеріледі.

      288. Командирлердің (бастықтардың) әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары:
      қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және әскери қызметшілерге уақтылы жеткізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      санитарлық нормалар мен ережелерді, жалпыәскери жарғылардың әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтануын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен және материалдық, тұрмыстық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қатаң орындау;
      күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін нақты орындауды ұйымдастыру;
      әскери қызметшілерге тиісті жабдықталым нормаларын уақтылы және толық жеткізу;
      әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендету, әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аудандағы санитарлық-эпидемиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Әскери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және
спортпен айналысуы

      289. Әскери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторларының әр түрлі күрт өзгеруіне, әскери қызмет ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      290. Әскери қызметшілерді шынықтыру жөніндегі іс-шараларды олардың командирлері (бастықтары) медицина қызметі бастығының және дене дайындығы мен спорт бастығының, сондай-ақ командир (бастық) тағайындаған басқа да адамдардың жүйелі бақылау жасауымен жүргізіледі. Осы шараларды жоспарлау кезінде әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы, олардың жасы және жергілікті жердің климаттық жағдайы ескеріледі. Жылдың суық уақытында әскери қызметшілердің тоңуы мен үсуінің алдын алу жөніндегі іс-шараларға, ыстық уақытта - ағзаның қызуының, күнге күю мен ыстық өтудің алдын алу жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылады.

      291. Әскери қызметшілерді шынықтыру су, күн және ауа факторларын дене дайындығы және спорт сабақтарымен үйлесімділікте кешенді пайдалану жолымен жүйелі және үздіксіз жүргізілуі тиіс.
      Әскери қызметшілерді шынықтырудың негізгі тәсілдері:
      күн сайын таза ауада таңертеңгі дене жаттығуын орындау;
      белуарына дейін суық сумен жуыну немесе аздап салқын душ қабылдау;
      күн сайын ұйқыға жатар алдында аяқты суық сумен жуу;
      қысқы кезеңде шаңғы жаттығулары мен сабақтарын өткізу;
      кейбір жұмыстарды жеңіл киіммен орындау;
      жазғы уақытта сабақтар мен спорттық іс-шараларды жеңіл киіммен өткізу, күн ванналарын қабылдау және сабақтан және жұмыстан бос уақытында, демалыс күндері ашық су тоғандарында шомылу және душ қабылдау болып табылады.

      292. Ағзаның әр түрлі жүктеме түрлеріне төзімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар дене дайындығы бойынша сабақтар уақытында, таңертеңгі дене жаттығуларында, оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесінде, әскери қызметшілермен спорттық жұмыстар уақытында, сондай-ақ әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің түрі мен әскер тегіне тиістілігін, жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, жаттығудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланумен өз бетінше жаттығулар және дене жүктемесін мөлшерлеу барысында жүргізіледі.

Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар

      293. Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.

      294. Жеке гигиена ережелеріне:
      таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;
      тамақ ішер алдында қолын жууы;
      ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;
      уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;
      іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;
      киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.
      Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.
      Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.

      295. Қоғамдық гигиена ережелеріне:
      ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;
      үй-жайларды жиі желдету;
      көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.

      296. Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.
      Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.
      Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.
      Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.

      297. Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.

      298. Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.
      Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.

Емдеу-алдын алу іс-шаралары

      299. Негізгі емдеу-алдын алу іс-шаралары әскери қызметшілерді амбулаториялық, стационарлық, санаторлық-курорттық емдеу және диспансерлеу болып табылады.
      Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметі ұсынатын емдеу-алдын алу іс-шаралары барлық әскери қызметшілер үшін міндетті.

      300. Диспансерлеу үрдісінде:
      әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына медициналық бақылау;
      ауруларды белсенді түрде ерте анықтау;
      әскери қызметшілердің қызмет жағдайы мен тұрмысын зерделеу, олардың денсаулығына теріс әсер ететін факторларды анықтау;
      алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
      әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу іс-шаралары жүргізіледі.

      301. Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылау:
      күн сайын жауынгерлік даярлық процесінде және тұрмыста жеке құрамға медициналық бақылау;
      әскери қызметшілерді медициналық қарау;
      әскери қызметшілерді тереңдетілген және бақылаулық медициналық тексерулер;
      әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына диспансерлік динамикалық қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      302. Медициналық тексеруге:
      әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы - алдын алу егулерді жүргізу алдында;
      мерзімді әскери қызметтің барлық әскери қызметшілері - моншада жуынар алдында;
      қарауылдың, кезекші күштердің (ауысымның) жеке құрамы - қарауылға және жауынгерлік кезекшілікке (жауынгерлік қызметке) түсер алдында;
      жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкін болатын әсерімен байланысты әскери қызметшілер, сондай-ақ диспансерлік динамикалық қадағалаудағы адамдар - олар үшін белгіленген мерзімдерде;
      асханаларда, азық-түлік қоймаларында, сумен жабдықтау объектілерінде, наубайханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында тұрақты жұмыс істейтін адамдар мен санитарлар - аптасына бір рет;
      асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам - тәуліктік нарядты таратқанға дейін;
      әскери бөлімге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, іссапарлардан және сауығуы бойынша емдеу мекемелерінен келген, басқа әскери бөлімдерге кеткен барлық әскери қызметшілер - әскери бөлімге келген күні, бірақ оларды бөлімшеге жібергенге дейін;
      жүргізушілер - рейске шығар алдында;
      спорттық жарыстарға қатысушылар - жарыстар алдында алынады.
      Одан басқа, аптасына бір рет әскери бөлім командирі белгілеген уақытта бөлімшенің мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің денесін қарау жүргізіледі.

      303. Тереңдетілген медициналық тексерулер:
      мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін - жылына екі рет, оқу-жаттығу кезеңі басталар алдында;
      офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін - төртінші тоқсанда жүргізіледі; екінші тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргізіледі.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тереңдетілген медициналық қарауға медициналық мекемелерден дәрігер-мамандар тартылады.

      304. Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу уақыты, тәртібі және орны бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Медициналық тексеруді демалыс күндері белгілеуге тыйым салынады.

      305. Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеруде барлық офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысуға міндетті.
      Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімше командирі, ал медициналық қарауға рота старшинасы апарады. Олар дәрігерге бағыныстылардың денсаулық жағдайын өздерінің қадағалаулары туралы хабарлауы тиіс.
      Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеру және қарау нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулық жағдайы бойынша диспансерлік динамикалық қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер есепке алынады және бақылаулық медициналық тексерулерге жиі тартылады. Бөлімшенің (ротаның) командирі жеке құрамды толық медициналық тексеру үшін жауап береді.

      306. Қандай да бір себеппен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшілерді бөлімше командирі мүмкіндік болған кезде осы үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді.

      307. Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексерудің нәтижелері, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы әскери бөлімнің командиріне баяндайды.

      308. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін амбулаториялық қабылдау әскери бөлімнің медициналық пунктінде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерінде әскери бөлім командирі мен гарнизон бастығы белгілеген сағатта жүргізіледі.
      Кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алған әскери қызметшілер әскери бөлімнің медициналық пунктіне немесе гарнизонның әскери-емдеу мекемесіне тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі.

      309. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) рота бойынша кезекшімен ротаның санитарлық нұсқаушысымен немесе бөлімше командирі тағайындаған үлкеннің командасымен жіберіледі. Рота старшинасының қол қойған сырқаттарды жазу кітабы бөлімнің медициналық пункті (медициналық рота) бойынша кезекшіге амбулаториялық қабылдау басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.
      Дәрігер ротаның сырқаттарды жазу кітабына енгізілген барлық әскери қызметшілердің медициналық пунктке (медициналық ротаға) келуін бақылайды.
      Медициналық пункттен (медициналық ротадан) тыс дәрігерді шақыру және сырқатты қарау жағдайында сырқаттанғандар сырқат сипатына байланысты емделу үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне, бөлімнен тыс емдеу мекемелеріне (госпитальға, ауруханаға) жіберіледі немесе оларға амбулаториялық емдеу тағайындалады.
      Дәрігерлердің қорытындысы бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үй жағдайында емделу үшін қалдырылуы мүмкін.
      Дәрігер сырқаттарды қарау нәтижелері, көрсетілген медициналық көмектің сипаты және тағайындаулар туралы медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды, ал қорытындыны әскери қызметші медициналық қамтамасыз етілуде тұрған әскери бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысын бекітумен сырқаттарды жазу кітабына тіркейді.
      Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері медициналық көмек алғаннан кейін ротаға санитарлық нұсқаушының немесе үлкеннің командасымен қайтып келеді. Команданың үлкені сырқаттарды жазу кітабын рота бойынша кезекшіге береді, ол оны рота командиріне береді. Рота старшинасы сырқаттарды жазу кітабында бар дәрігердің қорытындысы бойынша рота командирінің шешіміне сәйкес қажетті нұсқаулар береді.

      310. Сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату, сабақтар мен жұмыстардан ішінара немесе толық босату туралы қорытындыны анықтама түрінде дәрігер, ал штатында дәрігер көзделмеген әскери бөлімдерде фельдшер кемінде үш күнге береді (Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрығымен белгіленген тұмаумен жаппай ауыру кезеңінде - алты күнге).
      Берілген мерзім өткеннен кейін әскери қызметшілер, қажет болған кезде, егер олар осыған мұқтаж болса, қайта медициналық тексеруге жіберілуі тиіс және қайта босатылуы мүмкін.
      Алты тәулік өткеннен кейін, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда сырқат емдеу мекемесіне тексерілуге жіберіледі.
      Дәрігердің (фельдшердің) әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындаудан ішінара немесе толық босату туралы ұсынымдары лауазымды адамдардың міндетті түрде орындауына жатады.
      Босату туралы құжаттарды ресімдеу дәрігер (фельдшер) емдеу үшін айқындаған уақытты қысқартпауы тиіс.
      Әскери қызметші қызметке келе алмаған жағдайда өзінің ауырғаны туралы командирге (бастыққа) кез келген мүмкін болатын тәсілмен хабарлауға міндетті.
      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан босату туралы және олардың сауыққаннан кейін қызметке шығуы әскери бөлім бойынша бұйрықта жарияланады.
      Дәрілер қабылдау және басқа да емдеу процедураларын жүргізу үшін амбулаториялық емдеу тағайындаған сырқаттар, сондай-ақ медицина мамандарының кеңесін қажет ететіндер әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) дәрігер сырқаттарды жазу кітабында (медициналық кітапшасында) көрсеткен күндері және сағатта жіберіледі.

      311. Емдәмдік тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін және әскери оқу орындарының курсанттарын тіркеу әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысы негізінде үш ай мерзімге жүзеге асырылады.

      312. Әскери бөлімнің медициналық пункті (медициналық ротаның) лазаретінде сырқаттарды стационарлық емдеу он төрт күн емдеу мерзіміне дейін жүргізіледі.
      Лазаретке түскен кезде сырқаттар санитарлық өңдеуден өтеді.

      313. Әскери қызметшілерді әскери бөлімдерден тыс орналасқан стационарлық емделуге дәрігердің қорытындысы бойынша бөлім командирі, ал дәрігер болмағанда жедел көмек көрсету үшін медициналық пункт (медициналық рота) бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) бір уақытта әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндаумен жібереді.
      Сырқаттарды емдеу мекемесіне жеткізу фельдшердің (санитарлық нұсқаушының) ілесіп жүруімен әскери бөлімнің санитарлық немесе өзге көлігімен жүзеге асырылады.
      Әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден тыс емделуге жіберілген кезде жыл мезгіліне сәйкес нысанда киінуі және өзімен бірге емделуге жіберу туралы бөлім бойынша бұйрықтың көшірмесі, бөлім командирі қол қойған жол қағазы, медициналық кітапшасы, жеке басын куәландыратын құжаты, жеке гигиена заттары, қажетті жеке заттары мен азық-түлікке аттестат, қажет кезде жарақаты туралы анықтама мен медициналық сипаттамасы, ал гарнизоннан тыс емделуге кеткен кезде, одан басқа, медициналық мекеме орналасқан жерге дейін және кері жолда жүру құжаттары болуы тиіс.
      Әскери қызметшіні шұғыл госпитальға жатқызу кезінде медициналық мекемеге құжаттарды ұсыну жөніндегі міндет оның тікелей бастығына жүктеледі.
      Командир (бастық) стационарлық емделудегі әскери қызметшілерге баруды ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың емдеу мекемелерінде болуын бақылауға міндетті.

      314. Әскери бөлім орналасқан жерден тыс стационарлық емделуге түскен барлық әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды сауығуы бойынша шығару туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сол күні осы әскери қызметшілер келген бөлімнің командиріне хабарлауға міндетті.
      Келіп түскен сырқаттан жұқпалы ауру табылғаны туралы және уланумен, жарақаттармен келіп түскен сырқаттар туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сырқат келіп түскен әскери бөлім командирін, ал жұқпалы ауру туралы, одан басқа жақын маңдағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемені дереу хабарландыруға міндетті.
      Демалыс немесе іссапар кезеңінде ауырған әскери қызметшілер шұғыл медициналық көрсетулер болған кезде олар қызмет өткеріп жатқан әскери бөлім командирлерін әскери полиция органдары немесе жергілікті әскери басқару органдары (жергілікті атқарушы органдар) арқылы дереу хабарландырумен госпитальға жата алады.
      Сауығып шыққаннан кейін әскери қызметшілер әскери госпитальдан немесе ауруханадан команда бойынша берілетін тиісті құжаттарымен әскери бөлімге жіберілді.

Монша-кір жуу қызметін көрсету

      315. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттары кемінде аптасына бір рет моншада жуынуы, ал аспазшылар, наубайшылар және от жағушылар, одан басқа күн сайын душ қабылдауы тиіс. Механик-жүргізушілер (жүргізушілер), қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдаланумен және қызмет көрсетумен байланысты басқа да әскери қызметшілер қажеттілігіне қарай душ қабылдайды.
      Моншада жуыну (душ қабылдау) кезінде мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттары сабынмен, орамалдармен, залалсыздандырылған жөкелермен (22-қосымша) қамтамасыз етіледі. Моншада жуыну уақыты күні бұрын айқындалады, ал бір әскери қызметшінің жуыну ұзақтығы кемінде отыз минут болуы тиіс.
      Жазғы уақытта ауа температурасы жиырма бес градус және одан жоғары болған кезде әскери бөлім командирлері әскери қызметшілердің осы үшін арнайы жабдықталған орындарда душ қабылдауын ұйымдастырады.

      316. Рота моншаға рота старшинасының (үлкеннің) командасымен жіберіледі. Жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы мерзімді қызметтің әскери қызметшілері немесе қандай да бір себептермен болмағандар, сондай-ақ іссапарлар мен демалыстардан келгендер моншаға рота старшинасымен, басқа уақытта үлкеннің командасымен жіберіледі.
      Бөлімшенің моншаға келуі мен моншадағы тәртіпті қадағалау үшін сержанттардан монша бойынша кезекші және мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінен кемінде екі тәуліктік кезекші тағайындалады. Одан басқа, медициналық және денесін қарау, жеке құрамның жуынуы кезінде медициналық көмек көрсету үшін дәрігер (фельдшер) тағайындалады. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің моншада жуынуын есепке алуды бөлімше жеке құрамының моншада жуынуын, іш киімдері мен ұйықтарын (шұлғауларын) ауыстыруды есепке алу кітабына рота старшинасы монша бойынша кезекшімен бірлесіп жүргізеді (23-қосымша).
      Жуынушылардың әрбір ауысымынан кейін моншаның үй-жайын жинау және оларды залалсыздандыру үшін монша бойынша кезекшінің қарамағына әскери қызметшілердің қажетті саны тағайындалады.
      Жуынудан кейін монша бойынша кезекші киім-кешек бастығына (бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына) моншада жуыну кезінде болмаған әскери бөлім бөлімшелерінің әскери қызметшілерінің саны мен тектері туралы мәлімет береді.

      317. Кір жуу кір жуатын орындарда жүргізіледі. Кір жуу тәртібін бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары белгілейді.
      Кір жуатын орындарда оны жуу мүмкіндігі жоқ жерде мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінің өздеріне киім-кешектер мен ұйықтарды жууға осы үшін арнайы бөлінген жабдықталған үй-жайларда (орындарда) рұқсат етіледі. Киім-кешекті кептіру киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлмелерде немесе осы үшін бөлінген орындарда жүргізіледі.
      Іш киім мен төсек-орын, орамалдар мен ұйықтар аптасына бір рет, жуынатын күні моншада ауыстырылуы тиіс, аспазшылар мен наубайлардың іш киімі аптасына екі реттен кем емес ауыстырылады. Кір киім тікелей моншада тапсырылады.
      Қажет болған жағдайда іш киімді, орамалдарды, шұлғауларды, ұйықтарды ауыстыру жиі жүргізіледі.

      318. Киім-кешекті, іш киімді, төсек-орын керек-жарақтарын арнайы өңдеу әскери бөлім командирінің ерекше бұйрығы бойынша жүргізіледі.

3-тарау. Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет.
Парктердегі, әскерлер полигондарда (лагерьлерде)
орналасқан кездегі және тасымалдау кезіндегі ішкі
қызметтің ерекшеліктері

1. Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет

      319. Жауынгерлік кезекшілік - арнайы бөлінген күштер мен құралдарды жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге (қамтамасыз етуге) немесе кенеттен туындаған міндеттерді атқаруға белгіленген әзірлік дәрежелеріне келтіруді көздейтін кезекшіліктің ерекше түрі. Бейбіт және соғыс уақытында жүзеге асырылады.
      Жауынгерлік кезекшілік жауынгерлік міндетті атқару болып табылады. Кезекші күштер мен құралдардың құрамына:
      командалық пункттердің, басқару пункттерінің, байланыс тораптарының кезекші жауынгерлік есептоптары (ауысымдары);
      кезекші бөлімшелер (жауынгерлік есептоптар, кезекші ауысымдар), постылар, пункттер, кемелер мен ұшу аппараттарының экипаждары;
      кезекші күштердің жеке құрамы мен күшейту бөлімшелері;
      шекара нарядтары;
      төтенше жағдайларда міндеттерді орындау үшін тағайындалатын ішкі әскерлер бөлімдерінің құрама жасақтары, кезекші бөлімшелері;
      жауынгерлік кезекшілікті атқаруға (қамтамасыз етуге) тағайындалған қару-жарақ, әскери және басқа техника, сондай-ақ бөлінетін зымырандар мен оқ-дәрілер;
      жауынгерлік қамтамасыз ету және қызмет көрсету күштері мен құралдары кіруі мүмкін.

      320. Жауынгерлік кезекшілікті әскери бөлім командирі ұйымдастырады.
      Ол кезекші күштер мен құралдардың міндеттерін орындауына жауап береді.
      Әскери бөлім (кезекші бөлімшелер) командирінің орынбасарлары, әскер тектері мен қызметтер бастықтары кезекші күштер мен құралдардың жауынгерлік әзірлігіне, қамтамасыз етілуі мен даярлығына, оларға қатысты бөлігінде жауап береді.

      321. Кезекші күштер мен құралдардың құрамы, олардың міндеттері мен жауынгерлік әзірлік дәрежесі, жауынгерлік кезекшілікті атқару ұзақтығы, тәртібі, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы жауынгерлік кезекшілікке түсуге даярлау тәртібі және оларды ауыстыру осы Жарғының, Қорғаныс министрі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті төрағасы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары және арнайы әскерлер бастықтары бұйрықтарының талаптарына сәйкес әскери бөлім командирінің бұйрығымен айқындалады.
      Әскери бөлімнің кезекші күштері мен құралдары әскери бөлім командирі мен штаб бастығына бағынады.

      322. Жауынгерлік кезекшілікке:
      әскери ант қабылдамаған, тиісті даярлық бағдарламаларын белгіленген көлемде меңгермеген және жауынгерлік кезекшілікті атқаруға жіберілуге сынақ тапсырмаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен көзделген әрекет белгілерінен тұратын теріс қылықтар жасаған, олар бойынша тергеу жүргізіліп жатқан және сырқат әскери қызметшілерді;
      қару-жарақтың негізгі түрлерінен жауынгерлік оқ атулар жүргізумен жауынгерлік үйлестіруден өтпеген негізгі бөлімшелерді тағайындауға тыйым салынады.

      323. Жеке құрамды жауынгерлік кезекшілік атқаруға даярлау әскери бөлім командирі бекіткен жоспар негізінде жауынгерлік кезекшілікке әрбір түсер алдында бөлімшелер, жауынгерлік есептоптар (ауысымдар, экипаждар) құрамында жүргізіледі.
      Ол міндеттердің сипаты мен көлемін, әскери бөлімнің, бөлімшенің ерекшелігін, жауынгерлік кезекшілікті атқару уақыты мен орнын ескере отырып, әскери бөлім (бөлімше) командирінің басшылығымен жүргізіледі.
      Жауынгерлік кезекшілікке түсуге және атқаруға қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді дайындау алдын ала жүргізіледі, ал рұқсат ету техникалық қызмет көрсету (жоспарлы регламенттеу жұмыстары) жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Кезекші күштер мен құралдарды даярлау жөніндегі барлық іс-шаралар олардың жауынгерлік кезекшілікке түсуге және атқаруға әзірлігін тексерумен аяқталады. Әзірлікті тексерудің қорытындылары бойынша жеке құрам, қару-жарақ, әскери және басқа техника зымырандардың, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдардың белгіленген қорларымен жауынгерлік кезекшілікті атқаруға әскери бөлім командирінің бұйрығымен жіберіледі.

      324. Жауынгерлік кезекшілікке түсу тәртібі Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының және арнайы әскерлер бастықтарының бұйрықтарымен айқындалады.

      325. Жауынгерлік кезекшілікке түсу туралы жедел кезекші, басқару пункті бойынша кезекші, кезекші жауынгерлік есептоптардың (ауысымдардың, пункттердің, постылардың) бастықтары (үлкендері), кезекші бөлімшелердің командирлері команда бойынша әскери бөлім командиріне және жоғары тұрған командалық пунктке (басқару пунктіне) баяндайды.
      Жедел кезекші, басқару пункті бойынша кезекші, кезекші жауынгерлік есептоптардың (ауысымдардың, пункттердің, постылардың) бастықтары (жетекшілері), кезекші бөлімшелердің командирлері жағдайды егжей-тегжейлі білуге, батыл және табанды әрекет жасауға, қабылданған шешімдер үшін жауаптылықты өзіне алуға және жауынгерлік міндеттерді орындауға міндетті.

      326. Жаттығуларды өткізудің бекітілген жоспарына сәйкес жауынгерлік кезекшілікті атқару барысында жедел кезекші, басқару пункті бойынша кезекші, кезекші жауынгерлік есептоптардың (ауысымдардың, пункттердің, постылардың) бастықтары (жетекшілері), кезекші бөлімшелердің командирлері кезекші жауынгерлік есептоппен (ауысыммен, экипажбен, бөлімшемен) бөлек және кешенді жаттығулар (олардың бір бөлігі - бақылау) өткізеді.
      Кезекші бөлімшелердің (экипаждардың) жеке құрамымен жауынгерлік кезекшілік міндеттерін орындауға әзірліктің белгіленген дәрежесін төмендетпей, әскери бөлім командирі бекіткен кестеге сәйкес жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізіледі. Осы жағдайда сабақтар жауынгерлік кезекшілікті атқару орындарына тікелей жақын маңда өткізіледі.

      327. Жедел кезекшіге, басқару пункті бойынша кезекшіге, кезекші жауынгерлік есептоптардың (ауысымдардың, пункттердің, постылардың) бастықтарына (жетекшілеріне), кезекші бөлімшелердің командирлеріне жеке құрамға оны жауынгерлік кезекшілік атқару бойынша міндеттерді орындаудан алаңдататын және жауынгерлік міндеттерді орындаудың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін бұйрықтар беруге тыйым салынады.
      Жауынгерлік кезекшілік атқару кезінде кезекші ауысымның (есептоптың) жеке құрамына:
      жедел кезекшінің, басқару пункті бойынша кезекшінің, кезекші жауынгерлік есептоптар (ауысымдар, пункттер, постылар) бастықтарының (жетекшілерінің), кезекші бөлімшелер командирлерінің рұқсатынсыз жауынгерлік кезекшілік атқару бойынша міндеттерді орындауды кез келген адамға, уақытша болса да тапсыруға;
      алаңдауға, жауынгерлік кезекшілік атқару жөніндегі міндеттерді орындаумен байланысты емес істермен айналысуға;
      жауынгерлік постыны немесе жауынгерлік кезекшілік атқарудың басқа да орнын өз бетімен тастап кетуге;
      қару-жарақта, әскери және басқа техникада олардың белгіленген әзірлігін төмендететін жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.

      328. Лауазымды адамдардың жауынгерлік кезекшілікті тексеру өкілеттіктерін, кезеңділігі мен тәртібін Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары айқындайды.
      Жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеруді Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, арнайы әскерлердің бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар жүзеге асырады, ол үшін жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеру жоспары әзірленеді.
      Жеке құрам жауынгерлік кезекшіліктен ауысқаннан кейін қызмет атқаруды талдау жүргізіледі. Әскери бөлімде жауынгерлік кезекшілікті талдау және қорытынды жасау ай сайын жүргізіледі, оның жағдайы әскери бөлім командирінің бұйрығында көрсетіледі.

      329. Жауынгерлік қызмет - бұл әскери қызметшілердің қарауыл, әскери наряд құрамында, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қарулы Күштерге жүктелген міндеттерді атқару үшін тартылған әскери бөлімдер мен бөлімшелердің құрамында әскери қызмет міндеттерін орындауы.
      Жауынгерлік қызмет атқару жауынгерлік міндетті атқару болып табылады.

      330. Күзет жүйесінің негізгі элементі қарауылдар, әскери нарядтар болып табылады.
      Әскери наряд - бұл объектілерді күзету және қорғау жөніндегі, төтенше жағдайлар кезіндегі, қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі, сондай-ақ арнайы операциялар жүргізу кезіндегі міндеттерін атқару үшін тағайындалған әскери қызметшілердің немесе бөлімшелердің топтары.
      Әскери нарядқа: іздеу топтары, іздестіру топтары, тосқауылдаушылар, торуылдаушылар, арнайы жүктерге ілесіп жүру жөніндегі әскери нарядтар, шолғыншылар, қадағалау постылары, жасырын топтар, бақылау-өткізу пункттері, маневрлік және ұтқыр топтар, лектерге ілесіп жүру топтары, айдауылдар, патрульдер, тәртіпті сақтау постылары, із кесу топтары, іздестіру постылары және басқалар тағайындала алады.

      331. Командир (бастық) жауынгерлік қызмет міндеттерін орындау үшін бөлінген топтардың жауынгерлік әзірлігі, уақтылы даярлығы және күштер мен құралдарды дұрыс қолдану үшін жауап береді.
      Жауынгерлік қызмет міндеттерін табысты орындау мақсатында оларды іс-әрекеттерге күні бұрын және тікелей даярлау жүргізіледі.
      Күні бұрын даярлау күнделікті қызмет іс-қимылы процесінде ұдайы және үздіксіз жүзеге асырылады.
      Тікелей даярлық нақты міндетті алумен басталады.

3. Парктердегі ішкі қызметтің ерекшелігі

      332. Парк деп қару-жарақты, әскери және басқа техниканы сақтау (қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ.
      Орналасу жағдайына байланысты парктер тұрақты және далалық болуы мүмкін.
      Тұрақты парктер әскери бөлімдердің тұрақты орналасқан орындарында және оқу орталықтарында (полигондарда, лагерьлерде) жабдықталады. Бұл ретте қару-жарақ, әскери және басқа техника жабылатын сақтау орындарында немесе қалқалардың астында, сондай-ақ сенімді қоршалған алаңдарда орналастырылады. Паркте парк бойынша кезекшіге, бақылау-техникалық пункті бастығына, арналған үй-жайлары бар бақылау-техникалық пункті, қозғалыс қауіпсіздігі, жүргізушілерге, машина жетекшілеріне және парк бойынша нарядқа нұсқама беру сыныбы; май құю пункті, тазалау және жуу пункттері, күнделікті қызмет көрсету пункті (алаңы), техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті; қару-жарақты, әскери және басқа техниканы сақтау орындары, олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігін қамтамасыз ету объектілері, көлік құралдарының кезекшілері үшін жылытылатын үй-жайлар, техникаға қызмет көрсетуге арналған басқа да объектілер (орындар) мен қажетті тұрмыстық үй-жайлар жабдықталады.
      Далалық парктер әскери бөлімнің (бөлімшенің) далалық жағдайларда уақытша орналасуы кезінде ұйымдастырылады.
      Парктің орналасуы мен жабдықталуы машиналардың тез және ыңғайлы шығуын қамтамасыз етуі тиіс.

      333. Парк аумағы бөлімшелерге бекітіліп берілген учаскелерге бөлінеді.
      Учаскелер шекаралары көрсеткіштермен белгіленеді. Тұрақты парк аумағы қоршалады, техникалық күзет құралдарымен, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады, көгалдандырылады және жарықтандырылады.
      Парктің барлық ғимараттары, ғимараттардың қақпалары мен парктің қақпалары нөмірленеді.

      334. Паркке, сондай-ақ парктің ішіндегі үй-жайларға және арнайы құрылыстарға жолдар салынуы тиіс және қозғалыс үшін жарамды жай-күйде ұсталатын кіреберістер белгіленеді. Жаздыгүні құрғақ ауа райында жолдарға су себіледі, ал қыста қардан тазартылады.
      Парк аумағы бойынша жолдан шығып жүруге тыйым салынады. Парктегі барлық жолдарға бағыт және машина қозғалысының жылдамдығын көрсеткіштер, сондай-ақ басқа да жол белгілері орнатылады.

      335. Парктегі ішкі қызметті ұйымдастыру және оның жай-күйі, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы дұрыс ұстау, арнайы құрылыстарды, қоймаларды ұстау, тазалықты ұстау және өртке қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларын орындау үшін әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (бөлімнің техникалық қызметтерінің біреуінің бастығы) жауап береді.
      Қару-жарақты, әскери және басқа техниканы дұрыс ұстау және сақтау, бөлімшеге бекітілген парк үй-жайлары мен аумағы учаскелерін таза ұстау және оларда өртке қарсы, табиғатты қорғау іс-шараларын орындау үшін бөлімшелер командирлері жауап береді.

      336. Машиналарға техникалық қызмет көрсету олар әр рейстен қайтып келгеннен кейін, сондай-ақ белгіленген жүру (жұмыс істеу) және сақтау нормативтерінен кейін жүргізіледі. Одан басқа, машиналарға маусымдық техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.
      Қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қарап тексеру және қызмет көрсету, сондай-ақ паркті толық жабдықтау және көріктендіру парк, парктік-шаруашылық күндері және қару-жарақты, әскери және басқа техниканы күтіп-ұстау үшін бөлінген уақытта жүргізіледі.
      Әскери бөлім командирлері қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қарап тексеруді жүргізу кезінде сонымен бірге парктердің жай-күйін тексеруді жүргізеді.
      Қызмет көрсетілген қару-жарақ әскери және басқа техника қоймаларға (тұраққа) қойылады. Жылдың суық уақытында ауа температурасы +5 0 С градустан төмен кезде парктің жылытылмайтын сақтау орындарында және ашық алаңдарында қозғалтқыштарды суыту жүйелерінен суы ағызылады, ал ауа температурасы -20 0 С градустан төмен кезде қару-жарақтан, әскери және басқа техникадан аккумулятор батареялары алынады. Бұл ретте оларға "Суы ағызылған", "Аккумулятор батареялары алынған" деген жазу ілінеді.
      Қызмет көрсетілмеген қару-жарақты, әскери және басқа техниканы сақтау орындарына (тұраққа) қоюға тыйым салынады.
      Оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдар тиелген және қоймалар аумағында қарауыл күзетіндегі машиналарды қоспағанда, машиналарды парктен тыс сақтауға тыйым салынады.

      337. Машиналар парктен лауазымды адамдар жасаған өтінімдер бойынша әскери бөлім командирі алдын ала бекіткен машиналарды пайдалану наряды бойынша, техникалық жағынан ақаусыз және қызмет көрсетілген, жүргізушінің жеке басын және машинаны жүргізуге құқығын куәландыратын құжаттары бар, рейс алдындағы медициналық қараудан өткен және рейске бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары  қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануға жауапты лауазымды адам) қол қойған және бақылау-техникалық пункті бастығының ақаусыз жай-күйі туралы белгісі, сондай-ақ парк бойынша кезекшінің спидометрдің көрсеткіштері мен парктен шығарылған уақыты туралы белгісі бар ресімделген жол қағаздарымен олар бекітіліп берілген жүргізушілермен шығарылады. Машиналарды пайдалану жүргізушілерге машиналарға тиісті қызмет көрсету, оларды рейске дайындау және демалу үшін қажетті уақыт беруді ескерумен жоспарланады.
      Нарядпен көзделмеген машиналарды шығару ерекше жағдайларда және тек әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
      Машиналарды қолайсыз ауа райларында (тұман, көк тайғақ, қалың қар және басқа да) шығару шектеледі.
      Демалыс және мереке күндері машиналарды парктен шығару ең аз мөлшерге дейін қысқартылады.

      338. Рейске екі машинадан және одан да артық жіберілетін кезде лек бастығы тағайындалады.
      Лек құрамында да, жеке машиналармен де жеке құрамды және жарылу қаупі бар жүктерді тасымалдау кезінде әрбір машинаға машина жетекшісі тағайындалады. Басқа жағдайларда қажет болған кезде машиналар жетекшілері әскери бөлім командирінің шешімі бойынша тағайындалады.
      Лек бастығы (машина жетекшісі) жол қауіпсіздігі ережелерін білуі бойынша сынақтар тапсырған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден тағайындалады. Ол: қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде атқару, машинаны (машиналарды) дұрыс пайдалану, жүргізушінің (жүргізушілердің) жол қозғалысы ережелерін, машиналардағы (машинадағы) жеке құрамның тәртіпті сақтауы және олардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін жауап береді.
      Лек бастығы (машина жетекшісі):
      машиналар (машина) қозғалар алдында адамдарды отырғызу және жүктерді тиеу нормаларын сақтауды тексеруге; жеке құрамды (жүкті) машиналарға (машинаға) отырғызу (тиеу), түсіру және орналастыру кезінде тәртіпті бақылауға;
      машиналардың (машинаның) қозғалысы барысында бағытты, белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды, жүргізушінің (жүргізушілердің) жол қозғалысы ережелерін, ал машиналардағы (машинадағы) жеке құрамның әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      Лек бастығына (машина жетекшісіне) машинаны өзі жүргізуге немесе жүргізушіні машинаны басқа біреуге жүргізуге беруге мәжбүрлеуге; жүргізушінің (жүргізушілердің) жол қозғалысы ережелерін бұзуға және белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыруға мәжбүрлейтін команда беруге тыйым салынады.
      Осы тасымалдауды ұйымдастырушы лауазымды адамдар немесе олардың тікелей бастықтары лек бастықтары (машиналардың жетекшілері) мен жүргізушілеріне тапсырмалардың мақсаты, орындалу тәртібі, мерзімдері туралы немесе қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын орындау жөнінде нұсқама береді. Машиналардың жүргізушілеріне, одан басқа бөлімше командирлері машиналарды пайдалану ережелерін, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы және рейстегі тәртібі туралы нұсқама береді.
      Жүргізушілерге машинаны жүргізуді кез келген адамға беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

      339. Машиналарды шығаруға дайындау бөлімшелер командирлерінің немесе олардың қару-жарақ жөніндегі орынбасарларының (техникалық бөлім бастығының, автомобиль қызметтері бастықтарының, батальондар техниктерінің, аға техниктер немесе рота техниктерінің) басшылық жасауымен жүргізіледі.
      Парктен шығарылатын және паркке қайтып келген машиналардың техникалық жай-күйіне бақылауды бақылау-техникалық пунктінің бастығы жүзеге асырады.

      340. Парктегі ішкі тәртіп пен жұмыс тәртібі әскери бөлім бойынша оқыту кезеңіне арналған бұйрықта жарияланады.
      Бұйрықпен белгіленбеген уақытта паркке жіберу және онда жұмыс істеу тек әскери бөлім бойынша командирдің рұқсатымен жүргізіледі.

      341. Паркте жұмыс істеу және сабақ өткізу үшін белгіленген уақытта жеке құрам паркке саппен офицерлердің немесе сержанттардың (старшиналардың) командасымен жіберіледі.
      Өз әскери бөлімінің әскери қызметшілері - офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер паркке жұмыс істеу үшін белгіленген уақытта жеке куәліктері бойынша жіберіледі. Жеке тәртіппен қызмет мәселелері бойынша паркке келген мерзімді әскери қызметтің сержанттары (старшиналары) мен сарбаздары (матростары) паркке әскери билеттері бойынша бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарының рұқсатымен жіберіледі, ол туралы соңғы парк бойынша кезекшіні хабардар етеді.
      Машиналарды алып шығуға келген экипаждар (жүргізушілер) паркке жол қағаздарын көрсетуі бойынша жіберіледі.
      Өз әскери бөлімінікі емес адамдар паркке тек бөлім командирінің рұқсатымен, бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары қол қойған бір жолғы рұқсаттамалар бойынша және арнайы тағайындалған әскери қызметшінің ілесіп жүруімен жіберіледі (24-қосымша).
      Паркте тұрған машиналарға және басқа техникаға тек олар бекітіліп берілген әскери қызметшілер қоймалар мен парктер үй-жайларын ашуға рұқсат етілген адамдардың рұқсатымен жіберіледі.
      Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайында машиналарға және басқа техникаға жіберу тәртібін бөлім командирі белгілейді және тиісті нұсқаулықтарда айқындалады.

      342. Машиналар люктерінің, кабиналарының, парк үй-жайлары мен парк қақпаларының кілттерін сақтау және беру тәртібі машиналардың парктен уақтылы шығуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ жеке құрамның оларды өз еркімен пайдалану жағдайын болдырмауы тиіс.
      Кілттер:
      машина люктері мен кабиналарының кілттері: бір жиынтығы - парк бойынша кезекшіде; екіншісі - рота (батальон, бөлімшелер) бойынша кезекшіде мөрленген жәшікте әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына жол қағаздарымен бірге;
      парк үй-жайлары мен парк қақпаларының кілттері: бір жиынтығы - парк бойынша кезекшіде; екіншісі - әскери бөлім бойынша кезекшіде мөрленген жәшікте сақталады.

      343. Паркте ішкі қызметті атқару және ішкі тәртіпті ұстау үшін парк бойынша кезекші, тәуліктік кезекші және өрт шыққан жағдайда кезекші тартқыштың механик-жүргізушілері (жүргізушілер) тағайындалады. Тәуліктік кезекшілер паркке кіретін есіктердің алдына, ал жұмыс жүргізу уақытында парк аумағында да парк бойынша кезекші болып қойылады.
      Тұрақты және далалық парктерді сақшыларды қоюмен қарауылдар тәулік бойы күзетеді. Паркті сенімді жұмыс істейтін техникалық күзет құралдарымен жабдықтаған кезде ол қарауылдар мен сақшыларды қоймай-ақ күзетіледі.

      344. Әскери бөлімдер парктерінде, сондай-ақ оқ-дәрілер арсеналдарының, базаларының қоймалар аймағында (техникалық аумағында) кезекші тартқыштың, өрт сөндіру машиналарының, санитарлық көлік құралының тұрағы үшін бақылау-техникалық (бақылау-өткізу) пунктіне жақын жерде жеке жылытылатын үй-жай жабдықталады.

      345. Қару-жарағы, әскери және басқа техникасы бар барлық сақтау орындарын, алаңдарды мөрлеу (пломбалау) тәртібін, сондай-ақ паркке келген қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оны қарауылға күзетке тапсырғаннан кейін күзету тәртібін әскери бөлім командирі белгілейді.

3. Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарына және полигондарға
(лагерьлерге) орналасқан кездегі ішкі қызметтің ерекшеліктері

Жалпы ережелер

      346. Әскерлер оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) жеке құрамның далалық дағдысы деңгейін арттыру және моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерін, бөлімдердің (бөлімшелердің) әр түрлі жағдайда жауынгерлік іс-әрекеттерді жүргізу және тағайындалуына сәйкес міндеттерді орындау қабілеттерін нығайту мақсатында шығады. Көрсетілген іс-шаралар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған, күштердің анағұрлым жоғары шоғырлануын, әскери қызметшілердің білімдері мен дағдыларын іс-жүзінде қолдануын талап ететін жағдайларда пысықталады.
      Әскерлердің оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) шығу тәртібі жауынгерлік даярлық жоспарымен немесе аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен айқындалады.

      347. Әскерлер оқу орталықтарында, полигондарда (лагерьлерде) үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады.
      Штабтар, медициналық пункттер, шеберханалар, қоймалар, тыл қызметтері (объектілері) көбінесе үй-жайларда орналасады. Қару-жарақ, әскери және басқа техника далалық парктерде орналастырылады.

      348. Оқу орталықтарында, полигонда (лагерьде) болған кезде әскери бөлімдегі және оның бөлімшелеріндегі ішкі қызмет осы Жарғыда жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.
      Әскери бөлім командирі күн тәртібін, әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламентін, сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) мерзімді әскери қызметтен полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін және басқа да ішкі тәртіп ережелерін айқындай отырып, бөлімшелердің далалық дағдысын арттыру, олардың орналасу ерекшеліктері жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оқу орталығында, полигонда (лагерьде) аға командир (бастық) белгілеген жалпы ережелерді ескеруі тиіс.

      349. Оқу орталығында, полигонда (лагерьде) әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жиынын өткізу кезінде ішкі қызметке басшылық жасау үшін аға командир (бастық) лагерьлік жиын бастығын тағайындайды, ал қажет кезде басқа да лауазымды адамдар тағайындалады.
      Әскери бөлім (бөлімше) оқу орталығында, полигонда үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады. Әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) бірнеше әскери бөлімдері немесе бөлімшелері бірлесіп орналасқан кезде олардың арасында аумақ пен үй-жайларды аға командир (бастық) немесе лагерьлік жиынның бастығы бөледі.
      Лагерьлік жиынның бастығы: жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және барысы; әскери тәрбие мен тәртіп, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі; жиынға тартылған әскери бөлімдердегі ішкі тәртіп және олардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы үшін жауап береді.
      Ол жиынның барлық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады. Лагерьлік жиынның бастығы өз міндеттерін осы тарауға қатысты бригада командирінің міндеттеріне сәйкес орындайды.

      350. Тәуліктік нарядқа лагерьлік жиын бастығының бұйрығымен лагерьлік жиын бойынша кезекші тағайындалады, ол әскери бөлім бойынша кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерді орындайды.

Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп

      351. Ішкі тәртіп, күн тәртібі және жеке құрамды оқу-жаттығу орталығынан, полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін әскери бөлім командирі айқындайды.

      352. Бөтен адамдар оқу-жаттығу орталығына, полигонға (лагерьге) осы Жарғының 276-279-тармақтарының талаптарына қатысты бөлім командирі белгіленген ережелерге сәйкес келе алады.

      353. Жеке құрамға шығу тыйым салынатын оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) шекаралары бұйрықта жарияланады және әскери құрамның жеке құрамына жеткізіледі.

      354. Оқу-жаттығу орталығы, полигон (лагерь) аумағындағы жолдар қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен, сондай-ақ жауынгерлік және басқа да машиналардың рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын білдіретін жол белгілерімен жабдықталады.
      Шынжыр табанды техника үшін дөңгелекті техникадан бөлек қозғалыс бағыттары белгіленеді.

      355. Оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) аумағы өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындаумен тазалықта ұсталуы тиіс. Қоқыс жиналады және санитарлық қадағалау органдарымен келісілген, оқу-жаттығу орталығында, полигонда (лагерьде) әскери бөлім орналасқан шекарадан кемінде үш шақырым алыс орындарға, соғатын қатты желдің бағытын ескере отырып күн сайын шығарылады.

      356. Жеке құрамның оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ашық су тоғандарында шомылу тәртібін бөлім командирі (лагерьлік жиынның бастығы) белгілейді.
      Шомылу арнайы бөлінген және тиісті жабдықталған орындарда жүргізіледі.
      Сарбаздар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) шомылуға сапқа тұрғызылып, жетекшінің командасымен барады.
      Шомылу уақытында тәртіпті қадағалау, суда қайғылы оқиғаларды болдырмау және медициналық көмек көрсету үшін офицерлерден немесе сержанттардан жүзгіштердің кезекші командасы және кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) тағайындалады.
      Шомылу уақытында бөлімше командирлері (командалардың жетекшілері) жағадан шомылушыларды қадағалауға міндетті.

Әскери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы

      357. Әскери бөлім лагерь болып (шатырларда) орналасқан кезде лагерьді орнату 25-қосымшада жазылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      Тәуліктік нарядтың қызметі осы Жарғының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Тәуліктік нарядты тарату бөлім командирімен белгіленген уақытта алдыңғы сызықтың алдына, далаға қарап, бөлім лагерінің ортасына қарама-қарсы, сапқа тұрғызылады.

      358. Ротада (бөлімшеде) тәуліктік кезекшілердің үш ауысымы тағайындалады: кезекті ауысым постылық саңырауқұлақтың жанында алдыңғы сызықта тұрады, екінші ауысым рота орналасқан сызықта күзетеді, ал үшіншісі демалады. Рота бойынша тәуліктік кезекшілер осы Жарғыда жазылған рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерін орындайды.
      Одан басқа, тәуліктік кезекшілер шатырлардағы әскери қызметшілерге және көрші тәуліктік кезекшілерге дауыстап бұйырымдар беруге; әскери қызметшілердің табиғи қажеттіліктерін өтеу үшін осы үшін арнайы бөлінген орынға баруын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      359. Таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру үшін роталар өздерінің алдыңғы немесе қапталындағы сызықтықтарға сапқа тұрғызылады.
      Бұлыңғыр ауа райында бөлім командирінің (лагерьлік жиын бастығының) шешімі бойынша кешкі тексеруді палаткалар бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.

      360. Кешкі тексеруге әскери бөлімнің барлық жеке құрамы тартылады. Кешкі тексеру бөлім командирінің (лагерьлік жиын бастығының) "Тексеруге кіріс" командасы бойынша жүргізіледі.
      Кешкі тексеру үшін кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер сызыққа шығады және 364-тармаққа сәйкес сапқа тұрады, ал бөлімшелер роталар (бөлімшелер) командирлерімен өздерінің алдыңғы немесе қапталындағы сызықтарға сапқа тұрғызылады.

      361. Ашық ауа райында күндіз және жылы түндері бөлім бойынша кезекшінің командасы бойынша тәуліктік кезекшілер шатырлардың етектерін көтереді. Құрғақ ауа райында лагерь сызықтарына, шатырлар арасындағы жолдар мен соқпақтарға су себіледі.

Кезекшілерді сызыққа шақыру

      362. Кезекшілер сызыққа:
      Қазақтан Республикасының Президенті;
      бөлім командирі мен одан жоғары барлық тікелей бастықтар, армия генералдары, генерал-полковниктер, адмиралдар және әскери бөлімді (бөлімшені) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар келгенде сызыққа шақыртылады.

      363. Кезекшілер, сондай-ақ лагерьлік жиын бойынша кезекшінің командасы бойынша сызыққа шақыртылады.
      Кезекшілерді сызыққа шақырту "Кезекшілер сызыққа" немесе "Бірінші ротаның кезекшісі, сызыққа" командасын беретін сызықтағы тәуліктік кезекшілер арқылы жүргізіледі.
      "Ұйқыға" белгісінен (командасынан) кейін "Ұйқыдан тұр" командасына дейін кезекшілерді сызыққа шақыру үшін команда берілмейді.

      364. Кезекшілерді сызыққа шақырған кезде, олар далаға қарап, өз орындарына:
      роталар бойынша кезекшілер (сол қапталдағыдан басқа) - өз роталарының оң қапталдарына кезекті тәуліктік кезекшінің алдында бір адымда; батальон ротасының сол қапталындағы кезекші - сол қапталда;
      лагерьлік жиын бойынша кезекші - ту тіреуішіне қарама-қарсы оның алдына үш адымда; оның көмекшісі - кезекшінің артында бір адымда;
      кезекші белгі беруші-барабаншы - лагерьлік жиын бойынша кезекшінің көмекшісінің артында роталар бойынша кезекшілердің сызығында тұрады.

      365. 362-тармақта көрсетілген адамдарды лагерьге келгенде қарсы алу үшін лагерьлік жиын бойынша кезекші бөлімнің келетін адамдар күтілетін қапталына шығады; көрсетілген адамдар келісімен ол оларға баяндайды және оларды алып жүреді.
      Келген командирді (бастықты) бөлім командирі қарсы алған және оған баяндаған жағдайда лагерьлік жиын бойынша кезекші тек өзін таныстырады.

4. Әскерлерді тасымалдау кезіндегі ішкі қызметтің
ерекшеліктері

Жалпы ережелер

      366. Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су көлігімен тасымалдау үшін әскери эшелондарға құрылады.
      Әрбір әскери эшелонға (командаға) нөмір беріледі.
      Әуе көлігімен тасымалдау кезінде әрбір әуе кемесі үшін әскери командалар жасақталады.

      367. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамы белгіленген мінез-құлық ережелерін, әскерлерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білуі және сақтауы, қырағы болуы, мемлекеттік құпияларды сақтауы және әскери мүлікті сақтауы тиіс.

      368. Әрбір әскери эшелонда әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери эшелон бастығы, әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі, жабдықтау жөніндегі көмекшісі, байланыс бастығы, дәрігер (фельдшер) тағайындалады.
      Әскери командада команда бастығы тағайындалады.
      Вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша жетекшілерді оларда бөлімшелерін тасымалдайтын командирлер немесе әскери эшелон бастығы, ал әуе кемелерінің салондары бойынша тәуліктік кезекшілерді әскери команда бастығы тағайындайды.
      Әскери эшелон (команда) бастығының әскери атағы мен тегі, әскери эшелонның (команданың) нөмірі барлық жеке құрамға жарияланады.
      Өз құзыреті шегінде әскери қатынастар мен көлік органдарының лауазымды адамдарынан басқа кез келгенге әскери эшелон (команда) бастығының іс-қимылына араласуға тыйым салынады.
      Аға командирлердің (бастықтардың) барлық бұйрықтары (командалары) әскери эшелон бастығы арқылы беріледі.

      369. Әскери эшелондағы тәуліктік нарядтың қызметі осы Жарғының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
      Әскери эшелонда ішкі және қарауыл қызметтерін өткеру үшін:
      әскери эшелон бойынша кезекші мен оның көмекшісі;
      роталар (оларға тиісті бөлімшелер) бойынша кезекшілер;
      вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары, әуе кемесінің салоны) бойынша тәуліктік кезекшілер;
      қарауыл;
      кезекші бөлімше;
      кезекші байланысшы;
      кезекші белгі беруші тағайындалады;
      тәуліктік нарядтың басқа да адамдары тағайындалуы мүмкін.

      370. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамына:
      әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының жұмысына араласуға;
      поезды (кемені, әуе кемесін) аялдауға тиісті уақытынан артық ұстауға;
      белгіленген команда немесе белгі берілгенше отырғызуды және түсіруді (әуе кемесіндегі өз орнын тастап кетуге) жүргізуге, вагондарға (кеменің палубасына) секіруге немесе олардан поезд (кеме) жүріп бара жатқанда секіруге;
      поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, поезды тоқтату тұтқасымен тоқтатуға;
      поездарда (кемелерде) жазулар жазуға, плакаттарды, ұрандарды, жалаушаларды жапсыруға, ілуге;
      хаттар мен жеделхаттарда әскери бөлім атауын көрсетуге және тасымалдау туралы ескертуге, бөтен адамдармен бұл туралы әңгімелер жүргізуге; тиеу-түсіру орындарында және вагондарда (кеме үй-жайларында, әуе кемелерінде) хаттар, газеттер, қағаз бен басқаларды қалдыруға;
      вагондардың төбелерінде, платформаларда, тежеу алаңдарында, машиналардың кабиналары мен қораптарында, танкілер мұнараларында, ал темір жолдардың электрлендірілген учаскелерінде болуға, одан басқа байланыс желілерінің темір тіректері мен жерге берілетін құрылғыларына жанасуға, байланыс сымдарына екі метрден таяу жақындауға;
      кеменің қызметтік үй-жайларында, кеме командасының жұмыс орындарында, құтқару қайықтарында болуға; шлюздердің қабырғаларына өрмелеуге;
      вагон есіктерінің аралығында отыруға немесе тұруға, вагондардың есік жақтауларына (кемелердің леерлік қоршауларына, планширлеріне) сүйенуге;
      вагондарда (кемелерде) жарық беру мен жылытудың белгіленбеген түрлерін қолдануға;
      тиегеннен кейін техникаға жанар май құюды (толтыра құюды) жүргізуге;
      темір жолдармен (порт, әуежай аумағы) бойынша орынсыз жүруге, аумақты бүлдіруге және станция (порттар, әуежайлар) шектерінде от жағуға; эшелонға (командаға) тиесілі емес көлік құралын рұқсатсыз алуға;
      тоқтау және қозғалыс кезінде вагондардан (кемелерден) әлденені лақтыруға тыйым салынады.

      371. Әскери эшелонмен бөтен адамдарды және әскери эшелонға қатысты емес жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Көліктің, жолшыбай әскери командалар лауазымды адамдарының әскери эшелонмен жол жүруіне қатынас жолдарындағы әскери комендант рұқсат етеді.
      Қауіпті жүктер эшелонның, әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының ұдайы бақылауымен көлік түрлеріне қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына қатаң сәйкестікте тасымалданады.

      372. Әскери эшелоннан (командадан) қалып қойған әскери қызметші қатынас жолдарындағы әскери комендантқа, ал ол болмаған кезде станция (порт, әуежай) бастығына келуге, қалып қою себебін баяндауға (хабарлауға), әскери эшелонның (команданың) нөмірін айтуға және әскери коменданттың немесе станция (порт, әуежай) бастығының нұсқауы бойынша іс-қимыл жасауға міндетті.

Әскери эшелон (команда) бастығы

      373. Әскери эшелон (команда) бастығы: ұдайы жауынгерлік әзірлік, әскери эшелонды (команданы) уақтылы тиеу, қайта тиеу және түсіру; қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс орналастыру мен бекіту; әскери эшелон (команда) жеке құрамының тәртібі мен белгіленген тасымалдау ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауы; жан-жақты қамтамасыз етуді және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, тасымалданатын қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, материалдық құралдардың, жылжымалы құрам мен оның жабдықтарының сақталуы; эшелонның санитарлық-гигиеналық жай-күйі үшін жауап береді.
      Әскери эшелон (команда) бастығы әскери бөлім командиріне немесе әскери эшелонды (команданы) құрған адамға және қатынас жолдарындағы әскери коменданттарға бағынады. Ол әскери эшелонның (команданың) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      374. Әскери эшелон (команда) бастығы:
      әскери эшелонды (көлікті, команданы) тиеу басталар алдында тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде, қатынас жолдарында, әсіресе электрлендірілген темір жол учаскелерімен жол жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары, өрт қауіпсіздігі және өрт шыққан кездегі іс-қимылдар бойынша жеке құрамға нұсқама жүргізуге, вагондарда (адамдарға арналған кеме үй-жайларында) ас үйлерді, пештерді (жылыту-желдету контейнерлерін) және басқа да өртке қауіпті жабдықтарды орнату кезінде өртке қарсы іс-шараларды орындауға;
      эшелонда байланысты ұйымдастыруға және тиеу-түсіру және басқа да командалардың бастықтарын тағайындауға;
      әскери эшелонды (команданы) ұйымдасқан түрде және белгіленген мерзімде тиеуді, қайта тиеуді және түсіруді жүргізуге, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды орналастыру мен бекітудің дұрыстығын, тиеу-түсіру орнында белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге;
      вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша жетекшілердің түсірілетін әскери мүлікті қабылдауын, түсіру орындарында оны түсіруді бақылауды жүзеге асыруға және жүру жолында оның сақталуын қамтамасыз етуге;
      жеке құрамның тасымалдау ережелерін сақтауын және қауіпсіздік талаптарын орындауын, поездардың (кемелердің) аялдауы уақытында тәртіп сақтауын қамтамасыз етуге;
      жан-жақты қамтамасыз етуді, ішкі және қарауыл қызметтерін, әскери эшелондағы өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың жағдайын, олардың бекітілу жай-күйін және сақшылар мен қадағалаушылар үшін қоршаулардың сенімділігін бақылауға;
      әскери эшелонның (команданың) кенеттен түсірулерге және жауынгерлік міндеттерді орындау үшін немесе бұзылған көлік объектілерін кейіннен тиеу үшін айналып өтіп, тағайындау ауданына маршпен баруға әзірлігін қамтамасыз етуге;
      әскери эшелонға (командаға) көлік құралдарын уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      тәуліктік нарядтың ауысым уақытын белгілеуге, жеке құрамның тамақтану тәртібін айқындауға және азық-түліктерді тарату мәзірін бекітуге;
      жүру жолында қатынас жолдарындағы әскери коменданттарға әскери эшелонның (команданың) жай-күйі туралы баяндауға және оларға бағыт қағазын көрсетуге;
      эшелондағы санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      қалып қойған әскери қызметшілер туралы қатынас жолдарындағы әскери комендантқа, ал ол жоқ жерде - олар қалып қойған станция (порт, әуежай) бастығына хабарлауға;
      қарсыластың ықпалынан, өрттен, қар басудан, су шаюдан туындаған қозғалысты мәжбүрлі тоқтату кезінде, апаттар мен басқа да оқиғалар кезінде бұзылған қозғалысты қайта қалпына келтіруде көлік органдарына көмек көрсетуге;
      сырқаттарды (жаралыларды) әскери эшелонның вагон (купе, каюта) - оқшаулағышына орналастыруға, ал одан әрі жүре алмайтындарды жақын маңдағы әскери немесе азаматтық емдеу мекемелеріне орналастыруға; әскери эшелонның (команданың) құрамынан әлдекім қайтыс болған жағдайда оның мәйітін заттарымен, құжаттарымен, хаттарымен және ақшасымен жақын маңдағы госпитальға немесе ауруханаға беруге міндетті; теңізде ұзақ жүзу кезінде мәйітті теңіз дәстүрі бойынша жерлейді.
      Әскери эшелонның (команданың) бастығы әскери эшелонды (команданы) тасымалдау және қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөйлесу үшін көліктің байланыс құралдарын (телеграфты, телефонды, радионы) пайдалануға құқығы бар.

      375. Тасымалдауға қатысты мәселелерді әскери эшелонның (команданың) бастығы қатынас жолдарындағы әскери комендантпен, ал ол жоқ жерде станция (порт, әуежай) бастығымен шешеді.

      376. Бір поезда (кемеде, әуе кемесінде) бірнеше әскери эшелон (команда) жол жүрген кезде әскери бөлім командирі немесе қатынас жолдарындағы әскери комендант басқа әскери эшелондардың (командалардың) бастықтарына қатысты әскери эшелондардың (командалардың) біреуінің бастығын үлкен етіп тағайындайды, бұл туралы бағыт қағаздарына тиісті жазу жазылады.

      378. Вагондар техникалық ақаулылығынан әскери эшелоннан ағытылған жағдайда әскери эшелон бастығы оларды ауыстыруды талап етеді.
      Оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда жеке құрам поездың басқа вагондарына уақытша орналастырылады. Қару-жарағы, әскери және басқа техникасы бар вагондар ағытылған кезде олармен экипаждар (жүргізушілер, есептоптар), ал басқа әскери мүлікпен қарауыл қалдырылады. Оларды тағайындау пункттеріне тез жеткізуге шаралар қолданылады.

Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық
жұмыстар жөніндегі орынбасары

      378. Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары: тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жай-күйі, эшелон жеке құрамының моральдық-психологиялық жай-күйі мен әскери тәртіпті нығайту жөнінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі үшін жауап береді.
      Ол әскери эшелон бастығына бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      379. Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
      эшелонның жеке құраммен жоғары қырағылық және тасымалдау туралы мәліметтерді құпия ұстау, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, көлік мүлкіне ұқыпты қарау рухында тәрбие жұмысын жүргізуге;
      әскери тәртіпті нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі, тасымалдау қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
      жүру жолында жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыруға және жүргізуге;
      жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге, оның бос уақытын мәдени өткізуді ұйымдастыруға;
      жүру жолында жеке құрамды мерзімдік басылымдармен және пошта жіберілімдерімен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;
      тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникалық тәрбиелеу құралдары мен мүлкін дұрыс және ұқыпты қолдануға;
      әскери эшелонның жеке құрамын зілзала апаттар немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінен бұзылған темір жолдағы қозғалысты қалпына келтіру жөніндегі жұмысқа жұмылдыруға;
      әскери эшелон бастығына әскери эшелон жеке құрамының әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

Әскери эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету
жөніндегі көмекшісі

      380. Әскери эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі әскери эшелонның күзеті мен қорғанысының жай-күйі үшін жауап береді.
      Ол әскери эшелон бастығына бағынады және жауынгерлік қамтамасыз ету үшін бөлінген әскери эшелон бөлімшелері жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

      381. Эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі:
      тасымалдау кезеңіне жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және әскери эшелон бастығына баяндауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      күту ауданында, тиеу және түсіру станцияларында, тиеу-түсіру орындарында мен жиын ауданында жеке құрамға, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға арналған бүркемелерді жабдықтау мен пайдалану тәртібін белгілеуге;
      радиациялық, химиялық және биологиялық (бактериологиялық) барлауды, ал қажет болған жағдайда қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жеке құрам орналасқан вагондар мен кеме үй-жайларын ішінара дезактивациялауды және газсыздандыруды ұйымдастыруға;
      әскери эшелонның жеке құрамын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;
      тиеу және түсіру аудандарында қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың қозғалысы мен бүркемеленуін реттеуді ұйымдастыруға;
      әскери эшелонда қарауыл қызметінің өткерілуін және әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдарының жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастыруға және бақылауға;
      марш жасауға көшу жағдайында жауынгерлік қамтамасыз ету іс-шараларын көздеуге міндетті.

Әскери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі

      382. Әскери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі: әскери эшелонды уақтылы және толық материалдық қамтамасыз ету; жүру жолында сумен жабдықтауды, тамақтануын және монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін жауап береді.
      Ол әскери эшелон бастығына бағынады және оған тікелей бағынысты жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      383. Эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі:
      әскери эшелонның жеке құрамын азық-түлікпен, заттай мүлікпен қамтамасыз ету үшін арналған барлық қажетті құжаттарды әскери бөлім штабында алуға және оларды тасымалдау уақытында есепке алуға;
      жөнелту пунктінде нормалар бойынша тиісті азық-түлікті алуды және оны эшелонда тасымалдауды, жүру жолында қорларын толықтыруды қамтамасыз етуге;
      сапалы тамақтануды және тиісті жабдықталым нормаларын әрбір әскери қызметшіге жеткізуді қамтамасыз етуге, эшелонда ас үйлер болмаған кезде әскери азық-түлік пункттерінен ыстық тамақ алуды ұйымдастыруға;
      ас үйлер мен адамдарды тасымалдауға арналған вагондарды отынмен, сумен, мүкәммалмен, ыдыспен, жарық беру және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге;
      эшелон дәрігерімен бірлесіп, эшелонның ас үйлерінде ыстық тамақ дайындау үшін азық-түліктің тарату мәзірін жасауға және оны эшелон бастығына бекітуге ұсынуға;
      өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      адамдарды тасымалдауға арналған вагондар жабдықтарын дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға, вагондардағы (адамдарға арналған кеме үй-жайларындағы) өрт сөндіру құралдары мен жылыту құрылғыларының ақаусыздығын бақылауды жүзеге асыруға;
      эшелонның жеке құрамына монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Рота командирі

      384. Рота командирі өзінің тікелей бастықтарына және әскери эшелон (команда) бастығына бағынады.
      Осы Жарғыда жазылған өзінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа, рота командирі:
      жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлікті тасымалдауға дайындауға және тиеу жоспарына сәйкес оларды жылжымалы құрам (кеме үй-жайлары) бойынша бөлуге;
      жеке құрамға тасымалдау ережелері мен қауіпсіздік талаптары туралы нұсқама беруге, әскери эшелонның (команданың) нөмірін, әскери эшелон (команда) бастығының әскери атағы мен тегін жариялауға;
      жеке құрамды тәуліктік нарядқа және эшелон бастығының нұсқауы бойынша тиеу-түсіру немесе басқа да командаларға бөлуге және қажет болған кезде от жағушыларды тағайындауға;
      ротаны тиеуге, қайта тиеуге және түсіруге жеке өзі басшылық жасауға, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың дұрыс орналастырылуын, бекітілуін, бүркемеленуін қамтамасыз етуге, жүру жолында олардың жай-күйін бақылауға;
      жүру жолында бөлімшенің жеке құрамымен сабақ ұйымдастыруға;
      жеке құрамның әскери тәртіпті, тасымалдаудың белгіленген ережелерін сақтауын және вагондар (кеме үй-жайлары) жабдықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен

      385. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен өз бөлімшесінің командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге бағынады.
      Ол вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналасқан жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      386. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен:
      жеке құрамның тізімін алуға, вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналастырылған қару-жарақтың (қару мен оқ-дәрілердің), басқа да материалдық құралдардың санын білуге және жөнелту алдында олардың болуын тексеруге;
      тиер алдында вагонның (адамдарға арналған кеме үй-жайының) жабдығын тексеруге және қабылдауға, ал түсіргеннен кейін оны бүтін және ақаусыз күйде тапсыруға;
      жеке құрамды отырғызуға, орналастыруға және түсіруге басшылық жасауға;
      вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша тәуліктік кезекшілерді тағайындауға, олардың қызмет атқаруын тексеруді бақылауды жүзеге асыруға, тамақ, су, отын алу үшін және әр түрлі жұмыстарға әскери қызметшілерді бөлуге;
      мемлекеттік құпияларды сақтауға және жеке құрамның тәртіпті, ішкі тәртіпті, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      вагоннан (адамдарға арналған үй-жайдан) эшелон бастығының рұқсатынсыз немесе команда (белгі) берілгенге дейін жеке құрамның шығуына, қарудың, оқ-дәрілердің немесе басқа да материалдық құралдардың шығарылуына жол бермеуге;
      вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) адамдардың рұқсатсыз жүруіне, сондай-ақ әскери эшелонға тиесілі емес жүктерді тасымалдауға;
      вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) қалыпты температураның ұсталуын және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, вагонда өрт шыққан кезде оны сөндіруге барлық шараны қолдануға және поезды тоқтату белгілерін беруге, техникалық байланыс құралдары бойынша әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға, кемеде өртті сөндірумен бір уақытта әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға;
      түсіруге дайындық туралы нұсқаулар алған кезде жеке құрамға киінуді, қаруын, оқ-дәрілері мен жеке заттарын алуын, пештерді жағуды тоқтатуды немесе ондағы отты сөндіруді бұйыруға;
      түсірілгеннен кейін барлық қару (оқ-дәрілер) мен мүліктің алынғандығын және пештердің сөндірілгенін тексеруге;
      вагондағы (адамдарға арналған кеме үй-жайында) байланыстың техникалық құралдарының ақаусыздығын кезең-кезеңмен тексеруге;
      бөлімше командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге сырқаттанған, қалып қойған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілер мен басқа да әскери мүліктің, вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) жабдығының бүлінуі мен жоғалуы туралы және басқа да оқиғалар туралы баяндауға міндетті.

Әскери эшелон бойынша кезекші

      387. Әскери эшелон бойынша кезекші офицерлерден тағайындалады, әскери эшелон бастығы мен тасымалданатын бөлімнің командиріне бағынады.
      Оған тәуліктік наряд пен вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша үлкендер бағынады.

      388. Әскери эшелон бойынша кезекші қызмет атқару кезінде бөлім бойынша кезекшінің осы Жарғыда жазылған міндеттерін басшылыққа алады.
      Одан басқа, ол:
      бөлімшелер командирлерінің қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, өзге де материалдық құралдарды қарауылдың күзетіне тапсыруын бақылауды жүзеге асыруға;
      жеке құрамның болуын, тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын, кезекші бөлімшенің әзірлігін, сондай-ақ жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      әскери эшелондағы ішкі тәртіп пен тәртіпке, тасымалдау ережелерін сақтауға, әскери және көлік мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      әскери эшелон бастығының нұсқауы бойынша бөлімшелер командирлеріне, вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша үлкендерге жеке құрам шығуға рұқсат етілген аялдамаларды жариялауға;
      жүру жолында ыстық тамақты, суды, отынды және жарық беру құралдарын ұйымдасқан түрде алуды қамтамасыз етуге;
      поездарға (кемелерге) қызмет көрсетумен байланысты көлік жұмысшыларынан басқа бөтен адамдарды әскери эшелонға жібермеуге міндетті.

Рота бойынша кезекші

      389. Рота бойынша кезекші әскери эшелон бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібінде - рота командиріне және старшинасына бағынады. Оған ротаның жеке құрамы келе жатқан вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.

      390. Рота бойынша кезекші осы Жарғының 476-480-тармақтарында көзделген міндеттерді орындайды. Одан басқа, рота командирінің нұсқауы бойынша және эшелон бойынша кезекшінің рұқсатымен рота бойынша кезекші аялдамаларда қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, өзге де материалдық құралдардың бекітілу және бүркемелену жағдайын тексеруі, ақауларды жоюы және бұл туралы рота командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауы тиіс.

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің
салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші

      391. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге, вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкенге, ал соңғылар тағайындалмаған жерде - әскери команда бастығына бағынады.

      392. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші осы Жарғының 481-483-тармақтарына сәйкес міндеттерін орындайды. Одан басқа, ол:
      жеке құрамды адамдарға арналған вагонға отырғызу немесе одан түсіру алдында саты (жылжымалы баспалдақ) қоюға және есік жақтауын алып тастауға, ал отырғызу аяқталған соң сатыны (жылжымалы баспалдақты) алып тастауға және есік жақтауын орнына орнатуға;
      отырғызғаннан кейін жеке құрамның болуын тексеруге және вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкенге немесе әскери команда бастығына баяндауға;
      вагоннан (адамдарға арналған үй-жайлардан) белгіленген команда немесе белгі берілгенге дейін жеке құрамның шығуына рұқсат етпеуге;
      пештерді жағуға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және шағын бөшкелер мен шелектерде судың болуын бақылауды жүзеге асыруға; түсірер алдында пештерді жағуды тоқтатуға және олардың отын сөндіруге;
      вагонды (адамдарға арналған кеме үй-жайын) жинауды жүргізуге;
      жабдық пен мүкәммалдың сақталуын, әскери эшелон (команда) бастығының және әскери эшелон бойынша кезекшінің белгілері мен командаларын бақылауды жүзеге асыруға;
      вагоннан басын шығаруға, есік жақтауына сүйенуге және есік аралығында оның сыртқы жағында болуға, вагон есігінің аралығында отыруға немесе тұруға рұқсат етпеуге;
      вагонда тек әскери эшелон бастықтары көрсеткен есіктердің ашылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      вагоннан (адамдарға арналған кеме үй-жайынан) белгіленбеген орындарда қоқыстың, тамақ қалдықтарының және басқа да заттардың лақтырылуына жол бермеуге міндетті.

4-тарау. Тәуліктік наряд. Тәуліктік наряд адамдарының
міндеттері мен құқықтары

1. Тәуліктік наряд

Жалпы ережелер

      393. Тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді, материалдық құралдар қорларын, әскери бөлімнің (бөлімшенің) үй-жайлары мен мүлкін қорғау, бөлімшелердегі істердің жай-күйін және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылау, тәуліктік нарядтың жалпыәскери жарғылармен айқындалған қызметі бойынша басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.

      394. Тәуліктік нарядтың құрамы оқу кезеңіне бөлім бойынша бұйрықпен жарияланады.
      Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы көзделеді:
      бөлім бойынша кезекші;
      бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
      қарауыл;
      кезекші бөлімше;
      парк бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшілер, кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері (жүргізушілері);
      медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) мен тәуліктік кезекшілер;
      бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші мен кезекшінің көмекшілері;
      қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші мен тәуліктік кезекші;
      асхана бойынша кезекші мен жұмысшылар;
      бөлім штабы бойынша кезекші мен шабармандар;
      кезекші белгі беруші-барабаншы;
      өрт сөндіру наряды.
      Күн сайын бөлім бойынша бұйрықпен: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша кезекші, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші, кезекші бөлімше, өрт сөндіру наряды, сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімше тағайындалады. Қажет кезде бөлім командирінің тәуліктік наряд құрамын өзгертуге құқығы бар.

      395. Әскери бөлім командирі қызмет атқару орындарында қажетті санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлар жасауы тиіс.

      396. Ротаның тәуліктік нарядына:
      рота бойынша кезекші;
      рота бойынша тәуліктік кезекші тағайындалады.
      Роталардағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі айқындайды. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ оның міндеттері ротаның тәуліктік нарядына қатысты айқындалады.

      397. Кейбір батальондарда олардың саны мен орналасу жағдайларына байланысты роталар бойынша кезекшінің орнына бөлім командирінің шешімі бойынша батальон бойынша кезекші, ал бірнеше бөлімшелер бірге орналасқан кезде осы бөлімшелер бойынша кезекші тағайындалады. Көрсетілген жағдайларда тәуліктік кезекшілердің саны бөлімшелердің орналасуы, күзетті қамтамасыз ету және ішкі тәртіпті ұстау жағдайларына сүйене отырып айқындалады.

      398. Барлық кезекшілер мен олардың көмекшілерінің кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар ( 26-қосымша ) кеуде белгісі (бейдж) болуы тиіс.
      Кеуде белгісін (бейджді) бұрынғы кезекші жаңа кезекшіге кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндағаннан кейін береді.
      Жауынгерлік қызметке түсетін әскери қызметшілерге олар дербес жауапты болатын нөмірлік металл кеуде белгілері беріледі.
      Белгілердің үлгісін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары айқындайды.

      399. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан тағайындалған бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші жарақталған екі оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.
      Сержанттар қатарынан тағайындалған қарауыл бастығы жарақталған екі оқжатары бар автоматтармен қаруланады.
      Сержанттар қатарынан тағайындалған парк бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі, жатақхана бойынша тәуліктік наряд құрамына кіретін әскери қызметші әйелдерден басқа, бөлімшелер бойынша кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер, сондай-ақ парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен штаб бойынша шабармандар қаптағы сүңгі-пышақтармен қаруланады. Сүңгі-пышақ белдік белбеудің сол жағында тоғадан алақан енінде болуы тиіс.
      Қажет кезде Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекшілер мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.

Кезекші бөлімше

      400. Кезекші бөлімше қарауылдарды күшейту немесе өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және өзге де оқиғалар кезінде жедел шақыру жағдайына тағайындалады.
      Кезекші бөлімшені бөлім орналасқан жерден тыс шаруашылық жұмыстарын орындау үшін пайдалануға тыйым салынады. Кезекші бөлімше бөлім бойынша кезекшіге бағынады.

      401. Бөлім бойынша кезекшінің командасы бойынша кезекші бөлімше оған тағайындалған орынға келіп, сапқа тұрғызылады және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Кезекші бөлімшеге қару мен оқ-дәрілер бөлім командирінің (бөлім бойынша кезекшінің) бұйрығы бойынша беріледі.

      402. Кезекші бөлімшенің сабағы бөлім орналасқан жерден жақын маңда өткізіледі. Кезекші бөлімшенің тұрған жері және оны шақыру тәртібі бөлім бойынша кезекшіге белгілі болуы тиіс.
      Бөлімше кезекшісінің түнгі уақытта демалу тәртібін бөлім командирі айқындайды.

Қызмет бойынша нарядтарды тағайындау тәртібі және олар
бойынша есеп беру

      403. Басқарманың әскери қызметшілері мен бөлім офицерлерінің, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы нарядтардың кезектілігін бөлім штабының бастығы белгілейді.
      Ротадағы взводтар арасындағы нарядтардың кезектілігін рота старшинасы, ал взводта - взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары) белгілейді.
      Әскери қызметшілер арасындағы кезекті нарядтар саны бірдей және әділ бөлінуі тиіс.

      404. Нарядтар парағын (27-қосымша):
      сарбаздарға - взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) арқылы;
      сержанттарға - рота старшинасы арқылы;
      бөлім басқармасы мен жекелеген бөлімшелерінің офицерлеріне, батальон командирлері мен олардың орынбасарларына - бөлім штабында, ал қалған офицерлерге - батальон штабтарында әр айға бөлек жүргізіледі.
      Нарядтар парағы (кезекшіліктер кестесі) бөлім штабы мен бөлімше орналасқан жерлердегі белгіленген орындарда ілінеді.
      Нарядтар парағы жыл бойы сақталады, одан кейін жойылады.

Тәуліктік нарядты даярлау

      405. Әскери бөлім штабы жаңа ай басталғанға дейін бес-алты тәулік бұрын бөлімше командирлеріне әскери қызметшілердің тәуліктік наряд құрамына түсетін күндерін хабарлайды.

      406. Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімше командирлері жеке құрамды қызмет атқаруға іріктеу, орналастыру және даярлау, тәуліктік нарядтың бөлімнің тиісті лауазымды адамына сабаққа (нұсқамаға) және таратуға уақтылы келуі үшін жауап береді.

      407. Наряд алдындағы түні тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар барлық сабақтар мен жұмыстардан босатылуы тиіс.

      408. Нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген уақытта жеке құрамға қызмет атқаруға дайындалу үшін, сонымен бірге практикалық сабақтар өткізу үшін кемінде үш сағат және демалу (ұйықтау) үшін кемінде бір сағат берілуі тиіс.

      409. Қарауылдан басқа, ротадан тағайындалған тәуліктік нарядтың жеке құрамын даярлауды рота старшинасы жүргізеді.
      Батальоннан немесе әскери бөлімнен тағайындалған тәуліктік нарядты даярлауды тиісті командирлер ұйымдастырады және олардың орынбасарлары жүргізеді.
      Қарауылды даярлау Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      410. Бөлім бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта штаб бастығына нұсқамаға келеді, одан пароль, ал саптық бөлімнен (кадрлар органынан) жеке құрамның шығысы туралы мәлімет алады.
      Бөлім бойынша бұйрықпен айқындалған тәуліктік нарядтың адамдары қызметі бойынша тағайындалуына сәйкес белгіленген уақытта бөлім командирінің орынбасарларына немесе бөлім командирі осы үшін тағайындаған басқа да лауазымды адамдарға сабаққа (нұсқамаға) келеді.
      Сабақта (нұсқамада) жалпыәскери жарғылардың ережелері, нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптары зерделенеді, сондай-ақ наряд жеке құрамының олардың арнайы міндеттерін білуі тексеріледі.
      Практикалық сабақтар нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген сағатта тәуліктік нарядтың қызмет атқаруы үшін жабдықталған үй-жайларда (орындарда), бөлімше орналасқан жерлерде немесе қызмет атқару орнында жүргізіледі (28-қосымша).

      411. Қажет жағдайларда тәуліктік нарядтың кейбір адамдарын автоматтармен (карабиндермен) қаруландыру кезінде қару қолданумен іс-қимыл жасау бойынша сабақтар жүргізіледі.

      412. Тәуліктік нарядты тарату орны мен уақытын әскери бөлім командирі белгілейді. Барлық тәуліктік нарядты таратуды әскери бөлім бойынша жаңа кезекші жүргізеді.
      Таратуға шыққанға дейін он бес минут бұрын тәуліктік наряд қызмет атқаруға әзір болуы және өз кезекшілері мен бөлім қарауылдарының бастықтарының бағынысына қабылдануы тиіс. Тәуліктік нарядтың жеке құрамы бөлім бойынша кезекшінің бағынысына оны қарсы алу үшін команданы тарату уақытында "Тік тұр" командасы берілген сәттен бастап көшеді.

Тәуліктік наряд таралымы

      413. Тәуліктік наряд таралымы оның қызмет атқаруға әзірлігін тексеруден, оның тиісті лауазымды адамдардың бағынысына өтуінен, сондай-ақ қарауылдарға бұрынғы қарауылды ауыстыру құқығын беруден тұрады.
      Таралым кемінде қырық минуттан аспауы тиіс.

      414. Тәуліктік наряд таралымының орны мен уақытын әскери бөлім командирі нарядтың таралым орнына, сондай-ақ таралым орнынан қызмет атқару орнына баруға қажетті уақытынан шыға отырып, айқындайды, ол бір сағаттан аспауы тиіс.
      Бұл ретте таралым орнына немесе таралым орнынан қызмет атқару орнына отыз минуттан артық қажет болса, әскери бөлім командирінің бұйрығымен көлік құралы беріледі.

      415. Таралымға нарядтың барлық жеке құрамы мен оркестр шығарылады, олар таралым орнына ол басталғанға дейін он минуттан кешікпей келеді.
      Оркестрлері жоқ әскери бөлімдерді, сондай-ақ минус он бес градустан және одан төмен ауа температурасында таралымға бір-екі белгі беруші-барабаншы шығарылады немесе техникалық музыка ойнату құралдары қолданылады.

      416. Таралымға дейін он минут бұрын офицерлер қатарынан әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі бөлімше кезекшісінен басқа тәуліктік нарядтың жеке құрамын таралым үшін белгіленген орынға сапқа тұрғызады, оның болуын тексереді және әскери бөлім бойынша кезекші келісімен оған баяндайды.
      Егер әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі сержант болса, онда тәуліктік нарядты сапқа тұрғызуды және бөлім бойынша кезекшіге баяндауды тәуліктік наряд қатарынан офицер жүргізеді.

      417. Таралым үшін тәуліктік наряд: оң қапталда - қарауыл, одан кейін оңнан солға қарай - парк бойынша кезекші, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші, кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы), бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бөлімшелер тәртібімен барлық роталар бойынша кезекшілер, шабармандар, асхана бойынша кезекші, асханаға жұмысшылар, өрт сөндіру нарядының бастығы мен кезекші белгі беруші-барабаншы сапқа тұрғызылады. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, тәуліктік кезекшілер мен кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері (жүргізушілері) өз кезекшілерінің ту сыртына сапқа тұрғызылады, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдардың оң қапталына тұрады.

      418. Қарауылдың оң қапталына қарауыл бастығы, ал сол қапталына оның көмекшісі тұрады, таратушылар өз қарауылдарының оң жағына қарай бірінші қатарда тұрады. Қарауылдар постылар нөмірінің ретімен солдан оңға қарай, бір-бірінің ту сыртына ауысым тәртібімен тұрады. Қарауылдың көлік құралы, өрт сөндіру машиналары жүргізушілерімен олар үшін бөлінген орынға орналасады.

      419. Бөлім бойынша кезекшіні қарсы алу үшін оның көмекшісі кезекші сапқа қырық-елу адым жақындасымен: "Наряд, ТҮЗЕЛ, ТІК ТҰР. Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командасын береді. "ТҮЗЕЛ" командасы бойынша әскери дирижер саптық адыммен оркестрдің ортасына шығады және бірінші қатардан екі-үш адымда маңдайшепке қарап тұрады. Бірінші команда бойынша офицерлер мен сержанттар қолын бас киіміне апарады; барлығы басын бөлім бойынша кезекші жаққа бұрады және оның соңынан басын бұра отырып, оны көз қарасымен шығарып салады. Оркестр "Қарсы алу" маршын орындайды (белгі беруші-барабаншылар "Жорықтық марш" соғады). Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі қолын бас киіміне апарып, саптық адыммен бөлім бойынша кезекшіге жақындайды, одан екі-үш адым жерде тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Майор мырза. Наряд таралым үшін сапқа тұрғызылды. Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі лейтенант Омаров". Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі баяндауын аяқтап, бас киімінен қолын түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрыла сол (оң) аяғымен жанына бір адым жасайды және бөлім бойынша кезекшіні алға өткізіп жіберіп, оның артынан бір-екі адым жерде және саптың сыртқы жағынан жүреді.
      Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі баяндау үшін тоқтаған кезде оркестр (белгі беруші-барабаншылар) ойнауын (соғуын) тоқтатады, ал әскери дирижер қолын бас киіміне апарады.

      420. Бөлім бойынша кезекші баяндауды қабылдап, сап ортасының алдына тұрады және нарядтың жеке құрамымен: "Армысыздар, жауынгерлер" деп амандасады; сәлемдесуге жауап алғаннан кейін "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және бас киімінен қолын түсіреді. Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және бас киімінен қолын түсіреді. Офицерлер, сержанттар мен әскери дирижер бас киімінен қолын түсіреді.

      421. Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі тағайындалмаса, таралымдағы оның міндеттерін қарауыл бастығы орындайды. "ЕРКІН ТҰР" командасын беріп, ол өз орнына тұрады.
      Нарядты тексеру үшін бөлім бойынша кезекші қатарларды біреуін екіншісінен бір адымға таратады және өз көмекшісімен бірге наряд құрамын, жеке құрамның сыртқы пішінін, олардың өз міндеттерін білуін, сондай-ақ қаруын тексереді және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқау береді.
      Бөлім бойынша кезекші қарауылға жақындаған кезде қарауыл бастығы саптан шығып, оған өзін таныстырады, қарауылдың жеке құрамын тексеру уақытында бөлім бойынша кезекшіні алып жүреді және одан кейін рұқсат алып, саптағы өз орнына барып тұрады.

      422. Егер қандай да бір наряд қызмет атқаруға даяр болмаса, бөлім бойынша кезекші оны наряд тағайындалған бөлімшеге қосымша даярлық немесе ауыстыру үшін қайтарады және бөлім командиріне бұл туралы дереу баяндайды. Осы нарядтың таралымын бөлім бойынша кезекші немесе оның көмекшісі жеке жүргізеді.

      423. Тексеру аяқталғаннан кейін бөлім бойынша кезекші саптың ортасына шығады және нарядтың алдына оған қарап тұрады; кезекшінің көмекшісі бөлім бойынша кезекшінің артына оңға қарай немесе солға қарай бір адымда тұрады. Бөлім бойынша кезекші:
      "Наряд, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оркестр, жиынды ойна" ("Белгі беруші-барабаншылар, жиынды соқ") деп команда береді. "ТІК ТҰР" командасы бойынша офицерлер мен сержанттар қолын бас киіміне апарады.

      424. "Жиынды" ойнау аяқталғаннан кейін офицерлер мен сержанттар қолын бас киімінен түсіреді. Бөлім бойынша кезекші: "Қарауыл бастығы, маған кел" деп команда береді. Қарауыл бастығы саптық адыммен бөлім бойынша кезекшіге келеді, одан екі-үш адымда тұрады және өзін таныстырады. Мысалы: "Қарауыл бастығы аға лейтенант Ботабеков".
      Бөлім бойынша кезекші қарауыл бастығына оның қызметінің ерекшеліктері туралы ескертеді және парольдар жазылған қағазды тапсырады.

      425. Парольдар жазылған қағазды беріп және парольдарды дұрыс түсінгеніне көз жеткізе отырып, бөлім бойынша кезекші: "Қарауыл бастығы, сапқа тұр" деп команда береді. Осы команда бойынша қарауыл бастығы саптағы өз орнына тұрады; оркестр (белгі беруші-барабаншылар) он-он бес адымға алға шығады және оң иықпен ене отырып нарядқа сырт жағын беріп тұрады. Бөлім бойынша кезекші: "ТҮЗЕЛ, ТІК ТҰР" деп команда береді және: "Бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери объектілердің сенімді күзеті мен қорғанысын қамтамасыз ету, бөлімдегі жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау міндетімен қызметке кірісуге бұйырамын. Қызмет жалпыәскери жарғылардың талаптарына сәйкес атқарылсын" деп бұйрық береді.
      Бұйрық бергеннен кейін бөлім бойынша кезекші: "Оркестр, таралымды ойна" деп команда береді. Бұйрық беру және оркестрдің ойнауы уақытында бөлім бойынша кезекші, оның көмекшісі мен мылтықпен қаруланған қарауыл бастығы қолын бас киіміне апарады.
      "Таралымды" ойнап біткеннен кейін, оркестр Мемлекеттік Әнұранды ойнайды. Оркестр жоқ бөлімдерде Мемлекеттік Әнұран техникалық дыбыс жазбасын ойнату құралдарымен ойналады.
      Мемлекеттік Әнұран аяқталған соң кезекші: "Наряд, оңға, қызмет атқару орнына адым-БАС" деп команда береді. "Бас" командасы бойынша наряд саптық адыммен әскери сәлемдесуді орындай отырып, бөлім бойынша кезекшінің жанынан саптық адыммен өтеді және қызмет атқару орындарына қарай жүреді. Оркестр (белгі беруші-барабаншылар) орнында қала отырып, маршты орындайды.
      Оркестрдің ойыны (белгі беруші-барабаншылардың соғуы) бөлім бойынша кезекшінің командасы (белгісі) бойынша тоқтатылады.

      426. Егер таралым уақытында әскери бөлім командирі немесе оның тікелей бастықтары, сондай-ақ әскери бөлімді инспекциялауға немесе тексеруге басшылық жасайтын адам келсе, онда әскери бөлім бойынша кезекші оларды қарсы алу үшін: "Наряд, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар, оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА), ("Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, Қарауыл-ҒА") деп команда береді.
      Оркестр "Қарсы алу" маршын (белгі беруші-барабаншылар "Жорықтық маршты" соғады) орындайды, бөлім бойынша кезекші қолын бас киіміне апарып, саптық адыммен бастыққа жақындайды, одан екі-үш адым жерде тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Полковник мырза. Тәуліктік наряд таралымы жүргізілуде. Бөлім бойынша кезекші майор Дүйсекеев".
      Бөлім бойынша кезекші баяндау үшін тоқтағанда оркестр (белгі беруші-барабаншылар) ойнауын (соғуын) тоқтатады. Бөлім бойынша кезекші бастықтың рұқсатын алып: "ЕРКІН ТҰР" деп команда береді және өз міндеттерін орындауды жалғастырады.

2. Тәуліктік наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері

Жалпы ережелер

      427. Тәуліктік наряд адамдары күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің) орындалуына және ішкі тәртіптің басқа да ережелерінің сақталуына табандылықпен қол жеткізе отырып, өз міндеттерін білуі және адал орындауы тиіс.
      Бөлім бойынша кезекшінің рұқсатынсыз тәуліктік наряд адамдарының өз міндеттерін тоқтатуға немесе басқа біреуге орындауға беруге құқығы жоқ.

      428. Бөлімшеге бөлім командирі және одан жоғары бастықтар келген кезде бөлімшелер бойынша кезекшілер бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге дереу баяндауға міндетті.
      Роталар (бөлімшелер) бойынша кезекшілер және бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бағынысты басқа да кезекшілер ол келген кезде "Тік тұр" командасын бермейді және баяндамайды, тек өзін таныстырады.

      429. Бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне кезекшілік уақытында әрқайсысына бөлім командирі белгілеген уақытта төрт сағаттан артық емес, аяқ киімсіз, жарақтарын шешпей және шешінбей кезекпен жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.
      Бөлім штабы, парк, қойма аймағы (техникалық аумақ), бақылау-өткізу пункті мен асхана бойынша кезекшілерге, кезекші фельдшерге (санитарлық нұсқаушыға), рота бойынша кезекшіге және белгі беруші-барабаншыға кезекшілік уақытында бөлім командирі белгілеген уақытта төрт сағаттан артық емес, аяқ киімсіз, жарақтарын шешпей және шешінбей, жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.
      Кезекті тәуліктік кезекшіге, шабарманға, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісіне жарақтарын шешуге және киімінің түймелерін ағытуға тыйым салынады.
      Тәуліктік кезекшілердің бос ауысымына, шабарманға, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісіне тек ұйқыға жатқаннан кейін және одан тұрғанға дейін шешінуге және жатып демалуға (ұйықтауға) кезекпен рұқсат етіледі.
      Бөлім бойынша кезекшінің, оның көмекшісінің, штаб, парк, бақылау-өткізу пункті, қойма аймағы (техникалық аумақ), оқ-дәрілер арсеналдары, базалары бойынша кезекшілердің демалуы үшін арнайы орындар жабдықталады. Көрсетілген адамдарға басқа орындарда демалуға тыйым салынады.
      Қарауыл құрамы Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелеріне сәйкес демалады.

      430. Тәуліктік нарядтан ауысқан әскери қызметшілер ауысым күні сабақтан және жұмыстан босатылады.
      Демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері тәуліктік наряд құрамына кіретін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге командир (бастық) аптаның басқа күндері демалыс беруге міндетті.

Бөлім бойынша кезекші

      431. Бөлім бойынша кезекші бөлім және батальондар басқармасы офицерлерінің, роталар командирлері мен оларға теңестірілгендердің қатарынан тағайындалады. Ол: жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгі алынған кезде бөлімшелер мен бөлім басқармасын уақтылы хабарландыру, бөлімдегі ішкі тәртіп пен күн тәртібін (қызмет уақытының регламентін) ұстау, тәуліктік нарядтың қызмет атқаруы, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ Жауынгерлік Тудың, бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің пистолеттері мен оқ-дәрілерінің сақталуы үшін жауап береді. Бөлім бойынша кезекші бөлім командиріне бағынады. Оған бөлімнің барлық тәуліктік наряды бағынады.
      Жеке батальондар және оларға теңестірілген әскери бөлімдер бойынша кезекші етіп взводтар командирлерін, сондай-ақ батальон штабы мен қызметтерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін тағайындауға рұқсат етіледі.
      Бөлімнің ішкі қарауылына қатысты бөлім бойынша кезекші Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелерін басшылыққа алады.

      432. Таралымнан кейін жаңа кезекші бұрынғы кезекшіден тізімдеме бойынша құжаттарды, сондай-ақ бөлім штабы мен қызметтерінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қару мен оқ-дәрілерін қабылдайды. Қару дана бойынша нөмірімен және жиынтықта қабылданады.
      Одан кейін бөлім бойынша бұрынғы кезекшімен бірлесіп, ол хабарлау мен техникалық күзет құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптарының ақаусыздығын тексереді.

      433. Барлық тәуліктік наряд адамдары кезекшілікті тапсырғаннан және қабылдағаннан кейін және қарауылдар бастықтарының қарауылдардың ауысуы туралы баяндауынан кейін бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім командиріне баяндаумен келеді.
      Мысалы: "Полковник мырза. Аға лейтенант Жаппасбаев бөлім бойынша кезекшілікті тапсырды". "Полковник мырза. Капитан Жилов бөлім бойынша кезекшілікті қабылдады".
      Одан кейін бөлім бойынша жаңа кезекші кезекшілікті қабылдау кезінде анықталған, ауысқан тәуліктік наряд жоя алмаған барлық кемшіліктер туралы, сондай-ақ қарауыл күзететін объектілерді ашу және жабу туралы баяндайды.

      434. Бөлім бойынша кезекші:
      бөлімшелердің күн тәртібін (қызмет уақыты регламентін) орындауына бақылау жасауға және белгіленген белгілерді беруге басшылық жасауға;
      тәулігіне кемінде екі рет (оның біреуі түнде) тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын және бөлімшелердегі ішкі тәртіпті сақтауды жеке өзі тексеруге, қылмыстардың, оқиғалардың, теріс қылықтардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын және әскери тәртіпті бұзуға жол бермеу жөніндегі, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды қабылдауға;
      командирге бөлімде болған барлық оқиғалар туралы, өз еркімен кетіп қалған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және оларды іздестіру жөнінде қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға; бөлім командирінің және штаб бастығының болатын орнын ұдайы білуге;
      кезекшінің бөлмесінде болуға; қызмет істерімен кеткенде өз орнына көмекшісін қалдыруға және оған қайда қанша уақытқа кеткенін хабарлауға;
      оқу-жаттығу далаларының аудандарын, сондай-ақ қандай бөлімшелер қайда және қандай сабақтар өткізіп жатқанын білуге; полигондарда, оқу орталықтарында (лагерьлерде) бар қару-жарақ, әскери және басқа техника, зымырандар, оқ-дәрілер, өзге де материалдар, сондай-ақ гарнизон шегінен тыс іссапарға кеткен командалар туралы мәліметтері болуға;
      жеке құрамның, оқу-жаттығу жауынгерлік және көлік пайдалану топтары машиналарының шығысы, сондай-ақ алыс рейстердегі автомобиль техникасы туралы мәліметтері болуға; парк бойынша кезекші арқылы кезекші тартқыштардың, санитарлық көлік құралдарының, өрт сөндіру және кезекші машиналардың әзірлігін, олардың паркке қайтып оралуын бақылауға, бөлім командиріне олардың рейсте бөгелу жағдайлары туралы баяндауға, машиналарды іздестіруге және паркке қайтып оралуына шаралар қабылдауға;
      бөлімнен тағайындалған бөлімшелерді (командаларды), қарауылдарды тексеруге және уақтылы жіберуге және бұл туралы бөлім штабының бастығына немесе командирге баяндауға;
      бөлім орналасқан жерден сейілдемеге босатылған мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің сыртқы пішінін қарап тексеруге және сейілдеме қағаздарына олардың қайтып оралу уақыты туралы белгілер жасауға; шабармандарға елтаңбалы мөрмен расталған хабардар ету карточкалары бойынша бөлім орналасқан жерден тыс шығуға рұқсат етуге;
      бөлім орналасқан жерде немесе оған жақын маңда өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде Жауынгерлік Туды, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды құтқаруға дереу шаралар қабылдауға, құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, ал өрт кезінде, одан басқа өрт сөндіру командасын шақыруға және ол келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыруға;
      бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру туралы белгі алған кезде дереу белгіні бөлімшелерге жеткізуге, бөлім командирі мен штаб бастығына баяндауға, командирлердің орынбасарлары мен бөлімнің басқа да лауазымды адамдарын хабардар етуге, олар келгенге дейін бөлімшенің іс-қимылына басшылық жасауға; бөлімшелердің өз жиын пункттеріне ұйымдасқан түрде шығуына бақылауды жүзеге асыруға;
      жұмылдыру туралы хабарлама алған кезде бұл туралы дереу командирге және бөлімнің штаб бастығына хабарлауға және олардың нұсқаулары мен нұсқамаларына сәйкес әрекет етуге;
      қару мен оқ-дәрілерді бөлім басқармасының әскери қызметшілеріне қару мен оқ-дәрілерді беру кітабына қол қоюмен ( 29-қосымша ), ал жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде ауыстырушы карточкалар бойынша жеке қару мен оған оқ-дәрілерді, жеке радиоактивтік сәулелену мөлшерін өлшеуіштерді беруге; оларды уақтылы тапсыруды бақылауға;
      қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған немесе радиациялық химиялық қауіпті объектілердегі апат нәтижесінде радиациялық және химиялық қауіп туындаған жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ескерту белгісін алған кезде қолда бар нұсқаулыққа сәйкес әрекет етуге;
      азық-түліктердің қазандарға салынуын бақылауға, дәрігермен (фельдшермен) бірлесе отырып, тамақты таратар алдында тамақ дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына тиісті жазба жаза отырып, оның сапасын тексеруге және оны беруге рұқсат етуге; тамақтың дұрыс сапалылығына күмәнді болған жағдайда оны беруге тыйым салуға, дереу бөлім командиріне бұл туралы баяндауға; тамақ беру және ішу уақытында асханада жеке өзі болуға және тағамдардың температуралық режимін, оның нормаларының жеке құрамға толық жеткізілуін бақылауға;
      казармаларда және бөлім орналасқан жерде тазалық пен тәртіпті бақылауды жүзеге асыруға;
      роталардағы (бөлімшелердегі) қару сақтауға арналған бөлмелерді ашқан (жапқан) кезде жеке өзі қатысуға және оларды бөлім бойынша кезекшінің нөмірлі мөрімен мөрлеуге; бірнеше бөлімшеде қаруды, оқ-дәрілерді бір уақытта беру кезінде қару сақтауға арналған бөлмелерді байланыс құралдары арқылы ашуға рұқсат етуге; роталар бойынша кезекшілерден кешкі тексерулерді жүргізгеннен кейін бөлімшелердің қару сақтауға арналған бөлмелерінің, қаруы бар пирамидалардың кілттерін, сондай-ақ қызметтен кеткен кезде роталар командирлерінен (роталар старшиналарынан) бастап оқ-дәрілері бар жәшіктердің, пистолеттері бар шкафтардың кілттерін күзетуге қабылдауға;
      бөлімшелердегі қару сақтауға арналған бөлмелердің күзет дабылдамасы өз бетінше іске қосылған кезде дабылдаманың өздігінен іске қосылу себептерін анықтауға және оның күзетуге қойылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      қарауыл күзететін объектілерді ашуға наряд негізінде қарауыл бастығына осы объектілерді ашуға рұқсат беруге;
      ерекше жағдайларда бөлімшелер бойынша кезекшілерге казармаға кіретін есіктердің тиегін жабуға команда беруге;
      бөлім командирі келген кезде оны қарсы алуға, "Тік тұр" командасын беруге және оған баяндауға міндетті.
      Мысалы: "Полковник мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ (немесе мынадай болды). Бөлім бойынша кезекші капитан Гаевский".
      Бөлім бойынша кезекші басқа әскери қызметшілер болмаған кезде "Тік тұр" командасын бермейді, тек баяндайды.
      Бөлім бойынша кезекші бөлім командирінің орынбасарларына тек өзін таныстырады.

      435. Кешкі тексеруден және таңертеңгі тексеруден кейін бөлім бойынша кезекші бөлімшелер бойынша кезекшілерден баяндауларды қабылдайды және жеке құрамның шығысы; бөлімшелерде (командаларда) іссапарға кеткендер;
      алыс рейстердегі машиналар; полигондардағы, оқу орталықтарындағы (лагерьдегі) қару-жарақтар, әскери және басқа техника, зымырандар, оқ-дәрілер, өзге де материалдық құралдар туралы; кешкі тексеруде болмағандар туралы мәліметтерді, ал өз еркімен кетіп қалғандар болған кезде олардың тізімін жасайды. Көрсетілген мәліметтерді ол таңертеңгі баяндауда бөлім командиріне ұсынады.
      Тәуліктік нарядтың қызмет атқаруындағы анықталған барлық кемшіліктер туралы және кезекшілікті тапсырғанға дейін жою мүмкін емес кезекшілік уақытындағы бөлімдегі ішкі тәртіпті бұзушылықтар туралы бөлім бойынша кезекші кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазба жазады (30-қосымша).
      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабын күн сайын бөлім бойынша кезекші бөлім командирінің қарап тексеруі және ауысымға рұқсат етуі үшін ұсынады.

      436. Бөлім бойынша кезекші:
      Қазақстан Республикасының Президентін және бөлім командирінің тікелей бастықтарын;
      армия генералдарын, адмиралдарды, генерал-полковниктерді, сондай-ақ инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды қарсы алады және бөлім орналасқан жер бойынша оларға ілесіп жүреді.
      Осы адамдарды қарсы алған кезде бөлім бойынша кезекші "Тік тұр" командасын береді және оларға баяндайды.
      Мысалы: "Армия генералы мырза. Екінші мотоатқыштар бригадасы (мынадай ауданда) даладағы тактикалық сабақтарда. Бөлім бойынша кезекші капитан Шалов".
      Бөлім бойынша кезекші аты аталған адамдардың келгені туралы дереу бөлім командиріне немесе оның орнындағы адамға баяндайды. Келген командирді (бастықты) бөлім командирі қарсы алған және оған баяндаған жағдайда бөлім бойынша кезекші тек өзін таныстырады.
      Бөлімге жоғарыда көрсетілмеген генералдар мен адмиралдар, сондай-ақ өзінің бөлімінікі емес аға офицерлер келген жағдайда бөлім бойынша кезекші оларға өзін таныстырады.
      Мысалы: "Генерал-майор мырза. Бөлім бойынша кезекші капитан Көбенов". Одан кейін ол оларды бөлім командиріне немесе оның орнындағы адамға ертіп келеді. Өз бөлімінікі емес қалған әскери қызметшілер келген адамның жеке басын және қажет кезде оның келу мақсатын анықтағаннан кейін бөлімге бір жолғы рұқсаттамалар бойынша жіберіледі.

      437. Бөлім бойынша кезекшіде: бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне нұсқаулықтар; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге және жұмылдыру кезіндегі нұсқаулықтармен пакеттер; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына қарауылдың ауысымы үшін паролі бар пакет; бөлімнің күн тәртібі (қызмет уақытының регламенті); таңертеңгі дене жаттығуын өткізу жоспары мен киім нысанының нұсқалары; өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар; аумақты бөлімнің бөлімшелеріне бекітіп беру схемасы; қарсыластың жаппай қырып-жою қаруын қолдану жағдайына нұсқаулық; телефон станциялары мен лауазымды адамдарды шақыру кестесі; қару мен оқ-дәрілерді беру кітабы; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы; қарауылды тексеру құқығы берілген бір жолғы куәліктердің үлгілері; жалпыәскери жарғылар; оқу материалдық-техникалық базасы объектілерінің орналасуының схема-картасы; бөлім бөлімшелерінің бір аптаға арналған сабақтарының құрама кестесі; радиациялық, химиялық және биологиялық қадағалау журналы; бөлімшелер мен жеке құрамды хабардар ету құжаттары; оқиғалар мен құқық бұзушылықтар жағдайындағы іс-қимылдар тәртібі жөніндегі нұсқаулықтар; жұмыс дәптері мен басқа да құжаттар болуы тиіс.

Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі

      438. Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі кіші офицерлерден немесе сержанттардан (старшиналардан) тағайындалады және бөлім бойынша кезекшіге бағынады. Ол: бөлім бойынша кезекшінің міндеттерін, нұсқаулығын білуге, бөлім бойынша кезекшіде бар күзет құралдарымен және байланыс құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау құралдарымен жұмыс істей білуге, кезекшінің орнына қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.

      439. Офицерлерден тағайындалған бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бөлімнің тәуліктік нарядының барлық адамдары бағынады. Ішкі қарауылдарға қатысты ол Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының талаптарын басшылыққа алады.
      Сержанттардан (старшиналардан) тағайындалған бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне офицерлерден басқа, тәуліктік нарядтың барлық адамдары бағынады.

Парк бойынша кезекші

      440. Бөлімде парк бойынша кезекші офицерлерден, ал жеке батальонда келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден - сержанттардан тағайындалады. Ол парктегі ішкі тәртіп пен нарядтың парк бойынша қызмет атқаруы үшін жауап береді. Парк бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, паркте ішкі қызмет тәртібі мен бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына немесе бөлімнің техникалық қызметтерінің біреуінің бастығына бағынады.
      Оған парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері (жүргізушілері) бағынады.

      441. Парк бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына нұсқамаға келеді.
      Таралымнан кейін парк бойынша жаңа кезекші тізімдеме бойынша бұрынғы кезекшіден құжаттар мен мүлікті қабылдайды, онымен бірге парк аумағын және барлық парк үй-жайларын аралап шығады және тізімдеме бойынша мөрленген парк үй-жайларын, сақтау орындарын, сондай-ақ ашық алаңдар мен қалқа астында тұрған қару-жарақты, әскери және басқа техника мен жабдықты қабылдайды.
      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына ол кезекшілікті қабылдау кезінде жою мүмкін емес кемшіліктерді жазады.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа кезекші бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына, одан кейін бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      442. Парк бойынша кезекші:
      оған бөлінген үй-жайда болуға; бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына бос ауысымның тәуліктік кезекшісін қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кететінін хабарлауға;
      паркке келген барлық адамдардың рұқсат қағаздары мен жеке басын куәландыратын құжаттарын мұқият тексеруге және бір жолғы рұқсаттамаларға паркке келген және кеткен уақыты туралы белгі қоюға; ауысымнан кейін рұқсаттамаларды техникалық бөлімге тапсыруға;
      парк үй-жайлары мен сақтау орындарын ашуға бөлім бойынша бұйрық берілген адамдарды, бұл туралы тиісті кітаптарда жазу жаза отырып жіберуге, оларды ашу (жабу) кезінде болуға және есіктерді (қақпаларды) парк бойынша кезекшінің нөмірлі мөрімен мөрлеуге;
      машиналардың парктен шығуына және парктің ішіндегі қозғалысына жеке өзі рұқсат етуге;
      машиналардың шығуы мен қайтып оралуының белгіленген үлгідегі журналын жүргізуге;
      машиналардың рейстен паркке уақтылы қайтып оралуын бақылауды жүзеге асыруға, ал олар бөгелген жағдайда бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына және бөлім бойынша кезекшіге баяндауға;
      парктен жол қағазындағы, материалдық рұқсаттамадағы және тәртіптемедегі жазбаға сәйкес мүлікті алып шығуды (кіргізуді) бақылауға, сондай-ақ парк аумағына бөтен адамдардың жіберілуін болдырмауға шаралар қабылдауға;
      парктегі күн тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және парктегі жеке құрамның санын, қандай бөлімшелердің қандай жұмыспен айналысатынын білуге; паркте қару-жараққа, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсетумен немесе паркті жабдықтаумен байланысты емес жұмыстарға жол бермеуге;
      парктің кіреберісіндегі кезекті тәуліктік кезекшілерді уақтылы қоюға және ауыстыруға;
      ақаулы және ақаусыз қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуын, шығысын, санын ұдайы білуге;
      парк үй-жайларындағы және аумағындағы тазалық пен тәртіпке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асыруға;
      жылдың суық уақытында парк үй-жайлары мен су-май жылытқышта пештерді уақтылы және дұрыс жағуды және парктің барлық үй-жайларында, от жағылмайтын сақтау орындары мен ашық алаңдарда белгіленген температураны ұстауға бақылауды жүзеге асыруға; қозғалтқыштарды суыту жүйелерінен судың ағызылғандығын суды ағызуды бақылау кітабындағы жазумен, ал қатты аяздарда одан басқа, машиналардан аккумулятор батареяларының алынғандығын және тиісті жазулардың ілінгендігін тексеруге;
      өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылдамасының болуы мен жай-күйін тексеруге;
      нарядқа түсер алдында кезекші көлік құралдарының әзірлігін тексеруге және бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға;
      парк үй-жайлары мен аумағында, осы үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарды қоспағанда, шылым шекпеуді және от жақпауды бақылауды жүзеге асыруға;
      паркке қайтып оралған машиналар мен басқа техникаға уақтылы техникалық қызмет көрсетуге шаралар қабылдауға;
      машиналарға қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тек жанар май құю пункттерінде жанар май құйылуын бақылауға;
      тұрақтарға жанар май құйылмаған машиналарды қоюға рұқсат етпеуге;
      кешке, барлық жұмыс аяқталғаннан кейін паркте барлық үй-жайларда жарықтың өшірілуін және тек кезекші жарықтың қалдырылуын, ал парктің сыртқы жарық беру нүктелерінің барлығы қосылғанын бақылауды жүзеге асыруға;
      арнайы, улы техникалық сұйықтарды сақтау үшін арналған үй-жайлардың (қоршалған алаңдардың) есіктерінде құлыптар мен пломбылардың болуын және ақаусыздығын, сондай-ақ су-май жылытқыштарда сақталатын, төмен температурада қататын суытатын сұйықтықтар бар ыдыстардағы пломбыларды тексеруге;
      паркке бөлім командирінің орынбасары және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші келгенде оларды қарсы алуға және оларға баяндауға міндетті.
      Мысалы: "Майор мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ (немесе мынадай болды). Парк бойынша кезекші лейтенант Орманов".
      Баяндаудан кейін кезекші келген командирді (бастықты) парк аумағы бойынша алып жүреді.
      Келген командирді (бастықты) бөлім командирі немесе оның қару-жарақ жөніндегі орынбасары қарсы алған және оған баяндаған жағдайда парк бойынша кезекші баяндамайды, тек өзін таныстырады.

      443. Парк бойынша кезекші парктен машиналарды белгіленген тәртіппен шығарады.
      Машиналар паркке келісімен және оларды бақылау-техникалық пункті бастығы тексергеннен кейін парк бойынша кезекші жол қағазына және машиналардың шығуы мен қайтып оралуы журналына қайтып оралған уақыты, спидометрдің көрсеткіштері туралы жазу жазады, ал машинаға толық қызмет көрсетілгенде және май құйылғанда оны тұраққа жібереді немесе белгіленген тәртіппен оны күзетуді ұйымдастырады, одан кейін экипажға (жүргізушіге) парктен кетуге рұқсат етеді.

      444. Паркте өрт шыққан кезде парк бойынша кезекші дереу өрт сөндіру командасын шақырады, өртті сөндіруге, машиналарды шығаруға және қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, материалдық құралдарды құтқаруға шаралар қолданады, болған оқиға туралы бөлім бойынша кезекшіге, бөлім командиріне және оның қару-жарақ жөніндегі орынбасарына баяндайды.

      445. Парк бойынша кезекшіде: парктің схемасы; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде техниканы шығару жоспары; қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың үлгілерін мөрлеу және күзетуге қабылдау тәртібі туралы нұсқаулық; өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық; парк үй-жайларын, сақтау орындарын және ашық алаңдар мен қалқалардың астында тұрған техниканы ашуға (жабуға) рұқсат етілген лауазымды адамдардың тізімі; рұқсаттамалар мен пломбалардың (мөрлер бедерлерінің) үлгілері; парк бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшіге, кезекші тартқыштың механик-жүргізушісіне (жүргізушісіне) нұсқаулықтар; ашық алаңдар мен қалқалардың астында тұрған қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың тізімдемесі; парк мүлкі мен жабдығының тізімдемесі; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы; машиналардың шығуы мен қайтып оралуы кітабы; парктегі жұмыс тәртібі; жол құжаттамаларының үлгілері; машиналарды пайдалануға наряд; парк үй-жайларын, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы ашу кітабы; машиналардың кабиналары мен люктерінің, парк үй-жайлары мен қақпаларының кілттерін беру кітабы; жұмыс дәптері; кілттерге арналған шкафтар (жәшіктер); жалпыәскери жарғылар; машиналарды парктен шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың қолдарының үлгілері; парк үй-жайларының, сақтау орындарының қосалқы кілттерінің жиынтығы; суды ағызуды есепке алу кітабы; бөлім командирінің парктегі ішкі қызметті ұйымдастыру жөніндегі бұйрығынан көшірмелер және басқа құжаттар болуы тиіс.

      446. Парктегі жұмыс аяқталысымен парк бойынша кезекші парктің барлық үй-жайларында және аумағында өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалғанын, тәртіпке келтірілгенін тексереді; бөлімшелер командирлерінен парк үй-жайларын, сақтау орындарын, ашық алаңдар мен қалқа астында тұрған сақтаудағы қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қабылдайды, оларды мөрлеуге рұқсат етеді және оларды қосымша парк бойынша кезекшінің мөрімен мөрлейді. Улы техникалық сұйықтарды сақтауда және пайдалану, өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзулар анықталған кезде бөлім бойынша кезекші мен бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына дереу баяндайды, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады. Өрт сөндіру наряды адамдарымен бірлесіп паркті тексергеннен және өрт сөндіру жетонын алғаннан кейін ол паркті қарауылға күзетуге тапсырады.

Парк бойынша тәуліктік кезекші

      447. Парк бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан (матростардан) тағайындалады.
      Ол паркте белгіленген тәртіптің сақталуы мен машиналарды парктен шығарудың және олардың паркке қайтып оралуының дұрыстығы үшін жауап береді. Парк бойынша тәуліктік кезекші парк бойынша кезекшіге бағынады.

      448. Парк бойынша кезекті тәуліктік кезекші:
      тек парк бойынша кезекшінің рұқсатымен әскери қызметшілерді паркке жіберуге, сондай-ақ машиналарды және басқа техниканы парктен шығаруға және паркке кіргізуге;
      паркте тазалық пен тәртіпті ұстауға және парк бойынша кезекшіге анықталған парктегі ішкі тәртіпті бұзулар туралы баяндауға;
      парк үй-жайлары мен аумағында, осы үшін арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, шылым шегуге және от жағуға жол бермеуге;
      машиналардың тұрақтағы орындарынан (орнына) тек парк бойынша кезекшінің рұқсатымен шығарылуын (қойылуын) бақылауды жүзеге асыруға;
      суық уақытта парктің от жағылатын үй-жайларында ауа температурасын қадағалауға; от жағылмайтын және далалық парктерде қозғалтқыштардың суыту жүйелерінен судың ағызылуын және "Суы ағызылды" деген тақтайшаның ілінуін; қатты аяздарда машиналардың аккумуляторлары алынғанын және "Аккумулятор батареялары алынды" деген тақтайшаның ілінуін бақылауды жүзеге асыруға;
      өрт шыққан кезде оны сөндіруге шаралар қолдануға және бұл туралы парк бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.

      449. Кезекті тәуліктік кезекші паркке кіреберіске қойылады, ал бос ауысымның тәуліктік кезекшісі парктегі жұмыс уақытында парк аумағында болады және ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалайды және парк бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпейді.

Кезекші тартқыштың механик-жүргізушісі (жүргізушісі)

      450. Кезекші тартқыштың механик-жүргізушісі (жүргізушісі) бөлімшелердің механик-жүргізушілерінен (жүргізушілерінен) тағайындалады және кезекші тартқыштың қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды дереу эвакуациялауға ұдайы әзірлігі үшін жауап береді. Ол парк бойынша кезекшіге бағынады.

      451. Кезекші тартқыштың механик-жүргізушісі (жүргізушісі):
      парк бойынша тәуліктік наряд адамдары үшін бөлінген үй-жайда ұдайы болуға;
      парк үй-жайлары мен сақтау орындарынан қару-жарақты, әскери техника мен басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды эвакуациялау үшін кезекші тартқышты пайдалану ережелері мен тәртібін білуге;
      кезекші тартқышта бар қозғалтқышты сырттан от алдыру, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы сүйреу мен эвакуациялау құралдарының болуына және ақаусыз жай-күйде ұстауға;
      кезекші тартқыштың төмен температурада тез және кедергісіз от алуын қамтамасыз ететін кезекші тартқыш қозғалтқышының белгіленген температуралық режимін ұстауға;
      паркте өрт шыққан кезде тартқышты дереу жұмыс істейтін жай-күйге келтіруге және парк бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды эвакуациялауға кірісуге міндетті.

Медициналық пункт, медициналық рота бойынша кезекші
фельдшер (санитарлық нұсқаушы)

      452. Медициналық пункт, медициналық рота бойынша (бұдан әрі - медициналық пункт) кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) медициналық пункттегі ішкі тәртіп, ал дәрігер болмағанда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін жауап береді. Ол бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне және бөлімнің медициналық пунктінің бастығына бағынады. Оған медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа кезекшілер медициналық пункт бастығы мен бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      453. Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы):
      медициналық пунктте болуға; қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшіні қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кететінін хабарлауға;
      медициналық пунктте стационарлық емделудегі науқастардың санын, сырқаттану сипатын, әрбір науқасқа тағайындалған ем мен тамақтануды білуге, дәрігердің тағайындауларын орындауға;
      белгіленген уақытта асханаға берілетін азық-түліктердің дұрыс сапасын айқындау және оларды ас тарату мәзіріне сәйкес қазандарға салу үшін келуге;
      тамақты таратар алдында оның сапасын, тағамдардың температуралық режимін, тамақтануды ұйымдастыруға, сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық жай-күйін тексеруге, ол туралы тамақ дайындау сапасын есепке алу кітабына жазба жазуға;
      амбулаторлық қабылдау басталғанға дейін рота бойынша кезекшілерден қабылдауға жазылған әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларын жинап алуға және науқастардың температурасын өлшеуге;
      медициналық пунктке кенеттен сырқаттанған әскери қызметшілер келіп түскен кезде оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, жұқпалы сырқаттарды оқшаулау жөнінде шаралар қабылдауға және медициналық пункт бастығына баяндауға;
      рота (бөлімше) бойынша кезекшінің немесе бөлім бойынша кезекшінің шақыруы бойынша сырқаттанғанға медициналық көмек көрсету үшін дереу келуге, ал шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда сырқаттанғанды медициналық пунктке дереу жіберуге және бұл туралы кезекші дәрігерге баяндауға;
      демалыстан, іссапарлардан келген, қарауыл және асхана бойынша нарядқа тағайындалатын жеке құрамды, сондай-ақ рейске шығар (парктен шығар) алдында жүргізушілерді (механик-жүргізушілерді) медициналық тексеруді жүргізуге;
      медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілерден сырқаттанғандарды мұқият бақылауды және қарауды талап етуге;
      тағамдардың сапасын, температуралық режимін, сырқаттанғандар үшін тағам тасымалдау ережелерін сақтауға және оны уақтылы таратуға, медициналық пункт үй-жайларын жинауға және залалсыздандыруға, олардағы температураны және оларды уақтылы желдетуге бақылауды жүзеге асыруға;
      кезекшілікті қабылдау (тапсыру) кезінде улы және есірткі заттарын , психотроптық заттар мен прекурсорларды және олар сақталатын шкафтардың кілттерін қол қоюмен қабылдауға (тапсыруға) және күзет дабылдамасының ақаусыздығын тексеруге;
      кезекшілікті қабылдаған кезде шұғыл медициналық көмек көрсетудің санитарлық техникалық көлік құралының әзірлігі мен медициналық жабдықтармен жабдықталуын тексеруге; оны бөлімнің медицина қызметі (медициналық пункт) бастығының және бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен тікелей арналуы бойынша қолдануға;
      кезекшілікті қабылдағаннан кейін бөлім бойынша кезекшіге медициналық пунктте стационарлық емделудегі сырқаттардың саны туралы мәліметтерді ұсынуға;
      медициналық пунктке медициналық пункт бастығы және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген кезде оларға өзін таныстыруға міндетті.
      Мысалы: "Майор мырза. Кезекші фельдшер сержант Қамбарова".
      Өзін таныстырғаннан кейін кезекші фельдшер келген адамға медициналық пункттегі сырқаттардың болуы және олардың жай-күйі туралы баяндайды.

Медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекші

      454. Медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекші санитарлардан тағайындалады және кезекші фельдшерге (санитарлық нұсқаушыға) бағынады. Егер медициналық қызмет штатында санитар лауазымы жоқ болса, онда медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекші медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін орындау қарсы көрсетілмеген, жазылып келе жатқан мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерінен тағайындалады.
      Ол:
      кезекші фельдшердің (санитарлық нұсқаушының) нұсқауы бойынша және оның бақылауымен келіп түскен сырқаттарды санитарлық өңдеуді жүргізуге;
      сырқаттардың жеке заттарын қабылдауға және залалсыздандыруға әзірлеуге;
      сырқаттарға қызмет көрсетуге, оларға тамақ және ішетін су беруге;
      медициналық пункттің үй-жайын жинауға;
      медициналық пункттегі ішкі тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші

      455. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші сержанттардан (старшиналардан) тағайындалады. Ол бөлімге келген (кеткен) адамдарды өткізудің (шығарудың) дұрыстығы, мүлікті алып шығудың (кіргізудің) немесе әкетудің (алып келудің) дұрыстығы үшін жауап береді ( 31-қосымша ). Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне бағынады. Оған бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері бағынады.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      456. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші:
      таралымнан кейін тізімдеме бойынша құжаттаманы, жабдық пен мүкәммалды қабылдауға;
      бөлімге келген адамдардың рұқсаттамалар мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, тізімін бөлім командирі бекіткен лауазымды адамдардың рұқсатымен және бөлім бойынша кезекшінің, оның көмекшісінің нұсқаулары бойынша бір жолғы рұқсаттамаларды беруге;
      қандай да бір мүлікті алып шығудың (кіргізудің) немесе әкетудің (әкелудің) дұрыстығын тексеруге;
      бөлім бойынша кезекшіге ол құжаттарының дұрыстығына күмән келтіретін адамдар туралы баяндауға;
      бөлім орналасқан жерден мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне шығу құқығына құжаттарынсыз, әскери киім нысанын кию ережелерін бұзулармен, ал жаяу тәртіппен саппен келе жатқан командаларға белгі беретін жалаушаларсыз (белгі беретін қол шамдарсыз) шығуға рұқсат етпеуге;
      бақылау-өткізу пунктінде болуға; бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына көмекшісін қалдыруға;
      өз көмекшілерінің қызмет атқаруының дұрыстығын тексеруге;
      бөлім командирі мен оның орынбасарлары келгенде, оларды қарсы алуға және оларға өзін таныстыруға міндетті.

      457. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші өз әскери бөлімінікі емес офицерлерді қарсы алады және оларға өзін таныстырады.
      Мысалы: "Генерал-майор мырза. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші сержант Оразбеков". Одан кейін ол дереу келгендер туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      458. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіде: бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне нұсқаулықтар; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына және өрт қауіпсіздігі талаптары жөніндегі нұсқаулықтар; күн тәртібі мен қызмет уақытының регламенті; бөлім аумағына кіруге, мүлікті әкелуге, алып шығуға және әкетуге рұқсат етуге құқығы бар адамдардың тізімі, олардың қолдарының үлгілері; бір жолғы рұқсаттамалардың бланкілері; бір жолғы рұқсаттамаларды беруді есепке алу кітабы; демалыс билетінің, іссапар куәлігінің (нұсқамасының), шабармандар үшін хабардар ету карточкаларының, сейілдеме қағазының, тұрақты, бір жолғы және материалдық рұқсаттамалар мен жол қағаздарының үлгілері; жалпы әскери жарғылар; келушілерді есепке алу журналы (оған кім, кімге келді, келу мақсаты, келу және кету уақыты жазылады) және басқа да құжаттар болуы тиіс.

Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі

      459. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі сарбаздардан (матростардан) тағайындалады. Ол бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге бағынады.
      Кезекшінің кезекті көмекшісі бақылау-өткізу пунктінен шықпайды және келген адамдарды бөлім аумағына өткізудің дұрыстығы, сондай-ақ мүлікті дұрыс алып шығу (кіргізу) немесе әкету (әкелу) үшін жауап береді.

      460. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші:
      өз бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін жеке куәлігі (рұқсаттамалар) бойынша, ал мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін сейілдеме қағазы (демалыс билеттері, іссапар куәліктері, нұсқамалары, хабардар ету карточкалары) бойынша нысанды киіммен және ұқыпты киінген түрде, басқа адамдарды тек рұқсаттамалар бойынша өткізуге;
      тұрақты немесе бір жолғы рұқсаттамалар тексеру кезінде оларды бақылау-өткізу пунктінде бар үлгілерімен салыстырып тексеруге, мөрдің болуын, сондай-ақ фотосуреттің оны көрсетушіге сәйкес келетіндігін тексеруге, олардың мерзімі өтіп кетпегендігін, ал бір жолғы рұқсаттамалар келуші шыққан кезде рұқсаттама берілген адамның белгісі болуын бақылауды жүзеге асыруға;
      материалдық рұқсаттама (жол қағазы) бойынша қандай да бір мүлікті алып шығу (кіргізу) немесе әкету (әкелу) кезінде атап айтқанда нені және қанша санда (орындар саны) алып кіру немесе өткізу рұқсат етілгенін тексеруге; бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің рұқсатымен тек жол қағаздары бар машиналарды өткізуге;
      бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге мерзімі өтіп кеткен құжаттары бар және ол құжаттарының дұрыстығына күмәнданатын адамдар туралы баяндауға;
      бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге бөлім командирінің, оның орынбасарларының, сондай-ақ өз бөлімінікі емес офицерлердің келгені туралы дереу баяндауға міндетті.

Асхана бойынша кезекші

      461. Асхана бойынша кезекші сержанттардан (старшиналардан) тағайындалады. Ол қоймадан азық-түліктердің алынуының, олардың қазанға толық салынуының дұрыстығы, белгіленген нормалар бойынша тамақты уақтылы беру, ас үй мүкәммалы мен ыдысының сақталуы, сондай-ақ асханадағы санитарлық-гигиеналық жай-күй және онда тәртіпті ұстау үшін жауап береді. Асхана бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне, бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Оған асханада жұмыс істеу үшін тағайындалған тәуліктік наряд пен аспаздар бағынады.

      462. Асхана бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына, ал ол болмағанда азық-түлік қызметінің бастығына нұсқамаға келеді.
      Таралым алдында асхана бойынша жаңа кезекші наряд құрамын тексереді, оны медициналық қарауға ұсынады және асхана бойынша тәуліктік нарядтың ведомосын толтырады. Таралымнан кейін ол тізімдеме бойынша құжаттарды, ас үй мүкәммалы мен ыдысын қабылдайды, технологиялық жабдықтардың дұрыстығын тексереді, асхана бойынша нарядтың жеке құрамы арасында жұмысты бөледі, асханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, жеке және қоғамдық гигиена талаптары бойынша нұсқама жүргізеді.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы асхана бойынша бұрынғы және жаңа кезекші бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      463. Асхана бойынша кезекші:
      жабдықталымда тұрған жеке құрамның санын және ас тарату мәзірін білуге;
      нұсқаушы-аспаздың (бас аспаздың) қоймадан азық-түліктерді алуын, олардың тура салмағын және дәрігермен (кезекші фельдшермен) бірлесіп, азық-түліктердің сапасын жеке өзі бақылауға; қоймадан алынатын азық-түліктер ас тарату мәзіріне сәйкес келмегенде бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге, медицина қызметінің бастығына және командирдің тыл жөніндегі орынбасарына дереу баяндауға;
      азық-түліктерді өңдеуге, сондай-ақ ет пен балықты өңдеуді, әзір тамақты беруді тек аспаздардың жүргізуін бақылауды жүзеге асыруға;
      ет пен балықты жабдықталымдарға бөлу кезінде болуға, олардың салмағын, сондай-ақ нұсқаушы-аспаздың (бас аспаздың) тамақ дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабындағы жазудың дұрыстығын тексеруге;
      азық-түліктерді қазанға салу кезінде қатысуға және бөліп салу бойынша барлық тиесілінің қазанға тура салмағы бойынша салынуын бақылауға;
      асханадағы жұмысқа медициналық қараудан өтпеген әскери қызметшілерді жібермеуге, жұмыс уақытында гигиена ережелерінің сақталуын қадағалауға;
      асханада жұмыс істеу үшін тағайындалған әскери қызметшілер арасында жұмысты бөлуге;
      асханада тазалық пен тәртіпті ұстауға, асханада жеке құрамның бас киімде, пальтода (шинельде), жылы астары бар күртешеде және жұмыс (арнайы) киімінде, сондай-ақ кір (тазаланбаған) киім нысанында және аяқ киімде тамақ ішуіне жол бермеуге;
      үстелдерді уақтылы жасау мен жинауға бақылауды жүзеге асыруға, асхана-ас үй ыдысының берілуін, оны бөлімшелерден қабылдауды, сондай-ақ ыдысты сапалы жууды ұйымдастыруға; оны асханадан әкетуге рұқсат етпеуге;
      дәрігер (фельдшер) сапасын тексермей және бөлім бойынша кезекші оны таратуға рұқсат етпей, тамақты беруге жол бермеуге, тамақты уақтылы және дұрыс беруді және оны бөлімшелерге беруде кезектілікті нақты сақтауды бақылауды жүзеге асыруға;
      азық-түлік қорларының тазалықта және тәртіпте сақталуының, олардың сенімді сақталуының қамтамасыз етілуін талап етуге;
      рота старшиналарының немесе роталар (бөлімшелер) бойынша кезекшілердің өтінімдері бойынша оның белгіленген мерзімнен артық сақталуына жол бермей, тамақ шығысын қалдыруға;
      азық-түліктерді өңдегеннен кейін қалдықтарды уақтылы жинап алуды ұйымдастыруға және асханаға іргелес аумақтың тазалығын қадағалауға;
      асханаға бөтен адамдарды жібермеуге;
      өрт қауіпсіздігі және технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
      барлық кемшіліктер туралы бөлім бойынша кезекшіге немесе оның көмекшісіне баяндауға;
      асханаға бөлім командирлерінің орынбасарлары және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген кезде оларға өзін таныстыруға міндетті.
      Мысалы: "Полковник мырза. Асхана бойынша кезекші сержант Оразғалиева".

      464. Асхана бойынша кезекшіде асхана бойынша кезекшіге, бас аспазға (аспазға), нан кесушіге, асхана бойынша жұмысшыларға нұсқаулықтар; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына және өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар; технологиялық жабдықтарда жұмыс істеу кезінде техника және қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар; күн тәртібі, бөлімшелердің, тәуліктік нарядтың тамақ ішу кезектілігінің схемасы; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы; асханада бар мүлік пен жабдықтың тізімдемесі; дайындалған тамақтың сапасын бақылау кітабы; әзір тамақтың және азық-түліктерді өңдеу кезіндегі қалдықтардың шығыс нормалары; азық-түліктерді пісіру ұзақтығының кестесі; нан, май мен қант беру нормалары және басқа да құжаттар болуы тиіс.

Бөлімнің штаб бойынша кезекші

      465. Бөлімнің штаб бойынша кезекші бөлім штабы мен қызметтерінің сержанттарынан тағайындалады. Ол штабтың қызмет бөлмелерінің күзеті, штаб үй-жайының тазалығы, шабармандардың дұрыс қызмет атқаруы үшін және хат-хабарлар мен телефонограммаларды уақтылы қабылдау және жеткізу үшін жауап береді.
      Бөлімнің штаб бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне және бөлім штабының бастығына бағынады.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім штабының бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

      466. Бөлімнің штаб бойынша кезекші:
      таралымнан кейін тізімдеме бойынша құжаттаманы, жабдық пен мүкәммалды қабылдауға;
      жұмыстан тыс уақытта кірген поштаны қабылдауға;
      қызметтік телефонограммаларды қабылдауға және беруге;
      шабармандарға басшылық жасауға;
      штаб үй-жайында болуға, онда тазалық пен тәртіпті ұстауға; штаб үй-жайына бөтен адамдарды бөлім командирі белгілеген тәртіппен жіберуге;
      бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген кезде дереу бөлім штабы мен қызметтерінің барлық әскери қызметшілерін хабардар етуге; түнгі уақытта жарықпен бүркемелеуді қадағалауға;
      қызмет үй-жайларын күзетке қабылдауға және олардың кілттерін сақтауға;
      пештерді жағу ережелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жұмыс күні аяқталған соң штаб үй-жайларының өртке қарсы қауіпсіздігін тексеруге;
      өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру командасын шақыруға, оны сөндіруге және құжаттар мен штаб мүлкін құтқаруға шаралар қолдануға, бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге және бөлімнің штаб бастығына дереу баяндауға;
      штабқа бөлімнің штаб бастығы мен бөлім командирінің басқа да орынбасарлары және олардың үлкен бастықтары, сондай-ақ өз әскери бөлімінікі емес офицерлер келгенде, оларға өзін таныстыруға міндетті.
      Мысалы: "Майор мырза. Бөлімнің штаб бойынша кезекшісі сержант Құсайынова".

      467. Бөлім штабы бойынша кезекшіде кіріс хат-хабарларын, кіріс және шығыс телефонограммаларын есепке алу журналы, сондай-ақ әскери бөлім шегінен тыс тұратын бөлім басқармасы әскери қызметшілерінің, олардың мекенжайлары, телефондары мен оларды шақыру тәсілі көрсетілген тізімі болуы тиіс.

Кезекші белгі беруші-барабаншы

      468. Кезекші белгі беруші-барабаншы бөлімшенің даярланған сарбаздарынан тағайындалады және бөлім бойынша кезекші мен оның орынбасарына бағынады. Ол бөлім бойынша кезекшінің бөлмесіне жақын үй-жайда болуға және бөлім бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің бұйрығы бойынша белгілер беруге міндетті.
      Белгі беруші-барабаншы жоқ кезде белгі беру үшін техникалық музыка ойнату құралдары қолданылуы мүмкін.

Өрт сөндіру наряды

      469. Өрт сөндіру наряды бөлімнің штаттық (штаттан тыс) өрт сөндіру командасынан мынадай құрамда тағайындалады: наряд бастығы, жүргізушілер (моторшылар) мен берілген өрт сөндіру машиналарының немесе басқа да автомобильдердің (мотопомпалардың) саны бойынша өрт сөндіру есептоптарының нөмірлері, өрт сөндіру постыларының саны бойынша сақшылар.
      Өрт сөндіру наряды бөлім бойынша кезекшіге және өрт сөндіру командасының бастығына бағынады.

      470. Өрт сөндіру наряды:
      барлық бөлімшелердің үй-жайында және бөлім аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      посты табельдеріне сәйкес өрт сөндіру-постылық қызмет атқаруға;
      объектілердегі өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығына бақылауды жүзеге асыруға;
      сақтау орындарының, қоймалардың бастықтарымен және парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшілермен бірлесіп, объектілерді жабар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын және электр желілерінің сөндірілуін тексеруге, осы ережелер сақталған кезде оларға өрт сөндіру жетонын беруге;
      бөлім бойынша кезекшіге белгіленген уақытта бөлімдегі өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы туралы баяндауға;
      өрт шыққан кезде оны сөндіруге қатысуға міндетті.
      Өрт сөндіру наряды өз міндеттерін бөлім командирі белгілеген уақытта орындайды.
      Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа өрт сөндіру нарядының бастықтары бөлімнің штаттан тыс өрт сөндіру командасының бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.
      Өрт сөндіру наряды өрт сөндірудің қажетті құралдарымен, ал өрт сөндіру есептоптарының құрамында өрт сөндіру автомобильдерінде (мотопомпаларда) қызмет атқаратын әскери қызметшілер ауа-айырушы газтұмшалармен, су өткізбейтін арнайы матадан тігілген күртелермен, шалбарлармен, белбеулермен және болат дулығалармен қамтамасыз етіледі.

Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші

      471. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші қойма аймағындағы зымырандардың, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдардың сақталуына жауапты офицерлерден немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшілер - сержанттардан тағайындалады.
      Ол қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) өткізу режимінің, өрт қауіпсіздігі талаптарының, ішкі тәртіптің сақталуы және қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша нарядтың қызмет атқаруы үшін жауап береді.
      Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне, ал ішкі қызмет тәртібімен - бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына бағынады. Оған қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.
      Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орны бастығына) орынбасарына нұсқамаға келеді.
      Тәуліктік нарядтың таралымынан кейін қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша жаңа кезекші бөлім бойынша кезекшіден қойма аймағын (техникалық аумақты) ашуға нарядтардан көшірме алады және бұрынғы кезекшіден тізімдемеге сәйкес құжаттар мен мүлікті қабылдап алады, онымен бірге қойма аймағын аралап шығады және ол туралы кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазу жаза отырып, мөрленген сақтау орындарын (қоймаларды) қабылдайды.
      Кезекшілікті тапсырғаны және қабылдағаны туралы бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына баяндайды.

      472. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші:
      оған бөлінген үй-жайда болуға; қызметтік істер бойынша кеткен кезде өз орнына бос ауысымның тәуліктік кезекшісін қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кеткенін хабарлауға;
      бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгі алысымен қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) жеке құрамды уақтылы хабардар етуге, қойма аймағын (техникалық аумақты) ашуға және келген тиеу командаларының есебін жүргізуге және бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға;
      кезекшілікті қабылдау кезінде өрт сөндіру машиналарының ақаусыздығын және қолдануға әзірлігін тексеруге;
      қойма аймағына (техникалық аумаққа) келген барлық адамдардың рұқсаттамалары мен олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын мұқият тексеруге, біржолғы рұқсаттамаларға қойма аймағына (техникалық аумаққа) келген және кеткен уақыты туралы жазу жазуға, ауысқаннан кейін рұқсат қағаздарын (32-қосымша) бөлімнің техникалық бөліміне (тыл штабына) тапсыруға;
      ол туралы тиісті кітаптарда жазу жаза отырып, бөлім бойынша бұйрықпен берілген, рұқсаты мен мөрі бар адамдарды сақтау орындарын (қоймаларды) ашуға жіберуге, олар ашқан кезде жеке өзі қатысуға;
      тәртіптемелерге, нарядтарға, материалдық рұқсаттамаларға және жол қағаздарындағы жазбаға сәйкес қойма аймағынан (техникалық аумақтан) мүлікті алып шығуды (кіргізуді) бақылауға, сондай-ақ қойма аймағының аумағына (техникалық аумаққа) бөтен адамдардың кіргізілмеуін бақылауға;
      қойма аймағында (техникалық аумақта) күн тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және қандай сақтау орындарында (қоймаларда) қандай жұмыстар орындалып жатқанын білуге; қойма аймағында (техникалық аумақта) сақталатын мүлікке (зымырандарға, оқ-дәрілерге, әскери-техникалық мүлікке) қызмет көрсетумен немесе қойма аймағын (техникалық аумақты) жабдықтаумен байланысты емес жұмыстарға жол бермеуге;
      қойма аймағында (техникалық аумақта) жеке құрамның болуын ұдайы білуге;
      үй-жайлар мен қойма аймағының аумағындағы (техникалық аумақтағы) тазалыққа және тәртіпке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және өрт сөндіру құралдарының және өрт дабылдамасының болуын және жай-күйін тексеруге; қойма аймағының аумағына (техникалық аумаққа) жұмыс істеу үшін келген жеке құрамнан шылым шегетін және тұтандыратын құрал-жабдықтарын алуға; жарылу қаупі бар заттарды тасымалдау үшін техникалық аумаққа тек жабдықталған және ақаусыз техникалық құралдарды жіберуді жүзеге асыруға;
      кешке қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) барлық жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орындарында (қоймаларда) жарықтың сөндірілуіне, ал сақтау орындары (қоймалар) мен қойма аймағының (техникалық аумақтың) сыртқы жарығының жағылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) барлық тәртіп бұзушылықтар туралы бөлім бойынша кезекшіге дереу баяндауға;
      қойма аймағына (техникалық аумаққа) бөлім командирінің орынбасарлары және одан жоғары тікелей бастықтар келгенде оларды қарсы алуға және баяндауға міндетті.
      Мысалы: "Полковник мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиға болған жоқ (немесе мынадай оқиға болды). Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші лейтенант Сапарбек".
      Баяндағаннан кейін кезекші келген бастықты қойма аймағының аумағы (техникалық аумақ) бойынша алып жүреді.
      Қойма аймағында өрт шыққан кезде қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші өрт сөндіру командасын дереу шақырады, өрт сөндіруге және материалдық құралдарды құтқаруға шаралар қабылдайды және болған оқиға туралы бөлім командиріне және оның қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына баяндайды.
      Қойма аймағында (техникалық аумақта) жұмыс аяқталғаннан кейін қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші барлық сақтау орындарында (қоймаларда) және қойма аймағының аумағында (техникалық аумақта) өрт қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалғанын, тәртіпке келтірілгенін тексереді, өрт сөндіру нарядымен бірлесіп сақтау орындарының (қоймалардың) өртке қарсы қауіпсіздігін тексереді және сақтау орындарының (қоймалардың) бастықтарынан әскери-техникалық мүлікті, зымырандарды, оқ-дәрілерді сақтау орындарын (қоймаларды), алаңдарды қабылдап алады, сондай-ақ оларды мөрлеуге рұқсат етеді және оларды қосымша өз мөрімен мөрлейді. Өрт сөндіру нарядының адамдарымен бірлесіп, қойма аймағын (техникалық аумақты) тексергеннен және өрт сөндіру жетонын алғаннан кейін ол қарауыл бастығымен бірге барлық сақтау орындарын (қоймаларды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлердің, құлыптар мен пломбылардың болуын тексереді, одан кейін қойма аймағын (техникалық аумақты) қарауылға күзетуге тапсырады.
      Қойма аймағында (техникалық аумақта) жұмыс басталар алдында қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, барлық сақтау орындарын (қоймаларды, алаңдарды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлер мен пломбылардың болуын тексереді, одан кейін қойма аймағын қарауыл күзетінен алады және тиісті лауазымды адамдар сақтау орындарын (қоймаларды) ашқан кезде қатысады.

      473. Қару мен оқ-дәрілер арсеналдарында, базаларында, оқшауландырылған сақтау бөлімдерінде әскери бөлімдер командирлерімен бекітілетін осы объектілердегі қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қоймалар мен сақтау орындарын ашу және қарауылға күзетуге тапсыру тәртібін айқындайтын қосымша нұсқаулықтар әзірленуі мүмкін. Осы объектілерде техникалық аумақ бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, оқ ату қаруы, қол гранаталары мен оқ ату қаруына оқ-дәрілер бар сақтау орындарын қарап шығады; басқа сақтау орындарын бөлімдер бастықтары (сақтау бөлімдері бастықтарының көмекшілері), сақтау орындарының бастықтары өрт сөндіру наряды адамдарымен бірлесіп қарап шығады, одан кейін бар байланыс құралдары арқылы қарауылға күзетуге тапсырады, осы сақтау орнының техникалық күзет дабылдамасы құралдарын қосуды сұрайды және олардың іске қосылғанына көз жеткізеді. Сақтау бөлімдері бастықтарының қоймалар бойынша кезекшіге сақтау орындарына жүргізілген тексерулер мен мөрлеу туралы жазбаша баяндауынан кейін қоймалар бойынша кезекші техникалық аумақты қарауылға күзетуге тапсырады.
      Жұмыс басталар алдында техникалық аумақ бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, тек оқ ату қаруы, қол гранаталары мен оқ ату қаруына оқ-дәрілер бар сақтау орындарын (қоймаларды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлер мен пломбалардың болуын тексереді. Басқа оқ-дәрілерді сақтау орындарын бөлімдер бастықтары (сақтау бөлімдері бастықтарының көмекшілері) сақтау орындарының бастықтарымен бірлесіп тексереді, одан кейін техникалық аумақты қарауыл күзетінен алады және тиісті лауазымды адамдар сақтау орындарын (қоймаларды) ашқан кезде қатысады.

Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші

      474. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) белгіленген тәртіптің сақталуы үшін жауап береді.
      Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшіге бағынады.

      475. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші:
      қойма аймағына (техникалық аумаққа) әскери қызметшілерді жіберуге, сондай-ақ машиналар мен басқа техниканы тек қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшінің рұқсатымен қойма аймағына (техникалық аумаққа) кіргізуге және қойма аймағынан (техникалық аумақтан) шығаруға;
      қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) тазалық пен тәртіпті бақылауды жүзеге асыруға;
      осы үшін бөлінген арнайы орындарды қоспағанда, қойма аймағының (техникалық аумақтың) үй-жайларында және аумағында шылым шегуге және от жағуға жол бермеуге;
      өрт шыққан кезде қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшіге дереу баяндауға және оны сөндіруге шаралар қабылдауға;
      қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) барлық тәртіп бұзушылықтар туралы қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшіге дереу баяндауға;
      қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшінің орнына қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.
      Кезекті тәуліктік кезекші қойма аймағындағы (техникалық аумаққа) кіреберіске тұрғызылады, ал бос ауысымның тәуліктік кезекшісі қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) жұмыс уақытында қойма аймағының аумағында (техникалық аумақта) болады және ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалайды және қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпейді.

Рота бойынша кезекші

      476. Рота бойынша сержанттардан және ерекшелік ретінде неғұрлым даярланған сарбаздардан тағайындалады. Ол рота әскери қызметшілерінің алынған белгілер мен өкімдер туралы уақтылы хабардар етілуі, күн тәртібінің нақты орындалуы және ротадағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі басқа да ережелердің сақталуы, қарудың, оқ-дәрілері бар жәшіктердің, рота мүлкінің, сарбаздар мен сержанттар жеке заттарының сақталуы және тәуліктік кезекшілердің қызметті дұрыс атқаруы үшін жауап береді. Рота бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібімен рота командиріне және рота старшинасына бағынады. Оған рота бойынша тәуліктік кезекші бағынады.
      Ротаның барлық сержанттары мен сарбаздары рота бойынша кезекшінің оның қызметтік міндеттерімен айқындалған талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс.

      477. Таралым алдында рота бойынша жаңа кезекші ротаның тағайындалған тәуліктік наряд құрамын тексереді, оны қарайды және рота старшинасына таныстырады. Нұсқамадан, қараудан, міндеттерін білетінін тексергеннен және рота старшинасы практикалық сабақтар өткізгеннен кейін ол бұрынғы кезекшіден жеке құрамның болуы мен шығысы туралы мәліметтерді қабылдайды және тәуліктік нарядты таралымға апарады.
      Таралымнан кейін жаңа кезекші бұрынғы кезекшімен бірге қаруды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді және олардағы мөрлерді, тізімдеме бойынша мүлікті тексереді және қабылдайды, өрт сөндіру мен хабардар ету құралдарының болуы мен ақаусыздығын тексереді, одан кейін кезекшілер кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына қолдарын қояды.
      Қару дана бойынша, нөмірлері бойынша және жиынтықта қабылданады. Бұл ретте құлыптардың, күзет дабылдамасының, шкафтардың, мөрлер мен басқа да жабдықтардың дұрыстығы тексеріледі.
      Кезекшілікті қабылдап, жаңа кезекші бұрынғымен бірге рота командиріне немесе оның орнындағы адамға кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы баянатпен келеді.
      Мысалы: "Капитан мырза. Сержант Әжібаев рота бойынша кезекшілікті тапсырды". "Капитан мырза. Кіші сержант Алтаев рота бойынша кезекшілікті қабылдады".
      Одан кейін рота бойынша жаңа кезекші барлық жасалған ескертулер мен таралымда бөлім бойынша кезекші берген нұсқаулар туралы, сондай-ақ кезекшілікті қабылдау кезінде анықталған ақаулар немесе кемшіліктер туралы хабарлайды.

      478. Рота бойынша кезекші:
      бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуға, рота орналасқан жерден тыс тұратын ротаның әскери қызметшілерін хабардар етуге, ротаның офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері келгенге дейін бөлім бойынша кезекшінің нұсқауларын орындауға;
      ротаның жауынгерлік есебін білуге;
      ротада күн тәртібінің нақты орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, белгіленген уақытта жеке құрамды жаппай ұйқыдан тұрғызуға;
      ротаның орналасқан жерін және оны шақыру тәртібін, ротадағы жеке құрамның болуын, жауынгерлік кезекшіліктегілердің, жауынгерлік қызметтегілердің, нарядтағылардың, сырқаттанғандардың, бөлім орналасқан жерден сейілдемеге босатылғандардың немесе командалар құрамында жіберілгендердің санын, сондай-ақ қарудың болуын және нақты шығысын білуге;
      пистолеттерден басқа қаруды рота командирінің, бөлім бойынша кезекшінің қатысуымен, ал көрсетілген лауазымды адамдардың біреуі болмаған кезде ол туралы қару мен оқ-дәрілерді беру кітабына жаза отырып, бөлім командирінің жеке рұқсатымен беруге, қаруды қабылдау кезінде оның нөмірлері мен жиынтығын тексеруге; күндізгі уақытта қару сақтауға арналған бөлмелердің кілттерін өзімен бірге алып жүруге, ал кешкі тексеруден кейін бөлім бойынша кезекшіге мөрленген пеналда сақтауға тапсыруға;
      ротада қандай да бір оқиғалар және ротаның сарбаздары мен сержанттары арасындағы жарғылармен белгіленген өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылықтар жағдайында тәртіпке келтіруге шұғыл шаралар қабылдауға, бұл туралы бөлім бойынша кезекші мен рота командиріне немесе оның орынбасарына, ал соңғылар болмағанда рота сержантына (старшинасына) дереу баяндауға;
      ротаның өрт сөндіру құралдарының және қару сақтауға арналған бөлмелерінің күзет дабылдамасының болуын және ақаусыздығын, ротадағы өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға (шылым шегуге тек арнайы бөлінген орындарда, киім-кешекті кептіруге тек кептіретін жерлерде рұқсат етуге, пештерді жағу және шамдарды пайдалану ережелерінің орындалуын бақылауға);
      өрт шыққан кезде өрт сөндіру командасын шақыруға, оны сөндіруге шаралар қолдануға және бөлім бойынша кезекші мен рота командиріне дереу баяндауға, сондай-ақ қауіп төніп тұрған үй-жайлардан жеке құрамды әкету, қару мен мүлікті шығару жөнінде шаралар қабылдауға;
      бөлім бойынша кезекшінің командасы бойынша казарманың есігін тиектерге жабуға, ал әскери қызметшілерді жіберуді келушінің жеке басымен алдын ала танысқаннан кейін дабылдама қоңырауы бойынша жүзеге асыруға;
      тәуліктік кезекшілерді уақтылы ауыстыруға; рота сержантының (старшинасының) бұйрығы бойынша жұмысқа тағайындалған бөлімшелер мен әртүрлі командаларды жөнелтуге, сондай-ақ барлық сырқаттанғандар мен дәрігердің қарауына жататындарды медициналық пунктке жөнелтуге;
      белгіленген сағатта әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шығарылатындарды сапқа тұрғызуға, бұл туралы рота старшинасына баяндауға және оның бұйрығы бойынша оларды бөлім бойынша кезекшіге таныстыруға;
      қызмет істері бойынша рота үй-жайынан кеткенде, сондай-ақ демалу уақытында өзінің міндеттерін атқаруды бос ауысымының бір тәуліктік кезекшісіне беруге;
      рота старшинасынан кешкі тексеруден кейін жеке құрамның шығысы; іссапарларға кеткен командалар; сабақтардағы қару мен оқ-дәрілер туралы; болмағандар, ал өз еркімен кетіп қалғандар болған кезде, олардың тегі мен аты туралы мәлімет алуға, бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға.
      Мысалы: "Капитан мырза. Бірінші танк ротасында кешкі тексеру өткізілді, демалыстағы екі адамды, нарядтағы үш адамды қоспағанда, барлық адамдар түгел. Рота бойынша кезекші сержант Тоқышев";
      таңертеңгі тексеруден кейін бөлім бойынша кезекшіге техникалық байланыс құралдары арқылы рота жеке құрамының болуы мен шығысы, түнде болған оқиғалар туралы баяндауға, ал сейілдемеден кешіккендер мен өз еркімен кетіп қалғандар болған кезде, олардың тізімін беруге; белгіленген уақытта сырқаттарды жазу кітабын бөлімнің медициналық пунктіне ұсынуға;
      тағайындалған жинаушыларға басшылық жасауға; рота үй-жайларын мұқият жинауды және ұстауды, оларда белгіленген ауа температурасын ұстауды, үй-жайларға жарық беру, жылыту, желдету тәртібін сақтауды, шағын бөшкелерде ішетін судың және қолжуғыштарда судың болуын, сондай-ақ ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін жинауды бақылауды жүзеге асыруға;
      рота старшинасының нұсқауы бойынша асхана бойынша кезекшіге жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы немесе басқа да қызмет істері бойынша жоқ адамдарға тамақ қалдыруға өтінімдерді уақтылы беруге;
      ротаға рота командирі және одан жоғары тікелей бастықтар, бөлім бойынша кезекші, сондай-ақ инспекциялаушы (тексеруші) адамдар келген кезде "Тік тұр" командасын беруге, оларға баяндауға және рота орналасқан жер бойынша ілесіп жүруге міндетті.
      Мысалы: "Майор мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ (немесе мынадай болды). Рота жауынгерлік оқ ату алаңында айналысуда. Рота бойынша кезекші сержант Тоқышев".
      Басқа әскери қызметшілер жоқ кезде "Тік тұр" командасы берілмейді, тек баяндалады.
      Басқа офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге баяндамайды, тек өзін таныстырады.
      Мысалы: "Лейтенант мырза. Рота бойынша кезекші сержант Тоқышев".
      Өз ротасынікі емес офицерлер келгенде рота бойынша кезекші, сондай-ақ оларға өзін таныстырады және оларды рота командиріне алып келеді.
      Келген командирді (бастықты) рота командирі қарсы алған және оған баяндаған жағдайда бұл ретте қатысып тұрған рота бойынша кезекші баяндамайды, тек өзін таныстырады және рота командирінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      479. Рота бойынша кезекшіде: рота бойынша кезекшіге және тәуліктік кезекшіге нұсқаулықтар, бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына және өрт қауіпсіздігі талаптары жөніндегі нұсқаулықтар, күн тәртібі; казармадан тыс тұратын әскери қызметшілердің мекенжайы, телефондары мен шақыру тәсілдері көрсетілген тізімі; жинау үшін ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесінің схемасы; рота қарамағындағы мүліктің тізімдемесі; таңертеңгі дене жаттығуын өткізу нұсқалары; таңертеңгі дене жаттығуы үшін киім нысандарының үлгілері; кезекшілікті қабылдау және тапсыру, қару мен оқ-дәрілерді беру (қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмеде болады), сырқаттанғандарды, сейілдемеге шығатындарды жазу кітаптары; жалпыәскери жарғылар; өрт сөндіру командалары мен бөлім бойынша кезекшінің телефондарының нөмірлері; кезекшілерге (тәуліктік кезекшілерге) берілетін типтік командалар мен белгілердің тізбесі және басқа да құжаттар болуы тиіс.

      480. Елді мекенде орналасқан кезде рота бойынша кезекші одан басқа, сарбаздар (матростар) мен сержанттардың (старшиналардың) рота орналасқан ауданнан шықпауын бақылауды жүзеге асырады.

Рота бойынша тәуліктік кезекші

      481. Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің күзетуіндегі қарудың, пистолеттері бар шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрілері бар жәшіктің, рота мүлкінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

      482. Кезекті рота бойынша тәуліктік кезекші казарма үй-жайының ішінде кіретін есіктің алдында, қару сақтауға арналған бөлмеге жақын жерде қызмет атқарады.
      Ол:
      рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз рота үй-жайынан ешқайда шықпауға; қару сақтауға арналған бөлмені ұдайы бақылауға;
      үй-жайға бөтен адамдарды өткізбеуге, сондай-ақ казармадан рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қаруды, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды шығаруға жол бермеуге;
      рота бойынша кезекшіге ротада барлық болған оқиғалар туралы, рота әскери қызметшілері арасында жалпыәскери жарғылармен белгіленген өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзылулары туралы, байқалған ақаулар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылулары туралы дереу баяндауға, оларды жоюға шаралар қабылдауға;
      жалпы ұйқыдан тұрғызу кезінде, сондай-ақ түнде бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру немесе өрт жағдайында жеке құрамды оятуға, күн тәртібіне сәйкес уақтылы команда беруге;
      үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпке бақылауды жүзеге асыруға және әскери қызметшілерден оларды сақтауды талап етуге;
      суық уақытта, әсіресе түнде әскери қызметшілердің үй-жайдан киінбей шығуына жол бермеуге;
      әскери қызметшілердің тек осы үшін арнайы бөлінген орындарда шылым шегуін, аяқ киімі мен киімін тазалауын бақылауды жүзеге асыруға;
      ротаға рота командирі және одан жоғары тікелей бастықтар мен бөлім бойынша кезекші келген кезде "Тік тұр" командасын беруге; ротаға ротаның басқа офицерлері, сондай-ақ рота сержанты және өз ротасынікі емес әскери қызметшілер келгенде кезекшіні шақыруға. Мысалы: "Рота бойынша кезекші, шығыңыз";
      кезекші жарық беру тәртібі мен ережелерін сақтауға міндетті.
      Кезекті тәуліктік кезекшіге жабдығын шешуге және киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.
      Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларында тәртіп пен тазалықты ұстауға және рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге, рота сарбаздары немесе сержанттары арасында жалпыәскери жарғылармен белгіленген өзара қарым-қатынас ережелері бұзылған жағдайда оған тәртіпке келтіруде көмек көрсетуге, әскери қызметшілердің тек осы үшін бөлінген орындарда шылым шегуін, аяқ киімін және киімін тазалауын бақылауды жүзеге асыруға; рота бойынша кезекшінің орнына қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.

      483. Ротаны елді мекенде пәтерлерге орналастырған кезде тәуліктік кезекшілердің біреуі көшеде, рота командирі белгілеген және қолайсыз ауа райынан қорғау үшін қалқамен жабдықталған орында ешқайда кетпей тұруы тиіс.
      Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда екенін әр уақытта білуі тиіс және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті. Байқалған барлық бұзушылықтар туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.

Батальон (бөлімшелер) бойынша кезекші

      484. Батальон (бөлімшелер) бойынша сержанттардан тағайындалады және бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне бағынады. Батальон бойынша кезекші батальондағы ішкі қызмет тәртібімен батальон командиріне, ал бөлімшелер бойынша кезекші бөлім бойынша бұйрықпен осы бөлімшелер бойынша үлкен болып тағайындалған бөлімшелердің біреуінің командиріне бағынады.
      Батальон (бөлімшелер) бойынша кезекші рота бойынша кезекшінің міндеттеріне сәйкес жауапты болады және міндеттерін орындайды. Бұл ретте бөлімшелер бойынша кезекші орналасқан жерге бөлім бойынша кезекші, инспекциялаушы (тексеруші) адамдар, ішкі тәртіп бойынша ол бағынатын адамдар келгенде "Тік тұр" командасын беруге және баяндауға міндетті, бөлімшенің қалған командирлеріне ол тек баяндайды.

      485. Бөлімнің қалған бөлімшелерінен жеке орналасқан батальонда батальон бойынша кезекші офицерлерден немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол бөлім бойынша кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерін орындайды.

                                            Ішкі қызмет жарғысына
                                                   1-ҚОСЫМША

       Әскери қызметшілердің әскери атақтарының тізбесі

Әскери атақтар

Кемелік атақтар

Сарбаздар (матростар) құрамы

Қатардағы жауынгер

Матрос

Ефрейтор

Аға матрос

Сержанттар (старшиналар) құрамы

Кіші сержант

Екінші сатылы старшина

Сержант

Бірінші сатылы старшина

Аға сержант

Бас старшина

Үшінші сыныпты сержант

Үшінші сыныпты старшина

Екінші сыныпты сержант

Екінші сыныпты старшина

Бірінші сыныпты сержант

Бірінші сыныпты старшина

Штаб-сержант

Штаб-старшина

Шебер-сержант

Шебер-старшина

Офицерлер құрамы

Кіші офицерлер құрамы

Лейтенант

Лейтенант

Аға лейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Капитан-лейтенант

Аға офицерлер құрамы

Майор

Үшінші дәрежелі капитан

Подполковник

Екінші дәрежелі капитан

Полковник

Бірінші дәрежелі капитан

Жоғары офицерлер құрамы

Генерал-майор

Контр-адмирал

Генерал-лейтенант

Вице-адмирал

Генерал-полковник

Адмирал

Армия генералы


        Ескертпе:

      1. Ұлан әскери бөлімінде, ұлан кемесінде қызмет өткеретін әскери қызметшінің әскери атағының алдына "ұлан" сөзі қосылады.
      2. Заңгерлік, медициналық әскери-есептік мамандықтары бар әскери қызметшілердің әскери атақтарына тиісінше "әділет", "медицина қызметінің" деген сөздер қосылады.
      Авиацияның (инженерлік-авиациялық даярлығы бар ұшу, инженерлік құрамының) жоғары офицерлер құрамы үшін атағына "авиация" сөзі қосылады.
      Мысалы: медицина қызметінің лейтенанты, медицина қызметінің генерал-майоры, әділет генерал-полковнигі, авиация генерал-майоры.
      Запастағы немесе отставкадағы адамдардың әскери атақтарына тиісінше "запастағы" немесе "отставкадағы" деген сөз қосылады.
      3. Сержанттардың (старшиналардың) әскери атақтарына әскер тектерінің немесе қызметінің атауы қосылмайды.
      4. Оқу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер әскери лауазымы бойынша, әскери атақтары жоқ офицерлер - курсанттар деп аталады.

Ішкі қызмет жарғысына 
2-ҚОСЫМША       

Құрметті келушілер кітабы

      1. Құрметті келушілер кітабы (бұдан әрі - Кітап) барлық әскери бөлімдерде (кемелерде) жүргізіледі.

      2. Кітапта құрметті келушілер өздерінің әскери бөлімге (кемеге) келгені туралы естелік жазба қалдырады.
      Жазуды жүзеге асыру үшін Кітапты әскери бөлім (кеме) командирі құрметті келушіге ұсынады.

      3. Кітапты сақтау орнын әскери бөлім (кеме) командирі оның мәніне сәйкес келетіндей және онымен бүкіл жеке құрамның танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей айқындайды.

Ішкі қызмет жарғысына
3-ҚОСЫМША     

Әскери қызметшілерге сұрақ қоюды жүргізу тәртібі

      1. Сапқа тұрғызу және сұрақ қоюды жүргізу орнын, уақытын, тәртібін, киім нысанын әскери бөлім командирі немесе инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адам сұрақ қою басталғанға дейін бір-екі күн бұрын айқындайды.
      Сұрақ қоюды жүргізетін адамдар ол басталғанға дейін әскери бөлімнің өтініштерді тіркеу кітабымен және олар бойынша қабылданған шешімдермен танысуға міндетті.

      2. Сұрақ қоюды жүргізетін бастықтарды қарсы алу Саптық жарғының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Сұрақ қою әскери қызметшілердің санаттары бойынша - сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға), офицерлерге жеке жүргізіледі.
      Офицерлерге сұрақ қою атқаратын лауазымдары бойынша - взводтар командирлеріне, роталар командирлеріне, батальондар командирлеріне және оларға теңестірілгендерге жеке жүргізіледі. Роталар мен батальондар командирлерінің орынбасарлары және оған теңестірілгендерге өз командирлерінен (бастықтарынан) жеке сұрақ қойылады.
      Сұрақ қою үшін бөлімше командирлері және одан жоғары әскери қызметшілер бөлім командирінің командасы бойынша саптан шығады және Саптық жарғыда белгіленген тәртіппен сапқа тұрғызылады.

      4. Сарбаздарға (матростарға) сұрақ қою роталар бойынша (бөлімшелер бойынша) жүргізіледі.

      5. Сұрақ қоюды жүргізу кезінде әскери бөлім (бөлімше) командирі немесе инспекциялаушы адам әскери қызметшілердің қайсысында ұсыныстар, өтініштер, шағымдар, сұрау салулар бар екенін сұрайды.
      Ұсынысы, өтініші, шағымы, сұрау салуы бар әскери қызметші лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды және ұсынысын, өтінішін, шағымын, сұрау салуын ауызша баяндайды немесе жазбаша түрде ұсынады.

      6. Әскери бөлім командирі жүргізген сұрақ қою уақытында берілген барлық ұсыныстар, өтініштер, шағымдар, сұрау салулар әскери бөлімнің өтініштерді тіркеу кітабына, ал бөлімше командирі жүргізген сұрақ қоюдағы - тек әскери бөлім командирі және одан жоғары бастық шешім қабылдауы тиістері жазылады.

      7. Инспекциялау (тексеру) уақытында әскери қызметшілерге сұрақ қою кезінде анықталған ұсыныстар, өтініштер, шағымдар, сұрау салулар әскери бөлімнің өтініштерді тіркеу кітабына енгізілмейді.

Ішкі қызмет жарғысына
4-ҚОСЫМША     

Әскери антты қабылдау рәсімі

      1. Әрбір әскери қызметші Қарулы Күштердің қатарына қабылданған кезде жеке тәртіпте әскери ант қабылдайды және оны өз қолын қойып бекітеді.
      Әскери қызметші әскери антты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында қабылдайды.

      2. Әскери антты:
      толықтыруға келген сарбаздар мен матростар, келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш айқындалған азаматтар - арнайы бағдарламаны өткеннен және олар Конституция мен Қазақстан Республикасын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама талаптарын, сарбаздың (матростың) негізгі міндеттерін, Әскери анттың, әскери бөлім Жауынгерлік Туының және әскери тәртіптің мәнін меңгергеннен кейін әскери бөлімге келген күннен бастап бір айдан кейін, бірақ екі айдан кешіктірілмей;
      бұрын әскери ант қабылдамаған әскери (арнаулы) оқу орындарының тыңдаушылары, курсанттары - оқу орнына қабылдаған сәттен бастап осы мерзім өткеннен кейін;
      әскери (арнаулы) оқу орындарының оқушылары - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан кезде;
      бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер - оқу-жаттығу жиындары басталғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей;
      жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялаумен - бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер - әскери бөлімге келгеннен кейін қабылдайды.

      3. Әскери жиындардағы бұрын әскери ант қабылдамаған әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер әскери бөлім командирінің, әскери (арнаулы) оқу орны, мекеме бастығының басшылығымен оны қабылдайды.

      4. Әскери ант қабылдау уақыты, орны мен тәртібі әскери бөлім командирінің бұйрығында жарияланады. Әскери антты қабылдау күні осы әскери бөлім үшін мереке күні болып табылады.

      5. Белгіленген уақытта әскери бөлім оркестрмен жаяу сапқа салтанатты, ал соғыс уақытында далалық киім нысанында қарумен роталық (взводтық) лектер сызығына тұрғызылады.
      Жауынгерлік Ту белгіленген тәртіппен сапқа тұрғызу орнына алып шығарылады.
      Әскери ант қабылдар алдында бөлім командирінің командасы бойынша әскери қызметшілер сабының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты көтеріледі, жеке құрам Мемлекеттік әнұранды орындайды. Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін бөлім командирі қысқаша сөзінде Конституцияның талаптарын, әскери анттың және Отанға адал болуға әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерге жүктелетін құрметті міндеттің мәнін естеріне салады.
      Түсіндірме сөзінен кейін әскери бөлім командирі ту ұстаушы мен оның ассистенттеріне саптың ортасына шығу үшін команда береді, содан кейін "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және бөлімше командирлеріне жеке құрамға әскери ант қабылдатуға кірісуге бұйырады.
      Бөлімшелер командирлері әскери ант қабылдайтын әскери қызметшілерді саптан кезекпен шақырады. Әрбір әскери ант қабылдаушы бөлімше сабының алдында мемлекеттік немесе орыс тілінде әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан кейін арнайы тізімдегі өз тегінің тұсындағы бағанға өзі қол қояды және саптағы өз орнына барып тұрады.
      Әскери ант қабылдайтын адамдарға тізімдер бланкілері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген үлгі бойынша алдын ала дайындалады және бірінші парағында Мемлекеттік елтаңба мен әскери анттың мәтіні болады.
      Ант қабылдау аяқталғаннан кейін әскери ант қабылдағандардың жеке қолдары қойылған тізімдерді бөлімшелер командирлері әскери бөлім командиріне тапсырады.
      Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді, ал барлық бөлімді толық құқылы жаңа буынмен құттықтайды. Әскери бөлім құттықтауға созылыңқы үш дүркін "Урамен" жауап береді. Оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайды. Содан кейін қолбасшылық өкілдері мен шақырылғандар сөз сөйлейді. Әскери бөлім командирі: "ТУ ҰСТАУШЫ, САПҚА ТҰР" деген команда береді.
      Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты маршпен өтумен және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын әкетумен аяқталады.
      Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығару мен әкету Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Төмен температурада және қолайсыз ауа райында әскери ант қабылдау үй-жайда өткізілуі мүмкін. Бөлім командирі сөз сөйлегеннен кейін бөлімшелер үй-жайларға тарайды. Әскери ант қабылдау аяқталғаннан кейін бөлімшелер команда бойынша салтанатты маршпен өту үшін көрсетілген орынға қайтадан сапқа тұрғызылады.
      Белгіленген күні әскери ант қабылдамаған әскери қызметшілер оны келесі күндері Жауынгерлік Тудың жанында бөлім командирінің басшылығымен қабылдайды.

      6. Әскери ант қабылдау жауынгерлік және еңбек даңқы орындарында, сондай-ақ Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің бауырластар зираттары басында қабылдануы мүмкін.

      7. Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің тізімін бұйрықта жариялайды.
      Әскери ант қабылдағандардың тізімі әскери бөлім штабында нөмірленген, тігілген және сүргілі мөрмен мөрленген жеке папкада бес жыл бойы сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады, онда елу жыл бойы сақталады.
      Әскери қызметшінің әскери билетінде, есептік-қызметтік карточкасында (жеке ісінде) "Әскери ант қабылдады (күні, айы, жылы, әскери бөлімнің атауы)" деген белгі қойылады, ол штаб бастығының қолымен және бөлімнің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

      8. Рәсімді уақтылы, нақты орындау және әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді есепке алу үшін командир, ал әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің тізімінің сақталуы үшін әскери бөлім штабының бастығы жауапты болады.

Ішкі қызмет жарғысына
5-ҚОСЫМША      

Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын тапсыру рәсімі

      1. Жауынгерлік Туды әскери бөлімге ол құрылғанда Қазақстан
Республикасының Президенті атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілдері тапсырады.
      Жауынгерлік Туды тапсыру кезінде әскери бөлімге Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы беріледі.

      2. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін әскери бөлім сапқа салтанатты, ал далалық жағдайларда және соғыс уақытында далалық киім нысанында қарумен Саптық жарғыда белгіленген тәртіппен тұрғызылады.
      Жауынгерлік жағдайларда Жауынгерлік Туды тапсыру кезінде әскери бөлімді сапқа тұрғызу тәртібі жауынгерлік жағдайды ескере отырып айқындалады.

      3. Жауынгерлік Туды сапқа тұрғызу орнына шығару үшін Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген бастықтың қарамағына әскери бөлім командирі негізінен ордендермен және медальдармен наградталған офицерлерден немесе сержанттардан (старшиналардан) ту ұстаушы мен екі ассистент, ту ұстаушы взвод тағайындалады. Ассистенттер қылышпен қаруланады.

      4. Белгіленген уақытта ту ұстаушы Жауынгерлік Туды қабында алып шығады және Жауынгерлік Туды тапсыратын бастықтың соңынан үш адым жерде әскери бөлім сапқа тұрғызылған орынға жүреді. Бұл ретте ту ұстаушы Жауынгерлік Туды сол жақ иығына Саптық жарғыда көрсетілген күйде ұстайды; ту ұстаушының оң және сол жағында онымен қатар ассистенттер жүреді.
      Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам сапқа қырық-елу адымға жақындағанда әскери бөлім командирі команда береді.
      Мысалы: "Бригада, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)". Егер бригада карабиндермен қаруланған болса, онда: "Бригада, ТІК ТҰР. Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін қарауыл-ҒА".
      Оркестр "Қарсы алу" маршын ойнайды. Оркестр ойнауды бастасымен ту ұстаушы ассистенттермен және ту ұстаушы взводпен тоқтайды. Ту ұстаушы Жауынгерлік Туды Саптық жарғының талаптарына сәйкес оны аяғының жанында еркін түсірілген оң қолымен ұстап, оң аяғына тура қояды.

      5. Әскери бөлім командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адамға жақындап, оның алдына екі-үш адым жерге тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Армия генералы мырза. 41-ші механикаландырылған Суворов орденді бригадасы Жауынгерлік Туды тапсыру жағдайына байланысты сапқа тұрғызылды. Бөлім командирі ұлан полковнигі Дүйсекеев".
      Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адамға баяндау үшін бөлім командирі тоқтаған сәтте оркестр ойнауын тоқтатады.

      6. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам баянатты қабылдап, сап ортасының алдына тұрады, әскери бөліммен сәлемдеседі және "ЕРКІН ТҰР" командасын береді. Әскери бөлім командирінің "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша ту ұстаушы взвод саптың сол қапталындағы өз орнына барып тұрады, ал ту ұстаушы ассистенттерімен Жауынгерлік Туды тапсырушы адамға жақындайды және оның соңынан екі-үш адым жерде сол (оң) жаққа қарай сапқа қарсы тұрады. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам ту ұстаушыға жақындайды. Ту ұстаушы оған Жауынгерлік Туды тапсырушы жақындасымен Жауынгерлік Туды еңкейтеді және оны екі қолымен көлденең ұстайды. Жауынгерлік Туды тапсырушы Жауынгерлік Тудың қабын шешеді және Жауынгерлік Туды жазады. Содан кейін ту ұстаушы Жауынгерлік Туды тік қойып және оны оң қолымен ұстап, сапқа қарсы тұрады.
      Жауынгерлік Туды тапсырушы адам "ТІК ТҰР" командасын береді және Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасын (бұдан әрі - Грамота) оқиды, одан кейін оны әскери бөлім командиріне тапсырады. Әскери бөлім командирі Грамотаны қабылдап, оны ассистентке береді. Жауынгерлік Ту бөлім командиріне тапсырылады. Оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

      7. Әскери бөлім командирі оркестр Мемлекеттік әнұранды орындағаннан кейін Жауынгерлік Туды ту  ұстаушыға береді және Грамотаны алады. Содан кейін әскери бөлім командирі: "Ту ұстаушы, менің соңымнан, АДЫМ - БАС" командасын береді. Ту ұстаушы "Адым" командасы бойынша Жауынгерлік Туды сол иығына алады.

      8. Әскери бөлім командирі, оның соңында үш адым жерде ту ұстаушы Жауынгерлік Тумен және ассистенттер бөлім сабының сол қапталына жүреді, одан кейін саптың маңдайшебі бойымен (саптан он-он бес адым жерде) саптың оң қапталына өтеді. Оң қапталға шыға отырып, әскери бөлім командирі ту ұстаушыны ассистенттерімен сапта оларға белгіленген орынға тұрғызады. Оркестр қозғалыс басталысымен және ту ұстаушы сапта тоқтағанға дейін "Қарсы алу" маршын орындайды. Әскери бөлім Жауынгерлік Туды созылыңқы "Урамен" қарсы алады.
      Ту ұстаушы орнына тұрғаннан кейін әскери бөлім командирі оркестрге ойнауды тоқтату үшін белгі береді, саптың ортасына шығады және Жауынгерлік Туды тапсырған адамның қасына тұрады, содан кейін оның нұсқауы бойынша "Еркін тұр" командасын береді, ал егер бөлімнің "қарауылға" күйінде карабиндері болса, онда алдын ала "Аяқ-ҚА" командасын береді.

      9. Жауынгерлік Туды тапсырған адам әскери бөлімді Жауынгерлік Туды алуымен құттықтайды, бөлімше құттықтауға үш дүркін созылыңқы "Урамен" жауап береді. Одан кейін әскери бөлім командирі жауап сөз сөйлейді.

      10. Рәсім аяқталғанда әскери бөлім Жауынгерлік Туды тапсырған адамның алдынан салтанатты шерумен өтеді. Салтанатты шерумен өткенде әскери бөлім сапқа қайта тұрғызылады және Жауынгерлік Ту оны сақтау орнына Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен апарылады.

      11. Жауынгерлік Туды алғаны туралы әскери бөлім бойынша бұйрық беріледі, онда Жауынгерлік Туды сақтау үшін орын, ту ұстаушы мен ассистенттер айқындалады.

      12. Жауынгерлік Тудың саптағы күйі, оны шығару және әкету тәртібі Саптық жарғымен, ал оны күзету тәртібі Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысымен айқындалады.

Әскери бөлімге орден тапсыру тәртібі

      13. Әскери бөлімге орден тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша адамдар жүргізеді.

      14. Әскери бөлім орден тапсыру үшін Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен қарумен сапқа тұрғызылады.
      Жауынгерлік жағдайларда орден тапсыру кезінде әскери бөлімді сапқа тұрғызу тәртібі жауынгерлік жағдайды ескере отырып айқындалады.

      15. Орден тапсыратын адам бөлім командирінің баяндауын қабылдап және жеке құраммен амандасып, сап ортасының алдына тұрады.
      Бөлім командирі "Ту ұстаушы, МАҒАН КЕЛ" командасын береді. Осы команда бойынша штаб бастығының көмекшісі (орынбасары) Жауынгерлік Тудың алдына екі адым жерде тұрып: "Менің соңымнан, АДЫМ - БАС" деп команда береді және орден тапсыратын адамға жақындап, ту ұстаушы мен ассистенттерді сапқа қарсы қояды, ал өзі олардың оң жағына қарай тұрады.
      Одан кейін орден тапсыратын адам саптың алдында Қазақстан Республикасы Президентінің бөлімді орденмен наградтау туралы Жарлығы мен Грамотасын оқиды, содан кейін Грамотаны бөлім командиріне береді, ал орденді бөлімнің Жауынгерлік Туына қадайды. Оркестр Мемлекеттік әнұранды орындайды. Оркестр ойнауды аяқтағаннан кейін орден тапсырған адам бөлімді мемлекеттік наградасымен құттықтайды. Бөлім құттықтауға үш дүркін созылыңқы "Урамен" жауап береді.
      Бөлім командирі жауап сөз сөйлейді.

      16. Жауап сөз сөйлегеннен кейін бөлім командирі: "Ту ұстаушы, менің соңымнан, АДЫМ - БАС" командасын береді. Бөлім командирі команда беріп, оның соңынан үш адым жерде штаб бастығының көмекшісі (орынбасары), одан әрі екі адым жерде ту ұстаушы Жауынгерлік Тумен және ассистенттер саптың сол қапталына қарай жүреді, ал содан кейін саптың маңдайшебі бойымен (саптан он-он бес адым жерде) бөлімнің оң қапталына қарай жүреді, онда штаб бастығының көмекшісі (орынбасары), ту ұстаушы мен ассистенттер оларға сапта айқындалған орынға тұрады.
      Оркестр ту ұстаушының қозғалысы басталысымен және сапта тоқтағанға дейін "Қарсы алу" маршын орындайды. Бөлім Жауынгерлік Туды созылыңқы "Урамен" қарсы алады. Қорытындысында әскери бөлім орден тапсырған адамның алдынан салтанатты шерумен өтеді.

      17. Әскери бөлім наградталған Қазақстан Республикасының ордендері Жауынгерлік Туға матаның бет жағына ордендердің үлкендік тәртібімен тағылады.
      Бірінші орден матаның жоғарғы жиегінен он бес сантиметр және ағаш сабынан он сантиметр, қалған ордендер ағаш саптың бойымен жоғарыдан төмен қарай бір-бірінен бес-он сантиметр аралықта тағылады.
      Ордендерді Жауынгерлік Туға тағу үшін матада қажет болған кезде тесіктер жасалады, олар жібекпен оралады.

Жауынгерлік Туды сақтау және ұстау тәртібі

      18. Жауынгерлік Ту бейбіт және соғыс уақытының барлық шарттары мен жағдайларында өз әскери бөлімімен бірге болады. Оны әр уақытта қарауыл күзетуі, ал оны әскери бөлімге шығару кезінде ту ұстаушы взвод күзетуі тиіс.
      Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы:
      әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде және ол елді мекендерде орналасқан кезде - бөлім штабының үй-жайында;
      полигонда (лагерьлерде), оқу-жаттығуларда, жауынгерлік жағдайда - әскери бөлім командирі көрсеткен жерде болуы тиіс.
      Бейбіт уақытта ерекше жағдайларда бірнеше әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын бірге сақтауға рұқсат етіледі.

      19. Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде Жауынгерлік Ту сабына жиналған күйде ордендермен, ордендер және тулар ленталарымен бірге әскери бөлімнің елтаңбалы сүргілі мөрімен мөрленген шынылы шкафта постыда сақталады. Ол тік күйде ту тұғырына (ағаш сапты бекітуге арналған ойықты тұғыр) орнатылуы тиіс.
      Постыда Жауынгерлік Тумен ерлігі мен жауынгерлік айбыны үшін Қорғаныс министрінің вымпелі күзетілуі мүмкін.

      20. Әскери бөлімді автомобиль, темір жол, су, әуе көлігімен тасымалдаған кезде және басқа да жағдайларда Жауынгерлік Ту оралған күйінде және әскери бөлімнің елтаңбалы сүргілі мөрімен мөрленген қабында сақталады. Жауынгерлік Ту үшін жеке автомобиль, купе (вагон), каюта, ұшақ (кабина) бөлінеді. Жауынгерлік Тумен бірге ту ұстаушы, ассистенттер мен қарауыл жүреді, сондай-ақ құпия құжаттарымен жәшік тасымалдануы мүмкін.

      21. Жауынгерлік Туды дұрыс сақтау және ұстау үшін әскери бөлім штабының бастығы тікелей жауап береді. Ол:
      жеке өзі немесе өзінің орынбасары мен көмекшілері арқылы сақшылардың постыда Жауынгерлік Тудың жанында кезекшілік атқаруын жүйелі тексеруге;
      Жауынгерлік Туды айына бір реттен сирек емес, бұл ретте ордендердің санын, жай-күйі мен нөмірлерін, ордендер ленталары мен матаның жай-күйін, қабының, бауларының, шашақтарының, сабының және ұштығының дұрыстығын тексере отырып, қарауды жүргізуге;
      Жауынгерлік Туды қарау кезінде анықталған кемшіліктерді бұл туралы әскери бөлім командиріне баяндай отырып, жоюға шаралар қабылдауға;
      бұл туралы әскери бөлім командиріне баяндай отырып, онда қарау уақытын, Жауынгерлік Туды қарау кезінде табылған кемшіліктерді және оларды жоюға қабылданған шараларды белгілей отырып, арнайы журнал жүргізуге міндетті.

      22. Жауынгерлік Туды қарауды штаб бастығы ту ұстаушының, ассистенттер мен қарауыл бастығының қатысуымен жүргізеді. Жауынгерлік Ту қапта болған жағдайда штаб бастығы оны қарау үшін жазуды бұйырады. Осы бұйрық бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды көлденең күйге түсіреді, ассистенттердің біреуі қабын алады, ал ту ұстаушы сабын жайлап айналдыра отырып, Жауынгерлік Туды жазады. Ассистенттер ту ұстаушыға көмектеседі және бауларының, шашақтарының шатыспауын, матаның жерге (еденге) тимеуін қадағалайды. Бұл ретте ордендердің саны мен жай-күйі, ордендер, ту ленталары мен маталардың жай-күйі, қабының, бауларының, шашақтарының, сабының және ұштығының дұрыстығы тексеріледі.
      Штаб бастығының Жауынгерлік Туды орау туралы бұйрығы бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды оның матасы жерге (еденге) тимейтіндей етіп көлденең күйге түсіреді. Одан кейін бір ассистент матаны ұштарынан ұстайды және оны жайлап тартады, ал ту ұстаушы мен екінші ассистент сабын жайлап айналдыра отырып, бет жағын ішке қаратып, бұл ретте қыртыстар болмауын және ордендік ленталардың, шашақтар мен баулардың шатаспауын қадағалай отырып, матаны орайды. Шашақтар оралған матаның бойымен тартылған бауларға жиналады.
      Мата оралып болған соң, ассистенттер Жауынгерлік Туға қабын кигізеді, штаб бастығы оны елтаңбалы сүргілі мөрмен мөрлейді және одан кейін Жауынгерлік Туды қарауылға күзетуге тапсырады.

      23. Жауынгерлік Туды әскери бөлімге шығару және оны қарауылға күзетуге тапсыру кезінде оны жазуды және орауды ту ұстаушы мен ассистенттері штаб бастығының немесе оның көмекшісінің (орынбасарының) тікелей бақылауымен осы қосымшаның 22-тармағында көрсетілгендей жүргізеді.

      24. Егер Жауынгерлік Ту қапталған күйінде сақталса, оның матасын кептіру үй-жайдан тыс көлеңкеде немесе үй-жайда жүргізіледі. Жауынгерлік Туды кептіру уақытында ту ұстаушы мен ассистенттер күзетеді.

      25. Әскери бөлімнің күштерімен және құралдарымен Жауынгерлік Тудың матасын жөндеуге тыйым салынады. Тек сабына, ұштығы мен бауларына аса қажетті жөндеу жүргізуге рұқсат етіледі.
      Жауынгерлік Тудың матасын жөндеу қажет болған жағдайда әскери бөлім командирі команда бойынша Жауынгерлік Тудың матасын арнайы шеберханаға жіберу туралы өтініш жасауға міндетті. Рұқсат алған кезде Жауынгерлік Тудың матасы фельдбайланыс арқылы шеберханаға жіберіледі.
      Жауынгерлік Тудың матасын жөндеуге тапсыру актімен ресімделеді.

Әскери бөлімдерді қайта құру (тарату) кезінде жауынгерлік
туларды, ордендер мен құрметті атауларды тапсыру тәртібі

      26. Жауынгерлік Ту әскери бөлімде бөлімнің атауы мен нөмірінің өзгеруіне қарамастан, әрдайым сақталады.
      Бөлімнің атауын немесе нөмірін өзгертуге әкеп соқтыратын әскери бөлімді қайта ұйымдастыру кезінде бұл өзгерістерді жоғары тұрған командир (бастық) Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасына енгізеді және елтаңбалы мөрімен куәландырады.

      27. Әскери бөлімдердің жауынгерлік дәстүрлерін және олардың сіңірген жауынгерлік еңбектері туралы естеліктерді сақтау үшін жауынгерлік тулар, ордендер мен құрметті атаулар басқа да әскери бөлімдерге тапсырылуы мүмкін. Бұл ретте Жауынгерлік Туды, ордендер мен құрметті атауларды тапсыру тек бөлімдердің арасында тікелей сабақтастық болған кезде, атап айтқанда, бір немесе бірнеше бөлімдерді жаңа бөлімге (бөлімдерге) қайта құру кезінде жүргізіледі.
      Бір әскери бөлімді екіншісіне қайта құрған кезде бөлімнің Жауынгерлік Туы, оның Грамотасы, қайта құрылатын бөлімнің ордендері мен құрметті атаулары жаңа әскери бөлімде толық сақталады.
      Бір әскери бөлімді екі немесе одан көп әскери бөлімдерге қайта құрған кезде Жауынгерлік Ту, оның Грамотасы, қайта құрылатын бөлімнің ордендері мен құрметті атаулары әскери бөлімдердің біреуінде толық сақталады.
      Екі және одан көп әскери бөлімдерді біреуіне қайта құрған кезде осы бөлімде Жауынгерлік Ту, оның Грамотасы, сондай-ақ қайта құрылатын бөлімдердің біреуінің барлық ордендері мен құрметті атаулары сақталады. Басқа бөлімдердің жауынгерлік тулары, олардың грамоталары, ордендері белгіленген тәртіппен тапсырылады.
      Техникалық жай-күйі бойынша Қарулы Күштер құрамынан шығаруға жататын кемелердің ордендері, құрметті атаулары, Әскери-теңіз жалаулары қатарға жаңадан іске қосылатын кемелерге алынып тасталатын кемелердің жеке құрамының бөлігін жаңа кемелердің экипаждарын жасақтауға берген жағдайда берілуі мүмкін. Бұл жағдайда жаңа кемеге ордендерді, құрметті атаулар мен Әскери-теңіз туын іс жүзінде беру тек Қарулы Күштер құрамынан оған ордендер, құрметті атаулар тиісті болатын кемені шығарғаннан кейін жүзеге асырылуы тиіс.
      Жаңа бөлімге Жауынгерлік Туды, ордендер мен құрметті атауларды, ал жаңадан салынған кемеге ордендерді, құрметті атауларды беруді Қорғаныс министрі мен басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары бөлімді қайта құру туралы немесе жаңадан салынған кеменің экипажын құру кезіндегі мәселені шешумен бір уақытта қарайды және белгіленген тәртіппен ресімдейді.
      Әскери бөлімді тарату кезінде Жауынгерлік Ту мен Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы қысқаша тарихи анықтамасымен бірге құпия тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті мен басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті органдары арқылы фельдбайланыспен экспонаттау және сақтау үшін мұражайға жөнелтіледі. Ордендер мен олардың құжаттары белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.

      28. Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларының бұйрығымен олардың жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаздар ретінде бөлімдердің тізімдеріне мәңгіге жазылған әскери қызметшілер туралы есте сақтау мақсатында, олардың аттары бөлімді таратқан жағдайда сабақтастығы бойынша басқа әскери бөлімдердің тізімдеріне жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда әскери қызметшілердің аттарын немесе құрметті сарбаздар ретінде әскери бөлімдердің тізімдеріне мәңгіге жазу Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларының бұйрығымен жүргізіледі.

Ішкі қызмет жарғысына
6-ҚОСЫМША      

Әскери бөлімнің (кеменің) жылдық мерекесі

      1. Әскери бөлімнің (кеменің) жылдық мерекесі әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасына адалдық, әскери борышына, жауынгерлік дәстүрлерге адалдық рухында тәрбиелеу және жауынгерлік жолдастықты нығайту мақсатында өткізіледі. Жылдық мереке күні болып әскери бөлімді (кемені) құру туралы уәкілетті органның акті шығару күні саналады.
      Жылдық мереке күні туралы әскери бөлімнің (кеменің) тарихи формулярында (тарихи анықтамасында) тиісті жазба жазылады.

      2. Бұл күні әскери бөлім Жауынгерлік Тумен және оркестрмен сапқа тұрғызылады. Оның сабы алдында қысқаша сөз сөйлеуінде әскери бөлім командирі, басқа да әскери қызметшілер мен ардагерлер бөлімнің жауынгерлік тарихы, бейбіт уақытта қол жеткізген жетістіктері туралы айтады. Содан кейін әскери бөлім салтанатты шерумен өтеді. Әскери бөлімде сапқа тұрғызудың орнына жылдық мереке қарсаңында салтанатты жиналыс өткізуге рұқсат етіледі.
      Бұл күні кемеде Әскери-теңіз туын салтанатты көтеру өткізіледі.
      Жылдық мереке күні басқа да салтанатты мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Әскери бөлімнің жылдық мерекесін мерекелеу күні демалыс күні болып жарияланады. Әскери бөлім командирі бұл күнге бөлімнің жеке құрамын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.
      Мерекеге басқа әскери бөлімдер мен қоғам өкілдері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және бөлімнің ардагерлері қатыса алады.

Ішкі қызмет жарғысына
7-ҚОСЫМША      

Келген буынды бөлімшелер бойынша бөлу тәртібі

      1. Келген буын бөлімшелер бойынша әрбір әскери қызметшінің іскерлік қасиеттерін зерделегеннен кейін және оның денсаулық жағдайын, шақырылған (тұрғылықты) орнын, шақыру бойынша әскери қызметке қабылданғанға дейінгі алған мамандығын, әскери-есептік мамандығын, мінездемесін және қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) (оқу орталығында) берілген кәсіби жарамдылығы туралы қорытындыны ескере отырып бөлінеді. Буынды бөлу туралы әскери бөлім бойынша бұйрық шығарылады.

      2. Белгіленген уақытта әскери бөлім оркестрмен бірге жаяу сапқа тұрғызылады.
      Жаңадан келген буын бөлімше старшиналарымен бірге сап ортасының алдына жиырма-қырық адым жерде сапқа қарама-қарсы екі қатарлы сапқа тұрғызылады.
      Сапқа тұрғызу және әскери бөлім командирін қарсы алу Саптық жарғыда көрсетілгендей жүргізіледі.

      3. Сәлемдесуге жауап алғаннан кейін әскери бөлім командирі қысқаша сөзінде бөлімнің жауынгерлік жолы, оның батырлары мен наградалары туралы, бөлімшенің жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері туралы және әскери қызметшілерге жүктелетін құрметті және жауапты міндеттер туралы айтады. Содан кейін мерзімді әскери қызметті аяқтаудағы бір-екі әскери қызметшіге, жаңадан келген бір-екі әскери қызметшіге сөз береді.

      4. Әскери бөлім штабының бастығы келген буынның бөлімше штатына қабылданғаны туралы бұйрықты жариялайды.
      Әскери бөлім командирі жеке құрамды жаңа толықтырумен құттықтайды, одан кейін оркестр Мемлекеттік әнұран орындайды.

      5. Әскери бөлім командирінің "Сапқа тұр" командасы бойынша бөлімше старшиналары жаңадан келген буынмен өз бөлімшелерінің сабына тұрады.

      6. Келген буынды бөлімшелер бойынша бөлу рәсімі әскери бөлімнің салтанатты шерумен өтуімен аяқталады.

Ішкі қызмет жарғысына
8-ҚОСЫМША      

Жеке құрамға қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы
беру тәртібі

      1. Әскери қызметшілерге қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы бекітіп беру олар әскери ант қабылдағаннан кейін жаңа оқу кезеңі басталғанға дейін жүзеге асырылады. Оған дейін олармен олардың жауынгерлік (техникалық) мүмкіндіктерін, кәзіргі заманғы ұрыстағы мәнін, сондай-ақ қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын зерделеу жөніндегі сабақтар өткізіледі.
      Бөлімшелер командирлері тапсырылатын қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың ақаусыздығын тексереді, команда бойынша тапсыруға әзірлігі туралы баяндайды.
      Әскери бөлім командирі қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы экипаждар (есептоптар) мүшелеріне, жүргізушілерге (механик-жүргізушілерге) және басқа да адамдарға бекітіп беру туралы бұйрық береді, жеке құрамға қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы салтанатты тапсыру уақыты мен тәртібін белгілейді. Бұйрық нөмірі мен қару-жарақ, әскери және басқа да техника бекітіліп берілетін адамдардың тектері формулярларға (паспорттарға) енгізіледі. Қарудың атауы, оның сериясы мен нөмірі, берілген күні сарбаздар мен сержанттар құрамы әскери қызметшілерінің әскери билеттеріне, сондай-ақ жеке құрамға қаруды бекітіп беру ведомостарына жазылады.

      2. Белгіленген уақытта әскери бөлім Жауынгерлік Ту жанына қарумен және оркестрмен жаяу сапқа тұрғызылады.
      Тапсыруға жататын қару сапқа тұрғызылатын жерге шығарылады және саптан он-он бес метр жерде столдарға қойылады. Басқа қару-жарақ, әскери және басқа да техника оларды сақтау орындарында тапсырылады.

      3. Әскери бөлім командирі қысқаша сөзінде жалпыәскери жарғылардың сеніп тапсырылған қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы ұстау, оларды Қазақстан Республикасын қорғау үшін жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұдайы ұстау туралы талаптарын әскери қызметшілердің естеріне салады. Содан кейін әскери бөлімнің жеке құрамына қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы бекітіп беру туралы бұйрық жарияланады.
      Бұйрық жарияланғаннан кейін әскери бөлім командирі: "Еркін тұр" командасын береді, бөлімшелер командирлеріне қаруды тапсыруға кірісуге бұйырады.
      Роталар (бөлімшелер) командирлері әскери қызметшілерді саптан кезекпен шақырады және оларға қару тапсырады.

      4. Қаруды тапсырғаннан кейін бөлім командирінің командасы бойынша әскери бөлім салтанатты маршпен өтеді, одан кейін бөлімшелер қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы сақтау орындарына кетеді.
      Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы қабылдау үшін үш жұмыс күніне дейін бөлінеді.
      Жеке құрам қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы қабылдау үшін экипаж бойынша (есептоп бойынша) сапқа тұрғызылады және рота (бөлімше) командирінің командасы бойынша олардың жай-күйі мен жиынтықталуын тексереді. Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы тексерудің қорытындылары техникалық жай-күй актілерінде көрсетіледі. Актілер үш данада жасалады, қабылдап алатын әскери қызметші және бөлімше командирі қолдарын қояды. Актілердің бірінші даналары рота (бөлімше) командирлерінің бағынысындағылардың қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы қабылдап алғаны туралы баянаттарымен бірге саптық бөлімге тапсырылады және әскери бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Актілердің екінші (үшінші) даналары қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы қабылдап алған (тапсырған) әскери қызметшілерге тапсырылады.
      Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы ұзақ сақтауда ұстау, соның ішінде корпустарын (объектілерін) герметизациялау жағдайында оларды ішінара герметизациялаудан алуға жол беріледі.
      Экипаждардың (есептоптардың) командирлері (бастықтары), (бастықтары), жүргізушілер (механик-жүргізушілер) немесе қару-жарақ, әскери және басқа да техника бекітіліп берілетін басқа да адамдар команда бойынша жазбаша рота (бөлімше) командирлеріне қабылдау актілерін қоса берумен баяндайды, оларға командирлерінің немесе басқа да адамдардың баяндауларын қабылдайды және оларға формулярлар (паспорттар) тапсырылады, оған олар қолдарын қояды және осы сәттен бастап қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы қабылдап алған жеке құрам оған жауап береді.
      Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы бекітіп бергеннен кейін әскери бөлім командирінің шешімі бойынша олардың жауынгерлік (техникалық) мүмкіндіктері және оларды шеберлікпен игеру үлгілері іс жүзінде көрсетілуі мүмкін.
      Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы герметизациялауды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар оларды тапсырғаннан кейін сол күні орындалуы тиіс.

      5. Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы тапсырғаннан кейін белгіленген уақытта әскери бөлім Жауынгерлік Тудың жанына қарумен және оркестрмен жаяу сапқа тұрғызылады, батальондар (бөлімшелер) командирлері әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары арқылы бағынысындағы жеке құрамға қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы тапсырғаны туралы әскери бөлім командиріне баяндайды.
      Әскери бөлім командирі жеке құрамды қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы тапсырумен құттықтайды.

      6. Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы тапсыру рәсімі әскери бөлімнің салтанатты шерумен өтуімен аяқталады.

Ішкі қызмет жарғысына
9-ҚОСЫМША      

Әскери қызметшілерді шығарып салу тәртібі

      1. Әскери қызметшілерді, теріс себептер бойынша босатылғандардан басқа, шығарып салу салтанатты жағдайда өтеді. Оларға әскери бөлімнің ардагерлері, басқа әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері, қоғам өкілдері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері шақырылуы мүмкін.
      Әскери қызметшілерді шығарып салу:
      әскери бөлім командирлерін - Жауынгерлік Ту жанында әскери бөлім сабының алдында (бөлім жиналысында);
      бөлімшелер командирлерін - офицерлерді, сержанттарды - бөлімшенің сабы алдында немесе офицерлердің, сержанттардың жиналысында;
      департаменттерде, бас басқармаларда, сондай-ақ әскерлер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің, бөлімшелердің басқармалары мен штабтарында қызмет өткеретін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді - саптың алдында немесе осы департаменттердің, бас басқармалардың, басқармалардың, штабтардың, бөлімшелердің жеке құрамы жиналысында;
      мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын) және сержанттарын (старшиналарын) - бір уақытта запасқа шығарылған әскери қызметшілердің санына байланысты әскери бөлімнің немесе бөлімшенің сабы алдында жүзеге асырылады.
      Әскери бөлім командирін шығарып салуды ұйымдастыру оның тікелей бастығына, ал қалған әскери қызметшілерді - әскери қызметші әскери қызмет өткерген әскери бөлімнің немесе бөлімшенің командиріне (департамент, бас басқарма, басқарма, штаб бастығына) жүктеледі.

      2. Командирді шығарып салу үшін әскери бөлім салтанатты немесе күнделікті киім нысанында қарусыз саптық байқау үшін Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен жаяу сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімді сапқа тұрғызуға тағайындалған командир басшылық жасайды, ал әскери бөлімнің кететін командирі шығарып салуды ұйымдастырушы командирдің (бастықтың) қасында тұрады.
      Шығарып салуды ұйымдастырушы командир (бастық) баянатты қабылдап және жеке құраммен амандасып, әскери бөлім командирін жаңа қызмет орнына ауыстыру туралы немесе запасқа не отставкаға шығару туралы бұйрықты жариялайды, қысқаша сөз сөйлейді, онда оның сіңірген еңбегін атап өтеді, сондай-ақ көтермелеулер туралы жариялайды, егер ол наградталған болса, грамота тапсырады.
      Жеке құрам сабының алдында басқа да әскери қызметшілер, әскери бөлімнің ардагерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері сөз сөйлеуі мүмкін, одан кейін әскери бөлімнің кететін командиріне оның өтініші бойынша жауап сөз сөйлеу құқығы беріледі.
      Сөз сөйлегеннен кейін кететін командир әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасады. Бұл үшін әскери бөлімнің тағайындалған командирі сап ортасының алдына тұрады және: "Ту ұстаушы, МАҒАН КЕЛ" командасын береді. Осы команда бойынша штаб бастығының көмекшісі (орынбасары) Жауынгерлік Тудың алдына екі адым жерде тұрып: "Менің соңымнан, АДЫМ - БАС" командасын береді және әскери бөлім командиріне жақын келіп, ту ұстаушы мен ассистенттерді оған қарама-қарсы қояды, ал өзі олардың оң жағына қарай тұрады. Кететін командир әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына келеді, бас киімін шешеді, бір тізесімен тұрады, бас киімін сол қолында ұстап, оң қолымен Жауынгерлік Ту матасының шетінен көтереді және басын иеді. Одан кейін орнынан тұрып, бас киімін киеді, оған қолын апарады, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын түсіріп, өз орнына барып тұрады.
      Жауынгерлік Тумен қоштасқаннан кейін ол тағайындалған командирдің командасы бойынша әскери бөлім сабында белгіленген орынға әкетіледі.
      Жауынгерлік Тумен қозғалыс уақытында оркестр "Қарсы алу" маршын ойнайды.
      Шығарып салу әскери бөлімнің салтанатты шерумен өтуімен аяқталады.

      3. Департаменттерде, бас басқармаларда, әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің, бөлімшелердің басқармалары мен штабтарында қызмет өткеретін әскери қызметшілерді шығарып салу 2-тармақта көрсетілген тәртіппен жүзеге  асырылады. Бұл ретте жеке құрам күнделікті киім нысанында сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылмайды.
      Әскери қызметшілерді шығарып салу уақытында әскери бөлім (бөлімше) командирі жиналыстарда жаңа қызмет орнына ауыстыру туралы немесе шығару туралы бұйрықты жариялайды, сөз сөйлейді, онда олардың сіңірген еңбектерін атап өтеді, сондай-ақ егер олар көтермелеу тәртібімен грамоталармен және бағалы сыйлықтармен наградталса, оларды тапсырады. Көрсетілген әскери қызметшілерге кейіннен құрмет көрсету әскери бөлім командирі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      4. Запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын) және сержанттарын (старшиналарын) шығарып салу үшін әскери бөлім (бөлімше) күнделікті киім нысанында жаяу сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімді сапқа тұрғызған кезде Жауынгерлік Ту командирдің шешімі бойынша (шығарылатындардың санына және басқа да жағдайларға байланысты) шығарылады. Осы әскери қызметшілерді шығарып салу үшін бөлімше сабының алдына әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылмайды.
      Әскери бөлімнің командирі бөлімнің сапқа тұрғызылғаны туралы баяндауды қабылдайды, жауынгерлермен сәлемдеседі. Белгіленген тәртіппен Жауынгерлік Ту шығарылады. Әскери бөлім командирінің командасы бойынша запасқа шығарылған әскери қызметшілер көрсетілген адым санына саптан шығады және ортаға жиналады.
      Әскери бөлім штабының бастығы әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы және барынша көзге түскендерді көтермелеу туралы бұйрықты жариялайды. Наградтауды әскери бөлім командирі жүргізеді.
      Одан кейін запасқа шығарылған бірнеше әскери қызметшілерге және басқа да әскери қызметшілерге сөз беріледі.
      Әскери бөлімнің командирі запасқа шығарылған әскери қызметшілерге қызметі үшін алғыс айтып сөз сөйлейді, одан кейін оркестр Мемлекеттік әнұранды орындайды.
      Шығарып салу әскери бөлімнің запасқа шығарылған әскери қызметшілері сабының алдынан салтанатты шерумен өтумен аяқталады.

Ішкі қызмет жарғысына
10-ҚОСЫМША     

Оқыту кезеңіне әскери бөлім командирінің бұйрығында
жазылатын жауынгерлік даярлықты, ішкі және қарауылдық
қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі мәселелер
тізбесі

      1. Жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі міндеттер.
      2. Жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру тәртібі.
      3. Әскери бөлімнің күн тәртібі және бөлімшенің полигонға (лагерьге) шығу кезеңіне оны нақтылау, сондай-ақ офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар қызмет уақытының регламенті.
      4. Тәуліктік наряд құрамы, оны даярлау, демалу және таралым тәртібі.
      5. Қарауылды қызмет өткеруге даярлау тәртібі.
      6. Қарауылдарды тексеру құқығы берілген біржолғы рұқсаттамалары мен куәліктерді, қарауылдарды ауыстыру үшін парольдерді есепке алу және беру тәртібі.
      7. Кезекші бөлімшенің құрамы, іс-қимылдары мен демалу тәртібі.
      8. Бөлімнің Жауынгерлік Туын орналастыру және оны күзету тәртібі. Ту ұстаушылар, Жауынгерлік Туға ассистенттер мен ту ұстаушы взвод.
      9. Қару мен оқ-дәрілерді сақтау, беру, қабылдау тәртібі.
      10. Рұқсаттама режимін ұйымдастыру тәртібі.
      11. Қызметтік үй-жайларды күзетке тапсыру тәртібі.
      12. Жалпыбригадалық (полктік) және жалпы батальондық кешкі тексерулерді жүргізу уақыты мен орны.
      13. Бөлімшелердің тамақтану кезектілігі.
      14. Бөлімнің Құрмет кітабы мен Құрметті келушілер кітабын сақтау тәртібі.
      15. Бөлімнің бөлімшелері арасында аумақты, оқу материалдық-техникалық базасының объектілері мен үй-жайларын бөлу.
      16. Қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, материалдық құралдардың болуы мен жай-күйін тексеру тәртібі.
      17. Парктегі ішкі тәртіп пен жұмыс тәртібі.
      18. Бөлім қоймаларының жұмыс тәртібі.
      19. Қызметтік үй-жайларға жарық түсіру, жылыту, сондай-ақ әскери бөлім мен әскери қалашық аумағына жарық түсіру тәртібі.
      20. Бөлімде өртке қарсы қорғанысты және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру.
      21. Әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін, азаматтық персоналды жеке мәселелері бойынша қабылдау тәртібі.
      22. Әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізу.
      23. Әскери қызметшілерге келу тәртібі.
      24. Жеке құрамның жуынуы мен киім-кешек мүлкін арнайы өңдеуді жүргізу тәртібі.
      25. Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексеру тәртібі.
      26. Тәрбие, бос уақытты мәдени өткізу жұмыстарын жүргізу тәртібі, бөлімшелер үшін кинофильмдерді көрсету уақыты мен кезектілігі.
      27. Әскери бөлімдегі жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп пен ішкі тәртіп жай-күйінің қорытындыларын шығару тәртібі.
      28. Бұйрықтың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
      29. Әскери бөлім командирінің шешімі бойынша басқа да мәселелер.
      Бұйрыққа:
      1) тәуліктік нарядта қызмет атқару жіберілген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің тізімі;
      2) қарауылдың анағұрлым маңызды постыларында қызмет атқаруға жіберілген жеке құрамның тізімі;
      3) қоймаларды (парктерді) ашуға құқығы бар немесе қарауылдан қару-жарақты, тұрақтарда тұрған әскери және басқа да техниканы қабылдауға жіберілуі мүмкін әскери қызметшілердің тізімі;
      4) зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймаларында жұмыстарды орындауға жіберілген жеке құрамның тізімі;
      5) бөлімнің қызметтері бойынша комиссияның тізімі;
      6) әскери қызметшілер мен азаматтардың өтініштері бойынша шешімдерді қарау және қабылдау жөніндегі жұмыстың жай-күйін тексеру жөніндегі комиссияның тізімі;
      7) бөлімшелерге әскери қалашық аумағын бекітіп беру схемасы;
      8) ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың тізімі;
      9) таңертеңгілік дене жаттығуын өткізу нұсқалары және киім нысанының үлгілері;
      10) от жағушылардың тізімі (қажеттілігі бойынша);
      11) әскери бөлім командирінің шешімі бойынша басқа да қосымшалар қоса беріледі.

                                               Ішкі қызмет жарғысына
                                                     11-ҚОСЫМША

   Сырқаттануы бойынша әскери қызмет міндеттерін атқарудан
              уақытша босату туралы анықтама

(бастапқы; N___анықтаманың жалғасы)                            N___

20__ж."__"____________берілді.

Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________
____________________________________________________жасы____________
Әскери атағы________________________________________________________
Лауазымы____________________________________________________________
Қызмет орны_________________________________________________________
Диагнозы____________________________________________________________
Әскери қызмет міндеттерін атқарудан босатылуға жатады
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(толық; ішінара - жұмыс түрін, нарядтарды көрсету және т.б.)
20__ж."___"_____бастап 20__ ж."___"___________________________дейін;
Қызметке кіріссін 20__ж."__"____________________
Емдеген дәрігердің қолы:____________________________________________
                        (әскери атағы, қолы, тегі мен аты-жөні)
Медицина қызметі бастығының қолы:___________________________________
                                  (ә/а., қолы, тегі мен аты-жөні)

Мөр орны.

                                               Ішкі қызмет жарғысына
                                                     12-ҚОСЫМША

    Қару-жарақты, әскери, басқа техника мен оқ-дәрілерді
                      қарау (тексеру) кітабы
               ________________________________________
                             рота (бөлімше)

Р/с
N№
Күні Тексерушіні ң лауазымы, әскери атағы мен тегі
1 2 3

1.

2007 ж. 3.07.

Броньды танк қызметінің бастығы майор А.Дүйсекеев


кестенің жалғасы

Не тексерілді

Қарау (тексеру) нәтижелері, негізгі кемшіліктер мен ескерту-
лер

Қарауды (тексеруді) жүргізген адамның нұсқауы және оларды орындау мерзімдері

Кемшіліктерді жою туралы белгі, күні және рота (бөлімше) командирінің қолы

4 5 6 7

Т-72-2 бірл.: N 150,
159

N 159-АКБ- дағы электролит тығыздығы нормадан төмен

АКБ-ның жай-күйі тексерілсін, көрсетілген кемшіліктер 2007 жылдың 7 шілдесіне дейін жойылсын. Майор Дүйсекеев

Кемшіліктер жойылды. 2007 ж. 6.07. Рота командирі капитан Алтаев

      Ескертпе:
      1. Кітап рота (бөлімше) командирінің кеңсесінде сақталады.
      2. Қарау (тексеру) нәтижелері туралы жазбаны рота (бөлімше)
командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) жазады.

                                        Ішкі қызмет жарғысына
                                              13-ҚОСЫМША

_____________________________________________________________
(гарнизонның атауы)
Сейілдеме қағазы

       (әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты)
       _____________________________әскери бөлімінің
       _______________________________________ротасы
     20__ж."__"__________ _______сағатқа дейін босатылды
     Онымен__________________________________адам жүреді
   _____________рота (бөлімше) командирі___________________
                                  (әскери атағы, қолы, тегі)
әскери бөлімінің
м.о.
                         20__ж."__"__________________

      Ескертпе:
      1. Егер сейілдемеге шығушымен мерзімді әскери қызметтің
басқа әскери қызметшілері бірге жүрсе, онда сейілдеме қағазында
"Онымен бірге__________адам жүреді" деген жолда адам саны жазумен
жазылып көрсетіледі. Сейілдеме қағазының сыртқы бетінде сейілдемеге
шыққан әскери қызметшілердің әскери атақтарын, тектерін,
аты-жөндерін көрсете отырып, олардың тізімі жасалады, ол рота
(бөлімше) командирінің қолымен куәландырылады.
      2. Сейілдеме қағазы бланкілерінің өлшемі - 10x8 см.

Ішкі қызмет жарғысына
14-ҚОСЫМША     

Үй-жайлардың есіктеріндегі, үй жайлардың, ғимараттардың
кіреберістеріндегі жазулардың үлгі тізбесі және оларды
ресімдеу

      1. Үй-жайлардың есіктеріндегі және кіреберістеріндегі үлгі жазулардың тізбесі:
      1) батальондағы:
      батальон командирі;
      батальон командирінің орынбасары;
      батальон штабы;
      батальон офицерлеріне арналған бөлме;
      батальон сержанттарына арналған бөлме.
      2) ротада:
      ұйықтайтын үй-жай;
      ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесі;
      психологиялық жеңілдеу бөлмесі;
      рота кеңсесі;
      қару сақтауға арналған бөлме;
      қаруды тазалауға арналған бөлме (орын);
      тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;
      рота мүлкі мен әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған бөлме;
      спорттық сабақтарға арналған бөлме (орын);
      аяқ киім тазалауға арналған бөлме (орын);
      киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме;
      душ;
      жуынуға арналған бөлме;
      дәретхана.
      Қажет кезде үй-жайдың атауынан кейін ротаның нөмірі көрсетілуі мүмкін. Мысалы: "1 мар қоймасы".
      Әскери бөлімдер мен одан жоғары штабтарда, басқармаларда, мекемелер мен әскери (арнаулы) оқу орындарында маңдайшада бөлменің рет нөмірі, лауазымды адамның (бірнеше адамның) әскери атағы, тегі мен аты-жөндері көрсетіледі.
      Ротада, сондай-ақ 1 және 2-тармақшаларда көрсетілген бөлмелердің бір қабатта бірге орналасуы кезінде оларды нөмірлеу кіреберістен бастап жалпы жүйелілікпен жүргізіледі.
      2. Үй-жайлар есіктеріндегі және кіреберістеріндегі маңдайшалар мен жазулардың мысал ретіндегі үлгілері:

ҰЙЫҚТАЙТЫН
ҮЙ-ЖАЙ

1 МАБ
КЕҢСЕСІ

ПОЛКОВНИК
Л.И.МАЛАШЕНКО

      Үй-жайлардың атаулары, сондай-ақ лауазымды адамдардың әскери атақтары, әскери атақтары мен аты-жөндері жазылған маңдайшалар есіктің оң (сол) жағында еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады.

134

55

222

      Рет нөмірлерімен маңдайшалар үй-жайдың есігінің ортасында еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады.
      Маңдайшалардағы жазу қисайтылмай, ақ негізде қара бояумен тік әріптермен жүргізіледі.
      3. Үй-жайлардың атаулары, сондай-ақ лауазымды адамдардың әскери атақтары мен аты-жөндері жазылған маңдайшалардың өлшемі: 30x15 см; сандардың биіктігі 6 см дейін, негізгі жазудағы әріптердің биіктігі - 3 см дейін, басқа жазулар - 1 см дейін. Бөлмелердің нөмірі жазылған маңдайшалардың өлшемі: 10x7 см; сандардың биіктігі 3 см дейін.
      4. Ғимараттың кіреберісіндегі маңдайша жазулардың үлгі ретіндегі тізбесі:
      00000 әскери бөлімінің штабы;
      N __ казарма;
      00000 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пункті;
      00000 әскери бөлімінің бақылау-техникалық пункті;
      асхана;
      кафе;
      00000 әскери бөлімінің медициналық пункті;
      спорт залы;
      00000 әскери бөлімінің моншасы (монша-кір жуу комбинаты);
      00000 әскери бөлімінің оқу корпусы;
      00000 әскери бөлімінің қарауыл үй-жайы;
      офицерлер жатақханасы;
      әйелдер жатақханасы;
      бос уақытты мәдени өткізу орталығы;
      00000 әскери бөлімінің азық-түлік қоймасы.
      Қажет кезде ғимараттың атауынан кейін нөмірі көрсетілуі мүмкін.
      Мысалы: N 1 оқу корпусы; N 2 офицерлер жатақханасы және басқалар.
      Қажет болған кезде: техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті; май құю пункті; тазалау және жуу пункті; зарядтау станциясы және басқалар көрсетілуі мүмкін.
      Басқа да қоймалардың тиісті жазулары бар.
      5. Ғимаратқа кіреберістердің маңдайшаларындағы жазуларды ресімдеу үлгісі:

(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі Қарулы Күштер әскери бөлімдері штабтарының ғимараттарында орналастырылады.
      Маңдайша жазулар ғимараттың қабырғасында (алдында) негізгі кіретін есіктің жанында көрінетін жерге еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады. Маңдайша жазулардағы жазу қисайтылмай, тік әріптермен, көгілдір негізде алтын түстес бояумен жүргізіледі.
      Маңдайша жазулардың өлшемі: 60x40 см; негізгі жазудың әріптері мен сандарының биіктігі - 10 см дейін, басқа жазулар - 5 см дейін.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    15-ҚОСЫМША

            Үй-жайда болатын мүлік ТІЗІМДЕМЕСІ

Р\с
N

Атауы

Мүкәммалдық нөмірі Саны
1 2 3 4

1.

Үстел

0000032

1 дана

2.

Орындықтар

0000158

3 дана

3.

Киім-кешек шкафы

0000243

1 дана

4.

Люстра

0000189

2 дана

20__ж."__"____________

Сақталуына жауапты: сержант     Ж.Ережепов
      Ескертпе:
      1. Тізімдеменің өлшемі: ені - он бес (жиырма бір) сантиметр,
биіктігі - жиырма бір (отыз) сантиметр.
      2. Үй-жайдағы мүліктің тізімдемесі үй-жайдың ішінде еденнен
оның төменгі жиегіне дейін жүз жетпіс сантиметр биіктікте ілінеді.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                     16-ҚОСЫМША

                Жеке құрамды орналастыру схемасы

                 (схеманы қағаз мәтінінен қараңыз)

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                     17-ҚОСЫМША

            Температуралық режимді бақылау кестесі

                 (кестені қағаз мәтінінен қараңыз)

      Жауапты:     рота бойынша кезекші
      Ескертпе:
      1. Термометрлер үй-жайдың ішкі қабырғасына, пештер мен жылыту
приборларынан алшақ жерде, еденнен бір жарым метр биіктікте ілінеді.
      2. Термометр көрсеткіштері температуралық режимді бақылау
кестесіне күн сайын сағат 6-да және ұйықтар алдында сағат 21-де
енгізіледі.

Ішкі қызмет жарғысына
18-ҚОСЫМША     

Өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Әскери бөлімдері мен бөлімшелердегі өртке қарсы жалпы
іс-шаралар

      1. Әскери бөлім аумағы және сыртқы периметрден елу метр қашықтық қоқыстан және құрғақ шөптен ұдайы тазартылуы тиіс.
      Барлық сақтау орындары, қалқалар, оқ-дәрілері бар алаңдар, негізгі және қосалқы өндіріс цехтары, зертханалар, жоғары қуатты желілер, электр станциялары және трансформаторлық шағын станциялар, қазандықтардың мұржалары, суды қысып ағызатын мұнаралар, қоймалар қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес найзағайдан қорғайтын құрылғылармен және олардың өрт-жарылу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да инженерлік жүйелермен жабдықталуы тиіс.
      Өрт сөндіруді сумен жабдықтау көздеріне, ғимараттарға кіреберістер мен аумақ бойынша барлық жолдар өрт сөндіру машиналарының қозғалысы үшін әрқашан бос болуы тиіс.
      2. Өрт қауіпсіздігі мақсатында:
      мүлкі, әскери және басқа да техникасы бар құрылыстардан елу метр жақын жерде от жағуға, сондай-ақ парктерде, қоймаларда, ангарларда және осыған ұқсас үй-жайларда шылым шегуге және ашық отпен приборларды пайдалануға, үй-жайдан шығар кезде жарықты жағып қалдыруға;
      жабдықтар мен электр энергиясы, газбен жабдықтау және орталық (автономдық) жылыту желілерін жөндеу жөніндегі жұмыстарды арнайы даярлығы және осы жұмыстарды орындауға рұқсаты жоқ адамдардың жүргізуіне;
      ақаулы пештерді пайдалануға, от жағу үшін жанатын сұйықтарды қолдануға; жанатын материалдар мен мүлікті пештің жанында, ал жанып жатқа пешті қараусыз қалдыруға; киімді пеште, түтін мұржаларында, сондай-ақ отқа қарсы кептіруге; жеке құрам демалып жатқанда (ұйықтағанда) пеш жағуға. Егер пеш жағылса, түтін мұржалары күйеден кемінде екі айда бір рет тазалануы тиіс;
      керосин шамдарға жарық беретін керосиннен басқа басқа да жанатын сұйықтарды құюға; едендерді жанатын сұйықтармен жууға және сүртуге; сургучты ашық отпен немесе осы мақсат үшін жабдықталмаған электр плиткасында жылытуға;
      ғимараттағы қатып қалған су құбырлары мен басқа да құбырларды ашық отпен (шырақтармен, дәнекерлейтін лампалармен), электр тоғымен жылытуға; ғимараттың құбырлары мен құрылыстарын жылыту тек бумен, ыстық сумен және басқа да қауіпсіз құралдармен жүргізіледі;
      ғимараттардың жертөле үй-жайларында жеңіл тұтанатын жанар май сұйықтары мен жанатын материалдарды өңдеумен немесе сақтаумен байланысты шеберханалар мен қоймалар жасауға;
      өрт сөндіру құралдарына, электр қалқандарына және электр өшіргішке жолды бөгеуге; шатырларда, баспалдақ торларында және дәліздерде жанатын материалдар мен мүлікті сақтауға; қоршаулар жасауға, қосалқы шеберханалар мен зертханаларды орналастыруға, сондай-ақ осы үй-жайларда тұрғын үй жасауға;
      өрт сөндіру құралдарын тағайындалуы бойынша пайдалануға;
      ақаулы электр сымы мен жабдығын пайдалануға;
      жанбайтын тұғырларынсыз тұрмыстық электр жылыту приборларын қолдануға, оларды үй-жайды жылыту үшін пайдалануға, сондай-ақ тарату қалқандарында жанып кеткен сақтандырғыштарды (тығындарды) сыммен және басқа да заттармен ауыстыруға;
      электр шамдарын қағазбен және матамен орауға; сымдарды түсқағаздармен, плакаттармен және басқа да жанатын қаптайтын материалдармен жапсыруға немесе жабуға; жарық беретін электр желілерінің құрылғысы үшін телефон сымдарын пайдалануға;
      өртке қарсы тексерілмеген үй-жайларды (қоймаларды) күзетуге тапсыруға тыйым салынады.
      3. Киім-кешекті залалсыздандыру және кептіру ұдайы қадағалаумен жабдықталған үлгілік залалсыздандыру камераларында (кептіретін жерлерде) жүргізіледі. Камераларға салар алдында киім-кешек қалталары сыртқа айналдырылуы тиіс.
      Киім-кешекті залалсыздандыру және кептіру кезінде камералардың ішіндегі температураны белгіленген нормалардан арттыруға; камералар мен кептіретін жерлерге киім-кешекті артық салуға; май және жанатын сұйықтар сіңген киімді камераға салуға; киім-кешекті камералардың сақтандырғыш торларына жайып қоюға тыйым салынады.
      4. Штабтарда, казармаларда, бос уақытты мәдени өткізу орталықтарында, өндірістік және басқа да үй-жайларда шылым шегуге тыйым салынады, тек арнайы бөлінген, арнайы жабдықталған, өртке қарсы қауіпсіз орындарда рұқсат етіледі.
      5. Штабтардағы, казармалардағы, бос уақытты мәдени өткізу орталықтарындағы, өндірістік және басқа да үй-жайлардағы дәліздер, өтпелер, негізгі және қосалқы шығатын есіктер, баспалдақ торлары ұдайы бос болуы және қоршалмауы тиіс.
      Штабтардың, казармалардың, шеберханалардың, бос уақытты мәдени өткізу орталықтарының және басқа да үй-жайлардың кіретін есіктері сыртқа ашылуы тиіс. Қосалқы шығатын есіктердің алдын бітеп тастауға және баспалдақ торлары мен дәліздердің қабырғалары мен төбелерін жанатын материалдармен жабуға тыйым салынады.
      6. Өрт сөндіру құралдары, су тоғандары, сорғыштар, мотопомпалар, өрт гидранттары мен шүмектері ақаусыз болуы тиіс, ал олардың орналасқан орны стандартты көрсеткіштермен белгіленуі тиіс.
      Ғимараттар мен объектілердегі өрт сөндіру құралдарының саны арнайы нормалармен айқындалады. Қоймалар, парктер аумағындағы, ангарлар мен өндірістік үй-жайлардағы өрт сөндіру құралдары қалқандарда сақталуы тиіс.
      7. Телефон аппараттарының жанында жақын маңдағы өрт сөндіру командасының телефон нөмірі көрсетілген жазу болуы тиіс, ал әскери бөлім аумағында өрт дабылы белгісін беру үшін дыбыс дабылы құралдары болуы тиіс.
      8. Күн сайын бөлім командирі белгілеген уақытта барлық шеберханалар, қоймалар, парктер, ангарлар және басқа да өртке қатысты қауіпті өндірістік үй-жайларды жабар алдында қоймалар, цехтар бастықтары, парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшілер және бөлім бойынша өрт нарядының адамдары тексереді; барлық байқалған кемшіліктер үй-жайларды (қоймаларды) жапқанға дейін жойылады, ал электр желілері сыртқы өшіргіштердің көмегімен сөндіріледі.
      Бұл жағдайларда өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаудың дәлелі өрт наряды объектіні жапқан адамға тапсыратын өрт жетоны болып табылады. Қоймалар бастықтары мен парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші объектіні күзетуге тапсыру кезінде жетондарды қарауыл бастығына береді. Бөлім командирі белгілеген уақытта өрт сөндіру нарядының бастығы қарауыл бастығынан өрт жетондарын алады.
      9. Әскери бөлімдердегі өртке қарсы қосымша іс-шаралар арнайы ережелерге, басшылықтарға және нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

Парктер мен ангарлардағы, әуе кемелері тұрақтарындағы өрт
қауіпсіздігінің талаптары

      10. Қару-жарақ, әскери және басқа да техника (әуе кемелері) өрт жағдайында оларды тез алып шығу үшін олардың арасында қажетті өтпелер қалатындай орналастырылады.
      11. Парктер мен ангарларда өрт шығудың алдын алу үшін:
      машиналарға тұрақтарда жанар май құюға және тесік отын бактарымен, отын желілерімен машиналарды (әуе кемелерін) сақтауға;
      машиналар тұрақтарының орындарында штаттан тыс отын бактерінде жанар майды, жағар май материалдарын және бос ыдысты сақтауға;
      қаптарды, капоттарды және киімді керосинмен, бензинмен және басқа да жанатын сұйықтармен жууға және тазалауға;
      машиналарда бөгде заттарды, әсіресе, май болған шүберектерді, қаптарды, арнайы киімді сақтауға;
      парктер қоймаларында және ангарларда жанар майы бар цистерналарды басқа да техникамен бірге сақтауға;
      өртке қатысты қауіпті қыздырғыштарды қолдануға;
      оларға жанар май құю кезінде ашық отты және "жарқанат" қол шамдарын қолдануға;
      машиналарға арналған тұрақтарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге;
      жерге тұйықталмаған әуе кемелеріне отын құюға;
      әуе кемелерінің қозғалтқыштарын қыздыруға және жіберуге;
      әуеайлаққа өрт сөндіру құралдары жоқ техниканы жіберуге;
      машиналар тұрағына және сақтауға арналған үй-жайлардағы қақпаларды бітеуге, осы үй-жайларда қоймалар, шеберханалар және тұрғын үй жасауға;
      машиналар (әуе кемелері) тұрағына және сақтауға арналған үй-жайлардың қақпаларын ішкі тиекке жабуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
      12. Өрт кезінде машиналарды (әуе кемелерін) дереу алып шығуды қамтамасыз ету үшін күн сайын арнайы тарту құрылғыларымен (аспаптарымен) кезекші тартқыштар мен адамдар наряды бөлінуі тиіс.

Жанар май құю пункттерінде

      13. Жанар май құю пункттерінде өрт шығудың алдын алу үшін:
      машиналардың сағатына бес шақырымнан артық жылдамдықпен қозғалуына;
      жанар май құйылатын машиналарды май құю колонкасынан екі метрге жақын жерге орнатуға;
      қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ қорабында жеке құрамы бар әскери және басқа да техникаға май құюға;
      ұдайы жұмыстар жүргізуге, машиналарды жөндеуге, дыбыс және жарық белгілерін беруге;
      шылым шегуге, ашық отты, жарылыстық қорғанысы жоқ қол шамдар мен шырақтарды қолдануға;
      жанар майды резервуарға еркін ағызып құюға;
      автоцистерналардан жанар майды төгуге, олардың жерге тұйықталуынсыз резервуарларды, май құю колонкалары мен құбыр желілерін пайдалануға;
      найзағайдан қорғайтын құралдармен жабдықталмаған май құю пункттерін пайдалануға;
      машиналардың қозғалтқыштарын олардың үстіне төгілген жанар майды кетірмей от алдыруға;
      май құю пунктінде май болған ескі заттарды сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Шеберханаларда

      14. Тез тұтанатын сұйықтарды (керосинді, бензинді, ацетонды, нитролакты және басқаларды) қолданумен жұмыс және аккумулятор батареяларын зарядтау жүргізілетін үй-жайлар арнайы желдеткішпен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары, шырақтар, электр тарату құрылғылары жарылыстан қорғалған күйде орнатылады. Газбен дәнекерлеу аппараттарының зарядтау агрегаттары мен генераторлары жеке үй-жайларда орнатылады. Осы үй-жайларға пештерді орнатуға тыйым салынады.
      15. Тез тұтанатын сұйықтар жақсы тығындалған металл сауыттарда, бір күндік қажеттіліктен артық емес санда болуы тиіс және жұмыс аяқталған соң арнайы жабдықталған қойма үй-жайына апарылады.
      Сыйымдылығы бір текше метрден жоғары сұйық отынмен жұмыс істейтін өндірістік пештер мен агрегаттардың шығын бактары оқшауланған үй-жайларда, ал сыйымдылығы бір текше метрге дейінгілер - жанбайтын қабырғаларда агрегаттардан кемінде бес метр арақашықтықта орнатылады.
      16. Сүртетін материалдарды, май болған шүберектер мен ескі заттарды салу үшін барлық өндірістік үй-жайларда жұмыс аяқталған соң міндетті түрде босатылатын қақпақтары бар металл жәшіктер орнатылады.
      Май болған арнайы киім өндірістік үй-жайлардан (цехтардан) тыс ілінген күйінде арнайы шкафтарда сақталады. Арнайы киімнің қалталарында май болған сүртетін материалдарды қалдыруға тыйым салынады.
      17. Пештерді жағу шеберханаларды жабардан екі сағат бұрын тоқтатылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін күні бойы жиналып қалған өндіріс қалдықтары мен қоқыс шеберханалар үй-жайларынан шығарылуы тиіс.

Қоймалар мен сақтау орындарында

      18. Қоймалардың (сақтау орындарының) техникалық аумағына сіріңкемен және басқа да тұтандырғыш заттармен жіберуге тыйым салынады.
      Қоймалар (сақтау орындары) аумағындағы шөп уақтылы орылуы және жиналуы тиіс. Қоймалар (сақтау орындары) аумағында шөпті кептіруге және құрғақ шөпті жағуға жол берілмейді.
      19. Қоймаларда (сақтау орындарында) тек оларға арналған мүлік түрлерін сақтауға рұқсат етіледі.
      Қоймаларда (сақтау орындарында) өтпелер мен шығатын есіктерді бітеп тастауға, сондай-ақ қағазбен, қатырма қағазбен, полимерлі материалдардан жасалған үлдірмен және өрт қорғанысы құрамымен өңделмеген маталармен стеллаждарды жапсыруға және терезелерді бүркемелеуге тыйым салынады.
      20. Мүлікті қатарлап жинау өтпелер мен шығатын есіктер бос болатындай етіп жүргізіледі. Мүлікті пешке, жылыту радиаторларына, электр өткізгіштері мен шамдарға тым жақын жинауға, сондай-ақ қоймаларда мүлікті ауыстырумен және жинаумен байланысты емес жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
      21. Қоймалар (сақтау орындары) жанында құрылыс материалдарын, отын қорларын немесе қандай да бір мүлікті, сондай-ақ босаған ыдыс пен тығынды жинауға, жалпы сақтау орындарында тез тұтанатын сұйықтарды сақтауға тыйым салынады.
      22. Пеш жағатын орындар және мұржа тесіктері қоймалардан (сақтау орындарынан) тыс орнатылады, ал мұржалары ұшқын ұстағыштармен жабдықталады. Қойманы жапқанға дейін екі сағат бұрын пештерді жағу толық тоқтатылады, барлық пештер тексеріледі және жабылады.
      23. Электрмен жарық түсіру орнату кезінде барлық қоймалар сыртқы сөндіргіштермен жабдықталады. Сыртқы сөндіргіштер мен сақтандырғыштары бар топтық қалқандар металл жәшіктерге орналастырылуы тиіс. Қоймалардағы (сақтау орындарындағы) шырақтар жабық типті (шыны қалпақтарымен) болуы тиіс және негізгі және тексеретін өтпелер бойына орналастырылуы тиіс. Электр розеткасын орнатуға және сақтау орындарының ішінде қызметтік үй-жайлар жасауға тыйым салынады.
      24. Оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау орындарында және
олармен жұмыс істеу орындарында терезелердегі шыны күңгірт немесе ақ бояумен сырланған болуы тиіс.
      Жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер қысқа уақытқа болса да, күн сәулесінің тікелей әсер етуінің астында қалдырылмауы тиіс.
      25. Отқа қауіпті (жарылуға қауіпті) сақтау орындарына атыс және суық қарумен, тұтанғыш заттармен және аккумуляторлы батареялардан басқа, жарық беретін приборлармен, сондай-ақ тиісті нұсқаулықтармен белгіленбеген аяқ киіммен кіруге тыйым салынады.
      26. Тез тұтанатын сұйықтар бар қоймаларда (сақтау орындарында) тек жарылыстан қорғалған электр жарықтарына рұқсат етіледі.
      27. Сақтау орнының аумағына төгілген жанар майға бірден құм төгіліп, дереу аумақтан әкетіледі.
      28. Металл ыдыстың тығынын ұшқын шығаруы мүмкін шапқымен немесе балғамен ашуға тыйым салынады. Тығындарды бұрап алу үшін тек арнайы кілттерді пайдалану керек.
      29. Жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орындарындағы күзеттің техникалық құралдарынан басқа, барлық электр желілері сыртқы сөндіргіштен сөндірілуі тиіс.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    19-ҚОСЫМША

                      Сырқаттарды жазу кітабы

                _______________________________
                           (рота, бөлімше)

Р\с
N

Әскери атағы, тегі мен аты-жөні

Дәрігердің қорытындысы

Командирдің шешімі

1

2

3

4

Рота (бөлімше) старшинасы ____________________________________
                              (әскери атағы, қолы, тегі)

Ішкі қызмет жарғысына
20-ҚОСЫМША     

Демалыста болатын әскери қызметшілерді есепке алу кітабы

      1. Демалыс орнына келгеннен кейін әскери қызметші жақын маңдағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) есепке тұруы, ал қызмет орнына келерден бұрын - есептен шығуы тиіс. Егер әскери қызметші демалысқа келген елді мекенде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) болмаса, ол жергілікті мемлекеттік басқару органына есепке тұруы (есептен шығуы) мүмкін.
      Есепке қою және есептен шығару кезінде демалыс билетінде тиісті жазба жүргізіледі. Келгені туралы жазба келгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей, ал кеткені туралы - кететін күннің алдында немесе сол күні жүргізілуі тиіс.
      2. Генералдар (адмиралдар) мен полковниктер (1-дәрежелі капитандар) өздерінің келгені және кеткені туралы қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығына телефон арқылы немесе жазбаша хабарлауы, ал демалыс билетін келген және кеткен күнін белгілеу үшін оған шабарман арқылы жіберуі мүмкін. Демалыста болатын офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) азаматтық киіммен келуге рұқсат етіледі.
      3. Барлық әскери қызметшілер демалыста болған уақытында өздерімен бірге демалыс билеті болуы және оны бастықтар мен үлкендердің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті. Сырқаттанған жағдайда немесе уақтылы кетуін бөгейтін басқа да себептер бойынша әскери қызметшілер бұл туралы әскери бөлім командиріне және қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) немесе жергілікті мемлекеттік басқару органына (есепке тұрған) дереу хабарлауы және демалысты ұзартуға рұқсат алуы тиіс.
      4. Демалысқа келетін әскери қызметшілерді есепке алу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) демалыста жүрген әскери қызметшілерді есепке алу кітабы мынадай үлгі бойынша жүргізіледі:

          Демалыста болатын әскери қызметшілерді
                    есепке алу кітабы

Р\с N

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты

Әскери бөлімнің нөмірі

Келген мақсаты

1

2

3

4

5


кестенің жалғасы

Демалыс билетінің нөмірі мен күні

Демалыста болу орнының мекенжайы (телефон нөмірі)

Өз әскери бөліміне қашан кетуі тиіс

Бөгелу себебі және қандай мерзімге бөгейтіні туралы белгі

Есептен шығару туралы белгі

6

7

8

9

10

      5. Жұмылдыру жариялаған кезде демалыста жүрген барлық әскери қызметшілер (сырқаттануы бойынша демалыста жүргендерді қоспағанда) есептен шығуға және қызмет орнына дереу келуге міндетті.
      Сырқаттануы бойынша демалыста жүрген әскери қызметшілер қайта куәландырудан өту үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуі, ал денсаулық жағдайы бойынша келу мүмкін болмаған кезде - емдеу мекемесінің анықтамасын қоса бере отырып, жергілікті әскери басқару органының бастығына бұл туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                     21-ҚОСЫМША

            Сейілдемеге босатылатындар кітабы

               __________________________
                        рота (бөлімше)

Р\с
N

Әскери атағы, тегі мен аты-жөні

Қанша уақытқа дейін босатылды

Сағат нешеде қайтып келді

1

2

3

4

Рота (бөлімше) бойынша кезекші _______________________________
                                  (әскери атағы, қолы, тегі)

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    22-ҚОСЫМША

          Жеке құрамға сабын және тіс пастасын
                беруді есепке алу кітабы

             ____________________________
                       рота (бөлімше)

Р/с
N

Әскери атағы

Тегі, аты-жөні

20__ж._________________айы

Тіс пастасы (г)

1

2

3

4









Адам саны:


ЖИЫНЫ:



   кестенің жалғасы


Иіс сабын (г) 1-15 күн

Алғаны туралы қолы

Иіс сабын (г) 15-30 күн

Алғаны туралы қолы

5

6

7

8

















  _________________________________________ рота (бөлімше) командирі
________________________________________ рота (бөлімше) старшинасы
      Ескертпе:
      1. Кітап рота (бөлімше) жеке құрамының гигиеналық мұқтаждары
үшін сабын және тіс пастасын беруді есепке алуға арналған.
      2. Кітап ротада (бөлімшеде) жүргізіледі.
      3. Кітапты жүргізуге рота (бөлімше) старшинасы жауапты болады.
      4. Рота (бөлімше) жеке құрамына тіс пастасын беру ағымдағы
айдың 1 күні жүргізіледі.
      5. Рота (бөлімше) жеке құрамына сабын беру айына екі рет
жүргізіледі.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    23-ҚОСЫМША

       Жеке құрамының моншада жуынуын, іш киімдер мен
              ұйықтарды (шұлғауларды) ауыстыруын
                     есепке алу кітабы

                 ________________________
                        рота (бөлімше)

Р/с
N

Әскери ата ғ ы

Тегі, аты-жөні

Жуынатын күні













Жеке құрамның саны:



Кезекші дәрігердің (фельдшердің) қолы



  _______________________________ ротасының (бөлімшесінің) командирі
______________________________ ротасының (бөлімшесінің) старшинасы
      Ескертпе:
      1. Кітап рота (бөлімше) жеке құрамының моншада жуынуын, іш
киімдер мен ұйықты (шұлғауды) ауыстыруын есепке алуға арналған.
      2. Кітап ротада (бөлімшеде) жүргізіледі.
      3. Журналды жүргізуге рота (бөлімше) старшинасы жауапты
болады.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    24-ҚОСЫМША

                  Біржолғы рұқсаттама

N_______рұқсаттама түбіртегі
____________________________
(әскери атағы,
____________________________
тегі, аты мен әкесінің аты)
Кімге_______________________
____________________________
     (әскери атағы, Т.А.Ж)
Қайда_______________________
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
Қолданылу уақыты____________
Қабат_______________________
кабинет N___________________
Берілген күні 20__ ж._______
Рұқсаттаманы алған адам
____________________________
     (қол қою орны)

N_______рұқсаттама түбіртегі
____________________________
(әскери атағы,
____________________________
тегі, аты мен әкесінің аты)
Кімге_______________________
____________________________
     (әскери атағы, Т.А.Ж)
Қайда_______________________
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
Қолданылу уақыты____________
Қабат_______________________
кабинет N___________________
Берілген күні 20__ ж._______
Рұқсаттаманы алған адам
____________________________
     (қол қою орны)

      Ескертпе:
      1. Біржолғы рұқсаттамалар кітапша сияқты жасалған бланк
түрінде әзірленеді. Рұқсаттамада рет нөмірін, рұқсаттама берілетін
адамның тегін, аты мен әкесінің атын, кімге келгенін, рұқсаттаманы
ресімдеу күні мен қолданылу уақытын көрсету, сондай-ақ рұқсаттаманы
берген адамның қолын қоюы үшін орын көзделуі тиіс. Осы
рұқсаттаманың қорғаныс дәрежесін арттыру үшін шартты белгілерді,
рұқсаттама бюросы лауазымды адамының қолын растайтын мөртабандарды,
сондай-ақ "N __ рұқсаттамалар үшін" сүргілі мөрінің бедерін қолдану
қажет.
      2. Оған келуші келген адам біржолғы рұқсаттаманың сыртқы
бетіне келушінің шыққан уақыты туралы жазба жазады және жазбаны өз
қолымен куәландырады.

Ішкі қызмет жарғысына
25-ҚОСЫМША     

Әскери бөлімнің (бөлімшенің) лагерін орналастыру ережелері

      1. Лагерьді орналастыруға арналған орынды жергілікті мемлекеттік басқару органдарының келісімі бойынша үлкен бастық айқындайды. Ол мүмкіндігінше оқу объектілерінің (далаларының) маңында болуы тиіс.
      2. Лагерьдің маңдайшебін айқындау кезінде қатты желдің бағытын ескеру қажет.
      Лагерьдің маңдайшебін жалпы пайдаланылатын жүретін жолдардың қиып өтуіне жол берілмейді. Лагерьдің қапталдары жүретін жолдардан елу метрге жақын болмауы тиіс.
      3. Лагерь бір уақытта жолдар ретінде қызмет атқаратын тік және көлденең сызықтармен тікбұрышты кварталдарға бөлінеді.
      4. Лагерь тереңдігі бойынша лагерьдің маңдайшебіне үш параллель: алдыңғы, ортаңғы және артқы сызықтарға бөлінеді. Тереңдігіне қарай сызықтардың арасындағы арақашықтық шатырлардың, қажетті құрылыстар мен жабдықтардың орналасу жүйесімен айқындалады. Алдыңғы сызықтың ені кемінде он метрді, ортаңғы және артқы сызықтар - кемінде бес метрді құрайды. Тереңдігіне қарай шатырлар қатарының арасында ені үш метрге дейін жолдар жабдықталады.
      Лагерьдің орналасқан жерінің бойымен оның тылында техниканы қозғалысы үшін дөңгелекті және шынжыр табанды машиналар үшін жеке жолдар салынады.
      5. Лагерь маңдайшепке тік көлденең сызықтармен бөлінеді. Көлденең сызықтар батальондар, бөлімнің жеке бөлімшелері арасында салынады. Алдыңғы сызықтан техникаға арналған жолдарға дейінгі көлденең сызықтар арасындағы лагерь учаскесі учаскенің бірінші сызығында орналасқан батальонның (бөлімшенің) атауын алады. Көлденең сызықтың ені кемінде үш метрді құрайды.
      6. Бірінші сызықта (алдыңғы және ортаңғы сызықтар арасында) шатырларда оларды нөмірлеу тәртібімен бөлімшелер орналасады.
      Екінші сызықта (ортаңғы және артқы сызықтар арасында) әскери бөлім штабы, асханалар, суға арналған жертөлелер және қолжуғыштар орнатылады. Медициналық пункт негізгі бөлімшелерден алшақ орналасады.
      Үшінші сызықта (артқы сызық пен техникаға арналған жолдардың арасында) дәретханалар, қоймалар, шеберханалар және басқа да шаруашылық құрылыстары орналасады.
      Оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар қоймалары лагерь шегінен тыс орналасады.
      7. Шатырлар ұяшықтары ротаның маңдайшебі бойынша екі немесе үш ұя бойынша орналасады. Шатыр ұяшықтарының өлшемі - 5x5 м (немесе шатыр көлеміне байланысты). Маңдайшеп бойынша іргелес ұяшықтардың негізгі борттарының арасындағы арақашықтық - 2,5 м, ал тереңдігі - 5 м. Шатырлар ұяшықтарының сызықтың жақын шекарасынан алыстағы кемінде - 1,5 м.
      Шатырға кіреберістің жердің оң жағында маңдайшада оның нөмірі мен үлкені (әскери атағы, тегі мен аты-жөні) көрсетіледі. Маңдайшалардың өлшемі: 20x15 см. Маңдайшадағы жазулар тік әріптермен сары түсті негізге қара бояумен жазылады. Маңдайшалар жерден төменгі жиегіне дейін 50 см биіктікте орналасады.
      Сержанттар өз бөлімшелерімен орналасады. Рота старшинасы үшін жеке шатыр бөлінеді, онда рота мүлкі орналасады.
      Офицерлер, сондай-ақ әскери қызметші әйелдер жеке шатырларда немесе үй-жайларда орналасады. Батальонда батальон штабы үшін шатыр бөлінеді.
      8. Ақпараттық-тәрбие және бос уақытты мәдени өткізу жұмыстарын өткізуге арналған шатырлар рота шатырлары артқы қатарларының сызығында орнатылады; олардың қасында роталар үшін алаңдар (сыныптар) орнатылады.
      9. Әскери бөлім орналасқан жердің ортасында шатырлардың алдыңғы қатарының сызығында ту тұғыры орнатылады. Ту тұғырынан кейін шатырлардың екінші қатарының сызығында бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі үшін шатыр орнатылады. Қарауыл үшін шатыр екінші сызықта орнатылады.
      10. Бөлім бойынша кезекшінің шатырынан кейін батальонның қаруын және атыс қаруына оқ-дәрілерді сақтауға арналған шатырлар қойылады, олардың жанында қару тазалауға арналған орын, ал екінші сызықта - қолжуғыштар орнатылады.
      Қару мен оқ-дәрілер штаттық тығында, пирамидаларда немесе жәшіктерде сақталады, олар осы Жарғының талаптарына сәйкес құлыпқа жабылады.
      Қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған шатыр (орын) мөрленеді және қарауылға (тәуліктік нарядқа) күзетке тапсырылады.
      Қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған орындардың сыртқы және ішкі сыммен қоршауы болуы тиіс. Қараңғы түскенге және таң атқанға дейін сыртқы қоршаудың маңайы жарық болуы тиіс.
      11. Тәуліктік кезекшілерге арналған постылық саңырауқұлақтар алдыңғы сызықта әрбір батальонның оң және сол қапталдарында бір-бірден орнатылады.
      12. Екінші сызықтан кейін шаруашылық үлес пункттері мен асханалар үшін шатырлар орнатылады.
      13. Парктер артқы сызық пен техникаға арналған жолдардың арасында, лагерьдің қапталдарында немесе маңдайшебі алдында жабдықталады. Парктерге арналған учаскелерді бөлім командирі айқындайды.
      14. Гимнастикалық алаңшалар (қалашықтар) және спорттық ойындарға арналған алаңшалар, әдетте, алдыңғы сызықтың алдына орнатылады.
      15. Бос уақытты мәдени өткізу орталығы ашық сахнаны, көрермендерге арналған орындарды және клуб павильондарын ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік беретін жергілікті жер учаскесінде орналасады.
      16. Жергілікті жер жағдайларына байланысты лагерьді орналастыру кезінде мынадай шегіністерге жол берілуі мүмкін:
      лагерьдің маңдайшебі тік сызық бойынша емес, жергілікті жердегі заттардың орналасуына сәйкес орнатылуы мүмкін;
      бөлімшелер арасындағы аралық үлкейтілуі немесе кішірейтілуі мүмкін;
      парктер лагерьден тыс орналастырылуы мүмкін.
      Лагерь аумағы найзағайдан қорғайтын құрылғылармен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады.

Ішкі қызмет жарғысына
26-ҚОСЫМША     

Кезекшілердің кеуде белгісінің сипаттамасы

      Кеуде белгісі (бейдж) сары түсті жазуы бар көгілдір түсті қатты қағаздан жасалады.
      Кеуде белгісі (бейдж) кеуденің сол жағына:
      ашық бір жаққа қаусырмалы кительде - қайырманың бұрышынан солға қарай, белгінің жоғарғы шеті қайырманың төменгі шетінің деңгейінде болатындай;
      жабық кительде және бір жаққа қаусырмалы шинельде - жоғарғы екінші түйме деңгейінде, астары жылы күртешеде - тігіс (жоғарғы екінші түйме) деңгейінде;
      екі жаққа қаусырмалы шинельде - жоғарғы екінші және үшінші түйменің арасындағы ортада;
      нысанды және фланельден тігілген жейделерде - жаға ойығының төменгі бұрышының деңгейінде орналасады.

(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
 

            Кеуде белгісіндегі (бейдждегі) логотип Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігі бойынша бейнеленеді.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    27-ҚОСЫМША

                      Нарядтар парағы

                   ___________________________
                            (бөлімше)
                     _______________________
                            (айы, жылы)

Әскери ата ғ ы, тегі , аты-жөні

Ауыстыру

Қызмет атқару уақыты

Қатардағы жауынгер Б.К.Майлинов

2

1

12

23

30


Қатардағы жауынгер Б.Б.Мұқашев

3

14




Қатардағы жауынгер М.А.Батырбеков

2

4

15

24



Қатардағы жауынгер Т.Ж.Қалиев

2

17

26



Қатардағы жауынгер Б.К.Мәниев

3

19




Қатардағы жауынгер А.У.Шоқпаров

2

9

20

27



Қатардағы жауынгер Ф.А.Баймұратов

1

11

22

28



  ___ротасы______взводының сержанты (командирдің орынбасары)
            ________________________________
               (әскери атағы, қолы, тегі)
      Ескертпе:
      1. Сандар ("Ауыстыру" бағанын қоспағанда) ай күндерін
білдіреді.
      2. "ж" әрпімен сан жұмысқа нарядты білдіреді.
      3. "Ауыстыру" бағанындағы сандар жұмысқа нарядтарды
қоспағанда, өткен ай ішіндегі нарядтар жиынын білдіреді.

Ішкі қызмет жарғысына
28-ҚОСЫМША     

Тәуліктік наряд қызмет атқаруға арналған үй-жайларды (орындарды) жабдықтау

      1. Бөлім, парк, бақылау-өткізу пункті, асхана, штаб бойынша кезекшілердің қызмет атқаруына арналған үй-жайлар (орындар), сондай-ақ рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшіге арналған орындар тәуліктік наряд адамдарының қызметтік міндеттерін ыңғайлы орындауы қамтамасыз етілетіндей орналастырылады және жабдықталады. Қызмет атқаруға арналған үй-жайларда (орындарда):
      бөлімшенің белгілер мен хабарлар қабылдауының техникалық құралдары;
      байланыс құралдары;
      тәуліктік наряд құжаттамалары бар тақта;
      сағат;
      жарық берудің резервтегі көздері;
      жарық бүркемелеу;
      жинау мүкәммалы мен урналар;
      медициналық аптечка;
      өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
      Одан басқа бөлім бойынша кезекшіде:
      бөлімшелерден белгілер мен хабарларды қабылдау, олардың жиын пунктіне шығуын, сондай-ақ бөлім офицерлерінің жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде келуін және бөлімшелердегі қару сақтауға арналған бөлмелерді ашуды басқару және бақылау үшін құрылғылармен жабдықталған бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісінің жұмыс орындарымен басқару пульті;
      құпия және құпия емес құжаттарды сақтауға арналған (қажет кезде) төрт ұяшықты сейф (жедел кезекшілердің, бөлім бойынша кезекшілердің бөлмелерінде);
      бөлім басқармасы әскери қызметшілерінің жеке қаруын, оған патрондарды және радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштерді сақтауға арналған, қарауыл үй-жайына шығарылған дабылы бар металл шкаф (жәшік);
      күзетуге тапсырылатын парктің, ғимараттар мен құрылыстардың кіретін қақпалары мен үй-жайлары кілттерінің екінші жиынтығы;
      радиациялық және химиялық барлау приборлары;
      хабардар ету жүйелерін апаттық коректендіру;
      парк қақпалары мен үй-жайлары кілттерінің жиынтығы;
      сыртқы, ішкі термометрлер.
      Парк бойынша кезекшіде:
      қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың жай-күйі мен орналасқан орнын бақылау және көрсету құрылғысы бар басқару пульті;
      құлыпқа жабылатын жәшігі бар үстел, орындықтар;
      металл сейф;
      жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде бөлімшелердің паркке келуін бақылау таблосы;
      сыртқы, ішкі термометрлер;
      өрт дабылы туралы дабылдар кестесімен дабыл құрылғылары;
      жарық таблосы (тұман, қар жауғанда, тайғақ).
      Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіде:
      құлыпқа жабылатын жәшігі бар үстел, орындықтар;
      сыртқы, ішкі термометрлер.
      Штаб бойынша кезекшіде:
      құлыпқа жабылатын жәшігі бар үстел, орындықтар;
      күзетуге тапсырылатын штаб қызметтік үй-жайларының дабыл беру құралдары;
      кіріс хат-хабарларын және күзетуге тапсырылатын штаб үй-жайларының кілттерін сақтауға арналған шкаф (сейф).
      2. Бөлім бойынша кезекші, оның көмекшісі, парк, бақылау-өткізу пункті мен асхана бойынша кезекші, ал қажет кезде бөлімнің тәуліктік нарядының басқа да адамдары демалуы үшін жеке үй-жайлар немесе кезекшілер бөлмесінде орындар жабдықталады.
      Демалатын үй-жайларда (орындарда):
      үстел және орындықтар;
      жартылай жұмсақ кушетка;
      суға арналған графин мен стақандар;
      киімді күту және аяқ киімді тазалау үшін керек-жарақтар;
      сыртқы киім үшін шкаф немесе киім ілгіш;
      электр плитасы (қысқа толқынды пеш), су жылыту үшін шәйнек болуы тиіс.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    29-ҚОСЫМША

              Қару мен оқ-дәрілерді беру кітабы

                  _________________________
                           рота (бөлімше)

Р/с
N

Берілді

Күні

Қарудың (оқ-дәрілердің) атауы

Саны

1

2

3

4

кестенің жалғасы


Қайтарылды

Қару (оқ- дәрілер) берілген адамның әскери атағы мен тегі

Алғаны туралы қолы

Күні

Саны

Қабылдағаны туралы қолы

5

6

7

8

9

      Ескертпе:
      1. Жеке құрамға, пистолеттерден басқа қаруды рота бойынша
кезекші тек рота командирінің немесе рота старшинасының рұқсатымен,
ал сарбаздар мен сержанттарға пистолеттерді тек рота командирінің
рұқсатымен рота старшинасы береді. Бөлімшені жауынгерлік әзірліктің
жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, оқу-жаттығуларда немесе
сабақтарда, сондай-ақ тазалау үшін беру кезінде алынған қару мен
оқ-дәрілер үшін кітапқа взвод командирі немесе взвод сержанты
(взвод командирінің орынбасары), ал қарауылға түскен кезде қарауыл
бастығы қол қояды. Қару жеке әскери қызметшілерге олардың өздеріне
қолдарын қойғызып беріледі.
      2. Қарауыл үшін оқ-дәрілер рота командирінің рұқсатымен, ал
кезекші бөлімшеге бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен рота сержанты
жеке өзі береді, осы оқ-дәрілерді де ол қабылдайды және кітапқа
қол қояды.
      3. Бөлімшені жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген
жағдайда қару мен оқ-дәрілерді беруді жылдамдату мақсатында кітапта,
арнайы бөлінген жерде алдын ала жазу жазылады, ол қажет кезде
нақтыланады. Алынған қару мен оқ-дәрілерге оларды алған уақытта қол
қойылады.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    30-ҚОСЫМША

          Кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы

                ________________________________
                        (рота, бөлімше)
                ______________________________әскери бөлімі бойынша

Күні

Кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы, қабылданған қарудың, оқ-дәрілері бар жәшіктердің саны және
кезекшілік уақытында қызмет атқаруда
анықталған кемшіліктер туралы

Командирдің шешімі

1

2

3

      Ескертпе: кезекшілікті тапсыру және қабылдау кітабының бірінші
бетінде жазбаның үлгісі орналастырылады.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    31-ҚОСЫМША

    Материалдық құралдарды әскери бөлімге (әскери бөлімнен)
            әкелу (әкету), кіргізу (шығару) үшін
                  материалдық рұқсаттама

N___РҰҚСАТТАМА ТҮБІРТЕГІ
_______________________________
(әскери атағы, тегі мен аты-жөні)
Рұқсат етіледі_________________
(кіргізу, шығару, әкелу, әкету)
Қайдан (қайда)_________________
              (құрылымдық
_______________________________
      бөлімшенің атауы)
Қандай мүлік___________________
             (мүліктің атауы)
_______________________________
Орын саны______________________
          (саны көрсетіледі)
Күні___________________________
Уақыты_________________________
Рұқсаттаманы алған лауазымды адам___________________________
         (қол қою орны)

N___МАТЕРИАЛДЫҚ РҰҚСАТТАМА
_______________________________
(әскери атағы, тегі мен аты-жөні)
Рұқсат етіледі_________________
(кіргізу, шығару, әкелу, әкету)
Қайдан (қайда)_________________
              (құрылымдық
_______________________________
      бөлімшенің атауы)
Қандай мүлік___________________
             (мүліктің атауы)
_______________________________
Орын саны______________________
          (саны көрсетіледі)
Күні___________________________
Уақыты_________________________
Рұқсаттаманы алған лауазымды адам___________________________
         (қол қою орны)

      Ескертпе:
      Мүлікті шығаруға материалдық рұқсаттамаға штаб бастығы және
бағынысты қызметтер бойынша бөлім командирінің тиісті орынбасары
қолдарын қояды.

                                              Ішкі қызмет жарғысына
                                                    32-ҚОСЫМША

     Материалдық құралдарды қойма аумағына (техникалық
       аумаққа) әкелу (әкету), кіргізу (шығару) үшін
                   материалдық рұқсаттама

__________________әскери бөлімі
20__ж."__"_____________________
Материалдық құралдарды әкелуге (әкетуге), кіргізуге (шығаруға) арналған
N___рұқсаттама түбіртегі
________________сақтау бөліміне
(қоймаға)
әкелуге (әкетуге), кіргізуге (шығаруға) рұқсат етіледі________________________
_______________________________
           (кімге)
_______________________________
(автомобильдер немесе вагондар N N)мынадай материалдық құралдар:
____________________________
|P/c|Мате-   |Орама|Орындар  |
| N |риал-   |түрі |саны     |
|   |дық     |     |(жазумен)|
|   |құралдар|     |         |
|____________________________|
Негізі_________________________
(есептік құжаттың атауы, N және күні)
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Рұқсаттаманы алды______________
                  (қолы, тегі)
20__ж."__"_____________________

__________________әскери бөлімі
20__ж."__"____________________
Материалдық құралдарды әкелуге (әкетуге), кіргізуге (шығаруға) арналған
N___рұқсаттама түбіртегі
________________сақтау бөліміне
(қоймаға)
әкелуге (әкетуге), кіргізуге (шығаруға) рұқсат етіледі_______________________
______________________________
           (кімге)
______________________________
автомобильдер немесе вагондар N N) мынадай материалдық құралдар:
__________________________
|P/c|Мате-   |Орама|Орындар|
| N |риал-   |түрі |саны   |
|   |дық     |     |(жазу- |
|   |құралдар|     |мен)   |
|   |        |     |       |
|__________________________|
Негізі________________________
(есептік құжаттың атауы, N және күні)
м.о___________________________
______________________________
______________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Рұқсаттамада көрсетілген материалдық құралдар әкелінді(әкетілді), кіргізілді (шығарылды)
20__ж."__"____________________
БӨП бойынша кезекші___________
                  (қолы, тегі)

      Ескертпе:
      1. Материалдық рұқсаттамалар кітапша сияқты жасалған бланк
түрінде жасалады. Рұқсаттаманың бұл түрінде рет нөмірін, рұқсаттама
берілетін адамның тегін, аты мен әкесінің атын, әкелінетін
(әкетілетін), кіргізілетін (шығарылатын) мүліктің қысқаша атауы мен
санын, әкелу (әкету), кіргізу (шығару) қайда және қашан
жүргізілетінін, рұқсаттаманы ресімдеу күні мен оның қолданылу
уақытын көрсету, сондай-ақ рұқсаттаманы берген адамның қолын қоюы
үшін орын көзделуі тиіс. Осы рұқсаттаманың қорғаныс дәрежесін
арттыру үшін шартты белгілерді, рұқсаттама бюросы лауазымды
адамының қолын растайтын мөртабандарды, сондай-ақ
"N___ рұқсаттамалар үшін" сүргілі мөрінің бедерін қолдану көзделеді.
      2. Рұқсаттама материалдық құралдарды аумаққа әкелуге
(кіргізуге), оларды қойма аумағынан әкетуге (шығаруға) рұқсат
беретін құжат болып табылады. Ол бойынша сондай-ақ материалдық
құралдарды сақтау бөлімдеріне (олардан) әкелуді (әкетуді), кіргізуді
(шығаруды) бақылау жүзеге асырылады.
      3. Материалдық рұқсаттаманың сыртқы бетіне мүлікті берген
(қабылдаған) адам жазба жазады.
      4. Материалдық рұқсаттамаға штаб бастығы және бағынысты
қызметтер бойынша бөлім командирінің тиісті орынбасары қолдарын
қояды.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 5 шілдедегі
N 364 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының
ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ

      Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.
      Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

1-тарау. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру

Жалпы ережелер

      1. Елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі - әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.

      2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.
      Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуі тиіс.

      3. Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.

      4. Гарнизон шектерінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Ақмола және Алматы гарнизондарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапты аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады.

      5. Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі жарғысына (бұдан әрі - Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады.
      Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді.
      Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.

      7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша).
      Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінің атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары болған гарнизондарда гарнизон бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

      8. Лауазымға кіріскені туралы гарнизон бастығы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.

      9. Әскери қалашықта Қарулы Күштердің әр түрлі түрлері мен әскер тектерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына кіретін бірнеше әскери бөлімдер орналасқан кезде гарнизон бастығының бұйрығымен әскери қалашықтың жетекшісі тағайындалады.

      10. Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады.

Гарнизон бастығы

      11. Гарнизон бастығы: гарнизонда әскери тәртіпті ұстауға; гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыруға және өткеруге; азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен және бөлімдерімен өзара іс-қимылға; гарнизонның аумақтық қорғаныс міндеттерін және жұмылдыру іс-шараларын орындауға қатысатын гарнизонның күштері мен құралдарының іс-қимылына; әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге; өртке қарсы қорғаныстың жай-күйіне; әскерлерді тартумен гарнизондық іс-шараларды өткізуге жауап береді.
      Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен  әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес тәртіптік құқықтарға ие болады.
      Гарнизон бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметтер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады және осы мәселелер бойынша гарнизонның әскери қызметшілері үшін тікелей бастық болып табылады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына бағынады. Гарнизон бастығы:
      гарнизон әкімшілігінің қызметіне басшылық жасауға; ай сайын әскери тәртіптің, гарнизондық және қарауылдық қызметтердің жай-күйін талдауға, гарнизон әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың орынбасарларымен жұмысты қорытындылауға және тиісті бұйрықтар шығаруға;
      қылмыстар мен оқиғалардың алдын алу, қырағылық пен мемлекеттік құпиялардың сақталуын арттыру жөніндегі шараларды айқындауға;
      гарнизон аумағында орналасқан мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен байланысты ұстауға, олармен гарнизондық қызметті, азаматтық, аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға, бірлескен іс-шараларды өткізуге байланысты барлық қажетті мәселелерді, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту, басқа да қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру мәселелерін шешуге;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына гарнизондық қарауылдар кестесін (2-қосымша), сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған кезде аумақтық қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен), гарнизонның басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен өзара іс-қимылдар, гарнизонды өртке қарсы қорғану жоспарларын бекітуге ұсынуға, гарнизонның шекаралары туралы ұсыныстар енгізуге;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының нұсқауы бойынша жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірген кезде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның орындалуын қамтамасыз етуге;
      әскерлердің, гарнизондық объектілер мен әскери қалашықтардың күзетін, қорғанысы мен жаппай қырып-жою қаруынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) салдарларынан қорғауды, сондай-ақ гарнизонда өртке қарсы қорғануды ұйымдастыруға және олардың жай-күйін бақылауға;
      төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін, осы жағдайларда зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін бөлімшелер (әскери бөлімдер) тағайындауға;
      гарнизондық қарауылдардың күзетінде тұрған объектілерге кіру тәртібін белгілеуге;
      кемінде аптасына бір рет гарнизондық нарядқа тағайындалған әскери қызметшілердің даярлығын; гарнизондық қарауылдардың таралымын өткізуді және олардың қызмет өткеруін, постылар мен карауылдық үй-жайлардың жай-күйін, гарнизон кезекші бөлімшесінің әзірлігін жеке өзі тексеруге;
      кемінде айына бір рет жауынгерлік патрондар қорларын есепке алу кітабына жазба жасай отырып, карауылдардағы оқ-дәрілер қорларының болуын және оның жай-күйін тексеруге;
      гарнизонның әскери бөлімдері үшін оқу материалдық-техникалық базалардың объектілерін пайдалану тәртібін, ашық су тоғандарында шомылу орнын, уақыты мен тәртібін белгілеуге, сондай-ақ олардағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауға;
      жалпыгарнизондық бос уақытты мәдени өткізу және спорттық іс-шаралар жоспарларын қарастыруға және бекітуге;
      азаматтарды қабылдау уақытын, орны мен тәртібін айқындауға және гарнизонның жеке құрамына жеткізуге;
      әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ гарнизон тұрғын үй комиссиясының қызметіне басшылық жасауға, заңнамаға сәйкес гарнизондағы тұрғын үй бөлуді қарастыруға және бекітуге;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, жалпыгарнизондық пайдаланудағы үйлерді, әскери қалашықтардың аумақтары мен ғимараттарды әскери бөлімдердің ұстауын тексеруге;
      полигондарға кеткен немесе гарнизон құрамынан шыққан әскери бөлімдердің әскери қалашықтары мен объектілері қалдырылған кезде олардың күзетін ұйымдастыруға және бақылауға;
      әскери қызметшілердің гарнизонда қысқы немесе жазғы киім нысанына көшуге уақыт белгілеуге;
      гарнизондағы жылу беру кезеңінің басталғанын және аяқталғанын хабарлауға;
      әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізуге, қажет болған жағдайларда құрметті қарауылдар тағайындауға, әскери молаларды, зираттар мен әскери ескерткіштерді тиісті тәртіппен ұстау туралы қамқорлық көрсетуге;
      аттестаттарға сәйкес оларды жабдықталыммен қамтамасыз ете отырып, гарнизонда уақытша болатын әскери бөлімдерді, бөлімшелер (командалар) мен жеке әскери қызметшілерді, сондай-ақ әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдарды орналастыруға;
      гарнизонда қызмет өткермейтін сырқаттанған әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;
      стационарлық емделуді қажет ететін сотталғандардың күзетін ұйымдастыруға;
      гарнизонның әскери бөлімдерінде қызмет өткермейтін әскери қызметшілердің теріс қылықтарына қызметтік тексеруді тағайындауға, ал олар қылмыс жасаған жағдайда гарнизон әскери полициясының бастығына және әскери прокурорына жедел хабарлауға; гарнизонда әскери полиция органдары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу ісін жүргізуге басшылық жасауға;
      гарнизонда қызмет өткермейтін әскери қызметшілер сотталған кезде, әскери полиция органдары болмаған кезде оларды жазаны өтеу орнына жіберуді ұйымдастыруға міндетті.

      12. Гарнизон бастығы гарнизон орналасқан жерге келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларын, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларын, гарнизон орналасқан аумақтағы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысын қарсы алады, баяндайды және оған ілесіп жүреді.
      Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының ерекше нұсқауы бойынша қарсы алады.
      Гарнизонға Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары, орталық әскери басқару органдары департаменттерінің (бас басқармаларының) бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің қолбасшылары келген жағдайда оларды қарсы алады және өзін таныстырады.
      Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы аумақтағы оның жауапкершілігіндегі аймаққа келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасын қарсы алады және баяндайды.

      13. Гарнизон бастығы гарнизоннан уақытша (демалысқа, ұзақ іссапарға) кеткен кезде өз міндеттерін атқаруды гарнизон бастығы орынбасарларының біреуіне тапсырады, ол туралы гарнизон бойынша бұйрықта жариялайды және Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.
      Ақмола және Алматы гарнизондарында гарнизон бастығының міндеттерін уақытша атқару көрсетілген жағдайларда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы тағайындаған адамға жүктеледі.

      14. Гарнизонның іссапарға келген әскери бөлімдерін, жекелеген бөлімшелерін (командаларын) есепке алу, олардың қызмет орындарына уақтылы кетуін бақылау гарнизон әкімшілігіне жүктеледі.
      Басқа гарнизонның шегіне әскери бөлімдерді (бөлімшелерді, командаларды) жіберетін командирлер (бастықтар) осы гарнизонның бастығына олардың келетіні туралы хабарлауға міндетті.
      Әскери бөлімдер (бөлімшелер, командалар) көрсетілген пунктке келгеннен кейін әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі (команданың бастығы) ол туралы гарнизон бастығына келген күні баяндауға және гарнизон бастығына бағынатын штабта оны есепке қоюға міндетті.

Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы

      15. Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы казармалық-тұрғын үй және жер қорларын пайдалануды, есебін жүргізуді, уақтылы жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ аудандық пайдалану бөліміне тіркелген әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталыммен қамтамасыз етуге жауап береді.
      Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі уәкілетті органына бағынады. Казармалық қорды пайдалану, тұрғын үйлерді бөлу, әскерлерді жайғастыру мәселелері бойынша ол аудандық-пайдалану бөлімі қызмет көрсететін гарнизондар бастықтарының нұсқауларын орындайды.
      Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы:
      жұмылдыру жариялау және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру жағдайына гарнизондарда пәтер-пайдалану қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;
      қызмет көрсетілетін гарнизондардың бастықтарына және гарнизондар тұрғын үй комиссияларының төрағаларына гарнизондардың казармалық-тұрғын үй қорын пайдалану жөнінде ұсыныстар мен есептерді, мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жетіспейтін қорды бөлуге өтінімдер ұсынуға;
      гарнизондар бастықтарына гарнизондарда әскери бөлімдерге тұрғын үйлерді бөлу жоспарларын бекітуге ұсынуға;
      әскери бөлімдердің үйлер мен ғимараттарды, инженерлік желілерді, жиһаз бен казармалық мүкәммалды дұрыс пайдалануын тексеруге;
      әскери қалашықтардың аумақтарын көркейту, көгалдандыру мен жинау жөніндегі жоспарларды әзірлеуге және гарнизондар бастықтарына бекітуге ұсынуға және оларды әскери бөлімдердің орындауын бақылауға;
      қызметтік-тұрғын үй қорын қысқа даярлауды, қазандықтар үшін отынның әр түрлерін (белгіленген қорлардан аз емес) уақтылы әкелуді ұйымдастыруға және бақылауға;
      әскери қалашықтардың аумағынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға;
      жылына кемінде екі рет барлық тұрғын және тұрмайтын үйлерді, инженерлік-техникалық, коммуналдық ғимараттарды, инженерлік желілерді тексеруді ұйымдастыруға, олардың негізінде ағымдағы және күрделі жөндеу жөнінде іс-шаралар жоспарын жасауға;
      бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және қызметтік казармалық-тұрғын үй қорына, коммуналдық объектілер мен инженерлік желілерге жөндеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
      әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталымның барлық түрлерімен қамтамасыз етуге және оның дұрыс пайдаланылуын бақылауға;
      әскери бөлімдерді электр энергиясымен, сумен, жылумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және олардың дұрыс тұтынылуын бақылауға;
      үйлерді, ғимараттар мен инженерлік желілерді пайдалану мәселелері жөнінде басшылық жасауды жүзеге асыруға;
      гарнизондарда объектілердің аумақтық қорғанысы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар әзірлеуге және іс-шаралар өткізуге қатысуға;
      әскери бөлімдердің пәтер-пайдалану қызметі бойынша материалдық құралдарға мұқтаждықтарын тексеруге, жиынтық өтінімдерді жасауға және оларды уәкілетті органға ұсынуға;
      гарнизоннан тысқары жаңа қызмет орнына кететін әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын алаңын тапсыруына бақылауды жүзеге асыруға;
      гарнизонның әскери бөлімдеріне бекітіліп берілген жер телімдерінің, әскери қалашықтардың, үйлердің, ғимараттардың, коммуналдық объектілердің, тұрғын үй алаңының, инженерлік желілердің, сондай-ақ пәтер-пайдалану жабдықталымының барлық түрлерінің есебін жүргізуге міндетті.

Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының
(портының), әуежайдың әскери коменданты

      16. Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты өз учаскесі және станциясы (порты), әуежайы аумағы шектерінде әскери тасымалдауларды ұйымдастыру және әскери қызметшілер арасындағы жоғары әскери тәртіпті ұстау жөніндегі міндеттерді орындайды. Осы міндеттерді орындау кезінде темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты гарнизон бастығына бағынады. Әскери коменданттың әскери тасымалдауларды орындау, әскери және жарғылық тәртіпті сақтау мәселелері жөніндегі барлық талаптары темір жол (теңіз, өзен) учаскесі бойынша жүріп бара жатқан сол сияқты темір жол станцияларында (порттарында), әуежайларда болатын барлық әскери қызметшілердің нақты орындауына жатады. Оған әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдар бағынады.
      Тікелей бастықтардан басқа, әскери комендантқа әскери қызметшілердің ешқайсысы да оның қызметтік іс-қимылына қатысты қандай да бір өкім беруге құқығы жоқ.
      Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты:
      темір жол (теңіз, өзен) учаскесі және станциясы (порты), әуежай аумағында болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын және белгіленген киім нысанын кию ережелерін сақтауын бақылауға;
      учаскеге және станцияға (портқа), әуежайға келген жолаушылар поездарын (кемелерді, әуе кемелерін), әскери эшелондар мен қарауылдар ілесіп жүретін әскери жүктері бар көліктерді қарсы алуға немесе осы мақсаттар үшін өзінің көмекшілерін жіберуге;
      әскери тәртіптің жай-күйін, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын, әскери қызметшілердің материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін және әскери эшелондар мен көліктердегі материалдық бөлшектердің және жүктердің бекітілуін тексеруге;
      елеулі немесе ауыр теріс қылыққа жол берген немесе қылмыс жасаған әскери қызметшілерді ұстауға шаралар қабылдауға, ал қажет болған кезде поездардан, теңіз (өзен) және әуе кемелерінен түсіріп алуға;
      әскери залдарда және әскери кассалар жанында тәртіп орнатуға және оны ұстауға, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының жол жүру билеттерін алу кезектілігін айқындауға;
      жүктерді алу және оларды жүру жолында күзету үшін бара жатқан және өз әскери бөліміне қайтып келе жатқан қарауылдарды кідіріссіз жөнелтуге;
      оның қарамағына бөлінген патрульдерге нұсқаулар беруге және олардың қызметті дұрыс өткеруін қадағалауға;
      жеке немесе командалар құрамында жол жүріп келе жатқан, ауысу пункттерінде болатын әскери қызметшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді және олардың демалуын ұйымдастыруға;
      әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдардың, сондай-ақ темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге;
      жол жүргенде сырқаттанған немесе зардап шеккен әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;
      барлық оқиғалар, әскери қызметшілердің әскери тәртіпті бұзушылықтары туралы және қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына баяндауға;
      қылмыстар мен оқиғалар туралы әскери полиция бастығын және гарнизон прокурорын хабардар етуге міндетті.

2-тарау. Әскерлердің парадтарға және қоғамдық іс-шараларға
қатысуы

Жалпы ережелер

      17. Гарнизонның әскерлер парадтары ерекше нұсқау бойынша мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ мемлекеттік және әскери маңызды оқиғаларды атап өту үшін өткізіледі.

      18. Парадқа қатысатын әскерлердің құрамы, бөлімдердің (бөлімшелердің) жүріп өту бағдарлары, парадтың уақыты мен орны, киім нысаны, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі әрбір жеке жағдайда гарнизон бастығының бұйрығымен айқындалады. Бұйрықпен, егер ол көзделген болса, артиллериялық салютті (отшашуды) өткізу тәртібі айқындалады.
      Парадқа қатысатын әскерлерге басшылық жасау үшін парадтың қолбасшысы тағайындалады.

      19. Парадқа қатысатын әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен әскери бөлімдердің іс-қимылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың саптық жарғысында (бұдан әрі - Саптық жарғы) мазмұндалған командалар мен ережелер бойынша орындалады.

      20. Парад үшін сапқа тұрғызу орнына жақындаған кезде әскерлермен бірге жүретін оркестрлер ойнауын тоқтатады. Әскери бөлімдер сапқа тұрғызу схемасына сәйкес орындарына тұрады. Әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары өз әскери бөлімдерінің оң жақ қапталдарына бір қатарға тұрады, орынбасарлардан екі адым солға қарай әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы топ тұрады.
      Ордендермен наградталған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары ордендермен және орден ленталарымен болуы тиіс.
      Әскери бөлімдердің оркестрлері гарнизон әскери дирижерының командасымен парадты қабылдаушыға қарама-қарсы және әскерлердің бастапқы орнына біршама жақын құрама оркестрге, фанфаршылар - құрама оркестрдің алдына сапқа тұрғызылады. Барабаншылар бас жақтағы бөлімшеден кейін бір немесе бірнеше қатарға тұрады.

      21. Автоматтармен қаруланған әскери бөлімдер (бөлімшелер) парад үшін сапқа тұрғызылады, бұл ретте автоматтар "кеудеге", ал карабиндер -"аяққа" күйінде болады.
      Әскери бөлімдердің командирлері өз бөлімдерінің келгені және сапқа тұрғызылғаны туралы парадқа қатысатын әскери бөлімдер командирлерінің үлкеніне баяндайды.

      22. Әскери бөлімдерді сапқа тұрғызу орнын, олардың қапталдарын, сап тереңдігі мен әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін сызықтық білдірушілер тағайындалады.
      Әскерлерді сапқа тұрғызу орнына сызықтық білдірушілерді сапқа тұрғызу әскерлер келетін уақытқа дейін аяқталуы тиіс. Әскери бөлімдер сапқа тұру орындарына тұрғаннан кейін сызықтық білдірушілер бастапқы орнына тұрады.

      23. Парадты қабылдаушы келгенге дейін парад үшін сапқа тұрғызылған орында тек әскерлер сапқа тұрғызылған бөлімдердің маңдайшебі және парад қолбасшысы алдынан өтетін әскери бөлімдер сәлемдеседі.

Әскерлердің парад қолбасшысы мен парадты қабылдаушыны
қарсы алуы

      24. Парад қолбасшысын қарсы алу үшін парадқа қатысатын командирлердің үлкені: "ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)", ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса - "ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командаларын береді және әскерлердің сапқа тұрғызылғаны туралы баяндайды.
      Парад қолбасшысы баяндауды қабылдап: "ЕРКІН ТҰР" командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: "ЕРКІН ТҰР" командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: "Аяқ-ҚА" және одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді. Парад қолбасшысын қарсы алған кезде құрама оркестр ойнамайды.

      25. Парадты қабылдаушыны қарсы алу үшін парад қолбасшысы: "Парад, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)", ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса -"Парад, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командаларын береді.
      Взвод командирінен және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киіміне апарады. Құрама оркестр "Қарсы алу маршын" орындайды.

      26. Парад қолбасшысы қолын бас киіміне апара отырып, парадты қабылдаушыға автомобильмен жүріп келеді және баяндайды, мысалы: "Генерал-полковник мырза, Ақмола гарнизонының әскерлері Жеңіс күнін мерекелеуге арналған парадқа сапқа тұрғызылды. Парад қолбасшысы генерал-майор Жоламанов".
      Парад қолбасшысы баяндау үшін тоқтаған кезде құрама оркестр ойнауын тоқтатады. Баяндау аяқталғаннан кейін парад қолбасшысы қолын бас киімінен түсірмей, саптың маңдайшебі алдынан (саптың сыртқы жағынан) және одан біршама кейін парадты қабылдаушыға ілесіп жүреді.

      27. Парадты қабылдаушы баяндауды қабылдап, сап маңдайшебінің алдыңғы жағынан әскерлерді көлікпен айналып өтеді, олармен сәлемдеседі және құттықтайды. Құрама оркестр парадты қабылдаушы сәлемдесу және құттықтау үшін тоқтаған уақытта ойнауын тоқтата отырып, "Қарсы алу маршын" орындайды.
      Сәлемдесу мен құттықтауға әскерлер Ішкі қызмет жарғысына сәйкес жауап береді, бұл ретте "ура" созылыңқы айтылады.

      28. Парадты қабылдаушы әскерлерді көлікпен айналып өткеннен кейін парадты қабылдау орнына келген кезде әскерлер қайтадан (созылыңқы, дауыс сарынымен) "уралайды". Құрама оркестр салтанатты сипаттағы шығарманы орындайды.
      Парадты қабылдаушының нұсқауы бойынша парад қолбасшысы: "ЕРКІН ТҰР" командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: "ЕРКІН ТҰР" командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: "Аяқ-ҚА" және одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командасын береді.
      Құрама оркестрдің фанфаршылары (корнетшілері мен кернейшілері) "Барлығың тыңдаңдар" белгісін орындайды.

      29. "Барлығың тыңдаңдар" белгі беруі орындалғаннан кейін парадты қабылдаушы сөз сөйлейді (бұйрық оқиды). Сөз сөйлеу аяқталғаннан (бұйрық оқылғаннан) кейін әскерлер үш мәрте "уралайды", құрама оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды, онымен бір уақытта, егер ол көзделген болса, артиллериялық салют (от шашу) жасалады. Взвод командирінен бастап және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киіміне апарады, ал әскерлер командасыз саптық қалыпты қабылдайды және Мемлекеттік Әнұранды орындайды.
      Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін фанфаршылар (корнетшілер мен кернейшілер) "Тоқтат" белгісін орындайды, взвод командирінен және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киімінен түсіреді, әскерлер "еркін тұр" күйін қабылдайды.

Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту тәртібі

      30. Әскерлер салтанатты шерумен гарнизон бастығының бұйрығында көрсетілген тәртіппен жүріп өтеді.
      Салтанатты шерумен жүріп өту үшін парад қолбасшысы: "Парад, ТІК ТҰР", "Салтанатты ШЕРУГЕ", "РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША", "Бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықпен, бірінші рота (батальон) тура, қалғандары оң-ҒА", "Иық-ҚА", "Назар оңға, адым - БАС" командаларын береді.

      31. "Салтанатты ШЕРУГЕ" командасы бойынша бөлімшелердің командирлері саптан шығады және өз бөлімшелері маңдайшебінің алдына, ал әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары - бас жағындағы бөлімшелер (әскери бөлімдер) командирлерінің алдында белгіленген арақашықтықта тұрады. Ту ұстаушылар мен ассистенттер алға шығады және белгіленген арақашықтықтан, ал барабаншылар - бас жақтағы әскери бөлім (бөлімше) комадирінің алдында 15-20 адымда тұрады.
      Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтық білдірушілер саптық адыммен осы сызық бойымен бір-бірінен 15-20 адым қашықтықта өз орындарына тұрады.
      "РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША" командасы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері оңға бұрылады.
      Парад қолбасшысының "Иық-ҚА" командасы бойынша карабиндермен қаруланған әскери қызметшілер оларды "иыққа" күйіне алады (автоматтардың "кеудеге" күйі өзгермейді); ту ұстаушылар жауынгерлік туларды көтереді, Жауынгерлік Ту сабының төменгі ұшын тұғыр ұясына салады және қолдарымен сүйеп ұстап тұрады. Оркестр мен барабаншылар ойнауға дайындалады.
      "Кеудеге" күйіндегі автоматтармен қаруланған әскери қызметшілер "адым" алдын ала командасы бойынша оларды сол қолмен сағақ пен ұңғы бастырмасынан алады.

      32. Парад қолбасшысының "БАС" командасы бойынша барабаншылар мен бас жақтағы бөлімше қолбасшының соңынан қозғалысты шағын барабандарды соғумен саптық адыммен бастайды.
      Қалған бөлімшелер қозғалысты белгіленген арақашықтықтарды сақтай отырып жүзеге асырады, бас жақтағы бөлімше тұрған жерге дейін жетеді, өз командирлерінің командасы бойынша солға бұрылады (оң иықпен алға енеді), түзеледі, белгіленген аралықты, арақашықтықты орнатады және "ТУРА" командасы бойынша алда келе жатқан бөлімшенің соңынан жүреді.
      Бөлімшелердегі оң жақ қапталдағылар сызықтық белдірушілер белгілеген сызық бойымен олардан бір адым артта жүреді.

      33. Парад қолбасшысы салтанатты шерумен жүріп өту үшін команда бере отырып, барабаншылардың (бас жақтағы әскери бөлімнің, бөлімшенің) алдында екі сызықтық арақашықтықта қозғалады. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық жақын келгенде, ол қолын бас киіміне апарады және басын ол жаққа қарай бұрады, парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін ол машинадан шығады және парадты қабылдаушыдан оңға қарай және біршама артта тұрады.

      34. Әскери бөлімдер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде бас жағындағы әскери бөлімнің алдында келе жатқан бөлімше маңдайшебінің орта тұсы алдында бөлім командирі жүреді, одан кейін екі адымда - оның орынбасарлары (бір қатарда), орынбасарлардан кейін екі адымда - бөлімнің Жауынгерлік Туымен ту ұстаушы мен ассистенттер, бөлімнің Жауынгерлік Туынан кейін төрт адымда әскери бөлімдер (бөлімшелер) белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі жүреді.

      35. Бас жақтағы бөлімше парадты қабылдаушыға төрт-бес сызықтық кашықтыққа жақындағанда, құрама оркестр маршты ойнай бастайды. Егер әскерлер парадына барабаншылар қатысатын болса, олар шағын барабандарды соға отырып, бас жақтағы бөлімшенің алдында салтанатты шерумен өтеді. Оркестр марш орындауды бастағанда шағын барабандарды соғу тоқтатылады.

      36. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық қалғанда, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері: "Назар оң-ҒА" командасы (белгісін) береді, қолын бас киіміне апарады және басын парадты қабылдаушы жаққа қарай бұрады. Оң жақ қапталдағылардан басқа, сапта тұрғанның барлығы бір уақытта басын сол жаққа қарай бұрады. Өтіп бара жатқан бөлімшенің командирі парадты қабылдаушыдан кейін үшінші сызықтықтан өткенде командирлер қолын бас киімінен түсіреді және басын тік қаратады. Сапта тұрғандардың барлығы бір уақытта басын тік қаратады.
      Ту ұстаушылар мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде басын парадты қабылдаушы жаққа бұрмайды.
      Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін саптан шығады және парад қолбасшысынан оңға қарай бес адымда тұрады.

      37. Машиналарда салтанатты шерумен өтетін әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері өз әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) алдында автомобильдерде (мұнарада тұрып, жоғарғы люктері ашық броньды техникада) жүреді және парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда, парадты қабылдаушы жаққа басын бұрумен бір уақытта қолын бас киіміне апарып, оған сәлемдеседі.
      Қалған танктердің (өздігінен жүретін зеңбіректердің) жоғарғы люктері жабық болуы тиісті.
      Автомобильдердің (тартқыштардың) кабиналарында болатын әскери қызметшілер салтанатты шерумен жүріп өту кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.
      Машиналардың ашық қораптарында болатын әскери қызметшілер парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда оған басын бұрумен сәлемдеседі.

      38. Әрбір әскери бөлім (бөлімше) парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін, сол саппен белгіленген орынға дейін жүреді, ол жерден қажетті қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін өз орналасқан жеріне жіберіледі.
      Соңғы әскери бөлім парадты қабылдаушыдан кейін бірінші сызықтықтан өткеннен кейін құрама оркестр ойнауын тоқтатады, оңға бұрылады және жүру кезінде маршты орындай отырып, сол жерден салтанатты шерумен бастапқы орнына жүріп өтеді. Әскери оркестр өткеннен кейін сызықтық білдірушілер кезекпен оркестр сабының соңына сапқа тұрып жүреді.

Әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуы

      39. Әскери бөлімдердің бөлімшелері тек гарнизон шекараларында қоғамдық іс-шараларға тартылуы мүмкін.
      Гарнизондық жиналыстар мен өзге де қоғамдық іс-шаралар өткізілген кезде әскерлердің оған қатысуы әрбір жекелеген жағдайда гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен айқындалады.

      40. Бұйрықта: іс-шараның мақсаты, мазмұны мен бағдарламасы, оған қатысу үшін тартылатын әскерлердің құрамы, киім нысаны, әскерлердің жиналу уақыты мен орны, әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) жүру бағыттары, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі, іс-шараны өткізу уақытындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көрсетіледі.

3-тарау. Әскери құрметтер көрсету

Жалпы ережелер

      41. Құрметті қарауыл - салтанатты іс-шараларға, оның ішінде мемлекеттік ескерткіштердің ашылуына шығарылатын әскери нышандарға (Жауынгерлік Туға, Әскери-теңіз жалауына) әскери құрметтер көрсету үшін, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу (шығарып салу) үшін, сондай-ақ осы Жарғының 48-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеу кезінде тағайындалған бөлімше (команда).
      Жерлеуге тағайындалған құрметті қарауыл жекелеген жағдайларда құрметті эскорт болып қайта құрылуы мүмкін.

      42. Құрметті қарауыл құрамына бөлімшеден бастап ротаға дейінгі жаяу саптағы бөлімшелер (немесе оларға сәйкес бөлімшелер) және әскери оркестр тағайындалады.
      Құрметті қарауыл бастығы болып офицер тағайындалады. Қажет болған кезде құрметті қарауыл құрамынан жұпты сақшылар мен ту ұстаушылар қойылуы мүмкін.

      43. Құрметті қарауыл гарнизон бастығының, әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады. Бұйрықта құрметті қарауылдың құрамы, киім нысаны мен қару-жарағы көрсетіледі. Оқ-дәрілер құрметті қарауылға берілмейді, салют ату үшін бос патрондар берілуі мүмкін.
      Құрметті қарауыл гарнизон бастығына және ол тағайындалған әскери бөлімнің командиріне бағынады.

       44. Құрметті қарауыл сақшылары мен ту ұстаушылар ауысымы кемінде 15 минуттан кейін жүргізіледі. Ауыстыру үшін командалар берілмейді және постыны өткізу жүргізілмейді.
      Құрметті қарауылдардың сақшылары мен ту ұстаушылар әскери сәлемдесуді орындамайды.

Олардың құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған адамдарды
қарсы алу және ескерткіштерді ашу кезінде әскери құрметтер
көрсету

      45. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының ерекше нұсқауы бойынша шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу және шығарып салу үшін құрметті қарауыл Жауынгерлік Тумен (Әскери-теңіз жалауымен) өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер қарауылдың оң жақ қапталынан кейін екі адымда, оркестр - Жауынгерлік Тудан онға қарай үш адымда тұрады.
      Қарсы алынатын адам 40-50 адым жақындаған кезде карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл бастығы: "Қарауыл, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА", ал автоматтармен қаруланған - "Қарауыл - ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР","Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командаларын береді.
      Осы командалар бойынша карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл қаруды "қарауылға" алады және басын қарсы алынатын адам жаққа қарай бұрады, ал автоматтармен қаруланғандар тек қарсы алынатын адам жаққа қарай басын бұрады; оркестр "Қарсы алу маршын" орындайды; құрметті қарауыл бастығы қолын бас киіміне апарып (қылышты "қарауылға" күйіне келтіріп), қарсы алынатын адамға саптық адыммен келеді және оған дейін екі-үш адым қалғанда тоқтайды, қылышты "аяққа" күйіне түсіреді және баяндайды, мысалы: "Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі мырза, Сіздің келу құрметіңізге құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды. Қарауыл бастығы майор Ахматуллин". Қарауыл бастығы баяндау үшін тоқтағанда оркестр ойнауын тоқтатады.
      Қарауыл бастығы баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірместен (қылышын "аяққа" күйінде ұстап), оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына бір адым жасайды. Оркестр оның құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған өкіл мемлекетінің мемлекеттік әнұранын, одан кейін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
      Оркестр мемлекеттік әнұрандарды орындауды аяқтағаннан кейін қарауыл бастығы оның соңында бір-екі адымда жүре отырып және саптың сырт жағынан, қолын бас киімінен түсірместен (қылышын "аяққа" күйінде ұстап), қарауыл маңдайшебі бойымен қарсы алынатын адамға ілесіп жүреді.
      Сәлемдескеннен және қарауыл маңдайшебін айналып өткеннен кейін қарауыл бастығы қолын бас киімінен түсіріп (қылышын қынабына салып), карабиндермен қаруланған қарауыл үшін: "Аяқ-ҚА","ЕРКІН ТҰР", ал автоматтармен қаруланғанға - "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді және қарауылды үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызады. Одан кейін қарауыл қарсы алынатын адамның жанынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді.

      46. Ескерткішті ашуға уәкілетті адамды қарсы алу мен ілесіп жүру осы Жарғының 45-тармағында көрсетілген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
      Егер ескерткішті ашуға уәкілетті адам әскери қызметші болып табылса, онда оның сәлемдесуіне құрметті қарауылдың жеке құрамы Ішкі қызмет жарғысына сәйкес, ал қалған адамдардың сәлемдесуіне - ерекше нұсқау бойынша жауап береді.
      Ескерткіштен жамылғыны алар алдында қарауыл бастығы: "Қарауыл, ТІК ТҰР", "Назар орта-ҒА", ал егер қарауыл карабиндермен қаруланған болса, онда: "Қарауыл - ТІК ТҰР", "Назар орта-ҒА", "Қарауыл-ҒА" командаларын береді; оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.
      Оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындауды аяқтағаннан кейін автоматтармен қаруланған қарауыл бастығы: "ЕРКІН ТҰР", ал карабиндермен қаруланғанға - "Аяқ-ҚА", одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді.
      Митинг аяқталғаннан кейін құрметті қарауыл мен оркестр (егер жағдай мүмкіндік берсе) қарауыл бастығының командасы бойынша үш (төрт) лекке сапқа қайта тұрғызылады және ескерткіш алдынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді. Құрметті қарауылдың сақшылары ерекше нұсқау бойынша алынады.

      47. Салтанатты отырысқа гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша шығарылатын Жауынгерлік Туға (туларға) құрметті қарауыл мен сақшылар ауысымының санына байланысты екі-үш ту ұстаушы топ тағайындалады. Құрметті қарауылдың сақшылары (ассистенттер) Жауынгерлік Тудың (тулардың) екі жағына қатар тұрады және саптық қалыпты қабылдайды, бұл ретте автоматтар "кеудеге" күйінде (карабиндер "аяққа", қылыштар - "иыққа" күйінде) болады.
      Салтанатты отырыс өткізілетін орынға және әскери бөлімге кері қайтқанда Жауынгерлік Туға ілесіп жүру үшін туды алып жүретін взвод тағайындалады.
      Жауынгерлік Туды шығару және әкету Саптық жарғының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету

      48. Жерлеу кезінде әскери құрметтер:
      Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған, Даңқ ордендерінің толық иегерлеріне, "Отан" орденімен наградталған адамдарға;
      Ұлы Отан соғысына және басқа да соғыстарға (Қазақстан Республикасының мүдделерінде қарулы жанжалдарға және жауынгерлік іс-қимылдарға) қатысқандарға;
      "полковник" (бірінші дәрежелі капитан) және одан жоғары әскери атақтағы запаста немесе отставкада болатын офицерлерге;
      әскери қызметте болудың жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жылы бар, әскери қызметтен әскери қызметте болудың шекті жасына жетуі, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты босатылған азаматтарға;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде мемлекет алдындағы зор еңбегі бар азаматтарға;
      әскери қызмет өткеру, әскери жиындар уақытында қаза тапқан (жаралану, зақымдану, контузия алу, сырқаттану нәтижесінде қайтыс болған) әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери міндеттілерге көрсетіледі.
      Егер қаза табу (қайтыс болу) қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құқыққа қарсы іс-қимылдар жасау кезінде болса, әскери құрметтер көрсетілмейді.

      49. Әскери қызметте болған уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерді жерлеуді ұйымдастыру олардың тікелей бастықтарына, ал оларды жерлеу кезінде құрметті эскорт тағайындалатын қалған адамдарды - гарнизон бастығына (жергілікті әскери басқару органының бастығына) жүктеледі.

      50. Әскери қызметшілерді жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету үшін тағайындалатын бөлімшелер (командалар) құрметті эскортты құрайды.
      Құрметті эскортқа:
      сарбаздарды (матростарды), сержанттарды (старшиналарды), прапорщиктерді (мичмандарды) және кіші офицерлерді жерлеу кезінде - бөлімшеге дейін;
      аға офицерлерді жерлеу кезінде - взводқа дейін;
      Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған, Даңқ ордендерін толық иеленген, "Отан" орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында зор еңбегі бар азаматтарды, генералдарды (адмиралдарды), әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерін жерлеу кезінде - Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының (аумағында жерлеу өткізілетін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының) ерекше нұсқауы бойынша ротаға дейін және одан жоғары тағайындалады.
      Взвод немесе одан көп құрамда тағайындалатын құрметті эскорт тысы жоқ және қаралы лентасы бар Мемлекеттік Тумен (Жауынгерлік Тумен) болуы тиіс.

      51. Құрметті эскорттан басқа, жерлеуге:
      оркестр;
      мәйітке (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауыл;
      мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару және қабірге түсіру үшін 8-10 адам тағайындалады.
      Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін автомобиль бөлінеді.
      Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарды, Даңқ ордендерінің толық иегерлерін, "Отан" орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында зор еңбегі бар азаматтарды, генералдарды (адмиралдарды) жерлеу кезінде марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін зеңбірек лафеті бөлінеді.
      Жерлеуді қашық елді мекендерде ұйымдастырған жағдайларда құрметті эскорттың құрамын, санын, қару-жарағы мен жабдығын гарнизон (жергілікті әскери басқару органының) бастығы айқындайды.
      Ордендер мен медальдарды алып жүру үшін ордені немесе медальдары бар әрбір жастықшаға бір адамнан тағайындалады, бұл ретте генералдар мен офицерлерді жерлеу кезінде ол үшін офицерлер, ал прапорщиктерді (мичмандарды), сержанттарды (старшиналарды), сарбаздарды (матростарды) жерлеу кезінде - сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) тағайындалады.
      Әрбір орден жеке жастықшаға тағылады. Медальдар бір жастықшаға бірнешеуден тағылуы мүмкін.
      Табыттың қақпағына бас киім бекітіліп қойылады. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) Мемлекеттік жалаудың матасымен жабады.

      52. Өз әскери бөлімінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеуге құрметті эскортты және команданы осы бөлімнің командирі тағайындайды. Марқұмның мәйітін шығару және жерлеу уақыты мен орны гарнизон бастығына хабарланады.
      Осы Жарлықтың 48-тармағында көрсетілген адамдар тұрақты қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) тыс қайтыс болған жағдайда жерлеуге құрметті эскорт пен команданы қайтыс болған және жерлеу орны бойынша гарнизондардың (жергілікті әскери басқару органдарының) бастықтары тағайындайды.

      53. Егер қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеу басқа қалада немесе ауылда өткізілетін болса, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті эскорт пен оркестр қала шегіне (вокзалға, әуеайлаққа, портқа, айлаққа) дейін ілесіп жүреді.
      Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) жерлеу орнына дейін жол жүруде ілесіп жүру үшін әскери бөлім командирінің немесе гарнизон (жергілікті әскери басқару органы) бастығының бұйрығымен кемінде төрт адам тағайындалады, оларға нұсқаулар берілген және өздерімен бірге: қайтыс болғаны туралы хабарлама; қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік; қайтыс болғаны туралы куәлік; инфекциялық сырқатының жоқтығы туралы анықтама; марқұмның отбасына оның қайтыс болу жағдайлары мазмұндалған, әскери бөлім командирінің қолы қойылған хат; қаза тапқанның (қайтыс болғанның) оралған және сүргілі мөрмен мөрленген жеке заттары, құндылықтары мен наградалары болуы тиіс.
      Белгіленген жерге келгеннен кейін ілесіп жүрушілер жергілікті әскери басқару органының бастығына акті бойынша қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құжаттарын, заттары мен құндылықтарын тапсыруға және жерлеуге өзі қатысуға міндетті.
      Онда жерленген күні мен орны көрсетілген, жергілікті әскери басқару органы бастығының елтаңбалы мөрімен расталған қайтыс болғаны туралы түбіртекті ілесіп жүрушілер қайтып оралғаннан кейін өз әскери бөлімінің штабына өткізеді.
      Жерлеу белгіленген пунктке марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табыттың) немесе  көліктің  бір түрінен  екіншісіне  тиеу пункттеріне әкелу уақыты туралы тиісті гарнизон бастығына (жергілікті әскери басқару органының бастығына) әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) әскери бөлімнің командирі бір тәуліктен кешіктірмей хабарлауы тиіс.
      Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қарсы алу және жерлеу орнына дейін ілесіп жүру үшін осы Жарғының 50, 51-тармақтарына сәйкес жерлеуге құрметті эскорт және команда тағайындалады.

      54. Әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы әскери бөлімнің командирі қысқа мерзім ішінде қаза тапқанның (қайтыс болғанның) жақын туыстарына және марқұм отбасының тұрғылықты жері мен әскерге шақырылу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына хабарлауға міндетті.

      55. Гарнизон бастығы жерлеуге арналған құрметті эскорт пен команда тағайындалатын әскери бөлімнің командиріне олардың киім нысаны, келу уақыты мен орны туралы алдын ала хабарлайды.
      Офицерлер мен сержанттар (старшиналар) жерлеулерде күнделікті киім нысанында және гарнизон бастығының нұсқауы бойынша оларда сол жақ жеңінде қаралы байлама болуы тиіс.

      56. Марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауылды қою уақытын гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
      Қарауыл өз құрамынан екі жұп сақшы қояды. Сақшылардың бір жұбы марқұм мәйітінің (мәйіт салынған табыттың) екі жағына, бас жағында одан екі адымда, екінші жұп - марқұмның аяқ жағына тұрады. Сақшылардың әр жұбы екінші жұпқа қарама-қарсы, автоматтарын "кеудеге" (карабиндерін "аяққа") күйінде ұстап тұрады және саптық қалыпты қабылдайды.
      Сақшылардың сол жақ жеңінде қаралы байлама болуы тиіс.
      Мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) жанындағы сақшылар осы Жарғының 44-тармағында көрсетілгендей ауысады.
      Процессия уақытында және мәйітті (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірген кезде сақшыларды ауыстыру жүргізілмейді.

      57. Марқұмға құрметтер көрсету үшін әскери бөлімнен және қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатарынан құрметті сақшылар қойылуы мүмкін. Олар қарусыз, қаралы байламалармен, құрметті карауылдың сақшылары жанында, құрметті қарауыл сақшыларының сырт жағында бір-екі адым арақашықтықта тұрады және әрбір 3-5 минут сайын ауысады.

      58. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару орнына келгеннен кейін құрметті эскорт өрістетілген саптың маңдайшебін мәйіт (мәйіт салынған табыт) шығарылатын жаққа қаратып сапқа тұрады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда тұрады.
      Құрметті эскорт жерлеу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.

      59. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) ғимараттан шығарған кезде алдыңғы жағында марқұмның портретін ұстаған әскери қызметші, одан кейін үш-бес адым арақашықтықта бірінен кейін бірі - гүлшоқтарын ұстаған әскери қызметшілер, олардан кейін осынша арақашықтықта - ордендердің үлкендік ретімен марқұмның ордендерін,  медальдарын ұстаған әскери қызметшілер. Содан кейін марқұмды шығарып салатын мәйітті (мәйіт салынған табытты) көтерген адамдар және құрметті қарауыл жүреді.
      Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) шығарған сәтте құрметті эскорт бастығы өзінің саптағы орнынан кетпей: "ТІК ТҰР" (егер эскорт карабиндермен қаруланған болса: "ТІК ТҰР", "Қарауыл-ҒА") командасын береді, қолын бас киіміне апарады. Сапта тұрған барлық әскери қызметшілер басын мәйіт (мәйіт салынған табыт) жаққа қарай бұрады. Оркестр қаралы маршты орындайды.
      Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кезде саптық қалыпты қабылдайды және қолын бас киіміне апарады.

      60. Процессия осы Жарғының 59-тармағында көрсетілген тәртіппен қозғалады. Құрметті қарауыл марқұмды шығарып салушы адамдардан кейін, одан кейін оркестр мен құрметті эскорт жүреді.
      Процессия жаяу тәртіппен жылжыған кезде оркестр қаралы маршты үзілістермен орындайды.
      Құрметті қарауылдың сақшылары мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) екі жағында автоматтарын "кеудеге", карабиндерін "иыққа" күйінде ұстап жүреді; мәйітті (мәйіт салынған табытты) автокөлікпен ілесіп жүрген кезде - сақшылар отырған күйде, қаруларын тізелерінің арасында ұстайды.

      61. Жекелеген жағдайларда гарнизон бастығының ерекше нұсқауы бойынша мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығаратын жерде және жерлеу орнына кіреберісте процессия өтетін жолдың екі жағы бойына бір қатарлы немесе екі қатарлы жаяу саппен әскерлер сапқа тұрғызылуы мүмкін.

      62. Жерлеу орнына келгеннен кейін оркестр ойнауын тоқтатады.
      Құрметті эскорт пен оркестр орынның мүмкіндігіне қарай қабірге маңдайшеппен сапқа тұрады.
      Гүлшоқтарын, ордендер мен медальдарды ұстаған әскери қызметшілер, сондай-ақ құрметті қарауылдың сақшылары қабір жанындағы орындарға тұрады.

      63. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірер алдында қаралы митинг ашылады. Қаралы митинг аяқталғаннан кейін Мемлекеттік ту матасы бүктеледі және марқұмның отбасына тапсырылады, оркестр қаралы маршты орындайды. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) түсірген кезде Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) еңкейтіледі, құрметті эскорт мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кездегідей, марқұмға құрметтер көрсетеді (осы Жарғының 59-тармағы). Құрметті эскорт құрамынан тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды.
      Жекелеген жағдайларда Қорғаныс министрінің ерекше нұсқауы бойынша артиллериялық салют жасалуы мүмкін.
      Салюттің бірінші дүркіні жасалғанда оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды. Мемлекеттік Әнұран орындалып аяқталғаннан кейін бөлімшелер, егер орын мүмкіндігі болса, оркестрмен әскери сәлемдесуді орындаумен қабір алдынан  жүріп  өтеді. Сақшылар оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындап аяқтағаннан кейін немесе бөлімшелер жүріп өткеннен кейін алынады.
      Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету рәсімі әрбір жағдайда қаза тапқанның (қайтыс болғанның) туыстарымен немесе жерлеуді ұйымдастыратын адамдармен келіскеннен кейін жүргізіледі.

      64. Наградталған және қайтыс болғаннан кейін наградталған қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) ордендері мен медальдары, құрметті атақтарына кеуде белгілері, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар естелік ретінде сақтау үшін олардың отбасыларына (туыстарына) беріледі. Одан басқа, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің наградалары экспонаттау және сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
      Егер наградталған қаза тапқанның (қайтыс болғанның) отбасы (туыстары) болмаса, оның наградалары мен наградтау туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.

      65. Марқұмның мәйітін кремациялау жағдайында құрметті эскорт крематорий алдында, жерлеу процессиясы қозғалысының бағытына қарама-қарсы маңдайшеппен сапқа тұрғызылады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда сапқа тұрғызылады.
      Жерлеу процессиясы крематорийға жақындаған кезде оркестр қаралы маршты орындай отырып, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) крематорийға дейін ілесіп жүреді.
      Қаралы митинг уақытында оркестр ойнауын тоқтатады.
      Кремациялау үшін марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) түсіру кезінде құрметті эскорт бастығының белгілері бойынша жалау (ту) еңкейтіледі, оркестр қаралы маршты орындайды, салют басталғанда - ойынын тоқтатады, тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды. Салют аяқталғаннан кейін оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери
борышты орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің
ескерткіштеріне және қабірлеріне гүлшоқтарын қою
кезінде әскери құрметтер көрсету

      66. Әскери бөлімдердің делегациялары гүлшоқтарды Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышты орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне және қабірлеріне қояды.

      67. Мемлекеттік және әскери делегациялар гүлшоқтарын қойған кезде гарнизон бастығының бұйрығымен гарнизон әскери бөлімдерінің бір немесе бірнеше Жауынгерлік Туы бар қаруланған құрметті қарауыл және оркестр тағайындалады.
      Гүлшоқтарын қоюға қатысатын құрметті қарауылдың, оркестр мен әскери қызметшілердің киім нысаны салтанатты.

      68. Ескерткішке (қабірге) гүлшоқтарды қояр алдында құрметті қарауыл құрамынан бір-екі жұп сақшылар қойылады. Сақшылар саптық қалыпты қабылдайды, бұл ретте автоматтар - "кеудеге" (карабиндер "аяққа") күйінде болады. Сақшыларды қою уақытын гарнизон бастығы белгілейді.
      Құрметті қарауыл ескерткіш (қабір) алдында оған маңдайшеппен немесе оң қапталмен (ескерткіштің немесе қабірдің орналасуына байланысты) сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) бар туды алып жүруші топ құрметті қарауылдың оң қапталына тұрады, оркестр Мемлекеттік Тудан (Жауынгерлік Тудан) оңға қарай сапқа тұрғызылады.

      69. Гүлшоқтарын ұстаған делегация белгіленген орынға сапқа тұрады және құрметті қарауыл сабының бойымен жүре отырып, ескерткішке (қабірге) қарай қозғалысты бастайды. Делегация алдында құрметті қарауыл офицері жүреді. Одан кейін екі-үш адым арақашықтықта - гүлшоқтарын ұстаған адамдар (екі адам) және одан әрі осынша арақашықтықта - үш-бес адамдық лекте делегация жүреді.
      Гүлшоғын ұстаған делегация құрметті қарауылға 40-50 адым жақындағанда "кеудеге" күйінде болатын автоматтармен қаруланған қарауыл бастығы: "Қарауыл - ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)", ал карабиндермен қаруланғанға - "Қарауыл - ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командаларын береді.
      Құрметті қарауыл команданы орындап, гүлшоғын ұстаған делегацияның қозғалысын басын бұра отырып шығарып салады. Оркестр қаралы-салтанатты әуендерді орындайды. Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) алға еңкейтіледі.

      70. Ескерткішке (қабірге) жақындағанда делегация гүлшоқты қояды және бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алады. Оркестр ойнауын тоқтатады.
      Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды. Мемлекеттік Әнұранды орындау аяқталғаннан кейін гүлшоқ қойған делегация ескерткіштен (қабірден) кетеді және өтіп бара жатқан қарауылға қарап сапқа тұрғызылады, ал қарауыл бастығының командасы бойынша құрметті қарауыл жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызылады және оркестрдің салтанатты маршымен ескерткіш (қабір) және гүлшоқты қойған адамдар алдынан жүріп өтеді.

      71. Шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ қорғаныс министрлері мен ресми әскери делегациялары гүлшоқтарын қойған кезде осы Жарғының 66-70-тармақтарында мазмұндалған тәртіп сақталады.
      Бұл ретте қаралы-салтанатты әуендер тек делегация басшысының келісімі бойынша орындалады. Бір минут үнсіздіктен кейін гүлшоқты қоятын делегация мемлекетінің әнұраны және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (бір шумақтан) орындалады. Шетел әскери делегацияларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілі ілесіп жүреді.
      Жауынгерлер ескерткіштері мен қабірлеріне басқа шетел делегациялары гүлшоқтарын қойған кезде құрметті қарауыл мен оркестр тағайындалмайды. Бұл жағдайда ескерткішке (қабірге) гарнизон бастығының бұйрығы бойынша бір-екі жұп сақшылар қойылады, олар гарнизон бастығы белгілеген уақытта алынады. Қажет болған кезде гүлшоқ қойылатын орынға дейін оны жеткізу үшін екі әскери қызметшісі бар офицер бөлінеді.

4-тарау. Әскерлердің табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар салдарларын жоюға қатысуы

      72. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық етуші объектілерге зиян келтіруге, елеулі материалдық шығындарға және халықтың тіршілік ету шарттарын бұзуға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған белгілі бір аумақтағы жағдай.
      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайлар салдарларын жою, адамдардың өмірін құтқару үшін және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін тартылуы мүмкін.
      Ерекше жағдайларда әскери бөлімдер гарнизон бастығының шешімімен төтенше жағдайларды жоюға қатысуға тартылуы мүмкін, ол бұл туралы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына, аумағында гарнизон орналасқан өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына, сондай-ақ өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндайды.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін қолдану ережелері бойынша тартылады.

      73. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін немесе халыққа көмек көрсету үшін бөлінген әскерлерге гарнизон бастығы тапсырма қояды, онда мыналар көрсетіледі: әрбір әскери бөлім (бөлімше) қандай командирдің (бастықтың) бағынысына баратыны, қозғалыс тәсілі, берілетін техникалық құралдар, қойылған тапсырманың орындалу мерзімі, қару-жарақ, киім нысаны мен жабдықталым тәртібі.

      74. Тағайындалған орынға келгені туралы әскери бөлім (бөлімше) командирі, ол қарамағына тағайындалған лауазымды адамға жедел баяндайды және оның нұсқауы бойынша қойылған міндеттің орындалуын ұйымдастырады.
      Егер авария, апат немесе зілзала болған жерде қарамағына әскерлер тағайындалған лауазымды адам болмаса, әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі өз іс-қимылын мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен және олардың өкімі бойынша бөлінген күштермен келісе отырып, қойылған тапсырманы дербес орындауға кіріседі.
      Қойылған тапсырманың орындалғаны туралы әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі гарнизон бастығына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.

      75. Авария, апат немесе зілзала болған жерде қалған немесе одан шығарылған мүлікті күзету үшін төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін бөлінген әскери бөлім (бөлімше) командирінің бұйрығымен уақытша қарауылдар тағайындалады.
      Осы қарауылдар, олар тағайындалған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командиріне, гарнизон бастығы және қарауылдар бойынша (әскери бөлім бойынша) кезекшіге бағынады және қызметті жалпы негіздерде өткереді.

      76. Әскери бөлімдер, бөлімшелер немесе командаларды мемлекеттік жергілікті басқару органдарының өкілдеріне бағындыруға тыйым салынады.

5-тарау. Гарнизондық наряд

Жалпы ережелер

      77. Гарнизондық наряд көшелерде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіп пен реттілікті ұстау, гарнизондық объектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлім көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілерінің) жол жүру ережелерін сақтауын бақылау және гарнизон қызметінің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
      Штаттық құрылымымен және санымен әскери полиция органдарын ұстауға мүмкін болған гарнизондарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған міндеттер көлемінде гарнизонда қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі.
      Әскери бөлімдердің командирлері (бастықтары) гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері жөнінде гарнизон бастығына бағынады.
      Гарнизондық нарядтың құрамына:
      қарауылдар бойынша кезекші (командирі гарнизон бастығы болып табылатын әскери бөлім бойынша кезекші);
      қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі;
      гарнизондық қарауылдар;
      кезекші бөлімше;
      гарнизондық патрульдер;
       жол жүру ережелерінің сақталуына бақылау постылары (жол жүруді реттеуші) тағайындалуы мүмкін.
      Әскери бөлімдердің командирлері жол жүруді реттеушілерді даярлауға жауапты болады.

      78. Гарнизондық наряд нарядқа түсер алдында бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады. Ол осы наряд тағайындалған әскери бөлімдерден көлік құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      79. Гарнизондық наряд тағайындалатын әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері жеке құрамды іріктеу мен орналастыруға, оның қызметті өткеруге даярлығына, нұсқау алуға уақтылы жіберу мен таралымға келуіне, кезекші бөлімшенің ұдайы әзірлігіне және белгіленген орынға шақыру бойынша оның уақтылы келуіне жауапты болады.

      80. Гарнизонның штаб бастығы әр айға гарнизондық нарядтың ведомосын (3-қосымша) жасайды, оны гарнизон бастығы бекітеді.
      Гарнизондық нарядтың ведомосынан үзінді көшірме жаңа ай басталғанға дейін 10 тәулік бұрын қызмет өткеруге тартылатын барлық әскери бөлімдерге жіберіледі.
      Гарнизондық нарядтың ведомосындағы әрбір өзгеріс туралы гарнизон бастығы әскери бөлімдердің командирлеріне уақтылы хабарлайды.

      81. Нарядқа түсер алдында әскери бөлімнің штабында қарауылдар бойынша кезекшіге, гарнизондық патрульдердің бастығына және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшыларға (жол жүруді реттеушілерге) нұсқама беріледі, олардың негізінде гарнизонның штаб бастығы қарауылдар бойынша кезекшіге бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбаны, патрульдер бастықтарына - қозғалыс бағыты, патрульдеу уақыты, ерекше міндеттері көрсетілген патруль бастығының куәлігін, ал жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі әрбір постшыға (жол жүруді реттеушілерге) - жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшының (жол жүруді реттеушінің) куәлігін (4-қосымша) береді.

      82. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде, оның көмекшісінде, патруль және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постының құрамында (жол жүруді реттеушілерде) кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар кеуде белгісі, одан басқа жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшыларда (жол жүруді реттеушілерде) реттеушінің бағдартаяғы болуы тиіс.

      83. Гарнизондық нарядты тағайындау және даярлау тәртібі Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәуліктік нарядты тағайындау және даярлау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Гарнизонның кезекші бөлімшесі

      84. Гарнизонның кезекші бөлімшесі гарнизондық қарауылдарды күшейту немесе гарнизонда өрт, зілзала және өзге де оқиғалар болған кезде жедел шақырту жағдайында гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады.
      Бұйрықта оның құрамы, қару-жарағы, оқ-дәрілермен, қажетті мүлікпен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету, киім нысаны мен демалу тәртібі көрсетіледі.
      Кезекші бөлімшені шаруашылық жұмыстарын орындау үшін пайдалануға тыйым салынады.
      Үлкен гарнизондарда бірнеше кезекші бөлімше тағайындалуы мүмкін.

      85. Кезекші бөлімше әрбір тәулікке, гарнизон бастығы бекіткен кестеге сәйкес, әдетте, гарнизондық қарауылдар тағайындалған сол әскери бөлімнен тағайындалады және гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
      Кезекші бөлімшені шақыруды гарнизон бастығы немесе оның рұқсатымен қарауылдар бойынша кезекшісі (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлімнің) жүргізеді.
      Кезекші бөлімшені шақырған кезде: қайда, қай уақытқа және кімнің қарамағына келуі, сондай-ақ өзімен бірге қандай мүлік, жабдық, қару-жарақ, оқ-дәрілер саны болуы тиіс және оларды беру тәртібі көрсетіледі.
      Кезекші бөлімшеге оқ-дәрілер әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) немесе әскери бөлім бойынша кезекшінің бұйрығымен беріледі.
      Кезекші бөлімшені шақырумен бір уақытта гарнизон бастығының бұйрығымен, егер қажет болса, жаңа кезекші бөлімше тағайындалады.

      86. Кезекші бөлімшемен сабақтар өз әскери бөлімі орналасқан жерде өткізіледі. Кезекші бөлімшенің орналасқан жері және оны шақыру тәртібі әскери бөлім бойынша кезекшіге және қарауылдар бойынша кезекшіге белгілі болуы тиіс.

      87. Кезекші бөлімше белгіленген орынға келгеннен кейін қарауылдар бойынша кезекшісінің (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлімнің) немесе оның қарамағына тағайындалған адамның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

Гарнизондық патрульдер

      88. Әрбір гарнизонда көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, темір жол станцияларында, вокзалдарда, порттарда, әуеайлақтарда, сондай-ақ гарнизонға жақын орналасқан елді мекендерде тәртіп орнату және әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын бақылау үшін патрульдік наряд (патруль) тағайындалады. Патрульдеу, әдетте, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери полициясы органдарына жүктеледі, олар міндеттерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарады. Әскери полиция органдары жоқ гарнизондарда гарнизондық патрульдер әскери бөлімдер құрамынан гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады, қажет болған кезде бірлескен патрульдер тағайындалуы мүмкін.
      Патруль - бұл міндетті бағдарды аралау (жүріп өту) немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд.
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген органдардың, сондай-ақ олардың кезекші бөлімшелерінің (жедел топтарының) патрульдік-постылық қызметін ұйымдастыру және өткеру ерекшеліктері Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтарымен бекітілген патрульдік-постылық қызметтерді ұйымдастыру туралы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарымен айқындалады. Патрульдеу тәртібін тиісті органның командирі (бастығы) айқындайды. 

      89. Әскери бөлімдерден патрульдер бір тәулікке немесе тек күннің немесе түннің белгіленген уақытына тағайындалады және олар жаяу немесе автомобильдерде болуы мүмкін. Бір тәулікке тағайындалған патруль гарнизон бастығы айқындаған орындарда екі сағат демалумен 4 сағат ішінде патрульдеуді кезектестіріп қызмет өткереді.
      Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің жанында көлік құралы бар резервтік патруль тағайындалады.
      Гарнизондық патрульдер гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады. Қарауылдар бойынша кезекші тағайындалмаған гарнизондарда патрульдер, олар тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады.
      Темір жол учаскелері және станциялары, теңіз (өзен) порттары және әуежайлар аудандарында патрульдеу үшін тағайындалған гарнизондық патрульдер, одан басқа темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантына бағынады.

      90. Патруль патруль бастығынан және екі-үш патрульден тұрады.
      Патруль бастығы болып патрульге жүктелетін міндеттерге байланысты офицер немесе сержант (старшина) тағайындалуы мүмкін.
      Темір жол учаскелері және станциялары (порттары), әуежайлар аудандарында қызмет өткеретін патруль бастығы болып офицерлер тағайындалады.
      Патрульдер тәртіпті, талап қоя білетін, саптық жағынан жинақы және дене бітімі дамыған сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) қатарынан және әдетте, бір бөлімшеден тағайындалады.

      91. Гарнизондық патрульдің қару-жарағы мен киім нысанын гарнизон бастығы белгілейді. Патрульдердің бастықтары - келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әдетте, екі жарақтандырылған оқжатары бар пистолеттермен қаруланады, ал қалған жеке құрам жағдайдың шарттарына байланысты қарусыз немесе қарумен болуы мүмкін.
      Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысу үшін патруль байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      92. Патрульдеу схемасын және патрульдерге нұсқаулықтарды гарнизон штабының бастығы жасайды және оны гарнизон бастығы бекітеді, ал әскери полиция органдарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда осы органдардың командирлері (бастықтары) бекітеді, гарнизон бастығымен және өзара іс-қимыл жасайтын құқық қорғау органдарымен келісіледі.
      Патрульдеу схемасында: патрульдер қозғалысы бағдарының бірнеше нұсқасы; қоғамдық орындардың, жаппай демалу орындарының (кинотеатрлар, парктер және басқалар) орналасуы; қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен байланыс жасау үшін телефондардың орналасқан жерлері көрсетіледі.
      Патрульдерге нұсқаулықта: патрульдердің міндеттері; олардың әрбір бағдарда қызмет өткеру ерекшеліктері; құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі; байланыс тәсілдері мен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндау тәртібі көрсетіледі.

Гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері

Қарауылдар бойынша кезекші мен оның көмекшісі

      93. Гарнизондық қарауылдарға тікелей басшылық жасау үшін лауазымы бойынша рота (батарея) командирінен төмен емес гарнизон әскери бөлімдерінің офицерлері қатарынан қарауылдар бойынша кезекші және кіші офицерлер қатарынан оның көмекшісі тағайындалады.
      Бір гарнизондық қарауыл бар гарнизондарда гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттері қарауыл тағайындалатын әскери бөлім бойынша кезекшіге жүктелуі мүмкін.
      Кезекші мен оның көмекшісі қызмет өткеру үшін арнайы жабдықталған орында болады. Олар екі жарақтандырылған оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.

      94. Қарауылдар бойынша кезекші гарнизондық қарауылдардың қызметті дұрыс өткеруіне жауап береді. Ол гарнизон бастығына бағынады.
      Қарауылдар бойынша кезекші:
      белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына келуге, қарауылдар бойынша кезекші болып тағайындалуы туралы нұсқаманы беруге, бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбалар мен қажетті нұсқаулар алуға;
      ауысатын қарауылдар бойынша кезекшіге өзін таныстыруға және оған бұрынғы парольді айтуға;
      гарнизондық наряд ведомосын, постылардың орналасу схемасын, постылар табельдерін, қарауылдар бастықтарының нұсқаулықтарын және қарауылдар бойынша кезекшінің нұсқаулықтарын зерделеуге;
      Ішкі жарғы қызметінде көрсетілген тәуліктік нарядтың таралымын өткізу тәртібіне сәйкес гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге;
      оған бөлініп берілген үй-жайда болуға; қызметтік істермен кеткен кезде өзінің көмекшісіне қайда және қай уақытқа кететінін хабарлап, оны орнына қалдыруға;
      кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде түнде бір рет) гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін жеке өзі тексеруге, бұл ретте түнгі уақытта, ал нашар көрінетін кезде және күндіз жауынгерлік машиналар (қару-жарақ, әскери және басқа техника) тұрақтарын қарап шығуға және анықталған кемшіліктерді дереу жоюға шаралар қабылдауға;
      ауа райының жағдайына байланысты постыларда болу ұзақтығының өзгеруі туралы нұсқаулар беруге;
      қарауылдар күзететін объектілерді ашуға наряд негізінде қарауылдардың бастықтарына осы объектілерді ашуға рұқсат беруге;
      гарнизон бастығын және оның тікелей бастықтарын қарсы алуға және оларға баяндауға, мысалы: "Полковник мырза, менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауылдар бойынша кезекші капитан Омаров";
      қарауылдарды тексеру үшін келген адамдардың жеке басының куәліктері мен қарауылдарды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктерін алдын ала тексеруге, оларға ілесіп жүруге немесе ілесіп жүру үшін өзінің көмекшісін жіберуге;
      гарнизон кезекші бөлімшесінің дабыл немесе шақыру бойынша іс-қимылдарға әзірлігін тексеруге міндетті.
      Әскери полиция бөлімшесінің штаттық санымен оларға құқық тәртібін және әскери көлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау мүмкін болмаған гарнизондарда гарнизондық патрульдердің қызметіне басшылық жасау және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі міндеттер гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшіге жүктеледі.

      95. Таралым аяқталғаннан кейін қарауылдар бойынша жаңа кезекші ауысатын кезекшіден тізімдемеде көрсетілген құжаттарды қабылдайды. Қарауылдар бастықтары ауысымның жүргізілгені туралы баяндағаннан кейін қарауылдар бойынша кезекшілер гарнизон бастығына, ал ол болмағанда - штаб бастығына кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндайды, мысалы: "Генерал-майор мырза, капитан Солоненко қарауылдар бойынша кезекшілікті тапсырды". "Генерал-майор мырза, капитан Жүніс-Бек қарауылдар бойынша кезекшілікті қабылдады". Содан кейін жаңа кезекші кезекшілікті қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер туралы, ал бұрынғы кезекші - қарауылдардың қызметті өткеруі және анықталған кемшіліктерді жою үшін қабылданған шаралар туралы, қарауылдар күзететін объектілерді ашу және жабу туралы, сондай-ақ егер олар болса, өткен тәулік ішіндегі оқиғалар туралы хабарлайды. Баяндаудан кейін жаңа кезекші осы жазбалары бар кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабын гарнизон бастығына қарауға ұсынады.

      96. Гарнизондық қарауылдардың біреуінде оқиға болған жағдайда қарауылдар бойынша кезекші дереу оқиға орнына барады, егер қажет болса, онда гарнизон бастығының рұқсатымен ол кезекші бөлімшені немесе оның жарты бөлігін, ал өрт кезінде, одан басқа өрт сөндіру командасын шақырады.
      Қарауылдардағы оқиғалар туралы және қабылданған шаралар туралы қарауылдар бойынша кезекші дереу гарнизон бастығына баяндайды және қарауыл тағайындалған әскери бөлімнің командиріне хабарлайды.

      97. Егер қарауылдар бойынша кезекші кенеттен сырқаттанса, ол бұл туралы гарнизон бастығына баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанған кезде қарауылдар бойынша кезекші оның міндеттерін қарауыл бастығының көмекшісіне (таратушыға) жүктейді немесе сырқаттанғанды ауыстыру үшін әскери бөлімнен жаңа қарауыл бастығын шақыртады, онымен бірге қарауылдық үй-жайға барады және қаруылды қабылдауға басшылық жасайды. Жаңа қарауыл бастығына қарауылдар бойынша кезекші қолданыстағы парольді хабарлайды және болған оқиға туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды.

      98. Объектілерді, оларды жабдықтаудағы кемшіліктері үшін қарауылдардың күзетуіне қабылдамаған жағдайларда қарауылдар бойынша кезекші ол туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды, одан кейін күзетілетін объектінің бастығын кемшіліктерді жою үшін шақыртады.

      99. Қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
      Ол:
      белгіленген уақытта нұсқау алу үшін гарнизонның штаб бастығына келуге;
      гарнизондық нарядтың ведомосын, постылардың орналасу схемаларын, постылар табельдерін, қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтар мен қарауылдар бойынша кезекшіге нұсқаулықты зерделеуге;
      гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге қатысуға;
      қарауылдар бойынша кезекшінің бөлмесіндегі құжаттаманы, мүлік пен мүкәммалды тізімдеме бойынша қабылдауға;
      қарауылдар бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге, кемшіліктерді жою туралы шаралар қабылдауға және ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге баяндауға;
      қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттерін ол болмағанда өткеруге міндетті.

      100. Қарауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне кезекшілік уақытында гарнизон бастығы белгілеген уақытта әрқайсысына 4 сағаттан, аяқ киімсіз, жабдықты алмай және шешінбей, кезекпен жатып дем алуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.

Гарнизондық патруль бастығы

      101. Гарнизондық патруль бастығы патрульдердің қызметті дұрыс өткеруіне, патрульдеу бағдарында тәртіпті ұстауға және әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауына жауап береді.
      Ол:
      белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына нұсқау алуға келуге және қажетті құжаттарды зерделеуге;
      патруль міндеттерін білуге және патрульдердің қызмет өткеруіне басшылық жасауға;
      әскери қызметшілердің әскери тәртіптің талаптарын орындауын және әскери киім нысанын қию ережелерін сақтауын бақылауға;
      әскери тәртіпті бұзған, әскери атағы бойынша өзімен тең және кіші әскери қызметшілерге ескерту жасауға, қажетті жағдайларда олардың құжаттарын тексеруге, ал егер қажет болса, оларды ұстауға және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберуге;
      бастықтар мен атағы үлкендерге тәртіпті қалпына келтіруде жәрдемдесуге және олардың талап етуі бойынша әскери тәртіпті бұзған әскери қызметшілерді қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберуге;
      қарауылдар бойынша кезекшілермен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының постыларымен байланысу үшін өз бағдарындағы телефондардың орналасуын білуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге патрульдеу барысы туралы белгіленген уақытта баяндауға;
      көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтық адамдар арасындағы тәртіпті ұстауда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсетуге;
      ұсталған және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберілген әскери қызметшілердің тізімін жүргізуге, патрульдеу мерзімі аяқталғаннан кейін қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге тізімді ұсынуға және патрульдеуге құқық беретін куәлікті тапсыруға, өз әскери бөліміне патрульдермен қайтып оралуға және бөлім бойынша кезекшіге міндеттің орындалғаны туралы баяндауға;
      қылмыс жасаған және тәртіптік теріс қылықтары үшін, сондай-ақ әскери қызметшінің жеке басын растайтын құжаттары болмаған жағдайда әскери қызметшілерді ұстауға;
      мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған және лайықсыз мінез-құлық көрсеткен әскери қызметшілерді ұстауға міндетті.
      Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, патруль бастығының атағынан үлкен әскери атақтағы әскери қызметшілерді ұстауға тыйым салынады.
      Әскери қызметшіні ұстаған кезде патруль бастығы оны қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жеткізу жөнінде шаралар қабылдайды, бұл ретте ол әскери қызметшіден қандай да бір түсінік талап етпеуі тиіс.

      102. Патруль ілтипатты, әдепті, сыпайы, "Сіз" деп тіл қатуы, өз талаптарын, ескертулерін сендіру нысанында айтуы тиіс. Оның іс-қимылдары әскери қызметшілер үшін заңды және түсінікті болуы тиіс. Патрульдер әскери қызметшілермен сөйлескенде сабырлық, шыдамдылық пен парасаттылық танытуға міндетті. Олар қарсы сөз қайтармауы және дауласпауы, өзін-өзі ұстауы, дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеуі және өз іс-қимылдарында жеке басының жек көру сезімін басшылыққа алмауы тиіс.
      Әскери атағы бойынша тең немесе кіші әскери қызметшімен сөйлескенде патруль бастығы оның әскери атағын, өзінің лауазымын атайды және тиісті талаптарды қояды, мысалы: "Капитан мырза, мен - патруль бастығы капитан Лекеровпін. Сіз әскери киім нысанын киіп жүру тәртібін бұздыңыз. Кемшілікті жойып, команда бойынша баяндаңыз".

      103. Егер мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, олар сейілдемеде болған кезде әскери киім нысанын қию ережелерін өрескел бұзса немесе өзге де әскери тәртіпті бұзса, патруль бастығы осындай әскери қызметшілердің сейілдемесін тоқтатуға және оларды патрульдің ілесіп жүруімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберуге немесе шара қолдану үшін өзінің әскери бөліміне (бөлімшесіне) қайтаруға құқылы. Сейілдеме жазбалары бойынша басқа гарнизондардан келген әскери қызметшілер ұсталады және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберіледі. Ұстау уақыты мен себебі туралы патруль бастығы әскери қызметшінің сейілдеме жазбасына жазады.
      Әскери қызметшіні ұстаған кезде ол бағынбаған жағдайда патруль бастығы өзі немесе патруль құрамымен әскери қызметшіні мәжбүрлеу тәртібімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге әкелуге құқылы.
      Қару қолдану ең соңғы шара болып табылады және оған тек Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған жағдайларда және тәртіппен жол беріледі. Одан басқа, патруль құрамына барлық жағдайларда атыс қаруын бөтен адамдардың зардап шегуі мүмкін болатын, адамы көп көшелерде, алаңдарда және қоғамдық орындарда қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
      Патруль құрамының ешқайсысының тәртіп орнату мақсатында қарумен қорқытуға және ескерту ретінде оқ атуларын жасауға құқығы жоқ.
      Ұсталған әскери қызметшілерден суық және атыс қарулары, оқ-дәрілер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары белгіленген тәртіппен алынады, оны патруль бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге өткізеді.

      104. Әскери атағы бойынша жоғары әскери қызметші әскери тәртіпті бұзған жағдайда патруль бастығы оның тәртіп бұзуын тоқтатуды сұрайды. Осы сұрау орындалмаған кезде патруль бастығы ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге дереу баяндауға және оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.

Патруль

      105. Патруль:
      қызметті қырағылықпен өткеруге, әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалауға және байқалған бұзушылықтар туралы патруль бастығына баяндауға;
      патруль бастығының бұйрықтарын нақты және жылдам орындауға және оның рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге;
      патруль бастығының рұқсатынсыз ұсталғандардан ештеңе қабылдамауға және оларға бермеуге;
      патруль бастығына ұсталғандардың өтініштері туралы баяндауға;
      патрульдеу аяқталғаннан және әскери бөлімге келгеннен кейін патруль бастығының рұқсатымен өз бөлімшесіне қайтып оралуға және бөлімше бойынша кезекшіге өзінің келгені туралы баяндауға міндетті.

      106. Патрульдің жеке құрамы өз міндеттерін атқарған кезде әскери тәртіпті, әскери киім нысанын кию ережелерін, әскери сәлемдесуді және әскери сыпайылықты сақтауда өнегелі болуға тиіс. Қызмет өткеру кезінде оған бөгде әңгімелерге кірісуге және өз міндеттерін атқарудан назарын аударуға тыйым салынады.

6-тарау. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

Жалпы ережелер

      107. Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау, жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі.
      Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

      108. Қарауылдық қызметті өткеру үшін қарауылдар тағайындалады.
      Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
      Қарауылдық қызметті өткеру жөніндегі міндет әскери бөлімшелерге жүктелмеген әскери бөлімдерде объектілерді күзетуді ведомстволық күзет бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін. Жауынгерлік туларды, жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдарды күзету мен қорғау тек әскери қарауылдарға жүктеледі.
      Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болады, олар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.
      Гарнизондық қарауыл жалпыгарнизондық мақсаттағы объектілерді және бір-біріне тікелей жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімнің объектілерін күзету үшін тағайындалады.
      Ішкі (кемелік) қарауыл бір бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету және қорғау үшін тағайындалады. Авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен басқа да объектілері әуеайлақтарда авиациялық-техникалық бөлімнен, қамтамасыз ету бөлімінен (бөлімшесінен) тағайындалатын ішкі қарауыл күзетеді және қорғайды.
      Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
      Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді; олар әскери мүлікті тиеу (түсіру) немесе қоймаларға уақытша қою кезінде, көліктің әр түрімен тасымалданатын әскери жүктерге ілесіп жүру кезінде күзету мен қорғау, сондай-ақ тұтқындалғандарды (қамауға алынғандарды) күзету үшін гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады.

      109. Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.
      Гауптвахта жанындағы қарауыл әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына бағынады.
      Ішкі (кемелік) қарауылдар әскери бөлімнің командиріне (кеме командиріне), әскери бөлім (кеме) бойынша кезекшіге және егер әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі офицер болса, оның көмекшісіне бағынады. Әскери бөлімнің қалған бөлімшелерінен жеке орналасқан батальонның (дивизионның) объектілерін күзететін ішкі қарауыл, одан басқа, осы батальон (дивизион) командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең немесе атағы бойынша одан жоғары батальон (дивизион) бойынша кезекшіге бағынады.
      Сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бастығы офицерлер емес қарауылдар бағынады.
      Қарауылдар осы адамдардың бағынысына таралым кезінде қарауылдар (әскери бөлім, кеме) бойынша кезекшіні қарсы алу үшін "ТІК ТҰР" командасы берілген сәттен бастап кіреді, ал олардың бағынысынан қарауыл бастығы ауысымнан кейін өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарай жүру үшін "Адым - БАС" командасын берген сәттен бастап шығады.

      110. Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысымдар саны бойынша қарауылдар, таратушылар, ал қажет болған кезде қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары бойынша операторлар ауысымы (ауысымдағы операторлар саны күзетілетін объектінің маңыздылығына, оның периметрінің ұзындығына, орнатылған бейне қадағалау жүйелерінің санына байланысты айқындалады, бірақ кемінде үш әскери қызметші болуға тиіс, олардың біреуі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары бойынша көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері (жауынгерлік машиналар экипаждары) тағайындалады.
      Штабтар мен басқару пункттерін күзету бойынша бірлестіктерден және одан жоғары, сондай-ақ аталған адамдардан басқа, мекемелерді күзету бойынша қарауылдарға бақылау-өткізу пункттерінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға - шығарушылар тағайындалады.

      111. Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар қатарынан сақшылар қойылады.
      Қарауыл - объектіні (постыны) күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін тағайындалған қарауыл құрамының әскери қызметшісі.
      Сақшы, оған тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауыл деп аталады.
      Сақшыға күзету мен қорғау үшін барлық тапсырылғандар, сондай-ақ ол өз міндетін орындайтын жер немесе жергілікті жердің учаскесі пост деп аталады. Постыларға техникалық күзет құралдарының көмегімен күзетілетін объектілер мен осы құралдар орнатылған жергілікті жердің учаскелері жатады.
      Объектілерді күзетуді сақшылар объекті айналасындағы сыртқы қоршаулардың ішкі жағының бойында сақшы жолымен (бақылау-іздік жолақтарды) патрульдеу, сондай-ақ мұнаралардан бақылау жолымен жүзеге асырады. Жекелеген объектілер қозғалмайтын сақшылармен күзетілуі мүмкін.

      112. Гарнизондар бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери объектілердің бастықтары, сондай-ақ олардың барлық тікелей бастықтары жеке құрамның объектілерді күзету мен қорғау үшін қажетті санын қысқартуға үнемі қол жеткізуге міндетті. Оған:
      сақшыларды қоймастан, постыларды күзетудің техникалық құралдары мен қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзетуге көшумен (5-қосымша);
      ортақ қоршауы бар, қатар орналасқан, әр түрлі әскери бөлімдерге жататын сақтау орындарын, қоймаларды, парктер мен басқа да күзетілетін объектілерді бір қарауылдың күзетуіне біріктірумен;
      қозғалмайтын сақшылары бар постылардың санын қысқартумен және объектілердің күзетін жаяу тәртібімен және көлік құралдарымен патрульдеу тәсілімен ұйымдастырумен қол жеткізіледі.

      113. Объектілерді күзетуді патрульдеу тәсілімен ұйымдастыру кезінде объектінің қоршауына және жергілікті жердің жағдайларына байланысты сақшыға белгіленген уақыт ішінде күзету мен қорғау үшін: күндіз - 2 шақырымға дейін, түнде - 1 шақырымға дейін, ал техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді: күндіз - 3 шақырымға дейін, түнде - 2 шақырымға дейін ұзындықпен белдеу учаскесі тағайындалады. Қолайсыз ауа райында (қалың тұман, жаңбыр, қар жауу) объектілерді күзетуді күшейту үшін гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен қосымша қарауылдар немесе көлік құралдарындағы патрульдер тағайындалуы мүмкін. Қосымша қарауылдардың қызмет өткеру тәртібі мен патрульдеу тәртібін бұл жағдайда гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
      Сақшылар бақылау-іздік жолақтарды, жергілікті жерлер мен қоршауларды қарау үшін, сондай-ақ байланыс құралдары бойынша қарауыл бастығына қызметтің өткерілуі туралы баяндау үшін қысқа тоқтаулар жасай отырып, объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ететін жылдамдықпен жаяу тәртіппен қозғалыс бағдарлары бойынша жүреді.
      Күн ашық болса, егер жергілікті жердің жағдайлары мүмкіндік берсе, қарауыл бастығының рұқсатымен күзетілетін объектілерді қадағалауды сақшылар қадағалау мұнараларынан жүргізуі мүмкін.

      114. Сақшыларға көмек көрсету үшін әрбір қарауылдық үй-жайда қарауылдардың сергек және демалған ауысымдары қатарынан резервтік топтар құрылады, олар қарауыл бастығының (қарауыл бастығы көмекшісінің, таратушының) "ҚАРУҒА" командасы бойынша қарауылды шақырған кезде бұзушылық орнына келеді және жағдайға байланысты әрекет етеді. Топтарды бұзушылық орнына тез жеткізу, қашық орналасқан постылардың сақшыларын ауыстыру және оларды тексеру үшін қарауылдар қажет болған кезде көлік құралымен, ал ерекше жағдайларда броньды транспортерлермен (жауынгерлік машиналармен) қамтамасыз етіледі.

      115. Қарауылдың жеке құрамы қарауыл киім нысанын (6-қосымша) киюге, ақаусыз және ұрысты қалыпты жүргізуге келтірілген сүңгі-пышағы бар автоматтармен (сүңгісі бар карабиндермен) қарулануға тиіс. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ әскери полиция органдарының қарауылдары арнайы құралдармен қарулануы мүмкін.
      Бақылау-өткізу постыларының сақшылары пистолеттермен қарулануы мүмкін.
      Қарауылдар бастықтары және олардың көмекшілері өздерінің штаттық қаруымен қаруланады.
      Қарауыл жауынгерлік патрондармен: әрбір автомат пен пистолетке - екі жарақтандырылған оқжатар; әрбір карабинге оқтізерлерде 30 патрон есебімен қамтамасыз етіледі. Қарауылдың жауынгерлік патрондарын жаңарту кемінде үш айда бір рет жүргізіледі.
      Одан басқа, гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдардың қарулануында олардың әрқайсысына үш жарақтандырылған оқжатары бар оқшашарлар (100 патроны бар жарақтандырылған екі лента), әрқайсысына екі граната есебінен қарауылдың барлық құрамында қол гранаталары болуы, сондай-ақ жауынгерлік техникамен күшейтілуі мүмкін.
      Пистолеттермен қаруланған адамдардан басқа, қарауылдың жеке құрамына оқ-дәрілер практикалық сабақтардан кейін қарауыл қалашығында беріледі. Міндеттерін әскери бөлімнен қашықта орындайтын қарауыл, оқ-дәрілерді қарауыл қалашығында жарақтандыратын қарауыл бастығынан басқа, оқ-дәрілермен қарауылдық үй-жайда, осы үшін арнайы жабдықталған немесе бөлінген орында жарақтандырылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқ-дәрілер тәуліктік нарядтың таралымына құлыпқа жабылған металл жәшікпен шығарылады.

      116. Қаруды оқтау постыларға шығар алдында, ұсталғандарды, тұтқындалғандарды, сотталатындар мен сотталғандарды күзету үшін, сондай-ақ қарауылды тексеретін адамдарға ілесіп жүру үшін жүргізіледі.
      Қаруды оқтау мен оғын алу қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің командасы бойынша және олардың тікелей қадағалауымен қарауылдық үй-жай жанында оқтосқауылы бар арнайы жабдықталған және жарық түсірілген орында, ал ауысымдар постыларға машиналармен жүргенде - таратушының командасы бойынша қарауыл бастығына берілген нұсқаулықта көрсетілген оқтосқауылымен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Оқтаған және оқты алған кезде қарудың ұңғысы жоғары (45-60 градус бұрышқа) және маңындағы тұрғын үй мен күзетілетін объектілерден шетке алшақ бағытталуы тиіс. Егер қарауылдық үй-жайға жақын және маңында тұрғын және қызметтік үй-жайлар орналасқан болса, қаруды оқтау және оғын алу қарауылдық үй-жайда оқтосқауылмен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізілуі мүмкін. Қарудың оғын алу және оны тексеру қарауылдық үй-жайға қайтып келгеннен кейін дереу жүргізіледі.
      Пистолеттер бөлімшелерде патрондарды алғаннан кейін оқталады, ал олардың оғы қарауыл ауысымы бөлімшеге келгеннен кейін алынады.
      Қарауылға шабуыл жасалған жағдайда қарауыл жеке құрамы қаруды өз бетімен оқтайды.

      117. Қару тиісті қару түрлері үшін оқ ату ісі жөніндегі басшылықтарда көрсетілген ережелер бойынша оқталады, бұл ретте патрон патронникке жіберілмейді.
      Автомат жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Оқталар алдында ол тексеріледі (бұл ретте шүріппе түсіріледі) және сақтандырғышқа қойылады. Бекітпе рамасы оқжатар қосылғаннан кейін артқа жылжытылмайды.
      Карабин толық көлемде жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Карабин оқталғаннан кейін бекітпе жайлап жабылады (бұл ретте патрон патронникке жіберілмейді), сақтандырғышы алынады, шүріппесі түсіріледі және карабин сақтандырғышқа қойылады.
      Пистолет жарақтандырылған оқжатармен оқталады, оқтау кезінде бекітпе артқа жылжытылмайды. Оқтау алдында пистолет сақтандырғышқа қойылады.
      Оқшашарлар мен қол гранаталары, оларды тікелей қолданар алдында оқталады.
      Арнайы құралдар қолдануға ұдайы әзірлікте болады.

      118. Гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдық үй-жайда: әрбір автомат немесе карабинге - металл жәшіктегі мырыштарда сақталатын 150 патрон, пистолетке - 16 патрон есебімен жауынгерлік патрондардың қоры құралады.
      Қол гранаталары жекелеген металл жәшіктерде сақталады, бұл ретте тұтандырғыштар гранаталардан бөлек су өтпейтін орауларда сақталады.
      Жәшіктерде: қарауылдың жауынгерлік патрондарының қорын есепке алу кітабы (7-қосымша), қол гранаталары мен оларға тұтандырғыштар қорын есепке алу кітабы, оқ-дәрілер мен гранаталарды салу актісі, әскери бөлімнің қоймасынан оқ-дәрілер мен гранаталарды алуға тәртіптеме данасы, ішкі тізбе, сондай-ақ мырыштарды ашуға арналған пышақ сақталады. Жәшіктер құлыпқа жабылады, гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығымен мөрленеді және қарауылдық үй-жайда болатын қарауыл мүлкі мен мүкәммалының тізбесіне енгізіледі. Оқ-дәрілері бар жәшіктер мөрлерінің көшірме бедерлері мен кілттері қарауыл бастығының сейфінде (құлыпқа жабылатын стол жәшігінде) сақталады. Кілттерді басқа адамдарға беруге тыйым салынады. Қосымша кілттер бөлім бойынша кезекшіде, штаб бастығының мөрімен мөрленген тубуста сақталады.
      Қарауылға немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кезде қосымша жауынгерлік патрондар мен гранаталар қоры бар жәшікті ашуды кейіннен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндаумен қарауыл бастығы дербес жүзеге асырады.
      Қарауыл бастығы жауынгерлік патрондардың қоры, гранаталар мен тұтандырғыштар бар жәшіктердің сақталуына жеке өзі жауапты болады.

      119. Оқ-дәрілер қорының қолда бары және жай-күйі кемінде айына бір рет: гарнизондық қарауылдарда - гарнизонның штаб бастығымен, ішкі қарауылдарда - әскери бөлімнің штаб бастығымен тексеріледі.
      Тексеру нәтижелері жауынгерлік патрондар (гранаталар мен оларға тұтандырғыштар) қорын есепке алу кітабына және постылық ведомосқа жазылады.

      120. Қарауылдық үй-жайлар мен постылары осы Жарғыда көзделген жабдықпен, күзет пен байланыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді қоршау және оларды мүкәммалмен (8-қосымша) қамтамасыз ету, сондай-ақ постыларға кіреберістерді жабдықтау (9-қосымша) әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне) жүктеледі.
      Әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне), сондай-ақ қарауылдық үй-жайларға жарық түсіруге және оны отын және постылық киіммен қамтамасыз ету жүктеледі.

      121. Ауысу үшін келген қарауылдың нақты осы мақсат үшін тағайындалғанын, сондай-ақ гарнизон бастығынан немесе қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден бұйрықпен келген адамның расымен осыған өкілеттілік берілгенін растау үшін тиісті бастық пароль (құпия сөз) белгілейді.
      Пароль қандай да бір қаланың атауымен белгіленеді, оны әрбір күнге, әрбір қарауыл үшін жеке: гарнизондық қарауылдар үшін - гарнизон штабының бастығы, ішкі қарауылдар үшін - әскери бөлім штабының бастығы белгілейді.
      Парольдар кемінде 10 күн бұрын белгіленеді және гарнизон (әскери бөлім) штабының бастығында, мөрленген сейфте сақталатын парольдер кітабына енгізіледі.
      Дабыл жарияланған кезде түсетін жаңа қарауылдар үшін парольдер қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде мөрленген пакетте сақталады.
      Парольді білетін адамдар оны қатаң құпияда ұстауға және сұраған кезде оны дауыстамай, жазбамен хабарлауға міндетті, одан кейін жазба дереу жойылады.
      Пароль бар жазбаны жоғалтқан кезде немесе пароль жария болған басқа да жағдайларда қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші оның қолданысын дереу тоқтатады, ол туралы гарнизон штабының бастығына (әскери бөлімнің штаб бастығына) баяндайды.

      122. Қарауылдың күзетінде тұрған сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға немесе жауынгерлік машиналардың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың тұрағына жіберуге гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекіткен күзетілетін объектіні ашуға наряд негізінде (10-қосымша) және гарнизон бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған тұрақты немесе біржолғы рұқсаттама (11-қосымша) болған кезде рұқсат етіледі.
      Күзетілетін объектілерді ашуға наряд объектілер (әскери бөлім қызметтері, сақтау орындары, қоймалар) бастықтарының тапсырыстары негізінде күнделікті гарнизонның штаб бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) жасауы, гарнизонның бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекітуі және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде болуы тиіс.
      Рұқсатнамада: оның нөмірі және бастыққа ол берілген қарауылдың нөмірі; ашуға (жабуға) жататын күзетілетін объектінің атауы; ашу (жабу) күні мен уақыты; ашу (жабу) үшін келген адамның әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
      Осы немесе өзге де сақтау орындарын (парктерді, қоймаларды) ашуға құқығы бар немесе тұрақтарда тұрған жауынгерлік машиналарды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы қарауылдан қабылдауға рұқсатнама берілуі мүмкін адамдардың тізімі гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен жарияланады.
      Түпнұсқа қолдары қойылған рұқсатнама үлгілері, осы немесе өзге де сақтау орындарын (парктерді, қоймаларды) ашуға құқығы бар немесе оларға жіберілуі мүмкін адамдардың тізімі, сондай-ақ гарнизон штабының бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған мөрлер таңбаларының (пломба бедерлерінің) үлгілері қарауылдық үй-жайда болуы тиіс.

      123. Қоймалардың (базалардың, арсеналдардың) техникалық аумағына, өрт қаупі бар және ерекше маңызды объектілерге кіру тәртібі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары арнайы ережелерге (нұсқаулықтарға) сәйкес белгілейді.

      124. Әуеайлақтағы ұшақтар (тікұшақтар) тұрақтарын және авиациялық бөлімнің басқа да объектілерін ашу үшін рұқсатнамаларға осы бөлімнің штаб бастығы қол қояды.
      Тұрақтар ашқаннан кейін және оларды қарауылдың күзетуіне тапсырғанға дейінгі ұшақтарды (тікұшақтарды) күзету тәртібін осы Жарғының талаптарына қатысты әскер түрлерінің Бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары айқындайды.

      125. Ерекше жағдайларда әскери және басқа да объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары қосымша айқындайды.

Техникалық күзет құралдарын қолдану

      126. Техникалық күзет құралдары объектілерді сенімді күзетуді арттыру және қарауыл жеке құрамының санын қысқарту мақсатында қолданылады. Олар: периметрлік және объектілік анықтау құралдарын, объектілік күзет дабылдамаларын, алдын алу және ықпал етудің техникалық құралдарын, өрт дабылдамаларын, техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын және кабельдік немесе радиожелісінің дабылдамаларын қамтиды.
      Техникалық күзет құралдарын қолдана отырып, объектілерді күзетудің сенімділігі: техникалық күзет құралдарының типін дұрыс таңдаумен және оларды инженерлік бөгеттермен кешенді пайдаланумен, күзет құралдарын орнату жөніндегі өткізілетін іс-шаралардың жасырындығымен; монтаждаудың жоғары сапасымен, ұдайы қызмет көрсетумен және олардың жай-күйін бақылаумен; техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған кезде қарауыл жеке құрамының қырағылығымен және уақтылы іс-қимылымен қол жеткізіледі.
      Техникалық күзет құралдары, оларды бүркемелеу және қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, орнатылуы тиіс.

      127. Объектіде қолданылатын техникалық күзет құралдарының типі мен саны олардың маңыздылығына, физикалық-географиялық, пайдалану және басқа да ерекшеліктеріне байланысты айқындалады.

      128. Техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы қарауылдық үй-жайда қажетті аппаратураны орнатуды қамтамасыз ететін осы үшін арнайы жабдықталған бөлмеде немесе қарауыл бастығының бөлмесінде орнатылады.
      Объектілер өрт дабылдамасымен белгіленген ережелерге сәйкес жабдықталады. P080796 
      Техникалық күзет құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 24 сағаттан кем емес үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервтік қоректендіру көзі орнатылады.
      Гарнизонда (әскери бөлімде) өртке қарсы қорғану және құтқару жұмыстарының әскери командасы болған кезде өрт дабылдамасының белгілерін қабылдау аппаратурасы осы команданың үй-жайында орнатылуы мүмкін.
      Техникалық күзет құралдарын ақаусыз күйде ұстауды осы үшін тағайындалған штаттық бөлімше, ал осындай штаттық бөлімше болмаған кезде - әскери бөлімнің командирі (объектінің бастығы) тағайындаған офицердің (сержанттың) басшылығымен пайдалану тобы жүзеге асырады.

      129. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзетуді және қорғауды сақшылар қоюмен, бақылау-күзету топтарының кезекшілігі тәсілімен немесе аралас тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Сақшыларды қоюмен күзету тәсілі негізгі болып табылады. Барлық тәсілдер кезінде объектілерді күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер пайдаланылуы мүмкін.
      Техникалық күзет құралдарын қолдану және осы жағдайларда сақшыларды қою қажеттілігі, сондай-ақ қарауылдық иттерді пайдалану туралы шешімді қарауылдар кестесін бекітуге құқығы бар командир (бастық) қабылдайды (осы Жарғының 135-тармағы).

      130. Сақшыларды қоюмен, әдетте, техникалық күзет құралдарымен жабдықталған, ұдайы қадағалауды және күшейтілген күзетті талап ететін, қару-жарағы, оқ-дәрілері бар қоймалар мен басқа объектілер күзетіледі. Мұндай жағдайларда сақшылар қызметті осы Жарғының 317-329-тармақтарында көрсетілгендей өткереді.
      Техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын бақылауды қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі (оператор), ал ол болмағанда - қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) жүзеге асырады.

      131. Бақылау-күзету топтарының кезекшілігі техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын оператордың үздіксіз бақылауы, бақылау-күзету топтарының постыларды кезең-кезеңімен тексеруі және олардың техникалық күзет құралдары рұқсатсыз өздігінен іске қосылған жағдайда әрекет етуге ұдайы әзірлігі болып табылады.
      Постыларды тексеруді бақылау-күзету тобы кесте бойынша жүзеге асырады, оның құрамына қарауыл бастығы немесе оның техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі, бір-екі қарауыл, ал объектілерді күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер пайдаланылған кезде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекшісі) кіреді.
      Тексеру барысында қоршаудың, бақылау-іздік белдеудің, есіктердің (қақпалардың), сақтау орындары (қоймалар) терезелері мен қабырғаларының жай-күйлері, мөрлердің (пломбаның) саны мен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуі сырттай қарап тексеріледі.

      132. Объектілерді күзетудің аралас тәсілі бақылау-күзету топтарының кезекшілігі тәсілімен бір уақытта периметрдің жекелеген учаскелеріне немесе ғимараттар (үй-жайлар) жанындағы постыларға сақшылар қоюмен үйлесімділік болып табылады. Бұл ретте техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын бақылауды қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі жүзеге асыруы мүмкін, ал бақылау-күзету тобының орнына қарауылдың резервтік тобы әрекет етуі мүмкін.

Қарауылдар наряды

      133. Қарауылдар наряды қарауылдар кестесі негізінде жүргізіледі.
      Қарауылдар әрбір тәулік сайын ауысуы тиіс.
      Әскери бөлім оқу-жаттығуларда болған кезеңде қарауылдар кестесін бекітуге құқығы бар бастықтардың бұйрығымен офицердің басшылығымен 7 тәулік мерзімге дейін ауыспайтын қарауыл тағайындалуы мүмкін.

      134. Гарнизондық қарауылдар кестесін гарнизонның штаб бастығы, ал ішкілерді - олардың маңыздылығын, техникалық күзет құралдарын жабдықтауды, қоршауларды және сақшылардың барынша аз санымен сенімді күзетуді қамтамасыз етуді ескере отырып, гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары негізінде әскери бөлімнің штаб бастығы жасайды. Қарауылдар кестесін жергілікті жерлердегі объектілердің орналасу жағдайларымен және күзетілу ерекшеліктерімен танысқаннан кейін жасалуы тиіс. Өз күзет бөлімшелері бар орталық бағыныстағы объектілерді күзету жөніндегі қарауылдар кестесін әскери объекті (қойма, база) бастығы жасайды.

      135. Әскери оқу орындарының гарнизондық, сондай-ақ ішкі қарауылдар кестесі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тиісті басшыларының, ал әскери бөлімдердің ішкі қарауылдар кестесі жоғары тұрған командирдің (бастықтың) бекітуіне ұсынылады.
      Кестеге әрбір қарауыл постыларының орналасу схемасы қоса беріледі.

      136. Қарауылдар кестесімен бір уақытта әрбір қарауыл үшін постылардың орналасу схемасы, постыларға табельдер, қарауыл бастығына нұсқаулық; жауынгерлік әзірлік белгілерін алған кезде ауысатын қарауылдар үшін, сонымен бірге - жауынгерлік әзірлік белгілерін алған жағдайдағы құжаттама, ал құрамына қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі (оператор) және қарауылдық иттер жөніндегі көмекшілері кіретін қарауылдар үшін - қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) және қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісінің құжаттамасы жасалады.
      Постылардың орналасу схемасында: постылар мен тыйым салынған аймақтардың шекаралары, тыйым салынған шекаралар, қоршау түрі, жарық түсіру аспаптары орнатылған орындар, сақшының белдеуі (жолы), бақылау-іздік жолақтары; техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілер; қарауыл көлік құралдарының, постылар ауысымдарының және көлік құралдарындағы патрульдердің жүру бағдарлары; сақшылар мен бақылау-күзету (патруль) топтарының күндізгі және түнгі уақытта жүру бағдарлары; окоптардың, қадағалау мұнараларының, байланыс және өрт сөндіру құралдарының (нүктелерінің), қарауылдық иттер постыларының орналасқан жерлері; постыларға анағұрлым қауіпті кіреберістер, оқ атудың қатерлі бағыттары көрсетіледі.
      Постылар табелінде (12-қосымша): әрбір постыда күзетуге және қорғауға не жататыны; постыда қызмет өткерудің нақты шарттары мен байланыс құралдары арқылы баяндау мерзімдерін ескере отырып, сақшының ерекше міндеттері; сақшыға мұнарадан қадағалау жүргізуге рұқсат етілетін уақыт; сақшыға бөгде адамдарды постыға жақын жіберуге тыйым салынатын арақашықтық; постыға, көрші постыларға шабуыл жасалған және постыда өрт болған жағдайда сақшының іс-әрекеті; сақшыға қандай жағдайларда қару қолдануға рұқсат етілетіні, сондай-ақ оқ атудың қатерлі бағыттары көрсетіледі. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған постылар үшін әрбір постыдағы техникалық құралдардың атауы мен саны, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері, бақылау-күзету тобының постыны тексеру және оның қару қолдану тәртібі көрсетіледі. Қарауылдық иттердің қызмет өткеруі көзделген постылар үшін еркін қарауылдау учаскесі немесе блок-посты (қатаң байлау) көрсетіледі.
      Қарауыл бастығына нұсқаулықта: қарауыл міндеттері, қарауылға тапсырылған объектілерді күзету мен қорғау бойынша қарауыл бастығының ерекше міндеттері және қарауыл лауазымды адамдарының (оның ішінде техникалық күзет құралдарымен жабдықталған және қарауылдық иттер күзетіндегі) объектілерді күзетуге қабылдау мен өткізу кезіндегі іс-қимылдарының тәртібі, оларды бақылау-күзету топтарының тексеру кестесі мен тәртібі; объектілердің күзетін түнде және жауын-шашын ауа райында күшейту жөніндегі шаралар; қарауылдың күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кездегі, техникалық күзету құралдары өздігінен іске қосылған және істен шыққан жағдайдағы, төтенше жағдайлар кезінде, жауынгерлік дайындық дабылдары бойынша іс-қимылдары туралы нұсқаулар, сондай-ақ қаруды сақтау мен оқ-дәрілері бар жәшіктерді ашу тәртібі мазмұндалады.
      Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге белгі алған жағдайға құжаттама: постыларға берілетін табельдерді, постылардың орналасу схемаларын, қарауыл бастығына нұсқаулықты, постылық ведомостың бланкілері мен парольді қамтиды. Бұл құжаттар қарауылға тапсырылған объектілерді күзету мен қорғау тәртібін әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жоспары бойынша іс-қимылдарын ескере отырып, айқындайды.
      Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) құжаттамасы нұсқаулықтан (күзетілетін объектілерді күзетуге қабылдау мен өткізу, аппаратураға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы, сондай-ақ техникалық күзету құралдары өздігінен іске қосылған немесе сөніп қалған кездегі іс-қимылдарының ерекшеліктері туралы нұсқаулардан); техникалық күзету құралдарымен жабдықталған күзет объектілерінің тізбесінен (постының нөмірі, объектінің атауы, ашу және жабу уақыты); техникалық күзету құралдарының жұмыс істеуін бақылаудың аппараттық журналынан (13-қосымша) (объектінің атауы, объектіні күзетуге қабылдау және өткізу уақыты, орнатылған құралдардың техникалық жай-күйі, олардың жұмыс істеуі мен жай-күйін тексеру уақыты, техникалық күзету құралдарының өздігінен іске қосылған уақыты мен орны және қолданылған шаралар) және объектіде орнатылған күзет жүйесін пайдалану жөніндегі басшылықтан тұрады.
      Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісінің құжаттамасы нұсқаулықтан, иттерді күту, ұстау және тамақтандыру жөніндегі жадынамадан, қарауылдық иттер постыларының орналасқан схемасынан тұрады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекітеді.

      137. Қарауылдардың кестесі негізінде гарнизонның (әскери бөлімнің штаб бастығы) штаб бастығы қарауылда қызмет өткерудің әскери бөлімдер (бөлімшелер) арасындағы кезегін әрбір айға айқындайды, ол гарнизондық (тәуліктік) наряд ведомосында сипатталады және оны гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі) бекітеді.
      Постылардың орналасу схемасының, постылар табельдерінің, қарауылдар бастығына нұсқаулықтардың және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі және қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшілері (операторлар) құжаттамаларының көшірмелері гарнизондық наряд ведомосының көшірмесімен бірге гарнизонның гарнизондық наряд қызметін өткеруге тартылатын барлық әскери бөлімдеріне жаңа ай басталардан кемінде 10 тәулік бұрын жіберіледі.
      Әскери бөлімнің штабы жаңа ай басталардан кемінде бес тәулік бұрын қарауылдар тағайындалатын бөлімшелер командирлеріне қарауылдар құрамы мен олардың нарядқа түсетін күндерін хабарлайды.
      Постылардың орналасу схемасындағы және постыларға берілетін табельдегі әрбір өзгеріс туралы гарнизонның бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) уақтылы әскери бөлімдерге (бөлімшелерге) хабарлайды.
      Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге белгілер алу жағдайына құжаттама қарауыл бастығында, елтаңбалы мөрмен мөрленген пакетте сақталады. Құжаттаманың екінші данасы осы белгілерді алу жағдайында ауысым үшін тағайындалған қарауыл бастығына нұсқаулар беру үшін гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығында сақталады.

      138. Объектіде бес және одан да көп пост болған кезде қарауыл бастығы болып офицер, ал постылардың аз мөлшері кезінде - сержант (старшина) тағайындалады.
      Ерекше маңызды объектіні күзететін қарауыл бастығына постылар санына қарамастан офицер тағайындалады.
      Әскери оқу орындарында қарауылдар бастықтарына постылардың санына қарамастан үлкен курстардың курсанттары тағайындалады.
      Қарауыл бастығының көмекшісі сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалады. Егер қарауыл бастығының көмекшісі тағайындалмаса, оның міндеттерін бірінші таратушы атқарады.
      Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісіне (оператор) техникалық күзет құралдары жөніндегі мамандардан немесе гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен тағайындалатын басқа әскери қызметшілерден тағайындалады.
      Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауылдық иттерді жүргізушілердің аға жетекшілерінен тағайындалады.

      139. Қарауылдар құрамына сержанттар (старшиналар) немесе ефрейторлар (аға матростар) қатарынан таратушылар тағайындалады.
      Таратушылардың саны әрбір таратушы бестен көп емес сақшы шығаратын, ал постыларға бару, сақшыларды ауыстыру және қарауылдық үй-жайға қайтып оралу бір сағаттан аспауы тиіс есебінен постылар санына және орналасуына байланысты айқындалады. Постыларға бару және сақшыларды ауыстыру бір сағаттан көп болған жағдайда көлік құралы бөлінеді.
      Қарауылға бірнеше таратушы тағайындалған кезде: бірінші таратушы, екінші таратушы деп аталады және одан әрі.
      Егер қарауыл бір постыны күзетсе, таратушы тағайындалмайды, оның міндеттерін қарауыл бастығы атқарады.

      140. Қарауылдар сарбаздар (матростар) қатарынан тағайындалады. Сарбаздардың (матростардың) саны жетпеген кезде қарауылдар болып сержанттар (старшиналар) тағайындала алады. Бұл жағдайда олардан постының (постылардың) барлық ауысымы, бақылау-күзету тобының барлық құрамы құралады, ал таратушы болып қарауылдардың әскери атақтарынан төмен емес әскери атақтағы әскери қызметші тағайындалады.
      Қарауылдардың саны осы қарауыл постылары үшін белгіленген санына байланысты айқындалады, оның ішінде тәулік бойы постыны күзету үшін сақшылардың үш ауысымы, ал тек түнде күзету үшін (қараңғы түскеннен бастап таң атқанға дейін немесе қойма, сақтау орындары жабылғаннан ашылғанға дейін) - сақшылардың екі ауысымы тағайындалады.

      141. Қарауыл құрамы, оның ішінде қарауыл бастығы, әдетте, бір бөлімшеден, тіпті болмаса - бір әскери бөлімнен нарядқа түскенге дейін бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады.
      Бір әскери бөлімнен жасақталатын барлық гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығының бұйрығымен, әр түрлі әскери бөлімнен құрама қарауыл тек Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының бұйрығы бойынша тағайындалуы мүмкін.

Қарауылдарды даярлау

      142. Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға және оны қызмет өткеруге даярлауға, қару мен жауынгерлік оқ-дәрілердің ақаусыз жай-күйіне және қарауылдардың таралымға уақтылы келуіне жауап береді.
      Қарауылға әскери ант қабылдамаған, толықтыруға келгендерді даярлаудың тиісті бағдарламасын меңгермеген әскери қызметшілерді, ол бойынша Қылмыстық кодексте көзделген іс-әрекеттер белгілері бар теріс қылық жасаған тергелу үстіндегілерді, ауруларды және аталған уақытта өз моральдық-психологиялық жағдайы бойынша қарауылдық қызметті өткере алмайтын, сондай-ақ тәртіптік жазасын өтеу тәртібіндегі басқа да әскери қызметшілерді тағайындауға тыйым салынады.

      143. Әскери бөлімдердің штабтар бастықтары гарнизондық немесе ішкі қарауылдар нарядқа түскенге дейін үш тәулік бұрын қарауылдар тағайындалатын бөлімшелердің командирлеріне постылардың орналасу схемаларын, постылар табельдерін және қарауылдар бастықтарына, олар жеке құраммен зерделеу үшін нұсқаулықтарды тапсыруға міндетті. Зерделегеннен кейін көрсетілген құжаттар әскери бөлімнің штабына қайтарылады.

      144. Қарауылға түсер алдындағы түні әскери қызметшілер ешқандай қызмет өткермеуі немесе сабақтар мен жұмысқа тартылмауы тиіс.
      Түсетін күні, күн тәртібінде көрсетілген сағатта қарауылдың жеке құрамына қызмет өткеруге дайындалу (міндеттерін білуін, қаруды ұстай алуын тексеру) үшін кемінде 3 сағат, ал қарауылға түскен кезде бір тәуліктен кейін - кемінде 4 сағат, оның ішінде 1 сағат демалу (ұйықтау) үшін берілуі тиіс.

      145. Ротадан (батареядан) тағайындалған қарауылдың жеке құрамын даярлауды рота (батарея) командирі ұйымдастырады және даярлықты ол жеке өзі; батальоннан (дивизионнан) тағайындалғанды - батальон (дивизион) командирі өзі, ал әскери бөлімнен тағайындалғанды - бөлім командирі орынбасарларының біреуі жүргізеді.
      Қарауылда қызмет өткеруге дайындау үш кезеңде жүргізіледі:
      бірінші - нарядқа түскенге дейін екі-үш күн бұрын постылар табельдеріне сәйкес қарауылдың жеке құрамын іріктеу, бөлу және тағайындау жүзеге асырылады;
      екінші - нарядқа түсер алдындағы күні, күн тәртібінде көрсетілген сағатта қарауылдың жеке құрамымен жарғылардың ережелерін, күзетілетін объектілерді, постылардағы сақшылар ерекше міндеттері мен әрекеттерінің нұсқаларын макет арқылы нақтылай отырып постыларға табельдерді, сондай-ақ қаруды ұстаған кезде тиісті нұсқаулықтар мен талаптарды зерделеу жөнінде сабақтар жүргізіледі. Қарауылға түскен кезде бір тәуліктен кейін осы сабақ түсер күні сабақтың алтыншы сағаты орнына жүргізіледі;
      үшінші - қарауылға түсетін күні постылардағы сақшылардың іс-қимылдарын пысықтаумен практикалық сабақтар жүргізіледі.
      Жарғылардың ережелерін және сақшылардың ерекше міндеттерін зерделеу жөніндегі сабақ қарауылдарды дайындау үшін сыныптарда, гарнизондық қарауылмен практикалық сабақ - осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған қарауылдық қалашықтарда, ал ішкі қарауылмен - әскери бөлімнің қарауылдық қалашықта (14-қосымша) өткізіледі.
      Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін (операторын) дайындау гарнизон бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) ұйымдастыратын ай сайынғы сабақтарда және қарауылды тарату алдындағы практикалық сабақтар барысында жүзеге асырылады.
      Жеке құрам бір-екі тәулік уақыттан кейін қарауылдық қызметті өткерген жағдайда қарауылдарды дайындаудың бірінші және екінші кезеңдерінің іс-шараларын өткізуді әскери бөлімнің командирі қарауылды дайындау сапасы төмендемейтіндей есеппен белгілейді.

      146. Қарауыл жасақталатын рота (батарея) командирі:
      өз орынбасарларымен, взводтар командирлерімен және олардың орынбасарларымен бірлесе отырып, әрбір кандидатураны талқылауға және күзетілетін объектілердің маңыздылығын және постыларда қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, постылар бойынша қарауылдың жеке құрамын орналастыруға, сондай-ақ постылық ведомосты толтыруға және оған қол қоюға (15-қосымша);
      қарауылды дайындаудың екінші және үшінші кезеңдерінде сабақтар өткізуге және жеке құрамның өз міндеттерін және қаруды ұстаған кезде қауіпсіздік талаптарын нақты білуге және сенімді орындалуына қол жеткізуге;
      қарауылға түсетін жеке құрамды постылық ведомосқа тексеру нәтижелерін ресімдей отырып, бөлімнің медициналық пунктіне медициналық тексеруге жіберуге;
      қарауыл жеке құрамын таралымға жіберер алдында оның қаруының және жауынгерлік патрондарының жай-күйін, жуыну керек-жарақтарының бар болуын, әрбір әскери қызметшінің сыртқы пішінін тексеруге;
      қарауылдың таралымға уақтылы келуін қамтамасыз етуге;
      қарауылдың қызмет өткеруін тексеруге;
      қарауыл ауысқаннан кейін қарауыл бастығына міндеттердің орындалғаны туралы баяндауға, постылық ведомоста жазылған барлық ескертулермен танысуға, сабақ басталғаннан кешіктірмей қарауыл жасақталған бөлімшенің барлық жеке құрамымен қызметті өткеруді талдауға және келесі күннің сабақтары басталмай, постылық ведомосты белгі қоюмен және ескертулер бойынша қабылданған шаралармен әскери бөлімнің штабына жіберуге міндетті.
      Бұл міндеттер:
      егер қарауыл батальоннан (дивизионнан) тағайындалған болса, батальон (дивизион) командиріне;
      егер қарауыл әскери бөлімнен тағайындалған болса, бөлім командирінің орынбасарына қолданылады.

      147. Таралымға шыққанға дейін 15 минут бұрын қарауылдар қызмет өткеруге дайын және қарауыл бастығының өз бағынысына қабылданған болуы тиіс. Осы уақытта қарауылдар бастықтары:
      жауынгерлік патрондарды алуға және оларды тарату ведомосына қол қойғыза отырып, жеке құрамға беруге, оқжатарлардың (оқтізерлердің) дұрыс жарақтандырылғанын тексеруге;
      постылық ведомость бойынша қарауылдар есебін тексеруге;
      қаруды қарап шығуға;
      киімнің және жарақтардың ақаусыздығын тексеруге;
      қарауылдың әзірлігі туралы рота (батарея) немесе батальон (дивизион) командиріне баяндауға міндетті.
      Қарауыл қалашығынан қарауылдар сөмкелерінде оқжатарлары бар оқталмаған қарумен жүреді (пистолеттермен қаруланған әскери қызметшілерден басқа).

      148. Барлық гарнизондық қарауылдарды әскери бөлімнен бөлім бойынша кезекші жөнелтеді. Қарауылдарды жөнелткені туралы ол әскери бөлімнің командиріне (штаб бастығына) және қарауылдар бойынша кезекшіге баяндайды.

Қарауылдарды ауыстыру

      149. Таралымнан кейін қарауыл қарауылды ауыстыру орналасқан орнына келеді. Жаңа қарауыл бастығы оны күзетілетін объекті аумағы кіреберісінің алдына немесе қарауыл бастығына нұсқаулықта көрсетілген қашықтықта қарауылдың үй-жайы алдына тоқтатады, ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырады және бұрынғы парольді оған айтады. Содан соң ол оған маңдайшебімен қарауылдық үй-жай алдындағы алаңға өз қарауылын сапқа тұрғызады.

      150. Ауысатын қарауыл бастығы, оған айтылған парольдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін, үй-жайда өз көмекшісін немесе таратушылардың біреуін қалдыра отырып, өз қарауылын қаруымен қарауылдық үй-жайдан шығарады және жаңа қарауылдың маңдайшебі алдына алты-сегіз адымда алаңға қарауылды сапқа тұрғызады. Сапқа тұрғызылғаннан кейін қарауылдар бастықтары жаңа қарауыл бастығынан бастап кезекпен "Қарауыл, ТҮЗЕЛ","ТІК ТҰР" командаларын береді.
      Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары команда бере отырып, қолын бас киіміне апарып, бір-біріне саптық адыммен келеді, біреуі екіншісіне екі-үш адым қалғанда тоқтайды және жаңа қарауылдың бастығынан бастап баяндайды, мысалы: "Капитан мырза, жаңа қарауыл ауысу үшін келіп тұр. Қарауыл бастығы капитан Тащилин"; "Капитан мырза, бұрынғы қарауыл ауысу үшін дайын. Қарауыл бастығы капитан Бейсебаев", одан кейін қолын бас киімінен түсіреді.
      Автоматтармен немесе карабиндермен қаруланған қарауылдар бастықтары қолын бас киіміне апармайды және "ТІК ТҰР" командасынан кейін автоматтарды "қарубауға" күйіне алып, бір-біріне қарсы жүреді.
      Баяндаудан кейін қарауылдар бастықтары "ЕРКІН ТҰР" командасы береді, қарауылдық үй-жай кіреберісіндегі сақшыны, егер ол қойылса, ауыстырады, ал содан кейін өз қарауылдарына: "Оң-ҒА", "Адым - БАС" командаларын береді. Жаңа қарауыл бастығы өз қарауылын қарауылдық үй-жайға кіргізеді, ал ауысатын қарауыл бастығы өз қарауылын ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесіне (орнына) әкетеді, қаруды пирамидаға қоюға команда береді, өзінің орнына лауазымы үлкенді қалдырады және өз көмекшілерімен және таратушылармен бірлесе отырып, қарауылдық үй-жайға кіреді.
      Ауа температурасы - 15 0 С және одан төмен кезде, сондай-ақ қолайсыз ауа райында және бір постысы бар қарауылдарда қарауылдарды ауыстыру осы бапта мазмұндалған ережелер сақталмай, қарауылдық үй-жайда жүргізіледі. Жаңа қарауыл бастығы ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырғаннан және оған бұрынғы парольді айтқаннан кейін өз қарауылын ауысу үшін қарауылдық үй-жайға кіргізеді.

      151. Жаңа қарауылдың жеке құрамы үй-жайға кіргеннен кейін қаруын пирамидаға (пистолеттерді - сейфке) қояды, одан кейін ауысатын және жаңа қарауылдар бастықтары өз таратушыларына мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) тапсыруды және қабылдауды, ал көмекшілеріне қарауылдық үй-жайларды тапсыруды және қабылдауды бұйырады және тапсыру дұрыстығын қадағалайды. Ауысатын қарауыл бастығының көмекшісі тапсырады, ал жаңа қарауыл бастығының көмекшісі қарауылдық үй-жайды және онда тұрған жабдықты, мүкәммал мен мүлікті тізімдеме бойынша қабылдайды. Қарауыл бастығының көмекшісі жоқ қарауылда қарауылдық үй-жайды, жабдықтарды, мүкәммал мен мүлікті қабылдау мен тапсыруды қарауыл бастығы жүргізеді. Ауысатын қарауыл бастығы жаңа қарауыл бастығына ауысатын қарауыл құрамынан алған барлық ескертулер мен нұсқаулар туралы хабарлайды.
      Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі ауысатын көмекшіден құжаттаманы, аппаратураны қабылдайды және оның жұмысқа қабілеттілігін тексереді, одан кейін қарауыл бастығына қабылдағаны туралы баяндайды, қабылдау журналына жазба жасайды.

      152. Мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) қабылдағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы: "Бірінші ауысым, ҚАРУДЫ АЛ", қаруды алғаннан кейін - "Бірінші ауысым, САПҚА ТҰР" командаларын береді.
      Осы команда бойынша таратушылар мен бірінші ауысымның қарауылдары өз қаруын ала отырып, оңнан солға қарай постылардың нөмірлері бойынша бір қатарға сапқа тұрады. Таратушылар өздерімен мөрлерден таңбаларды (пломбалардың бедерлемелерін), ал тәуліктің қараңғы уақытында қолшамдарын өзімен бірге алып, өз ауысымдарының оң жақ қапталдарына тұрады.
      Ауысатын қарауылдың таратушылары қатар және жаңа қарауылдың тиісті таратушыларынан оңға қарай тұрады.
      Жаңа қарауыл бастығы таратушылардың және қарауылдың міндеттерін білуін тексереді, қарауылдарға қаруды ұстау тәртібіне ерекше назар аудара отырып, әрбір постыда қызмет өткеру ерекшеліктерін еске салады, темекі шегу және тұтандыру керек-жарақтарын, сондай-ақ бөгде заттарды тапсыруға команда береді, ауысымды қарауылдық үй-жайдан шығарады және оны қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға сапқа тұрғызып, команда береді: "Ауысым, оң жақтан бастап бір-бірден - ОҚТА". Осы команда бойынша оң қапталдағы әскери қызметші алға бір адым жасайды және жартылай оңға бұрылады, сүңгіні қаруға бекітеді және осы Жарғының 116, 117-тармақтарына сәйкес оқтайды, ал қарауыл бастығы қарудың оқталғанын тексереді. Қаруды оқтағаннан кейін әскери қызметші "Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды" деп баяндайды, оны өз бетімен "қарубауға" күйіне алады және артқа қарай бір адым жасайды.
      Осындай кезеңділік кезектілікпен қалған таратушылар мен қарауылдар қаруды оқтайды.

      153. Ауысым қаруды оқтағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы ауысымға қызмет өткеруге ауызша бұйрық береді және: "Ауысым, оң-ҒА", "Постыларға адым - БАС" командаларын береді. Әрбір таратушы: "Ауысым, менің соңымнан - АДЫМДА" командасын береді және алдын ала қадағалаушыларды тағайындай отырып, ауысымды постыларға алып жүреді.
      Қарауылдық үй-жайдан бірінші ауысым кеткеннен кейін бастық (қарауыл бастығының орынбасары) қарауылдың қалған жеке құрамын резервтік топқа жауынгерлік есеп жасайды және күзетілетін объектілерге немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасауға тойтарыс беру, өрт сөндіру және жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру белгісін алған жағдайларға міндеттер қояды.

      154. Ауысымның (бақылау-күзету топтарының) постыларға және постылардан қозғалуы бір лекпен жасалады. Таратушы лектің бас жағында жүреді. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы және ескерткіштер жанындағы постыларға ауысымның қозғалысы постыға дейін 30 адым қалған кезде саптық адыммен жасалады.
      Ауысатын қарауылдың таратушысы қатар және жаңа қарауылдың таратушысынан солға қарай жүреді.
      Барлық командаларды жаңа қарауылдың таратушысы береді. Постылардың көп саны бар қарауылдарда, сондай-ақ бірі екіншісінен немесе қарауылдық үй-жайдан үлкен қашықтықта орналасқан кезде ауысымның постыларға қозғалысы көлік құралдарында жүргізілуі мүмкін.

      155. Жаңа қарауыл бірінші ауысымының соңғы қарауыл постыға қойылған кезде ауысатын қарауылдың таратушысы өзінің қарауылдарын өзі ауысымның басында жүре отырып, қарауылдық үй-жайға апарады. Жаңа қарауылдың таратушысы қатар және ауысатын қарауылдың таратушысынан солға қарай жүреді.
      Барлық команданы ауысатын қарауыл таратушысы береді.

      156. Постыларға бара жатқанда және постылардан келе жатқанда қарауыл ауысымдары әскери сәлемдесуді Саптық жарғыда мазмұндалған ережелер бойынша орындайды.

      157. Қарауылды ауыстырған кезде жаңа қарауыл бастығы ауысатын қарауыл бастығымен бірлесіп, қарауыл бастығына нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, оларға жарық түсірудің, қоршаудың және окоптардың дұрыстығын, қарауылдық үй-жайдың және гауптвахтаның жай-күйін қарап шығу және сыртынан қарау жолымен тексереді, бұдан кейін одан тізімдеме бойынша құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлерді және оларға кілттерді, күзетілетін объектілерді ашуға рұқсаттаманы, тұтқындалғандардың атаулы тізімін (16-қосымша), сондай-ақ байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдайды.

      158. Постылардан келгеннен кейін бұрынғы және жаңа қарауылдардың таратушылары кезекпен жасалған ауысулар туралы өз қарауылдар бастықтарына баяндайды, мысалы: "Лейтенант мырза, ауысу жасалды, постылар ақаусыз тапсырылды (қабылданды). Бірінші таратушы сержант Ванюнькин". Ауысатын қарауыл бастығының командасы бойынша қарудың оғы алынады. Ең бірінші ауысатын қарауылдың ауысымы, одан кейін жаңа қарауыл таратушы қарудың оғын алады. Қарудың оғын алу үшін қарауыл бастығы: "Оң жақтан бастап бір-бірден - ОҒЫН АЛ" командасын береді.
      Осы команда бойынша оң жақ қапталдағы таратушы (қарауыл) алға бір адым жасайды, оңға жартылай бұрылады, қарауыл бастығының қадағалауымен өз қаруының оғын алады, жарақтандырылған оқжатарды (патрондары бар оқтізерді) сөмкеге салады және баяндайды: "Қарудың оғы алынды", бекітпе рамасын (бекітпені) артқа тарта отырып, қаруды тексеруге береді. Қарауыл бастығы қаруды тексереді, одан кейін таратушы бекітпе рамасын бұрынғы күйіне қояды (бекітпені орнына келтіреді), шүріппені басады, қаруды сақтандырғышқа қояды және баяндайды: "Сақтандырғышқа қойылды", сүңгіні ағытып тастайды (жинайды), қаруды "қарубауға" алады және артқа қарай бір адым жасай отырып, өз орнына тұрады.
      Осындай кезеңдік кезектілікпен қалған қарауыл ауысымы қарудың оғын алады. Одан кейін қарауылдар үлкеннің командасы бойынша ауысатын қарауылдың тұрған жеріне, ал таратушылар - қарауылдық үй-жайға қарай жүреді.

      159. Қарауыл бастықтары баяндауды қабылдап және қарудың оғын алып, ауысатыннан бастап ауысатын қарауылдың постылық ведомосына қол қояды, бұл ретте жаңа қарауыл бастығы оған ауысым уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы ескертулерді енгізеді.
      Егер қарауылды ауыстырған кезде қарауылды тексеру үшін келген адам қатысқанда, таратушылар одан рұқсат ала отырып, қарауылдар бастықтарына жасалған ауысулар туралы баяндайды. Таратушылардан баяндауларды қабылдағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы: "ТІК ТҰР" командасын береді, одан кейін қарауылдар бастықтары кезекпен тексерушіге жасалған ауысымдар туралы баяндайды.
      Барлық жағдайларда қарауылдар бастықтары ауысу туралы өз қарауылдары (әскери бөлімі) бойынша кезекшіге байланыс құралдары арқылы баяндайды немесе оған өзі баяндаумен келеді.

      160. Қарауылды ауыстырғаннан кейін ауысатын қарауыл бастығы ауысатын қарауылды өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) әкетеді. Әскери бөлімге (бөлімшеге) келгеннен кейін өзі қарауыл құрамымен оқжатарлардан оқтарды алуды және бөлім бойынша кезекшіге (рота сержантына (старшинасына) тапсыруды ұйымдастырады.
      Бөлімшеге келгеннен кейін қарауыл бастығы қарауылдың жеке құрамын сапқа тұрғызады және бөлімше командиріне міндетті орындағаны туралы баяндайды.
      Мысалы: "Капитан мырза, қарауыл толық құрамда келді. Қызметті өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы лейтенант Өтепов".
      Одан кейін постылық ведомоста белгі қойылған қарауылды тексеру нәтижелері туралы баяндайды және оған басқа құжаттармен бірге постылық ведомосты тапсырады. Одан кейін қарауыл құрамы қарауыл бастығының дербес қадағалауымен қаруды (жауынгерлік патрондарды) тапсырады.
      Объектіні тек түнде күзеткен қарауылдар объектіні күзету мерзімі аяқталғаннан кейін қарауылдың ауысуын күтпестен, бөлімшеден келген үлкеннің командасы бойынша өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарауыл бастығымен жіберіледі. Ол туралы қарауыл бастығы постылық ведомоста жазба жасайды және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Бөлімшеге келгені туралы үлкен бөлім бойынша кезекшіге, бөлімше командиріне (сержантына, старшинасына) баяндауға және қарауылдардың қаруды және оқ-дәрілерді өткізуін бақылауға міндетті.

      161. Ауысқан қарауыл құрамы ауысқан күні сабақтардан және жұмыстан босатылады; объектіні тек түнде күзеткен қарауылдар сабақтардан және жұмыстан бөлімшеге келгеннен кейін 4 сағатқа босатылады, осы уақытта оларға жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.

      162. Жауынгерлік әзірлік белгісін алған кезде қарауылдарды ауыстыруды жауынгерлік есепке сәйкес бөлінген бөлімшелер жүзеге асырады. Осы жағдайда қарауылдардың таралымы жүргізілмейді. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің қысқаша нұсқау берулерінен және парольді алғаннан кейін ауысу үшін қарауыл қарауылдық үй-жайға келеді.
      Қарауылдарды ауыстыру қысқа мерзімдерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Постылардың саны, қарауыл адамдарының ерекше міндеттері және жаңа пароль жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруі белгісін алу жағдайына құжаттамаларда белгіленеді (осы Жарғының 121-тармағы).

      163. Күзетілетін объектіден қарауылды алуды күзетілетін объекті бастығының қатысуымен мөрмен расталған гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) жазбаша бұйрығына сәйкес қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші жүргізеді. Қарауылды алу туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің, қарауыл бастығының және күзетілетін объекті бастығының қол қоюымен акті жасалады. Актіде күзетілетін объектіні, қарауылдық үй-жайды және онда тұрған және постылардағы жабдықтар мен мүкәммалды тапсыру туралы көрсетіледі.
      Тұрақты қарауылдарды алу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) қарауылдар кестесін бекіткен бастыққа баяндайды.

Сақшыларды ауыстыру

      164. Сақшыларды ауыстыру 2 сағат сайын жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.
      Ауа температурасы - 20 0 С және одан да төмен кезде, ал жел соққан уақытта және аяз болған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ жылытылмайтын үй-жайда болатын ішкі постылардың сақшыларын ауыстыру 1 сағат сайын жүргізіледі. Температура +30 0 С және одан жоғары (көлеңкеде) кезде сақшыларды ауыстыру сол сияқты 1 сағат сайын жүргізіледі. 1 сағат сайын сақшыларды ауыстыру туралы нұсқауды осы жағдайларда қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші жасайды.
      Егер сақшыларды ауыстыру 1 сағаттан кейін жүргізілсе, онда қарауыл бастығы постылық ведомоста сақшылар осындай сағаттан бастап 1 сағаттан кейін, ал мынадай сағаттан бастап осындай ауысым түскеннен кейін - 2 сағаттан кейін ауыстырылғаны туралы жазба жасайды.
      Қарауылдық үй-жайдың кіреберісіндегі сақшыларды ауыстыру қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын жүргізеді.

      165. Ауысым сақшыға 10-15 адым арақашықтыққа жақын келген кезде қарауыл таратушысы: "Ауысым, ТОҚТА" командасын береді және қарауылдардың біреуіне постыны және оларға кіреберістерді қадағалауға (ауысым машинада жүрген кезде - қаруды оқтауға және қадағалауға) бұйрық береді.
      Мысалы: "Қатардағы жауынгер Манабаев, постыны және оған кіреберістерді қадағалау".
      Ауысым жақын келген кезде сақшы оған қарсы қарап тұрады және таратушы 3-4 адымға жақындаған кезде автоматты "қарубауға" күйіне өз бетімен алады, қарсы бір адым жасайды және қызметті өткеру нәтижелері туралы баяндайды, мысалы: "Сержант мырза, қызмет өткеру кезінде оқиғалар болған жоқ. Үшінші ауысым екінші постысының сақшысы қатардағы жауынгер Қарабалин". Ауысатын қарауыл таратушысы сақшыға: "ТІК ТҰР" командасын береді. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: "Қатардағы жауынгер Ыбраев, постыға адым - БАС", сақшы саптық қалыпты қабылдайды, оңға қарай бір адым жасайды, қарауыл сақшыға келеді және қарама-қарсы қарап оның орнына тұрады.
      Ауысатын және жаңа қарауылдардың таратушылары бір-біріне қарама-қарсы олардан бір-екі адымда сақшы мен қарауылдың екі жағына тұрады.
      Ауысатын қарауыл таратушысының "Сақшы, постыны тапсыр" командасы бойынша сақшы ауызша постыны тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір-біріне басын бұрады. Постыны ауызша тапсыру сақшы постының нөмірін атаудан, постылар табеліне сәйкес барлық күзету мен қорғауға жататындарды қарауылға тізбелеуден, сондай-ақ өзі қызмет өткеру уақытында жақын жерде нені байқағаны туралы көрсетуден тұрады.
      Постыны ауызша тапсырғаннан кейін қарауыл өз таратушысының "Қарауыл, постыны қабылда" командасы бойынша сақшының және ауысатын қарауыл таратушысының қатысуымен жаңа қарауыл таратушысымен бірге күзетілетін объектіні қарап шығуға және жарық түсуінің, қоршаулардың, есіктердің (қақпалардың) дұрыстығын, терезелердің, торлардың және сақтау орнының (қойманың) жай-күйін, құлыптардың, баулардың, мөрлердің (пломбалардың) бар болуы мен жай-күйін және олардың таңбаларға (бедерлемелерге) сәйкес келуін, күзетудегі жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) санын, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының болуын және жай-күйін, окоптардың, постылық мұнаралардың, бақылау-іздік жолақтар мен постылық киімнің жай-күйін тексеруге міндетті.
      Тұтқындалғандар бар камера жанындағы постыны қабылдау кезінде қарауыл, одан басқа, оларда болатын тұтқындалғандардың санын тексеруге міндетті.
      Постыға түсетін қарауыл қажет болған кезде таратушының көмегімен постылық киімді киеді.

      166. Егер постыны қабылдау және тапсыру кезінде қандай да бір ақау (қоршаулар немесе мөрлер, пломбалар, құлыптар, баулар, есіктер, терезелер бұзылған) немесе мөрлердің (пломбалардың) таңбасы (бедерлері), сондай-ақ күзетуде болатын жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) саны постылар табелінде көрсетілген санға сәйкес келмейтіні анықталған болса, таратушы қарауыл бастығын шақыртады; мұндай жағдайларда жаңа қарауыл постыларды қабылдаған кезде бұрынғы және жаңа қарауылдар бастықтары шақыртылады.

      167. Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтағаннан кейін сақшы және постыға түсетін қарауыл күзетілетін объектіге қарама-қарсы жаққа таратушыға қарап тұрады және кезекпен баяндайды.
      Мысалы: "Сержант мырза, қатардағы жауынгер Вишневский нөмірі үшінші постыны тапсырды". "Аға сержант мырза, қатардағы жауынгер Ыбраев, нөмірі үшінші постыны қабылдады".
      Баяндаудан және таратушыдан нұсқаулар алғаннан кейін сақшы осы Жарғының 321-тармағында көрсетілгендей, қаруды алып, постыдағы өз міндеттерін орындауға кіріседі.

      168. Қарауылдың сақшы жағдайына (сақшының қарауыл жағдайына) ауысуы бұрынғы таратушының: "Постыдан адым - БАС" командасы бойынша постыны қабылдау (тапсыру) туралы ол баяндағаннан кейін айқындалады.

      169. Ауысатын қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: "Қатардағы жауынгер Оразалиев, постыдан адым - БАС", ауысқан қарауыл ауысымның артына тұрады және қаруды "қарубауға" күйіне өз бетімен алады, ал посты мен оған кіреберістерді қадағалаған қарауыл сапқа тұрады. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысы: "Ауысым, менің соңымнан адым - БАС" командасын береді және ауысымды келесі постыға апарады.

      170. Ішкі постылардың сақшыларын ауыстыру кезінде ауыстыруды өткізгеннен кейін таратушы үй-жайдың кіреберісіне барады: "Ауысым, ТОҚТА" командасын береді, қарауылдардың біреуін үлкені етіп қалдырады және команда береді, мысалы: "Қатардағы жауынгерлер Долин мен Қамзаев, менің соңымнан адым - БАС". Қарауыл таратушымен үй-жайға кіргеннен кейін осы Жарғының 165-169-тармақтарына сәйкес сақшыларды ауыстырады.

      171. Постылар қарауылдық үй-жайдың екі жағында орналасқан кезде таратушы алдымен қарауылдық үй-жайдың бір жағында орналасқан постылардағы сақшыларды ауыстырады, ал одан кейін ауыстырылғандарды қарауылдық үй-жайға қалдырып, осы ауысымның қалған қарауылдарын сапқа тұрғызады және оларды постыларға апарады, бұл ретте ауысым құрамында таратушымен бірге кемінде үш адам болуы тиіс.

      172. Қарауылдың келесі ауысымдарын, оларды постыларға жіберу және сақшыларды ауыстыру үшін сапқа тұрғызу, сондай-ақ қаруды оқтау және оғын алу бірінші ауысым үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
      Ауысым постылардан келгеннен кейін және қарауыл бастығына жасалған ауысым туралы баяндағаннан кейін пистолеттен басқа, қарудың оғы алынады. Одан кейін таратушы қарауылдарға автоматтарды (карабиндерді) пирамидаға, ал пистолеттерді - сейфке қоюға бұйрық береді.

      173. Жаңа постыларға сақшылар қоюды, сондай-ақ таратылатын постылардан сақшыларды алуды қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің және күзетілетін объекті бастығының қатысуымен мөрмен расталған гарнизон бастығының (әскери бөлім бастығының) жазбаша бұйрығы негізінде қарауыл бастығы жүргізеді. Сақшыларды қою (алу) туралы постылық ведомоста жазба жасалады.

Қарауылдардағы ішкі тәртіп

      174. Қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауыл құрамының ешқайсысы да қарауылдық үй-жайдан кетуге құқығы жоқ.

      175. Қарауылдық үй-жайда тыныштық пен тәртіп сақталуы тиіс. Постылармен және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысты қоспағанда, байланыс құралдарын пайдалануға, ән айтуға және музыкалық аспаптарда ойнауға тыйым салынады. Әдебиеттер мен кезеңдік басылымдарды оқуға, шахмат пен дойбы ойнауға, қарауылдың міндеттерін орындауға және демалушының ұйқысына бөгет жасамай, радио және телебағдарламаларды ақырын тыңдауға және көруге рұқсат етіледі. Шылым шегуге және аяқ киімін тазалауға тек ол үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

      176. Автоматтар, карабиндер мен оқшашарлар оқталмай, оқжатарсыз, бекітпесі алға қаратылған, шүріппесі түсірілген және сақтандырғышқа қойылған күйде пирамидаларға қойылады. Қарауылдық үй-жайларда пирамидалар құлыпқа жабылмайды, бірақ қарауыл бастығына және бөлім бойынша кезекшіге электрлі дыбыстық дабылдамамен, сондай-ақ қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесі жағынан ашылатын бекітпемен жабдықталады.
      Автоматтарға жарақтандырылған оқжатарлар (карабиндерге оқтізерлер) сөмкелер, сүңгі-пышағымен қынап және арнайы құралдар белдік белбеуден алынбайды. Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары қарауылдық үй-жайда оларды шешпейді.
      Оқшашарларға оқжатарлар (ленталармен жарақтандырылған қораптар) құлыпқа жабылған пирамидалардағы арнайы жәшіктерде сақталады, оның кілті мөрленген пеналда қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі.
      Бақылау-өткізу пункттері қарауылдарының пистолеттері құлыпқа жабылған металл жәшіктерде (сейфте) кобураларда сақталады, оның кілті қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі. Пистолеттер қарауылдарға арнайы карточкалар бойынша постыға түсер алдында беріледі.
      Қару пирамидадан тек қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің рұқсаты бойынша алынады. Қаруды тазалау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің басшылығымен жүргізіледі, бұл ретте қаруды бөлшектеуге тыйым салынады.

      177. Қарауылдың жеке құрамына қарауылдық үй-жайда бас киімсіз және астары жылы далалық күртешесіз (қысқа тонсыз, шинельсіз) болуға рұқсат етіледі, бірақ жабдықтары жанында болуы тиіс. Шешілген астары жылы далалық күртеше (қысқа тон, шинель) мен бас киім ілгішке ілінеді.

      178. Қарауылдың жеке құрамына, қарауыл бастығы мен оның көмекшісін қоспағанда, қарауылдық үй-жайға келгендермен сөйлесуге тыйым салынады, тек қарауылды тексеретін адамдардың сұрақтарына жауап беруге рұқсат етіледі.

      179. Жабдықтарын шешпей, аяқ киімсіз және шешінбей, тек жағасын және белдік белбеуді босатып, жатып дем алуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі:
      қарауыл бастығына - нұсқаулықпен айқындалған күндізгі (гауптвахта жанындағы қарауыл бастығына - түнгі) уақытта 4 сағат;
      қарауыл бастығының көмекшісіне, қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісіне (операторға) - қарауыл бастығының (гауптвахта кезекші ауысымы бастығының) рұқсатымен әрбіреуіне - 4 сағат;
      қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне, таратушыларға, шығарушылар мен көлік құралын жүргізушілерге - қарауыл бастығының рұқсатымен міндеттерін атқарудан бос уақытта;
      қарауылдардың бір ауысымы құрамына - постыларға түсер алдында, постылардан ауысқаннан және қарауылдық үй-жайға басқа ауысым қарауылдың жауынгерлік есептобы жеткізуге қайта оралғаннан кейін;
      объектілерді тек түнде күзететін қарауылдар ауысымына - олар қарауыл үй-жайына қайта оралғаннан кейін және постыларға қайтадан жібергенге дейін қарауылдың жауынгерлік есептобы жеткізгеннен кейін;
      бақылау-күзету топтарының қарауылдарына - кезекпен, жауынгерлік есептопты жеткізгеннен кейін, қарауыл бастығының рұқсатымен әрбіреуіне 4 сағат.
      Демалатын ауысымның қарауылдарына аяқ киімді шешуге және кептіруге рұқсат етіледі.

      180. Қарауылды "қаруға" шақырған кезде қарауылдық үй-жайда болатын қарауылдың жеке құрамы, оның ішінде демалатын ауысым да бас киімдерін киеді, өз қаруын алады және өз нөмірлерінің тәртібімен қарауылдық үй-жайдың ішінде сапқа тұрады.
      Қарауылға немесе олар күзететін объектіге кенеттен шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ өрт немесе басқа да зілзала апаттары болған кезде жеке құрам жауынгерлік есепке сәйкес әрекет етеді.
      Астары жылы далалық күртешелер (қысқа тондар, шинельдер) қарауыл бастығының ерекше нұсқауы бойынша киіледі.
      Қарауылды қарауылдық үй-жайдан шығарудың барлық жағдайларында (төтенше жағдайлардан басқа) онда қарауыл бастығының көмекшісі немесе таратушылардың біреуі, ал олар болмайтын қарауылдарда - қарауылдардың біреуі қалады.

      181. Негізгі тамақтанудан басқа, қарауылдың жеке құрамы қызмет өткеру кезеңінде қосымша үлеспен қамтамасыз етіледі. Ыстық шай үнемі болуы тиіс.
      Қарауылдарға тамақты жеткізуді олар тағайындалған бөлімшелердің командирлері немесе қарауылдар (әскери бөлім) кезекші ұйымдастырады.

      182. Қарауылдық үй-жайды және оған шектес жатқан аумақты таза және реттеп ұстау, сондай-ақ пеш жағу қарауыл құрамына жүктеледі. Осы міндеттердің атқарылуын, сондай-ақ жабдықтардың, мүлік пен мүкәммалдың сақталуын бақылау қарауыл бастығының көмекшісіне, ал ол тағайындалмаған қарауылдарда - қарауыл бастығына жүктеледі.

      183. Күнделікті жинаудан басқа, кемінде аптасына бір рет, гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) белгілеген күні қарауылдық үй-жайларды профилактикалық залалсыздандыру ұйымдастырылады.

      184. Қарауылдық үй-жайдың ауасын үнемі тазартып тұру керек. Қарауылдық үй-жайдағы ауа температурасы +18 0 С-дан төмен болмауы тиіс.
      Пеш жағу гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі) белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
      Қараңғы түскеннен кейін қарауылдық үй-жайда, дәліздерде және әжетханаларда толық жарық, ал демалатын ауысым үшін бөлмеде - кезекші жарық болуы тиіс.
      Әскери қалашықтан тыс орналасқан қарауылдық үй-жайдың терезелері түнгі уақытта ішінен металл қақпақтармен жабылады.

      185. Әскери қалашықтан тыс орналасқан және өз құрамында кемінде үш ауысымды бес постысы бар қарауылдық үй-жайды күзету үшін қарауылдық үй-жайдың кіреберісінде сергек ауысымның қарауылдары қатарынан сақшы қойылады.
      Ерекше маңызды объектілерді күзететін және үш ауысымды бес постысы бар қарауылдарда қарауылдық үй-жайды күзету үшін қосымша қарауылдар тағайындалады.
      Қарауылдық үй-жайдың кіреберісіндегі қарауылдар қызметті қадағалау мұнараларында өткеруі мүмкін.
      Әскери бөлімнің (күзетілетін объектінің) аумағында орналасқан қарауылдық үй-жайлар, әдетте, күзетілмейді.
      Қарауылдық үй-жайлардың есіктері қарайтын терезелермен жабдықталады және ішінен жабық болуы тиіс.

Қарауылдарды тексеру

      186. Қарауылдарды, қарауылдар бағынатын адамдар (осы Жарғының 109-тармағы), олар тағайындалған роталар (батареялар) командирлері, батальондар (дивизиондар) командирлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен осы командирлердің тікелей бастықтары тексеруге міндетті.
      Темір жол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан қарауылдарды, сондай-ақ станция (порт), әуежай арқылы өтетін әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдарды, одан басқа темір жол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты немесе оның көмекшілері тексеруге міндетті.
      Лауазымды адамдардың қарауылдарды тексеру гарнизонның бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
      Тексеру қарауылдың әрбір ауысымын қамтуы тиіс.

      187. Одан басқа, қарауылдарды әскерлерге инспекциялау (тексеру) жүргізуге келген адамдар және олардың тапсырмасы бойынша инспекциялау (тексеру) тобы қатарынан офицерлер - олар инспекциялайтын (тексеретін) әскери бөлімдердің қарауылдарын, сондай-ақ мыналардың тапсырмалары бойынша адамдар:
      Қорғаныс министрі, Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары мен олардың орынбасарлары;
      әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары - олардың бағынысында болатын күзетілетін объектілердің қарауылдарын;
      бригада командирлері - оларға бағынысты әскери бөлімдерден тағайындалатын қарауылдарды;
      әскери бөлімнің командирлері - бағынысты бөлімшелерден тағайындалатын қарауылдарды;
      гарнизон бастығы - осы гарнизонның аумағындағы гарнизондық, ішкі және уақытша қарауылдарды;
      әскери қатынастар бастықтары - станция (порт), әуежай арқылы өтетін, сондай-ақ темір жол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан қарауылдарды тексереді.
      Қарауылдарды тексеру тек қарауылдық қызметті жақсы білетін адамдарға тапсырылады. Қарауылдарды тексеру үшін тағайындалған әскери қызметшілерге нұсқаулар берілуі тиіс.

      188. Осы Жарғының 187-тармағында көрсетілген адамдар гарнизон бастығына (әскери бөлімнің командиріне) бастықтардың, олардың тапсырмалары бойынша қарауылдарды тексеру үшін олар тағайындалған мөрмен расталған жазбаша нұсқамаларын ұсынуға міндетті. Осы нұсқамалар негізінде оларға қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ұсынатын гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) қолы қойылған, елтаңбалы мөрмен расталған қарауылдарды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік беріледі. Көрсетілген біржолғы куәлікті гарнизон бастығы, сондай-ақ гарнизондық сияқты ішкі қарауылдарды тексеру үшін, ал әскери бөлім командирі - ішкі қарауылдарды тексеру үшін тағайындалған адамдарға береді.
      Біржолғы куәлікте кімге, атап айтқанда, қандай қарауылдарды тексеру үшін және тексеру қанша уақыт ішінде болатыны көрсетіледі. Тексеру аяқталғаннан кейін ол қарауыл бастығына тапсырылады. Егер куәлікті қолдану уақыты өтіп кетсе және ол пайдаланылмаса, онда ол қарауылды тексеретін адам гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығына өткізеді.
      Қарауыл тағайындалған рота (батарея) командиріне, сондай-ақ оның орынбасарларына және рота (батарея) командирінің тікелей бастықтарына қарауылдарды тексеру құқығын беретін куәлік берілмейді.
      Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты Қарулы Күштер әскери қатынастарының бастығы қол қойған қарауылдарды тексеруге құқық беретін тұрақты куәлік негізінде және жеке басының куәлігін ұсынғаннан кейін темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан қарауылдарды, ал темір жол (теңіз, өзен) учаскесі және станциясы (порты), әуежай комендатураларының басқа да лауазымды адамдары - әскери комендант қол қойған қарауылдарды тексеруге құқық беретін тұрақты рұқсаттама негізінде тексеру жүргізеді.

      189. Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылдарды тексеру үшін келген барлық адамдар тексеруді қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (егер оған қарауыл бағынатын болса, әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жүргізеді. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші осы адамдардың жеке басының куәлігін және қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлікті тексереді.
      Өз әскери бөлімінің офицерлері тексеруді әскери бөлім бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің ілесіп жүруінсіз жүргізе алады.

      190. Қарауылдарда:
      постылық ведомосқа сәйкес жеке құрамның болуы;
      қарудың болуы;
      қарауылдың жауынгерлік әзірлігі, қарауыл жеке құрамының міндеттерін білуі және оларды іс жүзінде орындауы;
      қарауылдағы ішкі тәртіп, қаруды және оқ-дәрілерді сақтау ережелерінің сақталуын, белгіленген құжаттаманы ресімдеудің және постылық ведомосты жүргізудің дұрыстығы;
      қарауылдық үй-жай мен постыларды жабдықтаудың осы Жарғыға сәйкес келуі, техникалық күзет құралдарының, байланыс, жарық түсіру құралдарының ақаусыздығы;
      гауптвахтаны жабдықтау, тұтқындалғандардың бар болуы және оларды ұстау тәртібі тексеріледі.

      191. Сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарға постылар бойынша қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) қаруланған бір-екі қарауылмен ілесіп жүреді.
      Сақшылардың қызмет өткеруін тексеру үшін, сондай-ақ постыға шығарған жағдайда қарауыл бастығына немесе оның көмекшісіне (таратушыға) қаруы оқталған қаруланған бір-екі қарауыл ілесіп жүреді.

      192. Тексерушілер (сақшылар бағынысты адамдардан басқа) сақшылардың қызмет өткеруіне оларға ескерту жасамайды, барлық байқалған кемшіліктер туралы олар ілесіп жүретін адамдарға нұсқау береді. Тексеру нәтижелері мен өзінің нұсқауларын тексеруші постылық ведомосқа жазады.
      Сақшылар қызмет өткергенде тексеру уақытында постыға және кіреберістерді қадағалауды күшейту үшін оған қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) оған ілесіп жүретін қарауыл тартылады.
      Сақшылардың қызмет өткеруін постыға жасырын келу, сақшыдан қаруын тартып алуға әрекет жасау жолымен және қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін тәсілдермен тексеруге тыйым салынады.

Жеке орналасқан радиотехникалық (зениттік-зымырандық) және басқа да арнайы бөлімшелердегі объектілерді күзету және қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті ұйымдастыру мен өткеру ерекшелігі

      193. Жеке орналасқан радиотехникалық (зениттік-зымырандық) және басқа да арнайы бөлімшелердегі объектілерді, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, материалдық құралдарды күзету және қорғау жөніндегі қызметті бөлімшелердің командирлері ұйымдастырады және осы бөлімшелерден тағайындалған штаттық қарумен қаруланған патрульдермен, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын немесе техникалық күзет құралдарымен бір уақытта патрульдерді пайдаланумен жүзеге асырылады.
      Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау кезінде олардан белгілерді қабылдау аппаратурасы кезекші жауынгерлік есептоп (ауысым) бастығының немесе бөлімше бойынша кезекшінің бөлмесінде орнатылады және оның қадағалауында болады.
      Патрульдер бөлімшенің тәуліктік наряд құрамына кіреді, бөлімше командиріне, жауынгерлік есептоп (ауысым) бастығына, сержантқа (старшинаға) және бөлімше бойынша кезекшіге бағынады және осы Жарғыға және әскери бөлімнің командирі бекіткен нұсқаулыққа сәйкес сақшылар сияқты қызмет өткереді.

      194. Бөлімше бойынша кезекшінің және патрульдердің нұсқаулықтарын объектінің сипатын және оны күзетудің шарттарын ескере отырып, әскери бөлімнің штаб бастығы (бөлімше командирі) жасайды.
      Объектілерді күзету жөніндегі қызметті әр түрлі бөлімшелердің жиынтық құрамымен ұйымдастырған кезде нұсқаулықтарды жоғары тұрған әскери басқару органының штабы жасайды.
      Нұсқаулықтарда: бөлімше бойынша кезекшінің және объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі патрульдердің міндеттері; патрульдеу уақыты мен тәртібі, патрульдердің саны, бағдарлардың жекелеген учаскелеріндегі патрульдердің ерекше міндеттері, күзетілетін объектіге шабуыл жасалған, техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған, төтенше жағдайлар кезінде, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгілер бойынша олардың іс-қимыл тәртібі; қару-жарақтан, әскери және басқа техникадан электр магниттік сәулелену секторы, патрульдердің олардан қорғану тәртібі жазылады; патрульдерге қандай жағдайларда қару (арнайы құрал) қолдануға рұқсат етілетіні көрсетіледі; қызмет өткеру туралы баяндау және күзетілетін объектілерге, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, материалдық құралдарға, сондай-ақ күзетілетін аумаққа адамдарды жіберу тәртібі белгіленеді.
      Бөлімше бойынша кезекшінің нұсқаулығына әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі бекіткен: патрульдердің қозғалыс схемасы; күзетілетін аумаққа жіберілетін, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, материалдық құралдарды алуға немесе сақтау орындарын аңдуға құқығы бар адамдардың тізімі; осы Жарғының 122-тармағына сәйкес ресімделген рұқсатнамалардың және мөрлер таңбаларының (пломбалар бедерлемелерінің) үлгілері қоса беріледі.

      195. Патрульдердің қызмет өткеруі үшін уақыт аралықтары мен патрульдердің қозғалыс бағдарларының қайталануын болдырмайтын бірнеше кесте жасалады.
      Патрульдеу кестесін бөлімше командирі бекітеді және бөлімше бойынша кезекшіде (қарауыл бастығында) жабық жәшікте сақталады. Әрбір кестені қолдану уақытын бөлімше командирі айқындайды.

      196. Патрульдер жауынгерлік патрондармен осы Жарғының 115-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.
      Барлық патрульдер үшін патрондар жарақтандырылған оқжатарларда (оқтізерлерде) бөлімше бойынша кезекшіде құлыпқа жабылатын және бөлімше бойынша кезекші мөр басқан, қаруды сақтауға арналған бөлмеде орналастырылатын металл жәшіктерде сақталады.
      Патрульдердің қарулары, олар бөлімшеде болған кезде қаруды сақтау үшін бөлмеде жеке пирамидада сақталады.

      197. Патрульдерді қызмет өткеруге даярлау осы Жарғының 142-145-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      198. Патруль патрульдер қозғалысының схемасында көрсетілген бағдар бойынша бөлімшенің (объектінің) орналасуын қарап шығу жолымен қызмет өткереді.
      Патрульдер жылжымалы байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, одан басқа қозғалыс бағдарларында стационарлық байланыс нүктелері орнатылады, олар бойынша патруль бөлімше бойынша кезекшіге (қарауыл бастығына) қызмет өткеру барысы туралы баяндайды.
      Күндізгі уақытта патрульдер ыңғайлы орындардан немесе байланыс құралдарымен жабдықталған мұнаралардан қадағалаумен күзетті жүзеге асыруы мүмкін.

      199. Патруль:
      бөлімшенің объектілерін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, басқа да материалдық құралдарын қырағы күзетуге және қайсарлы түрде қорғауға және ол ауысқанға немесе алынғанға дейін қойылған міндеттерді атқаруды тоқтатпауға;
      бөлімше бойынша кезекшімен байланыс және қандай да бір бұзушылық немесе объектінің қоршауындағы ақауларды анықтаған кезде, сондай-ақ әр түрлі бұзушылықтар кезінде оны шақыру үшін белгіленген белгілерді білуге;
      ол үшін белгіленген кестені және қозғалыс бағдарын қатаң сақтауға;
      қызмет өткеру уақытында онда осы Жарғының 117-тармағында көрсетілген ережелер бойынша оқталған қарудың болуына және әрекет жасауға үнемі әзір болуға міндетті.
      Патрульге, ол қызмет өткерген уақытта қойылған міндетті орындаудан басқаға көңілін аударуға (ұйықтауға, отыруға, оқуға, жазуға, темекі шегуге, бөгде адамдармен сөйлесуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, біреулерден бір заттар алуға және беруге, қажет болмағанда патронды патронникке салуға) немесе өз міндеттерін атқарудан алаңдауға тыйым салынады.
      Патруль, ол бағынатын адамдардың немесе тексеру үшін келген адамдардың сұрақтарына жауап беруі тиіс.

      200. Патрульге немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ күзетілетін объектінің көрсеткіштерімен белгіленген шекарасына бөгде адам жақындаған кезде патруль осы Жарғының 323-326-тармақтарында көрсетілгендей әрекет етеді.

      201. Патрульдердің қызмет өткеруін тексеруді бөлімше командирі, оның орынбасарлары, оның тапсырмасы бойынша адамдар, сондай-ақ оның барлық тікелей бастықтары жүзеге асырады. Одан басқа, тексеруді кезекші жауынгерлік есептоптың (ауысымның), сондай-ақ сержант (старшина) және бөлімше бойынша кезекші жүзеге асырады.
      Патрульдердің қызмет өткеруін тексеретін адамдарға бос ауысымның бір патрулімен бөлімше бойынша кезекші ілесіп жүреді.
      Тексеру нәтижелері, сондай-ақ сақтау орындарын (қоймаларды) ашу және жабу уақыты кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазылады.
      Бөлімше бойынша кезекші, бұл ретте осы Жарғының 189, 190-тармақтарының талаптарын басшылыққа ала отырып, патрульдердің қызмет өткеруін кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде бір рет түнде) тексеруге міндетті.

      202. Патрульдерді ауыстыру бөлім бойынша ауысатын кезекшінің қатысуымен, сақшыларды ауыстыруға сәйкес (осы Жарғының 164-169-тармақтары) бөлім бойынша кезекші нарядты ауыстыру уақытында; одан әрі - әрбір ауысымға бөлім бойынша кезекші белгілеген кестеге сәйкес, рұқсаттама және кері шақырту бойынша дербес жүргізіледі.

      203. Кезекті патрульді қызмет өткеруге жіберер алдында бөлімше бойынша кезекші белгілеген тәртіпке сәйкес оған қару мен патрондарды береді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше көңіл бөле отырып, нұсқаулар береді, қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға шығарады және оның дұрыс оқталуын тексереді.

      204. Патруль патрульдеу бағдарынан оралғаннан кейін белгіленген белгімен қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға бөлімше бойынша кезекшіні шақыртады, оған патрульдеу нәтижелері, постылардың жай-күйі және жасалған ауыстырулар туралы баяндайды, оның қадағалауымен қарудың оғын алады, одан кейін қару мен оқжатарлардағы (оқтізерлердегі) патрондарды кезекшіге тапсырады. Қару мен патрондарды тапсыру және қабылдау туралы бөлімше бойынша кезекші қару мен оқ-дәрілерді беру кітабында тиісті жазба жасайды.

      205. Патрульдерді ауыстыру туралы бөлімше бойынша кезекші кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазба жасайды.

      206. Патрульдердің демалу тәртібі мен орнын осы Жарғының 177, 179-тармақтарына сәйкес орналасу шарттарына байланысты бөлімше командирі айқындайды.

Гауптвахтадағы қарауылдық қызметті ұйымдастыру
және өткеру ерекшелігі Жалпы ережелер

      207. Гауптвахта - әскери қызметшілерді тұтқында ұстау үшін әскери полиция органдары жанында жабдықталған үй-жай.
      Гауптвахта жанындағы қарауыл құрамына қарауыл бастығы, шығарушылар мен қарауылдар тағайындалады, қарауыл бастығының көмекшісі мен таратушы тағайындалуы мүмкін.
      Қарауыл бастығы пистолетпен, қарауылдар - автоматтармен қаруланады, шығарушы арнайы құралдармен қарулануы мүмкін.
      Сыртқы және ішкі күзет постыларының саны мен орналастыру Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери полициясының бастықтары бекітетін постылар табельдерімен белгіленеді.
      Қызмет өткеру және қаруды қолдану тәртібі осы Жарғының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      208. Гауптвахтада:
      тергеушімен немесе алдын ала тергеу органдарымен (ішкі істердің, ұлттық қауіпсіздіктің, қаржы полициясының, әскери полицияның, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, кеден органдарының, әскери полиция органы болмаған жағдайда шекара бөлімдерінің командирлерімен, әскери бөлімдердің командирлерімен) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшілер - жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге;
      тергеуші немесе алдын ала тергеу органы, прокурор немесе судья күдік туғызушы және айыпталушы әскери қызметшілерді тұтқындау түрінде олардың жолын кесу шарасын таңдағанда - қылмыстық-іс жүргізу заңнамасымен айқындалған мерзімге;
      сотталушы болып табылатын әскери қызметшілер - сотта қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін, бірақ қылмыстық-іс жүргізу заңнамасымен белгіленген мерзімнен аспайды;
      сот тәртіптік әскери бөлімге жіберген сотталған әскери қызметшілер - үкім немесе сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін;
      сот гауптвахтада ұстаумен тұтқындауға сотталған әскери қызметшілер - сот үкімімен айқындалған мерзімге;
      олар лауазымды адамдарға ашық бағынбау немесе қарсылық көрсеткен, қылмыс жасаған жағдайларда, сондай-ақ оларды уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайлар кезінде ұсталған әскери қызметшілер - заңмен белгіленген мерзімге ұсталуы мүмкін.
      Күдікті - оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, ұстау жүзеге асырылған немесе айыпталғанға дейін жолын кесу шаралары қолданылған әскери қызметшілер.
      Айыпталушы - оған қатысты оны айыпталушы ретінде жазаға тарту туралы қаулы шығарылған немесе оған қатысты сотта қылмыстық іс қозғалған немесе айыптау хаттамасы жасалған әскери қызметші.

      209. Гауптвахтадан елеулі қашықтықта орналасқан әскери полиция органдарында және әскери бөлімдерінде әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің, гарнизон бастығының) бұйрығымен әскери қызметшілерді уақытша ұстау үшін жеке үй-жай жабдықталуы мүмкін.

Тұтқындалған әскери қызметшілерді гауптвахтаға жіберу және оларды күзету (ілесіп жүру)

      210. Ұсталған әскери қызметшілер ұстау хаттамасының көшірмесімен гауптвахтаға (уақытша ұсталғандарды ұстауға арналған үй-жайға) жіберіледі.
      Оларға қатысты тергеушінің, алдын ала тергеушінің санкция берілген прокурордың қаулысы, прокурордың немесе судьяның қаулысы не соттың қаулысы бойынша тұтқындау түрінде жолын кесу шарасы таңдалған күдіктілер мен айыпталушылар гауптвахтаға Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес шығарылған қаулымен жіберіледі. Тұтқындауға сотталған әскери қызметшілер гауптвахтаға үкімнің көшірмесімен, оны орындау туралы өкіммен және сотталушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссиясы қорытындысының көшірмесімен жіберіледі.
      Сот тәртіптік әскери бөлімде ұстауға соттаған әскери қызметшілер үкімнің немесе сот қаулысының заңды күшіне енгенге дейін сот үкімінің көшірмесімен гауптвахтаға жіберіледі.

      211. Әскери қызметшілерді гауптвахтаға жіберу үшін әскери полиция органы бастығының (гарнизон бастығының) бұйрығы бойынша көлік құралы бөлінеді (17-қосымша).

      212. Қылмыс жасауда күдікті және айыпталатын, оларға қатысты алдын ала тергеу органы, тергеуші, прокурор, судья тұтқындау түрінде жолын кесу шарасын таңдаған, сотпен сотталушы және сотталған әскери қызметшілер гауптвахтадан тысқары (тергеу іс-қимылдарын жасау және басқа да жағдайлар үшін прокуратураға, сотқа) штаттық қарумен қаруланатын айдауылдың күзетімен жіберіледі.
      Күзеттің құрамы мен тәртібін күзету шарттарын және айдауылдау бағдарларын зерделеу негізінде әскери полиция органының бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
      Ілесіп жүрушілер (күзет) қаруды "қарубауға" күйінде, көлік құралында жүрген кезде - тізелерінің арасында ұстауы тиіс.

      213. Тұтқындалғанды елді мекендерде жаяу тәртіпте айдауылдауға, сондай-ақ қалалық және қала маңына баратын көлікте алып жүруге тыйым салынады.

Тұтқындалғандарды гауптвахтаға қабылдау

      214. Тұтқындалғандарды гауптвахтаға гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл бастығы мынадай құжаттар негізінде: соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге дейін сот тәртіптік әскери бөлімде ұстауға соттаған әскери қызметшілерді - сот үкімінің көшірмесімен; тұтқындауға сотталған әскери қызметшілерді - үкімнің, оны орындау туралы өкімнің көшірмесімен және сотталушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссиясы қорытындысының көшірмесімен; оларға қатысты тергеушінің, алдын ала тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен немесе соттың қаулысымен тұтқындау түрінде жолын кесу шарасы таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды - Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне сәйкес шығарылған қаулымен; ұсталғандарды - ұстау хаттамасының көшірмесімен қабылдатады.

      215. Гауптвахта бастығы (қарауыл бастығы) тұтқындалғандарды қабылдаған кезде қажетті құжаттардың болуын және олардың дұрыс ресімделуін, оларға тиесілі заттарды тексереді, өзі қарап шығады, камерада ұстауға тыйым салынатын белдіктерді, бауларды, заттарды, құндылықтар мен басқа да заттарды сақтау үшін алады. Гауптвахтаға қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттардағы мәліметтерді, сондай-ақ алынған және қабылданған заттар, нәрселер, құжаттар мен ақша сомасы тізбесін гауптвахта бастығы (қарауыл бастығы) тұтқындалушының қатысуымен тұтқындалушылар кітабына (18-қосымша) енгізеді және оған үш данада жасалатын оларды қабылдағанына қолхат (19-қосымша) береді, одан кейін тұтқындалушыны камераға орналастыру үшін қарауыл бастығына жібереді.
      Әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметкерлер әскери қызметшіні тексереді, ол туралы тұтқындалушылар кітабына тиісті жазба жасайды.
      Егер гауптвахтаға тұтқындалушыны қарауыл бастығы қабылдаса, онда ол тұтқындалушыға одан құжаттар мен заттарды қабылдағанына қолхат береді, одан кейін құжаттар мен заттар, олардың тізімдемесімен гауптвахта бастығына беріледі.

      216. Гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл бастығы тұтқындалушыны қабылдап алып, құжаттарды өзіне қалдырады және әскери қызметшіні алып келген адамға тұтқындалушыны қабылдағанына үш данада жасалған құжаттың бірінші данасын береді, әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркейді және одан әрі оны тіркеу және әскери қызметшіні гауптвахтада ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін тұтқындалушыны гауптвахтаға жіберген әскери бөлімге тапсырады.

Сотпен сотталған әскери қызметшілерді, тергеуші немесе алдын ала тергеу органдары, прокурор немесе судья соттайтындарды, тұтқындалғандарды және ұсталғандарды гауптвахтада ұстау

      217. Сотпен сотталған әскери қызметшілер гауптвахтада сотталушылардан, күдіктілерден, айыпталушылардан және ұсталғандардан бөлек ұсталады. Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), офицерлер бөлек ұсталады.

      218. Әрбір тұтқындалғанға ұйықтайтын уақытта: матрац, көрпе, екі ақ жайма, жастықтың сыртқы тысы, төсек жанындағы тапочка беріледі.

      219. Тұтқындалғандар гауптвахтада белгіленген ережелерді нақты орындауға, гауптвахта бастығының және қарауыл жеке құрамының заңды талаптарын орындауға міндетті.

      220. Гауптвахтада күн тәртібін әскери полиция органының бастығы белгілейді.
      Тұтқындауға сотталғандар аптасына төрт сағаттан аспайтын гауптвахтаның шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарын орындауға тартылуы мүмкін.
      Күдіктілер мен айыпталушылар кезектілік тәртібімен камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинастыруға міндетті.
      Тұтқындалғандардың болуын таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруді қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі камералар бойынша атаулы тізім бойынша жүргізеді.
      Барлық тұтқындалғандар үшін ұйықтаудың ұзақтығы - тәулігіне сегіз сағат.
      Тұтқындалғандарға күндіз ұйықтауға немесе жатуға тыйым салынады. Ұйқыдан тұрғаннан кейін төсек-сәкілер жиналады, жиналмалы төсек-сәкілер құлыпқа жабылады.

      221. Жұмысты орындау мен серуендеу уақытын қоспағанда, тәулік ішінде тұтқындалғандар құлыпқа жабылған камераларда болады.
      Барлық камералар үшін құлыптар бірдей болуы және бірдей кілттермен жабылуы тиіс. Осындай екі кілт қарауыл бастығының бөлмесінде және біреуі - гауптвахта бастығының бөлмесінде сақталуы тиіс.

      222. Тұтқындалғандарда камераларда болғанда іш киім, жұмыс киім нысаны мен аяқ киім болуы тиіс. Қалған заттар гауптвахтада белгіленген тәртіпке сәйкес камералардан тыс сақталады.

      223. Жалпы камераларда тұтқындалғандардан камералардағы тазалыққа және тәртіпке жауап беретін үлкендері тағайындалады. Олар тұтқындалғандарды таңертеңгілік тексеру үшін, қарауыл ауысқан уақытта атын атап түгендеу үшін, тұтқындалғандардың болуын кешкілік тексеру үшін сапқа тұрғызуға, сондай-ақ олардың белгіленген ұстау режимін сақтауын бақылауға міндетті.

      224. Тұтқындалғандар күн сайын ұзақтығы кемінде бір сағат серуендеуге шығады. Серуендеу күндізгі уақытта камералар бойынша гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Сотталғанның серуені ол белгіленген ішкі күн тәртібін бұзған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      Тұтқындалғандардың таңертең және кешке жуынуы үшін шығарушылардың ілесіп жүруімен камераларынан: жалпы камераларда ұсталатын тұтқындалғандар - камералар бойынша, ал жалғыз камераларда ұсталатын тұтқындалғандар - кезектілік тәртібінде бір-бірден шығарылады.
      Қарауыл бастығын шақырту шығарушы немесе сақшы арқылы жүргізіледі.

      225. Гауптвахтадан тысқары (тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін және басқа да себептер бойынша прокуратураға, сотқа) бару үшін тұтқындалғандар маусым бойынша әскери киім нысанында болуы тиіс.

      226. Тұтқындалғандар жұмысты орындаған кезде шығарушы:
      бірнеше орында бір уақытта жұмыс жүргізуге жол бермеуге, егер оның салдарынан тұтқындалғандарды күзету және қадағалау қиындық тудырса;
      жұмыс уақытында немесе үзіліс уақытында тұтқындалғандардың бөгде адамдармен сөйлеспеуін, шылым шекпеуін және жұмыс орнынан кетпеуін бақылауға міндетті.

      227. Тұтқындалғандар аптасына бір рет әскери полиция органының бастығы белгілеген күні және сағатта моншада жуынуы тиіс. Осы күндері іш киімдер мен төсектік ақжаймаларды ауыстыру, сондай-ақ тұтқындалғандарды медициналық тексеру жүргізіледі. Тұтқындалғандардың денесін тексеру күнделікті жүргізіледі.
      Тұтқындалғандардың үнемі шаштары ұқыпты қысқартылған және қырынған болуы тиіс. Тұтқындалғандардың шаштарын қысқарту және қырыну тәртібін гауптвахта бастығы белгілейді.

      228. Тұтқындалғандар негізгі жалпыәскери үлес нормасы бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі, оларды тамақтандыруға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі. Егер гауптвахта жанында тамақ дайындалмаса, онда оны гауптвахтаға тұтқындалғандарға жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.
      Азық-түлік аттестаттары жоқ, гауптвахтаға немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға орналастырылған ұсталғандар әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан көшірме бойынша жабдықталымға алынады.
      Тұтқындалғандар камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Жалғыз камераларда ұсталатын тұтқындалғандар камераларда тамақтанады.

      229. Камераларды, дәретханаларды күнделікті және жалпы (аптасына бір рет) жинау, гауптвахтада едендерді жуу (сүрту) шығарушының немесе қарауыл бастығы көмекшісінің қадағалауымен онда ұсталатын тұтқындалғандар жүргізеді.
      Камералар тұтқындалғандар серуендеуде немесе жұмыста болған уақытта күн сайын тексеріледі.
      Гауптвахта үй-жайларын және дәретханаларын залалсыздандыру аптасына бір рет жүргізіледі. Қараңғы түскенде камераларда, дәліздер мен дәретханаларда жарық түсірілуі тиіс. Ұйықтау уақытында камераларда жарық түсірілуі тиіс.
      Камераларда температура + 18 0 С-дан төмен болмауы тиіс.
      Тұтқындалғандарға хат жазысуға және жазу керек-жарақтарын пайдалануға, газеттер, жалпыәскери жарғыларды, әскери және оқу әдебиеттерін оқуға және радиоқабылдағышты тыңдауға рұқсат етіледі.
      Шылым шегуге, ол үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.
      Әрбір гауптвахтада жалпыәскери жарғылардың, әскери және оқу әдебиеттерінің жеткілікті саны болуы тиіс. Гауптвахта күнделікті жаңа газеттермен қамтамасыз етілуі тиіс. Тұтқындалғандарға әдебиеттер мен газеттер беруді қарауыл бастығы жүргізеді.
      Тұтқындауға сотталғандарға адвокаттармен кездесулерден басқа, кездесулерге жіберілмейді.
      Күдіктілер мен айыпталушылар ұсталған сәтінен бастап: қорғаушы ретінде іске қатысатын адвокатпен; қорғаушылары болып табылатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен; қорғаушылар ретінде іске қатысатын өзге де адамдармен; туыстарымен және заңнамада белгіленген тәртіппен басқа да адамдармен кездесулерге жіберіледі.

      230. Әскери полиция органының бастығы гауптвахтада тұтқындалғандарды ұстау және күзету, сондай-ақ олар гауптвахтадан тыс жүрген кездегі тәртібін тергеушімен, алдын ала тергеу органымен, прокурормен немесе сотпен келісу бойынша белгілейді.

      231. Заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру мақсатында прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, қылмыстық істі тергеу кезінде тергеушілер немесе алдын ала тергеу органдары, сондай-ақ қорғаушылар жеке басының куәлігін және тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін кез келген уақытта гауптвахтаға, уақытша ұсталатындарға арналған үй-жайға гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші, әскерибөлім бойынша кезекші) әскери полиция органының бастығын (әскери бөлімнің бастығын) және осы гауптвахтада немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды хабардар ете отырып, жібереді.

Тұтқындалғандарды босату

      232. Тұтқындалғандарды гауптвахтадан гауптвахта бастығы, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан - әскери полиция органы (әскери бөлім) бойынша кезекші: сот үкімі бойынша тағайындалған жазалау мерзімін өтегеннен кейін; ақтау үкімінің шығуына немесе іс жүргізудің тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылған кезде; рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде; әскери-дәрігерлік комиссиясымен денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғанда; заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша босатады.
      Одан басқа, прокурордың талабы бойынша гауптвахтада заңсыз ұсталған әскери қызметшілер босатылады.

      233. Тұтқындалғанды гауптвахтадан босату үшін гауптвахта бастығы тұтқындау мерзімі аяқталар қарсаңында оны алып кетуге өкіл жіберу үшін оның әскери бөлімінің командиріне тұтқындалғанды босату уақыты туралы хабарлайды және қарауыл бастығына босату туралы жазба (20-қосымша) береді, ол постылық ведомоспен бірге тапсырылады.
      Гауптвахта бастығы тұтқындалғанды босатуға құқық беретін құжаттар негізінде белгіленген мерзімде босатады, тұтқындалғандар кітабында және тұтқындалғандардың атаулы тізімінде тұтқындалғанды босату уақыты туралы жазба жасайды, оған қолын қойдырып жеке заттарын, ақшасы мен құжаттарын, сондай-ақ оны әскери бөлім командиріне ұсыну үшін оны босату уақыты мен негіздері туралы әскери полиция органының бастығы қол қойған анықтама береді. Тұтқындалғанға заттарды, ақшалар мен құжаттарды қабылдауда бұрын берілген қолхаты жойылады.

Гауптвахтаны жабдықтау

      234. Гауптвахта әр түрлі негіздер бойынша гауптвахтаға отырғызылған әскери қызметшілер, сондай-ақ әр түрлі санаттағы әскери қызметшілер осы Жарғы 217-тармағының талаптарына сәйкес бөлек ұсталатындай етіп, жабдықталады.

      235. Гауптвахтада мынадай үй-жайлардың болуы тиіс:
      қарауылдық үй-жай;
      жалпы және жалғыз камералар;
      гауптвахта штаттық құрамының жұмыс істеуі үшін бөлмелер;
      тұтқындалғандарды тергеу үшін бөлмелер;
      тамақты жылыту және дайындау үшін ас үй;
      асхана;
      тұтқындалғандардың заттарын сақтауға арналған сөрелермен (ілгіштермен) жабдықталған қойма;
      жуынуға арналған бөлме;
      дәретханалар.

      236. Камераларда төсек-сәкілер, үстелдер, орындықтар, түкіргіштер, кружкалар мен ауыз суы бар ыдыстар болуы тиіс.
      Офицерлерді ұстауға арналған камераларда ағаш кереует, үстелдер, табуреттер, жеке заттарына және жуыну керек-жарақтарына арналған тумбочкалар, ауыз суы бар ыдыстар мен кружкалар, ілгіштер мен түкіргіштер болуы тиіс.

      237. Гауптвахта бастығының бөлмесінде үстел, орындықтар (табуреттер), кушетка, ілгіш, сондай-ақ тұтқындалғандардан сақтауға қабылданған құжаттарға, ақша мен құнды заттарға арналған еденге немесе қабырғаға бекітілген жанбайтын шкаф немесе металл жәшік болуы тиіс.

      238. Тұтқындалғандар камераларының есіктері мен терезелері және көпшілік пайдаланатын орындар (жуынуға арналған бөлме, дәретхана) техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы терезелер, одан басқа темір торлармен, қажет болған кезде ішкі жағынан металл тормен тартылуы тиіс. Камералардағы есіктерге қарау терезесі орнатылады. Гауптвахта дәліздерінде жуыну керек-жарақтары мен аяқ киімді тазалауға арналған керек-жарақтар үшін, сондай-ақ астары жылы күртешелерге (шинельдерге) және бас киімдерге арналған құлыпқа жабылған шкафтар болуы тиіс. Шкафтардың кілттері қарауыл бастығында сақталады.

      239. Әрбір гауптвахтада биіктігі кемінде үш метр қалың дуалдармен қоршалған, төбесі металл тормен жабдықталған тұтқындалғандарды серуендеу үшін аула болуы тиіс.

Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай

      240. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай - санитарлық талаптарға және әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына қатерді, сондай-ақ оны өз бетімен қалдырып кету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларға жауап беретін арнайы бейімделген:
      көлік қатынасы болмаған кезеңде қылмыс жасағаны немесе күдік келтіргені үшін;
      заңдармен көзделген басқа да жағдайларда белгілі уақыт ішінде оларды мәжбүрлеп ұстауға арналған үй-жай.

      241. Барлық ұсталғандар олар бойынша әскери полиция органының бастығы (әскери бөлімнің бастығы) шешім қабылдағанға дейін, заңмен көзделген мерзімнен көп емес уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұсталады.

      242. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұсталатын әскери қызметшілерді гауптвахталар жанындағы қарауылдар немесе арнайы бөлінген наряд күзетеді.

      243. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға жеткізілген әскери қызметшілерді гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл бастығы (әскери бөлім бойынша кезекші) қабылдайды және ұсталғандарды есепке алу кітабына жазба жасайды.
      Ұсталған әскери қызметшілерді қабылдай отырып, гауптвахта бастығы (қарауыл бастығы, әскери полиция органы бойынша кезекші, әскери бөлім бойынша кезекші) олардың заттары мен киім-кешегін тексереді, үй-жайда ұстауға тыйым салынатын белдіктерді, бауларда, заттар мен құндылықтарды, сондай-ақ барлық қызметтік құжаттарды алады. Қару мен оқ-дәрілерді, құжаттарды, заттар мен құндылықтарды алғаны туралы хаттама жасалады, оған гауптвахта (қарауыл бастығы, әскери полиция органы бойынша кезекші, әскери бөлім бойынша кезекші) және ұсталғанды жеткізген адамдар, сондай-ақ ұсталғанның өзі қол қояды.
      Құжаттарды ресімдеу тәртібі тұтқындалғандарды гауптвахтаға қабылдау кезіндегі сияқты жүргізіледі.
      Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға мас күйде жеткізілген әскери қызметшілер хаттамаға айыққаннан кейін қол қояды.
      Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қабылдау кезінде барлық әскери қызметшілер медициналық қызметкерлермен тексерілуі тиіс, ол туралы ұсталғандардың кітабына тиісті жазба жасалады.

      244. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың есігі құлыпқа жабылады және ұсталғандарды сенімді күзетуді және оларды ұдайы қадағалауды қамтамасыз етуі тиіс. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың кілттері қарауыл бастығында (әскери полиция органы бойынша кезекшіде, әскери бөлім бойынша кезекшіде) сақталады.
      Үй-жайда құлыпқа жабылатын төсек-сәкілер, үстелдер, орындықтар мен түкіргіштер болуы тиіс.

Әскерлерді тасымалдау кезінде әскери эшелондардың қару-жарақтарын, әскери және басқа техникасын, материалдық құралдарын күзету жөніндегі қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру ерекшелігі

      245. Темір жол, теңіз және өзен көлігімен әскери эшелондармен тасымалданатын әскерлердің қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, материалдық құралдарын онда тасымалданатын әскери бөлімдерден (бөлімшелерден) тағайындалған қарауылдар күзетеді.
      Қарауылдың құрамы әскери эшелонның құрамына және тасымалдау шарттарына байланысты айқындалады.

      246. Әскери эшелонның қарауылы адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған вагонда (кемелік үй-жайда) немесе жолаушылар вагонының жеке купесіне орналастырылады. Осы вагонда (кеме бөлмесінде) Жауынгерлік Ту жанында посты орналастырылады. Жауынгерлік Тумен бірге күзетілуде ақша жәшігі және құпия құжаттары бар жәшік болуы мүмкін.
      Постылармен сымды (радио) байланыс ұйымдастырылады.

      247. Әскери эшелонның бағдарлық парағын, қарауылдар нарядының ведомосын, постыларға табельдер мен қарауыл бастығына нұсқаулықты әрбір әскери эшелонға жеке әскери бөлімнің штабы әзірлейді, әскери бөлімнің командирі бекітеді және тасымалдауға даярлық кезінде әскери эшелон бастығына беріледі.

      248. Қарауыл таралымының және оны ауыстыру тәртібін, орнын, уақытын әскери эшелон бастығы айқындайды. Бірінші ауысымның сақшыларын қою, қарауылды ауыстыру және алу әскери эшелон бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің қатысуымен жүргізіледі.
      Сақшыларды ауыстыру тоқтауларға және мүмкіндігіне байланысты: жазғы уақытта - әрбір 2 сағат сайын, қыс кезінде - 1 сағат сайын жүргізіледі.

      249. Қарауыл бастығы әскери эшелон бастығына, эшелон бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады. Осы Жарғымен көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа ол:
      әскери эшелон бойынша кезекшінің қатысуымен, бұл ретте есіктер мен люктердің сенімді жабылуын, вагон қораптарының дұрыстығын және пломбалардың тұтастығын тексере отырып, тасымалданатын бөлімшелердің командирлерінен немесе ауысатын қарауыл бастығынан күзетуге жататын қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, материалдық құралдарды, сондай-ақ вагондарды (кемелік үй-жайларды, палубаны) (есеп бойынша) қабылдауға;
      қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, материалдық құралдардың дұрыс бекітілуін, орын санын, орамының дұрыстығын, бүркемелеу үшін қынаптар байлауларының, есіктер мен люктердің сенімді жабылуын, сондай-ақ пломбалардың тұтастығын тексеруге; анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;
      әскери эшелон бойынша кезекші көрсеткен поездың тоқтаулары кезінде сақшыларды ауыстыруға; егер сақшыларды ауыстыру үшін поездың тұру уақыты жеткіліксіз болса, онда ауыстыруды поездың келесі тоқтауына дейін тоқтатуға;
      сергек ауысымның қарауылдар құрамынан қосымша сақшыларды бөле отырып, тоқтауларда әскери эшелонның күзетін күшейтуге;
      жіберілімі әскери эшелон бойынша кезекшінің рұқсатымен жүзеге асырылатын тиісті лауазымды адамдардың көлігінен басқа, күзетілетін вагондар мен тежегіш алаңдарға (палубаларға және кемелік үй-жайларға) қандай да бір бөтен адамдардың кіруіне жол бермеуге;
      күзетілетін вагондардың қозғалыс бөліктерін (кемеде - кеме үй-жайларын, палубалық тетіктерді) және жүктің дұрыс бекітілуін қарап шығу және жөндеу үшін көлік қызметкерлерін таратушының немесе сақшының қадағалауымен жіберуге;
      өрт шығу, қозғалыс қауіпсіздігіне (платформалардағы техниканың жылжуы, танк мұнараларының, артиллериялық жүйе ұңғыларының бұрылуы, ыдыстың дұрыс еместігі, жүктің ағып кетуі және тағы басқа) материалдық құралдардың сақталуына қатер төндіретін қандай да бір қозғалыстар анықталған жағдайларда поезды тоқтату шараларын шұғыл қабылдауға және оқиға туралы әскери эшелон бойынша кезекшіге (кемеде - вахталық офицерге немесе вахталық капитанға) баяндауға;
      белгіленген пунктке келгеннен кейін әскери эшелон бойынша кезекшінің қатысуымен вагондарды (кемеде - кемелік үй-жайлар мен палубаларды) темір жол (порт) өкілдеріне, ал күзетілетін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, материалдық құралдарды - әскери эшелон командиріне немесе жүкті алушыларға тапсыруға және одан әрі әскери эшелон бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.

      250. Поездың қозғалысы уақытында сақшылар постыларға табельге сәйкес күзетілетін немесе оларға жақын вагондардағы тежегіш алаңдарда (тамбурларда), ал тежегіш алаңдары (тамбурлар) болмаған кезде - арнайы қоршаулары бар платформаларда, қарауыл орналасатын вагонда немесе жақын вагонда орналастырылады. Тоқтаған уақытта сақшылар күзетілетін вагондардың екі жағына сапқа тұрғызылады, бұл ретте әрбір сақшыға вагондардың бір жағын күзету тапсырылады. Кеме қозғалысы уақытында сақшылар палубалардағы (қондырмалардағы) күзетілетін қару-жарақ, әскери және басқа техника, материалдық құралдар жанына немесе кемелік үй-жайлар жанына; тұрақта - палубаларға, әрбір борт жанына, траптар жанына, ал қажет болған кезде - айлақта (жағалауда) орналастырылады.

      251. Сақшы осы Жарғының 317-329-тармақтарында көзделген талаптарды орындаудан басқа:
      постыны қабылдау кезінде қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, материалдық құралдардың платформаларға және шағын вагондарда (кеме палубаларында және кемелік үй-жайларында) дұрыс бекітілуін, орындар санын, орамаларының дұрыстығын, оларды бүркемелеу үшін брезенттер бауларының сенімділігін, сондай-ақ жабық вагондар (кемелік үй-жай) есіктеріндегі пломбалардың тұтастығын сырттай қарап шығу арқылы тексеруге;
      жол жүруде және тоқтауларда күзетілетін вагондарды (палубаларды, кемелік үй-жайды) мұқият қадағалауға;
      өрт шыққан, қозғалыс қауіпсіздігіне немесе қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, материалдық құралдардың сақталуына қатер төндіретін бір нәрсе анықталған жағдайда байланыс құралдары арқылы қарауыл бастығына шұғыл хабарлауға, тоқтату кранымен поезды тоқтатуға шаралар қабылдауға, ал ол болмаған кезде қызыл жалауша ұстаған қолын созып (түнде - қызыл түсті қолшаммен) шеңбер жасаумен немесе аспанға оқ атумен тоқтату белгілерін беруге (кемеде - вахталық офицерге, вахталық капитанға хабарлауға);
      күзетілетін вагондарға, тежегіш алаңдарына (палубаларға және кемелік үй-жайларға) қарауыл бастығының рұқсатынсыз, сондай-ақ тасымалданатын машиналардың кабиналары мен қораптарына бөгде біреулердің өтуіне жол бермеуге;
      тек қарауыл бастығының немесе таратушының рұқсатымен күзетілетін вагондардың қозғалыс бөлшектерін (кемеде - кемелік үй-жайларды, палубалық тетіктерді) қарау әрі жөндеу және жүкті бекіту үшін көлік қызметкерлерін жіберуге; жұмыс уақытында оларды қадағалауға міндетті.

      252. Қарауыл бастығы, әдетте, поездың қозғалысы уақытында таратушымен немесе бір қарауылмен кезектесе отырып демалады.
      Қарауылдар қарауыл бастығының рұқсатымен кезекпен демалады.

Әскери жүктерді, оларды тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру ерекшелігі

      253. Әскери жүктер бар көліктерді күзету мен қорғауды әскери бөлімдерден тағайындалған қарауылдар жүзеге асырады.
      Қарауыл тиеу (жөнелту) пунктінен қарауыл бастығына көрсетілген түсіру пунктіне дейін ауыспай қызмет өткереді.

      254. Оларды тасымалдау кезінде қарауылдың күзетуіне жататын әскери жүктердің тізбесі, сондай-ақ қарауыл құрамы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.

      255. Қарауыл жабдықталған жабық немесе арнайы ілесіп жүру вагондарында (кемелік үй-жайдағы, әуе кемесінің салонында) орналасады. Темір жол қызметкерлеріне вагонда орнату үшін алынбалы-салынбалы әскери жабдықтар беріледі. Жеке құрамды жылыту және тамақ дайындау үшін пеш өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындаумен орнатылады.
      Қарауылдың қаруы мен оқ-дәрілері сенімді бекітпелермен және мөр қою үшін керек-жарақтармен жабдықталған металл жәшіктерде сақталады. Жәшік құлыпқа жабылады, қарауыл бастығы мөр қояды. Жәшікке қызыл бояумен көлденең "Әскери" деген жазу жазылады.
      Поезд жүріп келе жатқан уақытта сақшыларды орналастыру, тоқтаулар уақытында әскери жүктерді күзетуді күшейту және сақшыларды ауыстыру осы Жарғының 248-250-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі.
      Әуе көлігімен тасымалданатын әскери жүктерді күзету кезінде сақшылар: ұшу уақытында - салондарда; әуежайда (әуеайлақта) - әуе кемесі жанына орналасады.

      256. Әскери бөлімнің командирі қарауыл бастығына:
      іссапарлық куәлікті;
      қарауыл жеке құрамының тізімімен және куәліктің сыртқы бетінде қару түрін, нөмірін және берілген оқ-дәрілер санын көрсетумен оны қарауыл бастығы етіп тағайындау туралы, беткі жағында әскери бөлімнің командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған, сыртқы жағында әскери бөлімнің штаб бастығы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған белгіленген үлгідегі куәлікті;
      қаруды және оған оқ-дәрілерді, оларды сақтау үшін металл жәшікті, сондай-ақ мөр басу үшін металл мөрді;
      елтаңбалы мөрмен расталған, нұсқау берілгені туралы жазбасы бар постылық ведомосты;
      барып-қайтқан жолына азық-түлікті және азық-түлікке аттестаттарды (әрбір қарауылға бөлек);
      іссапарлық шығыстарға ақшалай қаражатты;
      радиоқабылдағышты;
      тамақ дайындау және ішу үшін, сондай-ақ ауыз суды сақтау үшін ыдыстарды;
      постылық киім жиынтықтарын, іш киімнің қосымша жиынтықтарын (бір жиынтық 7 тәулікке есебінен), қарауылдың барлық жеке құрамына төсек-орын керек-жарақтарын (бір тәуліктен көп жол жүру кезінде);
      медициналық аптечканы;
      қызыл түсті қолшамдарды және белгі беретін қызыл жалаушыларды;
      әскери тасымалдау құжаттарын (әрбір қарауылға жеке) немесе әскери бөлімге қайтып оралу үшін ақшалай қаражатты, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары бекіткен әскери жүктерді күзету және ілесіп жүру жөніндегі нұсқаулықтарға (ережелерге) сәйкес басқа да құжаттар мен мүлікті беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      257. Арнайы білімді талап ететін жүктерді тасымалдау кезінде әскери атағы мен тегі постылық ведомосқа кіргізілетін офицерлер (мамандар) қатарынан ілесіп жүруші тағайындалады.
      Ол жөнелту станциясынан белгіленген станцияға дейін қарауылмен бірге бір вагонда болады.

      258. Қарауылды жөнелту алдында әскери бөлім бойынша кезекші қарауылдың құрамын және қамтамасыз етілуін, олардың өз міндеттерін білуін, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жай-күйін, әрбір қарауылдың сыртқы пішінін тексереді.
      Қарауылдың әзірлігі туралы әскери бөлім бойынша кезекші әскери бөлімнің командиріне (штаб бастығына) баяндайды.
      Әскери бөлімнің командирі (штаб бастығы): қарауылды қарап шығады, оның қамтамасыз етілгенін тексереді және қарауылға нұсқаулар береді, оның ішінде жол жүргенде қару мен оқ-дәрілерді сақтау ережелері, қауіпсіздік шараларының, атап айтқанда, электрленген темір жол учаскелерінде, өртке қарсы қорғану талаптарын орындау туралы; жауынгерлік міндеттерді орындауға бұйрық береді; қажет болған жағдайларда көлік құралын бөле отырып, қарауылдың жүкті қабылдау орнына уақтылы келуін қамтамасыз етеді.

      259. Әскери жүктерді жөнелтуші:
      жол бойы жүкті күзетіп келген қарауылды қарсы алуға, орналастыруға, жеке құрамды ыстық тамақпен және медициналық көмекпен, сондай-ақ оның қаруы мен оқ-дәрілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      жылжымалы құрамдағы постыны арнайы қоршаумен жабдықтауға;
      қажет болған кезде қарауылдың жеке құрамын орналастыру үшін тағайындалған вагонда қалқалар орнатуға;
      қарауылға арнайы қарауыл вагоны берілген кезде оны сапасы дұрыс ауыз сумен толтыруға, отынмен және жарық түсіру құралдарымен қамтамасыз етуге;
      темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантын көліктің жөнелтілуге әзірлігі туралы хабардар етуге міндетті.

      260. Қарауылды шаруашылық жұмысқа, жылжымалы құрамға техниканы тиеуге және оны бекітуге тартуға тыйым салынады.

      261. Қарауыл бастығы көліктің жүру жолы бойынша темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантына және жүкке ілесіп жүретін офицерге бағынады. Кеме көлігіндегі қарауыл бастығы кеме капитанына (кеме күн тәртібі мәселелері және авариялар болған кезде) бағынады.
      Жалпы және осы Жарғының 249-тармағында көрсетілген міндеттерді орындаудан басқа қарауыл бастығы:
      әскери жүкті жөнелтушіге қарауылмен бірге тиеуге дейін 3 сағаттан кешікпей келуге және оған өзінің қарауыл бастығы болып тағайындалғаны туралы куәлікті көрсетуге;
      әскери жүкті жөнелтушіден вагондар (кемелік үй-жайлары, әуе кемесінің салондары) және платформалардағы және шағын вагондардағы (кеме палубасындағы) жекелеген орындар тізімдемесінің, оларда жүкті көлік жағдайына келтіру туралы белгі қоюмен, екі данасын, постыларға табельді, нұсқаулықты және жүктің ерекшеліктері, оны тасымалдау және тапсыру шарттары туралы нұсқауларды алады;
      қарауылдың жеке құрамына алда тұрған жүкті күзету тәртібі мен ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жол жүруде қауіпсіздік шараларының талаптарын орындау туралы нұсқаулар беруге; әскери көліктің нөмірін және белгіленген пунктті хабарлауға;
      постылар табеліне сәйкес сақшылар қоюға және олардың ауысу тәртібін белгілеуге;
      жүктерді тасымалдаудың белгіленген ережелерінің сақталуын қадағалауға;
      темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантына станцияға (портқа), әуежайға қарауылдың келгені туралы, қабылдау және күзетуге қабылданған жүктің жай-күйі туралы, болған оқиғалар, тасымалдау ережелерін бұзулар, жолдағы ұстаулар туралы, азық-түлік, отын, жарық түсіру, жеке құрамды санитарлық өңдеу құралдарын, тағайындалған пунктке көліктің келгені және алушыға жүкті тапсырғаны туралы баяндауға;
      құрамды қайта құрған кезде барлық күзетілетін вагондардың оған енгізілуін қадағалауға;
      темір жол қызметкерлерінен тізімдеме бойынша және қол қойғызып алмалы-салмалы әскери жабдықты қабылдауға, тасымалдау аяқталғаннан кейін - тапсыруға;
      қарауылға арналған вагонда (кемелік үй-жайда, әуе кемесінің бортында) тәртіп пен тазалықты сақтауға және өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындауға;
      жүк алушыда жүкті алуға құқық беретін құжаттардың болуын тексеруге және тізімдеме бойынша, вагондарды (кемелік үй-жайларды, әуе кемесінің салондарын) жіберушінің пломбасымен және платформаларда және шағын вагондарда (кеме палубаларында, әуе кемесінің салонында) тасымалданатын жүк орнының саны бойынша, ал техниканы - есебі бойынша оған тапсыруға; жүкті алушының қолын қойғызып, елтаңбалы мөрмен расталған тізімдеменің бір данасын өзіне қалдыруға;
      жолаушылар поездарында (кемелерінде) жүрген кезде, сондай-ақ вокзалдарда (порттарда, әуежайларда) болған кезде қару мен оқ-дәрілердің сенімді күзетілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      262. Өрт шыққан, қозғалыс (ұшу) қауіпсіздігіне немесе жүктің сақталуына қатер төндіретін бір нәрселер анықталған жағдайларда қарауыл бастығы өртті сөндіруге немесе бұзушылықтарды жоюға барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Оны қарауыл күшімен және поезд бригадасымен (кеме командасымен, әуе кемесінің экипажымен) жасауға мүмкін болмаған жағдайда қарауыл бастығы әскери комендант арқылы, ал ол болмағанда - станция (порт, әуежай) бастығы арқылы қажетті көмекті шақыртады.

      263. Вагон, ол әрі қарай жол жүре алмайтындай бұзылған жағдайда жөндеу аяқталғанға немесе жүкті ақаусыз вагонға қайта тиегенге дейін қарауылдың күзетінде болатын барлық көлік уақытша тоқтатылады. Жол жүруде әскери көліктің вагондарын ағытуға рұқсат етілмейді. Жүкті басқа вагонға қайта тиеген жағдайда қарауыл бастығы темір жол әкімшілігінен екі данада акті жасауға және оны темір жол учаскесінің және станциясы әскери комендантының немесе станция бастығының растауын талап етуге міндетті. Белгіленген пунктке келгеннен кейін қарауыл бастығы жүкті алушыға қайта тиелген вагонға актінің екінші данасына қолын қойғызып тапсырады.

      264. Қарауыл бастығына темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантынан басқа біреулерге күзетілетін вагондарға (кемелік үй-жайларға, әуе кемесінің салондарына) тізімдемені беруге тыйым салынады.

      265. Сақшылар осы Жарғының 250-251-тармақтарына сәйкес орналастырылады және әскери жүктерді күзету жөніндегі өз міндеттерін орындайды.

      266. Қарауылдың жеке құрамы осы Жарғының 252-тармағында мазмұндалған нұсқауларға сәйкес демалады.

      267. Әскери бөлімнің командирі (жүкті алушы):
      қарауылды келген уақытынан бастап 8 сағаттан кешіктірмей босатуға, жүкті қабылдағаны туралы қарауыл бастығының тізімдемесіне қол қоюға және елтаңбалы мөрмен растауға;
      қару мен оқ-дәрілердің сақталуын, қарауыл жеке құрамының орналасуын және демалуын, қажет болған кезде оның санитарлық өңделуін қамтамасыз етуге;
      егер қажет болса қарауылды азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге;
      қарауылды темір жол станциясына (портқа, әуежайға) жеткізуге және оны өз әскери бөліміне жіберуге міндетті.

      268. Қарауылды ауыстыру Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың осыған құқығы бар тиісті басшыларының бұйрығы бойынша жүргізіледі.
      Жаңа қарауыл келгенге дейін көлікті уақытша күзетуді ұйымдастыру көлік тоқтатылған аумақтағы гарнизон бастығына (әскери бөлімнің командиріне) жүктеледі.

      269. Қарауыл бастығы өз әскери бөліміне қайтып оралғаннан кейін жауынгерлік міндеттердің орындалғаны және қарауыл жеке құрамының қызметті өткергені туралы әскери бөлімнің штаб бастығына (командиріне) баяндауға; кетерде алған қаруын, оқ-дәрілер мен мүлікті тапсыруға және ақшалай қаражаттың жұмсалуына, әскери тасымалдау құжаттарына және азық-түлікке есеп беруге; жүкке ілесіп жүру жөніндегі құжаттарды тапсыруға міндетті.

      270. Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету осы Жарғының 253-258-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Тасымалдау шарттарына және жүктің маңыздылығына байланысты бір пост 10 автомобильге дейін қамтуы мүмкін.
      Қарауыл өз міндеттерін орындау үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      Қарауыл бастығы лек бастығына және көлікке ілесіп жүретін офицерге, ал егер ілесіп жүруші тағайындалмаса - жүктерді тасымалдау үшін тағайындалған автомобиль бөлімшесінің командиріне бағынады.

      271. Қозғалыс уақытында сақшылар пост құрамына кіретін автомобильдер қораптарына (кабиналарына): бірі - бас жағындағы, басқасы - ортасындағы, ал үшіншісі - соңғы автомобильге орналастырылады.
      Лектердің тоқтаулары уақытында сақшылар лектің екі жағында бола тұрып, көліктің күзетін атқарады.
      Қозғалыс уақытында қысқа тоқтауларда сақшылар қызметті бір уақытта, ал ұзақ тоқтауларда - ауысым бойынша атқарады.
      Сақшы:
      тасымалданатын жүктің сақталуын қадағалауға және қозғалыс жан-жақтары бойынша қадағалау жүргізуге;
      қарауыл бастығының рұқсатынсыз бөгде адамдардың автомобильдерге өтуіне жол бермеуге;
      қажет болған жағдайда автомобиль жүргізушілеріне және қарауыл бастығына белгіленген белгілерді беруге;
      лектің тоқтаулары уақытында күзетілетін жүктерді үнемі қадағалауға, оларға бөгде адамдарды жібермеуге, постылар табелінде көрсетілген арақашықтықта шылым шегуге және от жағуға рұқсат етпеуге;
      қарауыл бастығының рұқсатымен әскери қызметшілерді автомобильдерді жөндеуге жіберуге міндетті.

Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері.
Қарауыл бастығы Жалпы міндеттер

      272. Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс өткеруіне, постылардағы және қарауылдық үй-жайлардағы техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда болатын қаруға, оқ-дәрілер мен басқа да мүлікке жауап береді.

      273. Қарауыл бастығының өзінің немесе қарауыл құрамымен күзетілетін объектілерге, сақшыларға, қарауыл ауысымына (бақылау-күзету тобына) қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайларда, тұтқындалғандар арасындағы тәртіпсіздікті тоқтату немесе қашып бара жатқан тұтқындалғандар бойынша, сондай-ақ дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қару (арнайы құралдар) пайдалануға құқығы бар.
      Қаруды қолданар алдында дауыстап немесе оны қолдану ниеті туралы жоғары оқ атып ескертуі тиіс.
      Ескертусіз қару кенеттен немесе қарулы шабуыл, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдаланумен шабуыл кезінде, сондай-ақ тұтқындалғандар қарумен қашқан кезде және олардың қозғалысы кезінде көлік құралдарынан қолданылуы мүмкін.

      274. Қарауыл бастығы:
      қарауылдың міндеттерін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
      қарауылдың жеке құрамынан олардың өз міндеттерін анық білуін және нақты орындауын, жоғары қырағылық пен тәртіпті талап етуге;
      тізімдеме бойынша ауысатын қарауыл бастығынан құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлер мен оларға кілттерді, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдауға;
      нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, олардың жарық түсіруінің, қоршаулары мен окоптардың дұрыстығын, сондай-ақ қарауылдық үй-жайдың және гауптвахтаның жай-күйін ауысатын қарауыл бастығымен бірге, ал таратушылар немесе өз көмекшілері арқылы қалған күзетілетін объектілердің жай-күйін өзі сыртынан қарап тексеруге; қарауылды қабылдау кезінде жойылуы мүмкін емес, бірақ объектіні сапалы күзетуді қамтамасыз етуге ықпал етпейтін постыларда және күзетілетін объектілер қоршауларында анықталған барлық ақауларды постылық ведомосқа жазуға;
      объектіні (постыны) сенімді күзетуді қамтамасыз етуге ықпал ететін кемшіліктер анықталған жағдайда объектіні (постыны) күзетуді шұғыл күшейтуге, ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етуге;
      постыларға ауысымдарды белгіленген уақытта жіберуге, бұл ретте таратушылардың және қарауылдардың өз міндеттерін білуін тексеруге және оларға әрбір постыда қызмет өткеру ерекшеліктерін ескертуге;
      резервтік (бақылау-күзету) топтың ұдайы жауынгерлік әзірлігін, қарауыл көлік құралының, байланыс құралының ақаусыздығын, қарауыл жеке құрамының қару мен оқ-дәрілерді ақаусыз ұстауын, қаруды оқтау, оғын алу ережелерінің сақталуын, бұл ретте қауіпсіздік талаптарының орындалуын, сондай-ақ постыларға жіберілетін қарауылдың барлық адамдарының қарауылдық үй-жайда тұтандыратын, шылым шегу керек-жарақтары мен бөгде заттарын қалдырып кетуін қадағалауға;
      осы Жарғының 174-185-тармақтарының талаптарына сәйкес қарауылда ішкі тәртіпті ұстауға;
      постылардан әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауылдың жеке құрамына резервтік топтарға жауынгерлік есеп жүргізуге, күзетілетін объектіге немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайға және нұсқаулықта мазмұндалған көрсеткіштерге сәйкес өрт сөндіру жағдайына оларға тапсырмалар қоюға және олардың іс жүзіндегі іс-қимылын тексеруге;
      кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде біреуі түнде) сақшылардың қызмет өткеруін, күзетілетін объектілердің және қоршаулардың жай-күйін, байланыс және өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге, осы мақсаттар үшін постылық ведомоста ол туралы жазба жасай отырып, өз көмекшісін және таратушыны кезең-кезеңімен жіберуге;
      сақшы шақырған немесе одан белгіленген уақытта қызмет өткеру туралы баяндау түспеген жағдайда таратушыны (өз көмекшісін) жіберуге немесе постыға өзі келуге;
      қарауылдық үй-жайға, бұл ретте осы Жарғының 282, 283-тармақтарын басшылыққа ала отырып, бұған құқығы бар адамдардан басқа ешкімді кіргізбеуге;
      ұсталған күдікті адамдардың және өткізу режимін бұзумен объектіге өтіп кетуге әрекет жасаған адамдардың жеке басын анықтауға, қысқаша сұрақтар қоюға, ал қажет болған кезде толық тексеруге, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға;
      офицерлердің әскери бөлім бойынша кезекші бөлмесіндегі жеке қарулары тұратын шкафтарды күзету дабылының рұқсат етілмеген өздігінен қосылу себебін анықтауға, ал қажет болған кезде ол жерге өз көмекшісін (таратушыны) жіберуге;
      қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің рұқсатымен бөлімнің медициналық пунктіне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне қарауыл құрамындағы сырқаттанғандарды жіберуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден оны ауыстыруды талап етуге; қысқы уақытта жеке құрамның үсікке ұрынуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
      сақшының қару қолданған әрбір жағдайын сол жерде анықтауға және жедел қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.

      275. Егер сақшыны ауыстырған кезде постыда қандай да бір ақау анықталатын болса, қарауыл бастығы шақыру бойынша постыға келеді және ақаудың сипаты мен себебін анықтап, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      276. Қарауыл құрамынан біреуі өз міндеттерін орындамаған немесе өзге де теріс қылық жасаған кезде қарауыл бастығы қажетті шараларды (постыдан алу, қаруды, оқ-дәрілерді алу және тағы басқа) қабылдайды және шұғыл қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ол туралы баяндайды.
      Егер жасалған теріс қылықтың сипаты бойынша әскери қызметші одан әрі қызмет өткеруге жіберілмейтін болса, онда ол қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша оны басқа әскери қызметшімен ауыстыру үшін қарусыз және оқ-дәрілерсіз әскери бөлімге (бөлімшеге) қайтарылады. Оған әскери бөлімнен (бөлімшеден) осы мақсат үшін шақыртылған адам ілесіп жүреді. Теріс қылықты анықтау бөлімшеде жүргізіледі.

      277. Егер қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанса, онда ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Таратушының біреуі кенеттен сырқаттанған кезде қарауыл бастығы оның міндеттерін өз көмекшісіне жүктейді немесе оларды өзі орындайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.

      278. Қарауыл бастығы мынадай жағдайларда қарауылды:
      күзетілген объектілерге, сақшыларға, қарауылдар ауысымына (бақылау-күзету тобына) немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған;
      техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған;
      тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған немесе олардың қашуының алдын алу үшін;
      күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда өрт шыққан немесе табиғи және техногендік сипаттағы басқа да жағдайлар туындаған;
      жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге белгі алған;
      қарауылды тексеретін адамдардың бұйрығы бойынша (осы Жарғының 186-187-тармақтары);
      жалпыбригадалық (жалпыполктік) кешкі тексеру өткізген кезде "қаруға" шақыруға міндетті.
      Қарауылды "қаруға" шақыру үшін қарауыл бастығы "Қарауыл, ҚАРУ-ҒА" командасын береді. Осы команда бойынша қарауыл құрамы осы Жарғының 180-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.

      279. Күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кезде қарауыл бастығы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді және жағдайға байланысты шабуылға тойтарыс беруге шаралар қабылдайды; шабуыл жасалғаны туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
      Қажет болған жағдайда қарауыл бастығы жауынгерлік патрондар, гранаталар мен тұтандырғыштар қоры бар жәшікті ашады. Кейіннен оқ-дәрілерді жәшіктен алғаны туралы акті жасайды.

      280. Егер күзетілетін объекті немесе қарауылдық үй-жай маңында (пост табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын) қоғамдық тәртіп бұзылса немесе қарауылдың қойылған міндеттерді сенімді орындауының төмендеуіне қатер төнсе, қарауыл бастығы қарауылдың күшімен тәртіпті қалпына келтіруге шаралар қабылдайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.

      281. Күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда шыққан өртті сөндіруді қарауыл бастығы жауынгерлік есепке сәйкес қарауылдың резервтік топ күшімен ұйымдастырады; мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды; болған оқиға туралы қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Күзетілетін объектінің техникалық аумағында немесе ішкі және сыртқы қоршауы бар объектіде, сондай-ақ оның жанында өрт шыққан кезде қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Жанар-жағар май материалдарын немесе жарылғыш заттарды (оқ-дәрілерді) сақтау объектісінде өрт шыққан жағдайда қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, объектіні ашады және жауынгерлік есепке сәйкес өрт сөндіруге шаралар қабылдайды.
      Егер күзетілетін объектіге төтенше жағдайлар қатері төнсе, қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және күзетілетін мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды.
      Өміріне төтенше жағдайлар катері төнген сақшыларға қарауыл бастығы күзетілетін объектіні қадағалауды жалғастыра алатын қауіпсіз орынға ауысуға бұйрық береді, ал қатер өткен соң оларды бұрынғы орындарына қояды.

      282. Қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайға тек қарауыл бағынатын адамдарды (осы Жарғының 109-тармағы) және олар ілесіп жүретін адамдарды, сондай-ақ қарауыл тағайындалған бөлімше командирін, оның орынбасарлары мен бөлімше командирін, егер ол олардың түрін білетін болса, барлық тікелей бастықтарын кідіріссіз кіргізеді. Осы адамдардың қарауылдық үй-жайға келгені туралы қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Одан басқа, қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайда күзетілетін объектілерді ашу (жабу) үшін келген адамдарды, олардың жеке басын және келу мақсатын анықтағаннан, күзетілетін объектіні ашуға (жабуға) құқық беретін тізіммен рұқсаттаманы және тиісті мөрдің (пломбаланған бедерлерінің) бар болуын салыстырғаннан кейін кіргізеді.
      Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылды тексеру үшін келген адамдар қарауылдық үй-жайға, егер қарауыл оған бағынатын болса, тек қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жіберіледі.
      Ішкі қарауылды тексеру үшін келген өз әскери бөлімінің офицерлері қарауылдық үй-жайға жеке басының куәлігі және онда тиісті уақыты көрсетілген қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік бойынша жіберіледі.
      Дұрыс ресімделмеген құжаттармен келген адамдарды қарауыл бастығы ұстайды, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауымен әрекет етеді.
      Қарауылды тексеруге келген адамдардан басқа, қарауылдық үй-жайға әрбір жіберу туралы қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды.
      Қарауылдарды ауыстыру уақытында қарауылдық үй-жайға және күзетілетін объектілерге, қарауылды тексеру үшін келген адамдардан басқа, жіберілім жүргізілмейді.

      283. Қарауыл бағынатын адамдар немесе олардың тікелей бастықтары, ал гарнизондық қарауылға, сондай-ақ өз әскери бөлімінің командирі қарауылға келгеннен кейін қарауыл бастығы оларға баяндайды, мысалы: "Генерал-майор мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы аға лейтенант Шоқпаров". Қарауыл бастығы баяндаған кезде қарауылдық үй-жайдағы қарауылдың сергек ауысымы өз бетімен саптық қалыпты қабылдайды.
      Қарауылдық үй-жайға қарауыл бастығының әскери атағымен тең немесе атағы бойынша одан үлкен басқа адамдар келген жағдайда қарауыл бастығы келгенге жақындайды және өзін таныстырады, мысалы: "Майор мырза, қарауыл бастығы капитан Жәукенов", одан кейін осы Жарғының 282-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.

      284. Қарауыл бағынатын бастықтың атынан басқа адамдар арқылы берілетін бұйрықтар алған кезде қарауыл бастығы осы адамдардан парольді сұрауға міндетті. Алынған бұйрықтың дұрыстығына күмәнданған жағдайда қарауыл бастығы, ол ыңғайлы деп тапқан кез келген тәсілмен растауға құқығы бар.

      285. Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне шақыру белгісі жарияланған кезде қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады, таратушы мен қарауылдарға тапсырма қояды (нақтылайды), постылар мен қарауылдық үй-жайлардың күзетін күшейтеді; сақтау орындары (қоймалары) бастықтарының күзетілетін объектілерді жылдам ашуын қамтамасыз етеді; өткізілген іс-шаралар, қарауылдың ауысуға әзірлігі туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      286. Қарауыл бастығына:
      сақшыларды ауыстыру, олардың қызмет өткеруін тексеру үшін немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін объекті маңында оқиға немесе төтенше жағдайлар болған жағдайда сияқтылардан басқа, қарауылдық үй-жайдан кетуге; қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде ол өзінің орнына көмекшісін, ал ол болмаған жерде - таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
      телефон арқылы өзі қызметке байланысы жоқ сөйлесулер жүргізуге немесе қарауылдың басқа адамдарына оған рұқсат етуге;
      қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қарауыл құрамынан біреулерді жіберуге;
      қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз постылық ведомоста көзделген сақшыларды ауыстыру тәртібін өзгертуге;
      қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз оларды жөндеу және ақауларын жою үшін белгі беру құралдарын өшіруге;
      қарауыл үшін бөлінген көлік құралдарын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

      287. Қарауыл бастығы өз әскери бөлімінің Жауынгерлік Туын және, егер олар осы әскери бөлімде сақталса, басқа да әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын күзетуге жауап береді.
      Қарауылды ауыстырған кезде ол ауысатын қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды мөрленген тыста немесе мөрленген шыны шкафта, бұл ретте тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығын тексере, оның бедерлемесімен мөрді салыстыра отырып өзі қабылдап алуға міндетті. Тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін ол таратушыға және постыға түсетін қарауылға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді.

      288. Жауынгерлік Туды қарауыл бастығы тек әскери бөлім штабының бастығына немесе оның көмекшісіне (орынбасарына), олар Жауынгерлік Туды шығарудың әрбір жағдайына әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін береді.
      Бірнеше әскери бөлімнің жауынгерлік тулары бірге сақталған кезде қарауыл жарақтандырылған әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсаттама ол берілетін бөлімнің өтінімі және Жауынгерлік Туды шығару туралы бұйрықтан көшірме негізінде беріледі.
      Жауынгерлік Туды берер алдында қарауыл бастығы техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар бойынша кезекшіден (әскери бөлім бойынша кезекшіден) жауынгерлік туларды күзету бойынша постыны ашуға рұқсатының болуын нақтылайды.
      Штаб бастығы немесе оның көмекшісі (орынбасары) тысын алады және қарауыл бастығының қатысуымен постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтардың, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және Жауынгерлік Туды қабылдайды, одан кейін қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды, мысалы: "2007 жылғы 25 қаңтарда 12 сағат 45 минутта Кутузов және Отан ордендері мен оларға орден ленталары бар 00000 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы N 50 рұқсатнамаға сәйкес штаб бастығы полковник М.Е.Дүйсекеевке берілді".
      Қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды қабылдаған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды. Қарауыл бастығы жазбаша рұқсатнаманы өзіне қалдырады.

      289. Жауынгерлік Ту қарауылдың күзетуіне қайтып берілген кезде қарауыл бастығы постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтарының, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және ту ұстаушының немесе ассистенттерінің Жауынгерлік Туды дұрыс орауын қадағалайды. Жауынгерлік Туды тыспен қаптағаннан (Жауынгерлік Ту шкафқа қойылғаннан) және тысына (шкафқа) елтаңбалы мөр басылғаннан кейін қарауыл бастығы онда бар бедерлемемен мөрді салыстырады және таратушыға және сақшыға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді. Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алғаннан кейін қарауыл бастығы қандай ордендер мен орден ленталарын және қанша санында қабылдағанын көрсетумен постылық ведомосқа тиісті жазба жасайды; одан кейін қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды тапсырған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды.
      Қарауылды ауыстырғаннан кейін жазбаша рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады.
      Егер Жауынгерлік Туды бергеннен кейін сақшы постыдан алынатын болса, онда оны постыдан алу туралы және осы постыға қайта қою туралы постылық ведомосқа жазба жасалады.

      290. Жауынгерлік Ту жанындағы постыға қатер (өрт немесе зілзала) төнсе қарауыл бастығы өзі Жауынгерлік Туды сақтап қалуға шаралар қабылдайды және оның жаңа орында күзетілуін ұйымдастырады.

Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету өнімдегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

      291. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзететін қарауыл бастығы осы Жарғының 272-286-тармақтарында көзделген жалпы міндеттерін орындаудан басқа:
      техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы жанындағы кезекшілікті атқару кестесін жасауға және постылық ведомоста есеп жүргізуге;
      белгілерді қабылдау аппаратурасы жанындағы қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) қызмет өткеруін бақылауға;
      кестеге сәйкес техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге және осы мақсатпен қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін жіберуге;
      сақшыларды қоюмен, осы құралдармен жабдықталған объектілерді күзету және қорғау кезінде техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      292. Бақылау-күзет тобының кезекшілігі тәсілімен объектіні күзететін қарауылды ауыстыру кезінде жаңа қарауыл бастығы, осы Жарғының 149, 150-тармақтарында мазмұндалғаннан басқа, жауынгерлік есеп жүргізеді, объектіні өзі қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (операторымен) бірге техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
      Егер қарауыл құрамына операторлар ауысымы тағайындалса, қарауыл бастығы жауынгерлік есеп жүргізеді, құжаттаманы және техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын қабылдау үшін оператор тағайындайды, ал одан кейін оператормен және ауысатын қарауыл бастығымен бірге объектіні күзетуге қабылдайды. Объектіні қабылдау уақытында жаңа қарауыл бастығы техникалық күзет құралдарының жай-күйіне байланысты барлық мәселелерді аппаратураны қабылдайтын оператормен шешеді.

      293. Объектілік анықтау құралдарымен жабдықталған объектілерді
күзетуге қабылдау кезінде қарауыл бастығы (оның көмекшісі немесе
таратушысы) объектіні қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық
күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (оператормен) бірге күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
      Одан кейін күзет құралдары әрекетке келтіріледі, ал қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомосқа жазба жасайды. Объектіні ашқаннан және постылық ведомосқа тиісті белгі қойылғаннан кейін, осы Жарғының 299-тармағында көрсетілгендей, күзет дабылдамасының және анықтаудың объектілік құралдары өшірілуі мүмкін.
      Өрт дабылдамасының техникалық құралдары тәулік бойы қосулы тұрады, ол қарауыл ауысқан кезде жазбамен расталады.

      294. Техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен қосылған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады, ол туралы қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл хабарлайды және жағдайды анықтау әрі объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау үшін бақылау-күзету (резервтік) тобымен жедел кетеді немесе тиісті таратушы және техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшіні (операторды) жібереді.
      Өрт дабылдамасының техникалық құралдары бойынша өрт туралы белгі алған кезде қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады және осы Жарғының 281-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.

      295. Техникалық күзет құралдары істен шыққан кезде қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және қарауыл бастығына нұсқаулықта мазмұндалған нұсқауларға сәйкес объектінің күзетін күшейтеді.

Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

      296. Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығы осы Жарғыда көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа:
      өткізу жүйесін; рұқсаттамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипаты мен қолдану уақытын; постылар арқылы әскери қызметшілерді, азаматтық персоналдарды, келушілер мен көлік құралдарын өткізу тәртібін білуге;
      посты арқылы рұқсаттамасыз бұзушы өтіп кеткен (бұзып өткен) кезде қарауылды "қаруға" шақыруға;
      рұқсаттама режимін бұзумен объектіге (объектіден) өтуге әрекет жасаған адамдарды ұстауға шаралар қабылдауға міндетті.

Сақтау орнына (қоймаларға, парктерге) жіберу және оларды күзетуге қабылдау кезіндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

      297. Қарауылдың күзетінде болатын сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберу кезінде қарауыл бастығы:
      техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекшіден осы объектіні ашуға рұқсатының болуын, сондай-ақ ашу уақыты мен мақсатының, объектіні ашу үшін келген адамның лауазымы мен тегінің сәйкестігін анықтауға;
      ұсынылған рұқсатнаманың қарауылдық үй-жайда болатын үлгімен сәйкес келуін салыстыруға және келушінің жеке басын куәландыратын құжатты тексеруге;
      келгеннің тегі мен лауазымының қарауылдық үй-жайда болатын тізіммен сәйкес келуін салыстырып тексеруге (осы Жарғының 122-тармағы);
      ұсынылған мөрдің (пломбаланған бедерлердің) қарауылдық үй-жайда болатын мөр таңбасының (пломба бедерлемесінің) үлгісімен салыстырып тексеруге міндетті.
      Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу және жабу үшін рұқсатнама ресімдеу барысында осы мақсатпен келген адам қарауылдық үй-жайдың тамбурында болады және басқа бөлмелерге жіберілмейді.

      298. Егер барлық ұсынылған құжаттар, сондай-ақ мөр (пломбаланған бедерлер) үлгілермен сәйкес келсе, қарауыл бастығы таратушыға келгенді сақтау орнын (қойманы, паркті) ашуға (жабуға) жіберуге бұйрық береді.
      Ұсынылған рұқсатнаманы қарауыл бастығы өзіне қалдырады. Қарауыл ауысқаннан кейін рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады, ал тұрақты рұқсатнама объектіні қарауылдың күзетуіне өткізгеннен кейін ұсынушыға қайтарылады.
      Сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген талаптарды нақты орындаумен рұқсат етеді.
      Өрт қаупі бар сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген тәртіппен арнайы аяқ киімде, керосин қолшамдарынсыз, ату және суық қарусыз, шылым шегу және тұтандыру керек-жарақтарынсыз рұқсат етеді.
      Сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге қабылдауды қарауыл бастығы тек жабу үшін келген адамда өрт жетоны бар болған кезде жүзеге асырады.

      299. Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан және жапқан кезде қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды және сақтау орнын (қойманы, паркті, ақша жәшігін) ашу (жабу) үшін келген адаммен бірге осы жазбаның астына қолдарын қояды.
      Қарауыл ауысқанға дейін қандай да бір сақтау орны (қойма, парк) күзетуге тапсырылмаған жағдайда ол туралы жаңа постылық ведомоста, сондай-ақ оның астына бұрынғы және жаңа қарауыл бастықтары қолдарын қоятын жазба жасалады, ал рұқсатнама жаңа қарауыл бастығына беріледі.

      300. Сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан артық емес ашқан кезде қарауыл бастығы постыға сақшыны қалдырады, ал сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан көпке ашқан кезде постылар табелінде бар нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
      Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан уақытта сақшыны алғаны туралы және оны қайтадан осы постыға қойғаны туралы қарауыл бастығы постылық ведомоста тиісті жазба жасайды.

      301. Қарауыл бастығы сақтау орнына (қоймаға, паркке) кіруге мынадай жағдайларда:
      егер осы сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекшідегі қарауыл күзететін объектілерді ашуға нарядтарда ресімделмесе;
      егер рұқсатнамада аты аталған адам тағайындалған күні және сағатта емес немесе тиісті құжаттарсыз келсе;
      егер тізімде немесе рұқсатнамада көрсетілген адамның орнына басқа адам келсе;
      егер рұқсатнама немесе жеке басын куәландыратын құжат дұрыс ресімделмесе, сондай-ақ мөртаңбаға (пломба бедеріне пломбалау бедері) немесе рұқсатнама үлгісіне сәйкес келмеген кезде рұқсат етпейді.
      Барлық аталған жағдайларда қарауыл бастығы келгенді ұстайды, ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      302. Қарауылдың күзетінде болатын парктерге немесе жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) тұрақ орындарына жіберу осы Жарғының 297-301-тармақтарының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығының ерекше міндеттері

      303. Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығы:
      гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде сот үкімінің немесе хаттамасының заңды күшіне енгенге дейін сотпен тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған, тұтқындауға сотталғандарды, оларға қатысты қамауға алу түрінде жолын кесу шарасы таңдалған күдікті және айыпталған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
      гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға отырғызылған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
      қарауылды қабылдаған кезде гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші) қол қойған атаулы тізім бойынша камералар бойынша тұтқындалғандарды өзі қабылдауға;
      қарауылды ауыстырған кезде және қызмет өткеру уақытында, бұл ретте қабырғалардың, төбенің, терезелердің, торлардың тұтастығына, есіктердегі бекітпелер мен құлыптардың сенімділігіне, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығына назар аудара отырып, камералардың жай-күйін тексеруге; тұтқындалғандар бар камералардың техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған кезде олардың өздігінен іске қосылуын өзі анықтауға;
      камералар бойынша тұтқындалғандарды, бұл ретте оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексере отырып, таңертеңгілік қарауды және кешкілік тексеруді өткізуге; сырқаттанғандар туралы гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) баяндауға;
      тұтқындалғандар үшін белгіленген күн тәртібінің және оларды ұстау тәртібінің нақты сақталуын қадағалауға;
      камералар кілттерінің сақталуын қамтамасыз етуге және оларды біреулерге бермеуге;
      қажет болған жағдайда сергек ауысымның қарауылдары құрамынан шығарушыларды тағайындауға;
      тұтқындалғандарды жұмысқа, моншаға және тергеуге тек гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) жазбаша бұйрығы бойынша жіберуге; қайтып оралғаннан кейін тұтқындалғандарды олардың бар екенін, сондай-ақ оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге;
      тұтқындалғандарға тамақты уақтылы жеткізуді және оның таратылуын қадағалауға;
      төсек керек-жарақтарын, газеттерді, жалпыәскери жарғыларды, заңнама актілерін және оқу әдебиеттерін уақтылы беруге;
      тұтқындалғандардан өтініштер мен арыздарды қабылдауға және оларды гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) беруге;
      демалу уақытында өзінің орнына үлкенді тағайындауға міндетті.

      304. Тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған және олардың қашып кетуінің алдын алу жағдайында қарауыл бастығы (кезекші ауысымының бастығы) қарауылды "қаруға" шақырады, әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды, қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескерту жолымен тәртіпсіздікті тоқтатуға шаралар қабылдайды. Егер ескерту сәтсіз болса, онда ол осы Жарғының талаптарына сәйкес қару қолдануға құқылы.

      305. Гауптвахтада өрт шыққан немесе гауптвахта маңында төтенше жағдайлар болған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады, тұтқындалғандарды қауіпсіз орынға шұғыл шығаруға және олардың күзетін ұйымдастыруға; оқиға туралы әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына баяндауға және одан әрі олардың нұсқаулары бойынша әрекет етуге міндетті.

Қарауыл бастығының көмекшісі

      306. Қарауыл бастығының көмекшісі қарауылдық үй-жайда болатын жабдықтың, мүкәммал мен мүліктің сақталуына, онда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қарауыл жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыруға, сақшылардың қызметті дұрыс өткеруіне, қарауылдық үй-жайдың кіреберісі жанындағы сақшылардың уақтылы ауысуына жауап береді. Ол қарауыл бастығына бағынады.
      Қарауыл бастығының көмекшісі:
      қарауылдың міндетін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
      қарауылды ауыстырған кезде қарауылдық үй-жай және тізімдеме бойынша онда болатын жабдықты, мүкәммал мен мүлікті қабылдауға;
      қарауыл бастығы болмағанда немесе демалыс уақытында оның міндеттерін атқаруға;
      қарауыл бастығының бұйрығы бойынша сақшылардың қызмет өткеруін тексеруге және сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарға ілесіп жүруге;
      қарауылдық үй-жайдың кіреберісі жанындағы сақшыларды ауыстыру кестесін жасауға және олардың ауысуын жүргізуге;
      қарауыл жеке құрамының уақтылы тамақтануына, жабдықты, мүкәммал мен мүлікті ақаусыз ұстауға, қарауылдық үй-жайда және оған шекаралас аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, пештерді уақтылы жағуға және жарықтың түсуіне бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      307. Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығының көмекшісі кемінде тәулігіне төрт рет (оның ішінде екі рет түнде) камералардың жай-күйін, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тұтқындалғандардың, олар үшін белгіленген ережелерді сақтауын тексереді.

      308. Қарауыл бастығы ауыр сырқаттанған (жараланған) немесе қаза тапқан жағдайда қарауыл бастығының көмекшісі оның міндеттерін атқаруға кіріседі және ол туралы қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.

Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары
жөніндегі көмекшісі (оператор)

      309. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі (оператор) қарауыл бастығына (оператор, одан басқа - қарауыл бастығының көмекшісіне) бағынады және техникалық күзет құралдарына берілген жұмыс режимін қамтамасыз етуге, қарауыл бастығына техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуі туралы деректердің уақтылы жеткізілуіне, қарауылдық үй-жайда болатын аппаратураның сақталуына жауап береді.
      Ол:
      техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету ерекшеліктерін білуге және осы құралдарға берілген жұмыс істеу режимін қамтамасыз етуге;
      қарауылды ауыстырған кезде құжаттаманы қабылдауға, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын, ал қажет болған кезде жұмыс істеуін тексеруге және ол туралы қарауыл бастығына баяндауға;
      кезекшілік уақытында техникалық күзет құралдарының белгісін қабылдау аппаратурасын қадағалауға және олардың жұмысын бақылау журналын жүргізуге; техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған жағдайда немесе олар істен шыққан кезде қарауыл бастығына шұғыл баяндауға;
      белгіленген графикке сәйкес және қарауыл бастығының рұқсатымен бақылау-күзету тобының құрамында объектінің периметрі бойынша техникалық күзет құралдарының жай-күйін тексеруге; сақшылар қоюмен объектілерді күзету кезінде тексеруді қарауыл бастығының көмекшісінің немесе тиісті таратушының ілесіп жүруімен жүзеге асыруға;
      бақылау-күзету тобы қайтып оралғаннан кейін қарауыл бастығына постылардың, техникалық күзет құралдарының жай-күйі туралы, кемшіліктер және оларды жою үшін қабылданған шаралар туралы баяндауға;
      қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті.

      310. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) белгілерді қабылдау аппаратурасы жанындағы кезекшілігі өз мәні мен жауаптылығы бойынша постыдағы сақшылардың қызмет өткеруіне теңестіріледі. Кезекшілік уақытында оған аппаратураны қадағалаусыз қалдыруға және қызмет өткеруден алаңдауға тыйым салынады.

Таратушы

      311. Таратушы, оған бағынатын сақшылардың қызметті дұрыс және қырағы өткеруіне, олардың уақтылы ауысуына және постыларға қойылуына, сақшылардың постыларды дұрыс тапсыруы мен қабылдауына жауап береді. Ол қарауыл бастығына және оның көмекшісіне бағынады және тек солардың ғана бұйрықтарын орындайды.
      Таратушы күзетілетін объектіге, сақшыға, қарауылдық үй-жайға, постыларға бара жатқан уақытта немесе қарауылдық үй-жайға қайтып келе жатқан кезде қарауыл ауысымына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшін өзі немесе қарауыл ауысымы құрамымен қару қолдануға құқылы.
      Ол:
      өз постыларын, олардың орналасуы мен шекараларын, оларға бару бағдарларын, күзету және қорғау (қадағалау, оқ ату, қоршау) шарттарын және әрбір постыдағы сақшының міндеттерін білуге;
      ауысатын қарауыл таратушысынан мөрлерден таңбаларды (пломба бедерлемелерін) қабылдауға, ал сақшыларды постыларға қойған кезде постылар табеліне сәйкес күзетуде болатын объектілерді қабылдауға және ол туралы қарауыл бастығына баяндауға;
      жабдықтары постылар табеліне сәйкес келмейтін және олардың сенімді күзетілуін қамтамасыз етпейтін объектілерге (постыларға) қарауыл бастығын шұғыл шақыртуға;
      қарауылдықты постыларға жіберер алдында олардың өз міндеттерін білуін, сондай-ақ олар қарауылдық үй-жайда шылым шегу және тұтандырғыш керек-жарақтарды, сондай-ақ басқа да бөгде заттарды қалдырған-қалдырмағанын тексеруге;
      осы Жарғының 116, 117-тармақтарына сәйкес қаруды оқтау, оғын алу тәртібін бақылауға;
      жылжыған кезде көлік құралдары жүргізушісінің іс-қимылына басшылық жасауға;
      әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауыл бастығына жасалған ауысым, постылардың жай-күйі туралы, барлық кемшіліктер мен оларды жоюға қабылданған шаралар туралы баяндауға;
      қарауыл бастығының рұқсатымен оған бағынысты сақшылардың қызмет өткеруін тексеруге міндетті.
      Гауптвахта жанындағы қарауыл таратушысы, одан басқа, оған бағынысты сақшылар күзететін тұтқындалғандардың санын білуі тиіс.

      312. Сақшыларды постыларға қойған немесе оларды ауыстырған кезде таратушы:
      постылардың орналасу схемасында көрсетілген ауысымның қозғалыс бағдарын қатаң сақтауға;
      постыны қабылдау және тапсыру тәртібін бақылауға, сақшымен және постыға түсетін қарауылмен бірге сақтау орындары (қоймалары) жарық түсіруінің, қоршауының, есіктерінің (қақпаларының) ақаусыздығын, терезелерінің, торлары мен қабырғаларының жай-күйін, құлыптардың, мөрлердің (пломбалардың) бар болуы мен жай-күйін және олардың таңбаларға (бедерлемелерге) сәйкес келуін немесе күзетуде болатын жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) санын, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының және постылық киімнің бар болуын және жай-күйін өзі тексеруге;
      постыға түсетін сақшыға неге назар аударытынын, көрші постылар қайда орналасқанын, күзетілетін объектіге анағұрлым қауіпті кіреберістерді көрсетуге; сақшы бөгде адамдарды постыға жақын жіберуге тыйым салынатын постылар табелінде белгіленген арақашықтыққа сәйкес жергілікті жерлерде белгіленген посты шекарасының жергілікті жерін және тыйым салынатын аймақты; атыстың қауіпті бағыттарын көрсетуге; сақшының, оған, күзетілетін объектіге немесе көрші постыға шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ өрт және басқа да төтенше жағдай кезінде ол не істеу керектігін білуін тексеруге;
      сақшының баяндау және қарауылдық үй-жаймен байланыс тәртібін білуін тексеруге міндетті.

      313. Жауынгерлік Ту жанындағы постыдағы сақшыны ауыстыра отырып, таратушы тысының (шкафтың) және ондағы мөрдің дұрыстығын және мөрді ондағы бедерлемемен салыстырып тексеруге міндетті.
      Тыстың (шкафтың) немесе мөрдің дұрыс еместігі анықталған жағдайда таратушы қарауыл бастығын шақыртады.

      314. Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан кезде таратушы постыға мөрлер таңбаларымен (пломбалардың бедерлемелерімен) келеді және ашу үшін келген адаммен бірге сақтау орнын (қойманы, паркті) қарап шығады. Егер постылар табеліне сәйкес сақшы постыда қалу керек болса, таратушы осы уақытқа постылар табелімен көзделген ерекше міндеттерді оның есіне салады. Сақтау орнына (қоймаға) кіруге таратушыға постылар табелінде көрсетілген талаптардың нақты орындалуымен рұқсат етеді.

      315. Ашылған сақтау орны (қойма, парк) жанындағы сақшыны ауыстыру уақытында таратушы постыға түскен сақшыға оны кім ашқанын немесе жауынгерлік машиналар (қару-жарақ, әскери және басқа техника) тұрағына кім жіберілгенін көрсетеді.
      Сақтау орнын (қойманы, паркті) жапқан кезде таратушы постыға мөрлер таңбаларымен (пломбалар бедерлемелерімен) келеді және сақшының және сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге тапсыратын адамның қатысуымен мөрлерді (пломбаларды) және терезелердің, торлардың, есіктердің, қабырғалардың жай-күйін тексеруге;
      жауынгерлік машиналарды (қару-жарақты, әскери және басқа техниканы) күзетуге қабылдаған кезде тұрақтардағы олардың санын, ал оларда мөрлер (пломбалар) бар болған кезде оларды қолда бар таңбалармен (бедерлермен) салыстырып тексеруге міндетті.

      316. Қарауыл бастығы және оның көмекшісі ауыр сырқаттанған (ауыр жараланған) немесе қаза тапқан жағдайда қарауыл бастығының міндеттерін уақытша орындауға бірінші таратушы кіріседі. Болған оқиға туралы әскери бөлім (әскери полиция органы) бойынша кезекшіге баяндайды.

Сақшы

      317. Сақшы - қолсұғылмайтын адам. Сақшының қолсұғылмаушылығы:
      оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеті заңмен ерекше қорғалатынын;
      оның қатаң белгіленген адамдарға: қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің таратушысына бағынатынын;
      оның қызметімен айқындалатын сақшының талаптарын мүлтіксіз орындау барлық адамдардың міндеттері екенін;
      оған осы Жарғыда көрсетілген жағдайларда қару қолдану құқығы берілгенін білдіреді.

      318. Сақшыны ауыстыру немесе постыдан алу құқығына тек қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және сақшы бағынатын таратушы ие.
      Қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және таратушы қаза тапқан немесе олар үшін міндеттерін іс жүзінде орындау мүмкін болмаған жағдайда сақшыны алу немесе ауыстыруды өз рота (батальон) немесе батальон (дивизион) командирінің қатысуымен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші жүргізеді.

      319. Постыға түсе отырып, қарауыл таратушының (қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің) және сақшыны таратушының қатысуымен өзі постылар табеліне сәйкес күзетуге қабылдауға барлық жататынның түгелдігін және ақаусыздығын қарап шығуы және тексеруі тиіс; тұтқындалғандарды күзету үшін постыға түскен кезде ол бекітпелердің, торлардың ақаусыздығын және камерада болатын ұсталғандардың санын тексеруі тиіс.

      320. Сақшы:
      өз постысын қырағылықпен күзетуге және табандылықпен қорғауға;
      қызметті сергек өткеруге, басқа ештеңеге алаңдамауға, қолынан қаруын тастамауға және ол бағынатын адамдарды қоса алғанда, оны ешкімге бермеуге;
      көрсетілген бағдар бойынша жүруге немесе қадағалау мұнарасында бола тұрып, постыларға кіреберістерді, қоршауларды, бақылау-іздік жолақтарды, техникалық күзет құралдарын мұқият қарауға және байланыс құралдары арқылы постылар табелінде белгіленген мерзімдерде қызмет өткеру барысы туралы баяндауға;
      ол ауыстырылғанға немесе алынғанға дейін, тіпті егер оның өміріне қатер төнсе де постыны қалдырып кетпеуге; постыны өз бетімен тастап кету әскери қылмыс болып табылады;
      постыда осы Жарғының 117-тармағында көрсетілген ережелер бойынша оқталған қаруды ұстауға және әрекет етуге әзір болуға;
      постылар табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын постыға және жергілікті жерлерде көрсеткіштермен белгіленген тыйым салынған шекараға қарауыл бастығынан, қарауыл бастығының көмекшісінен, өз таратушысынан және олар ілесіп жүретін адамдардан басқа, ешкімді жақын жібермеуге;
      қарауыл көлік құралдарының (жауынгерлік машиналардың) бағдарлары мен графигін, сондай-ақ олардың тану белгілері мен белгілерін білуге;
      постыда болатын өрт сөндіру құралдарын пайдалана алуға;
      объекті қоршауларында (постыда) ақау және өз постысы немесе көрші посты маңында тәртіп бұзуды анықтаған кезде қарауыл бастығын шақыртуға;
      қарауылдық иттер дауысын естігенде немесе техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған кезде өзі бағынысты адамдарға ол туралы шұғыл баяндауға міндетті.

      321. Постыдағы сақшыда жиналған сүңгісі бар қару (жиналмалы дүмі бар автомат - сүңгі-пышақсыз; сүңгі-пышақ қынаптағы белдік белбеуде) болуға тиіс, ол: түнгі уақытта - тұрып ату үшін дайын күйде; күндізгі уақытта - "қарубауға" күйінде немесе тұрып ату үшін дайын күйде (21-қосымша); ішкі постыларда және Жауынгерлік Ту жанындағы постыда ағаш дүмі бар автомат - "қарубауға" күйінде, жиналмалы дүмі бар - "кеудеге", карабин - "аяқ жанында"; жарақтандырылған оқжатары (оқтізері) бар сөмке жабылған болуы тиіс.
      Пистолет белдік белбеуде жабылған кобураларда болады. Өрт сөндірген немесе зілзала салдарларын жойған жағдайда сақшыға қаруды "арқаға" күйінде ұстауға рұқсат етіледі.

      322. Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір затқа сүйенуге, жазуға, оқуға, сөйлесуге, өлең айтуға, тамақ жеуге, шылым шегуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, біреулерден қандай да бір заттар алуға және біреулерге беруге, қажетінсіз патронды патронникке жіберуге тыйым салынады.
      Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өз таратушысының және тексеру үшін келген адамдардың сұрақтарына жауап беруі тиіс.

      323. Сақшы, өзіне немесе өзі күзететін объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда ескертусіз қару қолдануға міндетті.

      324. Постыға немесе тыйым салынған шекараға жақын келген барлық адамдарды, қарауыл бастығынан, оның көмекшісінен, өз таратушысынан және олар ілесіп жүретін адамдардан басқа, сақшы "ТОҚТА", "АРТҚА ЖҮР" немесе "ТОҚТА", "ОҢҒА (СОЛҒА) ҚАРАЙ ЖҮР" деп дауыстап тоқтатады.
      Постыға немесе тыйым салынған шекараға жақын келгендер осы талаптарды орындамаған кезде бұзушыны "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертеді және қарауыл бастығын немесе таратушыны шұғыл шақыртады. Егер бұзушы осы талаптарды орындамаса, сақшы патронды патронникке салады және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атады. Бұзушы осы талаптарды орындамаған кезде сақшы оған қаруды қолданады.

      325. Нашар көрінетін жағдайларда, постылар табелінде көрсетілген арақашықтықтан постыға немесе тыйым салынатын шекараға жақын келгендерді қарау мүмкін болмағанда сақшы оларды "ТОҚТА", "КЕЛЕ ЖАТҚАН КІМ?" деп дауыстап тоқтатады. Егер жауап берілмесе, онда сақшы: "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп ескертеді және бұзушыны ұстайды. Ұсталған бұзушы туралы сақшы белгіленген белгімен қарауылдық үй-жайға хабарлайды және назарын әлсіретпей, оған тапсырылған объектіні күзетуді жалғастырады және бұзушының әрекетін қадағалайды.
      Егер бұзушы тоқтамаса және күзетілетін объектіге (постыға) өтуге әрекет жасаса немесе қашуға әрекеттенсе, онда сақшы ескерту ретінде жоғарыға қарай оқ атады. Бұзушы осы талапты да орындамаған кезде сақшы оған қару қолданады.
      Сақшының дауысына "Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) келе жатыр" деген жауап алынса, сақшы "Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) "МАҒАН КЕЛ", "Қалғандарың - ОРЫНДАРЫҢДА" деп бұйырады; егер қажет болса, сақшы оған жақын келген адамнан бетіне жарық түсіруін талап етеді. Өзін атаған нақты қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) екеніне көзі жеткеннен кейін сақшы келген барлық адамдарды өзіне жақындатады.
      Егер қарауыл бастығымын (қарауыл бастығының көмекшісімін, таратушымын) деп атаған белгісіз біреу немесе онымен бірге болатын адамдар сақшының "орныңда қал" деген талабын орындамаса, онда сақшы оларды: "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертеді. Бұзушылар осы талапты орындамаған кезде сақшы оларға қару қолданады.

      326. Өзін немесе күзетілетін объектіні қорғау үшін жекпе-жек айқасқа түсу қажет болған кезде сақшы сүңгімен және дүммен батыл әрекет жасауы тиіс.

      327. Постыда өрт шыққан жағдайда сақшы ол туралы қарауылдық үй-жайға хабарлайды және күзетілетін объектіні қадағалауды тоқтатпай, өртті сөндіруге шаралар қабылдайды. Ішкі және сыртқы қоршаулары бар күзетілетін объектінің техникалық аумағында, сондай-ақ посты маңында өрт болған кезде ол туралы қарауылдық үй-жайға хабарлайды және қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.
      Сақшы кенеттен сырқаттанған (жараланған) жағдайда қызметін өткеруді жалғастыра отырып, таратушыны немесе қарауыл бастығын шақыртады.

      328. Кейінге қалдыруды күттірмейтін ең соңғы жағдайларда немесе байланыс құралдары бұзылған кезде сақшы қарауыл бастығын немесе таратушыны жоғары қарай оқ атумен (оқ атулармен) шақыруы мүмкін.

      329. Сақшы, өзі бағынатын бастықтарға және олардың ілесіп жүруімен постыға келген басқа да бастықтарға Саптық жарғыда мазмұндалған ережелер бойынша сәлемдеседі. Бұл ретте автомат тұрып ату үшін күйінен алдын ала "қарубауға", ал карабин - "аяққа" алынады.

      330. Жауынгерлік Ту жанындағы постыдағы сақшы "еркін тұр" күйінде бола тұрып, өз міндеттерін орындайды. Жауынгерлік Тудың әскери қызметшілеріне сәлемдескен кезде сақшы саптық қалыпты қабылдайды.
      Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдаған уақытта қарауыл тысының (шкафтың) және ондағы мөрдің дұрыстығын тексеруге міндетті. Жауынгерлік Туды беруді сақшы тек қарауыл бастығының жеке бұйрығы және оның қатысуымен жүргізеді.
      Егер Жауынгерлік Ту жанындағы постыға қатер (өрт немесе зілзала) төнсе, сақшы Жауынгерлік Туды қауіпсіз орынға шығарады қарауыл бастығын шақыртады және Жауынгерлік Туды күзетуді жалғастырады.

      331. Бақылау-өткізу пунктінің сақшысы осы Жарғының 317-323-тармақтарында мазмұндалғаннан басқа:
      рұқсатнамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипатын және қолданылу уақытын, сондай-ақ постылар табелінде мазмұндалған міндеттерді білуге;
      пост арқылы өтетін барлық адамдарды тек постыда бар үлгілерге сәйкес келетін жеке рұқсаттамалары бойынша жіберуге, бұл ретте рұқсаттамаларды міндетті түрде қолына алуға;
      материалдық рұқсаттама (жол жүру парағы) бойынша қандай да бір зат шығарған (кіргізген) немесе әкеткен (әкелген) кезде нені және қанша санында (орын санында) өткізуге немесе әкетуге рұқсат етілетінін тексеруге; тек жол жүру парақтары бар машиналарды өткізуге;
      өткізу режимін бұзумен, сондай-ак қолданылмайтын рұқсаттамалармен (құжаттармен) объектіге кіруге (объектіден кетуге) әрекеттенетін адамдарды ұстауға және қарауыл бастығын шақыртуға міндетті.
      Бақылау-өткізу постысының сақшысына: рұқсаттамаларды және оларға шифрларды қолдану туралы анықтамалар беруге, рұқсаттамаларды тексерумен байланыссыз сөйлесуге, постыда бөгде адамдардың және қандай да бір заттардың болуына жол беруге тыйым салынады.

      332. Ашылған сақтау орны (қойма, парк) жанындағы немесе жауынгерлік машиналар (қару-жарақ, әскери және басқа техника) тұрағы жерінде жұмыс жүргізген уақытта сақшы постылар табелінде көрсетілген міндеттерді орындайды.
      Өрт қаупі бар сақтау орындары (қойма) жанындағы сақшы, одан басқа:
      постылар табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын күзетілетін объекті маңында біреулердің шылым шегуіне, от жағуына, оқ атуына, сондай-ақ өрт қаупі бар жарық түсіру аспаптарын пайдалануға жол бермеуге;
      сақтау орнына (қоймаға) постылар табелінде көзделмеген аяқ киіммен және шаммен, сондай-ақ суық қарумен және атыс қаруымен жібермеуге міндетті.

      333. Гауптвахтада тұтқындалғандарды күзететін сақшы:
      оның күзетінде болатын тұтқындалғандардың санын білуге;
      камералар есіктерінің сыртында болуға және тұтқындалғандар, олар үшін белгіленген ережелерді бұзбауы үшін қарау терезесі арқылы қадағалауға, олардың іс-қимылы мен өзін-өзі ұстауын бақылауға, тұтқындалғандардың терезе рамаларын, торларды, едендер мен қабырғаларды және камералардың басқа да жабдықтарын бүлдіруіне жол бермеуге;
      тәуліктің қараңғы уақытында тұтқындалғандар бар камераларда жарықты қосуға;
      тұтқындалғандарды камералардан шығармауға және оларға қарауыл бастығының немесе қарауыл бастығы көмекшісінің жеке бұйрығынсыз ешкімді кіргізбеуге;
      тұтқындалғандармен сөйлеспеуге, оларға ештеңе бермеуге және олардан ештеңе алмауға;
      тұтқындалғандардың сырттан қандай да бір заттарды алуға, олардың терезе арқылы заттарды және хаттарды камера сыртына лақтырмауына және бөгделермен сөйлесуіне жол бермеуге;
      тұтқындалғандардың өтініштерін қарауыл бастығына немесе оның көмекшісіне баяндауға;
      тұтқындалғандар оның талаптарын орындамаған кезде қарауыл бастығын немесе оның көмекшісін шақыртуға;
      тұтқындалғандарды камералардан шығарған уақытта шабуыл жасауды және қаруды тартып алуды болдырмау мақсатында қадағалау жүргізуді жалғастыра отырып, постылар табелімен айқындалған қауіпсіз орынға көшуге;
      қашып бара жатқан тұтқындалғандарды: "ТОҚТА", ал осы талапты орындамаған кезде "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертуге және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атуға, осы талап орындалмаған жағдайда оған қару қолдануға міндетті.

      334. Қарауылдық үй-жайға кіреберіс жанындағы сақшы қарауылдық үй-жайды күзетуге және қорғауға, оған, егер ол олардың және олар ілесіп жүретін адамдардың түрін таныса, қарауыл бағынатын адамдардан басқа, ешкімді кіргізбеуге міндетті. Осы адамдардың жақындағаны туралы сақшы белгіленген белгімен қарауыл бастығына, оның көмекшісіне (таратушыға) хабарлайды.
      Ал, қарауылдық үй-жайға жақын келген барлық басқа адамдарды сақшы постылар табелінде көрсетілген қашықтықта тоқтатады да, қарауыл бастығын немесе оның көмекшісін шақырады.
      Қарауылдық үй-жайға жақындаған басқа адамдарды сақшы постылар табелінде көрсетілген қашықтықта дұрыс көре алмаған жағдайда, сақшы оларды: "ТОҚТА" деп дауыстап тоқтатады және қарауыл бастығын немесе оның көмекшісін шақырады.
      Қарауылдық үй-жай маңындағы барлық оқиғалар туралы және қарауылдың өз міндетін атқаруына кедергі келтірген барлық байқалғандар туралы, сондай-ақ постылардан естілген белгілер туралы сақшы дереу қарауыл бастығына және оның көмекшісіне хабарлайды.

      335. Әрбір объектіні күзетуге және қорғауға қатысты сақшылардың ерекше міндеттері постылар табелінде көрсетіледі.

Көлік құралының жүргізушісі (жауынгерлік машинаның механик-жүргізушісі)

      336. Көлік құралының жүргізушісі (жауынгерлік машинаның механик-жүргізуші) қарауылдың жеке құрамын тасымалдайтын көлік құралдарының ұдайы әзірлігіне жауап береді. Ол қарауыл бастығына және оның көмекшісіне бағынады.
      Көлік құралының жүргізушісі (жауынгерлік машинаның механик-жүргізушісі):
      көлік құралдарын іс-қимылға ұдайы әзірлікте ұстауға;
      қарауыл бастығының және оның көмекшісінің бұйрығы бойынша постылардың орналасу схемасында көрсетілген бағыт бойынша қарауыл ауысымын, қарауыл резерв тобын және сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарды жеткізуге;
      постыларға шыққан және постылардан қайтқан кезде таратушының командаларын орындауға міндетті.
      Жүргізушіге (механик-жүргізушіге), ол бағынатын адамдарды қоса алғанда, көлік құралдарын жүргізуді басқа адамға беруге тыйым салынады.

Шығарушы

      337. Шығарушы тұтқындалғандарды күзетуге және олардың гаупвахта шегінде ілесіп жүру кезінде ұстау тәртібін сақтауына жауап береді. Ол қарауыл бастығына және оның көмекшісіне бағынады.
      Шығарушы:
      қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің бұйрығы бойынша арнайы құралдарды қолдануға ұдайы әзірлікте ұстай отырып, тұтқындалғандарды таңертеңгі және кешкі жуыну, табиғи қажеттілігін өткеру және серуендеу кезінде, сондай-ақ гауптвахта камералары мен үй-жайларын тазалау кезінде күзетуге;
      егер тұтқындалғандарды күзету мен қадағалау соның салдарынан қиындаса, бір уақытта бірнеше орындарда жұмыс істеуге, сондай-ақ басқа адамдармен сөйлесуге жол бермеуге міндетті.

      338. Шығарушыға тұтқындалғандарды күзету кезінде олармен әңгімелесуге, олардан бірдеңе алуға немесе беруге, сондай-ақ өзге де тәсілдермен өзінің қызмет міндеттерін орындау кезінде алаңдауға тыйым салынады.
      Шығарушы тұтқындалғандарға ілесіп жүру үшін оларды бір лекке сапқа тұрғызады және тұтқындалғандардан екі-үш адым артта және сол (оң) жаққа қарай жүре отырып, оларға команда береді.

Айдауыл

      339. Заңнамамен көзделген жағдайларда гауптвахтадан тыс тұтқындалғандарға ілесіп жүру үшін әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен айдауыл тағайындалады. V032498
      Айдауыл - ұсталғандарды, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды (бұдан әрі - айдауылда болатындар) күзету және оларға ілесіп жүру жөніндегі міндетті орындайтын әскери қызметшілер (команда).
      Айдауылдау кезіндегі күзету тәртібін, әрбір жеке жағдайда айдауыл санын қызмет өткерудің нақты жағдайларын ескере отырып, әскери полиция органының бастығы (әскери бөлімнің бастығы) айқындайды. Айдауыл құрамына айдауыл бастығы мен айдауылдар кіреді.

      340. Айдауыл бастығы айдауылда болатындарды күзету мен оларға ілесіп жүру жөніндегі міндеттердің нақты және уақтылы орындалуына, әрбір айдауылдың өз міндеттерін орындауына, қару мен оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың сақталуына жауап береді. Ол айдауылды тағайындаған бастыққа бағынады.
      Айдауыл бастығы:
      айдауылдың міндетін және оны орындау тәртібін білуге;
      айдауыл жеке құрамынан жоғары қырағылық пен тәртіпті, өз міндеттерін нақты білуге және нақты орындауын талап етуге;
      айдауылда болатындар қашқан, шабуыл жасаған, өрт шыққан жағдайға және басқа жағдайларға айдауыл жеке құрамының жауынгерлік есебін жасауға;
      белгіленген тәртіппен айдауылда болатындарды қабылдауға;
      айдауылдау тәртібін қамтамасыз етуге, жүру бағдарын сақтауға, белгіленген пунктке уақтылы келуге;
      қауіпсіздік шараларының, қаруды және арнайы құралдарды қолдану ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
      айдауылдардың қызметті өткеруін бақылауға;
      белгіленген пунктке айдауылда болатындарды тапсыруды өзі ресімдеуге;
      жол жүруде айдауылда болатындардың бөгде адамдармен сөйлесуіне жол бермеуге;
      айдауылда болатындардың қашуы кезінде олардың ізіне түсуді және ұстауды ұйымдастыруға міндетті.
      Айдауыл бастығы айдауыл жеке құрамына немесе айдауылда болатындарға шабуыл жасалған жағдайларда, сондай-ақ қашып бара жатқан айдауылда болатынға және дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін өзі немесе айдауыл жеке құрамымен қару қолдануға құқылы.
      Қаруды қолдану алдында дауыстап ескертілуге және оны қолдану ниеті туралы жоғары қарай оқ атылуға тиіс.

      341. Айдауылдар тұтқындалғандарға, бұл ретте қаруды "қарубауға" күйіне ала отырып, кенеттен шабуыл жасауды және қашуды болдырмайтын арақашықтықта ілесіп жүреді. Қару тек айдауыл бастығының нұсқауы бойынша оқталады.
      Тұтқындалғандарды қалада және елді мекендерде айдауылдау үшін көлік бөлінеді.
      Көлікте айдауылдау кезінде айдауылдар, олар айдауылда болатындарды мұқият қадағалауды жүргізетіндей орналастырылады.

      342. Айдауыл айдауыл бастығына бағынады.
      Ол:
      оған көрсетілген орында болуға;
      қаруды қолдануға үнемі әзірлікте ұстауға;
      айдауылда болатындардың өзін-өзі ұстауын мүқият қадағалауға;
      айдауылда болатындардан кенеттен шабуыл жасауды болдырмайтын арақашықтықта болуға;
      айдауылда болатындармен қызметтік міндеттерге қатысы жоқ сөйлесулерді жүргізуге, олармен талап қоя отырып, бірақ сыпайы сөйлесуге;
      айдауыл бастығына қызметті өткеру нәтижелері туралы кезең-кезеңімен баяндауға;
      қашып шыққан айдауылда болатындарды: "ТОҚТА", ал ол талап орындалмаған кезде - "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертуге және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атуға, осы талап орындалмаған жағдайда - оған қару қолдануға міндетті.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        1-ҚОСЫМША

Гарнизон әкімшілігінің үлгілік міндеттері Гарнизонның штаб бастығы

      1. Гарнизонның штаб бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметтерін ұйымдастыруға және атқаруға, атқарып отырған лауазымы бойынша ол штаб бастығы болып табылатын сол әскери бөлім штабының күшімен, гарнизонның басқа да әскери бөлімдерінің штабтарын тарта отырып, оның өкілеттілігі шеңберінде гарнизон бастығы айқындаған құжаттарды әзірлеуге жауап береді.
      Гарнизонның штаб бастығы:
      гарнизонды күзету мен қорғау жоспарын, сондай-ақ гарнизондық қызметті ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтар, нұсқаулықтар мен басқа да құжаттар жобаларын әзірлеуге;
      жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысуға;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      әскери тәртіптің, гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жай-күйін талдауға;
      гарнизондық қарауылдықтың кестесін жасауға;
      нарядқа түсер алдында қарауылдық бойынша кезекшілерге, олардың көмекшілері мен гарнизондық қарауылдық бастықтарына нұсқау беруге, қарауылдар бойынша кезекшілерге парольдары бар жазбаларды беруге;
      гарнизондық қарауылдарда қызметті ұйымдастыру мен атқаруды тексеру үшін лауазымды адамдарды тағайындауға;
      күн сайын бақылауды ұйымдастыруға және гарнизондық нарядты таратуды өткізу кезінде кемінде аптасына бір рет жеке өзі қатысуға;
      күн сайын гарнизондық қарауылдардың постылық ведомостарын тексеруге және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
      гарнизондық қарауылдардағы қызметті бұзушылықтардың есебін жүргізуге;
      кемінде айына бір рет қарауылдардағы оқ-дәрілер қорының бар болуын және жай-күйін тексеруге және оларды уақтылы жаңартуды ұйымдастыруға, ол туралы жауынгерлік патрондар қорларын есепке алу кітабында жазба жасауға;
      гарнизон бастығына оқу материалдық-техникалық базаның объектілерін пайдалану кестесін және жалпы гарнизондық іс-шараларды өткізу жоспарларын бекітуге ұсынуға;
      әскери тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған әскери қызметшілердің есебін жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
      гарнизонның әскери бөлімдерін, жекелеген бөлімшелерді (командаларды), іссапарға келгендерді есепке алуды ұйымдастыруға, олардың қызмет орындарына уақтылы кетуіне бақылауды жүзеге асыруға;
      азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға міндетті.

Гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

      2. Гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары әлеуметтік-құқықтық және бос уақытты мәдени өткізу жұмысын, әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жалпыгарнизондық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді.
      Ол:
      гарнизон әскери бөлімдеріндегі әскери тәртіптің жай-күйін білуге;
      құқық қорғау органдарымен бірлесіп, әскери тәртіпті, гарнизондағы ұйымшылдық пен тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға;
      гарнизон жеке құрамының сұраныстары мен көңіл-күйін ұдайы зерделеуге, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, азаматтық персонал арасында әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;
      әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мұқтаждарын шешу үшін мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға және ұстауға, сондай-ақ жастарды патриоттық және рухани тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысуға;
      бекітілген жоспар бойынша жалпы гарнизондық бос уақытты мәдени өткізу іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
      мәдениет пен бос уақытты өткізудің гарнизондық ұйымдарының жұмысына басшылық жасауға;
      әскери қызметшілердің денсаулығын қорғау, гарнизон әскерлерін жайғастыру, оларды казармалық және тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету туралы ұдайы қамқорлық жасауға;
      қарауылдардың жеке құрамымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді тексеруге және аптасына бір реттен сирек емес гарнизондық нарядтың таратылымын өткізуге жеке қатысуға.     

Гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары

      3. Гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары гарнизонның әскери бөлімдерін тылдық қамтамасыз ету жөніндегі гарнизондық іс-шараларды уақтылы өткізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жауап береді.
      Ол:
      гарнизонның жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайға арналған іс-шаралар жоспарын, өртке қарсы қорғаныс және шаруашылық іс-шараларын өткізу жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      гарнизон бастығына қоршаған ортаны қорғау және гарнизон әскери бөлімдерінің табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге ұсынуға, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      гарнизонның әскери бөлімдері үшін материалдық құралдарды орталықтандырып жеткізуді және олардың жағар май мен басқа да материалдық құралдарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастыруға;
      гарнизонның әскери бөлімдері атына келген әскери жүктерді темір жол вагондарынан және кемелерден (баржалардан) уақтылы түсіруді, темір жол станциясының аумағынан (порттан) белгіленген мерзімде алып кетуді ұйымдастыруға, ал қажет болған кезде жұмыстардың орындалуын жеделдету жөнінде шаралар қабылдауға;
      гарнизон әскери бөлімдері тыл қызметтерінің офицерлерімен тыл жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу және әскери шаруашылықты жүргізу сабақтарын өткізуге;
      олардың жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануы мақсатында гарнизонның әскери бөлімдері орналасқан ауданның экономикалық жағдайын зерделеуге;
      азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға міндетті.

Гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі

      4. Гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі гарнизон бастығының және басқа да лауазымды адамдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге жауап береді.
      Ол:
      барлық өткізілетін жалпы гарнизондық іс-шаралардың заңдылығын қамтамасыз етуге;
      белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелер қаралған кезде басқа ұйымдарда гарнизон лауазымды адамдарының мүдделерін білдіруге;
      гарнизон бастығы бұйрықтарының жобаларын және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға;
      гарнизон бастығының құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер мен қорытындылар әзірлеуге, анықтамалар мен кеңестер беруге;
      нормативтік құқықтық актілердің жаңарып отыратын электрондық базасын кезең-кезеңімен пайдалана отырып, мемлекеттік органға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жүйелі түрде есебін жүргізуді және сақтауды ұйымдастыруға;
      гарнизон әкімшілігінің қызметін талдауға және талдау қорытындылары бойынша гарнизон бастығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстарды ұсынуға;
      гарнизонның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ азаматтық персоналына құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге міндетті.
      Көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі лауазымды адамдардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратып алады.

Гарнизонның байланыс бастығы

      5. Гарнизонның байланыс бастығы гарнизонның байланысын ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді.
      Ол:
      гарнизон ішінде байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жоспарын бекітуге гарнизон бастығына ұсынуға және оның жай-күйін бақылауға;
      жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда байланысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
      азаматтық және аумақтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен олардың байланыс құралдарын гарнизон әскери бөлімдерінің мүдделерінде пайдалану мәселелерін шешуге;
      гарнизонішілік және гарнизон арасында тұрақты байланысты ұйымдастыру үшін гарнизонды байланыстың қажетті құралдарымен, арналарымен және желілерімен қамтамасыз етуге;
      байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Гарнизон инженерлік қызметінің бастығы

      6. Гарнизон инженерлік қызметінің бастығы инженерлік қамтамасыз етудің гарнизондық іс-шараларын ұйымдастыруға және оны өткізуге жауап береді.
      Ол:
      гарнизон қорғанысы мен күзетінің, жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан гарнизонды қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысуға;
      гарнизон аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      жеке құрамның электр техникалық құралдарды пайдалануға даярлауға және оларға рұқсат етуге емтихандарды қабылдауға қатысуға;
      жарты жылда бір реттен сирек емес гарнизон бөлімдерінде әскери электр техникалық құралдарының дұрыс пайдаланылуын тексеруге, оларды одан әрі пайдалануға рұқсат етуге;
      гарнизон аумағында жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.

Гарнизонның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы

      7. Гарнизонның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы жаппай қырып-жою қаруынан қорғау жөніндегі гарнизондық іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға жауап береді.
      Ол:
      жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда гарнизонды радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын қолданудың және гарнизонның радиациялық және химиялық қауіпті объектілері апатының (қирауының) салдарларын жою жөніндегі қызметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      атмосфераның жер беті қабатындағы метеорологиялық жағдайды білуге;
      гарнизонда әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың өткізілуін бақылауға.

Гарнизон медицина қызметінің бастығы

      8. Гарнизон медицина қызметінің бастығы гарнизонда емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға жауап береді.
      Ол:
      жалпыгарнизондық емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге және оның орындалуын бақылауға;
      жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда гарнизонды медициналық қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуге;
      гарнизонды жаппай қырып-жою қаруының жою факторларынан қорғау және оны қолдану салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ гарнизон әскери бөлімдері орналасқан аудандардағы әлеуетті қауіпті объектілерде төтенше жағдайлар болғанда іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
      гарнизонның санитарлық-эпидемиялық жай-күйін, әскери бөлімдердің аумақтарды ұстауын, судың ішуге және шаруашылық мақсаттар үшін жарамдылығын, асханалардың, наубайхана кәсіпорындарының, тоңазытқыштардың, тұрмыстық қызмет көрсету және сауда кәсіпорындарының, гарнизон әскери бөлімдері жеке құрамының суға шомылу орындарының санитарлық жай-күйін тексеруге және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдауға;
      жеке құрамның науқастануын талдауға және қажетті емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізу туралы ұсыныстарды гарнизон бастығына уақтылы ұсынуға;
      әскери-емдеу мекемесінің бастығымен бірлесіп, гарнизон әскери бөлімдерінің жеке құрамын тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу жоспарын әзірлеуге;
      медициналық қызмет мамандары жоқ гарнизонның әскери бөлімдерін, гарнизонда уақытша болатын бөлімшелер (командалар) мен жекелеген әскери қызметшілерді, гарнизон әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде тегін медициналық көмек алуға құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарды және олардың отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;
      гарнизондағы әскери бөлімдер дәрігерлерінің кезекшілігін, дәрігерлік конференциялар өткізуді жоспарлауға және бақылауға;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      гарнизон бастығының рұқсат етуімен гарнизон әскери бөлімдері медицина қызметінің мамандарын гарнизондағы емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге тартуға;
      әскери-емдеу және басқа да емдеу мекемелерінде стационарлық емдеуде болатын науқастарды кезең-кезеңімен тексеріп тұруға және бақылауға;
      әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін тартылатын әскери бөлімдердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға;
      айына бір реттен сирек емес қарауылдар мен гауптвахта үй-жайларының санитарлық жай-күйін тексеруге, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің медициналық тексерілуін ұйымдастыруға, оларға медициналық көмек көрсетілуін бақылауға;
      стационарлық емдеуді қажет ететін сотталған әскери қызметшілердің емдеу мекемелерінің арнайы жабдықталған палаталарында ұсталуын бақылауға;
      гарнизон бастығының нұсқауы бойынша өтіп бара жатқан әскери эшелондардың санитарлық жағдайын тексеруді ұйымдастыруға;
      әскери қызметшілердің жаралануына немесе қайтыс болуына әкеп соқтырған оқиғалар туралы, гарнизонның әскери бөлімдеріндегі және жергілікті халық арасындағы жұқпалы аурулар жағдайлары туралы, осы ауруларды тоқтату үшін қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына дереу баяндауға міндетті.

Гарнизон ветеринарлық қызметінің бастығы

      9. Гарнизон ветеринарлық қызметінің бастығы (ветеринарлық инспектор) адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан жеке құрамды қорғау жөніндегі іс-шараларды, әскерлерді жануарлар мен өсімдік текті өнімдермен қамтамасыз ету сапасына ветеринарлық бақылау, гарнизонның әскери бөлімдерінде ветеринарлық-алдын алу, эпизотияға қарсы және емдеу іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді.
      Ол гарнизон бастығына бағынады, ал арнайы мәселелер бойынша жоғары тұрған ветеринарлық қызмет бастығының нұсқауларын орындайды.
      Ол:
      гарнизон жеке құрамын адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан қорғау жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
      гарнизон әскери бөлімдері орналасқан аудандардағы аумақтың ветеринарлық-санитарлық және эпизоотикалық жай-күйін зерделеуге және білуге, оны сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауға, ол туралы гарнизон бастығына, жоғары тұрған ветеринарлық қызмет бастығына уақтылы баяндауға;
      гарнизонның әскери бөлімдерінде ветеринарлық-алдын алу, эпизоотияға қарсы және емдеу іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
      гарнизон әскери бөлімдерін азық-түлікпен, жем-шөппен қамтамасыз етуге ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оларды дайындаған, сақтаған және қайта өңдеген және тасымалдаған (тасыған) кезде азық-түлікке, жем-шөпке және шикізатқа ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізуге;
      медицина қызметімен бірлесе отырып, гарнизон жеке құрамын жаппай қырып-жою қаруының әсеріне ұшыраған азық-түлікті қолдану кезінде туындауы мүмкін аурулардан және зақымдардан қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға;
      штаттық әскери жануарларды ұстауды, сондай-ақ әскери бөлімге келіп түсетін жануарлар мен өсімдік текті азық-түліктің сапасын бақылауды, оларды қоймаларда (базаларда) сақтаған кезде және тасымалдаған (тасыған) кезде азық-түлікке сараптама жүргізуді жүзеге асыруға;
      қажет болған жағдайда қызмет көрсетілетін әскери бөлімдерде ветеринарлық-сауықтыру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыруға;
      жұмылдыру жарияланған және гарнизонның әскери бөлімдерін жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірген жағдайда гарнизонға ветеринарлық қызмет көрсету, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын қолданудың салдарларын жою жөнінде ветеринарлық қызметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      жергілікті азаматтық ветеринарлық органдарының әскери бөлімдер орналасқан ауданның ветеринарлық-санитарлық және эпизоотикалық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
      әскери бөлім лауазымды адамдарының ветеринарлық қызмет жөніндегі заңнама талаптарын орындауын бақылауға;
      гарнизон әскери бөлімдерінің мұқтажы үшін қолайсыз немесе карантинделген пункттерден азық-түлік, жем-шөп, мал және жануарлар мен өсімдік текті шикізат дайындауға, тасымалдауға (тасуға), әкелуге (әкетуге) тыйым салуға;
      гарнизон бастығына гарнизонның (қызмет көрсетілетін әскери бөлімдердің) ветеринарлық-санитарлық жай-күйі және оны жақсартуға қажетті шаралар туралы баяндауға;
      гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелеріне қауіпті инфекциялық аурулармен ауырған жануарларды сою немесе жою, жануарлардың ауруына байланысты пайдалануға жарамсыз деп танылған өсімдік және жануар текті азық-түліктер мен шикізаттарды жоюға және қайта өңдеуге немесе өзге пайдалануға нұсқаулар беруге;
      ветеринарлық-санитарлық талаптарға жауап бермейтін көлік құралдарын гарнизон әскерлерінің мұқтажы үшін азық-түлік, жем-шөп, мал, жануарлар мен өсімдік текті шикізат тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салуға;
      гарнизон бастығының нұсқауы бойынша өтіп бара жатқан әскери эшелондардың ветеринарлық-санитарлық жай-күйін тексеруге;
      гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдерінің ветеринарлық қызметі мамандарының жұмыс тәжірибесін алмасу және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды жүргізуге;
      азаматтық ветеринарлық мекемелердің емдеуінде болатын, әскери бөлімдерге тиесілі жануарларға күтім жасауды бақылауға;
      әскери бөлімдер мен гарнизонның жергілікті халқына тиесілі жануарлар арасындағы жұқпалы аурулар және оларды жою туралы қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына дереу баяндауға, бұл туралы қызмет көрсетілетін әскери бөлімдердің командирлеріне хабарлауға міндетті.
      Ветеринарлық қызмет мамандары жоқ гарнизондарда әскери бөлімдерге ветеринарлық қызмет көрсету әскерлерді ветеринарлық қамтамасыз ету жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Гарнизонның өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы

      10. Гарнизонның өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы гарнизондағы өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға жауап береді.
      Ол:
      гарнизон объектілерінің өрт қауіпі ерекшеліктерін білуге;
      гарнизонның өртке қарсы қорғаныс жоспарын әзірлеуге, оны жергілікті өртке қарсы қорғаныс қызметінің органдарымен келісуге;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
      өртке қарсы қорғаныстың жай-күйін және әскери бөлімдер өрт сөндіру командаларының қызмет өткеруін, гарнизондық объектілер мен гарнизонның әскери бөлімдеріндегі өрт сөндіру құралдарының ақаусыз күйде ұсталуын бақылауға;
      әскери бөлім қолбасшылығының гарнизон объектілерінің өртке қарсы жай-күйіндегі кемшіліктерді жедел жоюға шаралар қабылдауын бақылауға;
      жылытудың және жарық берудің ақаулы аспаптарын, өртке қарсы жабдықталған үй-жайларды пайдалануға тыйым салуға;
      полигондарға кеткен немесе гарнизон құрамынан шыққан әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының, сондай-ақ гарнизонның әскери қалашықтарындағы офицерлер құрамы тұрғын үйлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруге;
      гарнизон әскери бөлімдерінің өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастықтарына нұсқау беруге және олармен кезең-кезеңімен арнайы сабақтар жүргізуге;
      гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдері өрт командаларының оқу-жаттығуларын және оқуларын жүргізуге;
      гарнизон әскери бөлімдерінің командирлерімен келісу бойынша әскери бөлімдердің өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің мамандарын гарнизондағы өртке қарсы қорғаныстың жай-күйін тексеруге тартуға;
      гарнизонда өрт шыққан кезде әскери бөлімдердің өрт сөндіру командалары мен жергілікті өрт сөндіру командаларын шақыруға, өрт сөндіру кезінде олардың жұмысына басшылық жасауға;
      гарнизон бастығына гарнизонда өрт туындағаны туралы және оны сөндіру үшін қабылданған шаралар туралы жедел баяндауға, сол жерде өрттің себептеріне қызметтік тергеу жүргізуге;
      гарнизон бастығына гарнизонның өртке қарсы қорғаныстағы кемшіліктері туралы уақтылы баяндауға, оларды жою жөнінде өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

Гарнизонның әскери дирижері

      11. Гарнизонның әскери дирижері әскери бөлімдер оркестрлерінің жалпыгарнизондық іс-шараларға қызмет көрсетуіне және гарнизон құрама оркестрінің дайындығына жауап береді.
      Ол:
      өз оркестрлері жоқ гарнизонның әскери бөлімдеріне басқа әскери бөлімнің оркестрлері қызмет көрсетуін ұйымдастыруға және осы бөлімдердің командирлеріне белгі беруші-барабаншыларды даярлауға көмек көрсетуге;
      гарнизондық қарауылдық таралымына және басқа гарнизондық іс-шаралар үшін әскери бөлімдер оркестрлері нарядының ведомостарын жасауға;
      гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдері оркестрлерінің арнайы даярлығын бақылауға, гарнизон құрама оркестрінің саптық және арнайы даярлығын жүргізуге және оған басшылық жасауға;
      әскери дирижерлермен бірге әдістемелік жиындарға басшылық жасауға, гарнизон әскери бөлімдерінің жеке құрамы үшін құрама оркестрдің концерттерін өткізуге міндетті.

Әскери қалашықтың жетекшісі

      12. Әскери қалашықтың жетекшісі әскери қалашық аумағында әскери тәртіп пен реттіліктің сақталуына жауап береді.
      Ол:
      әскери қалашықта ішкі тәртіпті орнатуға және оны қолдауға, әскери бөлімдерге бекітіліп берілген аумақтардың ұсталуын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар мен санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың орындалуын бақылауға;
      әскери қалашықтың қорғанысы мен күзетін ұйымдастыруға;
      әскери қалашықтың біріктірілген объектілерінде тәуліктік нарядтың қызметті өткеруін жеке өзі және бағынысты штабтың офицерлері арқылы бақылауға міндетті.
      Әскери қалашық жетекшісінің, оның міндеттерімен айқындалған нұсқаулары әскери қалашық аумағында орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелердің барлық командирлері үшін міндетті болып табылады.
      Әскери қалашықтың жетекшісі әскери қалашық шегіндегі әскери тәртіпті қолдау үшін қажет болған кезде қызметті гарнизондық патрульдер үшін белгіленген тәртіпке сәйкес атқаратын ішкі патрульдерді тағайындайды.
      Командирі әскери қалашықтың жетекшісі болып табылатын ішкі патруль бастығы әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        2-ҚОСЫМША

                                    БЕКІТЕМІН
                    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
                      Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы

                        __________________________________
                            (әскери атағы, қолы, тегі)

                     200_ж."__"_________

                   Қарауылдар кестесі

____________________________________________________________________
                      (гарнизон атауы)

Постылар саны, қарауыл құрамы

Қарауылдар нөмірі

Күзетілетін обьектілердің атауы

Сақшы-
лардың
үш ауысымы-
мен

Сақшы-
лардың
екі
ауысы-
мымен

Барлығы
посты-
лар

Қарауыл
иттері-
нің
посты-
лары (блок-
посты-
лар)

Қарауыл бастығы

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы


Қарауыл бастығының көмекшісі

Тарату-
шылар

Қарауыл-
дар

ҚБ ТКҚ жөнін-
дегі
көмек-
шісі
(ТКҚ
опера-
торы)

ҚБ ҚҚИ
жөнін-
дегі
көмек-
шісі
(ҚИ
жетек-
шісі)

Барлығы
жеке
құрам

Ескерт-
пе

8

9

10

11

12

13

14

                        Гарнизон бастығы
       _____________________________________________________
                  (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: Ішкі қарауылдар кестесін үлкен бастық бекітеді, әскери бөлім командирі қол қояды.
      7-бағанда қарауылдардың бастығы болып тағайындалатын әскери қызметшінің санаты көрсетіледі, мысалы: 1 оф., 1 с-нт.
      Көлік құралының жүргізушісін, жауынгерлік машиналар экипаждарын, шығарушылар тағайындалған жағдайда қосымша бағандар қосылады.
      Қарауылдар кестесі жыл сайын 1 желтоқсанда, сондай-ақ қарауыл құрамына өзгеріс енгізген кезде бекітіледі.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        3-ҚОСЫМША

                                        БЕКІТЕМІН
                                  Әскери бөлім командирі
                                    (гарнизон бастығы)

                        ________________________________________
                             (әскери атағы, қолы, тегі)

                   200_ж."__"______________ «

Наряд ведомосы

      _______________________    ________________________
       тәуліктік (гарнизондық)     әскери бөлімнің (гарнизонның)

                      200 _ ж. _________________

Әскери бөлімдер (бөлі-
мшелер)

Наряд құрамы және оның түсу уақыты

Бөлім (қарауылдар) бойынша кезекші және оның көмекшісі

Кезекші бөлім

Қарауылдар

Патрульдер

N 1

N 2

N 1

N 2

кестенің жалғасы

Парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекші

БӨП бойынша кезекші және оның көмекшілері

Асхана бойынша кезекші және жұмыс-
шылар

Штаб бойынша кезекші және шабармандар

Ескертпе

8

9

10

11

12

        Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы

            __________________________________
               (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: Тәуліктік нарядтың басқа да лауазымды адамдарын тағайындалған кезде қосымша бағандар қосылады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        4-ҚОСЫМША

_______________
|Әскери бөлімнің|  Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау
|мөртаңбасы     |               жөніндегі постшының
|_______________|          (жол қозғалысын реттеушінің)

                                  КУӘЛІГІ

                Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы

                   ___________________________________
                       (әскери атағы, қолы, тегі)

      Әскери
     бөлімінің
     елтаңбасы
       мөрі

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                         5-ҚОСЫМША

Объектілерді қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзету Жалпы ережелер

      1. Объектіні күзетуді күшейтуге тартылатын қарауылдық иттер пост ауданында күзетілетін объектіге кіруге әрекеттеніп жатқан бұзушының пайда болғаны туралы сақшыны уақтылы хабардар ету және қарауылдың резервтік тобы келгенге дейін оның одан әрі пост арқылы өтуінің жолын кесу мақсатында пайдаланылады.
      2. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісі (қарауылдық иттер жетекшісі) қарауылдың таратылымына иттерсіз келеді.
      3. Қарауылдық иттер тәулік бойы және түнде нашар көрінетін кезде (жаңбыр, тұман және қар жауу, басқа да жағдайларда), сондай-ақ үлкен ұзақтықтағы бағыт және тым ойлы-қырлы жерлерде қолданылдады.
      Қарауылдық иттің постыда болу ұзақтығы тәулігіне 12 сағаттан аспауы тиіс. Температура +30 0 С және одан жоғары, -20 0 С және одан төмен болған кезде, сондай-ақ суық желде, жаңбырда және ауа-райының нашар жағдайларында қарауылдық иттердің постыда болу ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқартылады, бұл туралы қарауыл бастығы қарауылдың постылық ведомосқа жазба жазады.
      4. Қарауылдық иттер постысы - бұл объектіні күзетуді күшейту үшін ит шығарылатын арнайы жабдықталған жергілікті жер учаскесі.
      Қарауылдық иттер постылары объектіге ең қауіпті кіреберісте сыртқы қоршаудың (постылардың) алдынан 80 метрге дейінгі қашықтықта немесе иттің алдындағы жерді ату мүмкіндігін ескере отырып, техникалық күзет құралдарымен жабдықталған сыртқы қоршау мен бірінші шептің арасына орнатылады.
      Қарауылдық иттің постысын жабдықтау белгіленген орын итке бөтен адамдардың жасырын келу мүмкіндігін болдырмайтын болуы, құрғақ және енінен қарай кемінде 10 метр жерде қоқыстан, қалың шөптен, тастардан, бұтақтардан, кесетін, шаншитын (шыны, шегелер, консерві сауыттары) және итті жарақаттауы мүмкін басқа да қауіпті заттардан тазартылған болуы тиіс.
      Итті постыға қою кезінде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекшісі) постының дұрыс жабдықталғанын тексеруге міндетті.
      Қарауылдық иттер постылары қашан да объектілерден түсетін жарықтан көлеңкеде болуы тиіс. Жарық түсіру аспаптары қарауылдық иттер постыларының алдындағы жерге жарық түсіп тұратындай орнатылады.
      Қысқы уақытта үйшіктегі сабаннан жасалған төсем үш күнде бір реттен сирек емес ауыстырылады, қарауылдық ит постысының учаскесі қардан тазалануы тиіс.
      Қажет болған кезде қарауылдық иттер постылары күшейтілген күзетті талап ететін ғимараттардың (үй-жайлардың) жанына жабдықталады.
      Қарауылдық иттер постыларын адамдар мен көліктердің қарқынды қозғалысы жүріп жатқан учаскелерде жабдықтауға тыйым салынады.
      Қарауылдық иттер постыларының мынадай түрлері жабдықталуы мүмкін:
      блок-пост;
      бітеу байланған пост;
      еркін қарауылдау постысы.
      Блок-постыны жабдықтау кезінде күзетілетін учаскенің үлкендігіне байланысты бір-бірінен 20-80 метр қашықтықта, диаметрі 150-200 мм бағандар орнатылады, олар топыраққа кемінде 1 метрге көміледі. Бағанның биіктігі жерден кемінде 2 метр болуы тиіс. Бағандар арасына 2 метр биіктікте диаметрі 10 мм болат арқан немесе диаметрі 6 мм сымтемір блок-пост учаскесінің орта бөлігінде салбырап тұрған болат арқанның жерден кемінде 1,5 метр болатындай есеппен тартылады.
      Болат арқанға (сымтемірге) шығырлы шынжыры бар сақина тағылады. Болат арқанның (сымтемірдің) ұшы бағандарға бекітіледі немесе бағанға болттың көмегімен қысылған металл құрсауға байланады.
      Бағандардан 2,5-3 метр арақашықтықта болат арқанда сымтемірлік түйін түрінде немесе болттар, сақиналар болат арқанға дәнекерленген шектегіштер (тоқтатқыштар) орнатылады, олар шығырлы шынжыры бар сақинаның болат арқан бойымен қозғалысына және бағанның сыртына иттің өтіп кету және бағанға оралып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін кедергі жасайды.
      Әр бағанның жанына болат арқанның (сымтемірдің) тартылуына қарама-қарсы жаққа тартпа тартылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Блок-посты учаскесінің орта тұсында иттер үшін ит оны айналып өтпейтіндей, тек үйшікке жата алатындай етіп болат арқанның ортасына алдыңғы жағымен үш қабырғалы үйшік орнатылады.
      Үйшіктің жанына көлемі 1x1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады.
      Бітеу байланған постыны жабдықтау кезінде постыға арналған орын тазаланған кемінде 16 шаршы метр алаң болуы тиіс. Күзетілетін объектінің жанына жерге 1 метрге дейінгі тереңдікке диаметрі 150-200 мм топырақ деңгейінен биіктігі 30 см бағандар қазылып орнатылады. Бағанның шетінде серіппелі шынжырды бекіту үшін еркін айналатын айналдырғыш орнатылады, ол қарауылдық иттің қарғыбауына бекітіледі. Баған ит шынжырды тартқанда күзетілетін объектінің есігіне еркін келетіндей есеппен орнатылады. Ашық жағымен объектінің (иттің үретін жағына) қоршауына қаратылған үш қабырғалы үйшік орнатылады. Үйшіктің жанына көлемі 1x1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады.
      Жекелеген жағдайларда үйшік объектінің кіреберісін жауып тұратындай етіп орнатылуы мүмкін. Итті постыдан алған кезде оған еркін кіру үшін үйшікті қоймадан әрі жылжытады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Еркін қарауылдау постысы ені 5 метрге дейін, ұзындығы 100 метрге дейін жететін жабдықталған дәлізді білдіреді. Дәліздің шеттерінде қақпалар орнатылады, олар иттер қойылғаннан кейін ілінетін құлыптарға жабылады. Постының бір жағы объектінің қоршауы болып табылуы мүмкін. Постыны жабдықтаған кезде объектінің периметрінен тыс (оған кіреберістерде, жеке ғимараттарда, құрылыстарда) дәлізде иттің қоритын жағына қарама-қарсы бір қақпа орнатылады. Иттің дәлізден қазып немесе шығып кетуін болдырмау үшін, сондай-ақ бөтен адамдар мен басқа жануарлардың күзетілетін аумаққа сырттан кіру мүмкіндігін болдырмау мақсатында дуал тығыз, берік металл тордан немесе биіктігі 2 метрден кем емес және топыраққа кемінде 0,5 метр тереңдетілген темірбетон плиталардан жасалады. Пост (дәліз) ортасында немесе оның шеткі бөлігінде ашық жағымен объектінің қоршауына (иттің қоритын жағына) қараған үш қабырғалы үйшік орнатылады. Үйшіктің жанына көлемі 1x1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады. Еркін қарауылдау посты қарауылдық иттерді қолдануға неғұрлым тиімді болып табылады. Постыда еркін қарауылдауға әдеттенуін болдырмау мақсатында айына бір реттен сирек емес иттерді ауыстыру жүргізіледі.
      Қарауылдық иттер үй-жайлардың (қоймалардың, сақтау орындары мен басқа да объектілердің) ішін күзетуге пайдаланған кезде, итті қойған кезде, иттің постыдан кетіп қалу және оның басқа қосымша үй-жайларға кіріп кету мүмкіндігін болдырмау қажет, ол итті объектіні күзетуден алаңдатуы мүмкін.
      Үлкен үй-жайларды бірнеше иттермен күзеткен кезде алып жүретін торлы рамалар немесе ағаш қалқандармен әрбір ит үшін бөліктерді оқшаулау қажет.
      Постыларды күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер берілетін үлкен аумақтарды күзеткен кезде бір постыдан екінші постыға дейін көрінетін арақашықтықтарға қоршаудың сыртқы жағынан сақшылар үшін қадағалау мұнараларын орнату қажет.
      5. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауыл бастығының бұйрығы бойынша иттерді постыларға қоюды ұйымдастырады. Қарауылдық иттерді постыларға қоюды және оларды постылардан алуды қарауылдық иттер жетекшісі және тиісті таратушылар жүргізеді.
      Әрбір жетекші екіден көп емес иттерді қысқа қарғыбаумен және тұмылдырықпен алып жүреді.
      Постының дұрыс жабдықталғанына көзін жеткізгеннен кейін, итті жетекші постыға қояды, қарғыбауына шынжырды бекітеді, одан тұмылдырық пен қарғыбауды шешіп алады.
      Иттерді постыларға қойып болғаннан кейін қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі бұл туралы қарауыл бастығына баяндайды.
      6. Сақшыдан белгіні алғаннан немесе иттің үргенін естігеннен кейін жағдайды білу үшін қарауыл бастығы өзінің қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісін, осы пост иттерінің жетекшісін және таратушыны шұғыл түрде жібереді.
      7. Таң атқанда немесе көру мүмкіндігі жақсарған кезде (жаңбырдан, тұманнан, қар жауғаннан кейін) қарауыл бастығының нұсқауы бойынша қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісі (жетекшісі) тиісті таратушының ілесіп жүруімен иттерді постылардан алады және өз орындарына апарады. Қарауылдық иттерді постылардан алу немесе постылардағы оларды ауыстыру туралы қарауыл бастығы өзінің қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісіне нұсқау береді.
      8. Постылардағы иттердің мінез-құлқын және постылардың жай-күйін тексеруді қарауыл бастығының рұқсатымен қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекші) бақылау-күзету тобының құрамында немесе қарауыл бастығы көмекшісінің (тиісті таратушының) ілесіп жүруімен жүзеге асырады.
      Бұзушылық белгілері анықталған кезде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекші) бұл туралы қарауыл бастығына баяндайды, объектіге және оған кіреберістерге бақылауды күшейтеді. Постыларда ақаулар анықталған кезде (болат арқанның және шынжырдың үзілуі, иттің оралып қалуы және басқа да ақаулар), оларды жоюға шұғыл шаралар қабылдайды.
      9. Қарауылдық иттерді күтіп ұстау мен даярлау тәртібі, сондай-ақ постылардағы қарауылдық иттерді тексеру арнаулы басшылықта баяндалған.

Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі

      10. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауылдық иттердің аға жетекшілерінен тағайындалады. Ол қарауыл бастығына бағынады және:
      иттердің постыларға уақтылы қойылуына және олардың постылардан уақтылы алынуына;
      қарауылдық иттердің нәтижелі қолданылуына;
      қарауылдық иттер жетекшілерінің қызмет өткеруіне;
      қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау мен тамақтандыру ережелерінің орындалуына жауап береді.
      11. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі:
      қарауылдық иттер постыларының орналасуын нақты білуге және постыларға иттерді қоюға басшылық жасауға;
      қарауылды ауыстыру кезінде тізімдеме бойынша және объектінің периметрін қарау жолымен иттердің, постылардың, вольерлердің, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруі үшін арналған басқа да мүліктің бар болуын және жай-күйін тексеруге;
      жетекшілерді қарауылдық иттермен постыларға жіберу алдында жетекшілердің өз міндеттерін білуін және иттердің жабдықтарын тексеруге, қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқау беруге;
      кестеге сәйкес өзі немесе қарауылдық иттер жетекшісі арқылы постылардағы иттердің мінез-құлқын және постылардың жай-күйін тексеруге, постыларда анықталған ақауларды жою және посттардағы иттердің белсенділігін арттыру шараларын қабылдауға, тексерудің нәтижелері туралы қарауыл бастығына баяндауға;
      постыларға түсетін қарауылдарды постылардың шекарасына қойылатын қарауылдық иттер мінез-құлқының ерекшеліктері (иттердің постыға жақындаған бұзушыға алаңдауына, дыбыс тітіркендіргіштерге, бөтен адамдар берген тамаққа қатынасы және басқа да жағдайлар) туралы ақпараттандыруға міндетті.

Қарауылдық иттер жетекшісі

      12. Қарауылдық иттер жетекшісі қарауылдық иттер постыларының дұрыс ұсталуына, иттердің постыларға уақытылы қойылуына, иттердің постылардан уақытылы алынуына, қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру ережелерінің қатаң және дәл орындалуына жауап береді.
      Ол қарауыл бастығына және оның қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне бағынады.
      13. Қарауылдық иттер жетекшісі:
      қарауылдық иттер постыларының орналасуын және оларда қызмет өткеру жағдайларын білуге;
      ауа райының жағдайларына байланысты белгіленген кесте бойынша иттерді постыларға қоюға және алуға;
      қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісінің рұқсатынсыз өз бөлімшесінен ешқайда кетпеуге;
      өз ауысымының қарауылдық иттерді және олардың постылардағы мінез-құлқын білуге;
      объектінің периметрін әрбір қарап шығу кезінде постылардың, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруіне арналған басқа да мүліктің жай-күйін тексеруге және постыларда анықталған ақауларды (болат арқанның немесе шынжырдың үзілуі, иттердің оралып қалуы және басқалар) дереу жоюға шаралар қабылдауға;
      қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ қарауылдық иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру жөніндегі ережелерді сақтауға;
      тексеру нәтижелері бойынша қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне баяндауға міндетті.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                       6-ҚОСЫМША

Қарауыл киім нысаны

      1. Қарауыл киім нысаны далалық астары жылы күртешеден (шинельден), таза және дұрыс далалық (салтанатты) киім нысанынан, аяқ киімнен, бас киімнен, белдік белбеуден және оқжатарларға (оқшантайға) арналған сөмкеден тұрады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постылары салтанатты киім нысанында болуы мүмкін.
      Постылық киім ретінде: капюшоны бар плащ немесе плащ-шатыр және су өткізбейтін арнайы аяқ киім, ал тұлып пен пима тек қысқы уақытта ғана қолданылады. Тұлыптан басқа, постылық киім әрбір постыға екі жиынтықтан тұрады, оның біріншісі қарауылдық үй-жайда, ал басқасы - постыда болады. Одан басқа, қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, таратушылар мен шығарушыларға арналған плащтар немесе плащ-шатырлар және су өткізбейтін арнайы аяқ киім болуы тиіс.
      Ерекше жағдайларда, әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) нұсқауы бойынша сақшылар қызметті броньды кеудешелерде және болат дулығаларда өткереді.
      2. Қарауылдар таралым орнына далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) келуі тиіс. Ыстық уақытта гарнизон бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) нұсқауы бойынша қарауылдар таралымға далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) келуі мүмкін. Далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) кию тәртібі: таралым уақытында - қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекші, ал таралымнан кейін - қарауыл бастығы өзгертуі мүмкін.
      3. Жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постыларға далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) жіберіледі. Көлеңкедегі ауа температурасы +15 0 С және одан жоғары болған кезде далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) қарауылдық үй-жайдағы киім ілгішке қалдыруға рұқсат етіледі.
      4. Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға плащтарда (плащ-шатырларда) және су өткізбейтін аяқ киімде жіберіледі. Плащтарды (плащ-шатырларды) сақшылар постыда қажеттілігіне қарай шешеді (киеді).
      5. Постылық тұлып тек постыдағы ауысым уақытында киіледі және шешіледі. Тұлып далалық астары жылы күртешенің (шинельдің) сыртынан киіледі. Пима қарауылдық үй-жайда киіледі. Тұлыптар мен пиманы -5 0 С және одан төмен температура кезінде, сондай-ақ суық жел кезінде киюге рұқсат етіледі.
      Шешілген тұлыптар мен плащтар (плащ-шатырлар) постылық саңырауқұлақ астына немесе қадағалау мұнарасына ілінеді. Плащтар (плащ-шатырлар) мен пима постылардан келгеннен кейін шешіледі және кептіріледі.
      6. Сақшылар жылытылатын үй-жайларда кемінде +18 0 С температурада далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) болуға тиіс.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        7-ҚОСЫМША

        N____қарауылдың жауынгерлік патрондарының
                  қорын есепке алу кітабы

               __________________________________
                        (әскери бөлім)

Патронның
келіп түскен
және жұмсал-
ған күні

Жауынгерлік
патрондардың саны

Патрондар-
ды алу
және
толықтыру
туралы
құжаттың
атауы мен
нөмірі

Патрондардың
жай-күйін тексеру


автомат-
тарға
және карабин-
дерге

Пистолет-
терге

Тексеру
күні мен
патрондар-
дың саны
және жай-
күйі туралы
тексеруші-
нің жазбасы

Анықтал-
ған
кемшілік-
терді жою
туралы
жазба

... тұрады






... алынды






... қалды






Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы


(әскери атағы, қолы, тегі)


... толықтырылды






...тұрады






Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы


(әскери атағы, қолы, тегі)


        Ескертпе: 1. Патрондарды алу (салу) туралы әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы, оқ-дәрілер тіркелген әскери бөлімнің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы, әскери бөлім (қарауылдар) бойынша кезекші және қарауыл бастығы қол қоятын акт жасалады. Жауынгерлік патрондардың қоры нормаға дейін толтырылады, жәшік қайтадан мөрленеді және сақтау үшін қарауыл бастығына тапсырылады.
      2. Кітап нөмірленген, тігілген, сүргілі мөрмен мөрленген және әскери бөлім (гарнизон) штаб бастығының қолы қойылған болуы тиіс.
      3. Гранаталар мен тұтандырғыштардың есепке алу кітабы да осындай үлгіде жүргізіледі. Тиісті бағандарға қажетті атаулар жазылады.

                    Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                       8-ҚОСЫМША

Қарауылдық үй-жайды жабдықтау

      1. Қарауылдық үй-жай:
      қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеден;
      әйнектелген есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауыл бастығының және көмекшісінің бөлмелерінен;
      есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеден тұрады.
      Одан басқа, қарауылдық үй-жайда: тамақты жылытуға арналған жабдығы бар асхана, жуыну, шылым шегу, қаруды және аяқ киімді тазалау үшін орындары (бөлмелері), кептіретін жер, тұрмыстық бұрыш, дәретхана, душ кабинасы, отын үшін қоймасы, ал қарауылдық иттерді пайдалана отырып, міндеттерді орындайтын қарауылдар үшін оларды ұстауға арналған вольер болуы тиіс. Саны аз қарауылдардың қарауылдық үй-жайларда асхана болмауы мүмкін. Осы жағдайда ыдыс-аяқты, азық-түлікті сақтау және тамақ жылыту үшін орындар жабдықталады.
      Объектілері техникалық күзет құралдарымен жабдықталған қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығының техникалық күзет (пост) құралдары жөніндегі көмекшісіне (операторға) арналған басқару бөлмесі болу керек. Бұл ретте техникалық күзет құралдарының белгісін қабылдау аппаратурасының пульті қарауыл бастығының бөлмесінен қаралып отырылуы тиіс.
      2. Қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеде:
      әскери ант мәтіні жазылған плакат;
      постылар табельдері;
      жауынгерлік есеп;
      жалпыәскери жарғылар;
      газеттер мен журналдар;
      қарауылдық қызметті өткеру ережелері көрнекі бейнеленген, сондай-ақ қарауылдардың жеке құрамымен жасалған ерліктер бейнеленген және суреттелген суреттер немесе плакаттар, қарауылдық қызмет ережелерін бұзғаны үшін сотталған әскери қызметшілер туралы ақпараттық стенд;
      қарауылдық қызметті өткеру кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілердің суреттері бар стенд;
      үстел ойындары (шахматтар мен дойбылар);
      сағат;
      таратушылар санына қарай аккумуляторлық қолшамдар;
      термометрлер (ішкі және сыртқы);
      медициналық аптечка немесе санитар сөмкесі және қарауылдың барлық құрамына арналған жеке таңғыш пакеттері;
      қарауыл құрамының жеке заттары мен жуынатын керек-жарақтарына арналған шкаф;
      қарауыл бастығының үй-жайына белгі берілетін жарық дыбысты дабылдамамен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамида;
      қарауыл құрамының үштен екі бөлігіне арналған үстел мен орындықтар;
      қарауылдың барлық құрамына есептелген сыртқы киімдерге     арналған киім ілгіш және постылық киімнің екінші жиынтығы;
      урналар болуы тиіс.
      Шкаф пен киім ілгішті қарауылдық үй-жай бөлмелерінің орналасуына қарай басқа бөлмелерге (дәлізге) қоюға рұқсат етіледі.
      Қарауылдардың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеге одан басқа, теледидар мен радиоқабылдағыш қойылуы мүмкін.
      3. Қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесінде:
      қарауыл бастығы қабылдайтын құжаттардың тізімдемесі;
      қарауылдық үй-жайында болатын жабдықтардың, мүкәммалдар мен мүліктің тізімдемесі;
      постылардың орналасу схемасы, постылық табельдер;
      қарауыл бастығына нұсқаулық;
      жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайға арналған құжаттамасы бар пакет;
      қол қоюға құқығы бар және олардың қолымен жіберілетін адамдардың санына қарай рұқсаттама үлгілері;
      қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктің үлгісі;
      таратушылардың саны бойынша - арнайы жәшіктерде болатын мөрлерден бедерлердің (пломбалардан таңбалардың) үлгілері;
      сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға құқығы бар немесе қарауылдардан тұрақтарда болатын жауынгерлік машиналарды (қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы) қабылдауға күзетілетін аумаққа жіберілетін лауазымды адамдардың тізімі (тізімде олардың әскери атағы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын куәліктің (төлқұжаттың) нөмірі, олар қандай объектіні ашуға (жабуға) және аумаққа жіберілгені, қандай мөрмен (пломбамен) мөрленгені және объектіні ашу (жабу) уақыты көрсетіледі;
      тұтқындалғандар камераларының (әскери полиция органының гауптвахтасы жанындағы қарауылдардың) кілттері;
      жалпыәскери жарғылар;
      қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен тікелей телефон және селекторлық байланыс пен постылармен байланыс құралдары;
      құлыптары және оларға кілттері бар металл жәшіктегі оқ-дәрілер қоры;
      екі ауысымды постылардың оқ-дәрілер қорларын сақтауға арналған металл жәшік (сейф);
      бақылау-өткізу постысы қарауылдарының пистолеттеріне арналған металл жәшік (сейф);
      жазу құралдары;
      су құятын графин мен стакандар;
      құлыпқа жабылатын жәшігі (сейфі) бар үстел мен екі орындық;
      киім ілгіш;
      аккумуляторлық қолшам;
      сағат;
      жартылай жұмсақ кушетка болуы тиіс.
      Одан басқа қарауыл бастығының және оның көмекшісінің бөлмесіне бөлім бойынша кезекшінің пистолеттері бар сейфтерден (қаруды сақтауға арналған бөлмеден) дабылдама енгізіледі.
      4. Қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеде қарауылдың бір ауысымы және кімге демалу тиесілі қарауылдың басқа да адамдары бір уақытта демалу есебінен бас жағында тыстары (салфеткалары) бар жартылай жұмсақ ағаш төсектер болуы тиіс.
      5. Ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесінде (орнында):
      құлыпқа жабылатын және белгі қарауыл бастығының бөлмесіне жарық дыбысты дабылдамасы бар жабдықталған қаруға арналған пирамида;
      қарауылдық қызметті өткеру ережесін көрнекі бейнелеген суреттер мен плакаттар;
      қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер) болуы тиіс.
      6. Асханада:
      қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер);
      ыдыс-аяқ пен азық-түлікке арналған шкаф;
      тамақты жеткізуге арналған термостар жиынтығы, қарауылдың барлық жеке құрамы тамақтануына арналған ыдыс-аяқ пен асхана құралдары;
      қарауыл бастығының мөрімен мөрленген ауыз су құйылған шүмегі бар ыдыс (диспенсер);
      тоңазытқыш;
      тамақ жылытуға арналған электр немесе газ плитасы (қысқа толқынды пеш);
      су қайнатуға арналған шәйнек;
      ыдыс жууға арналған раковина, жуу құралдары болуы тиіс.
      7. Пульт бөлмесінде (постыда):
      техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы;
      қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) құжаттамалары;
      объектілерге орнатылған техникалық күзет құралдарын пайдалану жөніндегі басшылық;
      қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
      үстел, орындықтар мен резеңке кілемше;
      аппараттық журнал;
      жазу құралдары болуы тиіс.
      8. Шылым шегу, қаруды және аяқ киім тазалауға арналған орындарда (бөлмелерде): қару тазалайтын үстел, ескі заттарға арналған металл жәшік, орындықтар, зарарсыздандырғыш сұйықтығы бар урналар, аяқ киім тазалауға арналған керек-жарақтар болуы тиіс.
      9. Қарауылдың барлық белгіленген құжаттамалары, сондай-ақ плакаттар мен картиналар рамаларда немесе планшеттерде болуы тиіс.
      10. Әрбір бөлмедегі қабырғаға сол бөлмеде болатын мүлік пен керек-жарақтардың тізімдемесі ілінеді.
      11. Қарауылдық үй-жайлар бөлмелерінің саны бойынша жарық түсірудің резервті көздерімен ("Жарқанат" типті керосин шамымен), сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен: өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен, су құйылған бөшкелермен, шелектермен және мүкәммалмен (күректермен, балталармен, сүймендермен, ілгектермен, киіздермен) жабдықталады.
      Қарауылдық үй-жай әскери қалашықтан тысқары орналасқан кезде олардың терезелерінде ішінен жабылатын металл қақпақпен жабдықталады және қадағалау мұнарасы орнатылады.
      12. Қарауылдық үй-жайға кіреберіс күзетілетін объектілерді ашуға (жабуға) келген адамдардың ішке кедергісіз кіруіне жол бермейтін тамбурлармен жабдықталады.
      13. Қарауылдық үй-жайға жақын жатқан аумақтың екі метрден кем емес биік қоршауы болуы керек. Қарауылдық үй-жайға кіреберісте аяқ киімді тазалайтын құралдар (ағаш немесе металл торлар немесе темір қапсырмалар) болуы тиіс. Қарауылдық үй-жайдың маңында қоқыс салуға арналған қақпағы жабылатын контейнерлер қойылады.
      14. Отынның, жарық түсіру құралдарының (шырақтардың, шамдардың, қолшамдардың) қажетті қорлары мен тазалауға қажетті мүкәммал қоймада сақталады.
      15. Қарауылдық үй-жай алдында қарауылды сапқа тұрғызу үшін және тәуліктің қараңғы уақытында жақсы жарық түсірілуі тиіс оқ тосқауылы бар қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңдар, сондай-ақ ауысатын қарауыл жеке құрамының орналасуы үшін құлыпқа жабылатын және белгі қарауыл бастығының бөлмесіне жарық дыбысты дабылдамасымен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамидасы бар үй-жай (орын) жабдықталады, одан басқа әскери бөлімнің күзетілетін объектінің аумағынан тыс орналасқан қарауылдық үй-жай жанында қарауылдық үй-жай кіреберісінде тұратын сақшыға арналған қадағалау мұнарасы жабдықталады. Көлік құралы бар қарауылдарда және жауынгерлік машиналарда оларды қою үшін жылытылатын үй-жайлар жабдықталады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                       9-ҚОСЫМША

Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

      1. Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сыртқы және ішкі қоршаулары сымтемірлердің арақашықтығы: төменгі жағы - 5 сантиметрден аспайтын, жоғарғы жағы - 15 сантиметрден аспайтын, биіктігі кемінде екі метр болуы тиіс. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайларына байланысты айқындалады және 10 метр және одан көп болуы мүмкін. Қоршаулар аралығы сақшылардың қозғалысы үшін сүрлеу (жол) және қоршаудың сыртқы жағымен шекаралас жататын ені кемінде бес метр бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.
      Күзетілетін объектілерге кіреберістерді қадағалауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы периметр жанында) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс, дабылдама және найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары суретке сәйкес орнатылады. Қажет болған кезде Қорғаныс министрінің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының шешімдерімен қадағалау мұнараларының параметрлері өзгертілуі мүмкін.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      2. Ерекше маңызды объектілерде арнайы инженерлік ғимараттар салынылуы мүмкін немесе қару-жарақпен, қадағалау, көздеу приборларымен броньды объектілер мен инженерлік қоршаулар (ОБК, "сүріндірме", бағаналар, траншеялар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орнатылады.
      Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіреберісте күндіз және түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады, мысалы: "Өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)". Айналып өту (айналып жүру) көрсеткіштермен көрсетіледі.
      Әскери бөлімнің аумағынан тысқары орналасқан объектілер айналасында мемлекеттік жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша заңнамаға сәйкес тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары жергілікті жерде (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар жақсы көрінетін көрсеткіштермен "Тыйым салынған аймақ (аудан), өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)" деп белгіленуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) мемлекеттік жергілікті басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде хабардар етуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасына ортақ пайдаланылып жүрген жолдар, тұрғын үйлер мен қызметтік құрылыстар, өңделетін аумақтар және басқалар кірмеуі керек.
      3. Жергілікті жердің жағдайына байланысты постының аумағында сақшы кемінде 50 метр жерден шолу жасаумен және оқ атумен қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан посты айналасындағы аумақ бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары биіктігі 2,5 метрге қырқылған, шөптері шабылған, шұңқырлар көмілген, төбешіктер тегістелген, артық заттары жиналған болуы тиіс. Бөгде адамдарға одан жақын жерге постыға жақындауына болмайтын арақашықтықты айқындайтын тыйым салынған шекара күндіз көрінетін сақшылармен, түнде және нашар көрінетін жағдайларда мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) белгіленеді, мысалы: "Тыйым салынған шекара. Тоқта, атады".
      Бірнеше постылары бар объектілер аумағындағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) көрсетіледі, мысалы: "N 2 постының шекарасы".
      4. Әскери қалашықтан тысқары орналасқан ерекше маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін окоптар, олардан постының (қарауыл үй-жайының) кіреберістеріне қарай оқ ата алатындай және көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Окоп қарауыл үй-жайына байланысатын құралдармен (дабылдамамен) жабдықталады.
      5. Түнгі уақытта постыға және күзетілетін объектіге кіреберіске жарық түсірілуі тиіс. Жарық сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
      6. Посты сақшының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны дереу (кемінде екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде - әрбір 250 метр жүргеннен кейін) шақыруын қамтамасыз етуі тиіс байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
      7. Ішкі, әсіресе Жауынгерлік Ту жанындағы постыда биіктігі 0,7-1 м қоршау және жарық түсірілуі тиіс.
      Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы тиіс.
      8. Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, тікелей күзетілетін объектілердің жанында (қоймалар, сақтау орындары және басқа да объектілер) өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен мүкәммал (күректер, балталар, сүймендер, ілмектер, киіздер) болуы тиіс.
      9. Сыртқы постыларда постылық киімдерді сақтау үшін арнайы жабдықталған "пост саңырауқұлағы", ал ішкі постыларда астары жылы күртешелерді (шинельдерді) ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуы тиіс.
      "Пост саңырауқұлағы" күзетілетін объектінің түсіне немесе қоршаған жергілікті жердің түсіне боялады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      10. Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі нұсқаулар "Техникалық күзет құралдарын қолдану" бөлімінде жазылған.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      10-ҚОСЫМША

                                      БЕКІТЕМІН
                                Әскери бөлім командирі
                                  (гарнизон бастығы)
                                ______________________
                              (әскери атағы, қолы, тегі)
                          200_жылғы "___"_________________

            Күзетілетін объектіні ашуға
                      НАРЯД

_________________________қарауылдың_________________________________
    ішкі (гарнизондық)          әскери бөлімнің (гарнизонның) атауы

200_ж."__"_______________арналған

Р/с
N

Объектінің атауы

Уақыты

ашу

жабу

Жоспар бойынша

Іс жүзінде

Жоспар
бойынша

1

2

3

4

5

кестенінің жалғасы


Негіздеме (рұқсатнама нөмірі)

Объектіні
ашуға
жіберілген
адамның
лауазымы,
әскери
атағы,
тегі мен
аты-жөні

Ашу мақсаты

Ескертпе


Іс жүзінде

6

7

8

9

10

            Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
                    ___________________________
                    (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: 1. Күзетілетін объектіге жұмыс істеу үшін жеке құрамды және техниканы жіберу қажет болған кезде команда жетекшісінің лауазымы, әскери атағы, тегі мен аты-жөні, жеке құрамның саны, олардың әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің), сондай-ақ көлік құралдарының атауы 10-бағанға енгізіледі.
      2. Объектілерді, оларды ашу нарядынсыз ашуға тыйым салынады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      11-ҚОСЫМША

       Сақтау орнын ашуға арналған рұқсатнама нысаны

                                           (Бір жолғы)

_______________
|Әскери бөлімнің|                   N_______рұқсатнама
|мөртаңбасы     |
|_______________|               N_______қарауыл бастығына
                     _______________________________________________
                              (күзетілетін объектінің атауы)
                     _____________________ашуға (жабуға) жіберілсін.
                     _______________________________________________
                                     (күні, айы, жылы)
                     __________________________________________дейін
                                     (күні, айы, жылы)
                     _______________________________________________
                     рұқсатнама кімге берілді (әскери атағы, тегі,
                     аты, әкесінің аты)
                     Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
                     _______________________________________________
                                  (әскери атағы, қолы, тегі)

      Әскери
     бөлімінің
     елтаңбалы
       мөрі

      Ескертпе: 1. Егер рұқсатнама тұрақты болса, онда "Бір жолғы" сөзінің орнына "Тұрақты" сөзі жазылады және оның қолданылу мерзімі көрсетіледі, ал күнінің орнына сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға (жабуға) рұқсат етілген апта күндері (күн сайын) жазылады.
      2. Рұқсатнама объектілерді ашу нарядынсыз жарамсыз.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      12-ҚОСЫМША

                                       БЕКІТЕМН
                                 Әскери бөлім командирі
                                  (гарнизон бастығы)
                             ____________________________
                              (әскери атағы, қолы, тегі)
                             200_жылғы "__"________________

          _______________ қарауыл постыларына табель
        (ішкі, гарнизондық)
                      N__________________

Қарауыл құрамы
және
постылардың
саны

Таратушылардың
және олардың
постыларының
нөмірі

Постылардың
нөмірлері және
күзетуде не тұр

Сақшылардың
ерекше
міндеттері

1

2

3

4

          Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
                 ___________________________
                 (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: 1. 1-бағанда қарауылдың барлық құрамы көрсетіледі, мысалы: қарауыл бастығы - 1 (офицер), қарауыл бастығының көмекшісі - 2 (сержант), таратушылар - 3 (сержант), одан кейін сақшылардың үш және екі ауысымы бар постылардың, техникалық күзет құралдарын (сақшысыз) қолданатын постылардың және қарауылдық иттер постыларының (блок-постылардың) саны көрсетіледі.
      2. 3-бағанда постыдағы объектілердің атаулары көрсетіледі және олардың қандай мөрлермен мөрленгені, әр объектідегі мөрлердің (пломбылардың) саны көрсетіледі. Егер Жауынгерлік Тудың жанында посты болса, онда Жауынгерлік Туда қандай ордендер мен ордендік ленталардың бар екені және олардың саны көрсетіледі.
      3. 4-бағанда сақшының постыда қызмет өткеруінің нақты жағдайларын ескере отырып, ерекше міндеттері және байланыс құралдары арқылы баяндау мерзімдері; сақшыға мұнарадан қадағалау жүргізуге рұқсат етілетін уақыт; сақшыға бөгде адамдарды постыға жақын жіберуге тыйым салынатын арақашықтық; постыға, көрші постыларға шабуыл жасалған жағдайда және өрт шыққан жағдайда сақшының әрекеті; қандай жағдайларда қару қолдануға рұқсат етілетіні, сондай-ақ оқ атудың қауіпті бағыты көрсетіледі.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      13-ҚОСЫМША

           Техникалық күзет құралдарын қолдануды бақылаудың
                          аппараттық журналы

           ______________________________________________
             (бөлімшенің және күзет объектісінің атауы)

         ____________________басталды
         ____________________аяқталды

Күні (күні, айы, жылы)

Объектінің атауы

Күзетуге
қабылдау уақыты

Объектіні тапсыру уақыты

1

2

3

4

02.03.07

РАӘ қоймасы

18.15

08.30

02.03.07

ЖЗ инженерлік қоймасы

18.45

08.15

Барлық келіп түскен өздігінен іске қосылу - 1.
ТКҚ ақаусыз жай-күйде Тапсырды: сержант А.Таиров
Қабылдады: сержант Ж.Ережепов



  кестенің жалғасы

Орнатылған
құралдардың
техникалық
жай-күйі

Техникалық
күзет
құралдарын қолдануды және олардың
жай-күйін
тексеру уақыты

Техникалық
күзет
құралдарының
өздігінен
іске қосылу
уақыты мен
орны

Қарауыл
бастығының
техникалық
күзет
құралдары
өздігінен іске
қосылғанда
қабылдаған
шаралары

5

6

7

8

Техникалық
ақаусыз

8.31
Техникалық
ақаусыз

21.12
РАӘ қоймасы

Резервтік топ
жіберілді

Техникалық ақаусыз

15.20
Техникалық ақаусыз



Барлық келіп түскен өздігінен іске қосылу - 1.
ТКҚ ақаусыз жай-күйде Тапсырды: сержант А.Таиров
Қабылдады: сержант Ж.Ережепов




                       Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      14-ҚОСЫМША

     Қарауылдың практикалық сабақтарына арналған қарауыл
                       қалашығының схемасы

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Қарауыл қалашығының экспликациясы
1. Оқу орны: Жауынгерлік Тудың       1)оқу орнында сабақ өткізу үшін
жанындағы ауысым және қызмет         жоспар-конспектісі бар
өткеру тәртібі.                      плакаттар;
2. Оқу орны: Қарауылды жүкке         2) қарауылдың жеке құрамымен
ілесіп жүру бойынша даярлау.         практикалық нұсқама беруді
3. Оқу орны: Постыны қабылдау        өткізу үшін жоспары бар плакат;
және тапсыру тәртібі.                3) постыдағы қарудың күйі
4. Оқу орны: Сақшыны постыдағы       бейнеленген плакат;
өртті сөндіру жөніндегі              4) өрт сөндіру тәсілдері мен
іс-қимылдарға үйрету.                ережелері бар плакат;
5. Оқу орны: Постыға шабуыл          5) жекпе-жек ұрыс тәсілдері бар
жасалған кезде сақшының әрекеті.     плакат;
6. Оқу орны: Оқжатарларды            6) өртке қарсы қалқан.
патрондармен оқтау.
7. Оқу орны: Жекпе-жек ұрыс
тәсілдерін орындауға жаттығу.
8. Оқу орны: Қаруды оқтау және
оғын алу тәртібі.
9. Қарауылды сапқы тұрғызу орны.

                    Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                       15-ҚОСЫМША

            (постылық ведомостың 1-ші беті, үлгі)

          ШБ, КТО 2007 ж. 03.03. дейін кемшіліктер жойылсын
                        00000 ә/б командирі

                  полковник     С.Қамалетдинов                     
(Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі әскери бөлім командирінің шешімі)

                    ПОСТЫЛЫҚ ВЕДОМОСТЬ
____________________ҚАРАУЫЛДЫҢ N______
   (ішкі, гарнизондық)
200_ж." __ " _______________
          (жылы, күні, айы)

      Осы бетте мыналар жасалады:
      1. Қарауыл үй-жайына, күзетілетін объектілерге жіберу туралы жазба, қарауыл бастығының және сақтау орнын ашуға рұқсат етілген адамның қолы.
      2. Қарауылды ауыстырғаны туралы ауысатын және жаңа қарауыл бастықтарының қолдары және бұл ретте анықталған кемшіліктер туралы жазба.
      08.35 07.01.03.N 00 рұқсатнама негізінде жауынгерлік машиналар паркі ашылды.
      Парк бойынша кезекші майор     А. Бүркітбай
      Қарауыл бастығы капитан        Т. Көбенов
      18.30 07.01.03. N 00 біржолғы куәлік негізінде полковник И.Н. Ванюнькин қарауылды тексеру үшін қарауыл үй-жайына жіберілді
      Қарауыл бастығы капитан     Т. Көбенов
      Бөлімнің II дәрежелі Богдан Хмельницкий орденді және оған орден лентасы бар Жауынгерлік Ту, күзетілетін объектілер, байланыс, дабылдама, жарық түсіру құралдары мен мүлік мыналарды қоспағанда, тізімдемеге сәйкес ақаусыз жай-күйде: N 2 постыдағы өртке қарсы қалқан бөлшектелген.
      Тапсырған: капитан    Т. Көбенов
      Қабылдаған: майор     В. Солоненко

                      Кемшіліктер жойылды
                    00000 ә/б штаб бастығы

             подполковник                А.Ахматулин               
      (кемшіліктерді жою туралы штаб бастығының жазбасы)

       (постылық ведомостың 2-ші, 3-ші беттері, үлгі)

Қарауыл белсенділері іріктелді     Қарауыл жеке құрамы тағайындалды
және оларға нұсқаулар берілді      және оларға нұсқаулар берілді
1-маб командирінің орынбасары      1-маб командирі

майор     С.Шалов                подполковник     В.Тащилин        
(қарауыл жеке құрамын іріктеу, тағайындау және өткізілген нұқсау берулер туралы жазба)

                      ПОСТЫЛАР КЕСТЕСІ

   _______________________________________N__________ҚАРАУЫЛ
   (бөлімше, әскери бөлімнің шартты атауы)
Қарауыл бастығы_______________________________________
               (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қарауыл бастығының көмекшісі__________________________
               (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

Постылар нөмірі

Таратушылардың нөмірі, әскери атағы, тегі, аты жөні

Сақшылардың әскери атағы, тегі, аты-жөні

1-ші ауысым

2-ші ауысым

3-ші ауысым

      Қарауылдың көлік құралы_______________________________________
                                    (маркасы, нөмірі)
      Көлік құралының жүргізушісі___________________________________
                                   (әскери атағы, тегі, аты-жөні)
      Шығарушылар:__________________________________________________
      Қарауылдардың постыларға түсу уақыты:_________________________
      үш ауысыммен__________________________________________________
      екі ауысыммен_________________________________________________
      Бөлімше командирі_____________________________________________
                              (әскери атағы, қолы, тегі)

Қару мен оқ-дәрілер ақаусыз жай-күйде,
қарауылдың жеке құрамына қауіпсіздік   Қарауылдың жеке құрамы
шаралары бойынша нұсқаулар берілді     тексерілді, денсаулығына
                                       шағым жоқ.
00000 ә/б ЗАҚ қызметінің бастығы      00000 ә/б медицина қызметінің
                                      бастығы
    майор     А.Гаевский        м/қ майор     А.Манабаев          
(қаруды, оқ-дәрілерді тексеру, қарауылдың жеке құрамына қауіпсіздік шаралары бойынша нұқсаулар беру және медициналық тексеру туралы жазбалар)
      Ескертпе: 1. Егер сақшылар 1 сағаттан кейін ауыстырылса, онда ауыстыру уақыты мен осы ауысымды кім қойғаны көрсетіледі.
      2. Ауысымның жеке құрамында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда тиісті бағандарда жазба жасалады.
      3. Екінші бағанға қосымша: қарауыл бастығының ТКҚ жөніндегі көмекшісі (ТКҚ жөніндегі операторлар) қарауыл құрамына бөлінген кезде - олардың әскери атақтары, тегі мен аты-жөні, ал қарауылдық иттер постылары бар болған кезде - қарауыл бастығының ҚИҚ жөніндегі көмекшісінің (иттер жетекшілерінің) әскери атағы, тегі мен аты-жөні енгізіледі.

(постылық ведомостың 4-ші беті)

      Осы бетке мынадай жазбалар жасалады:
      1. Қарауылды тексеру нәтижелері мен техникалық күзет құралдарында, қоршауларда, жарық түсіруде, күзетілетін объектілермен байланыста анықталған кемшіліктер туралы және кемшіліктерді жою уақыты туралы.
      2. Объектілерді жабу (ашу) кезінде сақшыларды қою (алу) уақыты туралы.
      3. Қарауылдағы оқиғалар туралы.
      4. Сотталатындармен және сотталғандармен кездесу үшін рұқсатнама туралы.
      5. Постыларға қарауылдық иттерді шығару және постылардан оларды алу туралы.
      6. Қызметті өткеруді талдау және командирдің қызметке бағасы туралы.
      Ескертпе: 1. Постылық ведомостағы барлық жазбалар қателерсіз және түзетулерсіз жүргізіледі.
      2. Қарауыл қарсаңында ауысқандардың постылық ведомостарын әскери бөлімнің штаб бастығы бөлім командиріне қарауға және шешім қабылдауға ұсынады. Одан кейін оларда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қандай шара қолданылғаны көрсетіле отырып, ішкі (гарнизондық) қарауылдардың постылық ведомостарын әскери бөлімнің штаб бастығы екі тәуліктен кешіктірмей, гарнизонның штаб бастығына қайтарады.
      3. Қарауылдардың постылық ведомостары ағымдағы жылдан кейінгі бір жыл ішінде гарнизонның (әскери бөлімнің) штабында сақталады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                       16-ҚОСЫМША

                Тұтқындалғандардың атаулы тізімі

Р/с
N

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты

Қандай
камерада
ұсталады

Тұтқын-
ға
алынған
уақыты

Тұт-
қыннан
боса-
тылған
уақыты

Гаупт-
вахта
бастығы-
ның
(әскери
полиция
органы
бойынша
кезекші-
нің)
тұтқын-
далғанның
босатыл-
ғаны
туралы
қолы

1

2

3

4

5

6

7

1

қатардағы жауынгер

Морев Олег Иванович

жеке

10.50.
31.12. 2007 ж.



2

қатардағы жауынгер

Демченко Евгений Игоревич

жалпы

11.20.
31.12.
2007 ж.



3

қатардағы жауынгер

Данияров Әлім Ғабдолұлы

жалпы

12.20.
31.12.
2007 ж.



4

сержант

Жампозов
Қайрат Тілеубердіұлы

сержант-
тық

12.40.
31.12.
2007 ж.



      Гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)
____________________________________________________________________
                 (әскери атағы, қолы, тегі)
 
       Ескертпе: Тұтқындалғандарды қабылдау-тапсыру кезінде ауысатын қарауылдың бастығы тізімде гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) қолынан төмен жазу жазады, мысалы: "осы тізім бойынша 2007 жылғы 29 қаңтарда 09.00-де 4 (төрт) тұтқындалғандарды тапсырады: қарауыл бастығы капитан (қолы) К.Тоқышев". Жаңа қарауыл бастығы тұтқындалғандарды қабылдау туралы тиісті жазу жазады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                      17-ҚОСЫМША

Арнайы автомобиль

      Арнайы автомобиль жедел (патруль) топтың және иті бар кинологтың ұстауға шығуына, сондай-ақ ұсталғандар мен күзетуге қамалғандар (айдауылда болатындар) болатын орынға дейін тасымалдау үшін арналған.
      Автомобиль түстіграфикалық бояу (көк түсті "әскери полиция" деген жазуы бар жолақ) мен тану жазбалары бар ақ түсті үш орынды тұтас металл фургон базасында дайындалады, дауыспен белгі беретін қондырғымен және байланыс құралдарымен жабдықталады.
      Төбесі мен есіктері - стандартты. Отыратын орын саны:
      кабина - жүргізуші, 2 жолаушы;
      ілесіп жүрушілерге арналған бөлік - үш адам;
      ұсталғандарға арналған бөлік - 4 адам.
      Кабина ілесіп жүрушілерге арналған бөліктен жылжымалы терезесі бар тұтас қоршаумен бөлінген.
      Ілесіп жүрушілерге арналған бөлікте:
      үш отыратын орын;
      жазуға арналған үстел;
      жылытқыш;
      екі жарық түсіргіші мен түсті желдеткіш люгі бар төбе;
      жақтаулы есігінде терезе (желөзек);
      ілесіп жүрушілерге арналған бөлік жағындағы есігінде иттерге арналған бөлік;
      еденнің сырғанамайтын төсеме болады.
      Ұсталғандарға арналған бөлік екі бөлінген камерадан тұрады, әрбір камерада екі ұсталған (25x40 мм профильді құбырлы дәнекерленген металл қаңқадан жасалған, қабырғалары, төбелері, есіктері қалыңдығы 1,5 мм металл табақтармен қапталған). Әрбір камерада:
      бір жақты ішкі құлыпы мен қосымша бекітпесі бар ішкі торлы есік:
      металл торы бар қарау терезе;
      ұсталғандарды көзбен шолып қарауға арналған бөліктің алдыңғы жағындағы қабырғасында қоршауда металл торлы қарау терезе;
      ағашпен қапталған арқасы бар металл орындық;
      тормен қорғалған шам;
      төбеде тартып соратын желдеткіш болады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        18-ҚОСЫМША

    200 ____ жылы гауптвахтадағы тұтқындалғандар (ұсталғандар,
        күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар) кітабы

Р\с N
тұтқынға
қабылдаған
күні мен
уақыты

Лауазымы,
әскери
атағы,
тегі, аты,
әкесінің
аты

Әскери
бөлімі-
нің
нөмірі

Кім
ұстады
(тұтқын-
дады,
соттады)

Ұстау
себебі
(тұтқын-
дау, не
үшін
сотталады,
қандай
бап
бойынша)

Қандай
мерзімге
және
қандай
камерада
ұсталады

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданған
заттары,
құжаттары
мен ақшасы

Ұстау
(тұтқындау,
соттау)
мерзімі
қашан
аяқталады

Тұтқын-
далғанды
қабылдау
кезінде
уақытша
медици-
налық
қарау,
моншада
жуынуы
және
денесін
қарау
туралы
жазба
(меди-
цина
қызмет-
керінің
қолы)

Босатыл-
ғаны
туралы
жазба

Гаупт-
вахтаға
қабылдау
кезінде
заттарын,
құжаттары
мен
ақшасын
тапсыр-
ғаны
туралы
қолы

Тұтқыннан
кеткенде
заттарын,
құжаттары
мен
ақшасын
алғаны
туралы
қолы

7

8

9

10

11

12

      Ескертпе: Сотталғандар үшін "Кім тұтқындады" деген бағанда әскери қызметшінің қандай әскери сотпен сотталғаны, тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот тұтқындағандар және ұстағандар үшін қай тергеушінің, анықтау органының, прокуратураның немесе соттың тұтқындау түріндегі жолын кесу шарасын қолданғаны немесе ұстауды жүргізгені туралы жазылады.

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        19-ҚОСЫМША

                  (қолхаттың бет жағы)

_______________
|Әскери бөлімнің|             Ұсталғанды (тұтқындалғанды,
|мөртаңбасы     |             сотталғанды) қабылдауға қолхат
|_______________|
                  __________________________________________________
                       (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                        (бөлімше, әскери бөлім)
_________бастап___________дейін____________________камерада ұстаумен
_____________________________тәулікке (сағатқа) гауптвахтаға алынды.
200_жылғы"__"-"__"__________________________________________________
                              (уақыты, күні, айы, жылы)

      Гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)
____________________________________________________________________
                  (әскери атағы, қолы, тегі)
       Әскери
      полиция
     органының
     елтаңбалы
        мөрі

                     Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
                                        20-ҚОСЫМША

                Тұтқындалғанды (ұсталғанды)
                       босату туралы
                           ЖАЗБА

_______________
|Әскери бөлімнің|      Қарауыл бастығы______________________________
|мөртаңбасы     |            (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
|_______________|      Тұтқында ұсталатын___________________________
                       босатылсын___________________________________
                                      (уақыты, күні, айы, жылы)
                       Негіздеме: __________________________________
                             (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

     Гаупвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)
        _________________________________________________
                 (әскери атағы, қолы, тегі)
                          200_жылы "__"____________________________
                                             (күні, айы, жылы)
      Әскери полиция
        органының
      елтаңбалы мөрі

                      (қолхаттың екінші беті)
 
Ұсталғанда (тұтқындалғанда, сотталғанда) мынадай заттар болды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
         ұсталғанның (тұтқындалғанның, сотталғанның) қолы
 
Гаупвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)
        _________________________________________________
                 (әскери атағы, қолы, тегі)
 
                                Әскери полиция
        органының
      елтаңбалы мөрі
                            Тұтқындалғанды жеткізгеннің адамның қолы
                            ________________________________________
                                    (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: Қолхат үш данада ресімделеді. Бірінші данасы әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі жеткізілген әскери қызметшіге беріледі, үшіншісін қарауыл бастығы ведомоспен бірге тапсырады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Президентінің
                                              2007 жылғы 5 шілдедегі
                                                 N 364 Жарлығымен
                                                    БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫ

      Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.
      Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

      2. Қатар - әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
      Машиналар сызығы - машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

      3. Қаптал - саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.

      4. Маңдайшеп - саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың - алдыңғы бөлігі).

      5. Саптың тыл жағы - маңдайшепке қарама-қарсы жағы.

      6. Аралық - маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.

      7. Арақашықтық - әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.

      8. Саптың ені - қапталдар арасындағы қашықтық.

      9. Сап тереңдігі - бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машиналардағы іс-қимыл кезінде - машиналардың бірінші сызығынан (алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта тұрған машинаға) дейінгі қашықтық.

      10. Екі қатарлы сап - бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.
      Қатар - екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.
      Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.
      Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа тұрғызылады.

      11. Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін.
      Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.
      Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.

      12. Лек - әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) - бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.
      Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.
      Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.
      Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.

      13. Өрістетілген сап - бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

      14. Жорықтық сап - бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.
      Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

      15. Бағыттаушы - көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
      Тұйықтаушы - лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).

1. Саптарды басқару

      16. Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
      Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
      Сапта аға командир, оған команда беруге ыңғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді.
      Рота және одан жоғары бөлімшелер командирлеріне батальон мен бригаданың (полктің) жорықтық сабында командалар беру және олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуға рұқсат етіледі.

      17. Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.
      Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
      Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
      Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
      Мысалы: "Взвод (3-ші взвод) - ТОҚТА". "Қатардағы жауынгер Әлімов, Артқа - БҰРЫЛ".
      Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орнында тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
      Егер бастық сапта тұрған әскери қызметшінің әскери атағы мен тегі бойынша назар аударса, ол: "МЕН" деп жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша назар аударса, әскери қызметші өз лауазымын, атағы мен тегін атап жауап береді. Бұл ретте қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.
      Алдын ала берілетін командада қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған кезде қарудың атауы аталады.
      Мысалы: "Автоматтарды - кеуде-ГЕ".
      Командалар берген кезде дауыс саптың еніне және тереңдігіне сәйкес келуі тиіс, ал баяндау анық, дауысты күрт көтерместен айтылады.

      18. Сапты басқару үшін белгілер және машинаны басқару үшін белгілер 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.
      Қажет болған кезде командир сапты басқару үшін қосымша белгілерді тағайындайды.

      19. Барлық бөлімшелерге қатысты командаларды бөлімшелердің барлық командирлері мен машиналардың командирлері (жетекшілері) қабылдайды және дереу орындайды.
      Командаларды белгімен берген кезде алдын ала "НАЗАР САЛ" белгісі беріледі, ал егер команда бөлімшелердің біреуіне ғана қатысты болса, онда сол бөлімшенің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшелердің нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді бөлім (бөлімше) командирі белгілейді.
      Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ "НАЗАР САЛ" белгісімен белгіленеді.
      Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады.

      20. Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін "ТОҚТАТ" командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.

      21. Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозғалыстарды бөлінулер бойынша, сондай-ақ дайындық жаттығуларының көмегімен орындауға жол беріледі.
      Мысалы: "Автоматты кеудеге, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ, жаса - ҮШ". "Оңға, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ".

      22. Құрама командаларды құрған кезде бөлімшелерге олардың саптық есебі жүргізіледі. Есеп жүргізу үшін әскери қызметшілер бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады және осы Жарғының 88-тармағында көрсетілгендей жалпы нөмірлеу бойынша санасады. Осыдан кейін команданың санына байланысты роталарға, взводтар мен бөлімшелерге біртіндеп есеп жүргізіледі және осы бөлімшелердің командирлері тағайындалады.
      Парадтарға қатысу үшін, сондай-ақ басқа да жағдайларда командирдің бұйрығы бойынша бөлімше үш, төрт және одан да көп болып жалпы лекке сапқа тұрғызылуы мүмкін. Бұл ретте сапқа тұрғызу, әдетте, ранжир (бойы) бойынша жүргізіледі.

      23. Бөлімшелерді сапқа тұрғызу "САПҚА ТҰР" командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.
      Мысалы: "Бөлімше, бір қатарға - САПҚА ТҰР".
      Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.

      24. Қарулы Күштер түрінің, тектері мен арнайы әскерлерінің бөлімшелері үшін командалар берген кезде "бөлімше", "взвод", "рота", "батальон" және "бригада" ("полк") атауларының орнына Қарулы Күштер түрінде, тектері мен арнайы әскерлерінде қабылданған бөлімшелер мен бөлімдердің атаулары көрсетіледі.

      25. Осы Жарғыда көрсетілмеген бөлімдер мен бөлімшелер, олардың ұйымдық-штаттық құрылымы ескеріле отырып, оның ережелері басшылыққа алынады.

2. Командирлер мен әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттері

      26. Командир мыналарға міндетті:
      сапқа тұрғызу орнын, уақытын, тәртібін, киім нысаны мен жабдықтарды, сондай-ақ қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетуге; қажет болған кезде қадағалаушыны тағайындауға;
      сапта өз бөлімшесі (бөлімі) бағыныстыларының, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдары мен шанецтік аспаптардың болуын тексеруге және білуге;
      бағыныстылардың сыртқы пішінін, сондай-ақ жабдықтардың болуын және оның дәл келуін тексеруге;
      сап тәртібін сақтауға және бөлімшелердің командаларды, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауын талап етуге;
      жаяу жүру сабындағы орнында командалар берген кезде саптық қалыпты қабылдауға;
      жеке құрамды тасымалдау үшін жабдықтың болуын және ақаусыздығын, тасымалданатын (тіркелетін) материалдық бөлік бекітілуінің және мүлік салынуының дұрыстығын тексеруге, бөлімшелерді қару-жарақпен және әскери және басқа да техникамен сапқа тұрғызған кезде оларға сыртқы шолу жасауға;
      рота және одан жоғары командирлерде - өзімен бірге саптық жазбаның болуына (3-қосымша);
      жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын ескертуге;
      қозғалыста белгіленген арақашықтықты, жылдамдық пен қозғалыс ережелерін сақтауға.

      27. Әскери қызметші мыналарға міндетті:
      өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдарының, шанецтік аспаптардың, киім-кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;
      киім-кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерге байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;
      саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;
      сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;
      өз командирінің командаларын мұқият тыңдауға, басқаларға бөгет жасамай, оларды жылдам және нақты орындауға;
      командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізуге.

2-тарау. Саптық тәсілдер және қарумен және қарусыз қозғалыс жасау

1. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау Саптық қалып

      28. Саптық қалып (1-сурет) "САПҚА ТҰР" командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
      Орнында "ТІК ТҰР" командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
      Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взвод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

      29. "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
      "РЕТТЕЛ" командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
      "РЕТТЕЛ" командасы алдында "ЕРКІН ТҰР" командасы беріледі.

      30. Бас киімді шешу үшін "Бас киімді - ШЕШ", ал кию үшін -«Бас киімді - "КИ" деген команда беріледі.
      Шешілген бас киім кокардасы алға қаратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады (2-сурет).
      Қарусыз немесе қарумен "арқаға" күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен "қарубауға", "кеудеге" және "аяққа" күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен "иыққа" күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала "аяққа" күйіне түсіріледі.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

Орнында бұрылулар

      31. Орнында бұрылулар: "Оң-ҒА", "Жарты айналым оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Жарты айналым сол-ҒА", "Артқа БҰРЫЛ" командалары бойынша орындалады.
      Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
      Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
      бірінші тәсіл - дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
      екінші тәсіл - қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс

      32. Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
      Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 70-80 см.
      Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 85-90 см.
      Адым саптық және жорықтық болады.
      Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
      Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.

      33. Саптық адыммен қозғалыс жасау "Саптық адыммен - БАС" командасы бойынша басталады.
      Жорықтық адыммен қозғалыс "Адым - БАС" командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
      Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
      Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде (3-сурет) аяқтың ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
      Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға - оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа - иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
      Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ "ТІК ЖҮР" командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде "ЕРКІН ЖҮР" командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

      34. Жүгіре қозғалыс жасау "Жүгіре - БАС" командасы бойынша басталады.
      Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
      Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
      Жүгіруден адымға ауысу үшін "Адым - БАС" командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

      35. Орнында тұрып адым жасау "Орныңда адым - БАС" (қозғалыста - "Орныңда") командасы бойынша жасалады.
      Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін "ТУРА" командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

      36. Қозғалысты тоқтату үшін "ТОҚТА" командасы беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов - Тоқта".
      Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      37. Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: "КЕҢ АДЫМ", "ҚЫСҚА АДЫМ", "ЖИІ АДЫМ", "СИРЕК АДЫМ", "ЖАРТЫ АДЫМ", "ТОЛЫҚ АДЫМ".

      38. Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым - БАС".
      Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, онға (солға) екі адым жасау керек.
      Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: "Екі адым алға (артқа), адым - БАС".
      Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.
      Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.

Қозғалыста бұрылулар

      39. Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: "Оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Артқа бұрыла - БАС".
      Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
      Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.
      Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.
      Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.

2. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс Қарумен саптық қалып

      40. Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты, бұл ретте "қарубауға" күйіндегі қарудың ұңғы жағын жоғары қаратып, шынтақты денеге қатты қысып - білекті тік күйде, ал жиналмалы дүмі бар автоматты - ұңғы жағын төмен қаратып ұстау керек (5-сурет - 1), 2), 4).
      "Кеудеге" күйіндегі автоматпен саптық қалыпты қабылдау кезінде автоматты оң қолмен дүмнің сабынан (ұңғы қорабынан) ұстап, сол қолды төмен түсіру керек.
      Қол оқшашарын оң аяқтың жанында ұстап, оның дүмтабаны жерде тұратындай етіп, оң қолын еркін түсіріп, аяғының жанында ұстау керек (5-сурет).
      Карабинді қол оқшашары сияқты аяқтың жанында ұстау керек, бұл ретте еркін түсірілген оң қолмен ұңғыны орап газ түтігінен ұстау керек (5-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

Орнында қарумен тәсілдерді орындау

      41. Автомат "қарубауға" күйінен "кеудеге" күйіне "Автоматты кеуде-ГЕ" командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - қарубау бойынша оң қолды біршама жоғары көтеріп, автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, иықтан алу керек, оқжатарын сол жаққа қаратып, ұңғының ұшын иек деңгейінде, өзінің алдында тік ұстау керек (6-сурет);
      екінші тәсіл - қарубауды оң қолмен оңға қарай жіберу керек және оны алақанмен саусақтарды жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; онымен бір уақытта оң қолдың шынтағын қарубаудың ішіне кіргізу керек (6-сурет);
      үшінші тәсіл - қарубауды бастан асыра тастау керек; автоматты оң қолмен дүмінің сабынан ұстап, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).
      Жиналмалы дүмі бар автомат "қарубауға" күйінен "кеудеге" күйіне дәл сол команда бойынша екі тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - оң қолдың шынтағын қарубаудан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, оны өзінің алдында оқжатарын төмен, ұңғы жағын солға қаратып ұстау керек (6-сурет);
      екінші тәсіл - қарубауды оң қолмен бастан асыра сол жақ иыққа тастап, онымен автоматты қарубау жанындағы ұңғы қорабынан ұстау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      42. Автомат "кеудеге" күйінен "қарубауға" күйіне "Қарубау-ҒА" командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және онымен бір уақытта оны біршама алға жоғары қарай көтере отырып, оң қолды қарубаудың ішінен шығарып, оны дүмінің сабынан ұстау және автоматты 7-суретте көрсетілгендей етіп ұстау керек;
      екінші тәсіл - автоматты жоғары көтере отырып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын солға қаратып, ұңғы ұшын иек деңгейінде өзінің алдында тік ұстау керек (7-сурет);
      үшінші тәсіл - оң қолмен қарубаудың жоғарғы жағынан ұстау және автоматты "қарубауға" күйіне оң жақ иыққа асыра тастау, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).
      Жиналмалы дүмі бар автомат "кеудеге" күйінен "қарубауға" күйіне сол команда бойынша үш тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - автоматты сол қолмен жоғарғы жағынан ұңғысы мен газ түтігінен ұстау және автоматты біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын қарубаудың ішінен шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып, қарубауды ұңғы қорабы жағынан алу керек (7-сурет);
      екінші тәсіл - автоматтың ұңғы қорабын жоғары қарата бұрып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын оңға қаратып ұстау керек (7-сурет);
      үшінші тәсіл - автоматты "қарубауға" күйіне оң жақ иыққа асыра тастау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).

      43. Карабин (қол оқшашары) "аяққа" күйінен "қарубауға" күйіне "Қарубау-ҒА" командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) оны денеден алшақтатпай, шамалы көтеру, оқжатарын (қол оқшашары - пистолет тұтқасын) солға қарай бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол оқшашары - сағағынан) алу және оның ұңғы ұшын көз деңгейінде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысу керек (8-сурет - 1), 2);
      екінші тәсіл - оң қолмен қарубауды алу және оны солға қарай тарту керек (8-сурет);
      үшінші тәсіл - карабинді (қол оқшашарын) иыққа жылдам асырып тастау керек; сол қолды төмен түсіру керек; оң қолды білек көлденең күйде болатындай етіп, қарубау бойымен төмен түсіру керек; карабинді (қол оқшашарын) шынтақпен ақырын қысу керек (8-сурет - 4), 5).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      44. Карабин (қол оқшашары) "қарубауға" күйінен "аяққа" күйіне "Аяқ-ҚА" командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтере отырып, карабинді (қол оқшашарын) иықтан алу керек және оны сол қолмен сағатынан ұстап, карабинді (қол оқшашарын) оң қолмен ұңғы бастырмасының жоғарғы бөлігінен оқжатарын (қол оқшашары - пистолет тұтқасын) солға қарай, ұңғы ұшын көз деңгейіне келтіріп алу керек (8-сурет - 1), 2);
      екінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіру, ал оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) жерге аяқ жанына жайлап қою керек (5-сурет - 3), 5).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      45. Карабин "аяққа" күйінен "иыққа" күйіне тек салынған сүңгімен "Иық-ҚА" командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - оң қолмен карабинді көтере және бекітпесін алға қарай бұра отырып, оны дененің жанына сол жақ бүйірге тік ауыстыру керек және онымен бір уақытта оң қолдың алақанымен сағақ пен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек, онымен бір уақытта сол қолдың алақанын біршама алға жіберу және карабинді дүмімен сол қолдың алақанында дүмтабаны жататындай, бас бармақ алдында тұратындай, ал қалған саусақтар дүмнің сол жағын қысып тұратындай етіп қою керек; карабинді сол жақ иыққа қарама-қарсы қолды созып тік, дүмін сол аяққа тигізе отырып ұстау керек; оң қолдың шынтағы - иық деңгейінде (9-сурет);
      екінші тәсіл - оң қолды жылдам төмен түсіру керек, онымен бір уақытта сол қолмен карабинді, ол ағытқыш доғасымен иық оймасында жататындай етіп көтеру керек және оны жантайтпай ұстап тұру керек; сол қолдың білегін шынтақтан біршама төмен ұстау, дүмді белге, ал қарубауды бүйірге қысып ұстау керек (9-сурет - 2), 3).

      46. Карабин "иыққа" күйінен "аяққа" күйіне "Аяқ-ҚА" командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіріп, онымен бір уақытта карабинді оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек және оны 9-1) суретте көрсетілген күйге қою керек;
      екінші тәсіл - карабинді оң қолмен оның бекітпесін өзіне қаратып, оң аяққа қарай төмен ауыстыру керек; карабинді сол қолмен сүңгі түтігінен ұстап тұрып, оны оң аяқтың екі жаны бойымен дүмі табан жанына тиетіндей етіп ұстап тұру керек;
      үшінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіріп, ал оң қолмен карабинді жайлап жерге қою керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      47. Қарубауды ұзарту (қысқарту) қажет болған кезде "Қарубауды - ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)" командасы беріледі.
      "Қарубауды" командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштарды оң қолға алып, карабиндер мен оқшашарларды аяқ жанына қою керек; жиналатын дүмі бар автоматтың дүмін жазу керек, ол үшін оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтеріп, автоматты иықтан алу және оны сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, өзінің алдында оқжатарын төмен қаратып, иек деңгейінде көлденең ұстау керек. Автоматты сол қолмен ұстай отырып, оң қолмен ілмегін босату және дүмін жазу керек. Автоматты оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстау керек. "ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)" командасы бойынша оңға қарай жартылай айналым жасап, онымен бір уақытта сол аяқпен солға қарай бір адым жасау керек және алға еңкейе отырып, қаруды дүмімен сол аяқ табанының ішкі жағына тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың ішкі буынына қою керек; тізені бүкпеу керек; оң қолмен қарубаудың тоғасын ұстап тұрып, сол қолмен қарубауды қысқарту (ұзарту) және өздігінен саптық қалыпты қабылдау керек.

      48. Қару "қарубауға" күйінен "арқаға" күйіне "Қаруды арқа-ҒА" командасы бойынша екі тәсілмен алынады (осы команда алдында "қарубауды ұзарт" командасын орындау керек):
      бірінші тәсіл - қарубауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен ұстау керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (жиналмалы дүмі бар автомат пен қол гранатаатқышты - ұңғысынан төменгі бекітпеден) ұстау керек;
      екінші тәсіл - қаруды оң қолмен біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра сол иыққа тастау керек; қаруды және қолды жылдам төмен түсіру керек (10-сурет).
      Автомат "арқаға" күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин - жазылған сүңгісімен алынады.

      49. Қару "арқаға" күйінен "қарубауға" күйіне "Қаруды - қарубау-ҒА" командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
      бірінші тәсіл - сол қолмен қарубауды сол иықтан біршама төмен алу керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (ұңғысынан, раструбынан) ұстау керек;
      екінші тәсіл - оң қолмен қаруды біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра оң иыққа тастау керек, қарубауды 5-1), 2), 4) және 8-4), 5) суреттерінде көрсетілгендей оң қолмен алу, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.

      50. Автоматты "кеудеге" күйінен "арқаға" күйіне және "арқаға" күйінен "кеудеге" күйіне, сондай-ақ карабинді "арқаға" күйінен "аяққа" күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала берілетін команда бойынша "қарубауға" күйіне алынады.
      Жиналмалы дүмі бар автоматты "кеудеге" күйінен "арқаға" күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының бас жағынан ұстап және оны "арқаға" күйіне ауыстыру керек.
      Жиналмалы дүмі бар автоматты "арқаға" күйінен "кеудеге" күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғы жағынан ұстау керек және оны ұңғы жағынан сол иыққа қарай тартып, "кеудеге" күйіне ауыстыру керек.
      Қол оқшашары "арқаға" күйіне ыңғайына қарай алынады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      51. "Арқаға", "Қарубауға" және "Кеудеге" командалары берілер алдында қару "Сақтандырғышқа - ҚОЙ" командасы бойынша сақтандырғышқа қойылады.
      Егер сүңгі-пышақты ағыту (сүңгіні жазу) немесе оны бекіту қажет болса, онда "Сүңгі-пышақты - АҒЫТ" ("Сүңгіні - ЖАЗ") және "Сүңгі-пышақты (сүңгіні) - БЕКІТ" командалары беріледі.

      52. "Аяқ-ҚА" жалпы командасы бойынша карабиндер мен оқшашарлар "аяққа" күйіне алынады, ал автоматтар мен қол гранатаатқыштардың күйі өзгермейді.

      53. Қарудың дұрыс емес күйін түзету үшін "Қаруды - ТҮЗЕ" командасы беріледі.

      54. Қару команда бойынша жерге қойылады, мысалы: "Бөлімше, қаруды жерге - ҚОЙ".
      "Қаруды жерге" командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштары оң қолға; карабиндер мен оқшашарлар - "аяққа" күйіне алынады; одан басқа оқшашарлардың тіреуіші жинап тасталады.
      "ҚАРУҒА" командасы бойынша бірінші қатар алға екі адым жасайды және аяғын жерге қояды, одан кейін екі қатар бір уақытта сол аяқпен алға бір адым жасайды және дүмтабанын оң аяқтың ұшына тигізе ұстап (оң тізе бүгілмейді, сол қол соңына дейін артқа жіберіледі, бастың күйі - тура, иек көтеріңкі болады), бекітпенің сабын (бекітпе рамасын) төмен қаратып қаруды жерге қояды, одан кейін сол аяқты оң аяқтың жанына қояды.
      Қол гранатаатқыштары сабын солға қаратып жерге қойылады. Оқшашарлар тіреуішіне қойылады.
      Жеке әскери қызметшілер мен бір қатарлы саптағы әскери қызметшілер орындалатын команда бойынша тек соңғы екі қимылды ғана орындайды.

      55. Қаруды жерден алу үшін "Бөлімше - ҚАРУҒА" және одан кейін "ҚАРУЛАН" командалары беріледі.
      Бірінші команда бойынша бөлімше қарудың жанына сапқа тұрғызылады. Екінші команда бойынша әскери қызметшілер сол аяқпен алға бір адым жасайды, қаруды оң қолмен алады және тік түзеліп, сол аяқты оң аяқтың жанына қояды. Екінші қатар алға екі адым жасайды, одан кейін екі қатар бір уақытта қаруды "қарубауға" күйіне алады. Оқшашарлардың алдын ала тіреуіштері жиналады.

Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау

      56. Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау қарусыз жасалатын дәл сол ережелермен және командалармен орындалады.

      57. "Аяққа" күйінде орнында қарумен бұрылыстар жасаған кезде алдын ала берілетін команда бойынша қаруды біршама көтеру және онымен бір уақытта сүңгіні (ұңғы жағын) өзіне қарай тарту, ал оң қолды оң жанына біршама жақындату керек. Бұрылғаннан кейін аяқты қоюмен бір уақытта қаруды жайлап жерге қою керек.

      58. "Аяққа" күйінде "Адым" алдын ала командасы бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеру керек, ал "Жүгіре" алдын ала берілетін командасы бойынша, бұдан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.
      Жүгіре қозғалу кезінде қаруды ақырын бүгілген оң қолмен  қарудың ұңғы жағы біршама алға қарап тұратындай етіп ұстау керек. Жинақталған сапта жүгіру кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.

      59. "Аяққа" күйінде және "иыққа", "қарубауға" және "кеудеге" күйлерінде қарумен қозғалыс жасау кезінде қару ұстамаған бос қолмен, ал "арқаға" күйінде қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дене айналасында адым ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.

      60. Карабинмен "иыққа" күйінде қозғалыс жасау кезінде "ТОҚТА" орындалатын командасы бойынша тоқтау керек және командасыз карабинді осы Жарғының 46-тармағында көрсетілген ережелер бойынша "аяққа" күйіне алу керек.

      61. Қозғалыста карабин аяққа "күйінен«иыққа" күйіне орнында тұрғандай (осы Жарғының 45-тармағы), сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін "Иық-ҚА" командасы бойынша екі тәсілмен алынады. Орындалатын команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау керек және содан кейін біртіндеп сол аяқты жерге қоюмен әрбір тәсілді орындау керек.

      62. Қозғалыста карабин «иыққа "күйінен «аяққа" күйіне орнында тұрғандай (осы Жарғының 46-тармағы), сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін "Аяқ-ҚА" командасы бойынша үш тәсілмен алынады. Орындалатын команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау керек және содан кейін біртіндеп сол аяқты жерге қоюмен әрбір тәсілді орындау керек.

3-тарау. Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету

1. Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау

      63. Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.

      64. Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.
      Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.
      Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

      65. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.
      Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

      66. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.

2. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

      67. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің "иыққа" күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.
      Әскери сәлемдесуді карабинмен "иыққа" күйінде орындау кезінде ол алдын ала "аяққа" күйіне алынады.
      Қарумен "арқаға" күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

      68. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, "қарубауға" немесе "кеудеге" күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; "арқаға" күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.
      Карабинмен "иыққа" күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

      69.«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командасы бойынша "аяққа" күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
      бірінші тәсіл - карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ - көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі - қарубау деңгейінде болу керек (13-сурет);
      екінші тәсіл - оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).
      Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.

      70. Карабин "қарауылға" күйінен "аяққа" күйіне "Аяқ-ҚА" командасы бойынша алынады.
      Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:
      бірінші тәсіл - оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;
      екінші тәсіл - карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;
      үшінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      71. "Қарауылға" тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.
      "Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командасы бойынша карабиндер "қарауылға" күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.

3. Саптан шығу және оған қайта тұру.
Бастыққа келу және одан кету

      72. Әскери қызметші саптан шығу үшін команда беріледі.
      Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)" немесе "Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)".
      Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін "Мен" деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша "Құп болады" деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым санына) саптан шығады, тоқтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда тоқтап, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түсіреді.
      Мысалы: "Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр".
      Әскери қызметші екінші қатардан шыққан кезде ол алдында тұрған әскери қызметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және оң аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.
      Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатарда оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.
      Әскери қызметші екіден, үштен (төрттен) тұратын лектен шыққан кезде ол саптан алдын ала оңға (солға) бұрыла отырып, жақын қаптал жаққа шығады. Егер жанында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен жанына бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан, артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді және одан кейін өз орнына тұрады.
      Әскери қызметші қарумен саптан шыққан кезде қозғалыстың басталуы кезінде "аяққа" күйіне алынатын, "иыққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді.

      73. Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҰР" немесе тек "САПҚА ТҰР".
      Сапқа қарап тұрған әскери қызметші "Қатардағы жауынгер Әлімов" командасы бойынша өзінің тегін естігеннен кейін бастық жаққа бұрылады және "Мен" деп жауап береді, ал "САПҚА ТҰР" командасы бойынша, егер ол қарусыз немесе "арқаға" күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарып "Құп болады" деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып, бірінші адым жасаумен қолын төмен түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып, қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады.
      Егер тек қана "САПҚА ТҰР" командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан, сапқа қайтып оралады.
      Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталған күйге алынады.

      74. Әскери қызметші саптан тыс бастыққа келген кезде осы Жарғының 72-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
      Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін "аяққа" күйіне алынатын, "иыққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді. Қару "арқаға" күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.

      75. Әскери қызметші бастықтың жанынан кеткен кезде кетуге рұқсат ала отырып, оң қолын бас киіміне апарып "Құп болады" деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын төмен түсіреді.
      Бастықтың жанынан қарумен кеткен кезде "аяққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді, егер қажет болса әскери қызметші "Құп болады" деген жауаптан кейін басқа күйге алады.

      76. Бастық әскери қызметшіні сапқа қайтаруға команда бергенде немесе оған кетуге рұқсат бергенде қолын бас киіміне апарады және төмен түсіреді.

4-тарау. Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) жаяу тәртіптегі саптары

1. Бөлімше саптары Өрістетілген сап

      77. Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
      Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу "Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) - САПТАН" командасы бойынша жүргізіледі.
      Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 14, 15-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер - 4-қосымша).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

      78. Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде "ТҮЗЕЛ" немесе "Солға - ТҮЗЕЛ" командасы беріледі.
      "ТҮЗЕЛ" командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әрқайсысы өзін бірінші деп санағанда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. "Солға - ТҮЗЕЛ" командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).
      Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.
      "Аяққа" күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.
      Түзелу аяқталғаннан кейін "ТІК ТҰР" командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.
      Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.
      Мысалы: "Оңға (солға) - ТҮЗЕЛ".

      79. "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша және "РЕТТЕЛ" командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.
      "Бөлімше - ТАРА" командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін "Бөлімше - МАҒАН КЕЛ" командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

      80. Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және 57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде - алға бір адым жасайды.

      81. Бөлімше орнында жазылу үшін "Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)" командасы беріледі.
      Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.
      Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін "Мен" деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.
      Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.

      82. Бөлімшені орнында жинақтау үшін "Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)" командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.

      83. Бөлімшенің қозғалуы үшін: "Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Адым (саптық адыммен, жүгіре) - БАС" командалары беріледі.
      Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.
      Мысалы: "Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Саптық плац бағытына (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) - БАС".
      "БАС" командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.
      Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.
      Бөлімшені тоқтату үшін "Бөлімше - ТОҚТА" командасы беріледі.

      84. Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.
      Мысалы: "Автоматтарды кеуде-ГЕ", "Оқшашарларды қарубау-ҒА", "Карабиндерді иық-ҚА".

      85. Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін "Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)", ал сап бұрылғаннан кейін - "Бес адым алға, адым - БАС" командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше "Сол-ҒА (оң-ҒА)" командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.
      Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғының 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

      86. Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде "Ретсіз - АДЫМДА", ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін "Ретпен - АДЫМДА" командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).

      87. Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін "Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым - БАС", жүру кезінде - "Бөлімше, оң (сол) иық алға - АДЫМДА" командасы беріледі.
      Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.
      Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда "ТУРА" немесе "Бөлімше - ТОҚТА" командасы беріледі.

      88. Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала "Бөлімше, бірінші-екіншіге - САНАЛ" командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.
      Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
      Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін "Бөлімше, ретпен - САНАЛ" командасы беріледі.
      Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: "Толық" немесе "Толық емес" деп баяндайды.

      89. Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу "Бөлімше, екі қатарға - САПҚА ТҰР" командасы бойынша жүргізіледі.
      Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды, оң аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.
      Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды.

      90. Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға алшақтайды, содан кейін "Бөлімше, бір қатарға - САПҚА ТҰР" командасы беріледі.
      Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.
      Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

Жорықтық сап

      91. Бөлімшенің жорықтық сабы бір лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.
      Бөлімшені орнында бір (екі) лекті сапқа тұрғызу "Бөлімше, бір (екі) лекке - САПҚА ТҰР" командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штатқа сәйкес сапқа тұрады (16 және 17-суреттер).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      92. Бөлімшені өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу "Бөлімше, оң-ҒА" командасы бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.

      93. Бөлімшені лектен өрістетілген сапқа қайта сапқа тұрғызу "Бөлімше, сол-ҒА" командасы бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лекті бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға жарты адым жасайды.

      94. Бөлімшені бір лектен екі лекке қайта сапқа тұрғызу "Бөлімше, екі лекпен адым - БАС" (жүру кезінде - "АДЫМДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен жүреді, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретте көрсетілгендей тұрады; бөлімше "ТУРА" немесе "Бөлімше - ТОҚТА" командасына дейін жарты адыммен қозғалады.

      95. Бөлімшені екі лектен бір лекке қайта сапқа тұрғызу "Бөлімше, бір лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "АДЫМДА") командасы бойынша орындалады.
      Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) толық адыммен, ал қалғандары - жарты адыммен жүреді; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және толық адыммен қозғалысты жалғастырады.

      96. Лектің қозғалыс бағытын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі:
      "Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым-ДА", бағыттаушы "ТУРА" командасына дейін солға (оңға) бұрылады, қалғандары оның соңынан жүреді;
      "Бөлімше, менің соңымнан, адым-ДА (жүгіре - БАС)", бөлімше командирдің соңынан жүреді.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

      97. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі "Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)" командасын береді.
      Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.
      Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.

      98. Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе "арқаға" күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол "иыққа", "қарубауға" немесе "кеудеге" күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының 74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов".
      Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.
      Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.
      Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе "Еркін тұр" командасы бойынша бөлімше командирі "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және қолын төмен түсіреді.

      99. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі "Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасын береді. "ТІК ЖҮР" командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. "Иыққа" күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе "арқаға" күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.
      Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе "Еркін жүр" командасы бойынша бөлімше командирі "ЕРКІН ЖҮР" командасын береді және қолын төмен түсіреді.

      100. Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.

2. Взвод саптары
 
Өрістетілген сап

      101. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
      Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу "Взвод, бір қатарға (екі қатарға) - САПТАЛ" командасы бойынша жүргізіледі.
      Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.
      Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.
      Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 20-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      102. Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

      103. Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.

Жорықтық сап

      104. Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта - төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін (21-23-сурет).
      Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу "Взвод, үш (төрт) лекке - САПТАН" командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімше 21-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.
      Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 24-суретте көрсетілген.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      105. Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.

      106. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу "Взвод, оң-ҒА"; "Қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Бір (екі) лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде -«адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      "Адымда" командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тура отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.

      107. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу "Взвод, оң-ҒА"; "Қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Үш (төрт) лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      "Адым-ДА" командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі "ТУРА" немесе "Взвод - ТОҚТА" командасын береді.

      108. Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.

      109. Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу "Взвод, екі лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.

      110. Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін - осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.

      111. Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу "Взвод, бір лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің "ТУРА" командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.

      112. Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу "Взвод, үш (төрт) лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің "ТУРА" немесе "Взвод - ТОҚТА" командасына дейін орнында адымдайды.

      113. Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу "Взвод, үш (төрт) лекпен, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі. "Адым-ДА" командасы бойынша взвод осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.

      114. Взводты жинау үшін "Взвод - МАҒАН КЕЛ" командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.

      115. Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

      116. Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
      Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.
      Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.

3. Рота саптары Өрістетілген сап

      117. Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін (25, 26-суреттер).
      Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      118. Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу "Рота, екі қатарға - САПТАН" немесе "Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке - САПТАН" командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.
      Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі "Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) - САПТАН" командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.
      Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.
      Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

      119. Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

      120. Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін (27, 28-суреттер).
      Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу "Рота, үш (төрт, екі) лекке - САПТАН" командасы бойынша жүргізіледі.
      Осы команда бойынша рота 27, 28-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы - бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.
      Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы - арнайы бөлімшеден кейін тұрады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      121. Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: "Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым - БАС" немесе "Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым - БАС".
      "Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен" командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.
      Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің "ТУРА" командасы бойынша рота командирі немесе 27, 28-суреттерде көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.
      Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.

      122. Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу "Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша жүргізіледі.
      Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің "ОРНЫНДА" командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің "ТУРА" немесе "Рота - ТОҚТА" командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. "Рота - ТОҚТА" командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оң жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты - басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.

      123. Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа - солға бұрумен жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

      124. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 40-50 адымға жақындағанда рота командирі "Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командасын береді.
      Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.
      Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев".
      Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.
      Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша рота командирі "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және қолын төмен түсіреді.

      125. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.
      Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.

4. Батальон саптары Өрістетілген сап

      126. Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
      Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің "Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына - САПТАН" немесе "Батальон, екі қатарға - САПТАН" командасы бойынша жүргізіледі.

      127. Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі (29-сурет): роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық - екі адым.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Батальон роталық лектер сызығына 30-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық - төрт адым; роталар арасындағы аралық - екі адым.
      Батальонды екі қатарлы сапқа тұрғызу тәртібі 31-суретте көрсетілген.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      128. Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      129. Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 29-31-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.

      130. Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

      131. Батальонның жорықтық сабы (32-сурет) екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      132. Батальон взводтық немесе роталық лектер сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: "Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым - БАС" немесе "Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым - БАС".
      "Жорықтық лекпен" командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда - олардың орынбасарлары, взводтар командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары - басқару топтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 27-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.
      Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.

      133. Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.
      "Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.
      Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: "Батальон, үш (төрт) лекке, адым - БАС" командасын орындаумен жүзеге асырылады.
      "Адымда" командасы бойынша батальон бөлімшелері осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және
қозғалыста орындау

      134. Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
      Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.

5. Бригада (полк) саптары

      135. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.
      Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай - артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.
      Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде - одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде - 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық - үш адым (33-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

       Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады.

      136. Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.

      137. Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты (34-сурет), өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.

      138. Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.

      139. Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі.
      Мысалы: "Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым - БАС" немесе "Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)", "Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым - БАС". "Жорықтық лекпен" командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары - батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.
      Бригаданың (полктің) қозғалуы 34-суретте көрсетілген сапқа тұру тәртібімен немесе бригада (полк) командирі көрсеткен өзге де тәртіппен жүргізіледі; батальондар (дивизиондар) арасындағы арақашықтық орнында - үш адым, қозғалыста - 10 адым, ал басқа да бөлімшелер арасында - үш адым.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      140. Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.
      "Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым - БАС" (жүру кезінде - "адым-ДА") командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

      141. Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі "Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командасын береді.
      Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.
      Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.

5-тарау. Взводтың, ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) машиналардағы саптары

1. Жалпы ережелер

      142. Өрістетілген сапта бөлімшелер мен бөлімдердің машиналары машиналар сызығына, взводтық немесе роталық лектер сызығына маңдайшеп бойынша бір сызыққа машиналар мен бөлімшелер арасындағы Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарға сапқа тұрғызылады.
      Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналар алдына бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа, взводтық немесе роталық лектер сызығына соңғы қатар машиналар алдында үш адымға жақын болмайтындай етіп, сапқа тұрғызылады (35-38-суреттер); машиналардың механик-жүргізушілері мен жүргізушілері өз бөлімшелерінің саптарына тұрады.

      143. Жорықтық сапта бөлімшелердің машиналары лекке сапқа тұрғызылады немесе лектердегі бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінің артында бірі сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      144. Жаяу әскерлер жауынгерлік машиналарына және броньды транспортерлерге, сондай-ақ автомобильдер мен басқа да машиналарға отырғызу алдында бөлімшелерде қажет болған кезде машиналар бойынша әскери қызметшілердің және әскери мүліктің есебі жүргізіледі және отырғызу тәсілі көрсетіледі.
      Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталмағаны, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жасалатын болса, онда ол сақтандырғышқа қойылғаны тексеріледі; сүңгі-пышақ (сүңгілер) ағытылып тасталады (жазылады).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      145. Әрбір машинаға офицерлер немесе сержанттардан жүргізушіні қоса алғанда, машинада болатын барлық жеке құрам бағынатын машина жетекшісі тағайындалады.
      Машина жетекшісіне машинаны өзі жүргізуге немесе машинаны жүргізуді біреуге беруге жүргізушіні мәжбүрлеуге, жүргізушіні жол жүру ережелерін және белгіленген жүру жылдамдығын бұзуға мәжбүрлейтін командалар беруге қатаң тыйым салынады.
      Жеке құрамды автомобильдерде тасымалдау кезінде тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету үшін қорап жетекшісі тағайындалады.
      Үлкен бастықтың белгілерін қадағалауды бөлімше командирі (машина жетекшісі), ал автомобильдерде, одан басқа - автомобиль қорабының алдыңғы оң бұрышында орналасатын қадағалаушы болып тағайындалған жүргізеді.
      Қозғалыс уақытында автомобиль қорабы борттық бекітпесінің бекітілуін қадағалау үшін алдыңғы және артқы борттардың шеткі орындарында отырған әскери қызметшілерден "бортқа жауаптылар" тағайындалады.
      Артта келе жатқан машиналарды, тіркелген әскери техникаға және жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары артқы есіктерінің бекітпелерін (автомобильдің артқы бортының оң бекітпесін) қадағалауды артқы қабырға жанындағы оң орындықта (автомобильдің артқы бортында) отырған әскери қызметші жүргізеді.

      146. "МАШИНАЛАР ЖАНЫНА" командасы бойынша жаяу әскерлер жауынгерлік машинасында және броньды транспортерде, сондай-ақ автомобильде және десант болып танкте тасымалданатын жеке құрам 39-суретте көрсетілгендей машиналардың жанына сапқа тұрғызылады. Борттардан отырғызылған кезде бөлімшелердің жеке құрамы лектерінің бас жағы машиналардың отырғызу люктері немесе артқы дөңгелектері (катоктары) деңгейінде сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      147. "МАШИНАЛАР ЖАНЫНА" командасы бойынша танктер экипаждары танктердің алдында бір қатарлы сапқа тұрғызылады. Танк командирі оң жақ шынжыр табан алдында екі адымда; экипаждың қалған құрамы - командирден солға қарай тұрады (39-сурет).

      148. Жеке құрамды машиналарға отырғызу:
      жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары мен броньды транспортерлерге - люктер арқылы;
      автомобильдерге - оң, сол жақ және артқы борттар арқылы;
      жабық қорабы бар автомобильдерге - артқы борт арқылы жүргізілуі мүмкін.
      Жеке құрамды басқа да машиналарға отырғызу ыңғайына қарай жүргізіледі.
      Жолдың оң жақ шетінде тұрған машиналарға сол жақ борт арқылы отырғызуға рұқсат етілмейді.

      149. "МАШИНАЛАРҒА" командасы бойынша жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары мен броньды транспортерларға отырғызу кезінде тағайындалған әскери қызметшілер десанттық бөліктің артқы есіктерін (отырғызу люктерінің қақпағын) ашады; автомобильдерде жүргізушілер қажет болған кезде артқы бортты ашады.
      Отырғызу аяқталғаннан кейін артқы есіктер (отырғызу люктерінің қақпақтары, борттары) жабылады.

      150. "ОРЫНДАРЫНА" командасы бойынша бөлімшелер машиналардағы өз орындарына жылдам отырады (40, 41-суреттер).
      Отырғызу кезінде дөңгелектер, шынжыр табандар мен басқыштар қолданылады.
      Отырғызу кезінде қару, отырғызуды жүргізетін немесе артта тұрған әскери қызметшілерге берілетін оқшашарлар мен топтық қаруларды қоспағанда, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ыңғайына қарай алынады. Отырғызғаннан кейін қару тізелерінің арасына қойылады және екі қолмен ұсталады. Автоматтар, одан басқа бөлімше командирінің командасы бойынша "кеудеге" күйіне алынуы мүмкін.
      Зат қаптары бөлімше командирінің (машина жетекшісінің) командасы бойынша алынады және машинаға орналастырылады.
      Бөлімше командирі (машина жетекшісі) жеке құрамның дұрыс отырғызылуын бақылайды, ал ол аяқталғаннан кейін есіктер (люктер) мен борттар бекітпелерінің бекітілуін тексереді, содан кейін жаяу әскерлер жауынгерлік машинасындағы өз орнына және броньды транспортерде машина командирінің орындығына, ал автомобильде - жүргізушінің жанына немесе үлкен командирдің командасы бойынша автомобиль қорабының алдыңғы сол жақ бұрышына отырады.
      Егер машина командирінің орнында аға командир отырса, онда бөлімше немесе взвод командирі машинаның десанттық бөлімшесіне орналасады.

      151. Жауынгерлік машиналардың және танктердің экипаждары "ОРЫНДАРЫНА" командасы бойынша бір уақытта артқа бұрылады және өз люктері арқылы орындарына жылдам отырады.

      152. Орнында танкке десантты отырғызу борттардан жүргізіледі. Егер десантты борттардан отырғызу мүмкін болмаса, ол танктің артқы жағынан жүргізіледі. Бұл ретте қару, отырғызуды жүргізетін немесе артта тұрған әскери қызметшілерге берілетін оқшашарлар мен топтық қаруларды қоспағанда, ыңғайына қарай алынады.
      Танкте әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орналастырылады.
      Десант болып тасымалданатын бөлімшенің командирі жеке құрамды отырғызу және оны танктерге орналастыру ережелерін сақтауға қатысты танк бөлімшесі командирінің нұсқауын орындайды және отырғызудың аяқталғаны туралы оған және өзінің тікелей бастығына баяндайды.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

       153. Бөлімшенің (бөлімнің) қозғалысы басталар алдында алдын ала "ОТАЛДЫР" командасы беріледі, ол бойынша машиналардың қозғалтқыштарын оталдыру және қыздыру жүргізіледі.
      "ЖҮР (АЛҒА)" командасы бойынша барлық машина, олар орнында тұрған сол сапта бір уақытта қозғалысты бастайды немесе жүру кезінде белгіленген арақашықтық пен аралықты қабылдай отырып, командирдің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады. Егер лектегі машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден аз болса, машиналар қозғалысты белгіленген арақашықтықты ала отырып, кезекпен бастайды.
      Қозғалыс тәртібі мен жылдамдығын, сондай-ақ демалу үшін тоқтауларды айқындау кезінде жауынгерлік жарғыларда мазмұндалған нұсқауларды басшылыққа алу қажет.
      Машиналар арасындағы арақашықтық қозғалыс жылдамдығына және шарттарына байланысты болады және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.
      Арақашықтықтарды өзгерту үшін: "АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ", "АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ" командалары беріледі.
      Қозғалыста бұрылулар бағыттаушы машинаның соңынан (бұрылуымен) біртіндеп немесе барлық машиналар (бөлімшелер) бір уақытта жасауы мүмкін.
      "НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА" командасы бойынша біртіндеп артқа бұрылу үшін басты машина төмендетілген жылдамдықпен артқа бұрылады және қозғалысты лекке параллельді түрде кері бағытта жалғастырады. Қалған машиналар басты машина бұрылған жерге дейін жетіп, сол сияқты бұрылады және қозғалысты жалғастырады.
      Бір уақытта оңға (солға, артқа) бұрылу үшін "БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА (БАРЛЫҒЫҢ СОЛҒА, БАРЛЫҒЫҢ - АРТҚА БҰРЫЛ)" командасы беріледі. "БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА (БАРЛЫҒЫҢ СОЛҒА)" командасы бойынша машиналар жүріп келе жатып бір уақытта көрсетілген жаққа бұрылады және жаңа бағытта қозғалысын жалғастырады. "БАРЛЫҒЫҢ - АРТҚА БҰРЫЛ" командасы бойынша әрбір машина тоқтайды, арақашықтықты қысқартпай, солға қарай бұрыла отырып, артқа бұрылады және қозғалысты кері бағытта жалғастырады.
      Лек қозғалыста жолды босату қажет болған кезде "ОҢҒА ҚАРАЙ АЛ" командасы беріледі. Осы команда бойынша лектегі барлық машина бір уақытта жолдың жүру бөлігінен шығады және оң жақ шетімен немесе жолдың оң жағында қозғалысты жалғастырады.

      154. Машиналарды тоқтату "ТОҚТА" командасы бойынша жүргізіледі, ол бойынша машиналар алда тоқтап тұрған машина жанына келеді және 10 метрге жақын емес арақашықтықта немесе командир белгілеген арақашықтықтарда кезекпен тоқтайды.
      Лекті тоқтату алдында машиналар жолдың оң жақ шетіне немесе оң жаққа қарай шығарылады. Егер бұл ретте арақашықтық бұзылса да жол қиылыстары, тораптары, көпірлер, қыспақтар, темір жол өтпелері, үйлердің кіреберістері мен аулаға кірме жолдар ашық болуы тиіс.
      Егер қажет болса, тоқтағаннан кейін "ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР" командасы беріледі.

      155. Машиналардан жеке құрамды түсіру:
      жауынгерлік машиналардан - люктер арқылы;
      автомобильдерден - оң, сол және артқы борттар арқылы;
      жабық қорабы бар автомобильдерден - артқы борт арқылы жүргізілуі мүмкін.
      Жеке құрамды басқа да машиналардан түсіру ыңғайына қарай жүргізіледі.
      Жолдың оң жақ шетінде тұрған машиналардан сол жақ борт арқылы түсіруге рұқсат етілмейді.
      Машиналардан түсіру үшін "МАШИНАЛАР ЖАНЫНА" командасы беріледі.
      Мысалы: "Бөлімше (взвод, рота), оң, сол жақ борт (артқы борт) арқылы - МАШИНА (МАШИНАЛАР) ЖАНЫНА".
      Осы команда бойынша жеке құрам жылдам машиналардан түседі және олардың жанына сапқа тұрғызылады (39-сурет) немесе өз командирлерінің командасы бойынша әрекет етеді.
      Машиналардан түскен кезде қару ыңғайына қарай алынады, ал оқшашарлар мен топтық қару бұрын түскен әскери қызметшілерге беріледі.

2. Взвод саптары

      156. Взводтың өрістетілген сабы - машиналар сызығы (42-сурет), машиналар арасындағы аралық - үш метр.
      Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу "Машиналар сызығына - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі. Взвод командирі команда бере отырып, өз машинасын взвод сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қаратып қояды, қалған машиналар белгіленген аралықты сақтай отырып, взвод командирінің машинасынан солға қарай бір сызық бойына нөмір ретімен сапқа қойылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      157. Взводтың жорықтық сабы - лек (43-сурет), орнында және тоқтап тұрғанда сапқа тұрғызу кезінде машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығына және шарттарына байланысты болады және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін; взвод командирінің машинасы лектің бас жағында жүреді.
      Взводты лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.
      Взводты машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде взвод командирінің машинасы соңынан взводтың қалған машиналары белгіленген арақашықтықта нөмір ретімен қозғалады (44-сурет).
      Взводты лектен өрістетілген сапқа - машиналар сызығына қайта сапқа тұрғызу (45-сурет) осы Жарғының 156-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

3. Рота саптары

      158. Рота өрістетілген сапта машиналар сызығына (46-сурет) немесе взводтық лектер сызығына (47-сурет) сапқа тұрғызылуы мүмкін. Взводтар арасындағы аралық - бес метр.
      Ротаны өрістетілген сапқа - машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу "Машиналар сызығына (взводтық лектер сызығына) - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Рота командирі команда бере отырып, өз машинасын рота сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қояды немесе бірінші взводтың сапқа тұру орнын көрсетеді. Взводтар нөмір ретімен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарда рота командирінің машинасынан солға қарай машиналар сызығына (лектерге) сапқа тұрады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      159. Ротаның жорықтық сабы - лек (48-сурет).
      Ротаны лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.
      Ротаны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы қозғалысты тура бастайды және содан кейін көрсетілген бағытқа шығады; рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы соңынан нөмір ретімен немесе рота командирі көрсеткен тәртіппен лектегі қалған взводтар белгіленген арақашықтықта қозғалады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      160. Ротаны лектен өрістетілген сапқа - машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 158-тармағында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте лектердегі взводтар рота легінен шығады және взводтар командирлерінің "Машиналар сызығына - ЖҮР" немесе "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша 46, 47-суреттерде көрсетілгендей машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына тиісінше сапқа тұрғызылады.

4. Батальонның машиналардағы саптары

      161. Батальон өрістетілген сапта взводтық лектер немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.
      Қажет болған кезде батальон машиналар сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.
      Батальонды өрістетілген сапқа тұрғызу батальон командирінің "Взводтық (роталық) лектер сызығына (машиналар сызығына) - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.
      Батальон взводтық лектер сызығына 49-суретте көрсетілгендей; роталар - взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Батальон роталық лектер сызығына 50-суретте көрсетілгендей; роталар лектерге сапқа тұрғызылады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Батальон машиналар сызығына 51-суретте көрсетілгендей; роталар - машиналар сызығына сапқа тұрғызылады. Роталар арасындағы аралық - бес метр.
      Батальонды сапқа тұрғызған кезде батальон командирінің машинасы мен басқару бөлімшесі батальонның оң жақ қапталына, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері - тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерінде батальонның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

       162. Батальонның жорықтық сабы - лек (52-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Батальонды лекке сапқа тұрғызу кезінде лектердегі роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері батальон командирі көрсеткен тәртіппен сапқа тұрғызылады; орнында және тоқтағанда сапқа тұрғызу кезінде роталар арасындағы арақашықтық - 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығы мен шарттарына байланысты және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.
      Батальонды жорықтық сапқа тұрғызу "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.

      163. Батальонды өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі.
      Осы команда бойынша батальон командирінің машинасы тура қозғала бастайды, одан кейін қажетті бағытқа қарай шығады; батальон командирі машинасының соңынан 52-суретте көрсетілгендей немесе батальон командирі көрсеткен тәртіппен батальон бөлімшелері белгіленген арақашықтықта қозғалады.

      164. Батальонды лектен өрістетілген сапқа қайта тұрғызу "Взводтық (роталық) лектер сызығына - ЖҮР" командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімшелер 49, 50-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

      5. Бригада (полк) саптары

      165. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен және қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.
      Батальондардан солға қарай артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері және қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады. Батальондар арасындағы аралық - 10 м, бригаданың (полктің) басқа бөлімшелері арасында - бес метр немесе сапқа тұрғызу шарттарына байланысты бригада (полк) командирі айқындайды.

      166. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы - лек. Бригада (полк) жорықтық лекке осы Жарғының 139-тармағында көрсетілген тәртіппен сапқа тұрғызылады.
      Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу бригада (полк) командирінің командасы бойынша жүргізіледі, бұл ретте қозғалыс бағыты мен тәртібі, қозғалысқа әзірлік уақыты мен батальондар арасындағы арақашықтық көрсетіледі.
      Жорықтық сапта қозғалыс "Лекпен - ЖҮР" командасы бойынша басталады.
      Батальондар командирлері батальондардың қозғалуы үшін осы Жарғының 162, 163-тармақтарында көрсетілгендей біртіндеп команда береді.

6. Әскери сәлемдесуді орындау

      167. Машинада орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін "ТІК ОТЫР" командасы бойынша ашық тұрған жеке құрам белдерін бүкпей, басын тік ұстап, өзінің алдына қарап отыруы керек; қарусыз - жартылай бүгілген қолдарын тізелерінен біршама жоғары еркін қою керек; қарумен - оны тізелері арасында және екі қолымен ұстау керек.
      "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасы бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері бастық жаққа басын бұрады және бір уақытта қолдарын бас киімге апарады, қалған әскери қызметшілер бастық жаққа басын бұрмайды (41-сурет).
      Егер әскери қызметшілер машинада машина қозғалысы бағытына қарап орналастырылса, онда "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасы бойынша олар бір уақытта бастық жаққа басын бұрады.
      Машина бастықтың жанынан өтіп кеткенде "Еркін" командасы бойынша барлық әскери қызметшілер басын тік қаратады және еркін отырады, бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері, одан басқа қолдарын бас киімінен түсіреді.

       168. Машиналардағы жеке әскери қызметшілер әскери сәлемдесуді бастық жаққа басын бұра отырып, белін бүкпей отырған күйі орындайды.
      Егер әскери қызметшілер қарусыз болса, басын бұрумен бір уақытта олар қолын бас киіміне апарады, ал егер қарумен болса - оны осы Жарғының 167-тармағында көрсетілгендей ұстайды.
      Механик-жүргізушілер және жүргізушілер машинаны жүргізу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.

6-тарау. Бөлімшелер жеке құрамының ұрыста жаяу тәртіппен іс-қимыл жасау кезіндегі қозғалыс әдістері мен тәсілдері

1. "Ұрысқа", "тұр" тәсілдері

      169. "ҰРЫСҚА" командасы бойынша қаруды оң қолға алу, оң аяғымен алға қарай және біршама оңға толық адым жасау керек, онымен бір уақытта денені алға еңкейту керек, сол тізеге отыру және сол қолын өзінің алдына, саусақтарын оңға қарай жерге қою керек (53-сурет), одан кейін сол аяқтың жамбасына және сол қолдың білегіне сүйене отырып, сол бүйірге жату керек және жылдам ішке аунап түсу керек; аяқтардың ұштарын біршама сыртқа қаратып жан-жаққа созу және оқ атуға дайындалу керек (53-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Қол оқшашарымен тәсілдерді орындау үшін "ҰРЫСҚА" командасы бойынша қаруды оң қолымен алу, сол қолмен тіреуіштерін жазу керек. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға қарай толық адым жасау керек және алға еңкейе отырып, атыс бағытына оқшашарды тіреуіштеріне қою керек; жазылмастан жерге екі қолымен тіреліп, аяқтарын артқа жіберу, ішпен жату керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып созу және оқ ату үшін дайындалу керек (54-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Топтық қарумен тәсілдерді орындау кезінде "ҰРЫСҚА" командасы бойынша оны жауынгерлік күйге келтіру керек, ал одан кейін ату үшін күйді қабылдау керек (55-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

       170. "ТҰР" командасы бойынша қаруды оң қолына ұстай отырып, екі қолды кеуде деңгейіне тарту керек, бір уақытта аяқты бірге қосу керек (56-сурет), одан кейін қолдарын жедел соза отырып, кеудесін жерден көтеру және оң (сол) аяқты алға шығару керек (56-сурет), жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қою және қарумен саптық қалыпты қабылдау керек (5-суретті қараңыз).
      Оқшашармен "ТҰР" командасы бойынша аяқтарын алға қарай созғаннан кейін оқшашарды алу керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қоя отырып, оқшашарды аяқ жанына қою керек (56-сурет).

2. Жүгіріп және еңбектеп өту

      171. Жүгіріп өту үшін, мысалы: "Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт - АЛҒА" командасы бойынша жүргізіледі.
      Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға тоқтауға қарай қозғалу жолын белгілеп алу, ал орындалатын команда бойынша осы Жарғының 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (оң) аяғын жерге қоймастан, оң (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек.
      Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс.
      Демалу үшін тоқтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай еңбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа оқ атуды жүргізуге дайындалу керек.
      Жүгіріп өту кезіндегі қарудың күйі - жүгіріп өтушінің қалауы бойынша болады.

      172. Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: "Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт - АЛҒА" командасы бойынша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған тоқтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек.

      173. Жер бауырлап еңбектеп өту үшін (57-сурет) жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабкасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне қою керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Оң (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (оң) қолды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші қолды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек.

      174. Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін (58-сурет) тізерлеу және білекке немесе қолдардың басына тірелу керек. Бүгілген оң (сол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (оң) қолды алға қарай созу керек. Денені оң (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші қолды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек.
      Қаруды: білекке тірелген кезде - жер бауырлап еңбектеп өту кезіндегі сияқты; қолдардың басына тірелген кезде - оң қолмен ұстау керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      175. Бүйірмен еңбектеп өту үшін (59-сурет) сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, оң аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартып өкшесімен жерге тірелу керек; оң аяқты жаза отырып, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.
      Қаруды сол аяқтың жамбасына қойып, оны оң қолмен ұстау керек.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

3. Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы

      176. Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін "Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) - "ҰРЫСҚА" командасы беріледі.
      Осы команда бойынша:
      маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод - бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;
      тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод - одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі; солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі - оңға қарай, ал екіншісі - осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.

      177. Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде "Ә-УЕ" командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды. Егер қозғалыс тоқтатылмаса, онда лекте жылдамдық пен машиналар арасындағы арақашықтық ұлғайтылады. Тоқтаған кезде жеке құрам өз командирлерінің командалары бойынша жылдам машиналардан секіріп түседі, жақын жердегі тасаланған орындарға взвод бойынша бекінеді, оқ атуға дайындалады және команда бойынша төмен ұшатын нысаналар бойынша оқ атуды жүргізеді.

      178. Қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған кезде радиациялық қауіп немесе химиялық дабыл белгілері беріледі.
      Осы белгі берулер бойынша жеке құрам қорғаныс шараларын қабылдайды.

7-тарау. Ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) саптық байқауы

Жалпы ережелер

      179. Саптық байқау жеке саптық машық және бөлімшелердің саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында өткізіледі. Саптық байқауда, сондай-ақ әскери қызметшілердің сыртқы пішіні, жабдықтардың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы мен жай-күйі тексеріледі. Саптық байқауда инспекциялау кезінде, одан басқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған тәртіппен әскери қызметшілерге сұрақтар қойылады. Әскери қызметшілерге сұрақтар қою да сонымен қатар тексеру жүргізу кезінде жүргізілуі мүмкін (8-қосымша).
      Саптық байқауды тікелей бастықтар немесе инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар жүргізеді.
      Саптық байқауды жүргізетін адамдарға байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және жауынгерлік даярлық бағдарламасын орындауға байланысты саптық байқауды өткізу тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.
      Әрбір саптық байқау бөлімшенің, бригаданың (полктің) салтанатты шерумен өтуімен, ал Жауынгерлік Ту әкетілгеннен кейін - бөлімшелердің саптық әнді орындауымен аяқталады.
      Байқау қарсаңында байқауды өткізетін бастық бөлімшенің, бригаданың (полктің) командиріне байқаудың уақытын, орнын, сапқа тұрғызу және өткізу тәртібін, киім нысанын, байқауға қандай қару-жарақ, әскери және басқа да техниканы шығару қажеттігін хабарлайды.

       180. Ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) саптық байқауы жаяу тәртіппен немесе машиналарда өткізіледі.
      Жаяу тәртіппен байқауға бригада (полк) бөлімшесінің барлық жеке құрамы жеке қарумен шығарылады, ал машиналардағы байқауға, одан басқа барлық қару-жарақ, әскери және басқа да техника шығарылады.

2. Жаяу тәртіппен саптық байқау Ротаның байқауы

      181. Саптық байқау үшін рота өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады: рота командирі рота ортасының алдыңғы жағында сегіз адымда, рота сержанты - басқару тобының оң жақ қапталында, белгі беруші-барабаншы - рота сержантынан оңға қарай екі адымда, рота командирінің орынбасарлары - белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай екі адымда, рота старшинасы ротаның сол жақ қапталына тұрады.

      182. Байқау өткізетін бастық 40-50 адым жақындағанда рота командирі "Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командасын береді.
      Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, байқау өткізетін бастыққа саптық адыммен келеді, оған екі-үш адым қалғанда оның алдына тоқтайды және баяндайды.
      Мысалы: "Подполковник мырза. Бірінші рота саптық байқау үшін сапқа тұрғызылды. Рота командирі капитан Дүйсекеев".
      Рота командирі баяндап болғаннан кейін оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адымда және қолын бас киімінен түсірмей саптың сыртқы жағынан жүреді.
      Белгі беруші-барабаншы рота командирінің "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командасы бойынша "Жорықтық маршты" соға бастайды (9-қосымша); рота командирі байқау өткізетін бастықтың алдына келіп тоқтағанда белгі беруші-барабаншы барабанды соғуды тоқтатады, ал рота командирі баяндап болғаннан кейін оны жалғастырады.

      183. Байқау өткізетін бастық оң қапталдан солға қарай рота сабының маңдайшебін шолып өткеннен кейін саптың ортасына шығады, ротаның жеке құрамымен сәлемдеседі, "ЕРКІН ТҰР" командасын беруге рұқсат етеді және рота командиріне байқауды жалғастыру туралы қажетті нұсқаулар береді.
      Бастық рота сабы ортасының алдына келгеннен кейін белгі беруші-барабаншы соғуды тоқтатады.
      Рота командирі "ЕРКІН ТҰР" командасын береді, қолын бас киімінен түсіреді, байқауды өткізетін бастыққа саптық жазбаны тапсырады, ал одан нұсқаулар алғаннан кейін оларды орындауға кіріседі.

      184. Ротаның байқауы жеке құрамның бар болуын, әскери қызметшілердің сыртқы пішінін, жабдықтар мен қару-жарақтың жай-күйін тексеруден басталады; одан кейін бөлімшелер, взводтар мен рота жеке саптық машықтарының және саптық үйлесімділік дәрежесі, рота құрамында саптық әндерді орындау шеберлігі тексеріледі.

      185. Рота байқау өткізетін бастықтың алдынан взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта; взводтар - "қарубауға" күйіндегі немесе байқау өткізетін бастықтың командасы бойынша басқа күйдегі қаруы бар үш (төрт) лек бойынша салтанатты шерумен жүріп өтеді. "Кеудеге" күйіндегі автоматтар сол қолмен сағағынан және ұңғы бастырмасынан ұсталады.

      186. Салтанатты шерумен жүріп өту алдында байқауға қатысатын рота командирінің тікелей бастықтары бір-екі адым артқы жақта және байқау өткізетін бастықтан оңға қарай тұрады.
      Рота командирі ротаның оң жақ қапталында лекте бір-бірден роталар өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтықты білдіретіндері бар бола отырып, ротаны взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызып, сапқа қарама-қарсы бағыттаушы взводтың (басқару тобының) алдында сегіз адымда тұрады және: "Рота, ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта, бірінші взвод (басқару тобы) тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА ("Автоматтарды - кеуде-ГЕ")". "Назар оң-ҒА, адым - БАС" деп команда береді, одан кейін сол жақ қолына қарай оң аяғының ұшымен жылдам артқа бұрылады және ротамен бір уақытта сол аяғымен қозғалысты бастайды.
      "Салтанатты шеруге" командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен кейін екі адымда, взводтар командирлері - өз взводтарының алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирі орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады; сызық бойына тұратындар рота өтетін сызыққа жүгіріп немесе жиіленген саптық адыммен шығады, бір-бірінен 10-15 м (15-20 адым) арақашықтықта тоқтайды, өз бетімен солға қарай бұрылады, ал "Адым - БАС" командасы бойынша бір уақытта автоматтарды "кеудеге" күйіне, ал карабиндерді - "қарауылға" күйіне алады.
      Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалуды бастайды, сонымен қатар бірінші взвод (басқару тобы) саптық адыммен тура қозғалады, ал кейінгі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға бұрылады, орнында адым жасайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі "ТУРА" деп команда береді. Осы команда бойынша взвод саптық адыммен қозғалысты бастайды.
      Взводтардағы оң жақ қапталдағылар сызықтықты білдіретіндер белгілеген сызық бойымен олардан кейін бір адымда жүреді.

      187. Рота командирлері, оның орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты бір сызықтық арақашықтыққа бастыққа дейін жетпей қолын бас киіміне апарады және онымен бір уақытта басын байқау өткізетін бастық жаққа бұрады.
      Бастық жанынан төрт адым өткеннен кейін рота командирі жанына қарай шығады, өзінің тікелей бастықтарынан оңға қарай тұрады (осы Жарғының 186-тармағы) және барлық рота өтіп болғанға дейін сол жерде тұрады.
      Взвод командирі қолын бас киіміне апарғанда оң қапталдағылардан басқа, осы взводтың барлық әскери қызметшілері бір уақытта бастық жаққа басын бұрады. Байқау өткізетін бастықтың жанынан бір сызықтық арақашықтыққа взвод өтіп кеткеннен кейін взводтың командирі қолын бас киімінен түсіреді, ал қалған әскери қызметшілер басын тік қаратады.

      188. Рота байқау өткізетін бастықтың жанынан өткен кезде сызықтықты білдіретіндер жетекшінің белгісі бойынша қаруды "қарубауға" күйіне алады, оңға бұрылады, бір лекпен жүгіріп ротаны қуып жетеді және ротаның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

      189. Әнмен жүріп өту үшін рота командирі ротаны қайта сапқа тұрғызып, бағыттаушы взводтың алдында сегіз адымда тұрады және: "Рота, ТІК ТҰР. Әндетіп өту үшін, взвод бойынша, арақашықтық елу метр, бірінші взвод тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА". "Адым - БАС" командасын береді, одан кейін оң аяғының ұшымен сол қол жаққа қарай жылдам артқа бұрылады және сол аяғымен қозғалысты ротамен бір уақытта бастайды.
      "Әндетіп өту үшін" командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен екі адымда, взводтардың командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирінің орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады.
      Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалысты бастайды, бірінші взвод (басқару тобы) әнмен жорықтық адыммен тура қозғалады және келесі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға қарай бұрылады, орнында адымдайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі "Взвод, әндетіп - ТУРА" деп команда береді. Осы команда бойынша взвод әнмен жорықтық адыммен қозғалысты бастайды.

Батальонның байқауы

      190. Саптық байқау үшін батальон взводтық лектер сызығына өрістетілген сапқа немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады (29 және 31-суреттер); батальон командирі батальон ортасының алдыңғы жағында 10 адымда тұрады; барлық батальонның белгі беруші-барабаншылары бағыттаушы рота (басқару тобының) командирінен оңға қарай екі адымда оң жақ қапталға бір қатарлы сапқа тұрғызылады; батальон командирінің орынбасарлары белгі беруші-барабаншылардан оңға қарай екі адымда тұрады.
      Егер батальон жанында оркестр бар болса, белгі беруші-барабаншылар қапталға шақырылмайды, ал оркестр оң жақ қапталдағы рота командирінен оңға қарай екі адымда тұрады.

      191. Бастықты қарсы алу рота үшін көрсетілген тәртіппен жүргізіледі. Бастықтың сәлемдесуіне жауап бергеннен кейін батальон командирінің "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша роталардың командирлері саптан шығады және өз роталары орта тұсының алдында бес адымда тұрады.

      192. Батальон байқауды өткізетін бастықтың алдынан рота бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта; роталар - үш (төрт) лекпен өтеді.

      193. Салтанатты шерумен өту басталар алдында батальон командирі бір лектегі батальонның оң жақ қапталында сызықтықты білдірушілері бар бола отырып көрсетілгендей батальонды қайта сапқа тұрғызып, (сапқа тұрғызып), бағыттаушы рота (батальон басқармасы) алдында сегіз адымда тұрады және: "Батальон, ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, рота бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта, бірінші рота тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА ("Автоматтарды КЕУДЕ-ГЕ")". "Назар оңға, адым - БАС" командаларын береді.
      "Салтанатты шеруге" командасы бойынша қысқа жолмен мыналар шығады және: батальон командирінің орынбасарлары - батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарлы сапта, роталар командирлері - өз роталарының алдында алты адымда, олардан кейін екі адымда - олардың орынбасарлары, взводтар командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, байланыс взводының командирі (батальон штабы бастығының көмекшісі) - батальон басқармасының алдында екі адымда тұрады. Роталық белгі беруші-барабаншылар жетекшінің командасымен алға шығады және батальон өтетін сызыққа маңдайшебімен байқау өткізетін бастыққа қарама-қарсы, батальонның бастапқы орнына бірнеше адым жақын тұрады. Егер батальон жанында оркестр болса, ол осы команда бойынша белгі беруші-барабаншыларға көрсетілген орынға тұрады.

      194. Батальонның соңғы бөлімшесі байқау өткізетін бастықтың жанынан өтіп бара жатқанда белгі беруші-барабаншылар соғуды (ойнауды) тоқтатпастан, жетекші белгі беруші-барабаншының (әскери дирижердың) командасы бойынша қозғалысты тура бастайды, ал салтанатты шерумен өту сызығына шығумен жетекші белгі беруші-барабаншының (әскери дирижердың) соңынан оң иығымен енеді және бастық алдынан саптық адыммен өтеді. Бастықтан бір-екі сызықтыққа өткеннен кейін белгі беруші-барабаншылар (оркестр) соғуды (ойынды) тоқтатады.

       195. Әнмен жүріп өту үшін батальон командирі бағыттаушы ротаның (батальон басқармасы) алдында сегіз адымда тұрады және: "Батальон, ТІК ТҰР. Әндетіп өту үшін, рота бойынша, арақашықтық 50 метр, бірінші рота (батальон басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА". "Адым - БАС" командаларын береді.
      "Әндетіп өту үшін" командасы бойынша қысқа жолмен мыналар шығады: батальон командирінің орынбасарлары - батальон командирінің артында екі адымда, роталар командирлері - өз роталарының алдында алты адымда, олардың орынбасарлары - олардан кейін екі адымда, взводтар командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, роталық белгі беруші-барабаншылары - роталар командирлері орынбасарларынан кейін екі адымда тұрады.

      196. Батальонды, сызықтықты білдіретіндердің шыққанын, сондай-ақ салтанатты шерумен және әнмен жүріп өтуді тексеру роталар үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Бригаданың (полктің) байқауы

      197. Саптық байқау үшін бригада (полк) Жауынгерлік Тумен 33-суретте көрсетілгендей роталық немесе взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады, бригада (полк) командирі бригада (полк) сабы орта тұсының алдында 20-30 адымда тұрады. Оркестр болмаған кезде белгі беруші-барабаншылар жетекшінің командасы бойынша оркестр үшін көрсетілген орынға сапқа тұрады.
      Бастықты қарсы алу және әскери сәлемдесуді орындау рота мен батальон үшін көрсетілгендей жүргізіледі; бұл ретте баяндауда бригадаға (полкке) берілген құрмет атақтары мен ордендерін атай отырып, оның атауы толық айтылады. Әскери сәлемдесуді орындағаннан кейін бригада (полк) командирінің "ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша батальон командирі саптан шығады және өз батальондары орта тұсының алдында он адымда, ал жеке роталардың (батареялардың) командирлері - бес адымда тұрады.

      198. Бригада (полк) байқау өткізетін бастықтың алдынан салтанатты шерумен батальон бойынша немесе рота бойынша жүріп өтеді.
      Бригаданың (полктің) жүріп өту тәртібі: бригада (полк) командирі алда жүреді, одан кейін бір немесе екі қатарда үш адымда - бригада (полк) командирінің орынбасарлары, олардан кейін екі адымда ассистенттерімен ту ұстаушы, олардан кейін үш адымда - үш (төрт) лекте бригада (полк) басқармасының қалған құрамы және одан әрі - белгіленген арақашықтықтарда бригада (полк) бөлімшелері.
      Егер саптық байқауды бригада (полк) командирі өткізетін болса, онда бригаданың (полктің) алдында оның орнына орынбасары тұрады.

      199. Салтанатты шерумен жүріп өту үшін бригада (полк) командирі: "Бригада (полк), ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, рота бойынша (батальон бойынша), мынанша сызықтық арақашықтықта, бірінші рота (батальон, бригада (полк) басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА ("Автоматтарды КЕУДЕ-ГЕ"); "Назар оңға, адым - БАС" командаларын береді.
      "Салтанатты шеруге" командасы бойынша бригада (полк) командирінің орынбасарлары саптан шығады және Жауынгерлік Тудың алдында төрт адымда тұрады, ал штаб бастығының аға көмекшісі саптан шығады және Жауынгерлік Тудың алдында екі адымда тұрады, батальондар, роталар, взводтар командирлері, оркестр (белгі беруші-барабаншылар) саптан шығады және осы Жарғының 186, 193-тармақтарында көрсетілгендей тұрады.
      "БАС" командасы бойынша оркестр марш ойнай (белгі беруші-барабаншылар - "Жорықтық марш" соға) бастайды, ал бағыттаушы рота (батальон, бригада (полк) басқармасы қозғалысты тура саптық адыммен бастайды. Қалған бөлімшелер оңға бұрыла отырып, бағыттаушы рота тұрған жерге дейін келеді, солға бұрылады (иықпен енеді), өз командирлерінің "ОРНЫНДА" командасы бойынша түзеледі, белгіленген арақашықтықты орнатады және "ТУРА" командасы бойынша алда келе жатқан бөлімшенің соңынан жүреді. Ту ұстаушы мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өту кезінде бастық жаққа басын бұрмайды.

      200. Бригаданың (полктің) соңғы бөлімшесі байқауды өткізетін бастықтың жанынан өткенде оркестр (белгі беруші-барабаншылар) әскери дирижердың (жетекші белгі беруші-барабаншының) командасы бойынша ойнауын (соғуын) тоқтатпастан, қозғалысты тура бастайды, ал салтанатты шерумен жүріп өту сызығына келгенде әскери дирижердың (жетекші белгі беруші-барабаншының) соңынан оң иықпен енеді және бастықтың алдынан саптық адыммен өтеді, бастықтың жанынан бір-екі сызықтық өткеннен кейін ойнауды (соғуды) тоқтатады.

      201. Әнмен жүріп өту үшін бригада (полк) командирі бригаданы (полкті) қайта сапқа тұрғызып: "Бригада (полк), ТІК ТҰР. Әнмен жүріп өту үшін, рота бойынша (батальон бойынша), арақашықтық 50 метр немесе басқа арақашықтық көрсетіледі, бірінші рота (батальон, бригада (полк) басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА". "Қарубау-ҒА. Адым - БАС" командаларын береді.
      "Әндетіп өту үшін" командасы бойынша бригада (полк) командирінің орынбасарлары саптан екі адымға шығып, бригада (полк) басқармасының алдына тұрады.

      202. Бригаданы (полкті), сызықтықты білдіретіндердің шыққанын, сондай-ақ салтанатты шерумен және әнмен жүріп өтуді тексеру батальон үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

3. Машиналардағы саптық байқау

      203. Рота, батальон және бригада (полк) саптық байқау үшін машиналар алдында жеке құраммен өрістетілген сапқа тұрғызылады:
      рота - машиналар сызығына, жеке құрам - екі қатарлы сапқа;
      батальон - машиналар және жеке құрам - роталық немесе взводтық лектер сызығына;
      бригада (полк) - машиналар мен жеке құрам - роталық лектер сызығына.

      204. Машиналардағы жеке құрамның саптық байқауы жаяу тәртіппен байқау үшін көрсетілгенге сәйкес жүргізіледі.
      Қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы және жай-күйін, сондай-ақ машиналардағы әрекеттерге жеке құрамның дайындығын тексеру саптық байқауды өткізетін бастық көрсеткен тәртіппен жүргізіледі. Ол машиналармен салтанатты шерумен жүріп өту тәртібін де айқындайды.

      205. Машиналармен салтанатты шерумен жүріп өту роталық немесе батальондық жорықтық лектермен жүргізіледі. Бригада (полк), сондай-ақ екі және одан да көп лекпен жүріп өтуі мүмкін.
      Байқау өткізілетін роталар, батальондар командирлерінің, бригада (полк) командирінің машиналарындағы кабиналардың люктері мен әйнектерінен басқа, машиналар кабиналарының люктері мен әйнектері жабық болуы тиіс. Одан басқа, салтанатты шерумен қозғалыс жасаған уақытта люкте болуға рұқсат етілген бөлімшелер командирлерінің машиналарындағы люктер ашық болуы тиіс.
      Байқау өткізетін бастықтың рұқсатымен кабиналардың люктері мен әйнектері басқа да машиналарда ашық болуы мүмкін.
      Салтанатты шерумен қозғалыс жасаған кезде машинаның командирлік люгінде (қораптың оң жақ алдыңғы бұрышында) мыналар тұрып тұрады: рота байқауында - рота командирі, взводтар мен машиналар командирлері; батальон байқауында - батальон командирі, роталар және взводтар командирлері, бригада (полк) байқауында - бригада (полк) командирі, батальондар мен роталар командирлері.
      Автомобильде қозғалыс жасаған кезде бөлімшелер мен бөлімдер командирлері машина жүргізушісінің жанында отыруы мүмкін.

      206. Салтанатты шерумен қозғалыс жасау "Лекпен - ЖҮР" командасы (белгісі) бойынша басталады. Қозғалысты барлық машина бір уақытта орнында тұрған сол сапта немесе командирдің командасы бойынша жүріс кезінде белгіленген арақашықтық пен аралықты қабылдап, қайта сапқа тұрғызылып бастайды. Егер машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден аспайтын болса, онда машиналар белгіленген арақашықтықты, ал екі және одан да көп лекпен жүріп өту кезінде аралықты да ала отырып, қозғалысты кезекпен бастайды.
      Байқау өткізетін бастыққа дейін екі-үш сызықтық қалғанда машиналардың командирлік люгінде (кабинасында) отыратын командирлер қолын бас киіміне апарады және онымен бір уақытта басын бастық жаққа бұрады. Қалған әскери қызметшілер осы Жарғының 167-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді, бұл ретте "кеудеге" күйіндегі автоматтар сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұсталады.
      Байқау өткізетін бастықтың жанынан бір сызықтық арақашықтыққа өткеннен кейін бөлімшелер мен бөлімдердің командирлері бас киімінен қолын төмен түсіреді және басын тік қаратады, ал қалған әскери қызметшілер "еркін отыр" күйін қабылдайды.

      207. Бөлімнің Жауынгерлік Туы салтанатты шерумен жүріп өту алдында бөлім командирі машинасының жоғарғы люгінде (десанттық бөлігінде, қорабында) жайылған түрінде орнатылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер жүріп өту уақытында бастық жаққа басын бұрмайды. Автоматтармен қаруланған ассистенттер оларды "кеудеге" күйінде және сол қолымен сағақ пен ұңғы бастырмасынан ұстауы тиіс.

8-тарау. Бригада (полк) Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы, оны шығару және әкету

1. Жалпы ережелер

      208. Бөлім бойынша бұйрықпен Жауынгерлік Туға көбіне ордендермен және медальдармен наградталған сержанттар немесе офицерлер қатарынан ту ұстаушы мен екі ассистент тағайындалады.
      Одан басқа, бригадаға (полкке) Жауынгерлік Туды шығарған және сақтау орнына әкеткен кезде оған ілесіп жүру үшін бөлім бойынша бұйрықпен туды алып жүруші взвод тағайындалады. Туды алып жүруші взвод Жауынгерлік Туды сақтау орнына алып бара жатқанда оның жанында ту ұстаушы, ассистенттер және белгі беруші-барабаншы болуы тиіс.
      Жауынгерлік Туды алып жүрген кезде ту ұстаушы мен ассистенттерде аспа бау болуы тиіс (10-қосымша).
      Бөлімге Жауынгерлік Ту үнемі жайылған түрінде шығарылады. Елеулі қашықтыққа қозғалыс жасағанда Жауынгерлік Ту қабында алып жүріледі (тасымалданады).

2. Жауынгерлік Тудың саптағы жағдайы

      209. Саптағы орнында ту ұстаушы Жауынгерлік Туды еркін түсірілген оң қолмен аяқ жанында ұстайды. Сабының төменгі ұшы оң аяқ табаны жанының ортасында болуы тиіс (60-сурет).
      Қарумен тәсілдерді орындаған кезде Жауынгерлік Тудың жағдайы өзгертілмейді.

      210. Қозғалыс жасау үшін "АДЫМ" алдын ала командасы бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды сол жақ иығына ауыстырады және оны сабы бойымен созылған сол қолымен ұстайды, ал оң қолын төмен түсіреді. Бұл реттегі Жауынгерлік Тудың жағдайы сабының төменгі ұшы жерден 50-60 см биіктікте болуы тиіс (61-сурет).

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      Парадтарда салтанатты шерумен жүріп өту кезінде Жауынгерлік Ту 62-суретте көрсетілгендей алып жүктеледі.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      211. Жауынгерлік Тумен қозғалыс кезінде автоматтармен қаруланған ассистенттер мен туды алып жүруші взвод оларды "кеудеге" күйінде, ал карабиндермен қаруланғандар - "иыққа" күйінде (қылыштармен қаруланған ассистенттер - "иыққа" күйінде) ұстауы тиіс. Бұл ретте "кеудеге" күйіндегі автоматтар сағақ пен ұңғы бастырмасынан сол қолмен ұсталады.

      212. Бөлімнің өрістетілген сабында Жауынгерлік Тумен ту ұстаушы және екі ассистент 33-суретте көрсетілгендей тұрады.

3. Жауынгерлік Туды шығару және оны әкету тәртібі

      213. Туды алып жүретін взвод Жауынгерлік Туды сақтау орнына үш (төрт) лекпен алып жүреді. Взвод командирі алда алты адымда, одан кейін екі адымда - ассистенттерімен ту ұстаушы, ту ұстаушыдан кейін екі адымда - белгі беруші-барабаншы жүреді.

      214. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгеннен кейін туды алып жүретін взвод саптың орта тұсы үй-жайдың (сақтау орнының) есігіне қарама-қарсы келетіндей болып өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады.
      Взвод командирі белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай взводтың оң жақ қапталына тұрады, ал взвод командирінен оңға қарай екі адымда ту ұстаушы мен ассистенттер бір қатарға тұрады. Жауынгерлік Туды қабылдау үшін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыны шақырады: "Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС".
      Осы команда бойынша ту ұстаушы мен ассистенттер штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) соңынан жүреді.

      215. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды қабылдап алып, оны ту ұстаушыға тапсырады және қарауыл бастығының қатысуымен Ішкі қызмет жарғысында көрсетілген тәртіппен Жауынгерлік Туды қарап шығады.
      Одан кейін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қолын бас киіміне апарады, "Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС" командасын береді және туды алып жүретін взводқа қарай жүреді.
      Жауынгерлік Ту кіреберісте көрінгенде туды алып жүретін взвод командирі мынадай команда береді: "Взвод, Туға - ТІК ТҰР", ал егер взвод карабиндермен қаруланған болса мынадай команда береді: "Взвод, Туға - ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА". Бірінші команда бойынша взвод саптық қалыпты қабылдайды, взвод командирі қолын бас киіміне апарады, ал екінші команда бойынша взвод, одан басқа карабиндерді "қарауылға" (осы Жарғының 69-тармағы) күйіне алады; белгі беруші-барабаншы "Туға" маршын соға бастайды.
      Ту ұстаушы ассистенттерімен взвод командирінен оңға қарай екі адымда қозғалыс жағына маңдайшебімен бір қатарға тұрады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушының алдыңғы жағында екі адымда тұрады және бас киімінен қолын түсіреді; белгі беруші-барабаншы соғуын тоқтатады.
      Ту ұстаушы ассистенттерімен өз орнына тұрғаннан кейін взвод командирі бас киімінен қолын түсіріп, "Взвод, оң-ҒА" командасын береді, ал егер взводта "қарауыл" күйінде карабин болса, онда алдын ала "Взвод, аяқ-ҚА" және одан кейін "Иық-ҚА" командаларын береді.

      216. Жауынгерлік Тумен қозғалу штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) "Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС" командасы бойынша басталады. Осы команда бойынша штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), ту ұстаушы мен ассистенттер қозғалысты жарты адыммен бастайды. Взвод командирінің "Взвод, үш (төрт) лекпен, адым - БАС" командасы бойынша туды алып жүретін взвод жүру кезінде осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей қайта сапқа тұрғызылады. Қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) "ТУРА" командасы бойынша барлығы толық адыммен қозғалысты бастайды.
      Жауынгерлік Тумен қозғалыс мынадай тәртіппен саптық адыммен жасалады: штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), одан кейін екі адымда - ту ұстаушы ассистенттерімен, ту ұстаушыдан кейін үш адымда - взвод командирі; белгі беруші-барабаншы взвод командирінен кейін екі адымда, ал белгі беруші-барабаншыдан кейін екі адымда - взвод жүреді.
      Белгі беруші-барабаншы туды алып жүретін взвод жүрген кезде "Жорықтық маршты" соға бастайды және оркестр (белгі беруші-барабаншылар) ойнай бастағанда соғуды тоқтатады.

      217. Ту алып жүруші взвод Жауынгерлік Туымен бригадаға (полкке) 40-50 адым жақындағанда бригада (полк) командирі: "Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)", ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: "Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР. Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командасын береді.
      Бірінші команда бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолын бас киіміне апарады; барлығы басын Жауынгерлік Ту жаққа бұрады және оның соңынан басын бұра отырып, оны көз қиығымен шығарып салады; оркестр "Қарсы алу маршын" ойнайды. Екінші команда бойынша, одан басқа, карабиндер "қарауылға" күйіне алынады (осы Жарғының 69-тармағы). Егер бригада (полк) жанында оркестр болмаса, оркестр орнына алдын ала сапқа тұрғызылған белгі беруші-барабаншы "Туға" маршын соғады. Ту алып жүруші взвод бригаданың (полктің) сол жақ қапталына келіп тоқтайды және егер взвод карабинмен қаруланған болса, взвод командирінің командасы бойынша оларды "қарауылға" күйіне алады. Ту ұстаушы ассистенттерімен штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) командасы бойынша бригада (полк) маңдайшебі бойымен оң жақ қапталға қарай қозғалысты жалғастырады және олар үшін сапта белгіленген орынға тұрады (33-сурет).
      Ту ұстаушы өз орнына тұрғаннан кейін бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтату үшін белгі береді және: "Еркін тұр" командасын береді, ал егер бригадада (полкте) "қарауылға" күйінде карабин бар болса, алдын ала "Бригада (полк), аяқ-ҚА" командасын береді.
      Бригада (полк) командирінің "Еркін тұр" командасынан кейін ту алып жүруші взводтың командирі взводты бригаданың (полктің) сол жақ қапталына апарады.

      218. Жауынгерлік Туды әкету үшін бригада (полк) командирі "Ту алып жүруші взвод - АЛҒА" деп команда береді.
      Осы команда бойынша ту алып жүруші взвод үш (төрт) лек бойынша белгі беруші-барабаншымен шығарылады және алға сол иықпен ене отырып, сол жақ қапталдағы бөлімшенің орта тұсы алдына бригада (полк) маңдайшебіне қарама-қарсы 20-25 адымда тоқтайды.
      Ту алып жүруші взвод тоқтаған кезде бригада (полк) командирі: "Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР, назар оң-ҒА" командасын береді, ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: "Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР. Оң жақтан қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командасын береді.
      Осы команда бойынша бригада (полк) осы Жарғының 217-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді (ту алып жүруші взвод солға түзеледі); оркестр "Қарсы алу маршын" ойнайды (белгі беруші-барабаншылар "Туға" маршын соғады); штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыға: "Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС" командасын береді және оны ассистенттерімен бригада (полк) маңдайшебі бойымен ту алып жүруші взвод жаққа қарай алып жүреді.
      Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы ту алып жүруші взвод қатарына теңелген кезде ту алып жүруші взводтың командирі: "Взвод, адым - БАС" командасын береді, ал егер взвод карабинмен қаруланған болса, алдын ала "Взвод, аяқ-ҚА" және "Иық-ҚА" командаларын береді. Взвод Жауынгерлік Тумен, оны сақтау орнына кетеді.
      Ту алып жүруші взвод 40-50 адымға алыстағанда бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтатуға белгі береді және: "ЕРКІН ТҰР" командасын береді, ал егер бригадада (полкте) "қарауылға" күйінде карабиндер бар болса, алдын ала "Бригада (полк), аяқ-ҚА" командасын береді.

      219. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгенде ту алып жүруші взводтың командирі осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген тәртіппен взводты сапқа тұрғызады және: "Взвод, Туға - ТІК ТҰР", ал егер карабиндермен қаруланған болса: "Взвод, Туға - ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА" командаларын береді. Осы командалар бойынша взвод осы Жарғының 215-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды. Белгі беруші-барабаншы "Туға" маршын соғады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) бас киіміне қолын апара отырып, ту ұстаушыға: "Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС" командасын береді және оны ассистенттерімен соңынан алып жүреді. Жауынгерлік Ту үй-жайға кіргізілген кезде ту алып жүруші взводтың командирі бас киімінен қолын түсіреді, белгі беруші-барабаншы барабанды соғуын тоқтатады; егер взводта "қарауылға" күйінде карабиндер бар болса, взвод командирі "Взвод, аяқ-ҚА", содан кейін "Қарубау-ҒА" командаларын береді және взводты рота орналасқан жерге алып жүреді.

                                           Саптық жарғыға
                                             1-ҚОСЫМША
 
          Сапты басқаруға арналған белгілер кестесі

Р/с
N
Белгі Шартты белгілер
Қолмен Жалаушалармен Қолшаммен

1

2

3

4

5

1.

Назар сал
(назар сал,
мен сияқты
жаса, жауап
беру)

Оң қолды
жоғары көтеру
және жауап
бергенге
дейін ұстау
керек (Назар
сал белгісін
қайталағанға
дейін)

Оң қолмен ақ
жалаушаны
көтеру және
жауап бергенге
дейін ұстау
керек (Назар
сал белгісін
қайталағанға
дейін)

Ақтүсті
қолшаммен
- бірнеше
нүктелер

2.

Командирлер-
ді (бастық-
тарды) жинау

Оң қолды
жоғары көтеру
және оны
басынан асыра
айналдыру,
одан кейін
қолды жылдам
түсіру керек

Сол сияқты,
оң қолға қызыл
және ақ
жалаушалармен

Ақ түсті
қолшаммен
жартылай
шеңбер
жасай
отырып,
басынан
асыра
оңға және
солға
бұлғау
керек

3.

Барлығын
маған кел
(сапқа тұр)

Оң қолды
жоғары көтеру
және оны
басынан асыра
үлкен
амплитудамен
айналдыру
керек

Сол сияқты,
оң қолда ақ
жалаушалармен

Қызыл
түсті
қолшаммен
- бірнеше
нүктелер

4.

Машиналарға

Екі қолды
жоғары көтеру
және
орындалғанға
дейін ұстау
керек

Сол сияқты,
оң қолында ақ,
ал сол қолда
қызыл
жалаушаны
ұстап тұрып

Ақ түсті
қолшаммен
өз алдында
иық
деңгейінде
оңға және
солға
бұлғау
керек

5.

Орындарына

Екі қолды
жоғары көтеру
және жаны
арқылы жылдам
түсіру керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалаушаны
ұстап тұрып

Ақ түсті
қолшаммен
тік жоғары
және төмен
бұлғау
керек

6.

От алдыр

Оң қолмен
өзінің алдында
айналдыру
керек

Сол сияқты,
оң қолында ақ
жалауша ұстап
тұрып

Ақ түсті
қолшаммен
өз алдында
айналдыру
керек

7.

Қозғалтқышты
өшір

Түсірілген
екі қолмен
өзінің алдында
бұлғау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
- қызыл жалауша
ұстап тұрып

Төмен
ұсталған
қызыл
түсті
қолшаммен
жартылай
шеңберді
көрсетіп
өзінің
алдында
бұлғау
керек

8.

Адымда
(алға,
бұрынғы
немесе жаңа
бағыттарда
қозғалысты
жалғастыр,
жол ашық)

Оң қолды
жоғары көтеру,
қозғалыс жаққа
бұрылу және
иық деңгейінде
қозғалыс
бағытына
қолды түсіру
керек

Сол сияқты,
оң қолында ақ
жалауша ұстап
тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
тік және
төмен
бұлғау
керек

9.

Арақашықтық-
ты ұлғайт

Сол қолды
жоғары көтеру,
ал оң қолды
жанына
көлденең созу
керек және
онымен иық
деңгейіне
дейін төмен
және жоғары
бұлғау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
сегіздікті
көрсете
отырып,
тік
жазықтыққа
бұлғау
керек

10.

Тоқта
(тоқтат)

Сол қолды
жоғары көтеру
және
орындағанға
дейін
қайталап,
өзінің алдында
жылдам түсіру
керек

Сол сияқты,
сол қолында
қызыл
жалаушамен

Қызыл
түсті
қолшаммен
тік жоғары
және төмен
бұлғау
керек

11.

Арақашықтықты
азайт

Оң қолды
жоғары көтеру,
ал сол қолды
жанына
көлденең созу
керек және
онымен иық
деңгейіне
дейін төмен
және жоғары
бұлғау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Қызыл
түсті
қолшаммен
сегіздікті
көрсете
отырып,
тік
жазықтықта
бұлғау
керек

12.

Машиналар
сызығына
(жаяу жүру
тәртібімен -
бөлімшелер
сызығына)

Екі қолды
жанына
көлденең созу
және жауап
бергенге
дейін ұстау
керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
өзінің
алдында
иық
деңгейінде
оңға және
солға
бұлғау
керек

13.

Тізбекке
өрістеу

Өрістеу
жағына бұрылу
және қолдарын
өзінің алдына
иық деңгейіне
дейін көтеру
керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалаушаны
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
- бірнеше
нүктелер

14.

Взводтық
лектер
сызығына

Екі қолды
жоғары көтеру
және олармен
бастан асыра
айқастыра
бұлғау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
жартылай
шеңберді
көрсете
отырып,
бастан
асыра
оңға және
солға
бұлғау
керек

15.

Роталық
лектер
сызығына

Екі қолды
жоғары көтеру,
оларды бастан
асыра
бір-біріне
айқастыра қою
және
қозғалыссыз
ұстау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
жартылай
шеңберді
көрсете
отырып,
бастан
асыра оңға
бұлғау
керек.
Қолшамды
бастапқы
жағдайға
қайтару
жартылай
сөндіріл-
ген немесе
жарықты
қабылдай-
тынға
көрсетпей
жауып
жүргізу
керек

16.

Лекке

Оң қолды
жоғары көтеру
және оны
білекті тік
ұстай отырып
түсіру керек
(жауап
бергенге дейін
қайталау
керек)

Сол сияқты, оң
қолда ақ
жалаушамен

Жасыл
түсті
қолшамды
қозғалыс-
сыз ұстау,
ал одан
кейін
"Алға"
белгісін
жауап
бергенге
дейін
қайталау

17.

Барлығың
артқа бұрыл

Сол қолды
жанына
көлденең
созу, ал оң
қолды жоғары
көтеру және
басынан асыра
айналдыру
керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
өзінің
алдында
айналдыру
керек

18.

Барлығың
оңға (солға)
бұрыл

Сол қолды
жанына
көлденең
созу, ал оң
қолды жоғары
көтеру керек,
бұрылыс жағына
бұрылу және оң
қолмен иық
деңгейіне
дейін жоғары
және төмен
бұлғау керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, ал
сол қолда
қызыл жалауша
ұстап тұрып

Жасыл
түсті
қолшаммен
жоғарыдан
төмен
қарай және
бұрылу
жағына
қарай
бұлғау
керек

19.

Авария
(мәжбур
болған
тоқтаулар)

Оң қолды
жанына
көлденең созу,
ал сол қолды
жоғары көтеру
және онымен
бастан асыра
оңға және
солға бұлғау
керек

Сол сияқты, оң
қолда ақ, сол
қолда қызыл
жалауша ұстап
тұрып. Белгіні
бергеннен
кейін қызыл
жалауша
машинаға 45
градустық
бұрышпен
орнатылады

Жасыл
түсті
қолшаммен
иық
денгейінде
өзінің
алдында
оңға және
солға
бұлғау
керек

      Ескертпелер:
      1. Белгілер кестесінде мыналар белгіленген:
      ақ түсті жалауша
      ақ түсті қолшам
      қызыл түсті жалауша
      қызыл түсті қолшам
      жасыл түсті қолшам
      2. Белгі беру жалаушасы ұзындығы 40 см сабына бекітілген көлемі 32x22 см тікбұрышты матадан тұрады.

      (қағаз мәтініне қараңыз)

                                                     Саптық жарғыға
                                                       2-ҚОСЫМША

            Машинаны басқару үшін белгілер кестесі
 
        (қағаз мәтініне қараңыз)

      Ескертпе: командир машинаны басқару үшін одан кемінде 5 м жерде тұрады.

                                                     Саптық жарғыға
                                                        3-ҚОСЫМША

_________________бригадасы (полк)___________ротасының (батальонының)

                         САПТЫҚ ЖАЗБАСЫ

                   20__жылғы "__"_____________

Атауы
және
саны
_______
 
 
 
   Есепке
алу түрі

Жеке құрам

Қару

Офи-
цер-
лер

Сержанттар

Сарбаздар

Барлығы

Автомат-
тар

Келі-
сім-
шарт
бойын-
ша

Мер-
зімді
қызмет

Келі-
сім-
шарт
бойын-
ша

Мерзім-
ді
қызмет

Штат
бойынша








Тізім
бойынша








Сапта








Жоқтар








  кестенің жалғасы


Қару-жарақ пен әскери техника

Кара-
биндер

Оқша-
шарлар

Гранатаатқыш-
тар

Тағы
басқа-
лар

ЖӘЖМ

Танктер

Автомо-
бильдер

Тағы
басқалар

















              Рота (батальон, бригада (полк) командирі
              ____________________________________
                  (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпелер:
      1. Батальонның саптық жазбасының сыртқы бетінде бірінші ротаның командирінен бастап, роталар командирлерінің әскери атағы мен тегі, ал бригаданың (полктің) саптық жазбасында одан басқа, батальондар командирлерінің әскери атағы мен тегі жазылады.
      2. Толтырылғаннан кейін саптық жазба қызмет бабында пайдалану үшін құжат ретінде сақталады және белгіленген тәртіппен жойылады.
      3. Штаттары құпия болып табылатын бөлімдер (бөлімшелер) үшін "Штат бойынша" бағаны көрсетілмейді.

                                                     Саптық жарғыға
                                                       4-ҚОСЫМША

                             Шартты белгілер

      АБ   Аға бастық
      К    Бригада командирі
      КО   Бригада командирінің орынбасары
      ШБ   Бригада командирінің орынбасары - штаб бастығы
      КТЖО Бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық
           жұмыстары жөніндегі орынбасары
      КҚО  Бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары
      КТО  Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары
      ШБО  Бригада штабы бастығының орынбасары (ШБАК - штаб
           бастығының аға көмекшісі)
      БрС  Бригада сержанты
      ТҰ   Ту ұстаушы
      \    Ассистент
      ӘД   Әскери дирижер
      К    Батальон командирі
      КО   Батальон командирінің орынбасары
      ШБ   Батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы
      КТЖО Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық
           жұмыстары жөніндегі орынбасары
      КҚО  Батальон командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары
      КТО  Батальон командирінің тыл жөніндегі орынбасары
      БС   Батальон сержанты
      К    Рота командирі
      КО   Рота командирінің орынбасары
      КТЖО Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық
           жұмыстары жөніндегі орынбасары
      РС   Рота сержанты
      АТ   Ротаның аға технигі
      С    Рота старшинасы
      +    Ротаның санитарлық нұсқаушысы
      К    Взвод командирі
      КО   Взвод командирінің орынбасары
      ВС   Взвод сержанты
      К    Бөлімше командирі (МК -  машина командирі, ТК - танк
           командирі)
      КО   көздеуші-операторы
      К    көздеуші
      АА   Аға атқыш
      МН   Мерген
      О    Оқшашаршы
      АГ   Атқыш-гранатқыш
      ГК   Гранатқыш-көмекшісі
      А    Атқыш
      Ж    Жүргізуші (МЖ - механик-жүргізуші)
      ББ   Белгі беруші-барабаншы
      ____
     <____| Броньды транспортер
      ____
     <___|| Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасы

      <>    Танк
      ____
     О____| Автомобиль

      Ескертпе: Командирлердің машиналары былай белгіленеді, мысалы:
      взвод командирінің броньды транспортеры 
      рота командирінің танкі
      батальон командирінің броньды транспортері

      (Шартты белгілердегі аббревиатуралардың артында сызылған белгілерлі қағаз мәтінінен қараңыз)

                                                     Саптық жарғыға
                                                       5-ҚОСЫМША

                    САПТЫҚ ПЛАЦТЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ

      (қағаз мәтініне қараңыз)

      1 - саптық алаң; 2 - Саптық жарғылардан суреттері бар стенд; 3 - айна; 4 - сызықтықты білдіретіндерге арналған орын; 5 - мінбе; 6 - сапқа тұру үшін сызық; 7 - ту салғыштар; 8 - ұрыс даласындағы қозғалу тәсілдерін пысықтауға арналған алаң; 9 - машиналар жанындағы және машиналардағы іс-әрекеттерді пысықтауға арналған алаң; 10 - темекі шегуге және аяқ киімді тазалауға арналған орын.
      Ескертпелер:
      1. Әскери бөлімнің саптық плацы саптық даярлық бойынша сабақтар өткізу; саптық даярлық бойынша үздік бөлімшеге жарыс; таңертеңгі дене жаттығулары; жалпы батальондық және полктік кешкі тексерулер үшін; бөлімнен жарақталатын қарауылдарды тарату, командаларды, сондай-ақ бөлімнің тұрған жерінен босатылатын жеке құрамды; жеке құрамды сабаққа шығу алдында сапқа тұрғызу үшін және басқа да әскери жоралғылар үшін тағайындалған.
      2. Көлемі 8x16 саптық алаңдар плацтың бүкіл алаңы бойынша біркелкі дайындалады. Саптық алаңнан басқа плацта бөлімшелер салтанатты шерумен жүріп өту үшін жолақ бөлінеді.
      3. Оң жақ қапталдағылар жүріп өту сызығы мінбеден 5-8 м арақашықтықта жасалады, одан бір адымда бір-бірінен 10-15 м сызықтықты білдіретіндер үшін орындар белгіленеді.
      4. Плацтардағы барлық сызық ақ түсті бояумен (қорытылған әкпен) жасалады.
      5. Әрбір саптық плац жарықпен жабдықталған және радиоландырылған болуы тиіс.

                                                    Саптық жарғыға
                                                      6-ҚОСЫМША

Роталық белгі беруші-барабаншыларға арналған ережелер

      1. Белгі беруші-барабаншы сапта барабанды белдікте сол иықта, төменгі былғарысы оң жақ жанына қаратып ұстайды. Таяқшалар жіңішке ұштары төмен қаратылып барабан белдігінің ұяларында болады.
      Белгі беретін керней - ауыз жағы төмен қаратылып, сол жақ жамбаста керней шеңберінен белдік белбеуге бекітіліп оң иық арқылы бауда болады (1-сурет).
      2. Барабанды соғуға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы барабан таяқшаларын барабан белдігінің ұясынан алады, барабанды ойнау үшін жағдайға келтіреді және таяқшаларын жіңішке ұшымен барабанның жоғарғы былғарысына қояды (2-сурет). Осы жағдайда белгі беретін керней 1-тармақта көрсетілген жағдайда қалады.
      Жетекші белгі беруші-барабаншы барабан соғуды бастауға және тоқтатуға нұсқау беру үшін таяқшаларды серпіп белгі береді.

      (қағаз мәтініне қараңыз)
 
      3. Белгі беруші-барабаншы бұрылған кезде барабанды қолымен шеңберінен ұстайды.
      4. Ойнамаған кезде саптағы қозғалыс кезінде барабанды 1-тармақта көрсетілгендей ұстайды.
      5. Белгі беретін кернейде ойнауға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы кернейді оң қолына алады және мундштукты аузына апарады (3-сурет). Осы жағдайда барабан 1-тармақта көрсетілгендей жағдайда қалады.
 
                            Саптық алаң
 
       (қағаз мәтініне қараңыз)

                                                    Саптық жарғыға
                                                     7-ҚОСЫМША
 
      Жауынгерлік ту тапсырға кездегі бригаданың (полктік сапқа тұруы)
 
       (қағаз мәтініне қараңыз)
 

                                                   Саптық жарғыға
                                                     8-ҚОСЫМША
 
       Саптық байқаудағы әскери қызметшілерге сұрақ қою кезінде
                 бригаданың (полктік сапқа тұруы)
 
       (қағаз мәтініне қараңыз)

                                                    Саптық жарғыға
                                                     9-ҚОСЫМША

  Белгі беру кернейі үшін белгілер мен роталық барабан үшін соғулары
 
                        Белгі беру кернейі үшін белгілер
 
       (қағаз мәтініне қараңыз)

                                              Қазақстан Республикасы
                                                  Президентінің
                                              2007 жылғы 5 шілдедегі
                                                 N 364 Жарлығымен
                                                    БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ТӘРТІПТІК ЖАРҒЫСЫ

      Осы Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.
      Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.
      Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуы тиіс.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әскери тәртіп дегеніміз - әскери қызметшілердің заңдармен, жалпы әскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен белгіленген ережелерді қатаң және нақты сақтауы.

      2. Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылады.
      Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны - Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделеді.

      3. Командирлер (бастықтар) заңнаманың, жалпыәскери жарғылардың, жоғары тұрған әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) бұйрықтарының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, әскери бөлімдерде, кемелерде және бөлімшелерде әскери тәртіпті күнделікті ұстауға міндетті.

      4. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға;

      2) әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға;

      3) әскери қызметтің қиындықтарынан табандылықпен өтуге;

      4) қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға;

      5) командирлерге (бастықтарға) және бір-біріне құрмет көрсетуге, әскери сәлемдесу мен әскери сыпайылылық ережелерін сақтауға;

      6) әділ болуға, әскери істі адал зерделеуге және сеніп тапсырылған қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, әскери мүлікті сақтауға;

      7) өзін абыроймен ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың оны жасауына жол бермеуге, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жәрдемдесуге міндеттейді.

      5. Әскери тәртіпке:

      1) әскери қызметшілерді патриоттық, әскери, адамгершілік және рухани тәрбиелеумен, оларда жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді және командирлерге (бастықтарға) саналы бағынуды қалыптастырумен;

      2) әрбір әскери қызметшінің өз міндеттерін және заңнама мен жалпыәскери жарғылардың талаптарын орындауға жеке жауапкершілігімен;

      3) әскери бөлімде (бөлімшеде) жарғылық тәртіпті ұстаумен, әскери қызметшілердің күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін қатаң сақтауымен;

      4) жауынгерлік даярлықты нақты ұйымдастырумен және онымен жеке құрамды толық қамтуымен;

      5) командирлердің (бастықтардың) жеке үлгі көрсетуімен және бағынысындағыларға әскери қызмет міндеттерін олардың тиісті орындауы үшін күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын ұдайы бақылаумен, әскери қызметшілердің құқықтары мен жеке қасиеттерін құрметтеумен, оларға үнемі қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестірумен және дұрыс қолданумен;

      6) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.

      6. Тәртіптік жауапкершілік - әскери қызметшілердің, олар әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапты болатын жауапкершілік түрі.

      7. Әскери қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) - әскери қызметшілердің оларға жүктелген міндеттерді құқыққа қарсы, кінәлі орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, әскери тәртіпті, қызметтік этика ережелерін бұзуы, тәртіптік түрде жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауы, сондай-ақ заңдармен белгіленген әскери қызмет өткеруге байланысты шектеулерді сақтамауы.

      8. Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - әскери қызметшілер жасаған теріс қылықтар үшін осы Жарғыға сәйкес осындай құқығы бар командирдің (бастықтың) билігімен оларға қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы.

      9. Тәртіптік комиссия - қызметтік тексеру материалдарын қарау және әскери қызметшінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу үшін, оны жасаудың мән-жайын жан-жақты, толық және объективті белгілеу мақсатында әскери бөлімде, мемлекеттік мекемеде (бұдан әрі - әскери бөлім) құрылатын тұрақты әрекеттегі алқалық консультативтік-кеңестік орган.

      10. Көтермелеу - әскери қызметшіні тәрбиелеудің және әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік іс-қимылын оң бағалау.

      11. Қызметтік карточка - әскери қызметшінің көтермелеулері мен жазалары туралы мәліметтерді көздейтін белгіленген нысандағы қатаң есептілік құжаты (1-қосымша).
      Қызметтік карточка әскери бөлімнің штабында тіркеледі және әскери қызметшіні ауыстырған кезде жеке ісімен бірге жаңа қызмет орнына жіберіледі.

      12. Қызметтік тексеру - оқиғаның, теріс қылық жасаудың мән-жайын немесе өтініште көрсетілген фактілерді жан-жақты, толық және объективті зерттеу.

      13. Әскери қызметшілерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі болып табылады.

      14. Әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйіне командир (бастық), оның орынбасарлары және жалпыәскери жарғыларға сәйкес міндеттер мен тәртіптік құқықтар берілген басқа да лауазымды адамдар жауап береді. Олар бағынысындағылардан оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, бұзушыларды қатаң, бірақ адал жазалауға міндетті.
      Жарғылық тәртіпті және заңнама, жалпыәскери жарғылар, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, әскери тәртіпті бұзудың және қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген командир (бастық) ол үшін осы Жарғыда және заңнамада белгіленген жауаптылықта болады.

      15. Әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті ұстау мақсатында командир (бастық):

      1) бағынысындағылардың жеке қасиеттерін зерделеуге, олардың арасында достықты нығайтуға, әскери қызметшілер арасындағы жалпыәскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін қолдауға, әскери ұжымды шоғырландыруға;

      2) жеке құрамның моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, бағынысындағы командирлердің (бастықтардың) талаптарды, әскери тәртіпті нығайту міндеттері мен тәсілдерін бірыңғай түсінуіне қол жеткізуге, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі олардың қызметіне басшылық жасауға, бағынысындағыларды тәртіптік практиканы дұрыс қолдануға үйретуге;

      3) құқықтық насихатты ұйымдастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуге;

      4) әскери қызмет өткеру ережелерінің анықталған бұзушылықтарын дереу жоюға шаралар қабылдауға;

      5) бағынысындағы, соның ішінде қызметтен тыс уақытта және демалыстарда болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ететін барлық шараларды қабылдауға;

      6) бағынысындағыларды заңнама, әскери ант, жалпыәскери жарғылар, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтары талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеуге, оларда ар-намыс сезімін, әскери борышын үлгілі орындауға талпынысты дамытуға және қолдауға;

      7) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті, әсіресе әскери қызметшілер арасындағы жарғылық өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушыларға және әлеуметтік әділетсіздік фактілеріне төзбеушілікпен қарауды қалыптастыруға;

      8) бағынысындағыларды, олардың жеке басын және ар-намысын құрметтеуге, бағынысындағыларға дөрекілік көрсетуге және оларды кемсітуге жол бермеуге, олар үшін заңнаманы, жалпыәскери жарғылар мен бұйрықтарды қатаң сақтаудың тұрақты үлгісі болуға;

      9) бағынысындағылардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы туралы қамқорлық жасауға, олардың мұқтаждары мен сұраныстарын білуге, олардың қанағаттандырылуына қол жеткізуге;

      10) жоғары тұрған командирге (бастыққа) әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі туралы уақтылы және объективті баяндауға;

      11) құқық қорғау органдарына әскери бөлімде (бөлімшеде) жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы дереу ақпарат беруге міндетті.

      16. Командирдің (бастықтың) әскери тәртіпті нығайту мен ұстау жөніндегі іс-қимылын бағалаудың негізгі өлшемдері:

      1) бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйі, теріс қылықтардың, оқиғалар мен қылмыстардың саны мен сипаты, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;

      2) командирлердің, олардың орынбасарларының, офицерлер мен сержанттардың (старшиналардың) жеке үлгі көрсетуі, олардың заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауы;

      3) белсенді құқықтық насихат ұйымдастыру мен жүргізу, бөлімнің басшылық құрамының, бөлімше командирлерінің тәрбие жұмыстарын жүргізуіне қатысу, жұмыстың озық тәжірибесін жүргізу және енгізу;

      4) заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтау;

      5) құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі;

      6) жауынгерлік әзірліктің және қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдың жай-күйі, жауынгерлік даярлық процесін ұйымдастыру, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарларын орындау сапасы.

      17. Әскери қызметшілердің әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқары қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік іс-қимылымен  немесе әскери қызметтің мүдделерімен байланысты емес қылмыстары мен теріс қылықтары үшін командир (бастық) тәртіптік жауаптылықта болмайды.

      18. Әрбір әскери қызметші командирге (бастыққа) әскери бөлімде (бөлімшеде) тәртіп орнатуға және әскери тәртіпті ұстауға жәрдемдесуге міндетті. Командирге (бастыққа) жәрдемдесуден бас тартқаны үшін әскери қызметші жауаптылықта болады.

      19. Командирдің (бастықтың) бұйрық беру құқығы және бағынысындағының командирге (бастыққа) мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі принциптері болып табылады.
      Әскери қызметші ашық түрде бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен, ол теріс қылық жасаған жағдайларда, сондай-ақ әскери қызметшіні дереу уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайлар кезінде командир (бастық) реттілік пен тәртіпті қалпына келтіру үшін оны ұстауға және уақытша ұсталғандар үй-жайына кіргізуге және жауапкершілікке тартуға дейін заңнамамен көзделген барлық мәжбүрлеу шараларын қолдануға міндетті. Бұл ретте қару тек жауынгерлік жағдайда ғана, ал бейбіт уақыт жағдайларында - заңнамаға сәйкес ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін.

      20. Командирлердің (бастықтардың) тәртіптік құқықтары атқарып отырған лауазымына немесе атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген әскери атағына сәйкес айқындалады (2-қосымша).
      Әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар беру, сондай-ақ әскери қызметшілерді теріс дәлелдер бойынша әскери қызметтен босату заң негіздері бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне (бұдан әрі - Әскери қызмет өткеру ережелері) сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Осы Жарғыда лауазымдары көрсетілмеген командирлер (бастықтар) оларға бағынысты әскери қызметшілерге қатысты атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген әскери атағына сәйкес тәртіптік құқықтарды:

      1) кіші сержант, сержант, екінші сатылы старшина мен бірінші сатылы старшина - бөлімше командирінің билігін;

      2) аға сержант және бас старшина - взвод сержантының, взвод командирі орынбасарының (команда старшинасының) билігін;

      3) үшінші сыныпты сержант және үшінші сыныпты старшина - рота сержантының, рота старшинасының (боцманның) билігін;

      4) екінші сыныпты сержант және екінші сыныпты старшина - батальон сержантының билігін;

      5) бірінші сыныпты сержант және бірінші сыныпты старшина - полк, бригада сержантының билігін;

      6) штаб-сержант және штаб-старшина - өңірлік қолбасшылық сержантының билігін;

      7) шебер-сержант және шебер-старшина - Қарулы Күштер түрі сержантының билігін;

      8) лейтенант және аға лейтенант - взвод командирінің билігін;

      9) капитан және капитан-лейтенант - рота (4-дәрежелі кеме) командирінің билігін;

      10) майор, подполковник, 3-дәрежелі капитан және 2-дәрежелі капитан - батальон (3 және 2-дәрежелі кеме) командирінің билігін;

      11) полковник және 1-дәрежелі капитан - полк, бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің билігін;

      12) генерал-майор және контр-адмирал - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының билігін;

      13) генерал-лейтенант, вице-адмирал - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер тегі қолбасшысының билігін;

      14) генерал-полковник, адмирал - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрі бас қолбасшысының билігін пайдаланады.
      Штаттарда екі әскери атақ көзделген лауазымдарды атқаратын командирлер (бастықтар) жоғары әскери атағына сәйкес тәртіптік құқықтарды пайдаланады.
      Қызмет бойынша міндеттерді уақытша атқару кезінде командирлер (бастықтар) бұйрықта жарияланған лауазымы бойынша тәртіптік құқықтарды пайдаланады.

      22. Бөлімшелер, әскери бөлімдер командирлерінің орынбасарлары, кеме командирлерінің аға көмекшілері, оларға бағынысты адамдарға қатысты олардың тікелей бастықтарына берілген құқықтан бір сатыға төмен тәртіптік билікті пайдаланады.
      Кеме командирінің аға көмекшісі мен көмекшісі бар кемелерде соңғысы аға көмекшіге берілген құқықтардан бір саты төмен тәртіптік билікті пайдаланады.

      23. Бригада командирінің орынбасарынан бастап және одан төмен офицерлер бөлімшелермен немесе командалармен олардың бастықтары ретінде іссапарда болған кезде, сондай-ақ өз бөлімінің орналасқан орнынан тысқары жерде бөлім командирінің бұйрығында айқындалған дербес міндеттерді атқарған кезде атқарып отырған лауазымынан бір сатыға жоғары тәртіптік билікті пайдаланады.

      24. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін көзделген көтермелеу және жазалау түрлері қолданылады.

      25. Офицерлер - курсанттардың (тыңдаушылардың) бөлімшелер командирлері - әскери оқу орындарында өздеріне бағынысты адамдарға қатысты атқарып отырған лауазымы бойынша құқықтардан бір сатыға жоғары тәртіптік билікті пайдаланады.

      26. Қарулы Күштер орталық аппараты департаменттерінің, басқармаларының, бас басқармаларының бастықтары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.

      27. Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер шегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.

      28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, республикалық Ұлан қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі әскерлер қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.07 N 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, республикалық Ұланның қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.07 N 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      30. Азаматтық персонал қатарынан Қарулы Күштердің лауазымды адамдары бағынысындағы әскери қызметшілерге қатысты атқарып отырған лауазымына сәйкес тәртіптік билікті пайдаланады.

2-тарау. Көтермелеулер

      31. Көтермелеулер әскери қызметтің міндеттерін адал және ынтамен атқаратын және әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.
      Әрбір командир (бастық) оған осы Жарғымен берілген құқықтар шегінде бағынысындағыларды жетістіктері, ынта-жігері, қызметтегі ерекшеліктері мен парасатты бастамасы үшін көтермелеуге міндетті.
      Командир (бастық) өзіне берілген құқықтарды жеткіліксіз деп санаған жағдайда ол ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді аға командирдің (бастықтың) билігімен көтермелеу туралы өтініш жасауы мүмкін.

      32. Ерекше көзге түскен офицерлер жауынгерлік ерліктері және мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде атаулы қарумен наградталуы мүмкін.

      33. Әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ержүректілігі, ерлігі мен батылдығы, бағынысындағы бөлімшелерді, бөлімдерді, әскерлерді үлгілі басқарғаны және мемлекет алдындағы басқа да үздік сіңірген еңбегі, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың жаңа үлгілерін үздік игергені үшін жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінен бастап және одан жоғары лауазымды адамдар оларға бағынысты әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну туралы өтініш жасауға құқылы.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне
қолданылатын көтермелеулер

      34. Мерзімді әскери қызметтің сарбаздарына (матростарына), сержанттарына (старшиналарына), әскери оқу орындарының курсанттарына, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан Кадет корпусының оқушыларына мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) бұрын қолданылған жазаны алып тастау;

      2) алғыс жариялау;

      3) әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге шығуға рұқсат ету;

      4) туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын үлгілі орындауы туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

      5) грамотамен, бағалы сыйлықпен наградтау;

      6) әскери қызметшіні әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы (Әскери-теңіз жалауы) жанында түскен жеке суретімен наградтау;

      7) қатардағы жауынгерлерге (матростарға)»"ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағын беру;

      8) сержанттарға (старшиналарға) кезекті әскери атағын атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір сатыға жоғары беру;

      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының үздігі кеуде белгісімен наградтау;

      10) әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына енгізу (3-қосымша);

      11) қысқа мерзімді демалыс беру - демалысты өткізу орнына барып-қайту үшін уақытты есептемегенде 10 тәулікке дейін.

      35. Әскери оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) қысқа мерзімді демалыс беру түріндегі көтермелеу қолданылмайды.

      36. Әскери оқу орындарында осы Жарғының 34-тармағында аталған көтермелеулерден басқа, сонымен қатар әскери оқу орнын алтын медальмен аяқтаған курсанттардың (оқушылардың) тегін Құрмет тақтасына жазу қолданылады.

Командирлердің (бастықтардың) оларға бағынысты мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне көтермелеулер қолдану жөніндегі құқықтары

      37. Бөлімше командирінің, взвод сержантының (команда старшинасының), взвод командирі орынбасарының (команда старшинасының):

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға құқығы бар.

      38. Рота аға технигінің (технигінің), рота старшинасының (боцманның), рота, батальон сержантының (боцманның) (дивизион старшинасының):

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға;

      3) әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге - бір сейілдемеге шығуға рұқсат етуге құқығы бар.

      39. Полк, бригада, өңірлік қолбасшылық, әскер тегі, Қарулы Күштер түрі сержантының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас сержантының:

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға;

      3) әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге - екі сейілдемеге дейін шығуға рұқсат етуге құқығы бар.

      40. Взвод командирінің (топ командирінің), рота (4-дәрежелі кеме) командирінің, батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің:

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға;

      3) әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге:
      взвод командирі (топ командирі) - бір сейілдеме; рота (4-дәрежелі кеме) командирі - екі сейілдемеге дейін;
      батальон (3-дәрежелі кеме) командирі - үш сейілдемеге дейін босатуға рұқсат етуге құқығы бар.

      41. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінің, полк, бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің, өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тегі қолбасшысының, Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының оларға бағынысты мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты осы Жарғыдағы көтермелеулерді толық көлемде қолдануға құқығы бар.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер

      42. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастау;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен, бағалы (соның ішінде атаулы) сыйлықпен немесе ақшалай сыйлықақымен наградтау;

      4) Қарулы Күштердің үздігі кеуде белгісімен наградтау;

      5) әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына енгізу;

      6) кезекті әскери атағын мерзімінен бұрын беру;

      7) кезекті әскери атағын атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір сатыға жоғары беру.

      43. Әскери оқу орындарында, осы Жарғының 42-тармағында аталған көтермелеулерден басқа, әскери оқу орнын алтын медальмен аяқтаған тыңдаушылардың тегін Құрмет тақтасына жазу, сондай-ақ көтермелеу ретінде әскери оқу орнын оқудағы ең үздік көрсеткіштерімен аяқтаған бірінші, екінші және үшінші тыңдаушыларды айқындау қолданылады.

Командирлердің (бастықтардың) оларға бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге көтермелеулер қолдану жөніндегі құқықтары

      44. Бөлімше командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бас сержантына дейін сержанттар (старшиналар) лауазымдарындағы командирлердің (бастықтардың) бағынысындағы сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге:

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға құқығы бар.

      45. Взвод командирінің (топ командирінің), рота (4-дәрежелі кеме) командирінің және батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің:

      1) өздері бұрын қолданған жазаларын алып тастауға;

      2) алғыс жариялауға құқығы бар.

      46. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінің, полк, бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің, өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тегі қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрі бас қолбасшысының осы Жарғының 42-тармағында көрсетілген, офицерлерге қатысты 6) және 7) тармақшаларда көрсетілгендерден басқа, барлық көтермелеу түрлерін қолдануға құқығы бар.

Көтермелеулерді қолдану тәртібі

      47. Командирлер (бастықтар) көтермелеулерді жекелеген әскери қызметшіге қатысты, сондай-ақ бөлімшенің, әскери бөлімнің (кеменің) барлық жеке құрамына қатысты қолдануы мүмкін.
      Көтермелеу түрін айқындаған кезде әскери қызметшінің сіңірген еңбегінің немесе ерекшелігінің сипаты, сондай-ақ оның әскери қызметке деген бұрынғы көзқарасы назарға алынады.
      Әскери қызметшінің дәл сондай ерекшелігі үшін тек бір көтермелеу жариялана алады.

      48. Тәртіптік жазасы бар әскери қызметші бұрын қолданылған жазасын алып тастаумен көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы жазаны қолданған командирге (бастыққа), сондай-ақ жоғары тұрған тікелей бастыққа тиесілі болады.
      Көтермелеу түрінде бір уақытта тек бір тәртіптік жазаны алып тастау мүмкін болады, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен көтермелеулердің басқа түрлері қолданылмайды.
      Командирдің (бастықтың) тәртіптік жазаны өзінің тәрбиелік рөлін атқарса, әскери қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және өз тәртібін әскери борышын адал орындаумен түзесе, оны алты ай өткенге дейін алып тастауға құқығы бар.

      49. Көтермелеу - алғыс жариялау - жекелеген әскери қызметшіге қатысты, сондай-ақ бөлімшенің, әскери бөлімнің барлық жеке құрамына қатысты қолданылады.

      50. Көтермелеу - әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге босату - мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) қатысты қолданылады және әскери қызметшінің мүдделерін ескере отырып, әскери бөлімнің командирі (бастық) белгілеген күндерде жүргізіледі.

      51. Көтермелеу - грамотамен, бағалы сыйлықпен наградтау - барлық әскери қызметшілерге қатысты қолданылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, бұдан басқа, ақшалай сыйлықақымен де наградталуы мүмкін. Грамотамен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай сыйлықақымен наградтау алғыс жариялаумен бір уақытта қолданылуы мүмкін, бұл ретте грамотамен жекелеген әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы наградталады.

      52. Көтермелеу - әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындауы туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау - мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қолданылады, бұл ретте әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы мақтау қағазы жіберіледі.

      53. Көтермелеу -»"ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағын беру, әскери атағын мерзімінен бұрын беру, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір сатыға жоғары кезекті әскери атақ беру - мемлекетті қорғау, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқару немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиет танытқан, жауынгерлік даярлықта және әскери тәртіпті нығайтуда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.

      54. Көтермелеу - әскери қызметшіні әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы (Әскери-теңіз жалауы) жанында түскен жеке суретімен наградтау - мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қолданылады.
      Осы көтермелеу қолданылатын әрбір әскери қызметшіге әрқайсысының сыртқы жағында - кімге және не үшін тапсырылғаны туралы мәтін жазылған екі фотосурет (әскери қызметшілер салтанатты нысанда қарумен суретке түседі) тапсырылады. Фотосуреттің сыртқы жағындағы мәтін командирдің (бастықтың) қолымен және әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталады.

      55. Қарулы Күштердің үздігі кеуде белгісімен жауынгерлік даярлықта (оқуда), қызметтік-жауынгерлік әрекетке жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібі бар әскери қызметшілер наградталады.

      56. 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру - жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштері бар мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қызметтегі ынта-жігері мен ерекшелігі үшін қолданылуы мүмкін.
      Бөлімшелер (экипаждар, есептоптар) командирлері, взводтар командирлерінің орынбасарлары, роталар (командалар) старшиналары лауазымдарын атқарып отырған мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қысқа мерзімді демалыс жауынгерлік даярлықта, үлгілі әскери тәртіпте және өздеріне бағынысты жеке құрамды тәрбиелеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген кезде беріледі.
      Көтермелеу тәртібінде қысқа мерзімді демалыс жарияланғаннан күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірілмей және көтермелеу жарияланған әскери бөлімде берілуі тиіс.

      57. Көтермелеу - әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына енгізу мыналарға қатысты:

      1) жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, қызмет өткеру кезінде мүлтіксіз тәртіптілік пен жоғары саналылық танытқан соңғы оқу кезеңіндегі мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне - оларды запасқа шығару алдында, ал әскери (арнаулы) оқу орындары мен оқу бөлімдерінің курсанттарына (оқушыларына, тыңдаушыларына) - оқу аяқталғаннан кейін;

      2) Қарулы Күштердегі мүлтіксіз қызметі үшін, сондай-ақ әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге - олардың әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі ішінде қолданылады.
      Көрсетілген көтермелеуді жариялаған кезде әскери қызметшіге әскери бөлімнің (мекеменің) Құрмет кітабына әскери қызметшінің тегін енгізу туралы әскери бөлім (кеме) командирінің қолы қойылған мақтау грамотасы тапсырылады, одан басқа мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына хабарланады.

      58. Көтермелеу сап алдында немесе әскери қызметшілер жиналысында жарияланады.
      Көтермелеулер туралы бұйрықтарды жариялау, сондай-ақ ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.
      Көтермелеулер туралы бұйрықты жариялаумен бір уақытта әскери қызметшілерге грамоталар, бағалы сыйлықтар немесе ақшалай сыйлықақылар, әскери қызметшілердің әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы (Әскери-теңіз жалауы) жанында түскен жеке фотосуреті, Қарулы Күштердің үздігі кеуде белгісі тапсырылады, сондай-ақ туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы жіберілетін хабарламаның мәтіні оқылады.

3-тарау. Теріс қылықтар мен жазалар

      59. Жазалар әскери қызметшілерге олардың теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) жеңіл:

      2) елеулі;

      3) ауыр.

      60. Әскери қызметшінің елеулі теріс қылықтары, оны жасағаны үшін босату көзделетін теріс қылықтан басқа, әскери қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын әскери қызметші алғаш рет немесе бұрын салынған жазасын алғаннан кейін жасаған теріс қылық болып табылады.

      61. Елеулі теріс қылық оны жасағаны үшін әскери қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде бұрын салынған алынбаған жазасы бар кезде алты ай ішінде әскери қызметші қайтадан жасаған теріс қылық болып табылады.

      62. Ауыр теріс қылық оны жасағаны үшін Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес заң негіздері бойынша босату көзделген теріс қылық болып табылады.

      63. Жеңіл теріс қылық жасаған және жаза қолдану мақсатсыз болған кезде командир (бастық) әскери қызметшіге әскери тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы ескерту жасаумен шектелуі мүмкін.

      64. Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі бойынша:

      1) сарбаздар мен матростар - жеке құрамның жиналыстарында;

      2) сержанттар (старшиналар) - сержанттардың (старшиналардың) жиналыстарында;

      3) офицерлер - офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.
      Полктер, бригадалар, оларға тең және одан жоғары сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.
      Аға офицерлердің теріс қылықтары тек аға офицерлер мен одан жоғарылардың жиналыстарында, жоғары офицерлердің теріс қылықтары - тек жоғары офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

      65. Кейінге қалдыруды күтпейтін ерекше жағдайларда әскери қызметші оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақтылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.

      66. Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау құқығы берілген командирлер (бастықтар) шеттетеді.
      Бағынысындағыны лауазымынан шеттеткен бастық (командир) лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға, сондай-ақ әскери прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.
      Бағынысындағыны оған жеткілікті негіздерсіз лауазымынан шеттеткен командир (бастық) ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) қолданылатын жазалар

      67. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) теріс қылықтар жасағаны үшін жазалардың мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс.

Командирлердің (бастықтардың) оларға бағынысты мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне жазалар қолдану құқықтары

      68. Бөлім командирінен бастап, оған тең және одан жоғары лауазымды адамдар оларға бағынысты мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты осы Жарғыдағы жазаларды толық көлемде қолдану құқығын пайдаланады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге
қолданылатын жазалар

      69. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жазалардың мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

      5) әскери қызметтен теріс себептер бойынша босату.

Командирлердің (бастықтардың) оларға бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану құқықтары

      70. Бөлімше командирінің, взвод командирі орынбасарының (команда старшинасының), взвод сержантының оларға бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілер - сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға) мынадай жазалар қолдануға құқығы бар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс.

      71. Рота старшинасының (боцманның), рота аға технигінің (технигінің), рота, батальон, полк, бригада, өңірлік қолбасшылық, әскер тегі, Қарулы Күштер түрі сержантының, Қарулы Күштер бас сержантының, взвод (топ) командирінің, рота (4-дәрежелі кеме) командирінің, батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің оларға бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілер - сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға) мынадай жазалар қолдануға құқығы бар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс.

      72. Рота (4-дәрежелі кеме) командирінің оған бағынысты офицерлерге мынадай жазалар қолдануға құқығы бар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс.

      73. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің оған бағынысты офицерлерге мынадай жазалар қолдануға құқығы бар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс.

      74. Жеке батальон, оған тең және одан жоғары командирдің олардың бағынысындағы келісімшарт әскери қызметшілерге мынадай жазаларды қолдануға құқығы бар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту.

      75. Теріс дәлелдер бойынша әскери қызметтен босату түріндегі жаза Келісімшарт жасасу, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, босату, шығару, сондай-ақ оларға уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын әскери атақтар беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесіне сәйкес лауазымды адамдар қолдануға құқылы.

Жауапкершілікке тарту тәртібі

      76. Теріс қылық жасаған әскери қызметшіге осы Жарғыда айқындалған, әскери қызметшінің әскери атағына және кінәліні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайтын командирдің (бастықтың) тәртіптік құқықтарына сәйкес келетін жазалар ғана қолданылуы мүмкін.

      77. Әскери қызметшілердің топпен жасаған теріс қылық жасау кезінде жазалар әрбір кінәліге оның жауапкершілік шараларына байланысты жеке қолданылады.

      78. Мас күйде болатын әскери қызметшіге жаза қолдану, сондай-ақ одан қандай да бір түсінік алу ол айыққанға дейін кейінге қалдырылады.

      79. Дәл сол теріс қылығы үшін бірнеше жаза қолдануға немесе бір жазаны басқасымен байланыстыруға, тікелей кінәлілерді жазалаудың орнына бөлімшенің барлық жеке құрамына жаза қолдануға тыйым салынады.

      80. Жаза қолдану теріс қылық жасаған әскери қызметшіні оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді атқарудан босатпайды.

      81. Егер командир (бастық) бағынысындағы жасаған теріс қылықтың ауырлығын ескере отырып, оған берілген тәртіптік құқықтарды жеткіліксіз деп санаса, ол аға командирдің (бастықтың) билігімен кінәліге жаза қолдану туралы өтініш жасайды.

      82. Аға командирдің (бастықтың) кіші командир (бастық) қолданған тәртіптік жазаны қатаңдық себебі бойынша алып тастауға немесе төмендетуге, егер соңғысы оған берілген билікті асыра пайдаланбаса, құқығы жоқ.

      83. Егер аға командир (бастық) осы жазаның жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмейтінін тапса, онда кіші командирдің (бастықтың) қолданған тәртіптік жазасын алып тастауға және неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар.
      Жаза заңсыз қолданылған жағдайда ол аға командирдің (бастықтың) билігімен алынып тасталуы мүмкін. Өзіне берілген тәртіптік құқықтарды асыра пайдаланған, сондай-ақ заңсыз жаза қолданған командир (бастық) ол үшін тәртіптік немесе өзге де жауаптылықта болады.

      84. Әскери қызметшіге жаза қолдану оны заңмен көзделген жауапкершіліктің басқа да түрлерінен босатпайды.

      85. Әскери қызметшілерге қолданылатын жазалар олар жасаған теріс қылықтың ауырлығына және олардың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.
      Егер кінәлі бірқатар теріс қылық жасаған немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті топпен бұзуға қатысқан болса, егер теріс қылық жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызметті өткеру уақытында және қызметтік міндеттерді атқару кезінде немесе алкогольдік немесе өзге де мастық күйде жасалған болса, жазаның қатаңдығы арттырылады.

      86. Тәуліктік наряд құрамына кіретін (жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет өткеретін) әскери қызметшіге қызмет өткеру уақытында оның жасаған теріс қылықтары үшін жаза қолдану нарядтан (жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік қызметтен) ауысқаннан немесе оны басқа әскери қызметшімен ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.

      87. Әскери қызметшіге жаза қолдану кезінде оның жеке ар-намысын кемсітуге, оған дене және моральдық қасірет келтіруге және оған қатысты дөрекілік көрсетуге жол берілмейді.

Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі

      88. Қызметтік тексеру теріс қылық жасаудың мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу, оны жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау, кінәлілерді белгілеу және жазадан құтылмаушылық принципін қамтамасыз ету не әскери қызметшіні жауапкершілікке негізсіз тартуды болдырмау мақсатында жүргізіледі.

      89. Қызметтік тексеру жүргізу үшін:

      1) баянаттар, арыздар, шағымдар мен хаттар;

      2) құқық бұзушылық пен оқиғалар фактілері;

      3) ревизиялар қорытындылары;

      4) әскери бөлімнің оқу, жауынгерлік және қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын тексеру нәтижелері;

      5) алдын ала анықтау, тергеу және сот органдарының хабарламалары;

      6) лауазымды адамдардың, ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары;

      7) әскери қызметшіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада , сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін уәкілетті органдардан келіп түскен материалдар негіз болуы мүмкін.

      90. Қызметтік тексеру әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады және уәкілетті лауазымды адам он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Ерекше жағдайларда қызметтік тексеру мерзімін қызметтік тексеру жүргізуді тағайындаған адам он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      91. Қызметтік тексеру мыналарға қатысты жүргізіледі:

      1) ауыр теріс қылық жасаған қатардағы жауынгерлер мен сержанттар (старшиналар) құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне;

      2) елеулі және ауыр теріс қылық жасаған кіші офицерлерге;

      3) теріс қылықтар жасаған аға офицерлерге және одан жоғарыларға.
      Басқа жағдайларда әскери қызметші теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсінік талап етіледі. Егер жазбаша түсінікте әскери қызметші өзінің теріс қылықты жасау фактісімен келіскен болса, командирдің (бастықтың) қызметтік тексеру жүргізбей, тиісті жаза қолдануға құқығы бар.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайларда немесе, егер әскери қызметші өзінің жазбаша түсінігінде өзінің теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, командир теріс қылық анықталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірмейтін мерзімде осы Жарғыда айқындалған тәртіппен қызметтік тексеруді тағайындауы тиіс.

      92. Қызметтік тексеру жүргізу үшін бөлім командирінің бұйрығымен теріс қылық жасаған әскери қызметшінің әскери атағы мен лауазымына әскери атағы мен атқаратын лауазымы бойынша тең немесе одан жоғары лауазымды адамдар (бұдан әрі - лауазымды адам) тағайындалады.
      Қажет болған жағдайларда қызметтік тексеру жүргізу уақытына командир лауазымды адамды өзінің функционалдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетеді.

      93. Әскери қызметші тек оған қатысты оның кінәсі белгіленген теріс қылық үшін ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      94. Теріс қылық жасағаны үшін кінәлі болып қасақана немесе абайсызда құқыққа қарсы әрекет жасаған (әрекетсіздік танытқан) әскери қызметші танылады.

      95. Егер әскери қызметші өзінің құқыққа қарсы әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипатын ұғынып, оның зиянды салдарларының болуын алдын ала білсе және осы салдарлардың болуын тілесе немесе саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, теріс қылық қасақана жасалған болып танылады.

      96. Егер теріс қылық жасаған әскери қызметші өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарларының болу мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ оған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға жеңілтектікпен қараса немесе тиісті ұқыптылық пен сақтық кезінде оларды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра, осындай салдарлардың болу мүмкіндігін алдын ала білмесе, ол абайсызда жасалған болып танылады.

      97. Қызметтік тексеру мынадай жағдайларда әскери бөлім командирінің бұйрығымен тоқтатыла тұруы мүмкін:

      1) әскери қызметші бөлімнің орналасқан жерін немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткенде;

      2) әскери қызметші демалыста, қызметтік іссапарда болғанда;

      3) әскери қызметші заңда белгіленген тәртіппен расталған ауыр сырқаттанғанда;

      4) ұзақ уақытты талап ететін медициналық сараптама өткізгенде;

      5) қызметтік тексеруге кедергі жасайтын басқа да жағдайларда.

      98. Қызметтік тексеру, егер оны тоқтата тұру үшін негіздер болмағанда, әскери бөлім командирінің бұйрығымен қалпына келтіріледі.

      99. Қызметтік тексеру барысында:

      1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты, оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлар;

      2) теріс қылықтың зиянды салдарларының болуы мен сипаты;

      3) келтірілген зиянның мөлшері;

      4) теріс қылық жасаған адам;

      5) әскери қызметшінің жауаптылығын болдырмайтын, жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар;

      6) теріс қылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар;

      7) теріс қылық жасаған әскери қызметшінің жеке басын сипаттайтын деректер;

      8) әскери қызметшінің теріс қылық жасаудағы кінәсі, теріс қылық жасау ниетінің немесе абайсыздықтың болуы және дәлелдері;

      9) әскери қызметшіні жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін мәні бар басқа да мән-жайлар белгіленеді.

      100. Тәртіптік жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар:

      1) теріс қылық жасаған әскери қызметшінің өкінуі;

      2) әскери қызметшінің өзінің теріс қылық жасағаны туралы командирге (бастыққа) өз еркімен хабарлауы;

      3) теріс қылық жасаған әскери қызметшінің теріс қылықтың зиянды салдарларын болдырмауы, келтірілген зиянды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;

      4) ауыр жеке немесе отбасы жағдайының тоғысуы кезінде теріс қылық жасау;

      5) мәжбүрлеу нәтижесінде теріс қылық жасау;

      6) қажетті қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзған, аса қажеттілік, құқыққа қарсы озбырлық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе команданы орындау кезінде теріс қылық жасау болып табылады.
      Әскери қызметшіге жаза қолданатын командир (бастық) өзге де мән-жайларды жеңіл деп тануы мүмкін.

      101. Тәртіптік жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар:

      1) командирдің оны тоқтат деген талабына қарамастан, құқыққа қарсы әрекетті (әрекетсіздікті) жалғастыру;

      2) егер бірінші теріс қылық үшін әскери қызметшіге жаза қолданылған болса және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, осындай теріс қылықты қайтадан жасау;

      3) топпен теріс қылық жасау;

      4) бағынысындағыны теріс қылық жасауға тарту;

      5) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе дұшпандық себеп бойынша теріс қылық жасау;

      6) басқа адамдардың заңды әрекеттері үшін кек алу, сондай-ақ басқа теріс қылықты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында теріс қылық жасау;

      7) олардың өзіне жүктеген міндеттерді орындауға байланысты лауазымды адамдарға немесе оның жақындарына ықпал ету жолымен теріс қылық жасау;

      8) жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта, жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде теріс қылық жасау;

      9) алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас күйде теріс қылық жасау болып табылады.
      Осы Жарғыда аталмаған басқа да мән-жайлар тәртіптік жауапкершілікті жеңілдететін болып танылмайды.

      102. Қызметтік тексеру барысында оны жүргізу тапсырылған лауазымды адамның:

      1) тәртіптік жауапкершілікке тартылатын әскери қызметшіден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсінік алуға;

      2) әскери қызметшінің теріс қылық жасау кінәсін растайтын материалдар жинауға;

      3) тиісті құжаттармен танысуға, қажет жағдайда олардың көшірмелерін қызметтік тексеру материалдарына қосуға;

      4) арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытынды, түсінік және кеңес алуға;

      5) теріс қылық жасалған орынға баруға құқығы бар.

      103. Әскери бөлімнің әскери қызметшілері қызметтік тексеру жүргізу үшін тағайындалған лауазымды адамға жәрдемдесуге міндетті және ұсынылған мәліметтердің нақтылығына дербес жауапты болады.

      104. Әскери қызметшінің теріс қылық жасағаны туралы, оның жасалу фактісін растайтын немесе жоққа шығаратын мәліметтер кез келген нысанда болуы мүмкін (азаматтар мен әскери қызметшілердің өтініштері; командирлердің (бастықтардың) және басқа да әскери қызметшілердің баянаттары; прокурорлық ден қою актілері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиялар жолдаған теріс қылық туралы материалдар; қызметтік және өзге де материалдар).

      105. Егер қызметтік тексеру барысында әскери қызметші теріс қылығының қылмыс құрамы белгілерінен тұратыны анықталса, командир (бастық) тікелей бастығына дереу баяндайды және құқық қорғау органдарына ақпарат береді.

      106. Қызметтік тексеру аяқталғаннан кейін лауазымды адам тексеруді тағайындаған командирге (бастыққа) анықталған кемшіліктер, заңдылықты, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды бұзушылықтар, теріс қылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы оларды жою бойынша тұжырымдармен және ұсыныстармен баяндайды. Командир (бастық) қызметтік тексеру материалдарын оған қатысты жүргізілген әскери қызметшіге қолын қойғызып жеткізуге міндетті.

      107. Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес заң негіздері бойынша теріс дәлелдері бойынша әскери қызметтен босатылуға жататын әскери қызметшілерге, сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижелерімен және ұсыныстарымен келіспейтін адамдарға қатысты қызметтік тексеру материалдарын командир (бастық) тәртіптік комиссияның қарауына жіберуге міндетті.

      108. Өзіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқан әскери қызметшінің жазбаша түсінік беруден бас тартуы қызметтік тексеру жүргізуді тоқтата тұрмайды. Мұндай жағдайда әскери қызметші тәртіптік комиссияда тыңдалады.

Тәртіптік комиссия құру және жұмысының тәртібі

      109. Тәртіптік комиссиялар жеке батальондарда, оларға теңестірілгендер мен одан жоғарыларда, сондай-ақ бағынысында әскери бөлімдері (мекемелері) бар департаменттерде (бас басқармалар мен басқармаларда) құрылады (4-қосымша).
      Саны отыздан аз әскери қызметшісі бар әскери бөлімдерде тәртіптік комиссиялар құрылмайды. Тәртіптік комиссиялар құрылмаған әскери бөлімдер әскери қызметшілерінің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органының тәртіптік комиссияларында қаралады.

      110. Тәртіптік комиссиялардың мүшелері әскери бөлім жеке құрамының жиналыстарында неғұрлым тәжірибелі және беделге ие офицерлер қатарынан ашық дауыс берумен сайланады. Тәртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ және кемінде үш адам болуы тиіс.

      111. Тәртіптік комиссияның құрамы әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітіледі. Комиссия төрағасы болып бөлім командирі орынбасарларының біреуі тағайындалады, бөлім кадр органының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тәртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      112. Әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарларының теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органының тәртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары тек жоғары офицерлер қатарынан тұратын тәртіптік комиссияда, аға офицерлердің теріс қылықтары - аға офицерлер қатарынан тұратын тәртіптік комиссияда қаралады.

      113. Тәртіптік комиссия мүшесінің өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының теріс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тәртіптік комиссия мүшесінің тиісті шешім қабылдауға тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, қызметтік тексеру материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге құқығы жоқ.

      114. Тәртіптік комиссия өз мәжілісінде қызметтік тексеру материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді. Тәртіптік комиссия оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген әскери қызметшінің және қызметтік тексеру жүргізген лауазымды адамдардың түсініктерін тыңдауы мүмкін.
      Қажет болған кезде тәртіптік комиссияның сонымен қатар куәларды тыңдауға, материалдар сұратуға және теріс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактілерді зерттеуге құқығы бар.

      115. Тәртіптік комиссияның ұсыныстары ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Тәртіптік комиссияның мүшелері өз пікірін айқын айтуға және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға міндетті. Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.

      116. Тәртіптік комиссия мүшелеріне, оларға қызметтік тексеру материалдарын қарау барысында белгілі болған мәліметтерді жариялауға тыйым салынады.

      117. Тәртіптік комиссия қызметтік тексеру материалдары түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде командирге (бастыққа) әскери қызметшінің тәртіптік жауаптылығы туралы тиісті ұсыныс енгізеді.

Жаза қолдану туралы шешім қабылдау тәртібі

      118. Командир (бастық) қызметтік тексеру материалдары және тәртіптік комиссияның ұсыныстары негізінде жаза қолдану туралы тиісті шешім қабылдайды.

      119. Қызметтік тексерудің нәтижелері бойынша командир бұйрық шығара отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға міндетті. Теріс қылықтарды жасырудың, сондай-ақ олардың жасалу мән-жайы туралы объективті емес ақпараттың жолын шешімді түрде кесу керек, ал оған кінәлі лауазымды адамдар заңнамамен белгіленген жауаптылыққа тартылуы тиіс.

      120. Теріс қылық жасаған әскери қызметшіге тәртіптік жаза қолдану (кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларды қоспағанда) әскери тәртіпті бұзудың мән-жайын жақсы анықтау үшін теріс қылық анықталған сәттен бастап, кемінде екі-үш тәулік өткеннен кейін жүргізіледі.

      121. Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан және ол жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.

      122. Қызметтегі, жауынгерлік даярлық пен тәрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшін әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін әскери қызмет өткеру үшін келген офицерлерге тәртіптік жауапкершілік шараларын лауазымға кіріскеннен кейін кемінде алты ай өткеннен кейін қолдануға жол беріледі.

Ерекше жағдайларда жазалар қолдану

      123. Гарнизон бастығының гарнизонның әскери қызметшілеріне немесе гарнизонда уақытша тоқтағандарға мынадай жағдайларда тәртіптік жазалар қолдануға құқығы бар:

      1) теріс қылық гарнизондық қызмет өткеру ережесін бұзуға қатысты болғанда;

      2) теріс қылық әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқары жасалғанда;

      3) теріс қылық демалыста, іссапарда немесе емделуде болған кезде жасалғанда.

      124. Осы Жарғының 123-тармағында көрсетілген жағдайларда теріс қылықтарға жол берген әскери қызметшілерге қатысты гарнизон бастығының гарнизон бойынша бұйрық шығарумен ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.

      125. Көлік түрлеріндегі әскери қатынастар бастықтары мен жол қатынастарындағы әскери коменданттар қатынас жолдарында жол жүру уақытында теріс қылық жасаған әскери қызметшілерге қатысты ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.

      126. Осы Жарғының 124 және 125-тармақтарына сәйкес жаза қолданған лауазымды адамдар ол туралы теріс қылықтар жасаған әскери қызметшілер қызмет өткеретін әскери бөлімдердің командирлеріне хабарлайды және демалыс билетінде, іссапар куәлігінде немесе нұсқамада тиісті белгі жасайды.
      Әскери қызметші тұрақты қызмет орнына келгеннен кейін оған қолданылған жаза туралы өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.
      Оған қолданылған жаза туралы баяндамаған әскери қызметші ол үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

      127. Бір-біріне бағынысты емес әскери қызметшілер жеке міндеттерді бірлесіп атқарған кезде, олардың қызметтік өзара қарым-қатынастары командирмен (бастықпен) айқындалмаған жағдайда олардың ішінде лауазымы бойынша үлкені, ал тең лауазымдар кезінде әскери атағы бойынша үлкені бастық болып табылады және оған атқарып отырған лауазымы бойынша берілген тәртіптік құқықтарды пайдаланады.

      128. Үлкеннің көзінше кішісі әскери тәртіпті немесе әскери сәлемдесу ережелерін бұзғаны үшін үлкені кішісіне ескерту жасауға міндетті және, егер ол ықпал етпесе, жалпыәскери жарғылармен белгіленген басқа да шараларды қолдануы мүмкін.

Жазаларды жариялау тәртібі

      129. Әскери қызметшіге жазалар ауызша немесе жазбаша командирдің (бастықтың) бұйрығымен жарияланады, бұл ретте ауызша жарияланған жаза оны қызметтік карточкаға енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      Жаза туралы әскери қызметшіге үш күн мерзімде оған қатысты бөлігінде қолын қойғызып жеткізіледі.

      130. Қолданылған жазалар туралы:

      1) сарбаздарға (матростарға) - сап алдында;

      2) сержанттарға (старшиналарға) - кеңесте немесе сержанттардың (старшиналардың) сабы алдында;

      3) офицерлерге - офицерлер кеңесінде (аға офицерлерге - тек аға және одан жоғары офицерлердің қатысуымен, жоғары офицерлерге - тек жоғары офицерлердің қатысуымен) немесе жазбаша хабарлаумен жарияланады.
      Бағынысының көзінше командирлерге (бастықтарға) және олардың орынбасарларына тәртіптік жаза жариялауға тыйым салынады.
      Жазаны жариялаған кезде әскери қызметшіге жазаға әкеп соқтырған себеп және құқық бұзушылықтың мәні көрсетіледі.

Жазаны алу

      131. Әскери қызметшінің тиісті командир (бастық) көтермелеу тәртібімен жазаны алып тастағаннан кейін немесе оған соңғы жаза қолданылған сәттен бастап алты ай өткеннен кейін жазасы жоқ болып саналады.
 

      132. Жазбаша бұйрықпен жарияланған жазаны алуды осы жазаны қолданған командир (бастық) немесе жоғары тұрған командир (бастық) жазбаша бұйрық шығару жолымен жүргізеді.
      Ауызша немесе жазбаша жарияланған жазаларды алу әскери қызметшінің қызметтік карточкасында тиісті жазбамен ресімделеді, ол оған қолын қойғызып жеткізіледі.
 

      133. Бұрын үлкен бастық салған жазаны бағыныстыдан көтермелеу тәртібімен алу үшін әскери қызметшінің тікелей бастығы команда бойынша өтініш жасайды.
      Осы жазаны салған командир (бастық) аталған өтінішті оны алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде қарауға міндетті.
      134. Әскери қызметші әскери қызметтен босатылған күні алынбаған жаза оған соңғы жаза қолданылған сәттен бастап алты ай өткеннен кейін алынған болып саналады.
      135. Әскери қызметшіні запасқа (отставкаға) босатқан кезде оның қызметтік карточкасы жеке ісімен бірге әскери есепке қою орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жіберіледі.

4-тарау. Көтермелеулерді және жазаларды есепке алу

      136. Тікелей бастықтар көтермелеулер және жазалар туралы команда бойынша баяндауға тиіс:
      1) мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне - роталар командирлеріне және оларға теңестірілгендерге күн сайын;
      2) офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге (жоғары офицерлерден басқа) - әскери бөлімдер командирлеріне апта сайын;
      3) әскери бөлімдердің командирлеріне - жоғары тұрған әскери басқару органына ай сайын.
      137. Жаза берілген полктердің, бригадалардың (1-дәрежелі кемелердің) командирлеріне, өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектері қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарларына, сондай-ақ жоғары офицерлерге қатысты жаза берген командир (бастық) үш жұмыс күні ішінде команда бойынша жоғары тұрған әскери басқару органына жазбаша баяндайды.
      138. Көтермелеулер мен жазаларды, сондай-ақ теріс қылықтарды есепке алу барлық бөлімшелер мен әскери бөлімдерде жүргізіледі. Есепке алудың жалпы жай-күйіне әскери бөлімнің штаб бастығы жауап береді.
      Көтермелеулер, теріс қылықтар мен жазалар туралы жеткізілімдер жоғары тұрған әскери басқару органына ай, тоқсан, жартыжылдық және жыл үшін жазбаша ұсынылады.
      Осы Жарғымен көзделген барлық көтермелеулер мен жазалар, оның ішінде командир (бастық) бөлімшенің (команданың), әскери бөлімнің барлық жеке құрамына жариялаған көтермелеулері үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік карточкаға енгізіледі.
      Әскери қызметшіден жазаны алған кезде қызметтік карточкада "Жазалар" бөлімінің тиісті бағанында жазаны қашан және кімнің алғаны туралы белгі жасалады және бұйрықтың нөмірі көрсетіледі.
      139. Егер әскери қызметшіге қолданылған жаза көтермелеу тәртібінде алынбаса, алты ай өткеннен кейін»"Жазалар" бөлімінің тиісті бағанында мерзімінің өтуі бойынша жазаның алынғаны туралы белгі жасалады.
      140. Қызметтік карточкалар:
      1) ротада - офицерлерден басқа рота әскери қызметшілеріне;
      2) батальон штабында - офицерлерден басқа батальон басқармасының әскери қызметшілеріне;
      3) әскери бөлімнің штабында - бөлімнің офицерлеріне және әскери бөлім басқармасының сарбаздар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне;
      4) 1 және 2-дәрежелі кемелерде:
      матростар мен старшиналарға - жауынгерлік бөлімдерде, қызметтер мен жеке командаларда;
      офицерлерге - кеме командирінің көмекшісімен;
      5) 3-дәрежелі кемеде - кеме командирінің көмекшісімен кеменің барлық жеке құрамына;
      6) 4-дәрежелі кемеде - кеме дивизиондарының басқармасында барлық жеке құрамға жүргізіледі.
      Әскери бөлімдер командирлерінің, сондай-ақ жоғары офицерлердің қызметтік карточкалары жоғары тұрған әскери басқару органында жүргізіледі.
      141. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің қызметтік карточкаларындағы әрбір жазбаны рота (тиісті бөлімше) командирі растауға тиіс.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қызметтік карточкалардағы әрбір жазбаны әскери бөлімнің штаб бастығы (кеме командирінің көмекшісі, 4-дәрежелі кеме командирі), ал әскери бөлімдер командирлері мен жоғары офицерлерде - жоғары тұрған әскери басқару органының штаб бастығы растайды.
      142. Жеке батальондар, полктер, бригадалар, кемелер командирлері және оларға теңестірілгендер тәртіптік практиканы (көтермелеулер мен қолданылған жазаларды) қолданудың дұрыстығын тексеру мақсатында қызметтік карточкаларды кезең-кезеңімен қарайды. Әрбір әскери қызметші кемінде алты айда бір рет, сондай-ақ жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өзінің қызметтік карточкасымен жеке қолын қойғызып таныстырылуы тиіс.
      143. Кемінде тоқсанына бір рет штаб бастығы комиссиялық тәртіппен әскери бөлім әскери қызметшілерінің қызметтік карточкаларын акт жасай отырып тексереді. Әскери қызметшіге алғашқы офицерлік атақ, сондай-ақ аға офицердің немесе жоғары офицердің алғашқы атағын берген кезде оған жаңа қызметтік карточка басталады. Жаңа қызметтік карточкаға әскери қызметшіге бұрын қолданылған жазалар енгізілмейді, ал, жазаны алып тастау туралы көтермелеулерден басқа, көтермелеулер ғана енгізіледі.
      Бұрынғы қызметтік карточка жойылады.

5-тарау. Әскери қызметшілердің оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту кезіндегі құқықтарының кепілдіктері

      144. Әскери қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тартуға:
      1) теріс қылық фактісі болмаған жағдайда;
      2) егер оның іс-қимылы (әрекетсіздігі) құқыққа қарсы болып табылмағанда;
      3) дәл сондай теріс қылық үшін екінші рет;
      4) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткеннен кейін;
      5) әскери қызметтен босатуға байланысты оны бөлім тізімінен шығарған жағдайда жол берілмейді.
      145. Әскери қызметші тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда ол жазбаша түрде жоғары тұрған әскери басқару органына немесе сотқа ол бұйрыққа шағымдануға құқылы.
      146. Әскери қызметшінің жоғары тұрған әскери басқару органына тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрыққа шағымдануы бұйрықпен танысқан күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      147. Жоғары тұрған әскери басқару органы шағымды қараудың нәтижелері бойынша бір ай мерзімінде мынадай шешімдердің біреуін шығаруға міндетті:
      1) әскери қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықты өзгеріссіз қалдыру туралы;
      2) осы Жарғының талаптарын бұза отырып, шығарылған әскери қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықты жою және заңсыз жазаны қолданған командирді (бастықты) жауапкершілікке тарту туралы;
      3) егер жаза осы Жарғының талаптарын сақтай отырып шығарылса, бірақ жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы жаңа бұйрық шығару туралы.
      148. Жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оны орындауға келтіруді тоқтатпайды.

Әскери қызметшілердің өтініштерін қарау
және шешу тәртібі

      149. Әскери қызметшілердің өтініштері жеке бастың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады.
      Өтініштер түрлері: 

      1) ұсыныс - адамның заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғам қызметінің әлеуметтік-экономикалық және өзге де салаларын жақсарту бойынша ұсынымдары; 

      2) арыз (баянат) - адамның оның құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға жәрдемдесу туралы қолдаухаты (өтініші), не заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарламалар, не олардың қызметін сынау; 

      3) шағым - адамның бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы, лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерін жою туралы талаптары; 

      4) пікір айту - адамның мемлекет жүргізетін ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өзінің көзқарасын білдіруі; 

      5) сұрау салу - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы тілегі.
      Жасырын өтініш - ол бойынша авторлығын белгілеу мүмкіндігі болмайтын, қолы, соның ішінде электрондық цифрлы қолы қойылмаған, өтініш иесінің пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініш. Жасырын өтініш, сондай-ақ мәселенің мәні жазылмаған өтініш қарауға жатпайды. Әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік туралы мәліметтерден тұратын жасырын өтініштер дереу мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес қайта жолдануға тиіс.
      150. Әрбір әскери қызметші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ басқа да азаматтар мен ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында командирлер (бастықтар) мен басқа да лауазымды адамдарға, мемлекеттік және әскери басқару органдарына, құқық қорғау органдарына, сотқа жеке өзі өтініш жасауға немесе басқа адамға уәкілеттік беруге құқылы.
      151. Өтініштер жазбаша, ауызша немесе электрондық құжат түрінде болуы мүмкін. Жазбаша өтінішке өтініш иесі қолын қояды. Электрондық құжат түріндегі өтініш цифрлы қолмен расталуға тиіс.
      Әскери қызметшінің өтінішінде оның тегі, аты, пошталық мекенжайы мен күні көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекетіне шағым берілген лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.
      Командирге (бастыққа) немесе әскери басқару органдарына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз иесіне күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.
      152. Өтініш берген әскери қызметшінің:
      1) өзінің өтінішін дәлелдеу үшін қосымша құжаттар мен материалдар ұсынуға, не оларды талап ету туралы сұрауға;
      2) өтінішті қарайтын адамға дәлелдерін жеткізуге;
      3) өзінің өтінішін қарауға байланысты материалдармен танысуға, егер бұл басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбаса, өтініштерді қарауға қатысуға;
      4) қабылданған шешім туралы жазбаша немесе өтініш иесі ауызша өтініш жасаған кезде ауызша түрде негізделген жауап алуға;
      5) егер олар өтініштерді қараудың белгіленген тәртібін бұзу нәтижесінде болса, зиянның өтелуін талап етуге;
      6) лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымдануға;
      7) өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш жасауға құқығы бар.
      153. Әскери қызметшілерге жауынгерлік қызметте, жауынгерлік кезекшілікте, сапта тұрған (әскери қызметшілерден сұрау салу кезінде айтылатын шағымдарды қоспағанда), қарауылда, вахтада, сондай-ақ басқа да тәуліктік нарядта тұрған кезде және сабақта шағым түріндегі өтініш беруге тыйым салынады.
      154. Әскери қызметшілердің шағым түрінде өтініш жасауына кедергі жасауға және оларды ол үшін жазаға тартуға, қудалауға не қызметі бойынша олардың құқықтарына қысым жасауға тыйым салынады.
      Оған кінәлі командир (бастық), сондай-ақ көрінеу жалған арыз (шағым) берген әскери қызметші заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
      155. Әскери қызметшілерге сұрау салу кезінде шағым түріндегі өтініш сұрау салуды жүргізетін адамға тікелей ауызша айтылуы немесе жазбаша берілуі мүмкін.
      Қандай да бір себеп бойынша сұрау салу кезінде болмаған әскери қызметшілер сұрау салуды жүргізген командирдің (бастықтың) атына тікелей жазбаша түрде өтініш жасай алады.
      156. Барлық әскери басқару органдарының және командирлердің (бастықтардың):
      1) өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты келтірілген шығындарды өндіріп алу туралы сотқа шағымдануға құқығы бар.
      157. Әскери басқару органдары және командирлер (бастықтар):
      1) әскери қызметшілердің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылдауға және қарауға;
      2) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      3) қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
      4) әскери қызметшілерге және басқа да адамдарға қабылданған шешімдер туралы хабарлауға;
      5) әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін өтініш беруіне байланысты қудалаудың жолын кесуге;
      6) шағымдарды әрекет шағымдалатын әскери басқару органдарына, командирлерге (бастықтарға) және басқа да лауазымды адамдарға жібермеуге;
      7) мәселенің объективті түрде шешілуіне мүдделі еместігіне негіздер бар деп саналған адамдарға тексеруді жүктеу жағдайларын болдырмауға;
      8) өтініш берген немесе ол оның мүддесіне орай берілген адамға зиян келтіру әрекетіне жол бермеуге;
      9) әскери қызметшілердің келісімінсіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді не заңмен қорғалатын өзге де құпияны жарияламауға, өтінішке қатысы жоқ әскери қызметшілер туралы деректерді анықтауға жол бермеуге;
      10) өтініштерді, оларда бар сыни ескертулерді талдауға және қорытындылауға, жұмысты жетілдіру және шағымдарды тудыратын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуге;
      11) өтініштерді қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйін жүйелі тексеруге;
      12) жоғары тұрған әскери басқару органына келіп түскен, қаралған өтініштердің саны және оларды қараудың нәтижелері туралы ақпарат беруге міндетті.
      158. Командир (бастық) келіп түскен өтініштердің уақтылы қаралуына және олар бойынша шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
      Өтініш он бес күнтізбелік күн ішінде, ал оны қарау үшін қосымша ақпарат алу, не орындарға шығып тексеру талап етілетін жағдайда - лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      Егер өтініште жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап ететін ерекше жағдайларда өтініш орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтініш иесіне үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады, бұл ретте өтініштерді қарау мерзімін әскери бөлім командирі (бастық) ұзартады.
      159. Қойылған міндеттерді шешу құзыретіне кірмейтін әскери басқару органдарына, командирге (бастыққа) немесе басқа да лауазымды адамға келіп түскен өтініштер үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы өтініш иесіне хабарлай отырып, тиісті органдарға жіберіледі.
      160. Өтініштерге жауаптар заңнамаға сілтемемен мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде мазмұны бойынша негізделген және дәлелденген болуға, өтініш иесінің қабылданған шешімге шағымдануға құқығын түсіндіре отырып, олардың дәлелдерін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерден тұруға тиіс.
      161. Командирлердің (бастықтардың) және басқа да лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ әскери басқару органдарының шешімдеріне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе әскери басқару органына бағыныстылық тәртібімен шағым берген адамға әрекет жасалғаны не тиісті әскери басқару органының немесе лауазымды адамның шешім қабылдағаны туралы белгілі болған сәттен бастап, үш айдан кешіктірілмей беріледі.
      Өтініш иесі қабылданған шешіммен келіспеген кезде арыз сотқа берілуі мүмкін.
      162. Әскери қызметшінің өтініші оларда қойылған мәселелердің барлығы қаралғанда, олар бойынша қажетті шаралар қабылданғанда және өтініш берген әскери қызметшіге түбегейлі жауап берілгенде ол шешілді деп саналады.
      Әскери қызметшілердің өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту өтініш берген адамның назарына заңнамаға немесе жалпыәскери жарғыларға сілтеме жасай отырып, бас тарту дәлелдерін көрсетумен және қабылданған шешімге шағымдану тәртібін түсіндірумен жеткізіледі.
      163. Әскери бөлімдердің командирлері кемінде тоқсанына бір рет келіп түскен өтініштерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау жөніндегі жұмыстың жай-күйіне ішкі тексеру жүргізуге міндетті, ол үшін жаңа оқу кезеңіне арналған бұйрықта комиссия тағайындалады. Тексеру қорытындылары бойынша акт жасалады.
      164. Әскери қызметшілер мен басқа да азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізу, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу заңнамамен белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізіледі.
      165. Әскери қызметшілер мен өзге де азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға, іс жүргізудің жай-күйіне әскери бөлім командирі, штаб бастығы және тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасар жауапты болады. Әскери қызметшілер мен өзге де азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйіне жауапты лауазымды адамдардың міндеттері әскери бөлім командирінің бұйрығымен айқындалады.
      166. Бөлімше командирлеріне келіп түсетін өтініштер белгіленген тәртіппен есепке алу және қарау үшін әскери бөлімнің штабына беруге жатады. Әскери қызметшілердің барлық өтініштері олар келіп түскен күні әрбір әскери бөлімнің штабында жүргізілетін және сақталатын өтініштерді тіркеу кітабына (5-қосымша) енгізіледі. Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
      167. Әскери бөлім командирі мен оның орынбасарлары әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен өзге де азаматтарды, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін кемінде айына бір рет бөлім командирі бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізуге міндетті.
      Қабылдау белгіленген және әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың назарына жеткізілген күндерде және сағатта қызмет орны бойынша жүргізілуі тиіс.
      Егер лауазымды адам қабылдау уақытында өтінішті шеше алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жазбаша өтініш сияқты жұмыс жүргізіледі.
 

       168. Лауазымды адамдарға әскери қызметшінің және тәртіптік жауапкершілікке тартылған өзге де азаматтың атынан келіп түскен өтініштерді әрекеті шағымдалып отырған командирдің (бастықтың) қарауына беруге тыйым салынады.

                                                 Тәртіптік жарғыға
                                                    1-ҚОСЫМША

Беткі жағы

                    ҚЫЗМЕТТІК КАРТОЧКА

               ________________________________
                (әскери бөлім, мекеме, бөлімше)

1. Лауазымы _____________________________________________________
2. Әскери атағы ________________________________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
4. Әскери қызметте қай жылдан бастап _________________________

                      КӨТЕРМЕЛЕУЛЕР

Не үшін Көтерме-
леу түрі
Қашан
қолданылды
(бұйрықтың
шыққан күні
мен N )
Кім
көтермеледі
Оған
қатысты
көтермелеу
қолданыл-
ған
адамның
қолы

Мүлтіксіз
қызметі
үшін және
Отан
қорғаушы-
лар күні
құрметіне

Бұрын
қолда-
нылған
жазаны
алып
тастау

2007 ж. 7.05.

12345 ә/б
командирі

м-р Ыбраев
2007 ж. 10.05.






Жарияланған көтермелеулермен таныстым

м-р
Ыбраев
2007 ж. 30.09.

Сыртқы жағы

                          ЖАЗАЛАР

Теріс
қылық-
тың
қысқаша
сипат-
тамасы
Теріс
қылық
қашан
жасалды
Жаза-
ның
түрі
Қашан
қолда-
нылды
(бұйрық-
тың
шыққан
күні
мен N)
Жазаны
кім
берді
Қашан
алынды
(кім
немесе
мерзі-
мінің
өтуі
бойын-
ша)
Оған
қатысты
жаза
қолда-
нылған
адамның
қолы

Қызметке
кешігу

2007 ж. 8.02.

Сөгіс

2007 ж. 10.02.

12345 ә/б коман-
дирі

-

м-р Ыбраев
2007 ж. 12.02.








Қолданылған жазалармен таныстым

м-р Ыбраев
2007 ж. 30.03.

      Ескертпе:
      Әрбір әскери қызметші көтермелеген және жаза қолданған кезде, сондай-ақ алты айда бір реттен сирек емес және жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өзінің қызметтік карточкасымен көтермелеулер мен жазалар бағандарына жеке қолын қойғызып таныстырылуы тиіс.

                                                 Тәртіптік жарғыға
                                                    2-ҚОСЫМША

        Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери
              қызметшілерінің үлгі лауазымдары
               бойынша тәртіптік құқықтардың
                    салыстырмалы кестесі

Әскери лауазымдар Кемелік лауазымдар

Бөлімше, экипаж, есептоп
командирі

Бөлімше командирі

Взвод командирінің орынбасары,
взвод сержанты

Команда старшинасы

Рота старшинасы, рота аға
технигі (технигі), рота,
батарея сержанты, шекара
заставасының старшинасы

Боцман

Батальон, дивизион,
авиаэскадрилья сержанты

Дивизион старшинасы

Полк, бригада сержанты

Бригада старшинасы

Өңірлік қолбасшылық, ҚР ҚК
әскер тегінің, ҚР ҚК түрінің
сержанты


ҚР ҚК Бас сержанты, ҚРІІМ
Ішкі әскерлерінің бас сержанты


Взвод командирі

Топ командирі

Рота, батарея, авиабуын
командирі, шекара заставасының
бастығы

4-дәрежелі кеме, 3-дәрежелі
кеменің жауынгерлік бөлім
(қызмет) командирі

Батальон, дивизион,
авиаэскадрилья командирі,
шекара комендатурасының бастығы

3-дәрежелі кеме, 4-дәрежелі
кеме дивизионы, 2-дәрежелі
кеменің жауынгерлік бөлім
(қызмет) командирі

Жеке батальон (дивизион,
авиаэскадрилья) командирі

2-дәрежелі кеме, 3-дәрежелі
кеме дивизионының командирі,
1-дәрежелі кеменің жауынгерлік
бөлім (қызмет) командирі

Полк, бригада командирі,
шекара жасағының бастығы

1-дәрежелі кеме командирі,
кемелер бригадасының командирі

                                                   Тәртіптік жарғыға
                                                       3-ҚОСЫМША

Әскери бөлімнің (кеменің)
Құрмет кітабы

      1. Құрмет кітабы барлық полктерде, бригадаларда (1-дәрежелі кемелерде), жеке әскери бөлімде (2-дәрежелі кемелерде), сондай-ақ 3-дәрежелі кемелерде және 4-дәрежелі кемелер дивизиондарының штабтарында жүргізіледі.
      2. Құрмет кітабына әскери қызметшілердің әскери атақтары, тегі, аты мен әкесінің аты осы Жарғының талаптарына сәйкес көтермелеу тәртібінде енгізіледі.
      Құрмет кітабына енгізу әскери бөлім (кеме) бойынша бұйрықпен жүргізіледі. Құрмет кітабына әскери қызметшінің фотосуреті орналастырылады және оның жетістіктерінің немесе ерлігінің қысқаша мазмұны жазылады.
      3. Құрмет кітабын сақтау орнын ол оның мәніне сәйкес келетіндей және барлық жеке құрамның онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп әскери бөлімнің (кеменің) командирі айқындайды.

                                                   Тәртіптік жарғыға
                                                        4-ҚОСЫМША

Тәртіптік комиссия туралы үлгі ереже

      Осы Үлгі ереже тәртіптік комиссияның өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды және тәртібін айқындайды.

1. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

      1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) әскери қызметшілердің теріс қылықтары туралы қызметтік тексеру материалдарын қарауды;
      2) жазалар түрлерін қолдану мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтау және командирге (бастыққа) енгізуді.
      2. Тәртіптік комиссия өз құзыреті шегінде функцияларды іске асыру мақсатында мыналарға құқылы:
      1) теріс қылық жасаған әскери қызметшілердің, куәлардың және қызметтік тексеру жүргізген лауазымды адамдардың түсініктерін тыңдауға;
      2) материалдар, ақпарат сұратуға және теріс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактілерді зерттеуге.

2. Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      3. Тәртіптік комиссияның төрағасы:
      1) тәртіптік комиссияны басқарады, оның жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) тәртіптік комиссия отырыстарының күн тәртібін айқындайды;
      3) қызметтік тексеру материалдары келіп түскен кезде тәртіптік комиссия отырысының уақытын айқындайды. Тәртіптік комиссияның төрағасы болмағанда оның уәкілеттік етуі бойынша отырыстарда тәртіптік комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді;
      4) тәртіптік комиссияның отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды.
      4. Тәртіптік комиссияның хатшысы:
      1) тәртіптік комиссия мүшелерін тәртіптік комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
      2) тәртіптік комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) тәртіптік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      4) тәртіптік комиссияның ұсыныстарын командирге жібереді;
      5) тәртіптік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      5. Тәртіптік комиссия мүшелеріне оларға қызметтік тексеру материалдарын қарау барысында белгілі болған мәліметтерді жариялауға тыйым салынады.
      6. Тәртіптік комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Тәртіптік комиссия отырыстарының тәртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі, бірақ кемінде үш адам болған кезде құқықтық күші бар. Тәртіптік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      7. Тәртіптік комиссияның мүшелері отырыстың өткізілетін күні, орны, оның күн тәртібі туралы, сондай-ақ отырыс материалдарымен отырысқа дейін хабардар етілуі және таныстырылуы тиіс.
      8. Тәртіптік комиссияның отырысына оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген әскери қызметшінің қатысуы міндетті.
      9. Тәртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тәртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшы қол қояды.