Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы N 4156 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі  N 364  Жарлығымен. 

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі  Заңының  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат) 12-бабына сәйкес Қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі қызметінің жарғысы; 
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауыл қызметтерінің жарғысы; 
      3)Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саптық жарғысы; 
      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының әскерлері мен әскери құралымдарының күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын басшылыққа алсын.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

       РҚАО-ның ескертуі: Қосымша жарғылардың мемлекеттік тілдегі мәтіні болмағандықтан орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.