Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2498. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171 Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін мазуттың жеткiліктi қорын жасау қажеттiлiгiне байланысты және Қазақстан Pecпубликасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнің  8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 710-2710 00 780) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Pecпубликасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Pecпубликасының аумағынан мазуттың әкетiлуiне тыйым салуды енгізетіндігі туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі