Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң


2016 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 904 қаулысымен бекітiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

       3-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:

       16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын және заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;";

       12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;";

       13), 14) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау";

       40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) бiрыңғай құқықтық ақпарат жүйесiн құру, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсету;".

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

       25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар мәжіліске дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірілмей Кеңсеге енгізіледі.";

       50-тармақта:

       2) тармақшаның бірінші бөлігінде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемесі, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормалары, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);";

      оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны);";

      тауар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат;";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.";

       5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер қаулы (өкім) жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптама қорытындылары қоса беріледі. Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда қаулы (өкім) жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) егер қаулы (өкім) жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, жобаға қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса беріледі. Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;";

       7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісетін мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара қолайлы шешім табу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);";

       70-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:";

      "Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін үш күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда – 20 (жиырма) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.";

       80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Үкіметтің заң шығару қызметі Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарына және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 80-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламенттің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және олардың шеңберінде Парламент сессиялары бойынша заңнамалық актілердің жобаларын (Парламенттің және оның палаталарының қаулыларын қоспағанда) дайындау болжанатын заңнама салаларын (аясын) көрсетеді.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламент палаталары мен Үкіметтің топтастырылған ұсыныстарының негізінде жасалады.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Әділет министрлігі әзірлейді, оны Үкімет Парламент палаталарының төрағаларымен келісу үшін енгізеді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Үкімет бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) бекітеді.";

       81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Алдағы жылға арналған Жоспарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілердің, заңдардың құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

       84-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тиісті тапсырмаларының көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.";

       84-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.";

       85-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өткізілуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-іне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.";

       88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.";

       89-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық және басқа да) сараптаманың жүргізілуі міндетті. Қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.";

       90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).";

       93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Заң жобаларын Кеңсеге енгізу тәртібі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.";

       95-тармақта:

       11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыға келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) егер заң жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, заң жобасына қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса беріледі. Ұсынымдармен келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша заң жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті қамтуға тиіс.";

       105-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне кіретін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың бірінші басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған тиісті хат беріледі). Қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Регламентке сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші оларға Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, егер қорытындының жобасында олардың визалары болмаса, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.";

       108-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ мерзімді түрде осындай фактілер туралы ақпаратты жинақтайды.";

       109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Осы Регламенттің 108 және 108-1-тармақтарының талаптарын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар Үкімет басшылығының атына заң жобаларына енгізілетін түзетулерді келісу туралы өтінішпен хат жібереді.

      Бұл ретте заң жобасын әзірлеуші немесе мүдделі мемлекеттік орган заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйіндемемен бірге Кеңсеге енгізеді, оларды Үкімет басшылығы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар заң жобасына енгізілетін түзетулерге өз ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      Қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган бірыңғай ұстанымды қалыптастыру үшін тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық бюджет комиссиясының не Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қарауына жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде заң жобасына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.

      Қалыптастырылған ұстанымды Үкімет басшылығының қарау нәтижелері Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде оларды одан әрі ескеру үшін тиісті тапсырмамен әзірлеуші мемлекеттік органның, мүдделі мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізіледі.

      Үкімет басшылығының тапсырмасын уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарында мүлтіксіз орындауға тиіс.";

       109-1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде оның тұжырымдамасын өзгертуге байланысты, республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту), Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкімет қорытындысының жобасын әзірлейді.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне Үкіметтің қорытындысы осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

       109-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-3. Уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарының отырыстарына қатысу барысында Үкімет және басқа да заңнамалық бастама субъектілері бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындысында көрсетілген оның бірыңғай ұстанымын қатаң сақтауға міндетті.";

       111-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заң жобаларын және Үкіметтің қызметіне қатысты басқа да мәселелерді Парламент палаталарында қарау кезінде Үкімет ұстанымын іске асыру мақсатында Өкілдік заң жобалау және өзге де жұмыс мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың Парламент депутаттарымен консультациялар, жұмыс кеңестерін өткізуге бастамашылық жасауға, қажет болған кезде олардан Парламент палаталарына жұмыс топтарының, палаталар комитеттерінің отырыстарына қатысу үшін лауазымды адамдардың кандидатураларын, тиісті құжаттарды ұсынуды сұратуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де жұмысты жүргізуге құқылы.";

       113-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе өзінің құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерінің, сондай-ақ "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің) жобаларын қарау үшін жолдайды.";

       128-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.";

      131-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;";

       138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген және ол бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты бермегені туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, орындау мерзімінің бұзылғанына бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ғана жауапты болады.";

       141-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында "(жинақтау)" немесе "жинақ" деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар. "(Жинақтау)" немесе "жинақ" деген белгілер болмаған жағдайда, тапсырмада көрсетілген мемлекеттік органдар Кеңсеге ақпаратты өздігінен енгізеді.";

      көрсетілген Регламентке 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Регламент осы қаулыға 2, 3-қосымшаларға сәйкес 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:

       8-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-на дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2017 № 192 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. "Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдамада:

      2-бөлімнің "Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалауды іске асыру құралдары" деген 3-тарауының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осыған байланысты құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта қаралатын болады.".

      6. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау және "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9-60, 564-құжат):

       тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

       3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".


Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2016 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 904 қаулысына


1-қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2002 жылғы 10 желтоқсандағы


№ 1300 қаулысына


1-қосымша

      "________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Р/с


Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі


Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты


1.


Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган



2.


Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі



3.


Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)



4.


Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар



5.


Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі



6.


Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер



7.


Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы



8.


Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)



9.


Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі



10


Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері



11.*


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі



12.**


Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)



13.**


Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады



14.***


Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат





      *Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескере отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.

      ** "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда.

      *** Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жасалған кезде толтырылады.

      Мемлекеттік органның

       бірінші басшысы _____________/______________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      __________________

      күні


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2016 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 904 қаулысына


2-қосымша


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің Регламентіне


8-қосымша



Қазақстан Республикасы


Парламентінің Мәжілісі/Сенаты

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "___________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "_____________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      1. Заң жобасын сипаттау бөлігі

      ________________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Осы бөлікте заң жобасын әзірлеудің негізділігіне, уақтылығына, орындылығы мен қажеттілігіне баға беріледі.

      Заң жобасын бағалау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) заң жобасында қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастар регламенттелмеуге тиіс;

      2) заң жобасы құқықтық негіз қалаушы қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс;

      3) заң жобасының реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көрсетілген қоғамдық қатынастарға сәйкес келуге тиіс.

      2. Бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қорытынды жобасында бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы себебінен заң жобасына тұтастай немесе оның жекелеген бөлігіне қолдау көрсетілмесе, Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Әзірлеуші қорытынды жобасына мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептер бар болған кезде оларды қоса береді.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "_____________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі туралы мәліметтер: ________________________________.

      * Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі хаттамасының күні мен нөмірі және заң жобасы бойынша қабылданған шешім

      4. Заң жобасы бойынша Үкіметтің ұстанымы:

      1) мемлекеттік органдардың пікірі және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері ескеріле отырып, Үкіметтің заң жобасы бойынша жалпы ұстанымы көрсетіледі (қолдау табады/қолдау таппайды)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________;

      2) заң жобасының жекелеген құрылымдық элементтері немесе өзара байланысты ережелерінің тобы бойынша ескертулер мен ұсыныстар дәйекті түрде және ұсынымдық сипатта жазылады. Бұл ретте:

      құрылымдық элементтің қолдау таппаған бөлігі нақты көрсетіледі;

      Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, заң жобасын тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін қабылдамаудың объективті себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;

      заң жобасын тұтастай немесе оның бөлігін қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына сәйкес келмеуі және басқа);

      қажет болған жағдайда Үкімет құрылымдық элементтің редакциясын ұсынуы мүмкін.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



      Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2016 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 904 қаулысына


3-қосымша


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің Регламентіне


9-қосымша




Қазақстан Республикасы


Парламентінің Мәжілісі/Сенаты

Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған "________________________________________"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан
Республикасы Парламенті депутаттарының түзетулеріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметі/Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "__________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі/Сенаты депутаттарының түзетулерін қарап, мынаны хабарлайды.

      1. Парламент депутаттары ұсынған Үкімет қолдайтын жеке немесе топтар бойынша бір-бірімен байланысты түзетулердің қысқаша мазмұны.*

      * Егер қолдау тапқан түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайтылу немесе кіріс бөлігінің қысқартылуына әкеп соғатын болса, онда осындай шығындар мақұлданған Республикалық бюджет комиссиясы отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      2. Ескертулер мен ұсыныстар бар түзетулер:

      Түзетудің қысқаша мазмұны көрсетіледі және мына нұсқалардың бірі көрсетіледі: (ішінара қолдау табады/қолдау таппайды).

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік органдардың пікірлері ескеріле отырып, әрбір түзету бойынша жеке немесе өзара байланысты түзетулер тобы бойынша ескертулер мен ұсыныстар дәйекті түрде жазылады және ұсынымдық сипатта көрсетілуге тиіс, бұл ретте:

      1) егер түзету ішінара қолдау тапса, түзетудің бөлігі айқын көрсетіледі;

      2) Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, түзетуді тұтастай немесе оның бөлігін қабылдамаудың себептеріне сілтеме жасай отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;

      3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына, оның ішінде мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуын немесе мемлекеттік кірістің қысқартылуын көздейтін тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);

      4) егер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайтылуы немесе кіріс бөлігінің қысқартылуы себебінен түзетулерден бас тартылса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі;

      5) қажет болған жағдайда, Үкімет түзетудің редакциясын ұсынуы мүмкін**

      **Түзету редакциясы депутаттардың түзетулері қозғаған немесе мазмұны бойынша олармен тікелей байланысты заң жобасының құрылымдық элементтеріне ғана берілуі мүмкін.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



      Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.




Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2016 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 904 қаулысына


қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001ж., № 13, 146-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 1256 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 57-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 маусымдағы № 690 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 19, 209-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 287-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 802 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 324-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 0аулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 478-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 16, 205-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 580-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 646-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 219-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 259-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 492-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни істер комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 648-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1327 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 84-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 363-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 419-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 323 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 172-құжат).

      24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 302-құжат).

      25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1248 қаулысы.

      26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 қаулысы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 438-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 347-құжат).

      30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 92-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 510-құжат).

      32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 176-құжат).

      33. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 516-құжат).

      34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1296 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1081-құжат).

      35. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1166-құжат).

      36. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 521-құжат).

      37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).

      38. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

      39. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат).

      40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).

      41. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 62-құжат).