Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 533 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өтінім осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;
      2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға беру туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;
      3) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды.
      Құжаттардың жоғарыда көрсетілген барлық көшірмелеріне өтініш берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылады, ал құжаттар электрондық түрде тапсырылған жағдайда көшірмелеріне өтініш берушінің қолы қойылмайды және мөрімен куәландырылмайды.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 533 қаулысына   
қосымша       

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).