Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1256. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі