Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.03.2019 № 149 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      1. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – РҚАО) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын болып айқындалсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2014 жылғы 30 қыркүйектегі


№ 1045 қаулысына


қосымша


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2006 жылғы 29 сәуірдегі


№ 343 қаулысымен


бекітілген

Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.