Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 389 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 17, 220-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі