Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң
шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі.".

      8. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Заңнама институты".

      12. "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 83-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлік беріле отырып, "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.".

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен.

      14. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      "1. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімнің 4-бағанында:

      реттік нөмірі 1-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасындағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 3-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту" деген бөлімінің 4-бағанында:

      реттік нөмірі 1-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 5-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 7-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 8-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 10-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 11-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      "ҚР ЗШИ – "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ММ" деген сөздер "ҚР ЗИ – "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ММ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2017 № 192 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 223 қаулысымен.

      17. "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-р өкіміне:

      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң жобалары ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу;";

      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын сындарлы, оның ішінде заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және өзге де сараптамалар жүргізуді жүзеге асыратын сарапшыларды тарта отырып талқылау;".


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысына
қосымша


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысымен
бекiтiлген

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.