Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 маусым N 690. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, N 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы

      

      заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны

      жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

      заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау

      жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы

      Yкiметiнiң қарауына енгiзу;

      кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде

      ұсыныстар енгiзу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі