Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 493 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 23 мамырдағы
N 493 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      3. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 400-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым

      Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, төрағаның орынбасары

      Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары

      Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi

      Әбденов Серiк Сақбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаментiнiң директоры;

      мына:

      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi

      Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттiгi төрағасының орынбасары"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi

      Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары";

      көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы, Отто Иван Иванович, Асанов Жақып Қажыманұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Волков Алексей Юрьевич, Iзбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.