Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот практикасын одан әрі қалыптастырудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
2. "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және тұтынушылар – жеке тұлғалар, яғни жеке тұрмыстық қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алатын және пайдаланатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беретін не осындай ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі – АК) және тауарларды сатушылардың не оларды өндірушілердің, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты реттейді (АК-нің 19-бабы) және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жасалатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК-нің 4, 383-баптары).
Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және көрсетілетін өзге де қызмет салаларындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді (Заңның 2-бабының 2-тармағы).";
2) 2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзац алып тасталсын;
3) 3-тармақта:
бірінші абзацтағы "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "Заңның 2-бабының 2-тармағы және" деген цифрлар мен сөздер алып тасталсын;
4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жалпы ережеге сәйкес (АІЖК-нің 31-бабы) талаптар жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жері бойынша және заңды тұлғаларға – олардың тұрған жері бойынша қойылады. Сонымен қатар талап қоюшының таңдауы бойынша (АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалған немесе орындалған орны бойынша қойылуы мүмкін, сондықтан талап арызды қабылдаған кезде соттар талапкердің істі қарау орнын таңдау құқығын ескеруге тиіс.";
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңның 42-бабымен тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының талаптарын шешудің алдын ала соттан тыс тәртібі белгіленген. Егер аталған ұйымдар істі реттеудің тәртібін сақтамаса және мұндай мүмкіндік болса, судья арызды АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кері қайтарады.
Заңмен тұтынушы үшін талаптарды шешудің соттан тыс тәртібі көзделмеген.
Сотта қарау үшін тұтынушылардың мүддесін қорғап талаптар қойған тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінен, қауымдастықтардан (одақтардан) мемлекеттік баж өндірілмейді ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі)" 541-бабының 10) тармақшасы, Заңның 42-бабы).
Сонымен қатар, тұтынушылар сотқа өздері жүгінген кезде олардың құқықтарын бұзумен байланысты талаптар бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылмайды.
Мұндай жағдайларда мемлекетке және тараптарға сот шығындарының орнын толтыру, оларды тараптар арасында бөлу АІЖК-нің 110, 115, 116-баптарының ережелері бойынша жүзеге асырылады.";
6) 6-тармақтағы ""Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңның 22-бабына және" деген сөздер алып тасталсын;
7) 7-тармақта:
бірінші сөйлем алып тасталсын;
екінші сөйлемде "немесе прокурор арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
8) 8-тармақта:
бірінші абзацтағы "18" деген цифрлар "21" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "23-бабының 4-бөлігінде" деген цифрлар мен сөздер тиісінше "42-бабының 1-2-бөлігінде" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
9) 10-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бөлшек сатып алу-сату шартын жасау сәтін анықтау кезінде соттар АК-нің 446-бабын басшылыққа алуға тиіс, оған сәйкес, егер заңнамалық актілерде немесе бөлшек сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулярларда немесе өзге де стандартты нысандардың талаптарымен өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға кассалық немесе тауар чегін немесе тауардың төленгендігін растайтын өзге құжатты берген сәттен бастап бөлшек сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған деп есептеледі (АІЖК-нің 389-бабы).";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тараптар арасында шарт мәні, баға және тараптардың ең болмағанда бірі келісуді талап еткен басқа шарттар туралы тараптар арасында келісімге қол жеткен кезде бөлшек сатып алу-сату шарты тауар құнына қарамастан ауызша түрде жасалады.";
соңғы абзац алып тасталсын;
10) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тұтынушы мен қызмет көрсетуші кәсіпорынның қызметкері қызмет көрсету процесінде олардың намысын, қадір-қасиетін құрметтеуге, имандылық және әдептілік нормаларын сақтауға тең құқығы бар. Бұл талап орындалмаған жағдайда жәбірленуші АК-нің 9, 141-143-баптарының ережесі бойынша өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымдана алады.";
11) 12-тармақ алып тасталсын;
12) 13- тармақта:
"15-бабының 1-тармағына" деген цифрлар мен сөздер "16-бабына" деген цифрлармен және сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Оның кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, келтірілген зиян сатушының (дайындаушының, орындаушының) өтеуіне жатады. (Заңның 31-бабының 1-тармағы).";
13) 14-тармақтың екінші және төртінші абзацтары алып тасталсын.
3. "Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендiру жөнiндегi заңдарды соттардың қолдану тәжiрибесi туралы" 1997 жылғы 18 шiлдедегi № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар өзге меншік нысанына ауысқан кезде немесе оларды таратқан кезде кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе мекемелердің жедел басқаруындағы тұрғын үй қоры осы кәсіпорындар мен мекемелердің, өзге де заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларының шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына не жергілікті атқарушы органның қарамағына азаматтардың барлық тұрғын үй, соның ішінде тұрғын үйді жекешелендіру құқықтарын сақтай отырып, белгіленген тәртіппен берілуге тиіс. Сонымен бірге, егер меншік нысанын өзгерткен мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құқықтық мирасқорлары өз қаражатының есебінен тұрғын үй-жайлар салса немесе сатып алса, онда мұндай үй-жайларды жалдау шарты бойынша онда тұратын адамдар тек меншік иесінің келісімімен жекешелендіре алады.";
2) 4-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "496" деген цифрлар "535" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ;
4) қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ.
4. "Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
1) 2-тармақтың екінші абзацында "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 7-тармақта:
үшінші, төртінші абзацтардағы "қаулысын", "қаулыларын" деген сөздер тиісінше "актісін", "актілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
3) 9-тармақтың бірінші абзацы "кез келген әрекеттің" деген сөздерден кейін "(әрекетсіздіктің)" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 10-тармақтың екінші абзацы "Апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын.
5. "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 12 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шарттық және басқа да міндеттемелерді орындаған кезде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты даулар, егер зиян келтірген тұлғаның жоғары жауапкершілігі заңнамалық актілермен немесе шартпен көзделмесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 47-тарауында көзделген нормаларға сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешіледі.
Шарттық міндеттемелер деп шарттан туындайтын міндеттемелерді түсінген жөн. Мұндай шарттарға еңбек шартын (келісім-шарт), тапсырма шартын және т.б. жатқызуға болады.
Өзге де мән-жайлар деп жәбірленушімен шарттық қатынаста болмаған адамның келтірген зиянды өндіру жөніндегі міндеттемелерін, мысалы, айналасындағылар үшін аса қауіпті жағдай (жоғары қауіп көзін) туындатқан адамның қызметін және басқаны түсінген жөн.";
2) 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындауы кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыз нысаны мен мазмұны жағынан Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 150, 151-баптарына сәйкес болуға тиіс.
Қойылған талаптардың сипатына қарай талап арызға жәбірленушіге зиян келтірілгені туралы растайтын дәлелдемелер, атап айтқанда, ұйым әкімшілігінің еңбек жарақатын алған қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); жазатайым жағдай немесе қызметкердің еңбек қызметіне байланысты денсаулығына келтірілген өзге де зақым туралы акт; жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) еңбек міндеттерін атқаруына байланысты жарақат алған немесе денсаулығына өзгедей зиян келтірілген қызметкердің кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен алғанда) анықтау туралы қорытындысы; сот-медициналық сараптама комиссиясының денсаулыққа басқадай зақым келген жағдайда берген қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтімін және басқа қосымша шығындардың түрлерін қажетсінетіні туралы қорытынды; АК-нің 938-бабына сәйкес есептелетін орташа айлық есептік көрсеткіштің (табыстың) мөлшері туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Арыздың дұрыс қаралуы үшін тараптардың қажетті дәлелдемелерді ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, судья дәлелді өтініш бойынша, АІЖК-нің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қажетті материалдарды ұйымнан немесе мүдделі адамдардан осындай дәлелдемелерді сұратып алуға ықпал етуге міндетті.
3. Өндірістегі жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығына өзге де зақым келтірілгені туралы белгіленген нысандағы актіге еңбек қорғау қызметінің және ұйым құрылымының жетекшілері қол қояды, оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен куәландырады. Кәсіптік ауруға шалдыққан (уланған) жағдайда тиісті актіге Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының өкілдері де қол қояды.
Егер жұмыс беруші заңды тұлғаны құрмаған адам болса, онда белгіленген нысандағы актіні жұмыс беруші толтырып, қолын қояды және нотариат арқылы куәландырады.
4. Толық не iшiнара кәсiби еңбек қабiлеттiлiгін, ал олай болмаған жағдайда – жалпы еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалтқан зардап шегушiлер денсаулыққа келген зиянды өтеттiруге құқылы. Егер кәмелеттік жасқа жетпеген, он төрт жасқа толмаған (жасөспірім) және еңбекақы алмайтын адам мертiксе немесе оның денсаулығына өзге де зақым келсе, денсаулығының зақымдануына байланысты шығындар өтелуге жатады.
Жәбірленуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем алып тұруға құқығы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ адам қайтыс болғаннан кейiн дүниеге келген оның баласы, сондай-ақ АК-нің 940-бабының 1-тармағында көрсетілген басқа да адамдар зиянды өтету құқығына ие болады.
Келiсiмшарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет міндеттерiн орындаумен байланысты жұмысшының денсаулығына келген зиянды ұйым немесе жұмыс берушi жеке тұлға, егер олардың кiнәсi анықталған жағдайда ғана өтейдi.
Егер жұмысшының денсаулығына келiсiмшарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты зиян жоғары қауіп көзі арқылы келтiрiлсе, мұндай зиян келтiргенi үшiн жоғары қауіп көзінің иесi жауапты болады.
Алайда, егер ұйым немесе жұмыс берушi-жеке тұлға берген көлiкпен жұмыс орнына бара жатқанда немесе одан қайтар жолда жұмысшының өмiрiне және денсаулығына зиян келсе, онда жұмыс беруші-жеке тұлға зардап шегушiнiң алдында жауапты болады.";
3) 2-1-тармақ алып тасталсын;
4) 13-тармақтағы "Ереженiң 5-тармағының 1-абзацына сәйкес, яғни" деген сөздер алып тасталсын;
5) 14-тармақтағы "ЕТМ" деген сөз "түзеу мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-тармақтың бірінші абзацында "еңбек қабiлеттiлiгi деңгейiнiң өзгеруі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өмір сүру құнының өсуі" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Егер жұмыс орнында мертiгу ұйымның және жұмыс берушi жеке тұлғаның кiнәсiнен емес, жұмысшының өрескел абайсыздығынан болғаны туралы мәлiметтер болған жағдайда, сот сол қайғылы оқиғаны Еңбек кодексінің 324-бабымен анықталатын тәртiп бойынша қараған комиссияның шешiмiн сұратуға мiндеттi.
Комиссияның жәбірленуші кінәсінің дәрежесі туралы шешімі дәлелдемелердің бірі болып табылады, ол істің барлық материалдарымен бірге АІЖК-нің 77-бабына сәйкес бағалауға жатады.
Сот жәбірленушінің iс-қимылында өрескел абайсыздықты анықтап, өтелетiн зиян мөлшерiн оның кiнәсiнің дәрежесіне қарай азайтуға тиiс. Бұл орайда, қосымша шығындарды өтеу (АК-нің 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезінде (АК-нің 940-бабы), сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ескерілмейтiнiн соттар назарда ұстағандары жөн.";
8) мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi (АК-нің 924-бабы).";
9) 23-тармақ алып тасталсын.
6. "Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге:
1) 2-тармақта:
екінші абзацта "сот актісі апелляциялық" деген сөздерден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацтағы екінші сөйлем үшінші абзац болып есептелсін;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін судья жауапкерге талап арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін жібереді не тапсырады және белгіленген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) беруді міндеттейді. Пікірге уәкілетті адам қол қоюға тиіс және пікірдің түпнұсқасы мен көшірмелері іске қатысатын адамдардың санына сәйкес етіліп, олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беретіндей етіп белгіленген мерзімде сотқа ұсынылуға және АІЖК-нің 169-1-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.";
2) 8-тармақтың бірінші абзацы "құқықтарын түсіндіреді" деген сөздерден кейін ", бұл ретте оларға аталған іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе жасамау салдары туралы ескертілуге тиіс" (АІЖК-нің 15-бабының үшінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын.;
3) 11-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
4) 12-тармақтың екінші абзацында "судьяның немесе тараптардың бастамасымен" деген сөздер "процестің кез келген сатысында, соның ішінде істі сот қарауына дайындау сатысында" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-тармақ "істерді қараған кезде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ АІЖК-нің 55-бабының екінші бөлігімен көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
2) 5-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
3) 7-тармақтың бірінші абзацындағы "алқа құрамында қаралады" деген сөздер "сатыдағы сот қарайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-тармақтың бесінші абзацы "сотта қорғау" деген сөздерден кейін "(іс материалдарымен танысу, олардан үзінділер жасау, өтініштер білдіру, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беру және т.б.)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 11-тармақта:
бірінші абзац "мүлiктiк емес даулар жөнiндегi" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"АІЖК-нің 30-бабында көрсетілген корпоративтік дауларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық ұйымдар, коммерциялық ұйымдардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйымдар және (немесе) оның акционерлері (қатысушылар, мүшелері) тараптары болып табылатын даулар жатады (АІЖК-нің 24-бабының 2-бөлігі). Ондай дауларға, атап айтқанда, акциялармен, қатысу үлестерімен мәміле жасасуға байланысты дауларды, серіктестіктерге қатысушылар, акционерлер арасында осындай серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар қызметінің мәселелері бойынша дауларды жатқызуға болады.";
6) 14-тармақта:
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер жауапкер талапты ішінара мойындаса, онда арызды қабылдау не қабылдамау туралы ұйғарым осы бөлікте ғана шығарылады.";
осы абзацтың соңғы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған ұйғарым өз алдына бөлек іс жүргізу құжаты болып табылады, дәлелді болуға тиіс және сот шешімінен бөлек шағымдануға жатпайды.";
7) 26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ шешімді толық немесе оның бір бөлігінің күшін жойып, АІЖК-нің 247 және 249-баптарында көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген негіздер бойынша шығарған қаулылары кассациялық тәртіппен шағымдалуы және оларға наразылық келтірілуі мүмкін.";
8) мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Апелляциялық шағым берген тұлға, апелляциялық наразылық келтірген прокурор апелляциялық сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін олардан бас тартуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды (АІЖК-нің 341-бабының бірінші бөлігі).
Егер шешімге басқа адамдар шағымданбаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы қаулы шығарып, ол бойынша апелляциялық іс жүргізуді қысқартады (АІЖК-нің 341-бабының екінші бөлігі).";
9) мынадай мазмұндағы 27-2-тармақпен толықтырылсын:
"27-2. Іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғалардың апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына АІЖК-нің 42-1-тарауымен көзделген кассациялық тәртіппен шағымдануына болады.
Егер апелляциялық сатыдағы сот өзінің қаулысымен немесе ұйғарымымен іске қатысуға тартылмаған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселені шешсе, олар да кассациялық шағым беруге құқылы.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысқан прокурор наразылық келтіре алады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан/қатыспағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы (АІЖК-нің 383-1-бабы).
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі АІЖК-нің 42-2-тарауымен белгіленген.";
10) мынадай мазмұндағы 27-3-тармақпен толықтырылсын:
"27-3. Кассациялық сатыдағы сот істі қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді (АІЖК-нің 383-13-бабы).
Егер сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттесе және олар қабылданған шешімнің немесе қаулының мәніне әсер етуі мүмкін болса, шағымның, наразылықтың дәлелдерінің шегінен шығуға құқылы.";
11) 28-тармақтағы "қаулысы мен сот бұйрығына" деген сөздер "қаулысына" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 29, 32, 33-тармақтардың бүкіл мәтіні бойынша "қадағалау шағымы", "қадағалау шағымын" деген сөздер тиісінше "өтініш", "өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 35-тармақта "Апелляциялық" деген сөз "Кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. "Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысына:
1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау, сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау заңмен көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.";
2) 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Санкциялануға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Санкцияланатын әрекеттердің негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізудің материалдары осы қаулыға қоса беріледі. Сот орындаушысының қаулысы материалдар келіп түскен күні сотта қаралуға тиіс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда судья дәлелді ұйғарым шығарады, оған белгіленген тәртіппен шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін. (АІЖК-нің 240-7-бабының 4-бөлігі).";
3) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныммен атқару құжатының орындалу орны бойынша сотқа жүгінуге міндетті.
Іздеу салуды жариялау қажеттілігінің негіздемесіне сот орындаушысы сотқа, атап айтқанда, атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжаттарында көрсетілген мекенжайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекенжай бюросының анықтамасын ұсынуға тиіс.
Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады және борышкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс. Борышкерге іздеу салу туралы қаулыны шығарған кезде соттар "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3-тармағына сәйкес ішкі істер немесе қаржы полициясы органының тиісті өтініші негізінде ондай шығыстардың мөлшерін айқындап, оларды жергілікті бюджетке өндіріп алу туралы көрсетуге міндетті.";
4) 8-тармақтың екінші абзацында ", сот әкімшісіне, олардың құрылымдық бөлімшелеріне" деген сөздер алып тасталсын;
5) 12-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау кезінде туындайды.";
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын сот актілерін орындамау деп борышкердің әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгісі жоқ iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) сот актісін, қаулыларын орындаудан жалтарудан көрінетін әрекетін немесе әрекетсіздігін түсінген жөн.";
6) 14-тармақтағы "78" деген цифрлар "125" деген цифрлармен ауыстырылсын.
9. "Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 3-тармақтың үшінші абзацында "еңбек дауын түпкілікті қарайтын" деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары алып тасталсын;
3) 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Еңбек шартын бұзған сәтте осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірінің болмауы жұмысқа алу туралы талап арызды сөзсіз қанағаттандыру үшін негіз болып табылмайды. Егер ұжымдық шартта өзгеше көзделмесе, мұндай пікір сотқа берілуі мүмкін.";
4) 10-тармақта:
3) тармақшада "тараптардың" деген сөзден кейін "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
5) 16-тармақтың бірінші абзацында "үш сағат бойы" деген сөздер "қатарынан үш және одан да көп сағат" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болғанда, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланғанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша (Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы) еңбек шартын бұзуға болады. Осы негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан босату үшін оны осындай жай-күйіне байланысты жұмыстан шеттетудің болуы/болмауы маңызды емес.";
7) 23-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мынадай әрекеттер, соның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдарында құқық қорғау органдарының абыройы мен беделін көзбе-көз түсіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольге не есірткіге масаң күйінде (құқық қорғау органына тиесілілігі айналадағыларға анық белгілі болғанда) болу; тергеуге зиян келтіріп шұғыл сипаттағы ақпаратты жария ету; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, тыңдаушыларының және курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық пікір тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады ("Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының екінші тармағы).";
8) 31-тармақта:
"сот шығындарын" деген сөздер "мемлекеттік бажды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем "кіріске" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
10. "Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 23 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 49-бабының 2-тармағында және өзге де заңнамалық актілерде көзделген негіздер бойынша соттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынына соттардың назары аударылсын.";
2) 2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлға, егер ол орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша болмаса, егер оның заңды тұлға бір жыл бойы оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды адамдары болмаса, егер ол заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жиі жүзеге асырудан, қызметін тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырудан көрінетін заңнаманы өрескел бұза отырып, қызметті жүзеге асырса, АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес таратылуы мүмкін.";
3) 3-тармақта:
бірінші, екінші және үшінші абзацтардағы "4" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын;
бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер тиісті заңды тұлғаның құрылтайшысы не оны басқару жөніндегі функцияларды орындайтын жеке тұлға (тұлғалар) ашқан заңды тұлғаны құруды, қайта құруды, таратуды, сондай-ақ оның қызметін регламенттейтін және (немесе) реттейтін ұлттық заңнаманың, ратификацияланған халықаралық шарттардың нормаларын қасақана немесе абайсызда көрінеу және елеулі бұзушылық шын мәнісінде теріс немесе заңды салдарды тудырса не тудыру үшін нақты қауіп төндірсе, ондай заң бұзушылықты заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру кезінде заңнаманы өрескел бұзушылық деп есептеген жөн.";
4) 12-тармақтың үшінші абзацындағы "4" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын.
11. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 1 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).12. "Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" 2005 жылғы 28 қазандағы № 4 нормативтік қаулыға:
1. мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Төлемдерді капиталға айналдыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді төлеу жүзеге асырылады (АК-нің 945-бабының 4-тармағы).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес, көрсетілген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді алуға құқығы бар адамдар кәсіпорынды банкрот деп тану туралы, зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған соманы төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы сот шешімдерінің көшірмелерін, сот бекіткен бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізілімін ұсынуы қажет. Жоғарыда көрсетілген адамдардың талап етуі бойынша құжаттардың куәландырылған көшірмелерін кәсіпорынды банкрот деп тану туралы істі қараған сот ұсынады.
Капиталдандырылған соманы төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы соттың жаңа шешімін шығару олар 70 жасқа толғаннан кейін талап етілмейді.";
2) 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер азаматтың жасы жетпістен асатын болса, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.".
13. "Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулыға:
1) 1-тармақтағы "90-тарауының 1-параграфына" деген сөздер мен цифрлар "79-тарауының 1-параграфына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтың бірінші абзацындағы "493-бабына" және "495-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында" деген сөздер мен цифрлар тиісінше "532-бабына" және "534-бабының 1-тармағында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы "494" деген цифрлар "533" деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) 5-тармақтағы "496" деген цифрлар "535" деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) 6-тармақтағы бүкіл мәтін бойынша "501" деген цифрлар "541" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) 8-тармақтың екінші абзацы "төлем құжаттардың көшірмелерін" деген сөздерден кейін "уәкілетті адамдардың тиісті қолдарынсыз электрондық төлем құжатын" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-тармақтағы "507" деген цифрлар "547" деген цифрлармен ауыстырылсын;
8) 10-тармақтағы "63" және "496" деген цифрлар тиісінше "99" және "535" деген цифрлармен ауыстырылсын;
9) 11-тармақтағы бүкіл мәтін бойынша "508" деген цифрлар "548" деген цифрлармен ауыстырылсын;
10) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Процеске қатысқан өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар АІЖК-нің 110, 111-баптарының талаптарына сәйкес өтеледі.
Процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасы құжаттармен (төлем тапсырысы немесе түбіртек) расталған шектен жоғары мәлімделген жағдайда сот АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АІЖК-нің 6-бабының алтыншы бөлігінде көзделген адалдық, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін басшылыққа алуы қажет.
Өкілдің көмегіне ақы төлеу туралы шығыстарды өндіру туралы талап мәлімделуі мүмкін және шешім шығарылғанға дейін нақты іс бойынша соттың қарауына жатады.";
11) 15-тармақтағы "501" деген цифрлар "541" деген цифрлармен ауыстырылсын;
12) 18-тармақта:
"501" деген цифрлар "541" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бірінші абзацта "талап қоюды берген, сондай-ақ апелляциялық шағым келтірген кезде" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацта "сондай-ақ апелляциялық" деген сөздерден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын.
14. "Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi Жер кодексінің 81-бабында көзделген.
Жоғарыда көрсетілген баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға жол берілмейді.
Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып пайдаланылған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюға Жер кодексінің 92, 93-баптарының негізінде және аталған нормативтік құқықтық актінің 94-бабында белгіленген тәртіппен жол беріледі.";
2) 12-тармақтың төртінші абзацында:
"Шаруа (фермер) қожалығы туралы" деген сөздер "Шаруа немесе фермер қожалығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1998 жылғы 31 наурыздағы Заңының 20-бабының 2, 3, 4-тармақтарында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ АК-нің 225-бабында" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 18-тармақта:
екінші және үшінші абзацта "шаруа (фермер) қожалықтарын" деген сөздер "шаруа немесе фермер қожалықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-тармақта:
төртінші абзацта "шаруа (фермер) қожалығын" деген сөздер "шаруа немесе фермер қожалығын" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулыға:
1) 13-тармақтағы "құрылысты жүзеге асырған тұлғаның" деген сөздер "тұлғаның құрылысқа жұмсаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жауапкердің оны адал алушы деп тану туралы қарсы талап ұсынуы талап етілмейді, өйткені осы мәселені шешу виндикациялық (бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы) талаптарды қарау кезінде соттың міндетіне кіреді.
Меншік құқығын және өзге де заттай құқықтарды қорғаудың өзге жағдайларында тұлғаны адал алушы деп белгілеудің құқықтық маңызы жоқ.";
3) 18-тармақтың соңғы абзацы алып тасталсын.
16. "Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыға:
1) 2-тармақта "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 5-тармақтағы "20-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына" деген сөздер мен цифрлар "47-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызға оны берген адам немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды және арыз АІЖК-нің 406-1-бабының 2-4-бөліктерінде көзделген талаптарға сай болуға тиіс.
Егер арыз осы Кодекстің 405-бабында белгіленген қағидалар бұзыла отырып берілсе, белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылса, арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар сақталмаса, арыз қайтарылуға жатады.
Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады және арызбен және оған қоса тіркелген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
Аталған ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін. (АІЖК-нің 406-3-бабы).";
4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. АІЖК-нің 154-бабының ұқсастығына сәйкес арыздар, егер:
а) ол қаралғанға дейін арыз беруші оны кері қайтарып алса;
б) оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға, не іс-әрекетке қабілетсіз адам берсе;
в) оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, арыз берушіге қайтарылады.";
5) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Арызды соттың өндірісіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.
Арызды өндірісіне қабылдаған тиісті соттың судьясы арызды қарау бойынша сот отырысы өткізілетін күн мен орын көрсетілген ұйғарым шығарады.
Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі (АІЖК-нің 406-2-бабы).";
6) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арызды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша берілген арызды қайта қарау туралы сот актісін шығарған сот қарайды. Сот актісін шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы, сондай-ақ іс бойынша жаңа іс жүргізу шешімін шығара отырып, сот актісін өзгерту туралы немесе күшін жою туралы қаулы шығарған апелляциялық сатыдағы судья немесе кассациялық және қадағалау сатысындағы соттың алқалы құрамы осындай сот ретінде түсініледі (АІЖК-нің 37-бабы).
Апелляциялық, кассациялық және (немесе) қадағалау сатысындағы соттар өзгеріссіз қалдырған бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарау туралы арызды осы шешімді шығарған сот қарайды.
Егер арыз берілген қайта қарау туралы сот актісін шығарған алқалы сот құрамына кіретін судья оны дәлелді себептермен (мысалы, демалыс, науқастануы, өкілеттіктерінің тоқтатылуы және тағы басқалар) қарай алмаса, онда арызды осы соттың басқа судьяларынан тұратын алқалы сот құрамы қарауы мүмкін.";
7) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. АІЖК-нің 405-бабының 1-бөлігіне сай, жоғары тұрған сатыдағы сот соттың АІЖК-нің 44-тарауымен көзделген тәртіппен шығарған ұйғарымына шағымды, наразылықты қараудың нәтижелері бойынша, соттың шешімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздемелердің бар-жоғы туралы берілген арызды мәні бойынша мәселені шешуге құқылы емес.".
8) 19-тармақта:
екінші абзацта "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
17. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 нормативтік қаулыға:
1) 3-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
2) 9-тармақтағы "422" деген цифрлар алып тасталсын;
3) 15-тармақтың төртінші абзацында "2007 жылғы 28 тамыздағы өзгерістерімен" деген сөздер "кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыға:
1) 3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Судья қамтамасыз ету шараларын арызды өндіріске қабылдағаннан және істі қозғағаннан кейін ғана, бірақ заңды күшіне енген сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы атқару құжаты берілгенге дейін іс жүргізудің кез келген кезеңінде қабылдайды.";
2) 4-тармақта:
екінші абзацта:
"оны" деген сөз "өзге де қамтамасыз ету шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"болған жағдайларда" деген сөздер "болса" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өзге де қамтамасыз ету шараларын" деген сөздер "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасалған, күшiне енуiнің шарты ретінде ратификациялау көзделмеген халықаралық шарттардың күшi бар болып табылады және Республиканың тиiстi құқықтық қатынастар саласын реттейтiн заңдарында осы халықаралық шарттар үшін мұндай басымдық тікелей көзделген болса, онда Республика заңдарынан басымдығы сақталады ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 қаулысы.";
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Талап арызбен (арызбен) бір мезгілде берілген талапты қамтамасыз ету туралы арыз оны соттың өндірісіне қабылдау туралы мәселе шешілгеннен кейін АІЖК-нің 160-бабында белгіленген мерзімдерде тікелей қаралуға жатады. АІЖК-нің 155-бабының негізінде талап арыз (арыз) қозғалыссыз қалған жағдайда, талапты қамтамасыз ету шаралары ұйғарымда көрсетілген кемшіліктер түзетілгеннен кейін ғана қолданылады.".
4) 10-тармақта "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
19. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 1 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Б.БЕКНАЗАРОВ |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Д.НҰРАЛИН |