Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы.

      ХАБАРЛАНДЫРУ
      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК", "АІЖК-нің" деген сөздер "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы,

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      қаулы етеді:

      1. Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезінде сот шығыстарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) ережелеріне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 70-тарауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуі тиіс.

      Егер азаматтық іс бойынша тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері болса, мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі туралы келісіміне (1993 жылдың 24 желтоқсаны, Ашгабат) сәйкес анықталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      2. АПК-нің 102-бабына сәйкес азаматтық істердің сот шығыстары мемлекеттік баждан және іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Мемлекеттік баж Салық кодексінің 607-бабына сәйкес, Салық кодексінің 609-бабының 1-тармағында көрсетілген азаматтық істер бойынша заңды мәні бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын бюджетке төленетін төлем болып табылады.

      Сотқа берілетін талап қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптарының әр қайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Талап қоюдың бағасын көтеру туралы қосымша талап арыз да мемлекеттік бажбен төленуге жатады.

      Азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сот актілерінің қайта берілген көшірмелерін, сонымен қатар істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін тараптардың және басқа да іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша беру кезінде алынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      4. Азаматтық сот ісін жүргізудегі мемлекеттік бажды төлеушілерге Салық кодексінің 608-бабының ережелеріне сәйкес тұлғалар, сондай-ақ тиісті уәкілетті органдар осындай құрылымдық бөлімшенің мүддесі үшін заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік бажды дербес төлеушілер ретінде қаралатын құрылымдық бөлімшелер жатқызылады:

      талап қоюды, арызды немесе шағымды бастапқы беру кезіндегі талапкер, арыз беруші ретінде қатысушылар;

      қарсы арыз берілген жағдайларда сотта жауапкер ретінде қатысушылар;

      сот қарауындағы даудың нысанасына дербес талап қоятын үшінші тұлға ретінде қатысушылар;

      бастапқы талапкер істен шыққан жағдайда және оны құқықтық мирасқоры ауыстырса, бастапқы талапкермен мемлекеттік баж төленбеген жағдайда соңғысы мемлекеттік баж төлеуші болып табылады;

      сот актілерінің көшірмелерін, істегі басқа құжаттардың көшірмелерін қайта беру не атқару парағының телнұсқасын беру бойынша сотқа жүгінген жағдайда, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде іске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалар.

      Мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаттарында "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңына сәйкес төлеушінің жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлға үшін бизнес - сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, заңдық маңызы бар әрекеттер жасау үшін сотқа жүгінген нақты сол төлеуші (талап қоюшы, арыз беруші) мемлекеттік баждың тиісті сомасын төлегені көрсетілген жағдайда, арыз беруші өз өкілі арқылы мемлекеттік бажды төлеуі мүмкін.

      Төлем құжаттарында төлеуші ретінде тек өкілдің мәліметтері көрсетілген кезде арыз төлеушіге (талап қоюшыға, арыз берушіге) мемлекеттік бажды төлемеуіне байланысты қайтарылуға жатады.

      Салық төлеушінің (салық агенті) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      5. Салық кодексінің 610-бабымен соттардағы мемлекеттік баж мөлшері белгіленген. Мұндай жағдайда мыналар ескерілуі қажет:

      салық тексерулерінің актілері бойынша хабарламаларға дара кәсiпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтарының шағымдануы, олар үшін мемлекеттік баж мөлшерлемесі хабарламада көрсетілген салықтардың кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін төлемдердің (өсімпұлмен қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызын, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді, ал заңды тұлғалар үшін хабарламада көрсетілген салықтардың кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін төлемдердің (өсімпұлмен қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызын, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді құрайтын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтардың сотқа беретін арыздары үшін жеке тұлғаларға Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер бойынша ақы төленеді;

      мүліктік сипаттағы бірнеше дербес талаптан тұратын талап арыздан (шағымнан) мемлекеттік баж талап қоюдың жалпы сомасынан алынады;

      мүліктік емес сипаттағы бірнеше дербес талаптан тұратын талап арыздан мемлекеттік баж талап қоюдың әрбірінен бөлек алынады;

      мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап арыз үшін мемлекеттік баж қойылған талаптардың әрбір түріне белгіленген мөлшерде бір мезгілде төленеді;

      бір немесе бірнеше жауапкерге бір немесе бірнеше талапкермен талап қойылған кезде мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талаптарға әрбір талап қоюдан бөлек, ал мүліктік сипаттағы талап қоюдың жалпы сомасынан, талапкерлермен қойылған талаптың үлесінен, ортақ емес, пропорционалды төленеді;

      сотқа берілетін мүліктік сипаттағы талап арыздардан мемлекеттік баж пайыздық мөлшерде талап қоюдың бағасынан алынады. Мұндай жағдайда пайыздық мөлшердің жіктелуі сотқа талап арызды берген субъектінің түріне байланысты белгіленеді;

      моральдық залалға өтемақы төлеу туралы, соның ішінде ақша түріндегі талаптан мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талап арыздан төленетіндей алынады. Бұл ретте, арын, абыройын және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянға ақшалай нысанда өтемақы өндіру туралы талаптардан мемлекеттік баж өтеуге ұсынылған сомадан айқындалады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      6. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалардың (жеке және заңды) түбегейлі тізімі Салық кодексінің 616-бабында көрсетілген.

      Судьяға талап арызды (шағымды) қабылдау кезінде:

      Салық кодексінің 616-бабында көрсетілген мемлекеттік баж төлеуден талапкерді босататын негіздердің бары, сонымен қатар басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мұндай талапты қою құқығының барын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру керек;

      әкелікті анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талап арыз бір мезгілде берілсе, әкелікті анықтау туралы талап қоюдан мемлекеттік баж төленуге жататынын ескеру керек.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      7. Заңдарға сәйкес талапкерді мемлекеттік баж төлеуден босату тек қана заңда тікелей көрсетілген реттерде мүмкін болады, сондықтан бұл жөнінде арнайы ұйғарым шығару қажет емес.

      Мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмеген не ол толық мөлшерде төленбесе немесе сәйкес келмейтін деректемелер (бенефициары, коды, БЖК және т.б.) бойынша төлем жүргізілсе талап арыз АПК-нің 152-бабына сәйкес қайтарылуға жатады, өйткені мемлекеттік бажды төлемеу азаматтық істі қозғауға кедергі келтіреді.

      Қарсы талап арыз берген кезде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың болмауы да қарсы талап арызды қайтару үшін негіз болып табылады.

      АПК-нің 105-бабының бірінші бөлігіне және АПК-нің 106-бабының үшінші бөлігіне сәйкес талап етушіні оны төлеуден босату, оны төлеуді кейінге қалдыру құқығының болу фактілері және талап қою құнын айқындау қиынға түскен жағдай ерекше болып табылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Төлем тапсырмалары, чектер, түбіртектер және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI Заңының талаптарын сақтай отырып, соның ішінде "электрондық үкімет" төлем шлюзі, электрондық терминалдар, банкоматтар арқылы, өзге де электрондық құрылғылардың көмегімен төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін басқа да қағаз және электрондық құжаттар бюджетке мемлекеттік бажды төлеу фактісін растайды.

      Сот жоғарыда көрсетілген құжаттардың растайтын көшірмелерін қабылдамауға тиіс. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайлардан басқа, төлемқұжаттың түпнұсқасын төлеушінің өтініші бойынша істен алып беруге болмайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 15.07.2014 № 2; өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      9. Салық кодексінің 623-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік баж заңды мәні бар іс-әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс. Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берілген кезде мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сот орналасқан жер бойынша бюджетке төленуге жатады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      10. Талап қоюдың бағасы АПК-нің 104-бабына сәйкес, анықталады және талапкермен көрсетіледі.

      Нарықтық бағасы ескеріліп жылжымалы (жылжымайтын) мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның немесе бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғамен анықталатын талап қоюдың бағасы іздеу салынған мүліктің шынайы бағасы талапкер көрсеткен бағамен айқын сәйкес келмеген жағдайда, талап қоюдың бағасы сотпен анықталады.

      Атап айтқанда талап қоюдың жеке санаттары бойынша бағасын анықтау кезінде мыналар ескерілуі керек:

      тұрғын үйді жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы талап қоюлардан мемлекеттік баж Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес алынады. Ал кез келген өзге мүлікті жалға алу шартын (аренда) мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюлардан мемлекеттік баж шарттың (контрактың) қалған күшіндегі мерзімінің мүлікті пайдалану үшін төлемдер жиынтығы сомасынан алынады, бірақ үш жылдан артық емес.

      мүлікке меншік құқығы туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 157-1-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша алынған барлық мүлікті кейіннен қайтарумен байланысты мүлікті иеліктен шығару шартын жарамсыз деп тану туралы, мүлікке үлес құқығын тану туралы, жалпы мүліктен үлесті бөліп шығару туралы талап арыздар бойынша мемлекеттік баж сотқа талап арыз берілген күнге іздеу салынатын мүліктің нарықтық құны негізінде алынады. Кепіл туралы шартқа дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүліктің құнынан аспауы тиіс.

      Егер талапкер (талапкерлер) сол бір мүлікке қатысты бірнеше осындай талаптарды бір арызда біріктірсе, мемлекеттік баж мөлшері дауланатын мәмілелердің санына қарамастан, әр талап бойынша оның құнынан емес, іздеу салынатын мүліктің нарықтық құнынан айқындалуы тиіс.

      Егер берешекті өндіріп алу туралы сот актісі болған жағдайда кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы жеке талап қойылса, оған мүліктік емес сипаттағы талап ретінде мемлекеттік баж салынады.

      Берешекті өндіріп алу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы талаптар бір мезгілде мәлімделген жағдайда, мемлекеттік баж мөлшері әр талап бойынша жеке айқындалады.

      Берешекті өндіріп алу туралы сот актісі болмаған кезде кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы талап бойынша мемлекеттік баж мөлшері кепіл туралы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспайтын берешек сомасынан айқындалады.

      Мүлікке тыйым салудан және басқа да ауыртпалықтан босату туралы талаптардан әрбір талап үшін (тыйым салу (ауыртпалық салу) туралы қаулы), мүліктік емес сипаттағы әрбір талап ретінде мемлекеттік баж төленуге жатады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      11. АПК-нің 151, 152-баптарының, АПК-нің 277-баптың 1), 2) тармақшаларының, АПК-нің 279-баптың 1), 2) тармақшаларының мазмұнынан Салық кодексінің 108-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында, сондай-ақ АПК-нің 107-бабында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік баж соттың ұйғарымы бойынша толық мөлшерде, ал Салық кодексінің 108-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда жартылай мөлшерде қайтарылады.

      Мемлекеттік баж қайтарылу шарты, қайтару туралы арыз төлемді қабылдаған банктің (оның филиалы) орналасқан жері бойынша жергілікті бюджетке қабылданған күннен бастап мемлекеттік кірістер органдарына үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін оның төленгені туралы төлем құжатының түпнұсқасы, сот ұйғарымының немесе шешімінің көшірмесі тіркеліп берілсе қайтарылады. Артық төленген мемлекеттік баж қайтарылған жағдайда сот төлеушіге мемлекеттік бажды төлегенін растайтын түбіртектің куәландырған көшірмесін береді. Мемлекеттік кірістер органының мемлекеттік бажды қайтарудан бас тартуына сотқа шағым келтірілуі мүмкін.

      Жеке іс жүргізуге бөлінген бір талап қою немесе біріктірілген бірнеше талаптар бойынша бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қойылған кезде қайта саналмайды және қайтарылмайды. Бөлінген жеке іс жүргізу бойынша екінші рет мемлекеттік баж төленбейді.

      Қайта берілген талап қоюлар бойынша алдында қараусыз қалдырылған немесе іс жүргізу қысқартылған, АПК-нің 277-бабының 1), 2) тармақшаларында, АПК-нің 279-баптың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа реттерде мемлекеттік баж жалпы негіздерде төленеді.

      Істі қарау кезінде талап қоюдың талаптарының мөлшерін ұлғайтқан жағдайда жетіспейтін мемлекеттік баж сомасы талап қоюдың ұлғайған мөлшерінде қосымша төленуге жатады.

      Мемлекеттік баж төленгені туралы алғашқы төлем құжаты, Салық кодексінің 108-бабындағы тәртіппен талапкер қайтармаған жағдайда, оның бюджетке алынған күннен бастап үш жылдық мерзім өтпесе, қайта берілген талап қоюға қосымша тіркелуі мүмкін.

      Тараптар татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасаған кезде мемлекеттік бажды қайтару тәртібі АПК-нің 115-бабында регламенттелген.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      11-1. Істерді АПК-нің 12, 13-тарауларындағы тәртіппен қарау кезінде сот АПК-нің 8-тарауының талаптарына сәйкес тараптардың арасында сот шығыстарын бөлу туралы мәселені шешуге міндетті.

      Бұл ретте сот өкілдің көрсеткен көмегінің, оның ішінде талап арызды дайындаумен және ресімдеумен байланысты көмегінің көлемін ескеруі тиіс. Мұндай шығыстар АПК-нің 108-бабының 9) тармақшасына сәйкес өтелуге жатады.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      12. АПК-нің 108-бабында іс бойынша іс жүргізуге байланысты төленетін сот шығыстарының көрсетілген тізімі түбегейлі болып табылмайды.

      Өзге шығыстар қажет деп танылған жағдайда соттың дәлелді шешімімен өтелуге жатады. Мұндай шығыстарға: өкілдің өкілеттігін ресімдеу бойынша істі қозғауға дейін, сот қатысы бар және жол берілетін деп таныған дәлелдемелерді алуға; дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға; талап қою құнын айқындауға; талап қоюды қамтамасыз ету туралы соттың ұйғарымын орындау кезінде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге байланысты жасалған шығыстар және т.б. жатқызылуы мүмкін.

      Шеккен сот шығыстарын өндіру туралы мәселені шешу кезінде соттар мыналар ескерілуі керек:

      куәларға, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға төленетін сомасына сотқа келуіне байланысты шеккен шығыстарының өтелуі жатқызылады;

      АПК-нің 110, 111-баптарымен қарастырылған ережелерге сәйкес, сарапшыларға және мамандарға шығыстарынан басқа қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін жасаған жұмысы үшін сыйақылар өтеледі;

      іс бойынша заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығыстар АК-нің 774-бабы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады;

      жасалған жұмыс үшін сарапшыларға және мамандарға төленетін алдын-ала сот депозитіне салынған сомма, тиісті еңбекті төлеу қолданыстағы нормаларынан алынып, Соттар әкімшілігі депозиттік шотына сыйақы сомаларын қарастырып енгізіледі. Қажетті сомма тиісті өтініш мәлімдеген тараппен енгізілуі тиіс. Көрсетілген тұлғалар өз міндеттерін атқарғаннан кейін, оларға тиесілі сомалар көрсетілген шоттан сотпен төленуге жатады, ал көрсетілген тұлғалар әскери қызметшілер болған жағдайда сот шығыстары тек қана әскери бөлімдердің талабы бойынша төленуге жатады, әскери қызметшілерінің өздеріне шығыстар өтелмейді;

      азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану, жоғалған құжатты жарамсыз деп тану және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы, банкроттығы туралы іс жүргізуді қозғау бойынша істерде және заңда тікелей көрсетілген басқа да жағдайларда жарияланымдар және хабарландырулармен байланысты шығыстар сот ұйғарымы бойынша арыз берушімен төленеді;

      АПК-нің 108-бабының 2), 3), 4), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген шығыстар алғашында бюджет қаражатынан төленіп, кейіннен кінәлі тараптан бюджет пайдасына өтетіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. АПК-нің 114-бабы қарастыратын іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны сот азаматтық істе бар материалдарға сілтеме жасап өндіріп алуы мүмкін:

      теріс пиғылмен көрнеу негізсіз талап қойған немесе азаматтық істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған талапкерден;

      азаматтық істі дұрыс және жедел қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған жауапкерден.

      Талапкердің немесе жауапкердің тарапынан көрсетілген әрекеттер бірнеше рет жасалуы тиіс және бір сот отырысында істі шешуге мүмкіндік бермейтіндей қасақана сипатында (мысалы, көрінеу негізсіз өтініш мәлімдеуі, сотқа жазбаша дәлелдемелерді немесе сарапшының зерттеуіне керекті материалдарды ұсынбауы және тағы да басқасы) болуы қажет.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      14. Процеске қатысқан өкілдің (бірнеше өкілдердің) көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар АПК-нің 109, 113-баптарының талаптарына сәйкес өтеледі. Мүліктік сипаттағы істер бойынша өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі сот шығыстарын өтеу сомасы АПК-нің 113-бабында белгіленген шектен аспауы тиіс және тараптардың өтінішхаты бойынша немесе соттың қалауымен төмендетуге жатпайды.

      Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасы құжаттармен (төлем тапсырысы немесе түбіртек) расталған шектен жоғары мәлімделген жағдайда сот АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін басшылыққа алуы қажет.

      Өкілдің көмегіне ақы төлеу туралы шығыстарды өндіру туралы талап мәлімделуі мүмкін және шешім шығарылғанға дейін нақты іс бойынша соттың қарауына жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      15. АПК-нің 226-бабының алтыншы бөлігіне және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының "Сот шешімі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 Нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес, шешімнің қарар бөлігінде сот шығыстарының бөлінуі туралы жазылуы тиіс.

      Сотпен шешімді қабылдаған кезде әрбір азаматтық іс бойынша шешілуі тиіс мәселе:

      тараптардың арасында сот шығыстарының бөлінуі туралы, міндетті түрде кімнен, қандай мөлшерде сот шығыстарын өндіруі көрсетіліп;

      басқа тұлғалардың және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын заңды мүдделерін қорғау жөнінде сотқа талап қойған жағдайда тараптарға өтелетін сот шығыстары туралы;

      ақысыз заңды көмек көрсеткен жағдайларда өз қызметін жеке түрде жүзеге асыратын адвокатқа, заң консультациясына, адвокаттық контораға шығыстарын өтеу туралы;

      сотқа жүгінген кезде талапкер не талапкер және жауапкер мемлекеттік баж төлеуден босатылған болса мемлекетке сот шығыстарын өндіру жөнінде;

      Салық кодексінің 616-бабы қарастырған негіздер болса сот шығыстарын төлеуден тараптың бірін босату туралы;

      екі тарапта бірдей оларды төлеуден босатылған жағдайда мемлекеттік бажды республикалық бюджеттің есебіне жатқызғаны туралы;

      талап қою кезінде артық төленген мемлекеттік бажды қайтару қажеттілігі жөнінде.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. АПК-нің 109-бабына сәйкес, пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығыстарын төлеуден босатылса да басқа тараптан іс бойынша шеккен барлық шығыстарды сот алып береді.

      Мыналар ескерілуі керек:

      егер мемлекеттік баж төлеу бойынша шығыстарды талап қойылған кезде іс жүзінде заң бойынша талапкер оны төлеуден босатылуы негізінде шекпесе, олар талапкерге өтелмейді;

      өтелуге жататын мемлекеттік баж мөлшерлемесі талапкердің кім - жеке немесе заңды тұлға болуына қатысты анықталады;

      АПК-нің 219-бабының екінші бөлігіне сәйкес, сот талапкердің келісімімен мәлімделген талаптың шегінен шыққан жағдайда да сот шығындары бөлінуге жатады.

      Ерекше іс жүргізу, алименттердің мөлшерін азайту және оларды төлеуден босату туралы істер бойынша арыз берушілер шеккен сот шығыстары өтелуге жатпайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      17. АПК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес талапкер талап қоюдан бас тартқан кезде оның шеккен шығыстары өтелмейді.

      Егер талапкер талаптарды бергеннен кейін оларды жауапкер ерікті түрде қанағаттандыру нәтижесінде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердің өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық шеккен сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер қойылған талапты мойындаған жағдайда сот шығыстары талапкерге жүктеледі.

      АПК-нің 279-бабының 6), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап арыз қараусыз қалдырылған кезде талапкер шеккен сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Бұл жағдайда талапкер жауапкерге оның өтінішхаты бойынша істі жүргізуге байланысты ол шеккен сот шығыстарын өтейді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      18. Салық кодексінің 616-бабында көрсетілген тұлғалар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      Апелляциялық тәртіпте істі қарау кезінде қатысқан өкілдің көмегіне оның жол шығындарын және басқаларын қоса төлеу мәселесі алқа қаулысының қарар бөлігінде шешілуі тиіс.

      Алғашқы шешім өзгертілген немесе шешімнің күшін жойғаннан кейін істі қараған кезде сот бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуінде орын алған, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық сатыларындағы сот шығыстарын төлеуден шеккен шығыстарды тараптардың арасында қайта бөліну мәселесін шешуі тиіс.

      Егер өтінішхат істі сот сатыларында қарау кезінде талқыланса, бірақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажеттілігіне байланысты сот шығыстары өтелмеген болса және бұл туралы тиісті сот сатысындағы сот қаулысында көрсетілсе, бірінші сатыдағы сот тараптардың арыздары бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында шеккен сот шығыстарын өтеу туралы ұйғарым шығарады.

      Сот шығыстарын өтеу туралы арыз АПК-нің 109-бабының бесінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қаралады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2022 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      18-1. Сот шығыстарын өндіріп алу бөлігіндегі сот шешімімен келіспеген тарап бұл шешімге жоғары сатыдағы сотқа белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      19. Осы Нормативтік қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғары Соты Пленумының 1990 жылғы 24 желтоқсандағы № 8 "Соттардың азаматтық істерде және қылмыстық істерде сот шығындарын өндіру жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.

      20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысының
міндетін атқарушы