Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.

      4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 3-тармағы 3) тармақшасын және осы қаулыға 2-қосымшаның 2, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 1201 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік
мекемелері - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылатын
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
      4. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шу-Талас экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
      5. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне.
      6. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
      7. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Арал-Сырдария экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне.
      8. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 1201 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
      Министрліктің мынадай ведомствосы бар - Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 N 921 Қаулысымен.

      8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      12. Министрліктің қызметі саласындағы оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
      2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру;
      3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;
      5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;
      6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;
      8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету.
      13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және "серпінді" технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді;
      7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады;
      7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;
      9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
      10) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
      12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі;
      13) Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
      14) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      15) Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады ;
      16) қалдықтарды басқару жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
      17) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;
      18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;
      19) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді;
      20) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді ;
      21) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді ;
      22) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
      23) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді ;
      24) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;
      25) атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлейді ;
      25-1) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін бекітеді;
      25-2) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оны жүргізу тәртібін бекітеді;
      25-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды қарау, мақұлдау, тіркеу және мониторингілеу тәртібін бекітеді;
      26) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлейді;
      27) Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды;
      28) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді ;
      29) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді ;
      30) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.09.30. N 1490 Қаулысымен;
      31) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді;
      32) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      33) Парниктік газдардың мемлекеттік кадастры мен Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      34) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді;
      35) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді ;
      36) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекітеді;
      37) қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасады;
      38) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;
      39) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      40) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді ;
      41) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
      42) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді ;
      43) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді;
      44) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді ;
      45) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді ;
      46) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      47) мыналарды:
      қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін ;
       қалдықтар жіктеуішін ;
      қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын;
      қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын , қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін ; V074656
      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін;
      экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін ;
      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
      топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын;
      қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;
      48) парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді ;
      49) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін белгілейді ;
      50) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін құруды келіседі;
      51) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын келіседі;
      52) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;
      53) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі;
      54) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді;
      55) парниктік газдардың шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін түрлерін белгілейді;
      56) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілейді;
      57) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;
      58) атмосфераға парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;
      59) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
      60) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;
      61) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1490, 2010.06.17 № 600, 2010.08.04 N 799, 2010.09.10 N 921, 2012.05.22 N 656 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) I санаттағы объектілерді мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға экологиялық сараптаманы жүзеге асыру және эмиссияларға рұқсат беру және оның әдістемелік басшылығын жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      3) I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
      4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;
      5) өз құзыретінің шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісім-шарттар) беруді келісу ;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асыру (қызметтің кіші түрі: табиғатты пайдалануды жобалау, нормалау; экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар; экологиялық аудит);
      7) озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімді импорттауға, экспорттауға, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізуге, озонды бұзатын заттарды қамтитын жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат беру ;
      8) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдау;
      9) қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру;
      10) өз құзыретінің шегінде экологиялық ақпаратқа заңнамада белгіленген тәртіппен қолжетімдікті қамтамасыз ету;
      11) арнайы су пайдалануға рұқсатты келісу;
      12) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде су ресурстарын басқару бассейндік қағидатын іске асыруға қатысу;
      13) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      13-1) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу;
      14) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      15) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізу;
      16) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      16-1) Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауды қадағалау үшін мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды;
      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шараларды жүргізуді;
      айрықша қорғалатын табиғи аумақтар саласында, оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;
      табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға;
      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын үдерістер салдарының алдын алу және жою, топырақ құнарлығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар өткізуге;
      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және қайта құру кезінде экологиялық талаптарды сақтауға;
      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және іске қосылған кезде экологиялық талаптарды сақтауға;
      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалануды;
      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы үдерістер және жұмыстардан босаған біршама босаған жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтіруге;
      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды сақтауға;
      кен орындарын және өзге қоршаған орта объектілерін бұзушылыққа әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік үдерістерден жер қойнауын сақтауға;
      жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау және жоюға;
      жер қойнауын және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормаларды және ережелерді сақтауға;
      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдерді сақтауға;
      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындауды;
      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды жер қойнауына төгуді;
      Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көмудің, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтауды;
      су сапасының нормативтерін сақтауды;
      атмосфералық ауаны қорғаудың, сондай-ақ климат пен жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кездегі техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелерді және өзге талаптарды сақтауды;
      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды;
      елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік үдерістерді жүзеге асырған және көлік құралдарын пайдаланған, химиялық және өзге заттарды қолданған кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтауды;
      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, қайта жаңғырту, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтауды;
      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақтауды;
      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауды;
      экологиялық рұқсаттармен белгіленген табиғатты пайдалану шарттарын орындауды;
      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есептеу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтауды;
      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптарды сақтауды;
      Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындауды;
      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтауды;
      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды;
      міндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауды;
      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтауды;
      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтауды;
      Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптарды сақтауды;
      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтауды мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
      18) өзінің құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      19) өзінің құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      20) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      21) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
      22) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      23) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
      24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
      25) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу;
      26) зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі қызметін жетілдіру;
      27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасау.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1490, 2010.09.10 N 921, 2012.11.01 N 1390 Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      15. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің, оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      16. Министр министрлікті басқаруды жүзеге асырады және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

      17. Министр:
      1) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалануды басқару және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      3) ведомствоның өзге мемлекеттік органдармен құзыретін және өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді;
      4) қызметінде өзінің бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және одан босатады;
      5) жауапты хатшымен келісім бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      6) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды не толық немесе бөлігінде тоқтата тұрады;
      7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда министрлікті білдіреді;
      9) министрлік жұмысының регламентін бекітеді;
      10) министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      10-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық шараларының қабылдануына дербес жауапты болады;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 N 921 Қаулысымен.

      18. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.

      19. Министрліктің аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.

      20. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.

      21. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      22. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын қоршаған ортаны қорғау және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрліктің аппаратын басқаруды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      2-1) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде министрліктің құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;
      9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынған ведомство басшысының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, көтерме үстемеақылар төлеу және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
      13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрлік жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және министрліктің қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келіскеннен кейін бекітеді;
      17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
      19) өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 N 656 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      23. Жауапты хатшының:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданудағы құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

      24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.

      25. Министрліктің Министр жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.

      26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрмен келіскеннен кейін Жауапты хатшы бекітетін министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      27. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ олардың құны министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктің есебінен қалыптасады.

      28. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      29. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, министрліктің өзіне бекітіліп берілген, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінетін қаражат есебінен сатып алынатын мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 1201 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 

      Өзгерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.14 N 247, 2012.07.26 N 978 Қаулыларымен.

      1. "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. "Қазаэросервис" акционерлік қоғамы.
      3. "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы.
      5. "Еуразия су орталығы" ғылыми-өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2007 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 1201 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік
мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 N 656 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2007 жылғы 8 желтоқсандағы  
N 1201 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. 2-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 524-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 535-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1338 қаулысының 3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 231-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазавиамет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 758 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 321-құжат).