Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын және Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 164-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7746 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-421 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 26 маусымдағы "Мүгедектердің жұмыс орындары квотасы туралы" N 20-605 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 26 шілдедегі N 2-1-27 нөмірімен енгізілген, 2006 жылғы 04 тамыздағы "Талдықорған" газетінің N 32 нөмірінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов