Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы»13 желтоқсандағы N 348-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5094 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясынөөзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Шарбақты ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 27 сәуiрдегi N 166/28 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка селолық округінің "Степное" селосын қайта атау туралы" N 247/8 қаулысына сәйкес және тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ  және облыстық мәслихат  ШЕШIМ ЕТЕДI :

      1. Шарбақты ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Шарбақты ауданының Алексеевка селолық округiнiң "Степное" селосы "Бөрiктал" ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімі