Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 68-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5672 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармаққа, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 101-IV Заңының 1-бабындағы 9-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 124-ө бұйрығының к үші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының н ормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4694 тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 102 (1305) Заң газетінде, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2007 жылғы мамыр-маусымдағы бюллетенінде жарияланған ).
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Н. Әшімов

Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау  
министрінің 2009 жылғы  
8 сәуірдегі N 68-ө      
бұйрығымен бекітілген   

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақыны есептеу әдістемесі

      1. Осы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны анықтауға арналған.
      2. Төлемақы қоршаған ортаға эмиссиялардың:
      1) ластаушы заттар шығарындыларының;
      2) ластаушы заттар төгінділерінің;
      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлеміне алынады.
      3. Стационарлық көздерден нормативтер эмиссиялары шегінде i- ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      C i шығ. = H i шығ. х ЕМ i шығ.
      мұнда:
      C i шығ. - стационарлық көздерден i- ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақы (АЕК);
      H i шығ. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген стационарлық көздерден i- ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
      ЕМ i шығ. - есептік кезеңдегі қоршаған ортаға шығарылған i- ластаушы заттың барлық түрлерінің жиынтық массасы ( тонна).
      4. Жылжымалы көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      C жылж. көз. = H i жылж. көз. х М i жылж. көз.
      мұнда:
      C жылж. көз. - жылжымалы көздерден қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы (АЕК);
      H i жылж. көз. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген i- түрлі отыннан ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
      М i жылж. көз. - есептік кезеңдегі отынның i- түрінің пайдаланылған массасы ( тонна).
      5. Қ оршаған ортаға нормативтер эмиссиялары шегінде i- ластаушы зат төгінділері үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      C i төг. = H i төг. х М i төг.
      мұнда:
      C i төг. - i- ластаушы зат төгінділері үшін төлемақы (АЕК);
      H i төг. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген i- ластаушы зат төгінділері үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
      М i төг. - есептік кезеңдегі қоршаған ортаға тасталған i- ластаушы заттың массасы ( тонна).
      6. Н ормативтер эмиссиялары шегінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      C i қал. = H i қал. х М i қал.
      мұнда:
      C i қал. - өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақы (АЕК);
      H i қал. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
      М i қал. - есептік кезеңдегі өндірістік қызмет барысында орналастырылған қалдықтардың i-түрінің массасы ( тонна, Гбк - радиоактивті қалдықтар үшін).
      7. Қоршаған ортаға шығарылған (тасталған) заттардың, пайдаланылған отынның, орналастырылған қалдықтардың массасы, өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушының өзімен есептеледі және мемлекеттік немесе өндірістік экологиялық бақылауды іске асыру барысында тексерілуге тиіс.
      8. Қоршаған ортаның бекітілген нормативтерден тыс ластанғаны үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептеледі.