Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 921 Қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 272 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 3982 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы ақпан, № 2 203-құжат).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне осы бұйрықтың көшірмесін  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Күрішбаев