Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 978 Қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Мәдени саясат және өнертану институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мәдениет саласында ғылыми-зерттеу, жобалық және әдістемелік жұмыс, біліктілікті арттыру мен редакциялық-баспа қызметі болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;

      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 999 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-103-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "123-103 "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС";

      реттік нөмірі 123-104-жол алынып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 224-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "224-28 "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС";

      реттік нөмірі 224-29-жол алынып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Өзге де ұйымдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын.