Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Қаулысы

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже;
      2) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi;
      3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
      4) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      5) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесi;
      7) Шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттік шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесi бекітiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11 N 1359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.03.07 N 301 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 cәуipдегі   
N 407 қаулысымен      
бекiтiлген        

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелерді регламенттейді.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері;
      3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың негізгі мақсаттары:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы;
      2) мемлекеттік органдардың жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлімшелері болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар

      5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және орынбасарлары;
      2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі — ведомство) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) ішкі сауда (базар) объектілерінің және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің басшылары және олардың тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
      6. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
      7. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге
асыру тәртібі

      8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында:
      1) ішкі сауда объектілерінде;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      3) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
      4) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
      ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (лектеріне) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
      5) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттік функцияны мен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімімен алып қоюды және жоюды;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
      Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде;
      6) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы жүктерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде шекара және кеден пункттерінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде);
      8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткізу (тасымалдау), тиеу, түсіру кезінде;
      9) жануарлар аурулары қоздырғыштарының берілу факторлары болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      10) тасымалдау (өткізу) бағыттары өтетін мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында;
      11) аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      12) ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      13) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
      9. Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, өзге нысандарда жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен 6) тармақшасын қоспағанда, 8-тармақта көрсетілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізу ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің, жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің басшыларының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық- санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
      13. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылаудағы объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзудың анықталуына қарай тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы нұсқама жасайды, қаулы шығарады, бірақ әкімшілік жазаға тартпай, жеке кәсіпкерлік субъектісіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіреді.
      14. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде белгіленген бұзушылықтардың сипатына байланысты әкімшілік жаза қолдану туралы нұсқама жасайды, қаулы шығарады.
      15. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бір бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актісінде тиісті белгі жасалады.
      16. Тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
      17. Тексеру актісі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда төрт) данада жасалады және тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, ал екінші данасы қолхатпен тексерілген адамға беріледі, үшіншісі тексерген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық инспекторына беріледі. Тексерілген адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті данасы оған почтамен жіберіледі.
      18. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актісі тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленіп, тігіліп және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілуге тиіс.
      19. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерді беру және жасау тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      20. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен беріледі және ресімделеді.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық
санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары

      21. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін көрсете отырып) кедергісіз кіруге;
      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитарлық сараптама үшін оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында берілген өкілеттіліктер шегінде актілер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрі ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың шығу себептерін, жағдайларын белгілеуге;
      8) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімінсіз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
      10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.

5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы

      22. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзудың дер кезінде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою жөнінде өзіне берілген өкілеттіліктерді осы Ережеге сәйкес пайдалануға;
      4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде қызметтік және өзге де сипаттағы мәліметтерді жария етпеуге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есеп беруді жүргізуге және оларды белгіленген тәртіппен уақтылы табыс етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі
N 407 қаулысымен    
бекiтiлген       

Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесі

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қоюдың және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеудiң осы Ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілейдi.
      2. Осы Ереженiң күшi:
      1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау бақылауында болатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;
      2) жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына (бұдан әрi - мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);
      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою тәртiбi

      3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндетті түрде алып қою және жою Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiне сәйкес жүргiзiледі.
      4. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жоюға байланысты мәселелердi шешу үшiн ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық ведомство бөлімшесінің бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өкiлдерi iшiнен тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан комиссия құрылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган аудандық (қалалық) аумақтық ведомство бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.
      Актiнiң бiрiншi данасы жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттар белгiленген тәртiппен жойылады немесе залалсыздандырады (зарарсыздандырады).
      7. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсiнiң негізiнде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қою туралы қосымшаға сәйкес қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды оларды алып қою туралы қаулыда не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.
      9. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
      10. Жануарлардың ерекше қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.
      11. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою көлiк құралдарын дезинфекциялау жөнiндегі ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарына, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган бекiткен жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөнiндегі нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      12. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою жөнiндегi ветеринариялық Iс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстар тиiстi аумақтағы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының тiкелей бақылауымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Ереженiң 2-тарауының 5-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жою туралы акт жасайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының мөрiмен бекiтiледi.
      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      17. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу тәртiбi

      18. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерiнде тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқамасы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен Жануарлар ауруларының тізбесiне сәйкес жүргізіледi.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы клиникалық-эпизоотологиялық тексеру негізінде жүк иесіне ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен және нысан бойынша оларды зарарсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде тиiсті нұсқама береді.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық-санитариялық ережелердiң талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдарда жүзеге асырады.
      21. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды.
      Ескерту. Ереже 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.
      Ескерту. Ереже 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал құнының қалған бөлігін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді.
      Ескерту. Ереже 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Жануарларға және адамдар денсаулығына epeкшe
қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын
өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою
және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта
өңдеу ережесінің қосымшасы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының    
ветеринариялық-санитариялық бақылау

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына
сәйкес жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп
төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен
шикiзаттарды алып қою туралы
ҚАУЛЫ

        А N 000000000             "____" __________200__ жыл

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес ауырған жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсi және _________ ветеринариялық зертхана бepген N______ сараптама актiсi негiзiнде N____________________________________
                  жеке және заңды тұлғаларға/
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның аты)
мекен-жайы _____________________________________________________
жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою жүргізілсін
________________________________________________________________
(жануарлардың түрі, саны, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттардың атауын көрсету керек)
себебі _________________________________________________________
________________________________________________________________
(алып қоюдың себептерін көрсету керек)

      Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою салдарынан келтірілген залал төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын)
      Басқа мағлұматтар ____________________________________
      Қаулы шығарған тұлғаның лауазымы және қолы

      Мөрдің орны ___________________ ______________
                  (Т.А.Ә., лауазымы)      (қолы)

«Ветеринария саласындағы нормативтік
құқықтық кесімдерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі     
№ 407 қаулысымен         
бекітілген            

Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 N 301 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағдидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою кезінде олардың құнын өтеудің бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құны мiндеттi түрде өтеуге жатады.
      3. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабуды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджет есебiнен жүргiзедi.

2. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезінде өтеуге жататын құнды айқындау

      4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу:
      1) облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;
      2) аудан (облыстық маңыздағы қала) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның ұсынысы бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, буаздығын және асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, жіктелген ставкалар (бұдан әрі – ставкалар) негізінде жүргізіледі.
      Бағаларға мониторинг жүргізуге уәкілетті агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық статистика органы) арасында деректер айырмашылығы болған жағдайда, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы орташа айлық нарықтық бағаның төменгі көрсеткіштері бойынша арнайы комиссияның шешімімен қабылданады.
      5. Облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) және аудан (облыстық маңыздағы қала) деңгейінде құрылатын арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық бағасының ставкасы туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мамандандырылған ұйымның және аумақтық статистика органдарының деректері негізінде қабылдайды.
      6. Мамандандырылған ұйымның, аумақтық статистика органының ақпаратын жинау мен талдауды жүзеге асыратын және алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасын анықтау үшін оны арнайы комиссияның қарауына ұсынатын ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық немесе аудандық аумақтық бөлімшесі арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдар, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, мамандандырылған ұйымның, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
      Арнайы комиссияның ережесін тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекітеді.
      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға болып табылады.
      8. Арнайы комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген аурулар диагнозы белгіленген сәттен бастап үш күн ішінде алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын өтеу ставкалары туралы шешім шығарады.
      Арнайы комиссияның шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады, дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы акт жасалады.

3. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезіндегі құнын өтеудің шарттары

      9. Иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбеге енгізілген аса қауіпті аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның 25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
      10. Құнын өтеу осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен жүзеге асырылады.

4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

      11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
      1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұсақ қара мал бруцеллезін қоспағанда, жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      2) комиссия мүшелері қол қойған, ауру жануарларды, ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюға және жоюға арналған актілер;
      3) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі;
      4) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы арнайы комиссияның актісі;
      5) жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы;
      6) ветеринариялық паспорт.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады.
      13. Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуді оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін он күн жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен     
бекiтiлген       

Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16 N 423, 2004.11.16 N 1207, 2005.09.16 N 922 Қаулыларымен.

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Жануарларға және адам денсаулығы үшiн ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою кезiнде жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:
      Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, аусыл, туляремия.
      Ірi қара малдың аурулары - iрi қара мал обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия.
      Жылқы аурулары - маңқа, iндеттi лимфангоит, бiр тұяқтылардың африка обасы.
      Қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы), бруцеллез.
      Tүйe аурулары - түйе обасы.
      Шошқа аурулары - шошқаның африка обасы.
      Құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы. <*>
      Ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы.
      Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен      
бекiтiлген        

Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16 N 423, 2004.11.16 N 1207, 2009.09.11 N 1359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының аскопизациясынан басқасы), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру).
      Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.<*>
      Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.<*>
      Жылқы аурулары - инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, жұқпалы энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангоит. <*>
      Түйе аурулары - түйе обасы.
      Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.
      Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы. <*>
      Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.
      Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.
      Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.
      Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.

       Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен    
бекiтiлген      

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүзеге асыру ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.    

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті органның ведомствосы - аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар орталық атқарушы органның комитеті;
      2) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден бекеттерінің (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан уәкілетті орган ведомствосының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған бөлімшесі;
      3) рұқсат - кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
      4) тізілімнен үзінді көшірме - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
      5) тізілім - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырғыштарының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық бақылау бекеттерін (бұдан әрі - ВББ) ұйымдастырады.
      ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылаушы органдардың өзара әрекет етуі және олардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар арнайы киім киеді.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.
      9. Құжаттамалық бақылауға:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;
      2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);
      3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;
      4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.
      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;
      2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
      11. Зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
      1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;
      2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
      3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
      Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
      12. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау нәтижелері негізінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырған кезде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) елге кіруге рұқсат;
      2) әкелуге тыйым салу;
      3) әкелуді уақытша тоқтата тұру.
      13. Елге кіруге рұқсат ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).
      14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;.
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;
      3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ветеринариялық бақылау бекетінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.
      Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.
      15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.
      16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған жағдайда елге кіргізуге рұқсат беріледі.
      Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген жағдайда әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
      18. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізеді.
      19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау шарттары туралы хабарлайды.
      20. Қадағаланбайтын жануарлар Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өтетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 28 сәуірдегі 
N 407 қаулысымен     
бекiтiлген       

Шекара және кеден пункттерінде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерінде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастыру ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырудың осы Ережесi Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткізу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi - бекеттер). P940748
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер алып өтiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiпті аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлік құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Бекеттер мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудiң осы пунктiнде белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткiзу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкіметiнiң      
2003 жылғы 28 сәуірдегі
N 407 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Ветеринария бойынша нормативтiк құқықтық және басқа кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы N 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 40, 379-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысына өзгерiстер мен толықтырудың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 190-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 243-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөнiндегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі N 1132 кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 383-құжат).