Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2332 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже;»;
      2), 3) және 4) тармақшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі;»;
      7) тармақшада:
      «шекаралық» деген сөз алып тасталсын;
      «мемлекеттік» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      45712131819 және 21-тармақтарда «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторынан» «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторында», «ветеринариялық инспектордың» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторынан», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторында», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 18-тармақтарда «ветеринариялық қадағалау», «ветеринарлық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 және 5-тармақтарда «басқармасының» деген сөз «ведомство бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1516-тармақтар алып тасталсын;
      Ереженің қосымшасында:
      «ветеринарлық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалдарды өтеу ережесі мен шарттарында:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      7 және 8-тармақтарда «ветеринариялық инспекторының» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта «басқармасы» деген сөз «ведомство бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 3) тармақшасында «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының ошағын жоюға шарт жасасқан» деген сөздер алып тасталсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың негізінде он жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғаларға алып қойылған және жойылған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын республикалық бюджет есебінен өтейді.».;
      12-тармақ алып тасталсын;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      7) көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру ережесінде:
      тақырыпта және 1-тармақта:
      «шекаралық» деген сөз алып тасталсын;
      «мемлекеттік» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      «ветеринариялық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «шекаралық» деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақта «ветеринарлық қадағалау бақылауында болатын жүктер» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.»;
      5-тармақта «ветеринариялық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта «ветеринариялық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2332 қаулысына     
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен      
бекітілген     

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелерді регламенттейді.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері;
      3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың негізгі мақсаттары:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы;
      2) мемлекеттік органдардың жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлімшелері болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар

      5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және орынбасарлары;
      2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі — ведомство) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) ішкі сауда (базар) объектілерінің және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің басшылары және олардың тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
      6. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
      7. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында:
      1) ішкі сауда объектілерінде;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      3) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
      4) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
      ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (лектеріне) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
      5) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттік функцияны мен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімімен алып қоюды және жоюды;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
      Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде;
      6) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы жүктерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде шекара және кеден пункттерінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде);
      8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткізу (тасымалдау), тиеу, түсіру кезінде;
      9) жануарлар аурулары қоздырғыштарының берілу факторлары болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      10) тасымалдау (өткізу) бағыттары өтетін мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында;
      11) аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      12) ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      13) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
      9. Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, өзге нысандарда жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен 6) тармақшасын қоспағанда, 8-тармақта көрсетілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізу ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің, жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің басшыларының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық- санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
      13. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылаудағы объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзудың анықталуына қарай тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы нұсқама жасайды, қаулы шығарады, бірақ әкімшілік жазаға тартпай, жеке кәсіпкерлік субъектісіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіреді.
      14. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде белгіленген бұзушылықтардың сипатына байланысты әкімшілік жаза қолдану туралы нұсқама жасайды, қаулы шығарады.
      15. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бір бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актісінде тиісті белгі жасалады.
      16. Тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
      17. Тексеру актісі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзу анықталған жағдайда төрт) данада жасалады және тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, ал екінші данасы қолхатпен тексерілген адамға беріледі, үшіншісі тексерген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық инспекторына беріледі. Тексерілген адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті данасы оған почтамен жіберіледі.
      18. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актісі тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленіп, тігіліп және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілуге тиіс.
      19. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерді беру және жасау тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      20. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен беріледі және ресімделеді.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық
санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары

      21. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін көрсете отырып) кедергісіз кіруге;
      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитарлық сараптама үшін оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында берілген өкілеттіліктер шегінде актілер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрі ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың шығу себептерін, жағдайларын белгілеуге;
      8) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімінсіз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
      10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.

5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы

      22. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзудың дер кезінде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою жөнінде өзіне берілген өкілеттіліктерді осы Ережеге сәйкес пайдалануға;
      4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде қызметтік және өзге де сипаттағы мәліметтерді жария етпеуге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есеп беруді жүргізуге және оларды белгіленген тәртіппен уақтылы табыс етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2332 қаулысына     
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен     
бекітілген    

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті органның ведомствосы - аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар орталық атқарушы органның комитеті;
      2) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден бекеттерінің (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан уәкілетті орган ведомствосының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған бөлімшесі;
      3) рұқсат - кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
      4) тізілімнен үзінді көшірме - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
      5) тізілім - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырғыштарының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық бақылау бекеттерін (бұдан әрі - ВББ) ұйымдастырады.
      ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылаушы органдардың өзара әрекет етуі және олардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар арнайы киім киеді.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.
      9. Құжаттамалық бақылауға:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;
      2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);
      3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;
      4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.
      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;
      2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
      11. Зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
      1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;
      2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
      3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
      Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
      12. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау нәтижелері негізінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырған кезде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) елге кіруге рұқсат;
      2) әкелуге тыйым салу;
      3) әкелуді уақытша тоқтата тұру.
      13. Елге кіруге рұқсат ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).
      14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;.
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;
      3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ветеринариялық бақылау бекетінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.
      Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.
      15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.
      16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған жағдайда елге кіргізуге рұқсат беріледі.
      Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген жағдайда әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
      18. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізеді.
      19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау шарттары туралы хабарлайды.
      20. Қадағаланбайтын жануарлар Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өтетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.