Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы N 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2087. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығымен

Республикалық баспасөзде 
мазмұны жариялануға   
тиіс          

      Демократияландыруды тереңдетуге бағытталған стратегиялық бағытқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1. Бір ай мерзімде құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өзге де өкілдерін енгізе отырып, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңесті құратын болсын.

      2. Кеңес қызметі туралы жариялылықты және азаматтардың кеңінен хабардар болуын қамтамасыз етсін.

      3. Кеңес қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын.

      4. Мемлекет басшысына жүйелі түрде Кеңес жұмысы туралы ақпарат табыс етіп отырсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті