Жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттардың мiндеттi түрде алыну мен жойылу Актiлер формасын бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2395. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 7-1/329 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

жоба 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтыру енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген салық мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының заң актісінде айқындалатын тәртіппен жария етiлетін жер телiмдерiне қатысты жер телiмдерiн заңды деп таныған сәттен бастап жер телiмдерiн жария ететiн адамдарда туындайды.".
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi