Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Қаулысы

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;
      2) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi;
      3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
      4) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      5) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі;
      7) Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11 N 1359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.03.07 N 301 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.09.05 N 1146 Қаулыларымен.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 cәуipдегі   
N 407 қаулысымен      
бекiтiлген        

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
      1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
      2) мемлекеттiк органдардың жануарларды ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлiмшелерi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар

      5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;
      2) ведомствоның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      3) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) iшкi сауда объектiлерiнiң және жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң басшылары және олардың тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
      6. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң тиiстi лауазымдарына «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тiкелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
      7. Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының өзiнiң мемлекеттiк тiлдегi атауы бар мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.

3. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi

      8. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының орындалуын тексеру мақсатында:
      1) iшкi сауда объектiлерiнде;
      2) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда;
      3) ветеринария саласындағы, оның iшiнде лицензияланатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
      4) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында;
      5) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында;
      6) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк ветеринариялық мекемелерде;
      7) мынадай функцияларды:
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;
      8) шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде;
      9) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өткiзу (тасымалдау), тиеу, түсiру кезiнде;
      10) жануарлар аурулары қоздырғыштарының берiлу факторлары болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлерiнде;
      11) тасымалдау (өткiзу) бағыттары өтетiн мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында;
      12) аумақтарда, өндiрiстiк үй-жайларда және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
      13) мал көметін жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгiзу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауда және қадағалауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      14) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады.
      9. Осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген объектiлерде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиiстi аумақтардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және ветеринариялық iлеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, өзге нысандарда жүзеге асырады.
      10. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге нысандары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      Iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды өсiру, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
      11. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау бойынша ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексерулерін жүргізу малдарды ұстайтын және падаланатын ведомствоның және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің шешімімен іске асырылады.
      12. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актiсiн жасайды.
      13. Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттiк органдардың объектiлерiне мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
      14. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      15. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен тиiстi белгi жасалады.
      16. Тексеру актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
      17. Тексеру актiсi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетiн адамға қолын қойғызып берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетiн адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы оған поштамен жiберiледi.
      18. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.
      19. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлердi беру және жасау тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      20. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi және ресiмделедi.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары

      21. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен (қызметтiк куәлiгiн көрсете отырып) кедергiсiз кiруге;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң диагностикасы немесе ветеринариялық-санитарлық сараптама үшiн оларға зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңында берiлген өкiлеттiлiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға;
      7) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрi ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауiптi жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың шығу себептерiн, жағдайларын белгiлеуге;
      8) өзiне жүктелген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сот шешiмiнсiз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
      10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.

5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы

      22. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзудың дер кезiнде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою жөнiнде өзiне берiлген өкiлеттiлiктердi осы Ережеге сәйкес пайдалануға;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде қызметтiк және өзге де сипаттағы мәлiметтердi жария етпеуге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есепке алу мен есеп берудi жүргiзуге және оларды белгiленген тәртiппен уақтылы табыс етуге тиiс;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі
N 407 қаулысымен    
бекiтiлген       

Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесі

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қоюдың және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеудiң осы Ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілейдi.
      2. Осы Ереженiң әрекеті:
      1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;
      2) жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);
      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою тәртiбi

      3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндетті түрде алып қою және жою Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiне сәйкес жүргiзiледі.
      4. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жоюға байланысты мәселелердi шешу үшiн ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық ведомство бөлімшесінің бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өкiлдерi iшiнен тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан комиссия құрылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган аудандық (қалалық) аумақтық ведомство бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.
      Актiнiң бiрiншi данасы жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттар белгiленген тәртiппен жойылады немесе залалсыздандырады (зарарсыздандырады).
      7. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсiнiң негізiнде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қою туралы қосымшаға сәйкес қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды оларды алып қою туралы қаулыда не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.
      9. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
      10. Жануарлардың ерекше қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.
      11. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою көлiк құралдарын дезинфекциялау жөнiндегі ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарына, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган бекiткен жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөнiндегі нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      12. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою жөнiндегi ветеринариялық Iс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстар тиiстi аумақтағы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының тiкелей бақылауымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Ереженiң 2-тарауының 5-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жою туралы акт жасайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының мөрiмен бекiтiледi.
      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      17. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу тәртiбi

      18. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқамасы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен Жануарлар ауруларының тізбесiне сәйкес жүргізіледi.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      19. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы клиникалық-эпизоотологиялық тексеру негізінде жүк иесіне ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен және нысан бойынша оларды зарарсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде тиiсті нұсқама береді.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердiң талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдарда жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      21. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды.
      Ескерту. Ереже 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.
      Ескерту. Ереже 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал құнының қалған бөлігін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді.
      Ескерту. Ереже 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.31 № 611 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Жануарларға және адамдар денсаулығына epeкшe
қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын
өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою
және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта
өңдеу ережесінің қосымшасы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының    
ветеринариялық-санитариялық бақылау

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына
сәйкес жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп
төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен
шикiзаттарды алып қою туралы
ҚАУЛЫ

        А N 000000000             "____" __________200__ жыл

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес ауырған жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсi және _________ ветеринариялық зертхана бepген N______ сараптама актiсi негiзiнде N____________________________________
                  жеке және заңды тұлғаларға/
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның аты)
мекен-жайы _____________________________________________________
жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою жүргізілсін
________________________________________________________________
(жануарлардың түрі, саны, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттардың атауын көрсету керек)
себебі _________________________________________________________
________________________________________________________________
(алып қоюдың себептерін көрсету керек)

      Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою салдарынан келтірілген залал төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын)
      Басқа мағлұматтар ____________________________________
      Қаулы шығарған тұлғаның лауазымы және қолы

      Мөрдің орны ___________________ ______________
                  (Т.А.Ә., лауазымы)      (қолы)

«Ветеринария саласындағы нормативтік
құқықтық кесімдерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі     
№ 407 қаулысымен         
бекітілген            

Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 N 301 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағдидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою кезінде олардың құнын өтеудің бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құны мiндеттi түрде өтеуге жатады.
      3. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабуды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджет есебiнен жүргiзедi.

2. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезінде өтеуге жататын құнды айқындау

      4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу:
      1) облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;
      2) аудан (облыстық маңыздағы қала) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның ұсынысы бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, буаздығын және асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, жіктелген ставкалар (бұдан әрі – ставкалар) негізінде жүргізіледі.
      Бағаларға мониторинг жүргізуге уәкілетті агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық статистика органы) арасында деректер айырмашылығы болған жағдайда, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы орташа айлық нарықтық бағаның төменгі көрсеткіштері бойынша арнайы комиссияның шешімімен қабылданады.
      5. Облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) және аудан (облыстық маңыздағы қала) деңгейінде құрылатын арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық бағасының ставкасы туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мамандандырылған ұйымның және аумақтық статистика органдарының деректері негізінде қабылдайды.
      6. Мамандандырылған ұйымның, аумақтық статистика органының ақпаратын жинау мен талдауды жүзеге асыратын және алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасын анықтау үшін оны арнайы комиссияның қарауына ұсынатын ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық немесе аудандық аумақтық бөлімшесі арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдар, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, мамандандырылған ұйымның, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
      Арнайы комиссияның ережесін тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекітеді.
      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға болып табылады.
      8. Арнайы комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген аурулар диагнозы белгіленген сәттен бастап үш күн ішінде алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын өтеу ставкалары туралы шешім шығарады.
      Арнайы комиссияның шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады, дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы акт жасалады.

3. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезіндегі құнын өтеудің шарттары

      9. Иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбеге енгізілген аса қауіпті аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның 25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
      10. Құнын өтеу осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен жүзеге асырылады.

4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

      11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
      1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұсақ қара мал бруцеллезін қоспағанда, жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      2) комиссия мүшелері қол қойған, ауру жануарларды, ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюға және жоюға арналған актілер;
      3) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі;
      4) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы арнайы комиссияның актісі;
      5) жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы;
      6) ветеринариялық паспорт.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады.
      13. Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуді оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін он күн жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен     
бекiтiлген       

Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16 N 423, 2004.11.16 N 1207, 2005.09.16 N 922 Қаулыларымен.

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Жануарларға және адам денсаулығы үшiн ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою кезiнде жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:
      Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, аусыл, туляремия.
      Ірi қара малдың аурулары - iрi қара мал обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия.
      Жылқы аурулары - маңқа, iндеттi лимфангоит, бiр тұяқтылардың африка обасы.
      Қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы), бруцеллез.
      Tүйe аурулары - түйе обасы.
      Шошқа аурулары - шошқаның африка обасы.
      Құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы. <*>
      Ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы.
      Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен      
бекiтiлген        

Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16 N 423, 2004.11.16 N 1207, 2009.09.11 N 1359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының аскопизациясынан басқасы), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру).
      Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.<*>
      Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.<*>
      Жылқы аурулары - инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, жұқпалы энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангоит. <*>
      Түйе аурулары - түйе обасы.
      Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.
      Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы. <*>
      Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.
      Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.
      Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.
      Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.

       Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 28 сәуірдегі  
N 407 қаулысымен    
бекiтiлген      

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;
      2) ветеринариялық бақылау бекетi – уәкiлеттi орган ведомствосының шекара және кеден пункттерi (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері) аумағында орналасқан, өткiзiлетiн (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;
      3) рұқсат - кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
      4) тізілімнен үзінді көшірме - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
      5) тізілім - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
      6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырғыштардың штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдайтын көлiк құралдары.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      3. Осы Ереже Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      4. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн (бұдан әрi – ВББ) ұйымдастырады.
      ВББ-де мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi органдардың бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара әрекет етуi және олардың iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      7. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар нысанды киім (погонсыз) киеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

      8. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      9. Құжаттамалық бақылауға:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;
      2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);
      3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;
      4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.
      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;
      2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
      11. Зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
      1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;
      2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
      3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
      Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
      12. ВББ-нің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi негiзiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырған кезде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) елге кiруге рұқсат;
      2) әкелуге тыйым салу;
      3) әкелудi уақытша тоқтата тұру.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      13. Елге кіруге рұқсат ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).
      14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;.
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;
      3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ветеринариялық бақылау бекетінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.
      Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.
      15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.
      16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған жағдайда елге кіргізуге рұқсат беріледі.
      Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген жағдайда әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
      18. ВББ-нiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортын, импортын, транзитiн есепке алу журналына тиiстi жазбаларды енгiзедi.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау (айдап өту) шарттары туралы хабарлайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      20. Қадағаланбайтын жануарлар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 28 сәуірдегі 
N 407 қаулысымен     
бекiтiлген       

Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.

      1. Осы Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi – бекеттер).
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      3. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер өткізiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлiк құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Бекеттер Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудiң осы пунктi үшін белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 N 1146 Қаулысымен.
      6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткiзу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкіметiнiң      
2003 жылғы 28 сәуірдегі
N 407 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Ветеринария бойынша нормативтiк құқықтық және басқа кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы N 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 40, 379-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысына өзгерiстер мен толықтырудың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 190-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 243-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөнiндегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі N 1132 кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 383-құжат).