Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1207 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
      тақырыбы "Жануарларды" деген сөздiң алдынан "Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "туляремия" деген сөзден кейiн ", аусыл" деген сөзбен толықтырылсын;
      бесiншi абзацтағы "аденомотоз" деген сөзден кейiн ", шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
      екiншi абзацтағы "нодулярлық дерматит (зкзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацтағы "(экзотикалық аурулар)" деген сөздерден кейiн ", күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
      8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.";
      23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі