Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 372 қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.
      Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1268, 2005.04.21. N 372, 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. (алынып тасталды)
      Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372 қаулысымен.

      4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 26 шілдедегі      
N 833 қаулысымен         
бекiтiлген           

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен .  

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану
ережесi

                         1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
      1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.08. N  919 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:
      1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);
      2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер);
      3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар);
      4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар);
      5) заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен , 2005.04.21. N 372 , 2007.12.29.  N 1371 Қаулыларымен.

     3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:
     1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік;
     2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк);
     3) олжаларды;
     4) қараусыз жануарларды;
     5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің N 1371 Қаулыcымен.
     6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің N 1371 , 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

     4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

                  2. Мүлiктi есепке алу және сақтау

     5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады:
     1) тиiстi сот актілерi;
     2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;
     3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы;
     4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.
     Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады.
     5-1. Иесіз жылжымалы мүлікті белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне, оның ішінде заттай дәлел түрінде айналдырған деп танылғанға дейін алты ай ішінде мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарға есепке қою үшін жібереді.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен .  

     6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады.

     7. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.

      8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
      Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады.
      8-1. Иесіз жылжымалы, оның ішінде заттай дәлел түріндегі мүлікті есепке қойған күннен бастап бес жыл өткен соң коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады.
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

      9. (алып тасталды)
      Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372 қаулысымен.

      10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

                   3. Мүлiктi бағалау

      11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.29 N 511 Қаулысымен.

      11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.29 N 511 Қаулысымен.

      12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы ұны бойынша бағаланады.

      13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi.

      14. Республика меншiгiне айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      Коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

             4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату

      15. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi:
      1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы сатылады:
      жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
      бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын,
антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда);
      2) өзге де Мүлiк аукциондарда сауда-саттықтың ағылшындық немесе голландтық әдiсiмен сатылады. Сатуға бiрiншi рет қойылатын мүлiк сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiмен сатылады, аукцион болмаған деп танылған жағдайда екiншi және кейiнгi сауда-саттықтар голландтық әдiспен жүргiзiлуi мүмкiн. Сауда-саттықты ағылшындық және голландтық әдiстермен жүргiзген кезде бастапқы баға мүлiктi бағалау құнынан төмен болмайды. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгі бағаны құрамы мен функциясын уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган анықтайтын комиссия белгілейдi. <*>
      Егер Мүлiктi сауда ұйымдары арқылы сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi.
      Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады не балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне және басқа да әлеуметтік сала объектілеріне өтеусіз берілуі мүмкін.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 , 2004.11.10. N 1178 , 2005.04.21. N 372 ,  2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi.
      Мүлiктi сату жөнiндегi аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi:
      1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткiзу әдiсiн анықтайды;
      2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен келісім бойынша өзге мерзімді баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткiзу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды;
      Аукционда сату үшін ұсынылып отырған мүлік туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның ресми сайтында қосымша жариялануы мүмкін;
      3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет:
      аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын;
      аукцион өткiзудiң әдiсi;
      Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы;
      кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгiзу тәртiбi;
      аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;
      4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткiзу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi;
      5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды;
      6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi;
      7) кепiл жарнасын енгiзу аукционға қатысушының мынадай:
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi;
      8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:
      аукционға қатысуға өтiнiм;
      қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;
      кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн;
      шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлiне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет;
      9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын аяқталады;
      10) аукцион оларды өткiзу ережесiн, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткiзу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады;
      11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бiрi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады;
      12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады;
      13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бiр-бiр данадан тапсырылады;
      14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады;
      15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады;
      16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады;
      Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай:
      аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын бас тартқан;
      нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды;
      17) аукционның қандай да бiр затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бiрақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады;
      18) бiрiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бiрiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткiзу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады.
      Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бiрi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс;
      19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi.
       Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 372 , 2009.07.16. N 1081 Қаулыларымен.

      16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды.
      Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi.

      17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Тізімдеме актісінің негізінде Орталыққа тапсырылады. <*>
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 , 2009.07.16. N 1081 Қаулыларымен.

      18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі — филиал) немесе Орталыққа жіберілетін бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйілуі тиіс (бұдан әрі — құндылықтар салынған жөнелтілім). Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған екі қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі (бұдан әрі - құндылықтар салынған қап). Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс. Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекен-жайы көрсетіледі. Құндылықтар бар бір орынның (жөнелтілімнің немесе қаптың) ең жоғарғы салмағы 10 (он) кг-дан аспауы тиіс. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) почтамен және қағаз пакеттермен жіберуге тыйым салынады.
      Көрсетілген талаптарды бұза отырып ресімделген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) филиалдар мен Орталық қабылдамайды.
      Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өз бетімен немесе жергілікті арнайы байланыс бөлімдері арқылы Орталыққа не Алматы қалалық филиалы мен Алматы облыстық филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өз бетімен филиалға жібереді.
      Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдаған соң филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен түбіртек береді.
      Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын пломбалар таңбаларының уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа беруді қамтамасыз етеді. Пломбалар таңбаларының куәландырылған үлгілері (олар ауыстырылған жағдайда таңбалардың жаңа үлгілері) құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынылуы тиіс. Филиалдар құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашпай, эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.
      Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді филиалдар оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде тек арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады.
      Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген Тізімдеме актісін (тізімдеме) жасайды, оған уәкілетті органның тиісті өңірлік бөлімшесінің басшысы қол қояды.
      Тізімдеме актісі (тізімдеме) үш данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі - құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады, үшіншісі - ілеспе хатпен бірге Орталыққа жіберіледі. Ілеспе хатта құндылықтар Мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың көшірмесі қоса беріліп (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасының актілері және т.с.с), оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), сондай-ақ жөнелтілімді (қапты) ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде уәкілетті орган өкілінің міндетті қатысуының қажеттігі көрсетіледі немесе өз өкілінің қатысуынсыз жөнелтілімді (қапты) ашуға және құндылықтарды қабылдауға келісім беріледі.
      Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алғанын растау үшін Орталық уәкілетті органға алдын ала қабылдау актісін жібереді. Жөнелтілімді ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде өз өкілінің міндетті қатысуының қажеттігіне арналған уәкілетті органның нұсқауы бар құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алдын ала қабылдау актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ашылған күні көрсетіледі. Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық жөнелтілімді ашуды және құндылықтарды қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі алдын ала қабылдау актісін алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құндылықтарды қабылдаған филиалға құндылықтарды тапсыру туралы түбіртекті қайтарады.
      Жөнелтілімді (қапты) ашуды, құндылықтарды қабылдауды және сұрыптауды Орталық жөнелтілімдердің түсу тәртібі бойынша жүзеге асырады және ол құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актісімен ресімделеді. Орталықтың жөнелтілімдерді ашу және құндылықтарды қабылдау нәтижелері түпкілікті болып табылады.
      Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актісін Орталық уәкілетті органға жібереді.
      Құндылықтарды қабылдау уақытында ілеспе құжаттардың деректерімен алшақтықтар анықталған кезде құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген уәкілетті органға тиісті шаралар қабылдау үшін анықталған алшақтықтарды көрсете отырып наразылық жіберіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияла - ҚР Үкіметінің 2009.07.16.  N 1081 Қаулысымен.

      18-1. Жекелеген негіздемелер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды есепке алу, беру және өткізу мақсаттары үшін қабылдау, сұрыптау, есепке алу, құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.
      Орталыққа немесе оған одан әрі жіберу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына тапсырылған бағалы металлдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-1-тармақ жаңа редакцияла - ҚР Үкіметінің 2009.07.16. N 1081 Қаулысымен.

      19. Ақша түрiндегі мүлiк мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы операция жасау күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, сату, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақшаны мемлекет бюджетiне есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ақша түрiндегi мүлiктi Ұлттық Банкке және олардың филиалдарына берудi уәкiлетті органға мүлiктiң сомасын, беру уақыты мен алушыны көрсете отырып, беру туралы хабарламаны жiберiп осындай мүлiктi алған орган жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

      20. Мемлекет меншiгiне келiп түскен салымдар (депозиттер) сомасы бiрiншi талап бойынша олардың қайтарылуы қажеттiгiне қарамастан немесе уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның жазбаша талабы бойынша депозиторларға алдын-ала келiсiлген үстемеақымен не ондайсыз қандай-да бiр мерзiм арқылы банктер атаулы құнда толық көлемде мемлекеттiк бюджет кiрiсiне аударады.

      21. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу үлесi мемлекеттiк мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға беруге жатады.

      22. Мемлекеттік лотереялардың лотерея билеттері бойынша талап етілмеген ұтыс түріндегі мүлікті лотерея ұйымдастырушы болып табылатын тұлға лоторея өткізу шарттарында көзделген төлем мерзімі өткен соң мемлекеттік бюджет кірісіне есепке алады.
      Лотерея билеттерiн беру лотерея атауы, шыққан күнi, ұтыс ойынын жүргiзген органның атауы, билеттердiң сериялары, нөмiрлерi және ұтыс сомасы көрсетiлетiн тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       22-1. Тасымалдауға, сақтауға, бағалауға, сатуға байланысты шығындары олардың бағалау құнынан асып түсетін қара және түсті металл сынығы Комиссияның шешімі бойынша неғұрлым тиімді баға мен шарттар ұсынған металл сынығын қабылдау жөніндегі мамандандырылған ұйымға тапсыру жолымен орналасқан жері бойынша өткізілуі мүмкін.
       Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.16. N 1081 Қаулысымен.

      23. Уәкілеттi органға тапсырылған сыйлықтар арнайы мемлекеттiк қорды құрайды. Арнайы мемлекеттiк қордан сату Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертуі: Z980267_ (13-б.).

      23-1. Арнайы мемлекеттiк қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды сатқанға дейiн Орталық жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

      24. Сыйлықтарды тапсырған тұлға сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейiн уәкілеттi орган сыйлықты сатуды жүргiзедi.

      25. Олардың сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн; шыққан елi белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз сатылатын темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың азғантай партияларын және өзге де Мүлiктi заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган құрған комиссия жояды. Қажет болған жағдайларда комиссия құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiн және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандарын тартуға болады. <*>
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен , 2005.04.21. N 372 қаулыларымен.

      25-1. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады. <*>
      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

      25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй  заңнамасымен   реттеледі.
      Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.10. N 1178 қаулысымен .

      25-3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлік республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - арнайы орган) шешімімен мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдануы мүмкін.
      Ескерту. 25-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.29 N 511 Қаулысымен.

      25-4. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
      1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
      2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдалану.
      Ескерту. 25-4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.29 N 511 Қаулысымен.

      25-5. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган мен арнайы орган арасында қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі (беру актісі) жасалады.
      Арнайы орган мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді.
      Ескерту. 25-5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.29 N 511 , өзгерту енгізілді - 2009.07.16. N 1081 Қаулыларымен.

                      5. Қорытынды ережелер

      26. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сатқаннан кейін ақша, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде бюджетке аударылуы тиіс.
      РҚАО-ның ескертуі: V940054_ (37-т.).
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Мүлiктi есепке алумен, бағалаумен, сақтаумен, салып жiберумен, сатуларды ұйымдастырумен және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындармен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      28. Тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазынаны тауып алғаны үшiн сыйақыны төлеудi уәкiлеттi орган заңнамада айқындалған тәртiппен республикалық бюджет қаражатынан жүргiзедi.

      29. Сот оның негiзiнде Мүлiк мемлекет меншiгiне түскен актiнi жойған (тиiстi бөлiкке өзгерiстер енгiзген) жағдайда уәкілеттi орган Мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер Мүлiктi уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен сатқан жағдайда, оны сатудан алынған қаражат шегiнде оның құнының орнын толтыруды жүргiзедi.

      30. Осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган алған Мүлiктi ұйымдарға немесе жекелеген адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

      31. Уәкілеттi органның және коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженiң қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкте болады.

1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 , 2008.12.31. N 1329 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

             Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру
                             АКТIСI

200 __ ж. "___"________________              _____________________
            (жасалған күнi)                  (акті жасалған жерi)

                     Мына құрамдағы комиссия:

Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган)
_________________________________________________________________

_________________________________________________________________ 
(уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi
                органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_________________________________________________________________
          (жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
____________________________________________________________өкiлi
        (мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_________________________________________________________________
        (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
____________________________________________________________өкiлi
     (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
________________________________________________________________
            (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
__________________________________________________ баға берушiсi
ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның
             күнi және нөмiрi)
________________________________________________________________
(мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы,
               лицензияның күнi және нөмiрi)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы "___"________ N ___
қаулысымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау
және одан әрi пайдалану ережесi негiзiнде
__________________________________________________________________
   (мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе
             ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
 
иелiгiне жататын______________________________________________________
         (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң
                       нөмiрi, күнi)

сот актiлерiнiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер)

немесе____________________________________________________________
    (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
 
      иесiз деп танылған немесе___________________________________
                         (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_________________________________________________________________
           мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
 
мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлiктiң _______________________
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның
             аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)

оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен
көлiк құралдары, сыйлықтар___________________________________
_________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi)
 
немесе __________________________________________________________
  (нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)

нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет
 
меншiгiне өткен деп танылған, сондай-ақ_________________________

________________________________________________________________
          (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
немесе__________________________________________________________
         (мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)

құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттiк меншiк құқығы туындағанын
растайтын өзге де құжаттардың негiзiндегi өзге де мүлiк

                Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/с
N

Әрбiр заттың
жан-жақты
сипаттамасымен
мүлiктiң атауы

Өлшем
бiрлiгі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бірлігін алдын ала бағалау теңге1

Барлық сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

    Жиыны
-----------------------------------------------------------------
Жиыны (жазумен): _________________________________
 
Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________
 
Осы акт ____ данада жасалды.

Комиссия мүшелерi:  ______________              _____________________
                        (қолы)                        (аты-жөнi)
                    ______________              _____________________
                       (қолы)                        (аты-жөні)
                    ______________              _____________________
                     (баға берушi-                     (аты-жөні)
                   сарапшының қолы және мөрi)

______ ж. "___"_________               Иесiнiң қолы ________________

     Осы актіде көрсетiлген Мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым.
Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе бүлiнуi үшiн ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi

_______ ж. "___"_________                          __________________
                                                           (қолы)
_____________________________________________________________________
       (ұйымның атауы, СТН-ы, мекен-жайы немесе мүлiкті қабылдаған
                          адамның аты-жөнi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 
  1 Бұл бағам егер мүлiкті уәкiлетті органға (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органға) берушi ұйым алдын-ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

                                                         2-қосымша

    200__ жылға арналған __________________ уәкiлетті орган (коммуналдық
    меншіктi басқаруға уәкiлеттi орган) есепке алуға қабылдаған мүлiктi   
              тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiлерiнiң
                            ЕСЕПКЕ АЛУ КIТАБЫ

Р/с!Жазба !Мүлікті  !Жазба      !Бұрынғы  !Мүліктің!Мүліктің!Мүліктің
N  !жүргі.!тiзiмдеу,!жүргізудің !иесінің  !атауы   !бастапқы!қайта
   !зілген!бағалау, !негіздемесі!атауы    !(санаты)!бағасы, !бағалаудан
   !күн   !қабылдау-!(құжаттың  !немесе   !        !теңге   !кейінгі
   !      !беру ак. !атауы,     !өтініш   !        !        !құны
   !      !тiсiнiң  !нөмірі және!берушінің!        !        !
   !      !нөмiрi   !күні)      !аты-жөні !        !        !
   !      !және күні!           !         !        !        !
---------------------------------------------------------------------------
1 !   2  !     3   !     4     !    5    !    6   !    7   !      8
---------------------------------------------------------------------------
1.
2.
...    

таблицаның жалғасы:
------------------------------------------
Р/с! Мүлiктердi ! Мүлік үшін   ! Бюджетке
N  ! тiзiмдеу,  ! түпкілікті   ! түскен
   ! бағалау    ! есеп айырысу ! нақты
   ! және       ! күні         ! сомасы,
   ! қабылдау-  !              ! теңге
   ! беру актiсi!              !
   ! кiмге және !              !
   ! қашан      !              !
   ! жiберiлдi  !              !
------------------------------------------
1 !      9     !      10      !    11
------------------------------------------
1.
2.
...

------------------------------------------
Ескерту: 8-баған қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда толтырылады.
 

                                                       3-қосымша

                  2000 жылғы "___"___________________
   мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi
        бойынша есепке алуға қабылданған мүлiктің
                 N ___ түгендеу кәртешкесi

          Сауда немесе басқа ұйымның толық атауы
          ______________________________________________
          СТН __________________________________________
          Ұйымның мекен-жайы ___________________________
          Телефоны ____________ Есеп-шоты ______________
          Банктiң атауы ________________________________
                                                                (теңгемен)

Күні

Операция мен құжаттардың атауы

Мүлікті тізімдеу,
бағалау, қабылдау-беру актісі


Мүлікті қайта бағалау

Операцияны жазу

Операцияны жасау

Бағалауға дейінгі сомасы (+)

Арзандатылған сомасы (-)

Қайта бағалаудан кейінгі бағасы

Сатылғаны

Қалғаны

Бюджетпен түпкілікті
есеп айырысу

Төлем құжатының күні мен нөмірі

Сомасы

Төлеуге

Қайтаруға жатқызылғаны

Төлем құжатының күні мен нөмірі

Бюджетке түскен сомасы

     Ескерту: түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбында мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ мүлiктi беру уақыты көрсетiлетiн нұсқау болуға тиiс. Көрсетiлген түгендеу кәртешкесiне мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiр берiледi.