Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 шілде N 833

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (жалпы,  ерекше  бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару  кодексiне , "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372   қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N  1268 , 2005.04.21.  N 372  қаулыларымен. 

      3.  (алынып тасталды)
       Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372  қаулысымен.

      4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
2002 жылғы 26 шілдедегі       
N 833 қаулысымен          
бекiтiлген               

   Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке
алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану
ережесi

                         1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
      1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
       Ескерту. 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.08. N   919  Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады: 
      1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк); 
      2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер); 
      3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар); 
      4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар); 
      5) белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен , 2005.04.21.  N 372  қаулысымен.   

     3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:
     1) белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiз мүлiк);
     2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк);
     3) олжаларды;
     4) қараусыз жануарларды;
     5) белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен;
     6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.

     4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

                 2. Мүлiктi есепке алу және сақтау

     5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады:
     1) тиiстi сот актілерi;
     2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;
     3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы; 
     4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар. 
     Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады. 

     6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады. 

     7. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.

      8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi. 
      Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады. 

      9.  (алып тасталды)
       Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372  қаулысымен.

     10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

                   3. Мүлiктi бағалау

      11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
       РҚАО-ның ескертуі: Z000109_ ; V940054_ (16-18 т.).

        12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы ұны бойынша бағаланады.

      13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi.

      14. Республика меншiгiне айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      Коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

             4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату

      15. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi:
      1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы сатылады:
      жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
      бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын,
антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда);
      2) өзге де Мүлiк аукциондарда сауда-саттықтың ағылшындық немесе голландтық әдiсiмен сатылады. Сатуға бiрiншi рет қойылатын мүлiк сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiмен сатылады, аукцион болмаған деп танылған жағдайда екiншi және кейiнгi сауда-саттықтар голландтық әдiспен жүргiзiлуi мүмкiн. Сауда-саттықты ағылшындық және голландтық әдiстермен жүргiзген кезде бастапқы баға мүлiктi бағалау құнынан төмен болмайды. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгі бағаны құрамы мен функциясын уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган анықтайтын комиссия белгілейдi. <*>
      Егер Мүлiктi сауда ұйымдары арқылы сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi.
      Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады. 
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24.  N 695 , 2004.11.10. N  1178 , 2005.04.21.  N 372  қаулыларымен.

         15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi.
      Мүлiктi сату жөнiндегi аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi:
      1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткiзу әдiсiн анықтайды;
      2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткiзу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды;
      3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет:
      аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын;
      аукцион өткiзудiң әдiсi;
      Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы;
      кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгiзу тәртiбi;
      аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;
      4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткiзу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi;
      5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды;
      6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi;
      7) кепiл жарнасын енгiзу аукционға қатысушының мынадай:
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi;
      8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:
      аукционға қатысуға өтiнiм;
      қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;
      кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн;
      шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлiне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет;
      9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын аяқталады;
      10) аукцион оларды өткiзу ережесiн, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткiзу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады;
      11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бiрi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады;
      12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады;
      13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бiр-бiр данадан тапсырылады;
      14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады;
      15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады;
      16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады;
      Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай:
      аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын бас тартқан;
      нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды;
      17) аукционның қандай да бiр затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бiрақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады;
      18) бiрiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бiрiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткiзу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады.
      Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бiрi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс;
      19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21.  N 372  қаулыларымен.

      16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды. 
      Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi.

      17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Орталыққа жiберiледi және тапсырылады. <*>
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

      18. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар арнайы байланыстың жергiлiктi бөлiмдерi арқылы немесе өз күштерiмен жөнелтiлiмдерде Орталыққа жiберiледi және ағаш жәшiкте немесе iшкi тiгiсi материалмен қапталатын, сүргiштi мөр басылатын картон қорапта (құндылық сипатына қарай) пломбылануы немесе қатталуы тиiс. Бағалы металдардан жасалған монеталарды тiгілуi, пломбылануы немесе мөр басылуы тиiс екi қапта (бiрiнiң iшiне бiрi салынған) қаттауға рұқсат етіледi. Жөнелтілiмдерде (немесе қапқа таңбада) бағасы, алушының және жiберушiнiң мекен-жайы көрсетiледi. <*>
      Бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды почтамен және қағаз пакеттерге салып жiберуге рұқсат етiлмейдi. 
      Орталыққа бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды салып жiберу Тiзiмдеме актiсi негiзiнде жүргiзiледi. Керi салып жiберу кезiнде бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, үлгiсiн, түрiн (атауын) және тиiстi уәкілеттi органның басшысы қол қоятын оның әрқайсысын толық сипаттаумен әрбiр заттың айырмашылық белгiлерiн көрсете отырып тiзiмдеме жасалады. 
      Тiзiмдеме үш данада жасалады, олардың: бiр данасы уәкiлеттi органда қалады, бiреуi - жөнелтiлiмге құндылықтармен бiрге салынады және бiреуi - жөнелтiлiммен бiр уақытта iлеспе хатпен Орталыққа жiберiледi. Iлеспе хатта мыналар көрсетiледi: Мүлiк құндылықтың қай түрiне жатады (тәркiленген, мұрагерлiк, иесiз немесе қазына), мемлекет меншiгiне қандай негiзде өттi, құндылықтарды тәркiлеуге құжаттардың көшiрмелерi қоса берiле отырып (алып қою актiсi, сот шешiмi, сот сараптамасының актiсi және т.с.с.) ол кiмге тиесiлi (егер бұл белгілi болса). 
      Құндылықтарды алуды растауға Орталық уәкiлеттi органға алдын-ала қабылдау актiсiн және қабылдау мен сұрыптау актiсiн жiбередi. 
      Құндылықтарды қабылдау уақытында құндылықтарды жiберген уәкiлеттi органның ілеспе құжаттарының деректерiмен алшақтық табылған кезде, оған тиiстi шаралар қабылдау үшiн анықталған алшақтықтарды көрсете отырып наразылық жiберiледi.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24.  N 695 , 2006.02.27.  N 135  қаулыларымен.

      18-1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау мен сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейді.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24.  N 695 ,  2006.02.27.  N 135  қаулыларымен.

      19. Ақша түрiндегі мүлiк мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы операция жасау күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, сату, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақшаны мемлекет бюджетiне есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ақша түрiндегi мүлiктi Ұлттық Банкке және олардың филиалдарына берудi уәкiлетті органға мүлiктiң сомасын, беру уақыты мен алушыны көрсете отырып, беру туралы хабарламаны жiберiп осындай мүлiктi алған орган жүргiзедi. <*>
       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

      20. Мемлекет меншiгiне келiп түскен салымдар (депозиттер) сомасы бiрiншi талап бойынша олардың қайтарылуы қажеттiгiне қарамастан немесе уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның жазбаша талабы бойынша депозиторларға алдын-ала келiсiлген үстемеақымен не ондайсыз қандай-да бiр мерзiм арқылы банктер атаулы құнда толық көлемде мемлекеттiк бюджет кiрiсiне аударады. 

      21. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу үлесi мемлекеттiк мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға беруге жатады.

      22. Лотерея билеттерi бойынша ұтыс түрiндегi Мүлiктi лотерея ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептейдi. 
      Лотерея билеттерiн беру лотерея атауы, шыққан күнi, ұтыс ойынын жүргiзген органның атауы, билеттердiң сериялары, нөмiрлерi және ұтыс сомасы көрсетiлетiн тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi.

      23. Уәкілеттi органға тапсырылған сыйлықтар арнайы мемлекеттiк қорды құрайды. Арнайы мемлекеттiк қордан сату Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып белгіленген тәртiппен жүргiзiледi. 
       РҚАО-ның ескертуі: Z980267_ (13-б.).  

      23-1. Арнайы мемлекеттiк қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды сатқанға дейiн Орталық жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

      24. Сыйлықтарды тапсырған тұлға сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейiн уәкілеттi орган сыйлықты сатуды жүргiзедi.

      25. Олардың сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн; шыққан елi белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз сатылатын темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың азғантай партияларын және өзге де Мүлiктi заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган құрған комиссия жояды. Қажет болған жағдайларда комиссия құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiн және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандарын тартуға болады. <*>
       Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен , 2005.04.21.  N 372  қаулыларымен.

      25-1. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады. <*>
       Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

      25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.
       Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.10. N 1178  қаулысымен .

                      5. Қорытынды ережелер

      26. Мүлiктi сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне толық көлемде есептеледi. 
       РҚАО-ның ескертуі: V940054_ (37-т.).

        27. Мүлiктi есепке алумен, бағалаумен, сақтаумен, салып жiберумен, сатуларды ұйымдастырумен және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындармен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      28. Тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазынаны тауып алғаны үшiн сыйақыны төлеудi уәкiлеттi орган заңнамада айқындалған тәртiппен республикалық бюджет қаражатынан жүргiзедi. 

      29. Сот оның негiзiнде Мүлiк мемлекет меншiгiне түскен актiнi жойған (тиiстi бөлiкке өзгерiстер енгiзген) жағдайда уәкілеттi орган Мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер Мүлiктi уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен сатқан жағдайда, оны сатудан алынған қаражат шегiнде оның құнының орнын толтыруды жүргiзедi.

      30. Осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган алған Мүлiктi ұйымдарға немесе жекелеген адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

      31. Уәкілеттi органның және коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженiң қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкте болады.

1-қосымша          

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695  қаулысымен .

              Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру
                             АКТIСI

200 __ ж. "___"________________
 
________________________
    (жасалған күнi)                    (акті жасалған жерi)

                     Мына құрамдағы комиссия: 

Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган)
_________________________________________________________________

_________________________________________________________________  
  (уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi
  органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_________________________________________________________________ 
          (жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
____________________________________________________________өкiлi
        (мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_________________________________________________________________
        (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
____________________________________________________________өкiлi
     (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
________________________________________________________________
            (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
__________________________________________________ баға берушiсi
ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi 
және нөмiрi)
________________________________________________________________
(мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы,
 лицензияның күнi және нөмiрi) 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы "___"________ N ___
қаулысымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан
әрi пайдалану ережесi негiзiнде
__________________________________________________________________ 
   (мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе
     ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
 
иелiгiне жататын______________________________________________________
         (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң        
            нөмiрi, күнi)

сот актiлерiнiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер)

немесе____________________________________________________________ 
    (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
      
иесiз деп танылған немесе________________________________________
                         (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе 
_________________________________________________________________  
      мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
 
мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлiктiң _______________________
_________________________________________________________________ 
 (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның
  аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)

оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына
беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары, сыйлықтар___________________________________   _________________________________________________________________
 (кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi)
 
немесе __________________________________________________________
  (нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)

нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет 
 
меншiгiне өткен деп танылған, сондай-ақ_________________________

________________________________________________________________
          (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
немесе__________________________________________________________
         (мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)

құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттiк меншiк құқығы туындағанын
растайтын өзге де құжаттардың негiзiндегi өзге де мүлiк

                 Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Әрбiр заттың жан-жақты !Өлшем !Саны!Мүлiктi қабылдау  !Барлық сомасы,
 N ! сипаттамасымен мүлiктiң!бiрлi.!    !кезiнде бiрлiгін  !теңге
   !          атауы         !гі    !    !алдын ала бағалау,!
   !                        !      !    !теңге1            !
   !                        !      !    !                  !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !            2           !   3  !  4 !         5        !     7
---------------------------------------------------------------------------
    Жиыны
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны (жазумен): _________________________________
 
Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________
 
Осы акт ____ данада жасалды.

Комиссия мүшелерi:     ______________              _____________________
                           (қолы)                        (аты-жөнi)
                       ______________              _____________________
                           (қолы)                        (аты-жөні)
                       ______________              _____________________
                       (баға берушi-                     (аты-жөні)
 
                       сарапшының қолы және мөрi)

______ ж. "___"_________                 Иесiнiң қолы __________________

     Осы актіде көрсетiлген Мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. 
Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе 
бүлiнуi үшiн  ҚР ҚК  357-бабы бойынша қылмыстық және материалдық 
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi 

_______ ж. "___"_________                             __________________
                                                           (қолы)
________________________________________________________________________
       (ұйымның атауы, СТН-ы, мекен-жайы немесе мүлiкті қабылдаған 
                             адамның аты-жөнi)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ 
  
1 Бұл бағам егер мүлiкті уәкiлетті органға (коммуналдық меншiктi басқаруға
уәкiлетті органға) берушi ұйым алдын-ала бағалау жүргізген жағдайда
толтырылады.

                                                         2-қосымша 

     200__ жылға арналған __________________ уәкiлетті орган (коммуналдық
    меншіктi басқаруға уәкiлеттi орган) есепке алуға қабылдаған мүлiктi    
              тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiлерiнiң
                            ЕСЕПКЕ АЛУ КIТАБЫ

Р/с!Жазба !Мүлікті  !Жазба      !Бұрынғы  !Мүліктің!Мүліктің!Мүліктің
 N !жүргі.!тiзiмдеу,!жүргізудің !иесінің  !атауы   !бастапқы!қайта
   !зілген!бағалау, !негіздемесі!атауы    !(санаты)!бағасы, !бағалаудан
   !күн   !қабылдау-!(құжаттың  !немесе   !        !теңге   !кейінгі
   !      !беру ак. !атауы,     !өтініш   !        !        !құны
   !      !тiсiнiң  !нөмірі және!берушінің!        !        !
   !      !нөмiрi   !күні)      !аты-жөні !        !        !
   !      !және күні!           !         !        !        !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !   2  !     3   !     4     !    5    !    6   !    7   !      8
---------------------------------------------------------------------------
1.
2.
...     

 
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------
Р/с! Мүлiктердi ! Мүлік үшін   ! Бюджетке
 N ! тiзiмдеу,  ! түпкілікті   ! түскен
   ! бағалау    ! есеп айырысу ! нақты
   ! және       ! күні         ! сомасы,
   ! қабылдау-  !              ! теңге
   ! беру актiсi!              !
   ! кiмге және !              !
   ! қашан      !              !
   ! жiберiлдi  !              !
------------------------------------------
 1 !      9     !      10      !    11
------------------------------------------
1.
2.
...

------------------------------------------
Ескерту: 8-баған қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда толтырылады.
 

                                                              3-қосымша 

                   2000 жылғы "___"___________________
      мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi бойынша 
                   есепке алуға қабылданған мүлiктің 
                       N ___ түгендеу кәртешкесi

          Сауда немесе басқа ұйымның толық атауы
          ______________________________________________
          СТН __________________________________________
          Ұйымның мекен-жайы ___________________________
          Телефоны ____________ Есеп-шоты ______________
          Банктiң атауы ________________________________
                                                                (теңгемен) 
---------------------------------------------------------------------------
      Күні        ! Операция мен ! Мүлікті тізімдеу,!Мүлікті қайта бағалау
------------------! құжаттардың  !бағалау, қабылдау-!----------------------
Операцияны!Опера. ! атауы        !    беру актісі   !Бағалауға!Арзандатыл.
  жазу    !цияны  !              !    бойынша құны  ! дейінгі !ған сомасы
          !жасау  !              !                  ! сомасы  !    (-)
          !       !              !                  !   (+)   !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
   Қайта   !     Сатылғаны   !     Қалғаны        !  Бюджетпен түпкілікті
бағалаудан !-----------------!--------------------!      есеп айырысу
  кейінгі  !  Төлем   !Сомасы!Төлеуге!Қайтаруға   !------------------------
  бағасы   !құжатының !      !       !жатқызылғаны!     Төлем     !Бюджетке
           ! күні мен !      !       !            !   құжатының   ! түскен
           !  нөмірі  !      !       !            !күні мен нөмірі! сомасы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------

      Ескерту:  түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбында мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ мүлiктi беру уақыты көрсетiлетiн нұсқау болуға тиiс. Көрсетiлген түгендеу кәртешкесiне мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiр берiледi.