Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, 2010 жылғы 2 сәуірдегі "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы", "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.06.2018 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Мыналар:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары – республикалық меншікке;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 372 қаулысымен.

      4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

      1) тәркіленген мүлікті;

      2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);

      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);

      4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар берген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар);

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған;

      2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған;

      3) олжаларды;

      4) қараусыз қалған жануарларды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;

      6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті);

      7) тәркіленген мүлікті;

      8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.

2. Мүлікті есепке алу және сақтау

      6. Мүлiктi есепке алу:

      1) тиiстi сот актілерi;

      2) нотариус беретiн мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;

      3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;

      4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.

      8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабарлайды.

      Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:

      сот орындаушыларынан – "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;

      мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;

      мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кiтабы (бұдан әрi – есепке алу кiтабы) жүргiзiледi. Есепке алу кiтабына тiзiмдеу актілерi түсуіне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және түзетілмей жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуге, тігілуге және уәкiлеттi органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрiмен бекітілуге тиiс.

      10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбында мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүлікті беру уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Түгендеу карточкасына тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары бір нөмірмен әр ұйымға жеке ашылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.

      12. Мүлікті сақтау 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Негізгі бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Республикалық меншікке (коммуналдық меншікке) айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мүлікті бағалау

      14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14-1. Бағалаушыға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және дұрыс ақпаратты, қажетті түсініктемелерді беруді және бағалау объектісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті тізімдеу актісі бойынша есепке қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен бағалаушы арасында мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 26.06.2018 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.

4. Мүлікті одан әрі пайдалану

      16. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады.

      17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды.

      Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін.

      19. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинаждалған алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады.

      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждалған алтын құймалары етіп аффинаждалған беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

      Аффинаждалған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады.

      Ескерту. Қағида 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады.

      Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.

      21. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кiрiсiне аударады.

      22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді.

      Лотерея билеттерiн, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2016 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      24. Уәкілетті органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттiк қорды құрайды және мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынады.

      Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады.

      Арнайы мемлекеттiк қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      26-1. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

      Тапсырылған сыйлықты беру "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлық құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.

5. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі

      29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

      Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.

      Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) жариялайды.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады.

      Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде тізілім веб-порталы арқылы жүргізіледі.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш күн мерзімде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғалар артықшылықты пайдаланады.

      Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі.

      Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.

      30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда, комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Қорытынды ережелер

      32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде, тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

      35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.

  Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__ ж. "___" _______________ ________________________

      (жасалған күнi) (акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сот орындаушысы

      ____________________________________________________________________

      (әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өкiлi

      ____________________________________________________________________

      (Мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Өкiлi_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiк жауапты уақытша сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Өкiлi_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидасының негiзiнде

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      немесе иесіз деп танылған

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      мүлікті, оның iшiнде

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен орналастырылған, немесе

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)

      нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығының туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзінде аталған мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді

      ____________________________________________________________________

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/c

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6








Жиыны






      Жиыны (жазумен):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бюджетке аударуға жататын жиыны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды.

      Комиссия мүшелерi:

      _________________ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________ ______________ _____________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______ ж. "___" _________ Иесiнiң қолы _____________________

      Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауыстырылуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      ______ ж. "___" _________ _____________(қолы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      * Бұл баған егер мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

  Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

20 __ жылға арналған мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актiлерiн есепке алу кітабы

Р/с

Жазба жүргізілген күн

Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі және күні

Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні)

Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә.

Мүліктің атауы (санаты)

Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге

Мүліктің бағалау құны, теңге

Мүліктің тізімдеу, бағалау және қабылдап алу-беру актісі кімге және қашан жіберілді

Мүлік кімге және қашан берілген не сатылған (шешімінің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні)

Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні

Бюджетке түскен нақты сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12