Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 9 маусымдағы № 49-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 65-1, 210-1 және 272-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә";

      "210-1-бап. Адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға сұрау салу тәртібі";

      "272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы";

      2) 7-бапта:

      24) тармақтағы ", қорғалуға құқығы бар куә" деген сөздер алып тасталсын;

      25) тармақ "күдікті" деген сөзден кейін ", қорғалуға құқығы бар куә" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 55-баптың екінші бөлігінің 6) және 7) тармақтары "қорғаушы" деген сөзден кейін ", жәбiрленушiнiң өкілі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 56-баптың екінші бөлігінде:

      үшінші абзацтың екінші сөйлемі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қорғау тарапының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген мәселені қарау үшін сот отырысын тағайындау, сол бір мәселе бойынша қайта берілген, жаңа дәлелдер қамтылмаған шағымдарды қоспағанда, қорғау тарапы, жәбірленушінің өкілі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасайтын адамдарды тергеу судьясының тыңдауы қажет болған жағдайда міндетті болып табылады.

      Сот отырысы тағайындалған жағдайда оның уақыты мен орны туралы қорғау тарапына, жәбірленушінің өкіліне және прокурорға алдын ала хабарланады.";

      5) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:

      "65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә

      1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.

      2. Қорғалуға құқығы бар куәнің:

      1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қорғалуға құқығы бар куәнің мәртебесі туралы түсіндірме алуға;

      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;

      4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;

      5) айғақтар беруден бас тартуға;

      6) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірілген адамдары арқылы қорғаушы ретінде адвокат шақыруға;

      7) қорғаушысының қатысуымен айғақтар беруге;

      8) ана тiлiнде немесе өзi білетін тiлде айғақтар беруге;

      9) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

      10) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;

      11) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын, сондай-ақ оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;

      12) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;

      13) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

      14) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

      15) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;

      16) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.

      3. Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

      4. Осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға немесе куәландырылуға тартуға болмайды.

      5. Қорғалуға құқығы бар куәге қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.";

      6) 68-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өтініші бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны адвокаттардың кәсіптік ұйымына қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жіберу арқылы қамтамасыз етеді.";

      7) 70-бапта:

      екінші бөлікте:

      3) тармақ "алуға қатысуға" деген сөздерден кейін ", күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:

      адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арызбен, хабармен;

      осындай арызда, хабарда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, оларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы баянатпен;

      қорғаудағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;

      бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдындағы өтінішхатпен танысуға құқылы.

      Өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;

      тергеу, жедел-тергеу тобын құру;

      қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;

      оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;

      азаматтық талапкер деп тану;

      күдікті деп тану;

      күдіктінің іс-әрекетін саралау;

      бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;

      қорытынды беру үшін маманды тарту;

      сот сараптамасын тағайындау;

      мүлікке тыйым салуды қолдану;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;

      тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;

      қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;

      тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;

      тергеу экспериментін жүргізу;

      сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулыларының көшірмелерін ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан алуға құқылы.

      Сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:

      маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;

      тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.

      Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;";

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.";

      8) 78-бапта:

      бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;

      жетінші бөліктегі ", оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә," деген сөздер алып тасталсын;

      сегізінші бөліктегі ", сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда қорғалуға құқығы бар куәға" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 112-баптың үшінші бөлігі "күдіктінің," деген сөзден кейін "қорғалуға құқығы бар куәнің," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 122-баптың үшінші бөлігінде:

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сот сараптамасы органына не осы Кодекстің 273-бабы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында аталғандардың арасындағы адамға шарттық негізде сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салу жіберу;";

      4) тармақтағы "тарту;" деген сөз "тарту арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Маманды шарттық негізде тартқан кезде қорғаушы, жәбірленушінің өкілі оның осы Кодекстің 80-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420 және 423-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықты қолхат ресімдей отырып түсіндіреді.

      Көрсетілген қолхат бір тәулік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс материалдарына қоса тіркеу үшін жіберіледі;";

      5) тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      11) 126-бапта:

      бірінші және екінші бөліктер "Қылмыстық процесті жүргізетін орган" деген сөздерден кейін ", қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік "хаттамасында" деген сөзден кейін ", ал қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың оларды пайдалануы сұрау салу актісінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "159-бап. Ақшалай өндіріп алу

      Осы Кодекстiң 65-1, 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 144, 156 және 165-баптарында көзделген процестік мiндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртiп бұзғаны үшiн, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәге, жәбiрленушiге, куәге, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.";

      13) 201-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Мыналар:

      1) осы Кодексте көзделген тәртіппен процеске қатысушылардан шығатын сұрау салуларда, өтінішхаттарда, арыздарда, шағымдарда және өзге де процестік құжаттарда баяндалған қылмыстық іс бойынша мәліметтерді беру;

      2) қылмыстық іс бойынша мәліметтерді оған қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, шарттық негізде сарапшы, маман ретінде қатысуға тартылатын адамға, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылықпен таныстырылған және тиісті қолхат ресімделе отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не прокурордың келісуінсіз көрсетілген мәліметтерді жария етпеу туралы жазбаша міндеттемені берген жағдайда, беру сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайды;";

      14) мынадай мазмұндағы 210-1-баппен толықтырылсын:

      "210-1-бап. Адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға сұрау салу тәртібі

      1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі ретінде іске қатысатын адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамның ерікті келісімі негізінде оған сұрау салу жүргізуге құқылы.

      2. Сұрау салуды жүргізу алдында адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға:

      1) адвокатқа мәжбүрлеусіз ерікті түрде түсініктер беру, оның ішінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзін, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға алып келуі мүмкін түсініктер беруден бас тарту құқығын;

      2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде түсініктер беру құқығын;

      3) сұрау салу актісінде түсініктерді өз қолымен жазу құқығын;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және прокурордың келісуінсіз, қылмыстық іс бойынша адвокаттан өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіндігін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылық туралы түсіндіруге міндетті.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерден кейін адвокат сұрау салынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі болғанның барлығын айтып беруді және сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Осылайша алынған түсініктер және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіру сұрау салу актісінде бекітіледі, ол міндетті түрде сұрау салынған адамға оқу үшін көрсетіледі және оның қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүргізген адвокаттың қолтаңбасымен куәландырылады.

      4. Сұрау салу барысы мен нәтижелері жазбаша түрде не электрондық жеткізгіште көрсетіледі, олар адвокаттың өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен қылмыстық іске қоса тіркелуге жатады.

      5. Сұрау салуды жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Мұндай жазба үшін қолданылған техникалық құралдар туралы мәліметтер сұрау салу актісінде міндетті түрде көрсетілуге жатады.";

      15) 214-1-баптың бірінші бөлігіндегі "78-бабының алтыншы бөлігінде" деген сөздер "65-1-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 217-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "адвокаты," деген сөзден кейін "сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "адвокатына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші және екінші абзацтары "адвокатының,", "қорғаушының," деген сөздерден кейін тиісінше "жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың,", "жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың," деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 271-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтары және ескертпесі "күдіктінің", "күдіктіге" деген сөздерден кейін тиісінше ", қорғалуға құқығы бар куәнің", ", қорғалуға құқығы бар куәге" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 272-бапта:

      жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;

      он екінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Кодекстің 272-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, сараптамаға тартылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді.";

      19) мынадай мазмұндағы 272-1-баппен толықтырылсын:

      "272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы

      1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сот сараптамасын жүргізу қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектілерін талап ету қажет болмаған жағдайда жүргізіледі.

      2. Сұрау салуда: адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нөмірі, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптама түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; ол сот сараптамасын жүргізуді тапсыруға ниет білдірген сот сараптамасы органының, ұйымының атауы және (немесе) адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.

      3. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуын жіберу туралы қылмыстық процесті жүргізетін адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексереді, сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қосымша сұрақтар жібереді.

      4. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат сарапшыға сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды және сараптама объектілерін табыс етеді, оған осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді және қолхат ала отырып, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

      Көрсетілген қолхат қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың хаты негізінде қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Сарапшының арыздары, өтінішхаттары және оларды қабылдамау уәждері де осылайша қоса тіркеледі.

      5. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде берілген сарапшы қорытындысы екі данада жасалады, оның біреуі – қылмыстық процесті жүргізетін адамға, екіншісі сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салудың бастамашысына жіберіледі.

      6. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Шығыстарды өтеу өзінің мүдделерінде сот сараптамасы жүргізілген адамға жүктеледі.";

      20) 362-бапта:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 112-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайлардың болуына байланысты дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану туралы өтінішхат мәлімделгенінен кейін тікелей шешіледі. Қалған жағдайларда ол сот тергеуі барысында да, үкімнің қаулысымен бір мезгілде кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін де шешілуі мүмкін. Өтінішхат бойынша сот шешімі осы Кодекстің 99-бабында көзделген тәртіппен ресімделеді.";

      үшінші бөлік "тыңдағаннан кейін" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

      10-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білікті заң көмегін, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақтарында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ өзге де түрде алуға;".

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      112-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Адамды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы сот ұйғарымы жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында азаматтық істі қарайтын соттың орналасқан жеріндегі аумақтық адвокаттар алқасына дереу жіберіледі, ол сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.".

      4. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заң көмегін көрсету үшін қажетті нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден алуды адвокаттар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында адвокаттық сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырады.";

      2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық нотариаттық палатаға сенімгерлік басқаруға беріледі.";

      3) 15-баптың 4-тармағының төртінші бөлігіндегі "аумақтық әділет органына" деген сөздер "аумақтық нотариаттық палатаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде – аумақтық әділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға;";

      5) 22-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нотариаттық әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды мемлекеттік нотариус үшін – аумақтық әділет органы, жекеше нотариус үшін аумақтық нотариаттық палата жүргізеді.";

      6) 26-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "бір мерзімнен" деген сөздер "қатарынан екі мерзімнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жекеше нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды беруді жүргізеді;

      14) жекеше нотариустар мөрлерінің бедерлері мен қолтаңбаларының үлгілерін аумақтық әділет органына жібереді.";

      8) 29-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі "бір мерзімнен" деген сөздер "қатарынан екі мерзімнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 33-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы "сәйкес" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.

      5. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      17-баптың 2-тармағы "адвокаттық кеңселер" деген сөздерден кейін ", Республикалық заң консультанттары алқасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-5) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;".

      7. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 1-1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына сенімгерлік басқаруға беріледі.".

      8. "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақшаның екінші абзацында:

      "120 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде)" деген сөздер "120 (3-1-бөлігінің 1-тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "121 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде)" деген сөздер "121 (3-1-бөлігінің 1) тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацындағы "3-2-бөлігінің 2) тармағында," деген сөздер алып тасталсын.

      9. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптың 2-тармағындағы "кодекстерінде" деген сөз "заңнамасында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 17-баптағы "келісім" деген сөз "заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "мүгедектерге;" деген сөз "мүгедектерге көрсетілуі мүмкін." деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 24-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық адвокаттар алқасына және Республикалық заң консультанттары алқасына сенімгерлік басқаруға беріледі.";

      5) 28-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы уәкілетті органмен келісу бойынша, Республикалық адвокаттар алқасы айқындаған тәртіппен заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін адвокатты таңдау заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық адвокаттар алқасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін орналастырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Адвокаттар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есепті заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады.

      Есеп нысанын Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі "кешіктірмей" деген сөзден кейін ", заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам адвокат бола алмайды.

      Мыналар:

      қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам – шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы;

      әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы;

      теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам – шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.";

      7) 33-бапта:

      2-тармақтағы "Адвокат" деген сөз "Осы Заңның 63-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, адвокат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы ", процестік заңға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      8) тармақшадағы "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Адвокаттың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларынан басқа ретте, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақы төленетін лауазымда болуына тыйым салынады.

      Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес.

      Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.";

      8) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі "сақтанушының" деген сөзден кейін "(сақтандырылғанның)" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 38-баптың 4-тармағының екінші бөлігі "шешім" деген сөзден кейін "өтініш берушінің өтініші адвокаттар алқасының төралқасына келіп түскен күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 44-баптың 4-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмаған;";

      4) тармақшадағы "адвокаттың" деген сөз "лицензиаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 45-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "және анықтамалар" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы әзірлейді және бекітеді.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылуына немесе оның қолданысының тоқтатылуына, сондай-ақ қолданысының тоқтатыла тұруына байланысты адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін өзі мүшесі болған адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті.";

      13) 54-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар" деген сөздер "адвокаттар не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар жастар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.

      Дәл сол бір адамдар адвокаттар алқасының төралқасында қатарынан екі мерзімнен артық бола алмайды.";

      15) 56-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "бір мерзімнен" деген сөздер "қатарынан екі мерзімнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 57-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:

      "58-1-бап. Адвокаттар тізілімі

      1. Республикалық адвокаттар алқасы заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде адвокаттар тізілімін қалыптастырады.

      2. Адвокаттар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні;

      2) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына мүше болу күні;

      4) адвокаттық қызмет ұйымының адвокат таңдаған нысаны, заңды мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері;

      5) адвокатқа қатысты тәртіптік жазалау шараларының болуы немесе болмауы;

      6) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру күні мен негіздері;

      7) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату күні мен негіздері;

      8) адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру не тоқтату күні мен негіздері.

      3. Адвокат Республикалық адвокаттар алқасын адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпаратты өзгертуге алып келетін кез келген оқиғалардың басталғаны туралы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат жіберу арқылы осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында қол жеткізу шектелген мәліметтерді қоспағанда, адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.";

      18) 61-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "алқасының" деген сөзден кейін "және Республикалық адвокаттар алқасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 63-баптың 7-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң көмегін көрсету туралы шартты адвокаттық кеңсе өз атынан, соған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерінде жасасады.";

      20) 65-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар тізілімін жаңартылған күйде жүргізеді.";

      21) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Республикалық алқаның жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.";

      22) 67-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 20) және 21) тармақшалары алып тасталсын;

      23) 68-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9) және 18-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) заң көмегін көрсету стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      18-2) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      18-3) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекітеді;

      18-4) адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-5) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      18-6) адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      18-7) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;

      18-8) адвокаттық сұрау салудың нысанын, оны ресімдеу және жіберу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      18-9) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;

      18-10) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;";

      24) 70-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25) 72-бапта:

      1-тармақтың жетінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тәртіптік істі адвокаттардың тәртіптік комиссиясы бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тәртіптік іс жүргізу адвокат еңбекке уақытша жарамсыз болған және ол іссапарда болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі тәртіптік істі қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.";

      4-тармақтағы "деректердің" деген сөз "негіздердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне осы шешім жария етілген кезден бастап үш ай ішінде адвокатураның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.";

      26) 73-баптың 1-тармағының жетінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 5-тарау мынадай мазмұндағы 76-1, 77-1 және 77-2-баптармен толықтырылсын:

      "76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, заң консультантының құқықтары шектелмеуге тиіс. Заң консультантының заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.

      2. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар заң консультантының заң көмегін көрсетуіне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге міндетті.

      Егер ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылған жағдайда, заң консультантына сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.

      3. Заң консультантының қабылданған тапсырманы орындау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарда заң көмегін көрсетуге қажетті компьютерлерді, смартфондарды және өзге де техникалық құралдарды Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар.";

      "77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері

      1. Заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін.

      2. Заң консультантының көмекшілері еңбек шарты негізінде жұмыс істей алады.

      Заң консультанттарының көмекшілері заң консультантының нұсқауы бойынша және жауапкершілігімен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.

      77-2-бап. Заң консультантының құпиясы

      1. Заң консультантына жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да адамдармен ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүддесінде қабылданатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер заң консультантының құпиясын құрайды.

      2. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультантының мәртебесінен айырылған адам заң көмегін көрсетуге байланысты және (немесе) өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға құқылы емес.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпарат ұсыну заң консультантының құпиясын жария ету болып табылмайды.

      5. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.

      6. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультанты мәртебесінен айырылған адам кәсіптік құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.";

      28) 78-баптың 1-тармағындағы "елу" деген сөз "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:

      "78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы

      1. Республикалық заң консультанттары алқасы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және өзінің мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым.

      Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады.

      2. Мыналар:

      1) жоғары басқару органы – заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі;

      2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы – төраға басқаратын басқарма;

      3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады.

      3. Республикалық заң консультанттары алқасы:

      1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді;

      3) заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

      4. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте дәл сол бір адам алқа төрағасының лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.

      5. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының өкілеттіктері алқаның жарғысында айқындалады.

      6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары жүзеге асыратын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      7. Республикалық заң консультанттары алқасының басқармасы барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын, Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті жасайды және оны Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.

      8. Республикалық заң консультанттары алқасының ревизиялық комиссиясы (ревизоры) Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексеруді жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.";

      30) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары

      Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді.

      Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде заң консультанттары және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам кәсіптік қызметті жүзеге асырмаған заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.

      Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.

      Кіру жарналарына тыйым салынады.".

      2-бап.

      1. Осы Заң 2021 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген заң консультанттары палаталары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заң талаптарына сәйкес келтіреді.

      3. Заң консультанттарының палаталары осы баптың 2-тармағының талабын орындамаған жағдайда заң консультанттары палаталарының тізілімінен алып тасталуға тиіс.

      4. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 22) тармақшасының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "22) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының жалпы мұқтаждықтарына аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындау жатады, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір адвокат үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

      Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері есептелмейді. Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі;".

      5. Осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 29) тармақшасы он алтыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындайды, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір заң консультанты үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

      Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ