ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
"төлем ұйымын" деген сөздерден кейін ", микроқаржы ұйымын" деген сөздермен толықтырылсын;
"төлем жүйелері" деген сөздерден кейін ", микроқаржылық қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 91-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында айқындалады.";
4) 136-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облигация – шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы және облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк баламасымен номиналды құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.";
5) 292-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мiндеттеменi орындау Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, борышкердің мүлкiн ұстап қалумен, кепілгерлікпен, кепiлдiкпен, кепiлпұлмен, кепілдік жарнамен, қамтамасыз ету ақысымен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.";
6) 18-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:
"8-параграф. Қамтамасыз ету ақысы
338-5-бап. Қамтамасыз ету ақысы ұғымы
Шарт бұзылған жағдайда ақшалай міндеттеме, оның ішінде залалды өтеу немесе тұрақсыздық айыбын төлеу міндеті тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің белгілі бір ақшалай соманы (қамтамасыз ету ақысын) екінші тараптың меншігіне беруімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Қамтамасыз ету ақысы болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз етуі мүмкін.
338-6-бап. Міндеттемені қамтамасыз ету ақысымен орындау
1. Шартта көзделген мән-жайлар басталған кезде қамтамасыз ету ақысының сомасы тиісті міндеттемені орындау есебіне есепке жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар шартта көзделген мерзімде басталмаған немесе қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтатылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысы бұрын қамтамасыз ету ақысын берген тұлғаның меншігіне қайтарылуға жатады.
3. Белгілі бір мән-жайлар басталған кезде тиісті тараптың қамтамасыз ету ақысын қосымша енгізу немесе ішінара қайтару міндеті шартта көзделуі мүмкін.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысының сомасына сыйақы (мүдде) есепке жазылмайды.
5. Егер бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары және (немесе) шығу белгілерімен айқындалған заттар қамтамасыз ету есебіне меншікке берілген жағдайларда да қамтамасыз ету ақысы туралы қағидалар қолданылады.".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 25-тарау мынадай мазмұндағы 7-параграфпен толықтырылсын:
"7-параграф. Репо операциясы
500-1-бап. Репо операциясы ұғымы
Репо операциясы – екі бөліктен тұратын шарт, оған сәйкес:
1) бір тарап (репо сатушысы) шартта белгіленген мерзімде екінші тараптың (репо сатып алушысының) меншігіне бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беруге міндеттенеді, ал репо сатып алушысы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге (репо ашу) міндеттенеді;
2) репо сатып алушысы шартта белгіленген мерзімде репо сатушысының меншігіне бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беруге міндеттенеді, ал репо сатушысы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге (репо жабу) міндеттенеді.
500-2-бап. Репо операциясының ерекшеліктері
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, репо ашу және репо жабу нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұқсас (бір шығарылымдағы) болуға тиіс.
2. Егер репо операцияларының мәніне қайшы келмесе, репо операцияларына сатып алу-сату туралы жалпы ережелер қолданылады.
3. Репо операцияларын жасау жөніндегі ерекшеліктер және (немесе) шектеулер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленуі мүмкін.";
2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;";
3) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;";
4) 806-баптың 5-тармағы "жасасу" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "алынған кірістерді (шеккен залалдарды)" деген сөздер "алынған (шеккен) кірістерді (шығыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 820-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "шарттары" деген сөзден кейін "және сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарында мерзімдік төлемдер нысанында төлемдерді жүзеге асыру көзделген өмірді сақтандыру шарттары" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 830-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мақсаттарда;";
8) 839-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және бас тарту себептерінің уәждеп негізделіп және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере келе, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар етіліп, жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.
8. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына сақтандыру омбудсманы дауды реттеу тәртібін сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және шарттарда сотқа шағым жасалуы мүмкін.";
9) 841-бапта:
1-1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы "Сақтанушы сақтандыру шартын", "бұзуға" деген сөздер тиісінше "Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру шартынан", "бас тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 842-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайларға байланысты болмаса, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары, егер шартта өзгеше көзделмесе, қайтарылуға жатпайды.
Сақтанушы-жеке тұлға, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шартын қоспағанда, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.
Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.";
11) 891-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің 892-бабының 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенiп тапсырылған мүлiкке меншiк құқығының ауысуы мүлiктi сенiмгерлiк басқаруды тоқтатпайды.";
12) 892-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiк басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының (мүлік меншік иесінің немесе мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге уәкілеттік берілген құзыретті органның) шоты бойынша көрсетiлуге жатады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Сенiмгерлiк басқаруға берілген акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуы, егер акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару шартында және (немесе) иеліктен шығару шартында өзгеше көзделмесе, осы бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтатады.
Акциялар мен бағалы қағаздарға меншік құқығы ауысқан жағдайда, акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару құрылтайшысына қатысты белгіленген осы тараудың талаптары сенімгерлік басқарудағы акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жаңа меншік иесіне қолданылады.".
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы "ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
94-баптың 1-тармағының 6-2) тармақшасындағы "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған және "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар" деген сөздер "жасыл" облигациялар, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылғандар және "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілгендер" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға жол берілмейді.";
2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;";
2) 15-бапта:
екінші бөлікте:
13) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары белгіленетін, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;";
"50) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;";
75) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші бөліктің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдардың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді;";
3) мынадай мазмұндағы 69-1-баппен толықтырылсын:
"69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім
Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).".
7. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымдарын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп қосымша ұсынылады.".
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 1-баптың 2-тармағы "тіркеумен" деген сөзден кейін "(қайта тіркеумен)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацта:
"қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде, банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, төлем ұйымдары мәртебесі бар қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған" деген сөздер "акцияларға және жарғылық капиталға қатысу үлестеріне ие болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
"жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);";
2) тармақша тоғызыншы абзацындағы "ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды." деген сөздер "ұйымдарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
"жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарында және 2) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарында белгіленген талаптар уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде банктер мен банк холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылады.";
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
"қамтамасыз етілімді өткізумен" деген сөздер "қамтылымды немесе қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеумен, өткізумен және қолдап отырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асыруға болатын кезде, банк жүйелері, бағдарламалары, инфрақұрылымы пайдаланыла отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу және оларға қашықтан ақы төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, қызмет көрсету сервисін ұсыну арқылы төлеуші мен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында делдалдық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырумен;";
4) 11-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құруды немесе олардың капиталына қатысуды қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларға ие болуға, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы;";
9) тармақшадағы "сақтамау негіздер болып табылады." деген сөздер "сақтамау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қойылатын осы Заңның талаптарын банктің, банк холдингінің сақтамауы;
11) уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде банктің және (немесе) банк холдингінің залал шеккен қызметі негіздер болып табылады.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк ашуға рұқсаттар алу шеңберінде берілген еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.";
11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банкке немесе банк холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:
"13-1. Уәкілетті орган:
1) еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметі қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу нысанында) немесе таратылу жолымен тоқтатылған;
3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банкте және (немесе) банк холдингінде ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған;
5) осы Заңның 17-1-бабы 18-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес банк холдингінің мәртебесіне ие болуға уәкілетті орган берген келісімнің күші жойылған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган банктің, банк холдингінің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттармен қоса берілген өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жоюға негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті органның банк холдингі мәртебесіне ие болуға берілген келісімінің күші жойылған күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
13-2. Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, банк және (немесе) банк холдингі осындай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардың өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынастары жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
5) 13-бапта:
1-тармақта:
"мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi" деген сөздер алып тасталып, "белгіленеді" деген сөз "айқындалады" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.";
3-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.";
6) 13-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 13) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.";
7) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тiркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиiс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алуға өтініш берілгенге дейін осы Заңның 42-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын сақтау ескеріле отырып, микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы есебінен қалыптастырылады.";
8) 16-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарт сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттан бөлек, мынадай қосымша шарттарды сақтауға міндетті:
1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелері осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдалған жағдайда, осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырған кезінде ұйымға қолданылмайды.
4. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырған Қазақстан Республикасының резидент-банкі уәкілетті органды "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы хабардар етеді.";
9) 17-1-бапта:
9-тармақтың бірінші бөлігінің он үшінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;";
"ірі қатысушы-заңды тұлғалар және қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк холдингтері бойынша – уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы;";
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.";
10) 19-баптың 3-тармағында:
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты, жарғы) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері қоса берілуге тиiс.";
10) тармақша алып тасталсын;
11) 20-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады.";
екінші бөліктегі "бас бухгалтерін қоспағанда, банктің" деген сөздер алып тасталсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында басшы қызметкердің лауазымын атқаруға құқылы емес.";
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сай келмейтін;";
4) тармақшаның бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі)-заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (олар тағайындала (сайлана) алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам да банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды);";
6) тармақшадағы "қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды" деген сөздер "қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы сондай болған адам болып табылатын адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды).";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Банктің тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты жұмыс, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының мүшесі осы банктің тәуелсіз директоры лауазымын қатарынан он жылдан аса атқаруға құқылы емес.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы басшы қызметкерінің;
2) қызметі қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты, қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;
4) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін өзге басшысының лауазымы түсініледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің басқару органының мүшесі өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Банк холдингі мәртебесін алған тұлғаның басшы қызметкерлері заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде тұлға банк холдингі белгілеріне ие болған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге арналған құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, банк осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің атқарушы органының басшысы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы), банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) бас бухгалтері басқа банктерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатындарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары), бас бухгалтер лауазымын атқаруға құқылы емес.
Егер банктер бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болып табылса, көрсетілген шектеу қолданылмайды.
Банктің атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару банктің атқарушы органының мүшесіне күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың банктің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған кезде алмастыруына) тыйым салынады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкер лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде тоқтата тұрады. Осы мерзім уәжді пайымдау жобасы банкке немесе банктің басшы қызметкеріне немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидатқа жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті органмен келісілген, банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алынған кезден бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуға (сайлануға) құқылы.
Банктің уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкері, осы тармақтың он үшінші бөлігінде көзделген жағдайды және уәкілетті органның осы баптың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуын қоспағанда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы немесе өзге банктегі ұқсас басшы қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Тәуелсіз директор лауазымына уәкілетті органмен келісілген банктің басқару органының мүшесі осы бапта және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы банктің ғана тәуелсіз директоры болып қайта сайлана алады.
Егер көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін банк уәкілетті органға банктің осы басшы қызметкерінің тағайындалғаны (сайланғаны) туралы хабарламаны ұсынбаса, банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) бұрын берілген келісім жарамсыз деп есептеледі.";
бірінші бөлікте:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) банктің басшы қызметкерлерінің және банктің басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижелері болып табылады:
кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім өткенге дейін кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) банктің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймауы немесе банктің, банк холдингінің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген, уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) кандидатты банктің басшы қызметкері лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган банктің басқару органының мүшесін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не оның өкілеттігі көрсетілген келісім берілгенге дейін тоқтатылған немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмаған жағдайда, осы адам осы банктің басқару органы мүшесінің лауазымына, тиісінше, өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті органның бас тартуын алғаннан, өзінің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органды басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Банктің басшы қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осындай ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес уәкілетті органның уәжді пайымдауды қалыптастыруы мен пайдалануына негіз болатын жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган банкке банктің басшы қызметкеріне қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Өзіне қатысты уәжді пайымдау қалыптастырылатын адам уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін өз міндеттеріне кірісуге құқылы емес.
Осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:
1) осы адамды келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті орган оны осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін уәкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін;
2) банктің басқару органының мүшесі уәкілетті орган оны осы банкте сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін банктің басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін.";
бірінші бөлік 5) тармақшасындағы "болу негіздері бойынша кері қайтарып алады." деген сөздер "болу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмау негіздері бойынша кері қайтарып алады.";
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Банк:
1) уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) тәртібін бұзған жағдайларда, банктің басшы қызметкерімен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырсын:
"Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған банктің директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі банк және (немесе) банк холдингі осы бас тартуды алған кезден бастап тоқтатылады.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Банк холдингінің басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.";
12) 21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке немесе заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке қосымша тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін – банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасы резидент-банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін – банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса беруге міндетті.";
5) 24-баптың 1-тармағының г-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;";
14) 25-бапта:
тақырып ", микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді Корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы өзі мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.";
15) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге және уәкілетті органға банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.
Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) өтініш беруші жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
2-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар;
2) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер.
2-3. Уәкілетті орган "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.";
4-тармақ алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.";
16) 27-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
17) 29-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе жұмыс істеп тұрған банк филиалының қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайту туралы банк шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның немесе соттың банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, филиалдардың қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайтудың міндетті шарты болып табылады.";
8-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, банк филиалы үй-жайларының саны азайған немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, банк филиалы үй-жайларының санын азайту немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жерін өзгерту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, оның үй-жайларының саны азайған немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы үй-жайларының санын азайту немесе олардың орналасқан жерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуге алып келмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорация өтінішті (электрондық хабарламаны) және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы құжаттарды қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты және өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.";
18) 30-баптың 11-тармағында:
бірінші бөліктің 9) тармақшасындағы "және өзге де қаржы құралдарын" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
19) 32-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, жүргізілетін банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.
7. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің, талаптарды қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салынады.";
20) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы Заңның 46-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 2), 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларының, 47-1-бабының 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 48-1-бабы 1 және 7-тармақтарының, 59-3-бабы 5 және 7-тармақтарының, 61-6-бабы 3-тармағының, 61-8-бабы 4-тармағының, 61-9-бабы 2 және 3-тармақтарының, 61-10-бабы 1-тармағының, 61-11-бабының 13-тармағы 1) тармақшасының, 61-12-бабы 4-тармағының, 61-13-бабы 2-тармағының, 65-бабы 2-тармағының, 73-бабы 1 және 4-1-тармақтарының және 74-3-бабы 5-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісім тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";
21) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны," деген сөздерден кейін "инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны," деген сөздермен толықтырылсын;
22) 40-2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұрын уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы қызметкері болып табылған адам ұсынылмайды. Осы талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.";
23) 45-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға қадағалап ден қою шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттетуге құқылы.
Атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы ақпаратты уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның атына жібереді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға атқарушы органның бірінші басшысын немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы уәкілетті органның шешімін алған кезден бастап алқалы органның шеттетілген адам қатысқан барлық шешімдерін жарамсыз деп есептейді.";
24) 46-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) осы Заңның 20-бабында және уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;";
25) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;";
26) 57-бапта:
1-1-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу банктер (барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері үшін міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмелері мен аудиторлық ұйымның ұсынымдарын банктер, банк холдингтері осы құжаттарды алған немесе олар банктерге, банк холдингтеріне ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға тиіс.";
"Банк холдингінің және банк холдингі ірі мөлшерде қатысатын банктің аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Ірі қатысушысы банк болып табылатын Қазақстан Республикасы резидент-ұйымдарының аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.";
5-тармақ алып тасталсын;
7-1-тармақтағы "5," деген цифр алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші, екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйым, банк холдингі аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Банк, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйым, банк холдингі аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті орган алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.";
"Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ банктік және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымның, банк холдингінің қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.";
27) 61-6-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органның банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы шешімінде көрсетілген күннен бастап:
1) банк пайданы бөлу, дивидендтерді төлеу, ірі қатысушылар және (немесе) банк холдингтері алдында кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ жалақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдер қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға құқылы емес;
2) осы Заңға сәйкес алынған ірі қатысушы және (немесе) банк холдингі мәртебесі жоқ акционерлер банк акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беруге қатысуға құқылы емес. Қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлердің жалпы жиналысына банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесі бар барлық акционерлер (акционерлердің өкілдері) қатысқан жағдайда кворум сақталған болып табылады.";
28) 61-13-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін алты ай ішінде банктің қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;
банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін бір ай ішінде тараптарды ауыстыру жүзеге асырылған;
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға;
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан банк айырылған күнге дейін алты ай ішінде банктің қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлға тараптарды ауыстыруды жүзеге асырған (әмбебеп құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.
6. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы, нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапының қайта есептеуіне жатады.";
29) 74-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi.
Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді.
Тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.";
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Банктің тарату конкурстық массасына бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету ақысы банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін енгізілмейді.";
30) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;".
9. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну.
Осы тармақшада көрсетілген мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында өзіне қатысты осы мәліметтер берілетін тұлғаның "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде беріледі.".
10. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері;".
11. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 13, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 62, 63, 65, 68, 69, 71, 72, 73, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 18, 18-1, 19, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 54-1, 55-2, 56, 72-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Ұлттық Банктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.";
2) 3-бапта:
1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2) актуарийдің кәсіби пайымы – актуарийдің кәсіби даярлығына, біліміне және актуарлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген пайымы;
1-3) актуарийлер бірлестігі – актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;";
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-4) андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;";
18-4) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы – қатысушылары арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарт негізінде сақтандырудың жекелеген сыныбы, түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;";
"22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелері туындауының ықтималдығы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімдері өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;";
24) тармақша "ұйымы" деген сөзден кейін "(сақтандырушы)" деген сөзбен толықтырылсын;
29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге орай әсер етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда). Ұлттық басқарушы холдинг ірі акционері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларына:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;
көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.";
3) 5-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы;";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;
3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.";
4) 6-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмiрдi сақтандыру;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру;
3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмiрдi сақтандыру;
4) зейнетақы аннуитеттін сақтандыру.";
3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.
Жүктелген сақтандыру осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тараптардың келісімі бойынша жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін.";
5) 7-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өмiрдi сақтандыру, осы баптың 2-3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi аяқталғанға дейiн не сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығын білдіреді.
2. Аннуитеттiк сақтандыру, осы баптың 2-4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрiнде мерзімді сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығын білдіреді.";
мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
"2-3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.
2-4. Зейнетақы аннуитетін сақтандыру "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жазатайым оқиғадан сақтандыру, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым оқиға, кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған, еңбекке жарамдылығын (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан (толық немесе iшiнара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда сақтандырылушының шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемақы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығын білдіреді.";
4, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ауырған жағдайда сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты шығыстарын, оның ішінде ауруы және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемақы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығын білдіреді.";
"9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан, залалды өтеуге міндетті сақтанушы келтірген залалдың орнын ішінара немесе толық толтыру мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы-заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредитордың залалдары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.";
6) 8-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, "өмірді сақтандыру" саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.";
7) 9-бапта:
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.";
"6. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы) уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы тәуекелдерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға орналастыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру уәкілетті орган мен "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде жүзеге асырылады.";
11-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті не "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылар не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруіне тыйым салынады.";
8) 10-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын білуге емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат беру;";
9) 11-бапта:
2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;";
3-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледi.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.";
5-тармақ алып тасталсын;
10) 11-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін айқындау тәртібін;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерінің және (немесе) оның басшы қызметкерінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болмауға;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, уәкілетті органның актуарлық қызметке арналған жарамды лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.";
11) 12-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде дербес басқаруға және (немесе) оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары меншікті қаражаты мен сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарты бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оны (оларды) инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.";
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге сақтандыру ұйымының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда да жол берілмейді.
5-2. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шарттарда, әдістеме бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
5-3. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді, сақтандыру ұйымын ерікті түрде, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
6-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 13-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің атауы;";
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттікті қоса алғанда, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттігі;
6-2) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары арасында ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сондай-ақ жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақылары бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокері арасында шарттары бірлескен қызмет туралы шартта белгіленетін келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.
Сақтандыру брокерінің қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан кезде сақтандыру брокері жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген функцияларын жүзеге асырады.";
13) 15-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "құны" деген сөзден кейін "не бағалау туралы есепте көрсетілген құны (нарықтық құны болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы үлгілік шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бұрын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас мәмілелерге қолданылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.";
14) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-2-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру ұйымы мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын және (немесе) ақпараттық жүйесін дерекқормен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру ұйымының және тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында сақтандыру ұйымының электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
3. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағына және 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдаланған кезде:
1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түрінде хабарламаның дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының электрондық нысанда және сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының):
сақтандыру шартын жасасуға және өзгертуге;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар етуге;
келтірілген зиян мөлшерін айқындауға;
сақтандыру төлемін алуға;
осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сақтандыру омбудсманына келіспеушіліктердің бар екендігі туралы ақпарат жіберу үшін сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыру кезінде дербес деректерді қорғауды;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өтуі туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді.
5. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалған кезде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандыру шарты жасалды деп есептеледі.
6. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сақтандырудың үлгілік шарттарымен не сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, осы арқылы сақтандыру шартын өзіне ұсынылған шарттармен жасасуға келісетінін растайды.
7. Міндетті сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру агенттерінің қызметіне жол берілмейді.";
15) 16-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы "мәжбүрлеп" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ 14) тармақшасындағы "ақпарат орналастырылады." деген сөздер "ақпарат;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) сақтандыру ұйымы бекіткен сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері туралы ақпарат орналастырылады.";
2-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
16) 16-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыра алмайды.";
17) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру брокерінің қызметі айрықша қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.
Сақтандыру брокерінің:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқаруға байланысты қызметті қоспағанда, сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруына;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуына;
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде тәуекелдерді қайта сақтандыруға беруіне;
4) қызметкерлер мен үлестес тұлғаларға алғашқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруіне;
5) сақтандыру брокерінің қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек беруіне тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Сақтандыру брокерінің осы баптың 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақысы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың төлеуіне жатады.";
18) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентін қоспағанда, сақтандыру агенті объектісі сақтандыру агентінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер болып табылатын, үшінші тұлғалар алдындағы өзінің қолданыстағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты осы сақтандыру агентімен сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы тапсырма шарты жоқ сақтандыру ұйымымен жасалуға тиіс.";
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру;
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Ұлттық Банк сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға жол берілмейді.";
19) 18-1-бапта:
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бұрын уәкілетті орган лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап уәкілетті орган заңды тұлғаны лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату не банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
8) бұрын біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкердің атқарып отырған лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеуі себепті сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасымен еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл бойы қолданылады;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде аталған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.";
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің осы баптың 1-тармағының 2), 6) және 9) тармақшаларының талаптарына сай келуін тексеруге міндетті.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру агенті өзін сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізгеннен кейін үш жылда бір реттен сиретпей сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі ұйымдастырған кәсіби қайта даярлаудан өтеді.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.";
үшінші бөлік алып тасталсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда:
жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті қызметкерінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап бір жыл бойы қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылуға жатады.";
төртінші бөлік алып тасталсын;
20) 18-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;";
21) 19-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің анықтығына және толықтығына жауапты болады.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Актуарийдің кәсіби пайымдауы негізінде актуарлық есептеулер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.
4-2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде пайдаланылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын тексереді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер жөнінде дереу хабарлауға мiндеттi.";
22) 20-баптың 8-тармағының бірінші бөлігіндегі "және аудиторлық ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;
23) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заңнамасында акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мынадай мәселелерді қарауға құзыретi болады:
ішкі аудит қызметі, актуарий, аудиторлық ұйым анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабiлеттілігi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
актуарийді тағайындау және оның өкілеттігін тоқтату, сондай-ақ актуарийдің лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау.";
24) 26-баптың 7-тармағының 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
25) 26-1-баптың 1-тармағының 2) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 34-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтамауы (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);";
"11) бұрын уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде адам ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;";
26) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;";
1-1-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың, сондай-ақ еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісімнің күші жойылды деп есептеледі.";
27) 32-бапта:
6-тармақтың 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 3-тармағы бірінші бөлігі 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;";
"8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және (немесе) ие болу болжанып отырған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері болып табылмайтын еншілес ұйымның қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетін жақсарту бөлігінде қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларының болуы;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты:
1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның еншілес ұйымының қызметі осы Заңның 48-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берген рұқсаттың күшін жоюға:
1) ұйымның тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеліктен шығаруы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды бақылау белгілерінің болмауы;
3) еншілес ұйымның таратылуы негіздер болып табылады.
Уәкілетті органнан бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама алынған күннен кейінгі күннен бастап бұрын берілген рұқсаттың күші жойылды деп есептеледі.";
28) 34-бапта:
бірінші бөліктегі "құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздер "екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағандығы туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.";
бірінші бөліктегі "құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздер "екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында басшы қызметкер лауазымын атқаруға құқылы емес.";
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымын атқару ниеті бар жеке тұлға немесе тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымын:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) басшы лауазымға өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Басшы қызметкерлерге және басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы осындай тұлға болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры бола алмайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік ететін мүшесі лауазымына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басқару органы басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысы мен мүшелерінің, дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.
5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ұсынуы мүмкін.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сай келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымын қайта келісусіз атқаруға құқық береді және мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, сақтандыру брокерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісім алынған немесе одан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындамау (сайламау);
2) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тиісті функцияларды сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқару басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқару атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды алмастыруына) тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өзі аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі келісілген кезде сайланғаннан кейін келісуге құжаттар уәкілетті органға осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
6-2. Уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.";
7-тармақтың бірінші бөлігі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингінің" деген сөздермен толықтырылсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, осы Заңның 16-2-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесінің дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім ішінде басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
4) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
5) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, осы баптың 6-1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
6) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкер не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органды осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
10-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер бойынша кері қайтарып алады:
1) келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;
2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;
3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
4) сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық емес көлемде төлеуі;
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;
6) сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде сақтандыру ұйымының соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы, оның ішінде оны бұрмалауы және (немесе) толық және (немесе) уақтылы ұсынбауы;
8) басшы қызметкерлердің осы бапта, осы Заңның 16-2-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру холдингінде, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері:
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған кезде басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";
12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
29) 37-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-2. Өтініш беруші уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін:
1) барлық ұйымдастырушылық-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу және бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды орындауға;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, ішкі аудит жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;
3) басшы қызметкерлерді келісу жөніндегі талаптарды орындауға;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларының болуын қамтамасыз етуге;
5) штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарийдің болуы;
6) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартын, егер сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген болса, жасасуға;
7) осы Заңның және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен қатысу шартын жасасуға міндетті.
1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар;
3) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бизнес-жоспар сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) ескеріле отырып (сақтандыру ұйымының тұтастай алғандағы қызметі бойынша) жасалады және ол:
1) сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш білдірген күнге осы Заңның 27-бабына сәйкес бұрын ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан аз қалған жағдайда, "жалпы сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін – таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға;
2) сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей өтініш білдірген жағдайда, осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзімнің соңына дейінгі кезеңге әзірленуге тиіс.
Осы Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;
сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, экономикалық негіздемесі бар сақтандыру тарифтерінің есеп-қисабы (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);
3) пайда, залал туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);
4) сақтандыру резервтері туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы және сақтандыру портфелі бойынша);
5) залалдылық болжамы, ең нашар және ең жақсы ахуалдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);
6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);
7) инвестициялық саясат (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша).";
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.
Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде лицензия шешім қабылданған күннен бастап бір жүз сексен күн ішінде қайта ресімделуге жатады.
5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы баптың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган хабардар етілген күннен бастап қолданылады.
Сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға;
3) басқа сақтандыру ұйымында (ұйымдарында) сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға заңнамалық шектеулер болған кезде сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
"5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 5-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының филиалына қатысты осы баптың 5, 5-1, 5-2 және 6-тармақтарында көзделген шешімдерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқару органы қабылдайды.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;";
7-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына берілген, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия сақтандыру ұйымының "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше өзінің қолданысын тоқтата тұрады не тоқтатады.";
8-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру брокерінің брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің жоқ екенін растайтын құжаттар қоса берілген сақтандыру брокерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.";
8-3 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) сақтандыру брокері қатысушылары жалпы жиналысының не акционерлері жалпы жиналысының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері басқару органының) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) уәкілетті органның брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.";
"9. Уәкілетті органның сақтандыру брокерін брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиясынан немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, лицензия берілгені (қайта ресімделгені) үшін лицензиялық алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
12-тармақ "осы баптың" деген сөзден кейін "1-2, 1-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
"14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензия берілген күннен бастап он екі ай ішінде лицензиялық қызметті жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі болмаған кезде ғана жүргізіледі.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтарғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.";
30) 37-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"37-1-бап. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру портфелін беру
1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қайта сақтандыру ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы баптың 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға міндетті.
2. Қайта сақтандыру бойынша лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде (қайта сақтандыру ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана, ол жөнінде қайта сақтанушыны (цедентті) міндетті түрде хабардар ете отырып, беруге міндетті.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарландыруда қарсылықтарды ұсыну тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын ұсыну мерзімі және сақтанушылар (қайта сақтанушылар) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісуі ретінде қаралады.
5. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.";
31) 38-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "қосымша сыныбын" деген сөздерден кейін "және (немесе) қызмет түрін" деген сөздермен толықтырылсын;
32) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
"38-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгертуге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің құрылуына рұқсат беру кезінде ұсынған бизнес-жоспардың мерзімі аяқталғаннан және ол орындалғаннан кейін, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының) акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде жол беріледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту үшін уәкілетті органға өтінішхат мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы) акционерлері жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және сақтандыру саласын өзгерту туралы шешімі (мұндай шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
2) іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін және осы баптың 3-тармағында көзделген рәсімдер бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары.
3. Сақтандыру саласын өзгерту мынадай рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары (түрлері) және қызмет түрлері бойынша сақтандыру портфелін беру не тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын мерзімінен бұрын бұзу;
2) осы Заңның 31-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына не осы Заңның 30-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеге өзгерістер енгізу;
3) сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтінішті және осы Заңның 37-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсыну.
4. Уәкілетті орган сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
5. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезеңі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру саласын өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-шараларды өзіне байланысты емес себептермен сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 37-1 және 72-1-баптарында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін бергенге дейін не оларды мерзімінен бұрын бұзғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жататын сақтандыру сыныптары және қызмет түрлері жөніндегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін не сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын міндеттемелерді орындағанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген кезде осы Заңның 26, 32 және 34-баптарында көзделген келісімдерді және (немесе) рұқсаттарды алу осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгергенге дейін тиісті келісімдері және (немесе) рұқсаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін талап етілмейді.
9. Сақтандыру саласын өзгертуге мынадай:
1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінішхат берілгенге дейін алты ай кезеңінде және оны қарау және іс-шараларды іске асыру кезеңінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаған;
5) осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспарға қарай алынатын сақтандыру сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжанған;
6) осы Заңның 53-3 және 53-4-баптарында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және осы Заңның 53-5-бабына сәйкес санкциялар болған;
7) сақтандыру саласының өзгеруі нәтижесінде сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда жол берілмейді.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзіне бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын (бар болса) қайтаруға міндетті.
11. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары осы баптың 6-тармағына сәйкес оны ұзарту мерзімдері ескеріле отырып орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.";
33) 40-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "2), 3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "2), 2-1) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 43-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 18-1), 18-2), 18-3) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды;";
"18-1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды;
18-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды;
18-3) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді айқындайды;";
"21-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді;";
28), 30), 32) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"28) сақтандыру қызметi субъектiлерiне, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сондай-ақ сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру топтарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына тексеру жүргізеді;";
"30) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;";
"32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;";
"39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындайды;";
41) тармақша алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3) және 46-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"46-1) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды айқындайды;
"46-2) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;
46-3) сақтандыру омбудсманы лауазымына сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сайлайды;
46-4) өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған жағдайда сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;";
35) 46-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 11-1-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлеуге мынадай:
1) егер осындай төлеу:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бір не бірнеше пруденциялық нормативінің бұзылуына;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келетін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған, сондай-ақ осы баптың 4-тармағына сәйкес шаралар қолданбаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін, осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалмауына әсер ететін фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді;";
"11-1. Осы баптың талаптары акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттар болған жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.";
12-тармақтың он үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.";
36) 48-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сақтандыру агенті – екінші деңгейдегі банк немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым делдал болған кезде комиссиялық сыйақысының мөлшерін көрсетпей сақтандыру шартын жасасуға;";
6-тармақтың 1) және 3) тармақшаларында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) түрінде жасалуы мүмкін.
Осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағы 2), 4), 7) және 8) тармақшаларының, 53-4-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 53-5-бабы 1-тармағының, 54-1-бабы 5-тармағының, 55-бабы 3-тармағының, 55-1-бабы 1-тармағының, 55-4-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының және 2-тармағы 7) тармақшасының, 69-бабы 2-тармағының және 71-бабы 2-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";
10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.";
37) 52-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;";
38) 9-тарау мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:
"52-4-бап. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде жосықсыз әрекетке тыйым салу
1. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде сақтандыру шарты тараптарының анық емес мәліметтер ұсынуына және сақтандыру шартының елеулі талаптарының орындалуына әсер ететін ақпаратты жасыруына тыйым салынады.
2. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде:
1) сақтандыру шартын жасасу кезінде оның елеулі талаптарына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырылған мүліктің сақтандыру құнын негізсіз көтеріп жіберу;
3) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайлары туралы ақпаратты жасыру және бұрмалау;
4) оқиғаға қандай да бір жолмен сақтандыру жағдайының көрінісін беру;
5) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандыру шартын жасасу;
6) сақтандыру шартында сақтандыру агенті және оның сыйақысы туралы ақпаратты бұрмалау;
7) сақтандыру төлемдерінің сомасы нақты залал сомасынан асып кеткен жағдайда, сол бір сақтандырылған мүлік бойынша бірнеше сақтандырушыға сақтандыру төлеміне жүгіну жосықсыз әрекет белгілері болып табылады.
3. Сақтандырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
4. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не уәкілетті орган сақтандырушы тарапынан жосықсыз әрекет фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандырушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабында көзделген шараларды қолданады.";
39) 53-баптың 1-тармағы "Сақтанушылардың" деген сөзден кейін "(сақтандырылушылардың, пайда алушылардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
40) 53-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге қадағалап ден қою шараларын қолданады.";
2), 3), 4), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына әкелуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
4) басшы қызметкердің, лауазымды адамның (басшы қызметкерлердің, лауазымды адамдардың) әрекеттерін (әрекетсіздігін) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және (немесе) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;";
"9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;";
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;
12) уәкілетті орган бекіткен, міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесінде, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібінде және мерзімдерінде белгіленген мерзімде сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық емес көлемде төлеуі;
13) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы;
14) дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық және (немесе) уақтылы ұсынбау;
15) осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жоймау;
16) осы Заңның 38-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау.";
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған бұзушылықтарды, тәуекелдерді және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауға, осындай шаралардың тиімділігі және (немесе) оларды қабылдау әзірлігі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.";
41) 53-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы, осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның жекелеген органдарының назарына жеткізе отырып хабардар ету;";
42) 53-3-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің тиісті басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым осы басшы қызметкерді уәкілетті орган оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және (немесе) жағдайларды жою;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым арасында жасалған жазбаша келісім осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім болып табылады, онда анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көрсетіледі.
Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.";
43) 53-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында және 46-бабының 4-тармағында көзделген;
2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға әкелуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.";
44) 53-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгiленген негiздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.";
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы.";
45) 54-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы-жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру холдингі, ірі қатысушы-жеке тұлға мәртебесі кері қайтарып алынған;";
2-3) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
13) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының заңдарында болуы көзделген, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;
13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған;";
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.";
1-2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;";
"3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 46-бабының 12-тармағына және 53-3-бабының 7-тармағына сәйкес қойылатын талаптарын орындамауы;";
46) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда лицензиядан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға тиіс.
Уақытша әкімшіліктің өтінішхаты бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өзінің шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.
Егер "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмесе не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекет қатысатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру портфелін беру сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінсіз жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есебінен жүзеге асырылады.
4. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы қабылданған шешімді осындай шешім қабылданған күннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға келісуге жібереді, сондай-ақ сақтандыру портфелін берудің аяқталғандығы туралы осындай беру аяқталған күннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің осы шешімін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі, оның ішінде оны қабылдау кезіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалмауы уәкілетті органның уақытша әкімшілік қабылдаған шешімді келісуден бас тартуына негіз болып табылады.
5. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.";
47) 55-бапта:
2), 4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;";
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.";
1-2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы баптың 1-тармағының 1), 2-1), 2-2), 2-3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;";
"5) осы Заңның 72-1-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
"1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сақтандыру портфелі болмаған жағдайда осындай лицензияны ерікті түрде қайтару жүзеге асырылады.";
48) 55-1-бап алып тасталсын;
49) 55-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уақытша әкімшіліктің құрамына сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері міндетті түрде кіреді.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.";
50) 55-3, 55-4, 55-5 және 55-6-баптар алып тасталсын;
51) 56-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен береді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру жариялайды. Бұл кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Уәкілетті орган сақтандыру портфелі берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.";
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.";
52) 59-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен актуарий қорытындысы және өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған;";
3) тармақшадағы "анықталған;" деген сөз "анықталған жағдайда, үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
53) 60-баптың 1-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауына алып келген, актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзған;
2-2) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;";
4) тармақша алып тасталсын;
54) 61-бап алып тасталсын;
55) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізу үшін рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлер жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.";
56) 66-бапта:
тақырыптағы "Өз еркiмен және мәжбүрлеп" деген сөздер "Мәжбүрлеп" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне" деген сөздер "мәжбүрлеп тарату рәсiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ерекшеліктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін жіберуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;
2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжат келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
5. Ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсаты алынғаннан кейін таратуды оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.";
58) 68-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда бас тартады.";
59) 69-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына береді.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган тағайындайды, олар:
1) уәкілетті органның қызметкерлері;
2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері;
3) оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалуы мүмкін.";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым жүргізетін, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттардың шешімдерін қоспағанда, соттардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлардың талаптары тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
6) басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сот уәкілетті органды және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға осындай шешімнің көшірмесін жібереді.";
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
"3-3. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.";
60) 69-1-бап алып тасталсын;
61) 70-бапта:
1-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ол лицензиясынан айырылғанға дейін бір жыл ішінде жасалған мәмілені мынадай негіздер:";
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-2. Осы баптың 1-1-тармағының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін бір ай ішінде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен тараптардың ауысуы (әмбебап құқықтық мирасқорлық нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қолданылмайды.
1-3. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тану үшін негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапының қайта есептеуіне жатады.";
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы мен кредиторлары талаптарының тізілімін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы есептерді және оның жазбаша сұрау салуы бойынша өз қызметі туралы қосымша мәліметтер мен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректерді ұсынуға міндетті.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының конкурстық (тарату) массасына енгізілмейді.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";
5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";
62) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) алтыншы кезекте кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда басқа сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;";
63) 72-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсаты не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесі (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша;
2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімі (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы:
1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсатын не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса бере отырып жіберуге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;
2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалына (филиалдарына) беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін, сондай-ақ барлық міндеттемелер өтелгеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігініңде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтарғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайтарылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін қызметті тоқтатуды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша жүргізеді:
1) осы Заңның 68-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) болжанып отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаражатының жеткіліксіз болуы.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (оның қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.
Сот Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімді уәкілетті органның оны лицензиясынан айыруына байланысты емес негіз бойынша қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде уәкілетті орган сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған осындай шешімнің көшірмесін жібереді.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды, ол осы Заңның 55-2-бабында белгіленген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады және осы баптың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңның 54-1-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру портфелін береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін аяқтағаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бұзылғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін тоқтатады және сақтандыру портфелін беруге және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты құжаттарды Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) органына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының басшы қызметкерлеріне береді. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қоса алғанда, филиалдың қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесін аяқтауға міндетті.
Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.";
64) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"73-бап. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесіндегі бақылау өкілеттігі
1. Мәжбүрлеп, оның ішінде банкроттық негіз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
1) тарату комиссиясынан атқарылған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған кезде қосымша ақпаратты да алуға;
2) тарату комиссиясының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімдерін және кезеңділігін белгілеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізуге;
4) тарату комиссиясының қызметінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиясы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекіту ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындауы, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
65) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың осы мәміле бойынша алғанның барлығын қайтаруына жол берілмейді.";
66) 79-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ұйым осы Заңның және міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру, бірлескен қайта сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Ұйым дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және оны бекітеді.
Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
"1-4. Ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған мәселелерден басқа мынадай мәселелер жатады:
1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуіне жататын жарналар мөлшерлемесін бекіту;
2) дерекқорды дамытудың алдағы күнтізбелік жылға арналған жоспарын бекіту.";
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
3) тармақшадағы "жыл сайынғы аудитті" деген сөздер "үш жылда бір реттен сиретпей аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, өзінің интернет-ресурсында сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпаратты сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашып көрсетпей жариялауды қамтамасыз етуге;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылардың дерекқорға қолжетімділігін олардың жаңа сақтандыру шарттарын жасаспауы мақсатында осындай қолжетімділікті шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге шектеуге;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сақтандыру шарттары бойынша ақпараттың, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты түрде қолжетімділік беруге;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) ұйым орналасқан елді мекеннің шекарасынан тыс жерде болатын, бірыңғай сақтандыру дерекқорының субъектілері туралы ақпараттың көшірмелерін сақтау үшін резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге;";
4) тармақшадағы "сақтандыру нарығы", "және оларды уәкілетті орган мен өнім берушілердің сұратуы бойынша ұйымның интернет-ресурсы арқылы оларға беру үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру және жүргізу" деген сөздер тиісінше "осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру нарығы", "ақпараттық-талдамалық жүйені құру мен жүргізу және оларды ақпараттандыру объектілерінде, оның ішінде ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік дерекқормен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін ұйым осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес айқындайды;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды олар бойынша әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысанда ақпаратты, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты сақтау үшін жүргізу;
7) өзінің интернет-ресурсында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) ұйымның жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.";
8-тармақтың екінші бөлігі "Сақтандыру" деген сөзден кейін "(қайта сақтандыру)" деген сөздермен толықтырылсын;
67) 80-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі – қосарланған сақтандыру, сақтандыру төлемдері, төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру сомасының мөлшерлері және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтер туралы мәліметті қамтитын сақтандыру есебі;
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі;
3) жиынтық сақтандыру есебі – сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын, сан түрінде, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де параметрлері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын сақтандыру есебі.";
1) тармақшадағы "сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
1-2) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;";
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Ұлттық Банк;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;";
3) тармақшадағы "сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
3-2) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;";
5) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы "ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады." деген сөздер "ұйымдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында жасалған ақпарат алмасу туралы келісім негізінде шетелдік ұйымдар;
11) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде өзге де тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта аталмаған өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында аталған сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру сақтандыру есептерінің қолжетімділік деңгейлеріне және түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 2-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы алушымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін, ал қалған субъектілер бойынша тек дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар өзі туралы ғана қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
7) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
8) пайда алушы өзінің жәбірленуші құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
9) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
10) сақтандыру омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
11) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алатын кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
12) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар қолжетімділігі стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
13) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар дерекқор субъектісінің жазбаша келісімі болған кезде қолжетімділігі стандартты және шектеулі сақтандыру есептерін алуға құқылы.
Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 3-1), 3-2), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
6. Ұйым осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған алушыларға сақтандыру есебін ұсынуды олардың сұрау салуы негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Сұрау салуды өзі туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде қамтылатын, ұйымға сұрау салу беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1), 3-2), 4), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, қолжетімділігі стандартты және (немесе) шектеулі сақтандыру есептерін алушылардың атынан жазбаша нысанда береді.";
68) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұрын бұзу, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) сыныптары бойынша ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында аталған ақпарат беруші әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.
1-2. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасында аталған ақпарат берушілер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақпаратты осы Заңда, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға беретін ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде электрондық түрде береді.";
69) 82-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы "3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар" деген сөздер "бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
70) 86-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері барлық сақтандыру түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сақтандыру омбудсманын уәкілетті орган үш жыл мерзімге сайлайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
4-тармақ алып тасталсын;
6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды уәкілетті орган, оның ішінде сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің өтінішхаты бойынша жүзеге асырады.";
"8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттік тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесін және уәкілетті органды жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.";
71) 87-баптың 2-тармағында:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін, сақтандыру омбудсманы лауазымына кемінде үш кандидат бар кандидаттардың тізімін бекіту;";
"3) сақтандыру омбудсманының жылдық бюджетін, қызметінің қорытындысы туралы есепті бекіту және уәкілетті орган бекіткен міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері негізінде міндетті жылдық жарнаның мөлшерін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) сақтандыру омбудсманына сақтандыру көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың сақтандыру омбудсманының әрекеттеріне шағымдарын талдау және сақтандыру омбудсманының есептерін қарау қорытындысы бойынша оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті органға сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхат жіберу;";
72) 88-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жоғары заң білімі бар;";
"4) бұрын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында лауазымдардың кез келгенін атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.";
73) 89-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ақпарат пен мәліметтердің толықтығын, анықтығын және өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етуге міндетті.";
74) 90-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.";
75) 91-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган бекіткен сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі және сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының жарналары есебінен қаржыландырылады. Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық емес көлемде төленген жағдайда, сақтандыру омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органды сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.
5. Сақтандыру омбудсманының офисі сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің жолданымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және өзге де қызметтерді (мамандарды) ұстауға тиіс.".
12. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім
Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.".
13. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) акцияларды бөлшектеу – акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының санын ұлғайту;";
"14-1) қор биржасының өкілдік тізімі – бағалы қағаздар және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сай келетін олардың эмитенттерінің тізімі;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) тәуелсіз директор – осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сай келетін директорлар кеңесінің мүшесі;";
2) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға жататын хаттамамен (шешіммен) ресімделеді.";
3) 13-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамның орналастырылған артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.";
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі төртінші абзацындағы "айырбастау туралы мәселелер жатады." деген сөздер "айырбастау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"артықшылықты акцияларды бөлшектеу туралы мәселелер жатады.";
4) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналарды:
талап қою күніне қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;
соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);
орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің (акционер өтініш жасаған күнге дейінгі үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне қатысты ақпаратты қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;";
5) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Қоғамның директорлар кеңесі акционерлер жалпы жиналысының шешімі немесе қоғамның жарғысы негізінде осы баптың 1-тармағының талаптарын қолданбай, қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешімді мынадай:
1) қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен сыйақы төлеу;
2) қоғам қызметкерлерін акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен көтермелеу;
3) қызметін Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында қоғамның акцияларын немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды бастапқы орналастыруды жүргізу жағдайларында қабылдауға құқылы.
Қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру (өткізу) тәртібі, шекті саны және мерзімдері акционерлер жалпы жиналысының шешімінде немесе қоғамның жарғысында айқындалады.";
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге қолданылмайды.";
7) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған тұлға туралы және оның үлестес тұлғалары және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.";
8) 25-1-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) алынған талап туралы хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға қалған акционерлердің талабы бойынша оларды акцияларды сату бағасының айқындалғанын растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, осы акцияларға құқықтар кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату жөніндегі мәмілелерден, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау жөніндегі операциялардан басқа, қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.";
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға басқа акционерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мәліметтері бар, осы акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотына аударылады.
Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде болмаған жағдайда, ие болған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.";
8-тармақ алып тасталсын;
9) 27-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы "берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс." деген сөздер "берсе);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, көрсетілген шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талабы бойынша жүргізуге тиіс.
Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда осы тармақшаның ережесі қолданылмайды.";
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер өзіне тиесілі акцияларды акционерлердің жалпы жиналысы акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған, қоғам оларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алған кездегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі редакциясына сәйкес сатып алуды талап етуге құқылы.";
10) мынадай мазмұндағы 30-2-баппен толықтырылсын:
"30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Қоғам акционерлерi жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешiмiнде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
2) бөлшектеу коэффициенті;
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
4) өзге де мәліметтер.
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларды бөлшектеу кезінде акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.";
11) 35-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;";
12) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2), 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-2) артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай, қоғамның орналастырылатын (өткізілетін) акцияларының немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың тәртібін, шекті мерзімдерін және жалпы санын айқындау;";
"3-4) акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеу шарттарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;
3-5) өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешім қабылдау және оларды шығару шарттарын айқындау;";
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) директорлар кеңесі санының құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар төлемі мен шығыстары өтемақысының мөлшерін және шарттарын айқындау;";
"7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;";
бірінші бөліктегі "1-1)," деген цифрлар "1-1), 1-2)," деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.";
13) 40-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоғам акционерлері қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан қатысуға құқылы.";
14) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысанын айқындау;";
"3-1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдау;";
15) 76-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қоғамның" деген сөзден кейін "аудиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;
16) 80-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған:
1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;
2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;
3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;
4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы.";
17) 82-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.";
18) 83-баптың 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарт негізiнде және өткізу актiсiне сәйкес қосылатын қоғамның бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. Қосылу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс. Өткізу актісіне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органының басшылары және бас бухгалтерлері қол қоюға тиіс.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлеріне осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына пропорционалды түрде орналастыру (өткізу) арқылы қосылатын қоғамның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн көрсетілген акциялар жойылады.";
"4. Қосылу туралы шешім қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өздерiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.
Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Өздерінің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы ақпарат кредиторларды өткізу актісімен таныстыру уақыты, орны және тәртібі көрсетіле отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.";
19) 84-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық кредиторларына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.";
20) 85-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық кредиторларына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.";
21) 89-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік "мүлік" деген сөзден кейін "ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге жататын ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.".
14. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) зиянды өтеу резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналары және олардың бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Зиянды өтеу резерві осы Заңда көзделген жағдайларда тек қана жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) оны жерлеу шығыстарын өтеу үшін пайдаланылады;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) инвестициялық комитет – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының алқалы органы;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кредитор – осы Заңға сәйкес кепілдікті төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не жәбірленушіге (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға)келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеген және тиісінше, өзіне сақтандыру төлемін алу құқығы өткен өзге тұлға;";
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін қоспағанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;
16-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналары, олардың міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдаланылады;";
2) 3-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қордың меншікті активтерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзу;";
3) 4-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) активтерді инвестициялау тәртібін және Қордың меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;";
6) тармақша алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
"6-2) Қордың меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілейді;";
10) және 10-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;";
"10-2) Қор стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;";
мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5) және 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:
Қордың меншікті активтерін, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;
"жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;
"жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;
инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;
10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;
10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;";
1-1-тармақтағы "Қордың есептiлiгінің (қаржылық есептілігін қоспағанда) тізбесін, нысандарын, оны" деген сөздер "қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қордың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы "оның өз капиталы" деген сөздер "Қордың меншікті капиталы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.";
4) 4-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың мақсаттары үшін Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат деп Қордың басшы қызметкері лауазымын атқару ниеті бар жеке тұлға немесе тәуелсіз директор болып табылатын, Қордың басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қордың басшы қызметкері лауазымын:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болмауы мінсіз іскерлік бедел болып табылады;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) басшы лауазымға өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Қор басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Қордың басшы қызметкерлеріне және басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп жоғарыда аталған тармақшада көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басқару органы басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысы мен мүшелерінің, дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тиісті функцияларды сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды Қор не басшы қызметкер лауазымына кандидат ұсынуы мүмкін.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сай келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат ол аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі сайланғаннан кейін келісілген кезде келісуге құжаттар уәкілетті органға сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Қор осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) Қорда басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісім алынған немесе одан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындамау (сайламау);
2) уәкілетті органның Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқару басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқару атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелеген жағдайларды қоспағанда, Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды алмастыруына) тыйым салынады.
Уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.";
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесінің дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім ішінде басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқытық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, осы баптың 3-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қор уәкілетті органды Қордың тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, Қор уәкілетті органды осы ақпарат Қорға белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
6-тармақ алып тасталсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) басшы қызметкерлердің осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;";
3) тармақшадағы "алуға құқылы" деген сөздер "алады" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік "қаржы ұйымдарында," деген сөздерден кейін "банк, сақтандыру холдингтерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор:
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған кезде басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";
5) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
3-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес кепілдік берілуге жататын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын филиалдары Қордың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай Қормен қатысу шартын жасасады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;
2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;
3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;
4) "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қор:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты;
2) Қордың меншікті активтері бойынша бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды.
Қордың меншікті активтерін, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тәртібін Қор уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сәйкес белгілейді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қор:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
зиянды өтеу резервінің қаражатын;
Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.
Кастодиан "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.
Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Қорда:
1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті Қор органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.
Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Қорда Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі құрылуға тиіс.";
6) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;
4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;
4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру;";
7) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1-бап. Консультативтік комитет
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.
Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.
2. Консультативтік комитет уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.
3. Консультативтік комитет туралы ережеде:
1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыреті;
2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібі;
3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі;
4) консультативтік комитеттің отырыстарын шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беру тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс тәртібі;
5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібі;
6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер айқындалуға тиіс.
4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысып отырған мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің саны қанша болса да шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Консультативтік комитеттің құрамына:
1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген барлық лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір-бір өкілден;
2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.
Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.
7. Консультативтік комитеттің мүшелеріне оның жұмысына қатысқаны үшін сыйақылар есепке жазылмайды және төленбейді.
8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына қатысып отырған консультативтік комитет мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
9. Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.";
8) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
"6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды тек қана инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) жүзеге асырады, оның құрамында (әрқайсысының құрамында) кемінде үш адам болуға тиіс.
Қордың өзге органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқылы емес.
3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі басшысы кіреді.
4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.
Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері өз мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың бар екендігі туралы ақпаратты Қордың атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.
8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, оларға инвестициялық комитеттің төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылады.
Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бір бөлігі болып табылады.
9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.
10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген адамды (адамдарды) инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
11. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам не адамдар инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган мұндай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы оның құрамына сайлана алмайды.
12. Инвестициялық комитетті құру және оның жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен құзыреті уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін Қордың ішкі құжатында белгіленеді.";
9) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеу;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен (толық немесе ішінара) құқыққа сыйымсыз бас тартқан не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.";
2-тармақ алып тасталсын;
2-1 және 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, өмірді сақтандыру;
3) зейнетақы аннуитеттік сақтандыру;
4) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру.
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын;
заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қор:
1) Қордың осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;
2) кредиторлардың сақтандыру шарттарына қатысты оларға Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.";
10) 8-баптың 2-тармағында:
1-1) тармақшадағы "мәжбүрлеп" деген сөз алып тасталсын;
3) тармақша "ұйымдарының" деген сөзден кейін "бастапқы бір реттік," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "қызметті жүзеге асырады." деген сөздер "қызметті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады.";
11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
"8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.
2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
2) "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.
5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";
12) 10-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "қосымша" деген сөз "бастапқы бір реттік, қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 12-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.";
"3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.
Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Қордың меншікті капиталы пайдаланылады.
Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан түсетін төтенше жарналарды тартады.
Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен, пайдаланылған соманың орнын толтыруды, оның ішінде сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, "жалпы сақтандыру" саласы не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тарту есебінен толтыруды ескере отырып, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын "өмірді сақтандыру" саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға және керісінше, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын "жалпы сақтандыру" саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
4. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі қатысушы-сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналар және Қордың меншікті капиталы жеткіліксіз болған кезде Қорға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жататын қарыз беруге құқылы.";
14) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.";
15) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қор төленген міндетті және (немесе) төтенше жарналардың мөлшері бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымымен салыстырып-тексеруді жүзеге асырады.
Міндетті және (немесе) төтенше жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.";
16) 15-баптың тақырыбы, 1, 2, 3, 6, 7, 9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.
Кредиторлардың:
1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен құқыққа сыйымсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
2) уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылғаннан кейін басталуы туралы мәлімделген және олар бойынша міндеттемелер таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің құрамында берілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
2. Кредиторда осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздерде Қорға талап ету құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен екі ай өткенге дейінгі кезеңде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейін берілген (қабылданған) жағдайда, кредитор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда кредитор таратылатын сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігіне немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Қорға немесе таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талаппен тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағына және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кредитордың талабын алғаннан кейін Қор не қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті.";
"6. Кепілдік төлемдердің ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес айқындалады.
7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбы және осы баптың 5-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, өзге де, оның ішінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған шығыстар кепілдік төлеммен жабылмайды.";
"9. Таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі – тарату комиссиясы) немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды.
10. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап Қор басталған сақтандыру жағдайлары бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарды қазақ және орыс тілдерінде:
1) Қордың интернет-ресурсында екі жұмыс күні;
2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында он жұмыс күні ішінде жариялайды.";
17) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.
2. Кредиторлардың:
1) уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезге қолданыста болатын, "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;
2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен, таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға жүгінген жағдайда, Қор кепілдік төлемді осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
3. Қор уақытша әкімшіліктен сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдердің үздіксіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.
4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.
5. Кредиторларға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кепілдік төлемді тікелей Қор жүзеге асырады немесе банк-агент арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату қомиссиясына немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды.
7. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қор кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында, қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда және Қордың интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.";
18) 17-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтейді.";
19) 17-2-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.";
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "бас тартуға құқылы" деген сөздер "бас тартады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін Қор "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан сақтандыру есептерін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сұратады және алады.";
20) 17-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-5-бап. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
1. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
2. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымының бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы Қордың хабарxатын алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкциялар мен қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.";
21) 18-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;";
мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) қатысушы-сақтандыру ұйымынан Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша оның міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді сұратуға және алуға;
9) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
10) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.";
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін есепке алуды бөлек жүргізуге;";
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды Қордың меншікті активтерінен бөлек жүргізуге;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржылық және өзге де есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынуға;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын жариялауға;";
22) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру" деген сөздер "Қатысушы-сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру" деген сөздер "Қатысушы-сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша өзінің міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді беруге;";
23) 6-тарау мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде делдалдық көрсетілетін қызметтерді реттеу
1. Егер кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға өтініш пен құжаттар Қорға осындай төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның қатысуымен ұсынылған жағдайда, мұндай құжаттарға қосымша ретінде Қорға осы адамның комиссиялық сыйақысы мөлшері көрсетіле отырып, делдалдық қызметтерді көрсету туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуға тиіс.
2. Кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның комиссиялық сыйақысының мөлшері:
1) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша осындай төлем сомасының он пайызынан;
2) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша осындай төлем сомасының бір пайызынан аспауға тиіс.".
15. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3 және 4-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.";
"4-1. Сақтанушының қалауы бойынша жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";
2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
2) жағдайды реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (пайда алушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының жасалған жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (пайда алушының) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушының (пайда алушының):
жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар етуге;
келтірілген зиян мөлшерін айқындауға;
сақтандыру төлемін алуға;
осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";
3) 13-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.";
2-тармақ 7) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге мiндеттi." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) сақтанушы нотариаттық әрекеттер жасау бойынша қызметтер көрсеткен тұлғаны жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттердi жасауы салдарынан үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге мiндеттi.";
4) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;";
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтанушы не үшiншi тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.";
6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы) талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.";
7) 21-баптың 5-тармағы "бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi" деген сөздер "бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3 және 4-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.";
"4-1. Сақтанушының қалауы бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";
2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (пайда алушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының жасалған аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (пайда алушының) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (пайда алушыға):
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";
3) 13-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.";
2-тармақтың бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге мiндеттi." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) өзіне сақтанушы аудит қызметтерін көрсеткен тұлғаны аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге міндетті.";
4) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;";
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтанушы не аудиттелетін субъект сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.";
6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.";
7) 21-баптың 4-тармағы "бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi" деген сөздер "бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 4-тармағындағы "аффилиирленген" деген сөз "үлестес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.";
3) 10-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Сақтанушының қалауы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетмділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;
тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.
5. Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";
5) 11-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.";
6) 13-бапта:
тақырып "Сақтанушының" деген сөзден кейін "(сақтандырылушының)" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац "Сақтанушы" деген сөзден кейін "(сақтандырылушы)" деген сөзбен толықтырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);";
"6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.";
7) 14-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;";
8) 16-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай, өзге де тәсілдермен жасасу кезінде жеңілдіктер беруге жол берілмейді.";
9) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.";
10) 24-баптың 4-тармағындағы "сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып," деген сөздер "бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 24-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".
18. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) анықтық факторы – сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) "бонус-малус" жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен онда сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай сақтанушыға (сақтандырылушыға) арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген адам;";
9) тармақшадағы "оқиға" деген сөз "оқиға (оның ішінде жол-көлік оқиғасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу – көлік оқиғасы туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда ресімдеу;";
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі – көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда сақтандыру жағдайын реттеу;";
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
"11-2) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;";
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) таргеттелетін шығындылық – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша шығындылықтың нысаналы көрсеткішін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін пайдаланылатын коэффициент;";
2) 5-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан" деген сөз "Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қозғалыста деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың белгілері бар оқиғаның басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.";
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылады.
5. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
Пайда алушыны айқындау және өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын мәліметтерге қолжетімділік беру мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай ақпараты бар базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік органның дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты осы көлік оқиғасына қатысушымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға жібереді.";
4) 10-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.";
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Сақтанушының қалауы бойынша көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";
10-тармақ алып тасталсын;
5) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш беру және көлік оқиғасының жасалғаны туралы хабардар ету, келтірілген зиянның мөлшерін айқындау, мұндай шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу;
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтанушы – заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.
5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";
6) 13-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
7) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талап сақталмаған кезде сақтандырушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
Р/с | Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзімнен пайызбен) | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 4-ке дейін (4-ті қоспағанда) | 15 |
2 | 4-тен 8-ге дейін (8-ді қоспағанда) | 20 |
3 | 8-ден 17-ге дейін (17-ні қоспағанда) | 30 |
4 | 17-ден 25-ке дейін (25-ті қоспағанда) | 40 |
5 | 25-тен 33-ке дейін (33-ті қоспағанда) | 50 |
6 | 33-тен 42-ге дейін (42-ні қоспағанда) | 60 |
7 | 42-ден 50-ге дейін (50-ді қоспағанда) | 70 |
8 | 50-ден 58-ге дейін (58-ді қоспағанда) | 75 |
9 | 58-ден 67-ге дейін (67-ні қоспағанда) | 80 |
10 | 67-ден 75-ке дейін (75-ті қоспағанда) | 85 |
11 | 75-тен 83-ке дейін (83-ті қоспағанда) | 90 |
12 | 83-тен 92-ге дейін (92-ні қоспағанда) | 95 |
13 | 92 және одан жоғары | 100 |
";
8) 16-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және ол бойынша сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратуға (сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) бойынша мәліметтерді сұрату бөлігіндегі осы құқық пайда алушыға да қолданылады);
3) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиянның және сақтандырушы, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырған сақтандыру төлемінің мөлшерлерiн айқындау нәтижелерімен танысуға;
4) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.";
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілетін әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәліметтерді және өтінішке енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген тәртіппен ұсынуға;";
"3) көлік оқиғасының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап дереу, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыны жазбаша нысанда (қолма-қол не электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы) хабардар етуге міндетті. Сақтанушы мен сақтандырылушы сол бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, онда сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар беру жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен көрсетілген әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға;";
7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргізген адамға жүктеледi.";
9) 17-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес осындай шартқа енгiзу үшiн қажетті мәлiметтер ұсынуды талап етуге;
2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiн негізге ала отырып, сақтандыру жағдайының басталу (көлік оқиғасының жасалу) фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;";
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5), 7-1) және 7-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде жасалған көлік оқиғасы туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;";
"7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен жазбаша нысанда өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянның өтемін жүргізуге;
7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындаған дауды қарауға өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;";
мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:
"7-4) осы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты алған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайын реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;";
10) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін түзету коэффициенттері қосымша қолданылады.
Түзету коэффициенттерін есептеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылық көрсеткіштерін, таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторын ескере отырып, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жүргізеді.
Таргеттелетін шығындылықты, анықтық факторын және түзету коэффициенттерін уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Таргеттелетін шығындылықтың мәні алпыс пайыздан сексен пайызға дейінгі диапазонда болуға тиіс.
Сақтандырушы түзету коэффициенттерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген мәндердің он пайызынан асырмай ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.";
4 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.";
"10. "Бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
11, 12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
11) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту
Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.";
12) 22-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы не ол тартқан бағалаушы қызмет көрсету туралы шарттың негізінде лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады.
Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бүлінген мүлікті қарап-тексерудің жүргізілетін күнін, уақытын және орнын келіседі. Бұл ретте бүлінген мүлікті қарап-тексеру көрсетілген өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргізілуге тиіс.
Егер бүлінген мүлікті қарап-тексеру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) кінәсінен немесе тараптардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты жүргізілмеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушыға келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтінішпен қайтадан жүгінеді.
Мүлікке келтірілген зиян мөлшерін айқындауды сақтандырушы бүлінген мүлік қарап-тексерілген және қарап-тексеру актісі жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.";
3-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.";
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандырушы осы бапқа сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.";
"6. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";
13) мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:
"22-2-бап. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі
1. Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оған қатысушылар бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
1) көлік оқиғасы екі көлік құралының (тіркемелері (жартылай тiркемелерi) бар көлік құралдарын қоса алғанда) өзара жанасуы (соқтығысуы) салдарынан болса, осы көлік оқиғасы жасалған кезде иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы Заңға сәйкес сақтандырылған болса;
2) көлік оқиғасы салдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарына ғана зиян келтірілсе;
3) көлік оқиғасы салдарынан зиян келтіру мән-жайлары, көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесі, көлік оқиғасына қатысушылардың бірінің кінәсі көлік оқиғасына қатысушылардың келіспеушілігін туғызбаса және декларацияда тіркелсе;
4) көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының мөлшері шегінде сақтандыру төлемінің мөлшеріне келіссе;
5) көлік оқиғасы туралы құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуді көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, декларация жасау арқылы жүзеге асырса, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация (бұдан әрі – декларация) жасау арқылы көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді өздері келіскен шарттармен жүзеге асыруға құқылы.
2. Көлік оқиғасына қатысушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламаны өздері алғанға дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге тиіс.
Егер көлік оқиғасына қатысушылар декларацияға қоса берген фотоматериалдар көлік оқиғасына қатысқан көлік құралының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ зиян келтіру мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесін айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы көлік оқиғасына қатысушылардан сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып не басқа да қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта жіберуді сұратуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.
3. Көлік оқиғасына қатысушылардың бірі сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін ресімдеумен келіспеген жағдайда сақтандыру төлемі осы Заңның 25-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру жағдайын реттеудің тәртібі мен оңайлатылған тәртібінің шарттары, декларацияның нысаны мен оған қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі сақтандыру жағдайы бойынша көлік оқиғасына қатысушылар арасында келіспеушіліктер болмаған кезде осы Заңның 26-1-бабында айқындалған тәртіппен тікелей реттеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы декларацияда тиісті белгі жасалады.
6. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының фактісі мен мән-жайларын анықтау және зиян мөлшерін есептеу үшін көлік оқиғасына қатысушылардың көлік құралдарын қарап-тексеруді жүргізуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар сақтандырушының талап етуі бойынша қарап-тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын беруге және сақтандыру төлемін жүзеге асырғанға немесе сақтандырушы уәжді бас тартуды жібергенге дейін бүлінген мүлікті көлік оқиғасынан кейінгі күйінде сақтауға міндетті.
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру тәртібі, шарттары, мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Осы бапқа сәйкес сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі және пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіппен реттеу кезінде әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерінен асатын бөлігінде зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.
8. Сақтандырушының осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқығы бар.
9. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының осы Заңның 28-бабына сәйкес төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.
10. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің рәсімімен және салдарымен келіспеген жағдайда сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) дауды осы Заңның 29-1-бабына сәйкес реттеуге құқылы.";
14) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерді (қажет болған кезде), сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын, мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден қосымша құжаттарды және (немесе) ақпараттық жүйелер мен сервистер арқылы қолжетімді құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.";
15) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқылы.";
16) 28-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) егер бұл факт зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге байланысты болған жағдайды қоспағанда, көлік құралын жүргізуші адам өзі қатысушысы болған көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтiрiлген зиянға осы Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адам кiнәлi болып табылса, сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) керi талап қоюға құқығы бар.";
17) 29-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша "бөлігінің" деген сөзден кейін ", 22-2-баптың 6-тармағының екінші бөлігінің" деген сөздермен толықтырылып, "бұзуы негiз болуы мүмкiн." деген сөздер "бұзуы;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі құжаттар мен мәліметтердің осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негiз болуы мүмкiн.";
3-тармақтағы "дәлелдi негiздемесi келтiрiлген" деген сөздер "уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 29-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".
19. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "аффилиирленген" деген сөз "үлестес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) әлеуметтік облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты әлеуметтік проблемаларды шешуге және (немесе) оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған жаңа және (немесе) қолданыстағы жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге тұлғалардың бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде орныққан бағалардан (бағамдардан) жоғары немесе төмен бағаларды (бағамдарды) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралымен сауда көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) бас қаржылық келісім – талаптарымен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, репо операциялар және (немесе) объектісі бағалы қағаздар, валюта және (немесе) өзге де қаржы құралдары болып табылатын өзге де мәмілелер жасалатын, үлгілік талаптарын кәсіптік ұйым немесе осы Заңда белгіленген жағдайларда шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген келісім;";
"27-1) "жасыл" облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты жаңа және (немесе) қолданыстағы "жасыл" жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;";
49) тармақша "мемлекет кепілдігімен" деген сөздерден кейін "және (немесе) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылатын ұлттық даму институтының кепілдігімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының кепілдігімен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
"53-1) қор биржасының ресми тізімі – енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;";
55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55-1) қор биржасының тізімі – қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған тізімі;";
мынадай мазмұндағы 64-1) және 67-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"64-1) нетто-міндеттеме (нетто-талап) – бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда тарату неттингін жүзеге асыру (қолдану) нәтижесінде туындайтын (есептелетін) ақшалай міндеттеме (ақшалай талап);";
"67-1) облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама – эмитенттің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жалпы стратегиясын, өзі шығаратын "жасыл" және (немесе) әлеуметтік облигациялардың және (немесе) орнықты даму облигацияларының және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялардың орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарға сәйкестігін, оның ішінде осы облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалану, осы ақшаны басқару (есепке алу), сыртқы бағалауды алу, верификация, кейіннен ақпаратты ашу бөлігінде сәйкестігін айқындайтын құжат;";
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"69) облигацияның номиналды құны – облигация құнының шығарылым шарттарында айқындалған ақшалай мәні;";
мынадай мазмұндағы 72-1) және 72-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"72-1) орнықты дамумен байланысты облигациялар – сипаттамалары эмитенттің өзі айқындаған орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуіне қарай өзгеруі мүмкін мемлекеттік емес облигациялар;
72-2) орнықты даму облигациялары – орналастырудан түскен қаражаты "жасыл" және әлеуметтік жобалардың ішінара немесе толық үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;";
82) және 85) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"82) тарату неттингі – бас қаржылық келісімнің ережесі, оның негізінде бас қаржылық келісімде айқындалған оқиға басталған кезде барлық ақшалай міндеттемелер (ақшалай талаптар), сондай-ақ қамтамасыз ету ақысын беруді (енгізуді) қоса алғанда, бас қаржылық келісім шеңберінде жасалған барлық мәмілелер бойынша мүлікті беру жөніндегі барлық міндеттемелер (талаптар) көрсетілген міндеттемелер (талаптар) осындай оқиға басталған кезде орындалуға жататынына не орындалуға жатпайтынына қарамастан, жаңарту, тоқтату арқылы немесе бас қаржылық келісімде айқындалған өзгеше тәсілмен орындалу мерзімі басталған болып есептелетін бір нетто-міндеттемеге (нетто-талапқа) ауыстырылады (автоматты түрде немесе тараптардың біреуінің таңдауы бойынша);";
"85) туынды бағалы қағаздар – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздар туынды қаржы құралы болып табылмайды, бірақ туынды қаржы құралының базалық активі бола алады);";
мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:
"92-1) шетелдік кәсіптік ұйым – халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енетін шетелдік ұйым;";
101) тармақшадағы "проспектісіне" деген сөз "шарттарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуын және айналысын тоқтата тұрады және қайта бастайды, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жояды;";
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттарда, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талаптарындағы және облигациялардың жеке меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты ашып көрсетеді;";
11), 19) және 19-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) пруденциялық нормативтердің түрлерiн және лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдiстемесiн, оның ішінде лицензиат өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде белгілейді;";
"19) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметiн реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";
"19-2) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;";
мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:
"22-3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде айқындайды;";
4) 3-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе оның лауазымды адамдарының (болған кезде) құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.";
4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының осы жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас қайта бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
5. Уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасында жасалған, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралардың тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығының субъектісі өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге бағалы қағаздар нарығының субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқама мен жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
7. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына қарамастан, оған санкциялар қолдануға құқылы.
9. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
10. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.";
5) 3-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) уәкілетті органға осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген және (немесе) уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймау.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.";
6) 3-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, оның қаржылық жағдайына қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты жеткізе отырып (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын), хабардар ету;";
7) 3-5-бапта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;";
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
4. Анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында жасалған, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.";
8) 3-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгiленген негiздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.";
9) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) шығарылуы "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес тіркелген бағалы қағаздар;";
10) 5-1-бапта:
1-тармақтағы "Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар" деген сөздер "Осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші абзацындағы "3-тармағында" деген сөздер "1-1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігі шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген бағалы қағаздарға қолданылмайды.";
12) 8-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асыратын, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені болып табылады.
2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мыналарды:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарауды;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтерді қоса алғанда, эмитент және оның бағалы қағаздары туралы мәлiметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуді;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын жіберуді;
4) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы және тұрған жері өзгерген немесе жарияланған облигациялар саны азайған кезде);
өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, шығарылым шарттарын жіберуді қамтиды.
3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Эмитент мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.";
13) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган шығарылымды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.";
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "(бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды)" деген сөздер алып тасталсын;
14) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу";
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін акционер шешiмi) хаттамасының көшiрмесi;
3) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнің көшірмесі;
4) акциялар шығарылымы проспектісі;
5) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенiн растайтын құжаттар.
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және акциялар шығарылымы проспектісін электрондық нысанда акционерлік қоғамға жібереді.
6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісі;
3) акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған акционерлік қоғам органының отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме;
4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда).
7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамға электрондық нысанда мыналарды жібереді:
1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген проспект.
8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.
9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
15) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеуі";
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтінішті;";
"5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды;";
6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) эмитенттің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігінің (эмитенттің еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептердің көшірмелерін (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда);";
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті уәкілетті органға электрондық нысанда қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:";
5, 6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитентке мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) электрондық нысанда жібереді.
6. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, эмитенттің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген электрондық түрдегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектiсі);
3) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған эмитент органы отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме.
7. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган эмитентке электрондық нысанда мыналарды жібереді:
1) мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі).";
"9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
16) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
"12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
1. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент мынадай талаптар сақталған кезде:
1) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар уәкілетті органға ұсынылған күні эмитент өз қызметін кемінде бес жыл жүзеге асырса;
2) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы бес жылдың қорытындылары бойынша осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген шарттарды бұзу жағдайлары болмаса, жүзеге асырады.
2. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлар арасында орналастыруға тыйым салынады.
3. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар акцияларға айырбасталуға жатпайды.
4. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару туралы шешімді және оларды шығару шарттарын айқындауды акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды. Бұл шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
5. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығару көлемі акционерлік қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің он пайызынан аспайды.
6. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды ұстаушылар мұндай облигацияларды, оның ішінде осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайды.";
17) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "асып кеткен;" деген сөздер "асып кеткен жағдайда, эмитентке облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
18) 15-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды бұзған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттарды өзгертуге келісімі болған жағдайларды қоспағанда, эмитент жинақталған сыйақыны ескере отырып, облигацияларды ұстаушылардың талап етуі бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы микроқаржы ұйымын шаруашылық серіктестіктен акционерлік қоғам етіп қайта құру кезінде оған қолданылмайды.";
19) 18-1-баптың 1-тармағындағы ", инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау" деген сөздер алып тасталсын;
20) 18-2-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Эмитенттің осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 15-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.";
"3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (егер осы облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) орналастырады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Егер барлық орналастырылған облигация бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді осындай ұстаушы жеке-дара қабылдайды және ол жазбаша түрде ресімделуге жатады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысының шешімі қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Көрсетілген мерзімде эмитент қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді хабардар етеді.
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, облигациялар шығарылымы проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап облигацияларды ұстаушылардың (облигацияларды ұстаушының) жалпы жиналысында қабылданған шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.
Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.
Эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда орталық депозитарий мен қор биржасын (облигациялар қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру туралы хабардар етеді.";
21) 18-3-баптың 2-тармағындағы ", номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау" деген сөздер алып тасталсын;
22) 18-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:
жиналған, бірақ төленбеген сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;
қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған мемлекеттік емес облигациялардың нарықтық бағасымен (осындай баға болған кезде);
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған бағамен (егер эмитенттің облигациялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа түспесе) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.";
23) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "ипотекалық облигацияларды" деген сөздерден кейін "немесе секьюритилендіру мәмілесі шеңберіндегі облигацияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың талаптары жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге және өтеуге қолданылмайды.";
24) 20-баптың 1-тармағында:
1) тармақша "проспектiсiнде" деген сөзден кейін "немесе жеке меморандумда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "эмитентпен" деген сөзден кейін ", бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "проспектісінде" деген сөзден кейін "немесе жеке меморандумда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін басқаруды (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) жүзеге асырады;";
25) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
20-1-бап. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигациялары және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялар
1. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларына мыналар жатады:
1) "жасыл" облигациялар;
2) әлеуметтік облигациялар;
3) орнықты даму облигациялары.
2. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. "Жасыл" облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
1) жаңартылатын энергия;
2) энергетикалық тиімділік (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілердің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергетикалық тиімділігін арттыру);
3) қоршаған ортаның ластануын болғызбау және бақылау;
4) су мен қалдықтарды орнықты пайдалану (су үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру);
5) ауыл және орман шаруашылығын орнықты жүргізу, жер пайдалану, биологиялық әртүрлілікті сақтау;
6) экологиялық туризм;
7) экологиялық таза көлік (оның ішінде төмен көміртекті көлік құралдары, экологиялық таза көліктік инфрақұрылым);
8) климаттың өзгеруіне бейімделу (климаттың өзгеруі салдарына инфрақұрылымның төзімділігін арттыру, климаттың өзгеруін байқау және осындай өзгерістердің ерте алдын алу жүйесі);
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, "жасыл" облигациялар арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) және (немесе) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының "жасыл" облигациялар стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда көзделген сыныптамаларға сәйкес келетін өзге де жобалар.
4. Әлеуметтік облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
1) қолжетімді инфрақұрылым құру (халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды тазарту, санитариялық жағдайларды жақсарту, көлік, энергетика);
2) денсаулық сақтауға, білім беруге, оның ішінде кәсіптік оқытуға, қаржыландыруды алуға және қаржылық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) қолжетімді тұрғынжай салу;
4) халыққа көмек, жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламалар;
5) азық-түлік қауіпсіздігі (оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің еңбек өнімділігін арттыру саласында);
6) қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және оларды дамыту (мүліктік теңсіздікті қысқартуды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағдарламаларын, әйелдер кәсіпкерлігін, гендерлік теңдік саласындағы жобаларды қоса алғанда, активтерге, көрсетілетін қызметтерге, ресурстарға және оларды бақылауға тең құқықпен қол жеткізу, тең құқықпен нарыққа шығу және қоғам өміріне араласу);
7) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының әлеуметтік облигацияларының стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда айқындалған өзге де әлеуметтік жобалар.
5. Орнықты даму облигацияларын шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген тек қана "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс.
6. Орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару кезінде эмитент болашақта алдын ала белгіленген мерзімдерде орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелерін жақсартуға міндеттенеді.
Эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметінің көрсетілген нәтижелері сандық бағалауға, салыстырмалы талдауға және сыртқы бағалауға болатын тиімділіктің өлшенетін түйінді көрсеткіштері түрінде көрсетілуге тиіс.
Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген сипаттамаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне эмитенттің қол жеткізу нәтижелеріне қарай өзгеріп отырады.
Эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін, эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары осы облигацияларды шығарудың шарттары шеңберінде және (немесе) облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада көрсетілуге жатады.
20-2-бап. Сыртқы бағалау (верификация)
1. Эмитенттер "жасыл", әлеуметтік облигациялардың, орнықты даму облигацияларының және орнықты дамумен байланысты облигациялардың, сондай-ақ осы облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттардың негізгі қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан облигацияларды шығару алдында сыртқы бағалауды алу үшін тәуелсіз сарапшыға жүгінеді.
2. "Жасыл" және (немесе) әлеуметтік облигациялар және (немесе) орнықты даму облигациялары және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялар шығарылғаннан және орналастырылғаннан кейін эмитенттер осы облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін сыртқы аудиторлық ұйымды немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ұйымдарды тартады.
3. "Жасыл", әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигациялары мен орнықты дамумен байланысты облигацияларды шығаруға жүргізілген тәуелсіз сыртқы бағалаудың және (немесе) оны верификациялаудың нәтижелері туралы ақпарат тәуелсіз сыртқы бағалау және (немесе) верификациялау нәтижесі алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде эмитенттің интернет-ресурсында ашып көрсетілуге жатады.
Эмитент өзінің интернет-ресурсында эмитенттің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты пайдалану қорытындылары, сондай-ақ орнықты даму саласындағы мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу нәтижелері туралы ақпаратты ашып көрсетуді жүзеге асырады.";
26) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы, орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс.
2. Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органды осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып, осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
3. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы өткізуді жоспарлайтын тұлға уәкілетті органды осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
4. Депозитарлық қолхаттарды шығару қағидаларында депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес беру тәртібі қамтылуға тиіс.";
27) 23-баптың 3-тармағындағы "проспектісінде" деген сөз "шарттарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Эмитент анықталған бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға ықпал ететін барлық әрекетті жасауға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта бастау анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.";
29) 30-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) беру актісіне қол қойған (осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қосылатын акционерлік қоғамды қоспағанда, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам үшін);";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қаржы ұйымы болып табылатын қосылатын акционерлік қоғам қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті органның лицензияның қолданысын тоқтату туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға жүгінуге міндетті.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган эмитентке жібереді.";
30) 31-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу. Төлем агенті. Облигацияларды өтеу";
1-тармақтағы "проспектісінде" деген сөз "шарттарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді (облигацияларды өтеу кезінде төленетін облигациялар бойынша соңғы купондық сыйақыны қоспағанда) эмитент дербес немесе төлем агентінің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттерді қоспағанда, эмитент соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған ақшаны облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған соманы есепке жатқызу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, әрбір облигация ұстаушыға төленуге жататын сома туралы ақпараты бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып аударады.
Орталық депозитарий облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы облигацияларды ұстаушылардың банктік шоттарына аударуды жүзеге асырады.
Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер облигацияларды ұстаушыларға осы эмитенттер шығарған облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны төлеуді дербес жүзеге асыруға құқылы.
Өз облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер орталық депозитарийге әрбір облигация ұстаушыға төлем сомасының мөлшері туралы ақпарат бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны облигацияларды ұстаушыларға төлеу туралы хабарламаны беруге міндетті.
Сәйкестендірілмеген ("жоғалған") облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда, банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар бағалы қағаздар эмитенті осы ұстаушыларға тиесілі төлем сомасын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийге аударуды жүзеге асырады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi эмитенттiң органы өз жарғысына сәйкес қабылдайды.
6. Төлем агентiнің көрсетілетiн қызметтерін пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
1) төлем агентiнiң толық атауы;
2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының тұрған жерi, деректемелері.";
31) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
Орталық депозитарий эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өтегені туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";
32) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Репо операциялар, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттары қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттарын тараптар тиісті шартта айқындайды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарт бас қаржылық келісім түрінде жасалуы мүмкін.
Резиденттер арасында жасалатын бас қаржылық келісімді кәсіптік ұйым әзірлейді. Егер шетелдік тұлға бас қаржылық келісімнің тарапы болып табылса, бас қаржылық келісімді шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеуі мүмкін.
Бас қаржылық келісімде бұдан басқа, тарату неттингін қолдану тәртібі мен шарттары айқындалады.
Тараптар бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттарына, оның ішінде тарату неттингін қолдану тәртібіне және (немесе) шарттарына қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.";
33) 34-бап алып тасталсын;
34) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды орталық депозитарий жүзеге асырады.
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және орналастыру тәртібі, шарттары орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.";
35) 41-бап "қоспағанда," деген сөзден кейін "орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттың бар-жоғы туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
36) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.";
37) 45-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарында белгiленедi.";
38) 47-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін және қызметін жүзеге асыруы мүмкін трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлер және (немесе) дилерлер байқаушы кеңесін құрады.";
39) 48-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақтандыру ұйымына бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қолданылмайды.";
40) 49-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның талап етуі бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";
41) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 53-2-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;";
42) 53-1-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы "нарығына кәсіби қатысушылар ұсынатын" деген сөздер "нарығында ұсынылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады." деген сөздер "тұлғаларға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларына әрекет етуге тыйым салынады.";
43) мынадай мазмұндағы 53-2-баппен толықтырылсын:
"53-2-бап. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері
1. Инвестициялық консультация беру деп дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөнінде инвестициялық ұсынымдар (бұдан әрі – инвестициялық ұсыным) беру бойынша көрсетілетін қызметтер түсініледі.
Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.
2. Инвестициялық ұсыным дара инвесторға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен беріледі.
3. Инвестициялық ұсынымды бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және лицензиаттың ішкі құжаттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкері ғана беруге құқылы.
4. Инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсету кезінде брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері тиісті сақтықпен адал және тек қана клиенттің мүдделері үшін іс-қимыл жасауға міндетті.
Мүдделер қақтығысы туындаған және (немесе) болған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып әрекет етуге міндетті.
5. Брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы:
1) инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу;
2) жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
3) егер клиент осы ұсынымды алған кезде мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығы мен фактілері туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, мүдделер қақтығысы болған кезде қаржы құралымен мәміле жасасуға инвестициялық ұсыным беру нәтижесінде клиент шеккен залалдар үшін жауаптылықта болады.";
44) 54-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған лицензиаттың атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) мен мүшелері;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам түсініледі.";
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) қызметін осы тармақшада санамаланған салаларда жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілген адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
5) өзін басшы лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).
Өтініш берушілер (лицензиаттар) басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Басшы қызметкерлерге және басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.";
"4. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған лицензиаттың атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) өтініш берушінің (лицензиаттың) бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
6) өтініш берушінің (лицензиаттың) өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп басқару органы басшысының және мүшелерінің, атқарушы орган басшысының және мүшелерінің, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.
4-2. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не өтініш беруші (лицензиат) беруі мүмкін.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі басшы қызметкер лауазымын қайтадан келіспей атқаруға құқық береді және мынадай:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына келісілген кандидат келісім алынған немесе басшы қызметкер лауазымынан босатылған (өкілеттіктері тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындалмаған (сайланбаған);
2) уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Басшы қызметкер лауазымына кандидат уәкілетті органның келісуінсіз тиісті функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын, өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органның келісуінсіз тиісті функцияларды жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктеу жағдайларын қоспағанда, басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі жоқ адамның өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмағанда оны алмастыруына) тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Тәуелсіз директор болып табы