Мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас дерекқорын жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1009 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 1183 Қаулысымен

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының пайдасына шығарылған 2004 жылғы 18 мамырдағы шешiмiн орындау үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 38155326 (отыз сегіз миллион бiр жүз елу бес мың үш жүз жиырма алты) теңге бөлiнсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі