Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 106 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1373 Қаулысымен

      Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрi дамыту, басқа мемлекеттерден келетiн жүк-жолаушы легiн көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Талдықорған облысындағы "Достық" автомобиль өткiзу пунктi".
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi