Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы N 1407-XII Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заңның атауы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.
       Ескерту. Заң мәтiнiндегi "IIМ" және "Қазақстан Республикасы IIМ" деген сөздер алып тасталды - ҚР 2001.12.24 N 274, Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, мәтiн бойынша сөздер ауыстырылды - 2004.12.29 N 26, бүкіл мәтін бойынша "ішкі әскерлері", "ішкі әскерлер", "ішкі әскерлерді", "ішкі әскерлердегі", "ішкі әскерлерінің", "ішкі әскерлердің", "ішкі әскерлерге" деген сөздер тиісінше "Ішкі әскерлері", "Ішкі әскерлер", "Ішкі әскерлерді", "Ішкі әскерлердегі", "Ішкі әскерлерінің", "Ішкі әскерлердің", "Ішкі әскерлерге" деген сөздермен, "әскери-оқу орындарында" деген сөздер тиісінше "әскери оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылып, ", прапорщиктерге", ", прапорщиктер", ", прапорщиктерді", ", прапоршиктердің", ",прапорщиктерін" деген сөздер алынып тасталды - 2007.07.06 N 277 (орыс тіліндегі мәтінге түрлі септіктердегі "әскери қызмет" деген сөздерге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді), бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

1 бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
              Ішкі әскерлері

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкi әскерлерi (бұдан әрi - Ішкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
      Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.09 N 307, өзгерту енгізілді - 2001.12.24 N 274 Заңдарымен.

      2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi

      Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады:
      - маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
      - сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету;
      - сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
      - қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық тәртіптің жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарымен бірлесіп қатысу, террористік операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;
      - соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      - заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;
      - ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, терроризм актілерін, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату;
      - Қазақстан Республикасының заңдарымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.
      Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды:
      Ішкi әскерлердi әскери басқару органдары;
      оперативтiк мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер;
      маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету жөнiндегi арнайы әскери бөлiмдер;
      түзеу мекемелерiн күзету және айдап апару жөнiндегi құрамалар мен әскери бөлiмдер;
      арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер;
      арнайы мақсаттағы бөлiмшелер;
      Ішкi әскерлердiң әскери полициясы;
      Ішкi әскерлердiң әскери оқу орны;
      Ішкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер жүзеге асырады.
      Ішкi әскерлердi өздеріне заңдарда жүктелмеген міндеттерді орындау ісіне қатыстыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар жарлығымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2008.06.24 N 46-IV (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасы Ішкi әскерлерi
              қызметiнiң құқықтық негiзi

      Ішкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды.
      Ішкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 Заң күші бар жарлығымен.

      4-бап. Iшкi әскерлер қызметiн ұйымдастырудың
              принциптерi мен негiздерi

      Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам хұқығын сақтау және дара басшылық принциптерi арқылы жүзеге асырылады.
      Әскерлердi тiкелей басқаруды - Ішкi әскерлер Қолбасшысы жүзеге асырады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және төтенше жағдайлар кезiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөнiндегi мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға оперативтiк бастықтар болып табылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, Қ Р 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.

      5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын
              жүргiзу тiлi

      Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.12.09 N 307 Заңымен.

      6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы

      Iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен.

2 бөлiм. Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының
Ішкi әскерлерге басшылық жасау жөнiндегi өкiлеттiгi

      7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi

      Қазақстан Республикасының Президентi:
      - соғыс кезiнде Ішкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды;
      - Ішкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен  босатады;
      - Ішкi әскерлердегі мерзімді әскери қызметке адамдарды кезекті шақыру туралы және мерзімді қызметтің белгіленген уақытын атқарған Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін запасқа жіберу туралы жарлық шығарады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 2001.06.11 N 208 Заңымен.

      8-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - Ішкi әскерлердiң құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекiтедi;
      - Ішкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, Ішкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
      - Ішкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттiк объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды; V053931
      - берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi;
      - Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады;
      - Ішкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      - Ішкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады;
      - келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi

      Iшкi iстер министрi:
      Ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады;
      Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен Ішкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
      Республика Үкiметiнiң қарауына Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      Ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде айқындайды;
      Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады;
      Ішкі әскерлердің мерзімді әскери қызметшілерді шақыруды және Ішкі әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етеді;
      Ішкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерін мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;
      Iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және "полковник" әскери атағын береді.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.06.11 N 208, 2007.07.06 N 277, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы

      Ішкі әскерлер қолбасшысы:
      Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады;
      әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді;
      бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады;
      Ішкі істер министріне Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
      әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүліктің қабылдануын қамтамасыз етеді, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады.
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын, құрамалардың командирлері мен әскери оқу орындарының бастықтарын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс жасайды.
      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.06.11 N 208, өзгерту енгізілді - 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың) жергiлiктi атқарушы органдары

      Жергiлiктi атқарушы органдар:
      - өз құзыретi шегiнде Ішкi әскерлердiң құрамаларын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қарамағындағы аумақта құрып, орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi ұсыныстарын қарауға қатысады;
      - Ішкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;
      - Ішкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командованиесiне Ішкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi.
      - осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын Ішкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      12-бап. Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер,
               ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар

      Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар Ішкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi.
      Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы Ішкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi.
      Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.

      13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың
               және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң
               бастықтары

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары:
      Iшкi iстер министрiнiң рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi Ішкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн пайдаланады;
      құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп Ішкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды;
      әскери бөлiмдер мен Ішкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды;
      iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің тіршілігіне тиiстi жағдайлар туғызады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi
 
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекiтетiн Ережеге сәйкес Ішкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады.
      Әскери кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
      Әскери кеңес Ішкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      15-бап. Iшкi әскерлердiң комитеті

      Ішкі әскерлер комитеті бейбіт уақытта және соғыс уақытында Ішкі әскерлерді әскери басқару органы болып табылады және әскерлердi тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға, Ішкі әскерлердің құрылысы мен дамуы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға, олардың ұйымдық-штат құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iстерiн ұйымдастыруға арналған.
      Бейбiт уақытта Штабтар бастықтары комитетімен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.24 N 274, тақырыбына және мәтініне өзгерту енгізілді - 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

3 бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет

      16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары

      Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.
      Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады.
      Iшкi әскерлер қызметкерлерінің еңбек жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет

      Ішкi әскерлер жеке құрамымен "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эксаумақтық және аумақтық принциптер ұштастырыла отырып жасақталады. Z050074
      Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбi Әскери қызметтi өткеру ережелерімен, әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады.
      Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери ант қабылдайды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.12.09 N 307, 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
               хұқылық жағдайы

      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi.
      Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актiлерiмен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады.
      Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерге жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенін куәландыратын жеке бастың куәлігі беріледі.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.

      19-бап. Ішкі әскерлер кадрларын даярлау және кәсіптік
               деңгейін көтеру

      Сарбаздар мен сержанттарды (старшиналарды) даярлау Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің және Қарулы Күштерінің оқу бөлімдерінде (орталықтарында) жүзеге асырылады.
      Ішкі әскерлер үшін офицерлерді даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарында шарттық негіздерде жүзеге асырылады.
      Ішкі әскерлердің офицер құрамының және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің кәсіптік деңгейін көтеру әскери оқу орындарында, офицер құрамының біліктілігін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.

      20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
               жауапкершiлiгi

      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай хұқық бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi.
      Азаматтар Ішкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.29 N 26 Заңымен.

  4 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi
мен хұқықтары

      21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi

      Iшкi әскерлердiң жеке құрамына:
      - Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдаған кезде арнаулы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету;
      - күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;
      - сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін еңбекпен түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге айдап апару және одан кері әкелу, бұл объектілерді оларда сотталғандар жұмыс істеген уақытта күзету;
      - сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшелері болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтінімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және оған кері қарай айдап апару;
      - Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;
      - патрульдiк-күзет қызметiн атқару жолымен қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;
      - жаппай қоғамдық-саяси, спорт және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;
      - дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың хұқылық режимiн ұстау;
      - ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетінен қашқан адамдарды іздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген не аса ауыр қылмыстар жасаған
адамдарды іздеуге ішкі істер органдарына көмек көрсету;
      - Ішкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға жеке құрамын, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;
      - жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;
      - заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргізу;
      - терроризмге қарсы операцияны жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу жүктеледі.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277, 2008.06.24 N 46-IV (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

      22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
               негiзгi хұқықтары

      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi:
      1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, Ішкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;
      2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;
      3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде Ішкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткiзу;
      4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды Ішкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткiзу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;
      5) Ішкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;
      6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;
      7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);
      8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;
      9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;
      10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану;
      11) терроризмге қарсы операцияға және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану.
      Осы Заңға сәйкес Ішкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.12.09 N 307, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

5 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету шараларын қолдану

      23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi
               және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi

      Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы. Ішкі әскерлердің қару-жарағына кіретін қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрілері, арнайы құралдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. P011375
      Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдары қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.
      Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.
      Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.
      Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1992.12.23, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      24-бап. Қол күшiн қолдану

      Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы.

      25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану

      Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi Ішкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
      1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдары қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;
      3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды табу және ұстау үшiн;
      4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;
      5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткiзу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдары
қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;
      6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;
      8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;
      9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi Ішкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;
      10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.
      Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      26-бап. Қаруды қолдану және әскери техниканы пайдалану

      Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және әскери техниканы айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
      1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;
      2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;
      3) (алып тасталды)
      4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;
      5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;
      6) бұлтартпау шаралары қолданылып тұтқынға алынған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн;
      7) еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде.
      Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:
      1) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;
      2) (алып тасталды)
      Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға және олардың жасы белгілі немесе айқын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
      Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.03.17 N 2122; 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлықтарымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

6 бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi
мiндеттердi орындауға Ішкi әскерлердi қатыстыру

      27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан
               жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру

      Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртiбiн әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, жеке құрамының жаттығуы мен демалуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, Iшкi iстер министрiнiң келiсiмі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары және әскери бөлiмдер командирлерi белгiлейдi.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 1992.12.23, өзгерту енгізілді - 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.

      28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс
               жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру

      Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операцияға қатысу және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, терроризм актілерін, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң жеке құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
      Бұл орайда офицерлердiң, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға есептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.12.09 N 307, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

7 бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн
хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау

      29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды
               талаптарының орындалу мiндеттiлiгi және лауазымды
               адамдар мен азаматтардың осы Заңды бұзғаны үшiн
               жауаптылығы

      Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
      Осы Заңды орындамау, Ішкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартуға әкеп соғады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде Ішкi
               әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы

      Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.

      31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен
               босаған кездегi сот қорғауына хұқығы

      Офицерлер және келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер Ішкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.

      32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан
               (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда,
               оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн
               кепiлдiктер

      Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
      Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1993.04.08 Заңымен, 1997.06.19 N 134 (1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi), 2001.10.10 N 247 (2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
               тұрғын алаңмен қамтамасыз ету

      Офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге тұрғын үй "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
      Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.
      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын үйелмен мүшелерiне заң талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын жайлар (жатақхана) берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
      Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөнiндегi мiндет облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледi.
      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi үйелменiнiң есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.04.02 N 88, 1997.07.11 N 154, 1998.12.09 N 307, 1999.04.07 N 374, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      34-бап. Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жол жүруі
                жөніндегі жеңілдіктері

      Ескерту. 34-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

      35-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң үйелмен
                мүшелерiне жасалатын әлеуметтiк жеңiлдiктер

      Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін
               медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету

      Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.09 N 307 Заңымен.

      37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен
               олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау

      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 Заң күші бар жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274; 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

  8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

      38-бап.Iшкi әскердi қаржыландыру

      Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.22 N 327 (1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді), өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.

      39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық
               жағынан қамтамасыз ету

      Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.
      Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, жеке құрамды, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөнiндегi мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) Ішкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал Ішкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, Ішкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.
      Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаттарының және Ішкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың есебiнен жүргiзiледi.
      Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн Ішкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
      Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған Ішкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси, шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.12.21 N 2708 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

      40-бап. Қаржылық бақылау

      Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi