1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
ішкі әскерлері <*>
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері (бұдан әрі - ІІМ ішкі әскерлері) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған әскери құрама болып табылады.
Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады. ЕСКЕРТУ. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307-I Заңымен. Z980307_ 2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады: - маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету; - түзеу мекемелерiн күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару; <*>
- қоғамдық тәртiптi сақтауда, елдi мекендерде қоғамдық тәртiптiң жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың хұқылық режимiн қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу; <*>
- соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде
жекелеген мiндеттердi орындау. Iшкi әскерлердi өздерiне заңдарда жүктелмеген мiндеттердi орындау iсiне қатыстыруға тыйым салынады. ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 2-баптың 3-ші азатжолы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ 3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды. IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады. <*> ЕСКЕРТУ. 3-бап Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығының редакциясында берілген. 4-бап. Iшкi әскерлер қызметiн ұйымдастырудың принциптерi мен негiздерi
Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам хұқығын сақтау және дара басшылық принциптерi арқылы жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының бірыңғай жүйесiне енедi. Әскерлердi тiкелей басқаруды - iшкi әскерлер Қолбасшысы жүзеге асырады. <*>
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi және облыстар iшкi
iстер басқармаларының бастықтары өздерiнiң қарамағындағы аумақта орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және төтенше жағдайлар кезiндегi мiндеттердi орындайтын iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерi жөнiндегi аға оперативтiк бастықтар болып табылады. <*> ЕСКЕРТУ. 4-баптың 2 бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ ЕСКЕРТУ. 4-баптың 4-ші бөлігі өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208 Заңымен. Z010208_ 5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу тiлi
Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ
қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*> ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ 6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. <*> ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ II бөлiм. Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының iшкi әскерлерге басшылық жасау жөнiндегi өкiлеттiгi 7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Президентi: - соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды; - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады. <*> - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады; ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208 Заңымен. Z010208_ 8-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi <*> Қазақстан Республикасының Үкiметi: <*>
- iшкi әскерлердiң құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын, Әскери қызметті өтеу туралы ереженi және Ішкі әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы туралы ереженi бекiтедi; <*>
Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi Қолбасшысының ұсынуы бойынша iшкi әскерлер Қолбасшысы орынбасарларын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады;
- iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
- iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттiк объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды;
- берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi;
- iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы)
адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi. ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 8-баптың 2-ші азатжолы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ 9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi: - iшкi әскерлердi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметкерлермен жасақтауды жүзеге асырады; - әскери-оқу орындарында офицерлер даярлауға көмектеседi; <*> ЕСКЕРТУ. 9-баптан 4 абзац алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ 10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi <*> Iшкi iстер министрi:
ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады; <*>
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен iшкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
Республика Үкiметiнiң қарауына iшкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;
Республика Үкiметiне iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыным енгiзедi;
Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын белгілейді және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде бекітеді; <*>
ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады; <*>
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды бекітеді; <*>
ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және "полковник" әскери атағын береді; <*>
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес IIМ-iнiң iшкi әскерлерi офицерлерiнiң әскери қызмет атқару мәселелерiн шешедi, оларды құрама командирiне дейiнгi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, оларға бастапқы әскери атақтан бастап полковник атағын қоса әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады;
жауынгерлiк және өзге техника мен басқа да мүлiктi әскерлердi
жарақтандыруға (жабдықтауға) қабылдайды, жарамсыз күйге келген немесе жоғалған материалдық құндылықтарды және әскери (бюджеттiк) есептегi ақшалай қаражаттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептен шығарады. <*> ЕСКЕРТУ. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 10-баптың 5-ші азатжолы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208 Заңымен. Z010208_ 10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы <*> Ішкі әскерлер қолбасшысы: ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады;
әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді;
бұйрықтар, директивалар, өкімдер шығарады және құрамалардың, әскери бөлімдерінің штаттарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады;
Ішкі істер министріне ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлікті қабылдайды, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады.
ЕСКЕРТУ. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2001.06.11. N 208 Заңымен. Z010208_
11-бап. Атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары
Атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары:
- өз құзыретi шегiнде iшкi әскерлердiң құрамаларын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қарамағындағы аумақта құрып, орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi ұсыныстарын қарауға қатысады; <*>
- iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, әскери қызметшiлер үшiн белгiленген нормалар мен жеңiлдiктерге сәйкес офицерлерге, прапорщиктерге және мерзiмнен тыс қызметтегi қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;
- iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командованиесiне iшкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208
Заңымен. Z010208_
12-бап. Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер,
ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар
Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi.
Көлiк және коммуникация министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, ведомстволары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы iшкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi. <*>
Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_
13-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика
астанасы iшкi iстер басқармаларының бастықтары <*>
Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы iшкi iстер басқармаларының бастықтары: <*>
Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерi Қолбасшысының рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi арнайы моторландырылған полиция бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың (жағдаяттардың) зардаптарын жою үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдаяттардың зардаптарын жою үшiн пайдаланады; <*>
құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және арнайы моторландырылған полиция бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды; <*>
түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен арнайы моторландырылған полиция бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды; <*>
түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң тiршiлiгіне, сондай-ақ iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген IIМ-iнiң iшкi әскерлерi бөлiмдерiне тиiстi жағдайлар туғызады; <*>
әскерлер күзететiн объектiлердi инженерлiк-техникалық құралдармен
жабдықтау, күзет үй-жайларын, әскери қалашықтар салып, оларды көркейту мен жөндеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; түзеу мекемелерiн күзетудi жүзеге асыратын бөлiмдер мен бөлiмшелердiң офицерлерiн, прапорщиктерiн, мерзiмнен тыс қызметтегi қызметшiлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу жөнiндегi шараларды қолданады. <*> <*> ЕСКЕРТУ. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ ЕСКЕРТУ. 13-баптың 2, 3, 4, 5 және 7-ші азатжолдары өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208 Заңымен. Z010208_ 14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады. Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады. 15-бап. Iшкi әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы <*> Iшкi әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы: - әскерлердi тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға;
- республикадағы қоғамдық-саяси, оперативтiк жағдайдың деректерiн жинап, талдауға, солардың негiзiнде жүктелген қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердiң дер кезiнде орындалуын қамтамасыз етуге;
- әскерлердегi оралымды және жауынгерлiк әзiрлiкке, оқу-тәрбие процестерiне басшылық жасауға;
- әскерлер үшiн әскерге шақырылғандарды iрiктеудi, адам құрамының есебiн алуды ұйымдастыруға, құрамалар мен әскери бөлiмдердiң штабтарына оның жай-күйi мен нақты жағдайына тұрақты бақылау жүргiзiп, жүзеге асыру үшiн негiзгi принциптердi белгiлеуге;
- әскерлерде тәрбие және әлеуметтiк-құқылық жұмыстарды ұйымдастыруға;
- кадрларды iрiктеп, орналастыруға және тәрбиелеуге;
- әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiн қамтамасыз етудiң барлық
түрiн ұйымдастыруға; - бейбiт жағдайлар мен соғыс кезiнде әскерлердi басқару iсiн ұйымдастыруға арналған. Бейбiт кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабымен бiрге бiрлескен iс-қимыл нұсқаларын жоспарлайды. <*> ЕСКЕРТУ. 15-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ III бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет 16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден, қызметшiлерден және жұмысшылардан тұрады.
Iшкi әскерлерде мiндеттi әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атағы, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген жалпы әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады.
Iшкi әскерлер жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызмет бабындағы жұмысы еңбек туралы заңдармен реттеледi.
17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет
Iшкi әскер адам құрамымен "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік шақыру және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шақыру бойынша, сондай-ақ аумақтан тыс және аумақтық принциптер ұштастырылған жағдайда келісім-шарт бойынша жасақталады. <*>
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбi Әскери қызметтi атқару туралы ережемен, жалпы әскерлiк жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады.
Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери Ант қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09.
N 307 Заңымен. Z980307_
18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
хұқылық жағдайы
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi.
Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актiлерiмен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады.
Офицерлерге, прапорщиктерге, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге жеке басын, қызмет жағдайын және мiндеттi әскери қызметте жүргенiн куәландыратын жеке бастың куәлiгi берiледi.
19-бап. Iшкi әскерлер кадрларын даярлау
Iшкi әскерлер үшiн офицерлер даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ шарттық жағдаймен басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында жүзеге асырылады.
Прапорщиктердi, сержанттарды (старшиналарды) және маман-солдаттарды даярлау iшкi әскерлердiң оқу бөлiмдерiнде жүзеге асырылады. Iшкi әскерлер офицер құрамының кәсiптiк деңгейiн көтеру әскери оқу орындарының факультеттерiнде, кафедралары мен курстарында жүзеге асырылады.
20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
жауапкершiлiгi
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай
хұқық бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады. Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Заңда белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi. Азаматтар iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады. IV бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мен хұқықтары 21-бап. Iшкi әскерлер адам құрамының мiндеттерi Iшкi әскерлердiң адам құрамына:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тiзбесiнде көзделген мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi тасымалдаған кезде арнаулы жүктердi және түзеу мекемелерiн сенiмдi күзетудi қамтамасыз ету; <*>
- күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;
- сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін еңбекпен түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге айдап апару және одан кері әкелу, бұл объектілерді оларда сотталғандар жұмыс істеген уақытта күзету; <*>
- сотталған және қамауға алынған адамдарды, егер әскери қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшесі болса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ әскери соттардың сот отырысына олардың өтінімі бойынша айдап апару;
- Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;
- патрульдiк-күзет қызметiн атқару жолымен қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;
- жаппай қоғамдық-саяси, спорт және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;
- дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың хұқылық режимiн ұстау;
- еңбекпен түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан сотталғандарды iздеуге қатысу және тергеу изоляторларынан қашқан немесе аса қауiптi қылмыс жасаған адамдарды iздеуге iшкi iстер органдарына көмек көрсету;
- iшкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға адам құрамын, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау жүктеледi.
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_
ЕСКЕРТУ. 21-баптың 4 және 5-абзацтары жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_
ЕСКЕРТУ. 21-баптың 2-ші азатжолынан сөз алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_
22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
негiзгi хұқықтары
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi:
1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, iшкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;
2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;
3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткiзу;
4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткiзу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу; <*>
5) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;
6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;
7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);
8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;
9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери
патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру; 10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру және өзге де төтенше жағдайлар туралы халыққа хабарлау үшiн бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану. Осы Заңға сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы. <*> ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ V бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету шараларын қолдану 23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы.
Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдарының қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi. <*>
Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi. Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi. Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен. 24-бап. Қол күшiн қолдану Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы. 25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн; <*> <*>
2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;
3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды ұстау үшiн;
4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткiзу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдарының қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн; <*>
6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;
8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн; <*>
9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;
10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.
Арнаулы құралдар ретiнде мыналар қолданылуы мүмкiн:
- резина таяқтар - осы баптың 1, 2, 6, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- көзден жас ағызатын газ - осы баптың 1, 2, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- қолкiсендер - осы баптың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген реттерде. Қолкiсен болмаған жағдайда әскери қызметшi қолды байлауға болатын басқа құралдарды пайдалануға хұқылы;
- әсер ететiн жарық-дыбыстық құралдар - осы баптың 1, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- тосқауылды бұзу құралдары - осы баптың 4 және 7-тармақтарында көзделген реттерде;
- көлiктi ерiксiз тоқтату құралдары - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде;
- су атқылағыштар және бронды машиналар - осы баптың 4, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген реттерде, тек қана әскери бөлiм командирi немесе оның орынбасары нұсқау берiп, содан кейiн оны қолданған кезден бастап 24 сағаттың iшiнде прокурорға хабар берiлсе;
- арнаулы бояғыш құралдар - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде. Күзетiлетiн меншiк объектiлерiнде меншiк иесiнiң немесе оның өкiлiнiң келiсiмiмен арнайы бояғыш құрал орнатылады;
- қызметтiк иттер - осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 10-тармақтарында көзделген реттерде.
Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдардың толық тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23.
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_
ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09.
N 307 Заңымен. Z980307_
ЕСКЕРТУ. 25-баптың 1), 8)-тармақшалары өзгерді - Қазақстан
Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_
26-бап. Қаруды қолдану және ұрыс техникасын пайдалану
Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және ұрыс техникасын айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн; <*> <*>
2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде; <*>
3) <*>
4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;
5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн; <*>
6) бұлтартпау шаралары қолданылып қамауға алынған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн; <*>
7) еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде. <*>
(II-бөлік) <*>
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:
1) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн; <*>
2) <*>
Олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адамдар алған, әуе кемесін басып алған немесе топтасып шабуыл жасаған кездерден басқа уақытта әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады. <*>
Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына
хабарланып, рапорт жазылады. Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерi қаруланған атыс қаруының, ұрыс техникасы мен оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*> ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.03.17. N 2122 Жарлығымен. U952122_ ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 26-баптың 1)-тармақшасы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ VI бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға iшкi әскерлердi қатыстыру 27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртiбiн әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, адам құрамының оқуы мен дем алуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, iшкi әскерлер Қолбасшысының келiсiмi бойынша iшкi iстер басқармаларының бастықтары және әскери бөлiмдердiң командирлерi белгiлейдi. <*> ЕСКЕРТУ: 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.23. Заңымен. 28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру
Оперативтiк мақсаттағы құрамаларымен әскери бөлiмдердi және полицияның арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жерде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың хұқылық режимiн қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарына көмек көрсетуге және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. <*>
Әскери бөлiмдердi осы баптың бөлiгiнде көрсетiлген мiндеттердi атқаруға қатыстыру уақыты үш айдан аспауға тиiс. Бұл орайда офицерлердiң, прапорщиктердiң, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға есептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi. ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ VII бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау 29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды талаптарының орындалу мiндеттiлiгi және лауазымды адамдар мен азаматтардың IIМ-iнiң iшкi әскерлер туралы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылығы <*> Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. "Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлер туралы" Заңды орындамау, iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде жауапқа тартуға әкеп соғады. <*> ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ 30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады. 31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен босаған кездегi сот қорғауына хұқығы Офицерлер, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы. 32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету, сақтандыру және қаза болған немесе жарақат алған жағдайда зиянды өтеу <*>
Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын, прапорщиктерiн, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiн, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. <*>
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң, сондай-ақ арнайы құрылған қорларға түсетiн қаражаттардың есебiнен iшкi әскерлердiң барлық әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда мiндеттi түрде жеке сақтандыруға жатады. <*>
Офицердiң, прапорщиктiң, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiнiң, контракт бойынша ерiктiлiк негiзiнде қызмет атқарып жүрген адамдар қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде қаза тапқан ретте қаза тапқан адамның үйелменiн немесе оның қамқорлығындағы адамдарға соңғы лауазымы бойынша он жылдық ақшалай мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi және асыраушысынан айырылуына байланысты қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiп пен мөлшерде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады, ал қаза тапқан мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiнiң үйелменiне Қазақстан Республикасы бойынша жұмысшылар мен қызметшiлердiң орташа айлық жалақысының он жылдық сомасы мөлшерiнде ақы төленедi. <*>
Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнен басқа адамдардың заңсыз әрекеттерi себептi жарақат алған немесе денсаулығынан айрылған, әскери қызметтi өтеуге байланысты жазатайым жағдайларға ұшыраған, ауруға шалдыққан жағдайларда офицерлерге, прапорщиктерге, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген адамдарға келтiрiлген зиян мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы сомасынан артық бөлiгi жеке мемлекеттiк сақтандыру қаржылары есебiнен толық көлемiнде төленедi, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасындағы жұмысшылар мен қызметшiлердiң жылдық орташа айлық жалақысы есебiнде өтем төленедi. <*>
Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян республика бюджетiнiң қаржысынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
Ескерту. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1993.04.08.
Заңымен.
Ескерту. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
N 134-I Заңымен. Z970134_
33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
тұрғын алаңмен қамтамасыз ету
Офицерлерге, прапорщиктерге, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын алаңды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар мен тәртiп бойынша объектiлерiн iшкi әскерлер күзетiп тұрған жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары, тиiстi министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар бөледi. <*>
Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер, прапорщиктер мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын үйелмен мүшелерiне заң талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын жайлар (жатақхана) берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді. <*>
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) республика бюджетiнiң қаржылары есебiнен жеке және кооперативтiк тұрғын үй салу үшiн мерзiмi 20 жылға созылатын сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленбеген несие алып, берiлген несиенiң 50 процентiн өтеуге хұқылы. <*>
Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөнiндегi мiндет жергiлiктi атқарушы және өкiмшi органдарға жүктеледi.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi үйелменiнiң есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа
тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды. <*> ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгердi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N 88 Заңымен. Z970088_ ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен. Z970154_ ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгерді және 7-бөлігі жаңа сөйлеммен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ ЕСКЕРТУ. 33-баптың 4-бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен. Z990374_ 34-бап. Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жол жүруі жөніндегі жеңілдіктері <*> Жергілікті өкілді органдар тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ішкі әскердің әскери қызметшілерін қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуден тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен босатуға құқылы. ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен. Z990374_ 35-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң үйелмен мүшелерiне жасалатын әлеуметтiк жеңiлдiктер
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң балалары үшiн мектеп жасына дейiнгi мекемелерден орындарды жергiлiктi органдар, министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер бередi.
Министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және
мекемелерге қарасты мектеп жасына дейiнгi мекемелерден орындарды iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң пайдаланғандығы үшiн төлем ақы мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады. <*> ЕСКЕРТУ. 35-баптың 3 бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен. Z970134_ 36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету <*> ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ 37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне жеңiлдiктердiң қолданылу тәртiбi
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн
әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғау жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң ережелерi iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiп бойынша толық көлемiнде қолданылады, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, атқарушы және өкiмшi органдар iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғаудың тiкелей осы Заңда көзделмеген өзге де кепiлдiктерiн белгiлей алады. VIII бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету 38-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін қаржыландыру <*> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгердi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 38-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 327 Заңымен. Z980327_ 39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа ұрыс техникасымен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi. <*>
Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, адам құрамын, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөнiндегi мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал полицияның оперативтiк бөлiмдерiмен арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы атқарушы және өкiмшi органдар бөледi немесе салады. Жергiлiктi әкiмшiлiктер, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi. <*> <*>
Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджеттiк қаражаттың, iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi.
Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси, спорт және өзге де шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және
жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен жергiлiктi бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi. <*> ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_ ЕСКЕРТУ. 39-баптың 3-ші бөлігі өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_ 40-бап. Қаржылық бақылау <*> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бақылайды. ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар Жарлығымен. U952708_ ЕСКЕРТУ. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 327 Заңымен. Z980327_ Қазақстан Республикасының Президентi