Ескерту. Заңның атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. заң күші бар N 2708
Жарлығымен.
Ескерту. Заң мәтiнiндегi "IIМ" және "Қазақстан Республикасы IIМ" деген сөздер алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 274
Заңымен
, Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, Мәтiн бойынша
сөздер ауыстырылды - 2004.12.29.
N 26
Заңымен.
1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
ішкі әскерлері
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
,
өзгеріс енгізілді - 2001.12.24. N
274
Заңдарымен.
2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады:
- маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
- түзеу мекемелерiн күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
- қоғамдық тәртiптi сақтауда, елдi мекендерде қоғамдық тәртiптiң жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың хұқылық режимiн қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;
- соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
- заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;
- ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актілердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.
Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды:
iшкi әскерлердi әскери басқару органдары;
оперативтiк мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер;
маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету жөнiндегi арнайы әскери бөлiмдер;
түзеу мекемелерiн күзету және айдап апару жөнiндегi құрамалар мен әскери бөлiмдер;
арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер;
арнайы мақсаттағы бөлiмшелер;
iшкi әскерлердiң әскери полициясы;
iшкi әскерлердiң әскери оқу орны;
iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер жүзеге асырады.
Ішкi әскерлердi өздеріне заңдарда жүктелмеген міндеттерді орындау ісіне қатыстыруға тыйым салынады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N
360
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерi
қызметiнiң құқықтық негiзi
Ішкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды.
Ішкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.
Ескерту. 3-бап Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 Заң күші бар
жарлығының
редакциясында берілген.
4-бап. Iшкi әскерлер қызметiн ұйымдастырудың
принциптерi мен негiздерi
Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам хұқығын сақтау және дара басшылық принциптерi арқылы жүзеге асырылады.
Әскерлердi тiкелей басқаруды - iшкi әскерлер Қолбасшысы жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және төтенше жағдайлар кезiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөнiндегi мiндеттердi орындайтын iшкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға оперативтiк бастықтар болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 1999.04.05. N
360
, 2001.06.11. N
208
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс
қағаздарын жүргiзу тiлi
Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307
Заңымен.
6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы
Iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен.
2 бөлiм. Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының
iшкi әскерлерге басшылық жасау жөнiндегi
өкiлеттiгi
7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасының Президентi:
- соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды;
- iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;
- iшкi әскерлердегі мерзімді әскери қызметке адамдарды кезекті шақыру туралы және мерзімді қызметтің белгіленген уақытын атқарған ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін запасқа жіберу туралы жарлық шығарады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, ҚР Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208
Заңымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- iшкi әскерлердiң құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын, Әскери қызметті өтеу туралы ереженi бекiтедi;
- Қазақстан Республикасы Ішкi істер министрінің ұсынуы бойынша iшкi әскерлер Қолбасшысы орынбасарларын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және әскери қызметтен шығарады;
- iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
- iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттiк объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды;
- берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi;
- iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады;
- iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N
360
,
2001.12.24. N
274
, 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
- iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келiсiм-шарт бойынша және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады;
- әскери-оқу орындарында офицерлер даярлауға көмектеседi.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 274
Заңымен.
10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi
Iшкi iстер министрi:
ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен iшкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
Республика Үкiметiнiң қарауына iшкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;
Республика Үкiметiне iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыным енгiзедi;
Ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын белгілейді және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде бекітеді;
ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды бекітеді;
iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;
ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және "полковник" әскери атағын береді.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N
360
, 2001.06.11. N
208
Заңдарымен.
10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы
Ішкі әскерлер қолбасшысы:
ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады;
әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді;
бұйрықтар, директивалар, өкімдер шығарады және құрамалардың, әскери бөлімдерінің штаттарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады;
Ішкі істер министріне ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлікті қабылдайды, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады.
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208
Заңымен.
11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдары
Жергiлiктi атқарушы органдар:
- өз құзыретi шегiнде iшкi әскерлердiң құрамаларын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қарамағындағы аумақта құрып, орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi ұсыныстарын қарауға қатысады;
- iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге, прапорщиктерге және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;
- iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командованиесiне iшкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi.
- осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N
208
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
12-бап. Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер,
ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар
Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi.
Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы iшкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi.
Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының
2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың
және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң
бастықтары
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары:
Iшкi iстер министрiнiң рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн пайдаланады;
құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды;
түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды;
түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң тiршiлiгіне, сондай-ақ iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген IIМ-iнiң iшкi әскерлерi бөлiмдерiне тиiстi жағдайлар туғызады;
әскерлер күзететiн объектiлердi инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтау, күзет үй-жайларын, әскери қалашықтар салып, оларды көркейту мен жөндеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
түзеу мекемелерiн күзетудi жүзеге асыратын бөлiмдер мен бөлiмшелердiң офицерлерiн, прапорщиктерiн, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу жөнiндегi шараларды қолданады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
,
өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 1999.04.05. N
360
, 2001.06.11. N
208
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi
Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады.
Әскери кеңестің құрамын Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 274
Заңымен.
15-бап. Iшкi әскерлердiң Бас штабы
Iшкi әскерлердiң Бас штабы iшкi әскерлердi әскери басқарудың негiзгi органы болып табылады және әскерлердi тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға, iшкі әскерлердің құрылысы мен дамуы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға, олардың ұйымдық-штат құрылымын жетiлдiруге, iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iстерiн ұйымдастыруға арналған.
Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабымен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 274
Заңымен.
16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары
Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден, қызметшiлерден және жұмысшылардан тұрады.
Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген жалпы әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады.
Iшкi әскерлер жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызмет бабындағы жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.
N 26
Заңымен.
17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет
Ішкi әскерлер адам құрамымен "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" және
"Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эксаумақтық және аумақтық принциптер ұштастырыла отырып жасақталады.
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбi Әскери қызметтi атқару туралы ережемен, жалпы әскерлiк жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады.
Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери Ант қабылдайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 2001.12.24. N
274
Заңдарымен.
18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
хұқылық жағдайы
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi.
Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актiлерiмен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады.
Офицерлерге, прапорщиктерге, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге жеке басын, қызмет жағдайын және мiндеттi әскери қызметте жүргенiн куәландыратын жеке бастың куәлiгi берiледi.
19-бап. Iшкi әскерлер кадрларын даярлау
Iшкi әскерлер үшiн офицерлер даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ шарттық жағдаймен басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында жүзеге асырылады.
Прапорщиктердi, сержанттарды (старшиналарды) және маман-солдаттарды даярлау iшкi әскерлердiң оқу бөлiмдерiнде жүзеге асырылады. Iшкi әскерлер офицер құрамының кәсiптiк деңгейiн көтеру әскери оқу орындарының факультеттерiнде, кафедралары мен курстарында жүзеге асырылады.
20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
жауапкершiлiгi
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай хұқық бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi.
Азаматтар iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.
N 26
Заңымен.
21-бап. Iшкi әскерлер адам құрамының мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң адам құрамына:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тiзбесiнде көзделген мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi тасымалдаған кезде арнаулы жүктердi және түзеу мекемелерiн сенiмдi күзетудi қамтамасыз ету;
- күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;
- сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін еңбекпен түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге айдап апару және одан кері әкелу, бұл объектілерді оларда сотталғандар жұмыс істеген уақытта күзету;
- сотталған және қамауға алынған адамдарды, егер әскери қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшесі болса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ әскери соттардың сот отырысына олардың өтінімі бойынша айдап апару;
- Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;
- патрульдiк-күзет қызметiн атқару жолымен қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;
- жаппай қоғамдық-саяси, спорт және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;
- дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың хұқылық режимiн ұстау;
- еңбекпен түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан сотталғандарды iздеуге қатысу және тергеу изоляторларынан қашқан немесе аса қауiптi қылмыс жасаған адамдарды iздеуге iшкi iстер органдарына көмек көрсету;
- iшкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға адам құрамын, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;
- жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;
- заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу жүктеледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, 1998.12.09. N
307
, 1999.04.05. N
360
, 2001.12.24. N
274
Заңдарымен.
22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң
негiзгi хұқықтары
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi:
1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, iшкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;
2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;
3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткiзу;
4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткiзу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;
5) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;
6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;
7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);
8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;
9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;
10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану.
Осы Заңға сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк
иттердi және қаруды қолдану ережелерi мен
шектерi
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы.
Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдары қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.
Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.
Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.
Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, 2004.12.29.
N 26
Заңымен.
Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы.
25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк
иттердi қолдану
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдары қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;
3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды ұстау үшiн;
4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткiзу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдары
қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;
6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;
8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;
9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;
10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.
Арнаулы құралдар ретiнде мыналар қолданылуы мүмкiн:
- резина таяқтар - осы баптың 1, 2, 6, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- көзден жас ағызатын газ - осы баптың 1, 2, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- қолкiсендер - осы баптың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген реттерде. Қолкiсен болмаған жағдайда әскери қызметшi қолды байлауға болатын басқа құралдарды пайдалануға хұқылы;
- әсер ететiн жарық-дыбыстық құралдар - осы баптың 1, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- тосқауылды бұзу құралдары - осы баптың 4 және 7-тармақтарында көзделген реттерде;
- көлiктi ерiксiз тоқтату құралдары - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде;
- су атқылағыштар және бронды машиналар - осы баптың 4, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген реттерде, тек қана әскери бөлiм командирi немесе оның орынбасары нұсқау берiп, содан кейiн оны қолданған кезден бастап 24 сағаттың iшiнде прокурорға хабар берiлсе;
- арнаулы бояғыш құралдар - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде. Күзетiлетiн меншiк объектiлерiнде меншiк иесiнiң немесе оның өкiлiнiң келiсiмiмен арнайы бояғыш құрал орнатылады;
- қызметтiк иттер - осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 10-тармақтарында көзделген реттерде.
Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдардың толық тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 1999.04.05. N
360
Заңымен.
26-бап. Қаруды қолдану және ұрыс техникасын пайдалану
Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және ұрыс техникасын айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;
2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;
3) (алып тасталды)
4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;
5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;
6) бұлтартпау шаралары қолданылып қамауға алынған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн;
7) еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде.
(II-бөлік)
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:
1) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;
2) (алып тасталды)
Олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адамдар алған, әуе кемесін басып алған немесе топтасып шабуыл жасаған кездерден басқа уақытта әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.
Iшкi әскерлердiң қару-жарағына кiретiн қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, арнайы құралдар айналымының тiзбесi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.03.17. N
2122
; 1995.12.21. N
2708
заң күші бар Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N
360
, 2001.12.24. N
274
Заңдарымен.
27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан
жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру
Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртiбiн әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, адам құрамының жаттығуы мен демалуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, Iшкi iстер министрiнiң келiсiмі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары және әскери бөлiмдер командирлерi белгiлейдi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1992.12.23. Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2004.12.29.
N 26
Заңымен.
28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан
мекеннен тыс жерлерге мiндеттердi
орындауға қатыстыру
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актiлердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң адам құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
Бұл орайда офицерлердiң, прапорщиктердiң, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға есептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды
талаптарының орындалу мiндеттiлiгi және
лауазымды адамдар мен азаматтардың осы Заңды
бұзғаны үшiн жауаптылығы
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Осы Заңды орындамау, iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде жауапқа тартуға әкеп соғады.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 274
Заңымен.
30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi
әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы
Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.
31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен
босаған кездегi сот қорғауына хұқығы
Офицерлер, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.
32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза
тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат
алған жағдайда, оны зейнетақымен қамсыздандыру,
оған берiлетiн кепiлдiктер
Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын, прапорщиктерiн, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1993.04.08. Заңымен, 1997.06.19. N
134
(1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi), 2001.10.10. N
247
(2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді), 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
тұрғын алаңмен қамтамасыз ету
Офицерлерге, прапорщиктерге, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын алаңды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар мен тәртiп бойынша объектiлерiн iшкi әскерлер күзетiп тұрған облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары немесе тиiстi мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар бөледi.
Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер, прапорщиктер мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын үйелмен мүшелерiне заң талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын жайлар (жатақхана) берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар, прапорщиктер, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөнiндегi мiндет облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледi.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi үйелменiнiң есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1997.04.02.
N 88
, 1997.07.11. N
154
, 1998.12.09. N
307
, 1999.04.07. N
374
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
34-бап. Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жол
жүруі жөніндегі жеңілдіктері
Жергілікті өкілді органдар бюджет қаражаты есебінен ішкі әскердің әскери қызметшілерін қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуден бюджет қаражаттары есебінен босатуға құқылы.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 1999.04.07. N
374
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
Ескерту. 35-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін
медициналық-санитариялық жағынан
қамтамасыз ету
Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307
Заңымен.
37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен
олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 Заң күші бар
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N
274
; 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
қаржымен және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
38-бап. Iшкi әскердi қаржыландыру
Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 327 (1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N
274
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.
Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, адам құрамын, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөнiндегi мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.
Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаттарының және iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың есебiнен жүргiзiледi.
Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси, шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен жергiлiктi бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.21. N 2708 заң күші бар
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N
307
, 1999.04.05. N
360
, 2001.12.24. N
274
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.
N 26
Заңдарымен.
Ескерту. 40-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi