Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу мекемелерін күзету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 маусымдағы N 46-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; 2007 ж., N 15, 107-құжат):

      1) 2-баптың бірінші бөлігінде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету;";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;";

      2) 21-бапта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдаған кезде арнаулы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшелері болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтінімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және оған кері қарай айдап апару;".

      2. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат):

      1) 20-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;";

      2) 34-баптың 2-тармағындағы "қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.НАЗАРБАЕВ