Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз.
 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат, № 15, 78-құжат):
      830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
      тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
      пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;".
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар;№ 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4,21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат, № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша "жалға беруге", "жалға беруді", "жалға беруден", "жалға беру", "жалға, өзге де негіздерде" деген сөздер тиісінше "мүліктік жалдауға (жалға беруге)", "мүліктік жалдауды (жалға беруді)", "мүліктік жалдаудан (жалға беруден)", "мүліктік жалдау (жалға беру)", "мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 24-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы";
      67-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері";
      мынадай мазмұндағы 67-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "67-2-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері";
      154-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері";
      154-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 154-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері";
      156-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер";
      мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 және 156-12-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      "156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру
      156-2-бап. Салық шегерімдері
      156-3-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі
      156-4-бап. Стандартты шегерім
      156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру
      156-6-бап. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі
      156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі
      156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі
      156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі
      156-10-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі
      156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі
      156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру";
      157 және 159-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      18-тарау мынадай мазмұндағы 159-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету";
      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер";
      160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "160-бап. Жалпы ережелер";
      мынадай мазмұндағы 160-1, 162-1 және 165-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      "160-1-бап. Салық кезеңі және есепті кезең";
      "162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама беру тәртібі";
      "165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тәртібі";
      166-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      170 және 172-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      "170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс";
      "172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс";
      4-параграф мынадай мазмұндағы 172-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "172-1-бап. Салық сомасын есептеу";
      173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "173-бап. Стипендиялар түріндегі кіріс";
      20-тараудың және 177-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-тарау. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер
      177-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер";
      мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "177-1-бап. Салық кезеңі";
      178-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "178-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу";
      1-параграф мынадай мазмұндағы 180-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесін басқаға беруден түсетін кіріс";
      20-тараудың 2-параграфының және 181182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс
      181-бап. Жалпы ережелер
      182-бап. Жекеше нотариустың кірісі";
      мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      "182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі
      182-2-бап. Адвокаттың кірісі
      182-3-бап. Кәсіби медиатордың кірісі";
      20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тәртібі";
      21-тараудың және 185186 және 187-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1-тараудың, 1-параграфтың, 187-1, 187-2, 187-3-баптардың, 2-параграфтың, 187-4, 187-5-баптардың, 3-параграфтың, 187-6, 187-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      "21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары
      1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
      187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
      187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
      187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
      2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
      187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
      187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
      3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация
      187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
      187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері";
      200-1 және 205-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      "200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері";
      "205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну";
      25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну";
      221-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      363-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "363-бап. Салық кезеңі және есепті кезең";
      416 және 417-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      17-бөлімнің, 60-тараудың және 419420421422423424425-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi";
      83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфтың және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4, 606-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      "2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару
      606-1-бап. Жалпы ережелер
      606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру
      606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
      606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
      606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі";
      643-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау";
      89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      "643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама әдіспен айқындау";
      3) 12-баптың 1-тармағында:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
      жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында пайдаланбайтын;
      мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары;";
      43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "43-1) уәкілетті адам – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 81-тарауына сәйкес жеке тұлғалар бойынша өзінде бар мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;";
      4) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуді, айыппұлды қайтаруды талап етуге;";
      5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) осы Кодекстің 83-тарауында көзделген жағдайларда салық органының талап етуі бойынша мынадай құжаттардың:
      медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған шарттардың;
      медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге ақы төлеу үшін, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының;
      медициналық қызметтер көрсетуді, білім беру қызметтерін көрсетуді алғанын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтегенін растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      Егер осы тармақшада көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген қызметтерді көрсетуге ақы төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізілген кезде пайдасына мынадай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның атауы мен сәйкестендіру нөмірі болуы шартымен мынадай құжаттардың бірі:
      төлемдер және ақша аударымдары банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылған кезде жасалатын төлем құжаты;
      төлемдер және ақша аударымдары төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған кезде жасалатын чек (бұдан әрі – чек);
      банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі – үзінді көшірме) осындай қызметтерді көрсетуге ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаты болып табылады.
      Аталған қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған және оларға ақы төленген жағдайда чектерде және үзінді көшірмелерде пайдасына осындай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді;";
      6) 15-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) әрбір жеке тұлға бойынша төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелердің есебін жүргізуге;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы тегін беруге;";
      7) 17-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) өзі аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде берген өкілеттіктері шеңберінде салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы жеке тұлғаның қатысуына байланысты жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.";
      8) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мақсатында жеке тұлғадан осы Кодекстің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынуды талап етуге;";
      "6-1) осы Кодекске сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, аталған декларацияда көрсетілген мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер де мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;";
      9) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге;";
      "26-1) мыналарды:
      активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны;
      кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтында орналастыруға;";
      10) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкілетті мемлекеттік органдар тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.";
      11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
 

"24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс қимыл жасауы

      1. Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен босатылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
      1) жеке тұлғалар сәуірде-маусымда:
      мерзімді әскери қызметке шақырылған;
      мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;
      2) жеке тұлғалар қазанда-желтоқсанда:
      мерзімді әскери қызметке шақырылған;
      мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
      1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.";
      12) 31-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.";
      13) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны толтыру және ұсыну жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.";
      14) 55-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
      15) 56-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.";
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар салықтық есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жеке практикамен айналысудан түсетін кірістер мен жүргізілген шығыстарды есепке алу саясаты туралы ережелерді қоса отырып, дербес әзірлеген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.";
      6-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) осы баптың 2-1-тармағында аталған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы баптың 2-2-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;";
      16) 63-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық есептілігі – осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын, салық төлеуші, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.";
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:";
      17) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді:
      1) мыналар:
      салық агенттері;
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша);
      2) мыналар:
      салық агенттері;
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша).
      2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша):
      1) мыналар:
      жеке табыс салығы;
      міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      әлеуметтік салық;
      әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
      2) мыналардың:
      жеке табыс салығының;
      міндетті зейнетақы жарналарының;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
      әлеуметтік салықтың;
      әлеуметтік аударымдардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      3. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:
      1) кірістер алушы болып табылатын әрбір жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы бойынша мынадай мәліметтерді:
      жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;
      төлем көзінен салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;
      салық салудан босатылатын кірістер сомасын;
      қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;
      салық салынатын кірістер сомасын;
      есептелген жеке табыс салығының сомасын;
      төленген кірістер сомасын;
      төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;
      жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;
      аударылған жеке табыс салығының сомасын көрсете отырып, жеке табыс салығы сомаларын есептеу, ұстау және аудару;
      2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша:
      жеке табыс салығының;
      әлеуметтік салықтың;
      міндетті зейнетақы жарналарының;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
      әлеуметтік аударымдардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы;
      3) салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      4. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша):
      1) мыналар:
      жеке табыс салығы;
      міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      әлеуметтік салық;
      әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
      2) мыналардың:
      жеке табыс салығының;
      міндетті зейнетақы жарналарының;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
      әлеуметтік салықтың;
      әлеуметтік аударымдардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      5. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:
      1) кіріс алушылар болып табылатын әрбір жеке тұлға – шетелдік және азаматтығы жоқ адам бойынша мынадай мәліметтерді:
      жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;
      төлем көзінен, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;
      салық салудан, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын кірістер сомасын;
      қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;
      төлем көзінен салық салынатын кірістер сомасын;
      салық мөлшерлемелерін;
      есептелген жеке табыс салығының сомасын;
      төленген кірістер сомасын;
      төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;
      жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;
      аударылған жеке табыс салығының сомасын;
      халықаралық шарттардың қолданылуын;
      Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару туралы және жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептеу;
      2) құрылымдық бөлімшелер бойынша:
      жеке табыс салығының;
      әлеуметтік салықтың;
      міндетті зейнетақы жарналарының;
      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
      әлеуметтік аударымдардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.";
      18) мынадай мазмұндағы 67-2-баппен толықтырылсын:
 

"67-2-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган жеке тұлғалар декларацияларының мынадай нысандарын осы декларацияларға қосымшалармен қоса бекітеді:
      1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (бұдан әрі – активтер мен міндеттемелер туралы декларация);
      2) жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан әрі – кірістер мен мүлік туралы декларация):
      қосымшаларымен;
      қосымшаларсыз оңайлатылған нысан бойынша (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация);
      3) жеке табыс салығы бойынша декларация.
      2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 187-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде:
      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің;
      2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің;
      3) банк шоттарындағы ақшаның;
      4) қолма-қол ақшаның;
      5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі);
      6) осы Кодекстің 187-2-бабының 2-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
      3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар осы Кодекстің 187-2-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті сенімгерлік басқаруға, трасттарға беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
      5. Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың:
      1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
      2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер;
      3) салық салудан босатылатын, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын кірістер;
      4) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;
      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу;
      6) салық шегерімдері;
      7) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
      8) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімі көрсетіле отырып, осы Кодекстің 156-10-бабында айқындалған салық шегерімін қолданған жағдайда, асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      6. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      7. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалардың нысандары:
      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) өтеусіз алу;
      2) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде өткізу;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде осы Кодекстің 180-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде беру;
      4) жұмыс берушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерден немесе заңды тұлғадан алынған, олар бойынша жеке табыс салығын есептеу төлем көзінен жүргізілген кірістер;
      5) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін өткізу;
      6) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері;
      7) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кірістері;
      8) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысындағы үлесті басқаға беруден түсетін кірістер;
      9) салық салудан босатылатын кірістер;
      10) салық шегерімдері;
      11) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі);
      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын кірістер;
      13) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;
      14) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      8. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде:
      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
      2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
      4) бағалы қағаздарды;
      5) инвестициялық алтынды;
      6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен атқарылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
      7) тұрғын үй құрылысындағы қатысу үлесін сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетеді.
      Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.
      9. Кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация:
      1) кез келген кірістердің жоқ екенін немесе тек қана:
      төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
      өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
      алименттер түріндегі кірістерді алғанын;
      2) салық шегерімдеріне құқықтардың жоқ екенін немесе оларды, оның ішінде салық агенті қолданған салық шегерімдеріне қосымша қолдануға ниетінің жоқ екенін;
      3) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      10. Жеке табыс салығы бойынша декларация үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алған (алуға жататын) кірістерін көрсетуге арналған.";
      19) 68-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, салық есептілігін ұсынудың ерекше тәртібін және осындай есептілікті ұсынатын тұлғалардың тізбесін айқындайды.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 187-1, 187-4, 187-6, 270, 296, 364 және 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігі ұсынылмайды.
      Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады.
      Акциз бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуді қоспағанда) салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге қолданылады.";
      20) 70-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) жеке тұлғаның декларацияны ұсынуы жөніндегі міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа, жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектерін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектерін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;";
      21) 72-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсыну мерзімін ұзарту құқығы салық органына салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.
      Жеке тұлғалар декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.
      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесінен айырылған кезде жеке тұлға сол бойынша ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлға декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей ұсынады.";
      22) 73-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілерге;";
      23) 77-бапта:
      4-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын кірістерін, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер бойынша және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелерді есепке алу;";
      мынадай мазмұндағы 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-3. Уәкілетті орган жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін:
      1) жеке практикамен айналысудан түсетін кірістерді;
      2) осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2, 182-3-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді.
      4-4. Уәкілетті орган шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы үшін:
      1) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісі;
      2) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кірісінен аспайтын сомадағы кірісі;
      3) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) қатысу үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығы кірісінің осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кіріс сомасынан асып кетуі бойынша ақпаратты көрсете отырып, шаруа немесе фермер қожалығының кірісін есепке алу жөніндегі салық тіркелімінің нысанын бекітеді.";
      24) 81-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      25) 110-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген, жұмыс берушінің:";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 3), 7), 9), 10), 11), 12), 17), 34) және 41) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.";
      26) 153-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.";
      27) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізеді.
      2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын резидент шетелдік тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 20 және 27-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.
      3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158 және 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.
      4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстiң 432, 436 және 437-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.";
      28) 154-1-бап алып тасталсын;
      29) мынадай мазмұндағы 154-2-баппен толықтырылсын:
 

"154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері

      Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін салық салуға жататын кірістің жеке табыс салығы салынбайтын мөлшері жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерін құрайды.";
      30) 155-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұлғаның:
      1) төлем көзінен салық салуға;
      2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      1)2)13)14)15)18)19)20)21)22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      32) тармақшаның алтыншы абзацындағы "пайда." деген сөз "пайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:
      "33) жеке тұлғаларға олардан сатып алынған жеке тұлғаның жеке мүлкі үшін төленетін төлемдер.
      Салық агенті осы тармақшада көзделген төлемді жүргізген жағдайда осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтыны және мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі;
      34) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты жұмыскердi мамандығы бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстары;
      35) шартта белгіленген кезең ішінде банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезеңнің берілуіне байланысты банктік қарыз бойынша төлем карточкасын ұстаушы алған сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
      36) эмитент-банк төлем карточкасын ұстаушының шотына төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырғаны үшін эмитент-банктің қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;
      37) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:
      жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;
      38) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекіткен тізбе бойынша – жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс берушінің өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының құны;
      39) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түрінде көрсетілген қызметтер құны;
      40) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төленетін төлемдер;
      41) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдемей жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша шығыстары:
      жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруы үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      жұмыс берушiнің:
      жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
      жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
      42) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қарай әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жүргізген:
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтер көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
      43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымының осы дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып, оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кездегі шығыстары:
      жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар;
      дербес білім беру ұйымының:
      білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде – жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
      білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде – жұмыскердің оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;
      44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы:
      мынадай білім беру деңгейлері:
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;
      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;
      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға бару және кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар;
      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жүргізілген шығыстар;
      жеке тұлғаға:
      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегіндегі жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
      келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) түріндегі төлемдер.
      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
      дайындық бөлімінде;
      мынадай білім беру деңгейлері:
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
      негізгі мектеп;
      жоғары мектеп бойынша;
      күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
      45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
      46) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
      медициналық сақтандыруға;
      осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.";
      31) 156-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер";

      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен кірістердің мынадай түрлері алып тасталады (бұдан әрі – жеке табыс салығы бойынша түзету):";
      17) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;";
      24)30)37)38)41)42)43)44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтырылсын:
      "46) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
      47) моральдық зиянды қоспағанда, жеке тұлғаның өмірі мен
      денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
      48) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
      49) соттың шешімі бойынша тағайындалатын материалдық нұқсанды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомасы;
      50) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
      51) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуге жататын және меншiк құқығы тiркелген күннен бастап меншiк құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
      52) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
      53) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
      54) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан көп уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
      55) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімі;
      56) шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшелерінің) үлесі бойынша айқындалған кірісі.
      Осы тармақшаның ережелері шаруа немесе фермер қожалығының кірісі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кіріс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 8000 еселенген мөлшеріне тең сомасынан аспайтын мөлшерде қолданылады.";
      32) мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 және 156-12-баптармен толықтырылсын:
 

"156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру

      1. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді келесі салық кезеңіне ауыстыруды салық агенті:
      1) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы төлем көзінен салық салуға жататын кіріс сомасынан (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда) асып кеткен жағдайда – төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда);
      2) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісінің сомасынан асып кеткен жағдайда, – жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша қолданады.
      2. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді күнтізбелік жыл ішінде келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері мынадай тәртіппен:
      1) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен осы Кодекстің 168, 170, 172, 173 және 175-баптарына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда);
      2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша айқындалады.
 

156-2-бап. Салық шегерімдері

      1. Жеке тұлғаның кірісіне (осы Кодекстің 170, 172, 173 және 175-баптарында көрсетілген кірістерді қоспағанда) мынадай салық шегерімдері қолданылады:
      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі;
      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жұмыскерлер мен жеке тұлғаларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі;
      3) осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты салық шегерімі (бұдан әрі – стандартты шегерім);
      4) мыналарды:
      көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін;
      ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін;
      оқуға арналған салық шегерімін;
      медицинаға арналған салық шегерімін;
      сыйақылар бойынша салық шегерімін;
      сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қамтитын басқа да салық шегерімдері (бұдан әрі – басқа да шегерімдер) қолданылады.
      2. Күнтізбелік жылда қолданылған басқа да шегерімдердің жалпы сомасының шекті мөлшері ең төмен жалақының 48 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
      Басқа да шегерімдердің жалпы сомасының мөлшері басқа да шегерімдерді нақты мөлшерде, бірақ мынадай шектерден:
      1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі бойынша – ата-анасының екеуіне жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен аспайтын;
      2) оқуға арналған салық шегерімі бойынша – күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын;
      3) осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасын қоса алғанда, медицинаға арналған салық шегерімі бойынша - күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын;
      4) сыйақылар бойынша салық шегерімі бойынша – күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтықтау жолымен айқындалады.
      3. Салық шегерімдері жеке тұлға осындай шығыстарды нақты жүргізген салық кезеңінде қолданылады.
      4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық шегерімдерін жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолданады.
      5. Жеке тұлға мынадай шарттардың кез келгені орындалған кезде:
      1) күнтізбелік жыл ішінде жұмыскердің кірісі болмағанда;
      2) осы Кодекстің 156-2-бабына сәйкес жеке тұлғаның құқығы бар салық шегерімдерінің сомасы жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолдануға тиіс салық шегерімдерінің сомасынан асып кеткен кезде;
      3) күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында көзделген кірістерді алғанда салық шегерімдерін дербес қолдануға құқылы.
      6. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістері және дербес салық салуға жататын кірістері болған жағдайда салық шегерімдері кірістері мен мүлкі туралы декларацияда жеке табыс салығы есептелген кезде осындай кірістердің жиынтық сомасы бойынша қолданылады.
      7. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растау құжаттары (бұдан әрі – растау құжаттары) негізінде қолданылады. Бұл ретте растау құжаттарының түпнұсқасы жеке тұлғада сақталады, салық агенті солардың негізінде салық шегерімдерін қолданатын растау құжаттарының көшірмелері осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық агентінде сақталады.
      8. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей тәртіппен рет-ретімен қолданылады.
      9. Осы Кодекстің 156-2, 156-4 және 156-6-баптарын қолдану мақсатында ең төмен жалақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшеріне тең болып қолданылады.
      10. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне салық шегерімдерін жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстау күнінен кеш жүгінуіне байланысты қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді салық агенті солардың негізінде жүргізетін растау құжаттарын осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне ұсынуға құқылы.
 

156-3-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі

      1. Жұмыс беруші жұмыскердің кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді.
      2. Салық агенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді.
 

156-4-бап. Стандартты шегерім

      1. Стандартты шегерім кірісті ең төмен жалақы мөлшерінде есебіне жазудың әрбір айы үшін қолданылады.
      2. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
 

156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру

      1. Жұмыс беруші стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыруды, егер ағымдағы салық кезеңінде стандартты шегерімнің сомасы стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кеткен жағдайда қолданады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
      жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы.
      Стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мәні шыққан кезде стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі.
      2. Күнтізбелік жыл ішінде стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері стандартты шегерім мен стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
 

156-6-бап. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі

      1. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі мынадай жағдайларда кіріс есепке жазылған әрбір ай үшін:
      1) көпбалалы отбасы ата-анасының біреуі үшін ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінде;
      2) көпбалалы отбасы ата-анасының әрқайсысы үшін ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолданылады.
      2. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі:
      1) кіріс есепке жазылған тиісті айдың басында төрт және одан көп кәмелетке толмаған бала болған жағдайда – төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша;
      2) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында төрт және одан көп кәмелетке толмаған бала болған жағдайда – жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша қолданылады.
      3. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану:
      1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолданбауы туралы екінші ата-ананың растауын көрсете отырып, көп балалы отбасы үшін салық шегерімін көпбалалы отбасы ата-анасының біреуіне қолдану туралы ата-ананың біреуінің өтініші не көпбалалы отбасы үшін салық шегерімінен ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолдану туралы көпбалалы отбасы ата-анасының әрқайсысының өтініші негізінде жүргізіледі.
      Екінші ата-ана болмаған жағдайда өтінішке екінші ата-ананың жоқ екенін растайтын нотариат куәландырған құжат қоса беріледі;
      2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде жүргізіледі.
      4. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану балалардың туу туралы куәліктері негізінде жүргізіледі.
 

156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі

      1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына жүргізілген ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
      2. Мыналар:
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
      ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растау құжаты ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
 

156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі

      1. Оқуға арналған салық шегерімі оқуға арналған шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мынадай білім беру:
      1) мыналарда:
      Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
      осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
      2) білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын техникалық және кәсіптік білім беру;
      3) мыналарда:
      білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында;
      осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру деңгейлері бойынша қолданылады.
      2. Оқуға арналған салық шегерімін:
      1) оқуға ақы төлеуге арналған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;
      2) асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына оқуға ақы төлеу үшін жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Оқуға арналған салық шегерімін жиырма бір жасқа толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.
      3. Мыналар:
      1) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт;
      2) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растау құжаты оқуға арналған салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
 

156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі

      1. Медицинаға арналған салық шегерімі мынадай:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тізбеге сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерге;
      2) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.
      2. Медицинаға арналған салық шегерімін:
      1) медицинаға жұмсалған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;
      2) асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Медицинаға арналған салық шегерімін он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.
      3. Мыналар:
      1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық қызметтер көрсету құны айқын көрсетіле отырып, ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт;
      2) ақылы медициналық қызметтер көрсету актісі немесе медициналық қызметтер көрсетудің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;
      3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолданған кезде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру жөніндегі шарт;
      4) медициналық қызметтер көрсетуге ақы төлеу немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төлену фактісін растау құжаты медицинаға арналған салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде көрсетілген медициналық қызмет көрсетулерге шетел валютасында ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгеге қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күні шетел валюталарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағамы қолданылып жүзеге асырылады.
 

156-10-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі

      1. Сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге жұмсалған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша қолданады.
      2. Мыналар:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалатын ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты;
      2) сыйақы сомасы айқын көрсетіле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
      3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растау құжаты сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
 

156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі

      1. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
      2. Мыналар:
      1) жинақтаушы сақтандыру шарты;
      2) сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кестесі;
      3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеу фактісін растау құжаты сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
 

156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру

      1. Егер басқа да шегерімдердің жалпы сомасы басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кетсе, жұмыс беруші басқа да шегерімдерді ауыстыруды қолданады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
      жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған кірісінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-4-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде айқындалған стандартты шегерім сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-5-бабына сәйкес айқындалған стандартты шегерімді ауыстыру сомасы.
      Басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мәні шыққан кезде басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі.
      2. Күнтізбелік жыл ішінде басқа да шегерімдерді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері басқа да шегерімдер сомасы мен басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      3. Басқа да шегерімдерді ауыстыру мөлшері осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген рет-ретімен басқа да шегерімдердің сомасы бойынша және осы Кодекстің 156-2-бабының 2-тармағында белгіленген салық шегерімдерінің мөлшерлері шегінде бөлінеді.";
      33) 157 және 159-баптар алып тасталсын;
      34) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:
 

"159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету

      Осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 19-тарауында айқындалған төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 178-бабында көзделген тәртіппен жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма жеке табыс салығы бойынша асып кету деп танылады.";
      35) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер";

      36) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"160-бап. Жалпы ережелер

      1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерге мынадай кіріс түрлерi жатады:
      1) жұмыскердiң кірісі;
      2) жеке тұлғаның салық агентiнен алатын кірісі;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
      4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс;
      5) стипендиялар;
      6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістерге жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында айқындалған кірістер жатпайды.
      3. Жұмыскердiң салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды.
      4. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды.
      5. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзінің құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлiмшесi есепке жазған (есепке жазуға жататын), төлеген (төлеуге жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару міндеттері бойынша салық агентi деп тануға құқылы.
      Заңды тұлғаның шешiм қабылдауы немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледi.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6. Резидент заңды тұлғаның шешiмiмен салық агенттерi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер деп танылады.";
      37) мынадай мазмұндағы 160-1-баппен толықтырылсын:
 

"160-1-бап. Салық кезеңі және есепті кезең

      1. Күнтiзбелiк ай салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуi үшiн салық кезеңi болып табылады.
      2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.";
      38) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

      1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргiзедi.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
      5. Оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенті жеке табыс салығын аударуды осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.
      6. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден салықты есептеудi және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi жүргiзедi.";
      39) 162-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынылады.
      1-1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) салық агенті тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынады.";
      40) 19-тарау мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:
 

"162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру тәртібі

      1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беруге міндетті.
      2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:
      1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;
      2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің;
      3) жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстырудың;
      4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының;
      5) қолданылған салық шегерімдерінің;
      6) салық шегерімдерін ауыстырудың;
      7) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;
      8) есептелген жеке табыс салығының;
      9) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
      3. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей береді.
      5. Салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл ішінде:
      1) жұмыскер:
      жұмыс берушінің еңбек шартының қолданылуын тоқтату туралы актісі шыққаннан;
      мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан;
      мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шыққаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыстан босатылған;
      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың:
      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы актінің;
      төлем құжатының соңғысы ресімделген күннен кешіктірілмей, жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі есепке жазылған және (немесе) төленген;
      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған;
      4) кіріс төленген күннен кешіктірілмей дивидендтер, ұтыстар төленген;
      5) банк салымы шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен;
      6) білім алушы (тәрбиеленуші) оқудан шығарылған немесе білім туралы құжат тапсырылған күннен кешіктірілмей, стипендиялар түріндегі кірісті төлеу жүргізілген оқу аяқталған;
      7) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен жағдайда береді.
      6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру талабымен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.";
      41) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"163-бап. Жұмыскердің кірісі

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған, жұмыс беруші есепке жазған мынадай кірістер:
      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;
      2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес жұмыскердiң заттай нысандағы кірістері;
      3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірістері жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады.
      2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын, ағымдағы салық кезеңінде аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ағымдағы салық кезеңінде көзделген стандартты шегерім сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-5-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған стандартты шегерімді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-6-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-7-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-8-бабына сәйкес оқуға арналған салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-9-бабына сәйкес медицинаға арналған салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-10-бабына сәйкес сыйақылар бойынша салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-11-бабына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-12-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған басқа да салық шегерімдерін алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы.";
      42) мынадай мазмұндағы 165-1-баппен толықтырылсын:
 

"165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тәртібі

      1. Салық шегерімдері (осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген салық шегерімін қоспағанда):
      1) жұмыскердің уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтінішінің;
      2) салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарының;
      3) күнтізбелік жыл ішінде жұмыс беруші өзгерген кезде – салық шегерімдері қолданылатын күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген тәртіппен алдыңғы жұмыс берушілер берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың негізінде жұмыскер кірісінің есебіне жазудың әрбір айы үшін қолданылады.
      2. Жұмыс берушінің қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде ол өзгерген кезде алдыңғы жұмыс берушіде қалыптасқан қолданылмаған салық шегерімінің сомасы жаңа жұмыс берушіде есепке алынбайды.
      3. Егер жеке тұлға күнтізбелік ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт жұмыскер болса, онда жұмыскердің кірісін айқындау кезінде осындай жұмыс берушіде стандартты салық шегерімі қолданылмайды.
      4. Жұмыскер болып табылатын (табылған) жеке тұлға салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарын кіріс төленген күннен кейін ұсынған жағдайда жұмыс беруші осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында көзделген салық шегерімдерін осындай салық шегерімдерін қолдануға негіз бар салық кезеңіндегі кіріске қолданады.
      5. Осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдерін бір жұмыс беруші қолданған жағдайда басқа жұмыс берушінің осындай салық шегерімдерін қайталап қолдануына тыйым салынады.";
      43) 166-бап алып тасталсын;
      44) 167168169170171 және 172-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
 

"167-бап. Салықты есептеу және ұстау

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жұмыскердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
 

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі

      1. Мыналар:
      1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірісі;
      2) жеке тұлға кірісінің төлемі, оның ішінде:
      жеке тұлға салық агентінен немесе үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
      берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
      борышты кешіру;
      мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
      репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісі болып табылады.
      2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      жеке тұлғаның салық агентінен алатын, ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетулерді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы.
 

169-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық агентінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
 

170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) салық төлеушілердің:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
      2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске жатады.
      2. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:
      салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы
      алу
      осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде зейнетақылық салық шегерімдерінің сомасы;
      2) салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан.
      3. Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске зейнетақылық салық шегерімдері мынадай мөлшерлерде:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін зейнетақы төлемдері түріндегі кірісті есепке жазу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінде;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінде қолданылады.
 

171-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.
 

172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс

      1. Мыналар:
      1) осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында айқындалған төленген (төлеуге жататын) дивидендтер;
      2) төленген (төлеуге жататын) сыйақылар;
      3) төленген (төлеуге жататын) ұтыстар салық салуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады.
      Осы бөлімнің мақсаттары үшін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлік басқарудан түсетін, сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза кірісі де салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кіріске жатады.
      2. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
      салық салуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы.";
      45) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:
 

"172-1-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.";
      46) 173174175 және 176-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
 

"173-бап.Стипендиялар түріндегі кіріс

      1. Салық агенті:
      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алушыларға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын стипендиялар түріндегі кіріс болып табылады.
      2. Стипендиялар түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
      салық салуға жататын стипендиялар түріндегі кіріс сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы.
 

174-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені стипендия түріндегі салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.
 

175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс

      1. Мыналар:
      1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;
      жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
      жұмыс беруші жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;
      2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын өтеп сатып алу сомалары;
      3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс болып табылады.
      2. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
      салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы
      алу
      осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде салық шегерімінің сомасы.
      3. Сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері түріндегі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазудың әрбір айы үшін сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшеріндегі сомада салық шегерімі қолданылады.
      Күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын салық шегерімін қолдануға жол берілмейді.
 

176-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.";
      47) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"20-тарау. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер";

      48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"177-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер

      Кірістердің мынадай түрлері:
      1) мүліктік кіріс;
      2) дара кәсіпкердің кірісі;
      3) жеке практикамен айналасудан түсетін кіріс;
      4) өзге де кірістер жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер болып табылады.
      Мүліктік кіріс дара кәсіпкердің кірісі, жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс болып табылмайды.";
      49) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
 

"177-1-бап. Салық кезеңі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, күнтізбелік жыл жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
      2. Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген кезде ол үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі бірінші салық кезеңі болып табылады.
      3. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен дара кәсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін шығарған кезде ол үшін күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі соңғы салық кезеңі болып табылады.
      4. Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген және дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен сол жылдың соңына дейін шығарылған кезде ол үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі салық кезеңі болып табылады.
      5. Дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылған уақыт кезеңі салық кезеңіне қосылмайды.";
      50) 178-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу

      1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығын есептеу кірістер мен мүлік туралы декларацияда жүргізіледі.
      2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
      3. Жеке тұлғаның күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салық салынатын кірісі осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістің және шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісінің сомасы ретінде айқындалады.
      Егер салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша теріс мәнде болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша нөлге тең деп танылады.
      4. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың, жеке сот орындаушысының, кәсіби медиатордың салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы Кодекстің 177-бабында көзделген жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер
      қосу
      осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің салық агенті есептеген сомасы
      алу
      осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын кірістер
      алу
      осы тарауда белгіленген шектерде салық шегерімдері.
      Осы тармақтың ережелері шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісін айқындау кезінде қолданылмайды.
      5. Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген кірістер
      алу
      осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында көзделген салық салудан босатылатын кірістер.
      6. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы
      алу
      осы Кодекстің 163, 168, 170 және 175-баптарында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы
      алу
      осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы.
      7. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес жүргізеді.";
      51) 179-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, мынадай тәртіппен:
      1) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор – орналасқан жері бойынша;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болатын) жері бойынша жүзеге асырады.";
      52) 180-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесін басқаға беруден түсетін кіріс;";
      53) 180-1-бапта:
      1-тармақта:
      1)2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
      2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
      1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
      2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
      Осы баптың және осы Кодекстің 180-2-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.";
      54) 180-2-баптың 1-тармағында:
      1)2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
      2) меншік құқығы туындаған күннен бастап тапсыру күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;";
      55) мынадай мазмұндағы 180-4-баппен толықтырылсын:
 

"180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті басқаға беруден түсетін кіріс

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша жеке тұлға осындай құқықты иемденіп алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
      3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша осындай құқықты ол бұрын иемденіп алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын иемденіп алған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.";
      56) 20-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс";

      57) 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
 

"181-бап. Жалпы ережелер

      1. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріске:
      1) жекеше нотариустың кірісі;
      2) жеке сот орындаушысының кірісі;
      3) адвокаттың кірісі;
      4) кәсіби медиатордың кірісі жатады.
      2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметіне ақы төлеу есебіне қабылдаған ақша сомасы көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген осындай қызметтердің көрсетілу күнінен бастап кіріс деп танылады.
      3. 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған және жеке практикамен айналысудан кіріс алуға байланысты қызметте пайдаланылатын:
      1) компьютерлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;
      2) басып шығаруға, көруге, көшірме жасауға, факспен жіберуге арналған құрылғылар;
      3) сейфтер жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың активтері деп танылады.
      Осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінің соңындағы активтердің құны:
      активті сатып алу құны
      қосу
      салық кезеңі ішінде активтерді сүйемелдеуге, жөндеуге және пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы
      алу
      алдыңғы салық кезеңінде есепке жазылған амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады.
      4. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың амортизациялық аударымдарды есептеуі салық кезеңінің соңындағы активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
      5. Осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2 және 182-3-баптарының мақсаттарында қызметтік іссапарлар кезіндегі, шегерімге жататын өтемақыларға:
      1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растау құжаты болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге бару және одан кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар;
      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген шығыстар;
      3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәулікақы жатады.
      Іссапарда болу уақыты:
      салық төлеушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
      іссапарда болатын жерге кету күні мен одан кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, жол жүруін растау құжаттарында көрсетілген іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.
 

182-бап. Жекеше нотариустың кірісі

      1. Жекеше нотариустың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер
      алу
      жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері.
      2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
      1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
      2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
      3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
      3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
      1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
      2) құжатпен расталған;
      3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
      4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:
      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
      2) нотариаттық қызмет көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
      3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
      5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
      6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
      7) осы Кодекстің 181-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;
      9) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.";
      58) 20-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптармен толықтырылсын:
 

"182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі

      1. Жеке сот орындаушысының салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
      алу
      жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері.
      2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
      1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;
      2) атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
      3) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
      3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
      1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
      2) құжатпен расталған;
      3) жеке сот орындаушысының салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
      4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:
      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
      2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
      3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
      5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
      6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
      7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
      9) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;
      10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
 

182-2-бап. Адвокаттың кірісі

      1. Адвокаттың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
      алу
      адвокаттың кәсіби шегерімдері.
      2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
      1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;
      2) қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;
      3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
      3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
      1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
      2) құжатпен расталған;
      3) адвокаттың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
      4. Адвокаттың кәсіби шегерімдеріне:
      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
      2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
      3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
      5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
      6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
      7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
      9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
 

182-3-бап. Кәсіби медиатордың кірісі

      1. Кәсіби медиатордың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
      алу
      кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері.
      2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
      1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
      2) құжатпен расталған;
      3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
      3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:
      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
      2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
      3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
      5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
      6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
      7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде кәсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.";
      59) 183-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"183-бап. Дара кәсіпкердің кірісі

      1. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      дара кәсiпкердiң осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі
      қосу
      шетелдік көздерден алынатын, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалған кірістер
      алу
      осы баптың 3-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірісті азайтуды айқындаудың осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртiппен айқындалған салық салынатын кірісін азайту
      алу
      корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында залалдарды ауыстырудың осы Кодекстiң 136 және 137-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған ауыстырылуға жататын залалдар.
      2. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы Кодекстiң 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған, корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындаудың осы Кодекстiң 84-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісі
      алу
      дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 1-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету
      қосу (алу)
      дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетулерді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 2-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету
      алу
      корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындаудың осы Кодекстiң 100-125-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
      қосу (алу)
      корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында кірістерді және шегерімдерді түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 132-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.
      3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң кірісі осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес айқындалады.";
      60) 184-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi көздерден алынған, оның ішінде жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкер мүлікті өткізуден алған, осы Кодекстің 184-1-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын кірістер;";
      4) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес алған кірістері;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлесі бойынша айқындалатын кірісі.";
      2-1-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындысы жөніндегі декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны болатын жері бойынша ұсынудың осы Кодекстің 187-7-бабында көзделген мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.";
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
      61) 20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:
 

"184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі болып табылады.
      2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын;
      2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, ол бойынша сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
      4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескере отырып, купон есепке алынбастан, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      6. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің қатысу үлесін өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай:
      1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болған;
      2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген жағдайларда қолданылмайды.
      8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.
      9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:
      1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
      2) мүлікті өткізу құнын;
      3) шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркегенін растау құжаттары негізінде қолданылады.";
      62) 21-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
      185-бапта:
      тақырыбы, 1 және 3-тармақтар алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      63) 186 және 187-баптар алып тасталсын;
      64) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:

"21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары

1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

      1. Осы бапта көрсетілген тұлғалар, егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы""Сақтандыру қызметі туралы""Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
      2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың 1 қаңтарында:
      1) мынадай адамдардың бірі:
      Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған азаматы;
      оралман;
      тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті;
      2) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға;
      3) мыналардың:
      осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның;
      әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады.
      3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мынадай жағдайда:
      1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік болғанда;
      2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болғанда;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттер туындағанда ұсынады.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
      4. Осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған:
      1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ олар бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлік (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;
      2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осындай үлесі болған;
      3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған;
      4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен асатын сомалары болған кезде ұсынады.
      5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) бастапқы – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндеттің алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
      2) кезекті – жеке тұлға активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы""Сақтандыру қызметі туралы""Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
      3) қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға осы өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қатысты ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
      4) хабарлама бойынша қосымша – салық органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
      6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
      1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы""Сақтандыру қызметі туралы""Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген адамдардың ұсынуын;
      2) осы Кодекстің 70-бабында көзделген қосымша салық есептілігін ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.

187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері

      1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай талаптар ескеріле отырып толтырылады:
      1) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетіледі;
      2) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда көрсетіледі.
      2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда мынадай талаптар ескеріле отырып, жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік те көрсетілуі мүмкін:
      1) биологиялық активтер осындай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорт немесе өзге де құжат болған кезде көрсетіледі;
      2) мәдени құндылықтар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне олар Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен енгізілген жағдайда көрсетіледі;
      3) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растау құжаттары болған жағдайда көрсетіледі;
      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген баға туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде көрсетіледі.

187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері

      Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы""Сақтандыру қызметі туралы""Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
      1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
      2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.

2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация

187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация

      1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде:
      1) мынадай адамдардың бірі:
      Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
      оралман;
      тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті;
      2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға;
      3) мыналардың:
      осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның;
      әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай жағдайда, егер:
      1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер алса;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады.
      Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
      Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, есепті салық кезеңінде алынған кірістерден жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттеме туындаған жағдайда мұндай адамдардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған:
      1) есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мынадай кіріс түрлерін:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті;
      бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақыларды, өтемақыларды, стипендияларды;
      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді;
      банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақыларды;
      бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды;
      бюджет қаражаты есебінен "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларын қоспағанда, кірістер алған;
      2) мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге жататын мүлiктi, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлiкті иеліктен шығарған және (немесе) иемденіп алған және (немесе) өтеусіз алған;
      3) тұрғын үй құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қатысу үлесін иемденіп алған және (немесе) талап ету құқығын басқаға берген және (немесе) өтеусіз алған;
      4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған;
      5) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктерге және Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған, банк операцияларының жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен асып кеткен сомасы болған кезде ұсынады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінің ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
      1) жеке тұлға:
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы""Сақтандыру қызметі туралы""Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;
      дара кәсіпкер;
      жекеше нотариус;
      жеке сот орындаушысы;
      адвокат;
      кәсіби медиатор болып табылмаса;
      2) жеке тұлға:
      мүліктік кіріс;
      басқа да кірістер алмаса;
      3) жеке тұлғада кез келген кірістер болмаса немесе жеке тұлға кірістерді:
      төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер;
      өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
      алименттер түрінде ғана алса;
      4) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы болмаса немесе ол жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламаса;
      5) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаса, иеліктен шығармаса, өтеусіз алмаса, кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларацияны ұсынуға құқылы.
 

187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері

      Кірістер мен мүлік туралы декларация:
      қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
      электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.
 

3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация

187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      Жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жасалған еңбек шарттары бойынша кірістер алған еңбекші көшіп келушілер ұсынады.
 

187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері

      Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
      Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.";
      65) 200-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері";

      66) 201-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған кірістеріне салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады.
      Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға кірістерді төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Кірісті шетелдік валютамен төлеу кезінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс мөлшері валюта айырбастаудың кіріс төленетін күнгі нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
      Бейрезидент жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.";
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында айқындалған кірістерді қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған кірістер сомасына қолдану жолымен жүргізеді.";
      67) 205-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларацияны Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алатын бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына осы Кодекске сәйкес ұсынады.
      Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен, ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда бейрезидент жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға және жеке табыс салығын ағымдағы салық кезеңі ішінде төлеуге құқылы. Кірістер мен мүлік туралы декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейінгі кезең үшін ұсынылады.";
      68) 25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баппен толықтырылсын:
 

"205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну

      Бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
      Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.
      Бейрезидент үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.";
      69) 221-1-бап алып тасталсын;
      70) 231-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;";
      71) 248-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтерді;";
      72) 357-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары), сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық агентінің осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша шығыстары салық салу объектісі болып табылады.
      Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 26), 26-1), 27), 29), 31), 32) және 34) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер, сондай-ақ:";
      73) 363-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"363-бап. Салық кезеңі және есепті кезең

      1. Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
      2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.";
      74) 364-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.";
      75) 416 және 417-баптар алып тасталсын;
      76) 17-бөлім алып тасталсын;
      77) 428-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, карттарды, бильярд үстелдерін пайдаланып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға;";
      78) 429-бап 3) тармақшасындағы "мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады." деген сөздер "мөлшерінен аспайтын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
      сылақ жұмыстарын;
      ағаш ұсташылығы мен шеберлігі жұмыстарын;
      еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
      бояу және шынылау жұмыстарын;
      такси қызметін;
      автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
      сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
      фотосурет саласындағы қызметті;
      аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
      мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
      өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
      спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
      мәдениет аясындағы білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
      басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
      қосалқы білім беру қызметтерін;
      өнер саласындағы қызметті;
      компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
      коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
      жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
      шаштараз қызметтерін;
      маникюрді және педикюрді;
      ветеринариялық қызметтерді;
      жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
      тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
      базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
      музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
      үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолданады.";
      79) 432-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";
      80) 442-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) шаруа немесе фермер қожалықтары басшысының (мүшесінің) осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;";
      81) 556-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тәртіп жүргізілетін тұлғалардың тізбесін уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындайды.";
      82) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) жеке тұлғалардың декларацияларын ұсынған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы;
      8-2) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;
      8-3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын;";
      83) 568-баптың 1-бабы екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Кодекстің 411 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше ойын бизнесі салығы мен бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.";
      84) 569-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ойын бизнесі салығы салынатын қызмет бойынша осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген тұлғалардың;";
      85) 574-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      86) 579-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген", "ұсынған" деген сөздер тиісінше "оңайлатылған", "ұсынбаған" деген сөздермен, 3-тармағының үшінші абзацындағы "тіркелген салық бойынша жеңілдетілген" деген сөздер "оңайлатылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      87) 581-бапта:
      12) тармақшада:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "тексерілетін жеке тұлғаның;";
      екінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметті салық органынан сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
      Осы баптың 12) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 12) тармақшасында және 12-1) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;";
      88) 583-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi";

      мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 және 7-9-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-3. Нотариустар жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша:
      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктер, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы;
      2) қабылданған мұра туралы;
      3) егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кетсе, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген ақпаратты ұсыну нысанын, тәртібін және мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша белгілейді.
      7-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
      7-5. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер жасауы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      7-6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысанда, мерзімдерде және тәртіппен ұсынуға міндетті.
      7-7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
      7-8. Білім беру ұйымдары салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда және тәртіппен мәліметтер ұсынуға міндетті.
      7-9. Денсаулық сақтау субъектілері салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында медицинаға жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда және тәртіппен мәліметтер ұсынуға міндетті.";
      89) 584-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
      "4-2. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынғаны туралы ақпарат жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуының осы баптың 2-тармағында белгіленген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында орналастырылады.";
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қоспағанда, салық кезеңі көрсетілмесе, салық органдарына ұсынылмаған деп есептеледі. Осындай декларация ұсынылатын салық кезеңі осы Кодекске сәйкес айқындалады, немесе";
      90) 590-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Жеке тұлғаның кірісінен есептелген жеке табыс салығының бюджетке төленуге жататын, кірістері мен мүлкі туралы декларация бойынша қалыптасқан сомасы салық органында жеке тұлғаның дербес шотында:
      1) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – орналасқан жері бойынша;
      2) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – тұрғылықты (болатын) жері бойынша көрсетіледі.
      4. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетудің расталған сомасы жеке тұлғаның дербес шотында осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген қорытындының негізінде осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты (болатын) жері бойынша салық органында көрсетіледі.";
      91) 599-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Кодекстің осы бабының және 600, 602 және 606-5-баптарының мақсаттарында:";
      92) 83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфпен және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4 және 606-5-баптармен толықтырылсын:
 

"2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке
жатқызу және (немесе) қайтару

606-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген асып кету туындаған кезде салық органы осы тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін жеке табыс салығы бойынша осындай асып кетуді осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.
      2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
 

606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру

      1. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – салық органдары кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау мақсатында жүргізетін рәсім.
      2. Салыстырып тексеру барысында:
      1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті адамдардың деректерімен салыстыру;
      2) салық шегерімдерін қолданудың негізділігін және осы Кодекстің 156-2-бабына сәйкес салық шегерімдері деп танылатын шығыстардың сомаларын растау;
      3) есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау;
      4) осы Кодекстің 606-3 және 606-4-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
 

606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі

      Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мынадай мәліметтерді:
      1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді;
      2) салық салудан босатылатын, осы Кодекстің 156-бабында көзделген кірістерді;
      3) осы Кодекстің 156-2-бабында белгіленген, төлем көзінен салық салуға жататын кіріске қолданылған салық шегерімдерін;
      4) жеке табыс салығының төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген сомасын салық агенттерінің тиісті мәліметтерімен салыстырып тексереді.
 

606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі

      1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың 15 қазанынан кешіктірмей:
      1) тиісті уәкілетті адамдарға – Қазақстан Республикасының аумағында білім беругемедицинаға жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты;
      2) жеке тұлғаға – медициналық қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алғанын растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды;
      3) банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін құзыретіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау кіретін уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы талапты жібереді.
      2. Талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға:
      1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға – веб-қосымша арқылы немесе хабарламаны кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен;
      2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
      3. Салық органдарының талабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растауды осы Кодекстің 581 және 583-баптарында белгіленген мерзімдерде уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен;
      2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.
      4. Салық органдарының осы бапта көзделген талаптарының нысандарын және оларды толтыру қағидаларын уәкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
      5. Уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көрсетілген мәліметтерді осы Кодекстің 581 және 583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей, жеке тұлғаға медициналық қызмет көрсетулерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді.
      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда жеке тұлға келу тәртібімен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, тұрғылықты жері бойынша салық органына:
      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық қызмет көрсетулерге;
      2) осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызмет көрсетулерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеуге;
      3) жеке тұлға тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамауға және осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберуге негіз болып табылады.
      7. Уәкілетті адамдардан, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мәліметтердің, жеке тұлғаның осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттары түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің негізінде салық органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растайды және мынадай:
      1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толығымен растау туралы;
      2) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толық растамаудың себептері көрсетілген бөлігінде растау туралы;
      3) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытындыларды жинақтайды.
      8. Осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар:
      1) электрондық салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электронды тәсілмен;
      2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
      9. Салық органдары толығымен растаған жеке табыс салығы бойынша асып кету сомалары туралы мәліметтер жеке тұлғаларға осы Кодекстің 92-тарауында белгіленген тәртіппен беріледі.
 

606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі

      1. Осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша мәлімдеген асып кету сомасының шегінде толығымен немесе осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген бөлігінде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау туралы қорытындының негізінде жүргізіледі.
      2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы артық төленген салық, төлем, алым және өсімпұл сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді салықтар, алымдар, төлемдер бойынша қолда бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
      3. Қолда бар салық берешегі өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі.
      4. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талапта көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
      5. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі.
      6. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда бір мезгілде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару бойынша талапты көрсеткен жағдайда салық органы алдағы төлемдер есебіне жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызудан кейін қалған бөлігінде – банк шотына қайтаруды рет-ретімен жүргізеді.
      7. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару бойынша талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған кезде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
      Кірістер мен мүлік туралы декларация осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару бойынша талапты көрсету және банк шотының деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация ұсынылған жағдайда жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару осындай кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған күннен бастап он екі ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
      8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
      9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";
      93) 607-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) салық есептілігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы – солар бойынша хабарлама жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк кіріс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.";
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жеке тұлғалар декларацияларының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы – декларация ұсынылатын жылдың 15 қазанынан кешіктірмей;";
      94) 610-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.";
      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      "14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.";
      95) 625-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру үшін, оның ішінде:";
      96) 626-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 

"626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

      Осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін салық органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерді, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды, сондай-ақ жеке тұлғаларды камералдық бақылау нәтижелерін пайдаланады.";
      97) 643-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау";

      1-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмеген немесе осы Кодекстің 187-2-бабында белгіленген талаптарды бұза отырып көрсетілген мәліметтер жеке тұлғалардың шығыс көздерін растау үшін негіз бола алмайды.
      1-2. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 21-1-бөлімінде көзделген декларациясында көрсетілген мынадай:
      1) осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі мүлік туралы;
      2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органы берген растау құжаттары болған кезде ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.";
      98) 89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баппен толықтырылсын:
 

"643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама әдіспен айқындау

      1. Осы бап жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын декларацияларында ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру барысында қолданылады.
      2. Осы баптың қолданысы дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыруы кезеңінде қолданылмайды.
      3. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсеткен кірістері оның жұмсаған шығыстарына, соның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтін болса, салық органдары жеке тұлғаларды салықтық тексеру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісінің мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
      1) активтердің құн өсімі әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға арналған шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
      Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген, белгілі бір кезең ішіндегі мүлік өсімінің құнын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
      2) шығындарды есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
      Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
      3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.
      Бұл әдіс банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.
      4. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде қажет болған жағдайда салық органдары осы бапта айқындалған әдістердің комбинациясын пайдалануы мүмкін.
      5. Осы бапта айқындалған әдістерді қолдану кезінде салықтық тексеруді жүргізу барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.
      6. Жеке тұлғаның кірістерін осы бапта көрсетілген әдістермен айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";
      99) 657-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарының уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылдауы арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
      Осы Кодекстің мақсатында жеке тұлғаларға декларациялар толтыру жөнінде консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларациялар қабылдауды жүзеге асыратын салық органдары қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ салық органының мобильдік тобы болып табылады;".
      3. 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
      1) мазмұнындағы 244-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "244-бап. Жеке тұлғаның салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы";
      2) 244-бапта:
      тақырыбы мен бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"244-бап. Жеке тұлғаның салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы

      1. Жеке тұлғаның декларация ұсынуы міндетті болып табылатын жағдайларда декларацияны ұсынбау жолымен не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуен жалтаруы, егер бұл іс-әрекет салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны бірінші рет ұсынбаған не аталған декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді бірінші рет енгізген жеке тұлға, егер бұл іс-әрекет салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, жанама әдіспен айқындалған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша жеке табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жазалаудан босатылады.".
      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат):
      169-баптың 8-тармағының 8) тармақшасындағы "ұсынуға;" деген сөз "ұсынуға міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын.
      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) мазмұнында:
      272-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну";
      274-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";
      2) 272-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау -
      ескерту жасауға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
      "2-1. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну -
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.";
      3) 274-бап алып тасталсын;
      4) 285-баптың үшінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, салық төлеушілердің осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы ақпаратты ұсынбау түрінде орындамауы - ";
      5) 471-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 

"471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.";
      6) 720-баптың бірінші бөлігіндегі және 721-баптың бірінші бөлігіндегі "274," деген цифрлар алып тасталсын.
      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,№ 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18,21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) 17-1-баптың 4-тармағының 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.
      Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.";
      2) 50-бапта:
      6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "тексерілетін жеке тұлғаға;";
      6-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы баптың осы тармағында, 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.";
      мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:
      1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
      2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.
      Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.
      6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.
      Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.
      6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.";
      3) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның көшірмесін беруге тиіс.".
      7. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 26-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.
      Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;";
      2) 74-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "туралы ақпаратты" деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтер жөніндегі ақпарат-
      ты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті ұсынуға тиіс.".
      8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3,32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      72-1-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесі.
      Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;".
      9. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;".
      10. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 6-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      2) 16-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы "хабарлауға;" деген сөз "хабарлауға міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшасы алып тасталсын.
      11. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
      7-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2-бап. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-бап. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-бап. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.".
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

       6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.".
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7-бап. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 – 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-бап. Осы Заңның 8-бабында көрсетілген тұлғалар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алудың (оның туындауының) заңдылығы бөлігінде салық органдарының тексеруіне жатпайды деп белгіленсін.

      10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.

      Осы баптың мақсаттары үшін негізгі құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығыстардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған материалдық емес және биологиялық активтердің, сондай-ақ, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабының 1)2)3)4)5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығыстардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
      Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы бапқа сәйкес айқындалған, активті сатып алу құны
      көбейту
      техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптауышқа сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасы
      көбейту
      осындай салық төлеушінің активті пайдаланған толық жылдарының саны.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

11-бап.

      1. Осы Заң:
      1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 30) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 52) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 53) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 70)74) және 94) тармақшаларын;
      3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағын, 2-тармағының 79) тармақшасын;
      4) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы, тоқсан бірінші - тоқсан жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын8) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 34)51)90)91) және 92) тармақшаларын, 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын7 және 8-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев