Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 тамызда № 14184 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 № 488 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-4 және 7-7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4 қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2017 № 213 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      Төрағасының міндетін атқарушы

      ____________________ Ғ. Пірматов

      2016 жыл "_____"_______________



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 407 бұйрығына
1-қосымша

Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының сұрауы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Мәліметтерді ұйымдар веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен ұсынады және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      3. Мәліметтер бағалы қағаздардың түрлері бөлігінде жеке-жеке ұсынылады.

      4. Мәліметтерге мынадай деректер енгізіледі:

      1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      3) 3-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) 4-бағанда – ұстаушы 2-бағанда көрсетілген жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаз түрі;

      5) 5-бағанда – бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) БҚХСН;

      национальный идентификационный номер ценной бумаги и (или) ISIN ценной бумаги

      6) 6-бағанда – бағалы қағаздың саны;

      7) 7-бағанда – бағалы қағаздың номиналды құны.

      5. Пай бойынша ақпараттар ұсынылған жағдайда, қосымша мынадай ақпараттар ұсынылады:

      1) 8-бағанда – инвестициялық пай қорының атауы;

      2) 9-бағанда – басқарушы компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      3) 10-бағанда – басқарушы компанияның атауы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 407 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтер*

№ р/н

Жеке тұлға

Бағалы қағаз түрі

Бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) БҚХСН

Бағалы қағаздың саны

Бағалы қағаздың номиналды құны (теңге)

Инвестициялық пай қорының атауы

Басқарушы компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Басқарушы компанияның атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәлендіретін құжатта көрсетілсе)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















      * Мәліметтер жеке тұлғалар бөлігінде жеке-жеке ұсынылады

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 407 бұйрығына
3-қосымша

Тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-7-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының сұрауы бойынша бағалы тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Мәліметтерді сақтандыру ұйымдары веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен ұсынады және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      3. Мәліметтер сақтандыру сыныптары (түрі) бөлігінде жеке сақтандыру шарттары (полистары) бойынша ұсынылады.

      4. Мәліметтерге мынадай деректер енгізіледі:

      1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2-бағанда – сақтанушы немесе сақтандырылушы жеке тұлғаның жеке сәкестендіру нөмірін (ЖСН);

      3) 3-бағанда – сақтанушы немесе сақтандырылушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) 4-бағанда – сақтандыру сыныбы (түрі) ол бойынша 2-бағанда көрсетілген жеке тұлға сақтанушы немесе сақтандырылушы болса;

      5) 5-бағында – сақтандыру шарттары (полистары) нөмірі;

      6) 6-бағанда – сақтандыру объектісі;

      7) 7-бағанда – сақтандыру төлемінің сомасы;

      8) 8-бағанда – сақтандыру сыйақысының сомасы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 407 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

Тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер

р/с №

Жеке тұлға

Сақтандыру сыныбы (түрі)


Сақтандыру шарттары (полистары) нөмірі

Сақтандыру объектісі

Сақтандыру төлемінің сомасы (теңге)

Сақтандыру сыйақысының сомасы (теңге)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

1

2

3

4

5

6

7

8