Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 24-б. қараңыз.
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;
1-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;
5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
6) терможаңғырту – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;
7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
10) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу;
12) энергетикалық тиімділік – өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;
12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
12-2) энергия аудиторы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар жеке тұлға;
12-3) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;
13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы – энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсiмi;
16) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17-1) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар кестелері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;
18) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) энергия үнемдеуші жабдық – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;
20) энергия үнемдеуші материал – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі
бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;
2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;
3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;
4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;
6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) -
15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;
6-3) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;
6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
6-8) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;
6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін бекітеді;
6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
6-12) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;
6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;
10) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;
11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді жүргізеді және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
12-1) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді;
13) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
13-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
13-2) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;
13-3) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды;
13-4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13-5) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекітеді;
13-7) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекітеді;
14) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;
15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;
17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;
17-2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;
17-3) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындайды;
18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
құзыреті
1. Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру туралы есептерді береді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көппәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі мен бекітілуін қамтамасыз етеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының
сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;
2) осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуына;
3) дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;
4) энергия аудитiнiң жүргізілуіне, оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;
4-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) осы Заңда және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар
8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды
пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша
шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы
төлеу
1. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын объектілердің құрылыс жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын есепке алу аспаптарын, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, жалпы үйдің жылу энергиясын және суды есепке алу аспаптарын, пәтер бойынша электр энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде реттеуші аспаптарды, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
2. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын, энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігіндегі талаптары жылу энергиясын сағат бойынша орташа 50 кВт-дан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) объектілерге қолданылмайды.
4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;
2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін;
3) энергия аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
4) есепті кезең ішінде энергия аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;
5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;
6) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесін;
6-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтиды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты, мемлекеттік мекемелер үшін 3), 4) және 6) тармақшаларын қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері қағаз және электрондық жеткізгіштерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде уәкілетті орган жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Энергия менеджменті
Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия
тиімділігін қамтамасыз ету
1. Жобаланатын және салынатын (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлер, құрылыстар, ғимараттар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша талаптары:
1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы энергетикалық ресурстар шығынының үлестік шамасын сипаттайтын көрсеткіштерді;
2) сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдерге үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігіне ықпал ететін талаптарды;
3) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) жобалау құжаттамасына енгізілетін және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) кезінде қолданылатын технологиялар мен материалдарға қойылатын, энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін талаптарды қамтуы тиіс.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды орындау құрылыс салушыға жүктеледі.
3. Энергия тиімділігі жөніндегі талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;
4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;
6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге тапсырыс берушінің тапсырмасында көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялау, күрделі жөндеу) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлікке арналған құқықтарды тіркеу кезінде салынған және пайдалануға берілген объектінің техникалық паспортында көрсетіледі.
5. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы және оны қайта қарау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және үйдің, құрылыстың, ғимараттың техникалық паспортында көрсетіледі.
Энергия аудитінің қорытындысы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың техникалық паспортына қоса беріледі.
6. Қазіргі бар үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және энергия аудитінің қорытындысында көрсетіледі.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары
1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында олардың сыныбы мен энергия тиімділігінің сипаттамалары туралы ақпарат болуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылатын энергия тұтынатын электр құрылғыларының тізбесі кеден одағының техникалық регламентінде белгіленеді.
3. Энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын анықтау кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және оны өндіруші (импорттаушы) жүзеге асырады.
4. Өндірушілер (импорттаушылар) энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес көрсетуге міндетті.
13-бап. Өнімдерді сату және пайдалану бойынша
шектеулер
Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында мыналарға:
1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сатуға және пайдалануға;
2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға;
4) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;
5) 2,5 дәлдік сыныбы бар электр энергиясын есептеуіштерді коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2. Жаңа іске қосылған объектілерде және қолданыстағы объектілердегі электр энергиясын есептеуіштерді ауыстыру кезінде тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыстарын саралап есепке алуға және бақылауға арналмаған электр энергиясын есептеуіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін
арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу
1. Энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттелетiн қызмет түрлерiне жатады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды комиссия олар уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлік береді.
Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тарту себебі көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
Аккредиттеуден бас тарту үшін:
1) ұсынылған құжаттарда бұрыс ақпараттың болуы;
2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;
3) қызметтің мәлімделген түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы негіз болып табылады.
4. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.
5. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтатудың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты емес негіздері мыналар болып табылады:
1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;
2) аккредиттелген субъектінің таратылуы немесе банкротқа ұшырауы.
7. Энергия аудитi немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленедi.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді
ведомстводан тыс сараптама
1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу:
1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін;
2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
16-бап. Энергия аудиті
1. Қызметтің осы түрі бойынша аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалар энергия аудитін жүргізу құқығына ие болады.
2. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.
Энергия аудитінің қорытындысы энергия аудитін жүзеге асырған заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі.
4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жылда кемінде бір рет міндетті энергия аудитінен өтеді.
5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.
5-1. Ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.
6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға:
осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақтың үшінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
соңғы үш жылда энергия менеджментін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ұсынылған ұйымдарға;
энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау
17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) энергия үнемдеу жабдығын пайдалануды ынталандыру;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы білім беру қызметін және іс-шараларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
3) энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әдістемелік және нормативтік құқықтық базаны әзірлеуді және дамытуды қаржыландыру;
5) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жарату;
6) оқу орталықтарын құру;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының), тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларға ақы төлеуге көмектесу;
8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
9) энергия тиімділігі картасы шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы келісім
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім(бұдан әрі – Келісім) уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің арасында ерікті негізде жасалады.
2. Энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына өтініші Келісім жасауға негіз болып табылады.
Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.
3. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
18-1-бап. Энергия-сервистік шарт
1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелер үлгілік энергия сервистік шартқа сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін алты жылдан аспайтын мерзімде энергия сервистік шарттар жасайды.
2. Энергия-сервистік шартта:
1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;
2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;
3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.
Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.
Ескерту. 5-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді орталық және жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері:
1) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды насихаттау;
2) энергия тиімділігі жоғары көрсету жобаларын жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
3) энергия үнемдейтін материалдар мен жабдықтар көрмелерін ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен тұрақты жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы ұлттық даму институты
Заңды тұлға болып табылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және оны жүргізеді;
2) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және оны жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеуді және енгізуді жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;
4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
5) уәкілетті органға Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуын талдауды алдыңғы жылмен салыстырмалы талдауды, Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің үлестік шығыстарын және энергияны пайдалану нормативтерін талдауды, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;
7) энергия аудиттері қорытындыларына талдау жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
8) энергия тиімділігі картасын іске асыру шеңберінде ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетуге жәрдемдеседі;
9) энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
10) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар береді.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы субъектілердің құқықтары мен
міндеттері
1. Осы баптың 2 – 5-тармақтарында көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер:
1) мемлекеттік органдарға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша уәкілетті органнан ақпарат алуға құқылы.
1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.
2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар:
1) электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауға;
2) энергия тұтыну нормативтерінен аспауға;
3) энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, арматураның ақаулығынан, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдаланудан немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамаудан туындаған олардың тікелей ысырабына жол бермеуге міндетті.
3. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заңның 9-бабында көрсетілген ақпаратты беруге және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, энергия аудиті өткеннен кейін бес жыл ішінде, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін энергетикалық ресурстар мен судың тұтыну көлемін өнімнің бірлігіне, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне жыл сайын азайтуды қамтамасыз етуге міндетті.
4. Энергия-аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға;
2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға;
3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия аудитi жөнiндегi барлық қорытындылардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
5. Оқу орталықтары:
1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға;
3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені туралы барлық құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
23-бап. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының
іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
1. Осы Заң:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 9) тармақшасын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағын;
2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бапты;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағын;
қуаты 100 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, қуаты 75 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, қуаты 25 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-баптың 1 және 9-тармақтарын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 21-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат, 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ