Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1180 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      16.03.2015 редакциясында
      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 16.03.2015 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 "Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-4-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырдағы № 22 (7070) "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтағы "бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған" сөздері "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған" сөздерімен ауыстырылсын;
      2 тармақтағы "бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған" сөздері "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі: М.Аққағазов